Іле өңірінің ортағасырлық қалаларының заттай мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Іле өңірінің ортағасырлық қалаларының

заттай мәдениеті»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: І-ТАРАУ
3: Іле өңірінің мәдени ескерткіштері . . .
9
КІРІСПЕ: 1. 1.
3: Ілеөңірі қалаларының бекіністері . . .
9
КІРІСПЕ: 1. 2.
3: Іле өңірінің тұрғын үй мекендері . . .
16
КІРІСПЕ: ІІ-ТАРАУ
3: Іле өңірінде жүргізілген қазба жұмыстар . . .
21
КІРІСПЕ: 2. 1.
3: Іле өңірінің керамикасы . . .
21
КІРІСПЕ: 2. 2.
3: Іле өңірі қалаларының заттай мәдениеті . . .
34
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 45
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 47

КІРІСПЕ

Іле өңірі Іле Алатауынан басталып Балхашқа дейін және Іле өзенінен Шу -Іле тауларына дейінгі аралықты алып жатқан кең алқап. Оның ұзындығы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 350 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 100-120 шақырым1.

Іле өңірінде үлкенді-кішілі ондаған өзендер бар, солардың ішіндегі үлкендері: Қастек, Қарғалы, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Қаратұрық, Шелек өзендері.

Іле өзенінің оң жағасы тік және биік, ал сол жағасы жайпақ, аласа болып келген.

Бұл аймақтың физико-географиялық және топырақ құрылымының сипаттамасы Р. И. Аболинде тұжырымды берілген. Оның 1963 жылы шыққан мақаласында: «Ауа райы, өсімдік және топырақ белдеулерін қарастыру кезінде біз географиялық жер бедерін ғана емес, сонымен бірге әрбір нақты аудан үшін ауылшаруашылық жағдайларын да айқындайтын тіршілік аймақтары туралы түсінік жинақтаймыз, »-делінген2.

Іле өңірін зерттеуші бес тіршілік аймағын бөледі, олар:1. Жусанды боз дала; 2. Дәнді далалық аймақ; 3. Әртүрлі шөпті далалық аймақ; 4. Орманды немесе шабындық аймақ; 5. Биік тау етегіндегі аймақ.

Адам баласы Іле алқабын ерте тас дәуірінде игере бастаған. Қарғалы шатқалынан жоғары ерте тас дәуірінің заттары табылған.

Қола дәуірінің обалары мен мекен-жайлары туралы деректер бұдан да мол. Шу-Іле тауларында Қарақұдық обасы, Іле Алатауының бөктеріндегі Майбұлақ мекені мен обасы ашылып зерттелді. Мұндағы қола дәуірі біздің заманымыздан бұрынғы XI-X ғасырларға сай келеді.

Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр мен біздің дәуіріміздегі IIIғасыр аралығындағы үйсіндер заманына көшіп-қону аумағы шектеліп, отырықшылық тарай бастағаны мемлекеттің нышаны пайда болғаны байқалады. Бұл жайлы археолог К. К. Ақышев жазған болатын3.

Іле алқабында алғашқы қалалар пайда бола бастаған кезең VIII ғасырдың аяқ шені. Бұл кезде орасан зор алқапты небәрі бірнеше қалалар мен елді мекендер бар еді4. Іле алқабы Орта Азияның ертедегі қала орталықтарынан қашық болды5, сондықтан мұнда қоныстар кеш пайда болды. Қалалардың өркендеуіне сауда өлшеусіз роль атқарды.

Алқаптағы ең ірі қалалар жазба ескерткіштерде жазылған қалалар болды. Олар қазіргі Талғардың солтүстігіндегі Талғыз, Көксу алқабында Талдықорғанның шығысындағы Дунгановка селосының орнында тұрған Екіөгіз, бүгінде Талдықорғаноблысының Антоновское селосының орнындағы көне үйінділер делініп келген, қазіргі Панфилов қаласының маңындағы Көктал ауылы орналасқан жердегі Иланбалық.

Өзге қалалардың аттары жазба ескерткіштеріне түспеген, дегенмен ғалымдар олардың қалдықтарын тауып зерттеп жүр. Олардың қатарына Есік, Түрген, Лавар, Шелек, Кеген бар. Қазіргі Алматының орнында, Кіші және Үлкен Алматы, Есентай, Ақсай өзендерінің жағалауында бірнеше қалашықтар тұрған.

Осы қалалардың ішінде 1979 жылдан бері арасына үзіліс сала отырып, бірнеше жыл бойы Талғар археологиялық отрчяды Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі орта ғасырлық аса ірі ескерткіш болып саналатын ортағасырлық Талғар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.

Іле өңірі ортағасырлық қалаларының «заттай мәдениеті» тақырыбының маңыздылығы ортағасырлық елді мекендер мен қалалардың пайда болу дамуымен байланысты және де Қазақстан және Орта Азия археологиясында маңызды мәселелердің бірі болып саналады.

Іле Алатауының бөктерлеріндегі тұрақты және қалалық мәдениеттің ортағасырлық ескерткіштерін зерттеу тарихы, Қазақстан археологиясының барлық тарихнамасы сияқты екі үлкен кезеңге бөлінеді: революцияға дейін және кейін6.

Іле өңірінің ортағасырлық ескерткіштері туралы алғашқы жазбалар өткен ғасырдың ортасына жатады. С. О. Гуляевтің «Вестнике Русского географического общества» деген жазбасында Жетісудың ортағасырлық ескерткіштері жөнінде қысқа ескертпелері бар7.

1856-1857 жылдары Ш. Ш. Уәлиханов Іле аймағына екі рет келді. Талғар өзенінің жоғарғы жағынан Ш. Уалиханов жергілікті ел «Русемов қорғаны» деп атап кеткен ескерткішті атады: Бұл Талғар қаласының атының біреуі еді8.

Жетісудың ортағасырлық тарихы мен археологиясын зерттеуде В. В. Бартольдтің осы өңірге жүргізген саяхаты маңызды орын алды. Оның еңбегі Қазақстанның ортағасырлық мәдениетін зерттеуде жаңа кезеңнің басы болды. Бұл еңбегі ″ Отчет о пооездке в Среднюю Азию с научной целью 1893-1894 гг″9, -деп аталады.

Ал хх ғасырдың басында Іле өңірінен табылған кездейсоқ заттар тура археологиялық басылымдарда хабарламалар паййда бола бастады.

Қазақстан археологиясы жетістіктерге бірден жете қойған жоқ. 1920 жылы Қазақстан және Орта Азия территориясындағы ескерткіштерді зерттеу және қорғауды алдына мақсат етіп қойған Түркістан комитеті құрылды. Комитеттің жақын арадағы істерін В. В. Бартольд анықтады.

20-30 жылдарда Алматы маңынан орта ғасырға жататын кездейсоқ заттар табылды. Ал 1935 жылы Ходжиковтың « Древнейшие памятники Семиречья»10, -деген еңбегі жарық көрді.

1939 жылдан А. Н. Бернщтамның басшылығымен Жетісу археологиялық экспедициясы Жетісу бойында жұмыс істейи бастады.

1946 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы құрылды. Тарих, археология және этнология институты құрамында болды. Осы уақыттан бастап археология бөлімі республика территориясында археологиялық жұмыстарды ұымдастыруда және басқаруда.

Қазақстан археологиясының жеткен ірі жетістіктерінің бірі Қазақстанның археологиялық картасының шығуы болды. Мұнда 1960 жылға дейінгі ғылымға белгілі ескерткіщтер көрсетілген.

1964 жылы Қ. А. Ақышевтің басшылығымен тұрғылықтары және қала мәдениетін зерттейтін Жетісу археологиялық экспедицияның құрамына кіретін арнаулы отряд құрылды. Жаңа ескерткіштерді жоспарлы түрде іздеу мен қазу жұмыстары басталды.

Жиналған материалдар негізінде Жетісудің елді мекендері мен қалаларына мұның ішінде Іле өңірі территориясына арналған К. М. Байпақов 1966 жылы кандидаттық диссертация қорғады11.

1967-1968 жылдары отряд Жақсылық елді мекеніне, 1968 және 1970 жылдары Талғар қаласына қазба жұмыстарын жүргізді.

1955 жылдан қазірге дейін Талғар қаласында доцент И. И. Копыловтың басшылығымен Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің тарих факультетінің студенттері археологиялық практикадан өтіп жүр.

1979 жылдан бастап басында Жетісу кейіннен Алматы археологиялық экспедициясының құрамында болған Т. В. Савельеваның басшылығымен ортағасырлық отряд жұмыс істеуде. Көп жылдарғы зерттеулерге қарап Іле өңірінің ескерткіштері толықтай зерттеліп, ашылды деп айта алмаймыз, көпшілігі әлі де зерттеуді қажет етеді.

«Іле өңірінің ортағасырлық қалаларының заттай мәдениеті» деген тақырыпты таңдап алып оны жазуда алдыма қойған мақсатым осы өңірде әр жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректерді жүйелеп, реттеп және оларды топқа бөліп осы өңірдегі заттай мәдениетті дерек ретінде көрсету болды.

Жұмыс осы уақытқа дейінгі Іле өңіріндегі жүргізілген қазба жұмыстары, жекелеген зерттеулер, революцияға дейінгі уақыттағы зерттеушілердің берген анықтамалары негізнде жазылды . Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Ә. Ғ. Марғұлан атындағы археология институтының музейінің және осы институт архивінің материалдары пайдаланылды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарау «Іле өңірі қалаларының үйлері, бекіністері». Мұнда Іле өңірі қалаларының үйлері мен бекіністеріне сипаттама беріледі. Қалардың ішінде Талғар қаласына жеке тоқталып, мұның әр бекіністері мен үйлеріне жеке-жеке сипаттамалар беріледі. Келесі тарау „Іле өңірі қалаларының керамикасы“. Бұл тарауда өңірдің керамикасына - қыш бұйымдарына тоқталып, оны хронологиялық кезеңдерге, арнаулы және өрнектерінің сипаты мен жасалу жолы, жасау құрамына қарай түрге бөліп қарасты-рылады.

Ал соңғы тарау „Іле өңірінің қалаларының заттай мәдениетті. “ Бұл тарауда осы өңірдің заттай мәдениеті: темірден, әйнектен, тастан, мал сүйегі мен мүйізінен жасалған заттар, әшекей бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақтар, ат әбзелддері жеке-жеке көрсетіледі.

Жұмыстың соңында берілген қосымшада ортағасырлық ескерткіштердің картасы қазбалар қазба кезіндегі табылған заттай деректер берілген.

І. ТАРАУ . Іле өңірінің мәдени ескерткіштері.

1. 1. ІЛЕ ӨҢІРІ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ БЕКІНІСТЕРІ.

Көне жайлар қалдықтарын қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастардың, шаруашылық және этникалық мәдени процестер тарихының көзі ретінде зерттеу архелогтарда кеңінен қолданылады

Тұрғын үйдің өзін „үй салу техникасының көмегімен жүзеге асатын және қоғамдық бірлікті нақты орта мен техникалық мүмкіндіктер жағдайында өз қызметін сақтауға қажетті жағдайлармен мүмкіндігінше қамтамасыз ету мақсатымен табиғи ортадан оқшаулауға бағытталған айқын әлеуметтік тапсырыс“12, - деп қарастыруға болады.

Дегенмен, археологиялық материалдардың ерекшелігі одан алынатын мәліметтері тек қабырғалардың, едендер мен ошақтардың сипаттамасын ғана бере алатынында жатса керек. Көп жағдайларда қирағандарды қалпына келтіруге тура келеді, ол үшін топографиясын жасау методикасы толық айқындалған тұрғын үй жөніндегі этнографиялық материалдар пайдаланылады13.

Орта Азия мен Қазақстанның археологтары орта ғасырлық қала орнын зерттеу жөнінде зор жұмыстар жүргізіп, қыруар материал жинады. Хорезмнің ауылдық бөліктеріндегі тұрғын үй жағдайлары зерттеумен байланысты мәселелар ауқымын жүзеге асыруда, әсіресме материалдардың толықтығы мен методикалық тәсілдерінің соңдылығы жағынан бұл саладағы тұңғыш зерттеу еңбегі болып табылатын Е. Е. Неразиктің монографиясы ерекше маңызды роль атқарады14.

Мұнымен қатар басқа да зерттеулердің де еңбектерінде ортағасырлық үй -жайлар жөнінде материалдар жеткілікті. Отырарда, Оңтүстік Қазақстандағы басқа да ортағасырлық қалалар орындарында жүргізілген кең көлемді қазба жұмыстары аса бай мәліметтер береді, оның ішінде тұрғын үй-жай туралы деректер де аз емес. Тұрғын үй-жай жағдайларын зерттеудің кейбір нәтижелері бірқатар монографияларда да беріледі.

Жаңадан жиналған археологиялық материалдар зерттеліп жатқан аудандағы ортағасырлық үй-жайлардың типологиясын жасауға жол ашпақ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының археологиялық экспедициясы бірнеше жылдардан бері Талғар қаласының орнын қазуда. Талған қаласы Іле Алатауының етегінде, Талғар өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Талғар қаласының орны бүгінде жан-жақты мүліктен дуалмен қошалған төрт бұрышты алаң түрінде сақталған. Бікіністің аумағы 9 гектардай. Дуалдың өн-бойында және бұрыш бұрышында мұнаралары болған. Дуалдың іргесінен қазылған терең ор еткен.

Талғардағы тіршілік тынысы Жетісуда ХІІІ ғасырдың басында татар-монголдар жаулап алғаннан кейін әлсірей бастады, ХІІІ ғасырдың екінші жартысында қала өмір сүруін тоқтатты15.

Талғар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде алынған материалдарға тоқталайық. Мұнда 3200 шарншы метрдей жер тұтастай ашылды. ІІ бекініс /усадьба/ зерттеудің ХІ-ХІІІ ғасырдың басына жатқызылды.

Әр бекініске /усадьба/ жеке-жеке тоқталайық.

Бекініс /усадьба/ І - өзеннің жар қабағында орналасқан бекініс. Өзен ағысынан түгелге дерлік шайылып, жақсы сақталынған. Бұл бекіністен екі бөлме тазаланды. Біреусі тұрғын бөлме -13, 5 шаршы метр, екіншісі - шаруашылық бөлме - 2, 7 шаршы метр.

Бөлме 1. /2, 7х1, 0 м. / - шығыстан батысқа қарай созылған, 2 бөлмеден 0, 5 метр қалыңдығы қабырғамен бөлінген шаруашылық бөлме.

Бөлме 2. /5х2, 7 м. / - бірінші бөлмемен шектескен-тұрғын бөлме. Солтүстіктегі керегесін бойлай екі тандырлы сәкі бар. Ал оңтүстігіндегі қабырға тұрғын бөлме мен шаруашылық бөлмені бөліп тұр, едені тастан төселген. Еденнің бойында, бөлменің нақ ортасында ошақтың орны табылды. Төселген тастың үстінен есіктің ілгегі тәріздес темір зат табылды. Сонымен қатар бекіністен табылған заттар қатарында шыны ыдыстың түбінің сынығы бар. Қыш ыдыстар өте ұсақ, оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Бекініс ХІ-ХІІІ ғасыр басына жатады16.

Бекініс ІІ. Аула және бірнеше бөлмеден тұрады. Бекініске кіретін екі есік бар. Біріншісі оңтүстік қабырғаның ортасында аулаға шығар жерде орналасқан. Бұл есік қаланың негізгі жолына апарады. Екінші есік - өзен жағасандағы кішкене ғана көшеге шығарады.

Бекіністер 7 бөлме бар17. Осы 7 бөлменің үшеуі тұрғын бөлмелер, ал қалғандары қойма үшін пайдаланылған.

Бөлме 5. /өлшемі 13х4 м. / төртбұрышты, қабырғаларының қалыңдығы /солтүстік және батыс /0, 6 метр/ шығыс және оңтүстік/ 0, 8 метр, биіктіктері - 0, 3 метрден 0, 6 метрге дейін. Бөлменің шамамен ортасында ашық ошақ бар. Сызбада өлшемдері 0, 6-0, 4х0, 1-0, 3 м, сегіз іспеттес формада. Лшақ - көмір мен күлге ьолған. Бөлменің солтүстік - батыс бұрышында еденде мойнының диаметрі 0, 5 м хум көмілген. Бұл бөлме ені 0, 7 метр есік арқылы алтыншы бөлмемен байланысады.

Бөлме 6. /өлшемі 3, 7х4, 0 м. / төртбұрышты. Бастапқы қабырғаларының қалыңдығы 0, 6 метр. Ішкі қабырғаларының қалыңдығы 0, 2 м. Ол тастан қаланған 7 бөлмемен аралықты бөліп тұр. Қабырғалардың сақтал, ан биіктігі 0, 25-0, 6 м. Бөлменің көп бөлігін биіктігі 0, 45 м. 3 тандырмен сәкі /суфа/ алып жатыр, олар бөлменің солтүстік - батыс бұрышында, батыс және солтүстік қабырғасын бойлай орналасқан. Тандырдың диаметрі - 0, 65 және 0, 45 м, қабырғасының биіктігі -0, 4 және 0, 22 м.

Шығыс қабырғада ені 0, 7 метр, ал оңтүстік қабырғада ені 0, 6 метрлік екі есіктің орны бар.

Сәкі мен оңтүстік қабырғаға аралығынан еден үстінде жатқан 6 борсықтың бас сүйегі менен басқа да сүйектер табылды. Осылармен қатар ас пісіретін екі көлбеу ілмекке ұқсас құлағы бар қазан жатты.

Сәкі үстінде тандырдың айналасынан темір білезік пен боялған қыштың екі сынығы табылды. Солтүстік қабырғадағы сәкінің айналасында, бөлме едендегі кірпіш сынықтарының үйіндісінен екі темір ілмек /пряжка/ табылды, ал тура шығыста кіре берісте әдемі темір ыдыстың иінінің сынығы мен темір пышақ табылды.

Бөлме 7. /өмлеші 3, 6х3, 9 м. / бұл да тұрғын бөлме. Бұл бөлменің алдыңғы бөлмелер сияқты емес үш есіктің орыны бар. Біреуі оңтүстік қабырғада, оның ені 0, 6 метр, келесісі - батыс қабырғада, ал үшіншісі - солтүстік қабырғада, ауыз бөлмеге шығарда орналасқан. Соңғы екі есіктік ені 0, 7 метрден. Алтыншы және жетінші бөлмелер бұрын бір ғана үлкен бөлме болғандығын тазалау кезінде көрінді. Кейіннен оны мекендеуші тұрғындардың санының өсуіне байланысты онды бірқатар өзгерістер жүргізілген: ескі ошақтың орнына құрылыс материалдарының қалдықтары толтырылған, ал сәкі солтүстік - батыс бөлікке орнатылған және оған жаңадан ошақ орнатылған. Енді бөлмелер қалыңдығы 0, 2-0, 25 метр қабырғаларымен бөлінген. Ас үйі қарсы бұрышқа салынды, ал үстінде тандыры бар сәкілер оңтүстік - шығыс қабырға қосарлана салынған, оған қатарласа тамақ сақтайтын қойма орналасқан.

Бөлме 3- бұл қамба. Жалпы ауданы 32 шаршы метр /7, 9х4 м. /. Оңтүстік қабырғасының бойында 4 қамба орналасқан, барлығының өлшемі шамамен, бірдей дерлік 2, 5х1, 06 м, 2, 5х1, 7 м, 2, 5х1, 8 және 1, 7х2, 5 м, ал солтүстік қабырғасының бойынша үшеу - 2, 0х0, 5 м, 1, 0х0, 7 м, және 0, 7х1, 0 м. Қамбалар арасындағы бөлік ірілі-ұсақты тастардан қаланған. Бөліктің биіктігі 0, 2-0, 8 м, қалыңдығы 0, 4-0, 5 м.

Бөлме 4 /4х3 м. / - қамбамен жалғасқан. Солтүстік - батыс бұрышынан батыс қабырғаны бойлай орналасқан қамба бар, өлшемі 1, 2х0, 5м, тереңдігі 0, 15 - 0, 22 м.

Бөлме 8 /2, 4х8, 1 м. / - мал қамайтын қора ретінде қолданылған. Шығыс қабырғада ені 2 метрлік есік оны ауламен жалғастырып тұр. Тазалау кезінде қойдың бас сүйегі және басқа сүйектері, ірі мүйізді малдың жылқының сүйектері табылды.

Бөлме 9 /3, 7х3, 5 м. / - щаруашылық бөлме батыс қабырғасы бойынан еденнен ағаш конструкцияларының қалдықтары табылды, ал солтүстік қабырғаның бойынан қол диірмен қою үшін қолданылған жартылай төртбұрыш қойылғыш талыды.

Бекіністің шығыс бөлігінде жан жағынан барлығы қоршалған. Ауданы 180 шаршы метрлік аула алып жатыр. Қоршаудың негізі тұрғын бөлмелердің қабырғалары тәрізді ірі тастардан қаланған. Қоршаудың қалыңдығы 0, 8-1, 0 м. Қоршаудың оңтүстік жағы жақсы сақталған, қазіргі биіктігі 1, 3 м, мұның 0, 6 - 0, 8 метрі төрт қатар тас қалау, ал қоршаудың жоғарғы бөлігі балшықтан салынған. Ауланының бет жағы сары түсті тұрғын бөлменің еденінен кішкене төмендеу. Бекініске кірер есіктен оңға қарай оңтүстік қабырғада 4 мал қамайтын қоршау орналасқан. Біріншісі /12/ - 5, 9х3, 0 м, екіншісі де осындай өлшемде. /13/, кірер есік батыс қабырғада. Үшіншісі /11-11а/ - 6, 4х3, 2 м солтүстіктен созылған кірер есігі солтүстік қабырғада. Ауланың оңтүстік - шығыс бөлігінің өлшемі 6, 9х4, 3 м, 10 бөлме /помещение/ алып жатыр. Жылқы және түйе қамау үшін пайдаланылған болуы керек. Остеологиялық материалдарға қарап, бекініс тұрғындарының қандай малдар ұстағанын көреміз. Табылған сүйектердің ішінде жылқының, түйенің, сиырдың, қой-қозы, ешкі және басқа да малдардың сүйектері болды.

Ал керамика сынықтарының арасынан жасыл және сары-қоңыр түспен жылтыратып боялған керамикалар шықты. Тостағанның сақина тәріздес түбі қызы-қоңыр өрнекпен мөлдір етіп өрнектелген. Мұндай ыдыс ХІ-ХІІІ ғасырларға сай келеді.

Бекіністен алынған керамика Солтүстік-Шығыс Жетісу қалалары мен Талғардың бұған дейінгі қазбаларынан алынған ыдыстардың жинағына ұқсас18. Бұл Талған қаласының бекінісін ХІ-ХІІІ ғасырдың басы деп белгілеуге негіз болады.

Бекініс ІІІ. Тұрғын бөлмелер мен ауладан тұрады. ІІ және ІІІ бекіністер арасында ені 1, 2-1, 4 м, ұзындығы 15 метрлік өтпе бар. Бұл өтпе батыс шетінде көшеге, ал шығысында аулаға шығады.

Бекініст 7 бөлме бар /14-20/. Мұның екеуінде /14-15/ тандыры бар, ал қалғандары қойма ретінде пайдаланылған болуы керек.

Бекініс ІҮ. Ауданы 290 шаршы метр. Алдыңғы қызылғандардан ерекшелігі мұнда екі тұрғын комплекс пен үлкен 72 шаршы тметрлік қоймасы бар. Тұрғын және шаруашылық бөлмелерімен бірге мұнда да мал қамайтын сырты қоршалған ауласы бар.

І-ІІІ бекіністерден ерекшелігі ұзын жағымен солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған. Тұрғын бөлігі оңтүстік жағында, ал аула солтүстік жағында орналасқан. І-ІІІ бекіністерден келесі бір айырмасы - аула территориясында мал қамайтын қоршаудан басқа тұрғын үй бар. Бекіністің шығыс қабырғасы ІҮ және Ү бекініске ортақ - қалыңдығы 0, 7 -0, 9 м, тас пен балшықтан соғылған, оңтүстігінде ІІІ - ІҮ бекіністі бөліп тұр 0, 5 -0, 6 м жұқа кесектен қаланған.

Үй 5 бөлмеден тұрады. Ортасындағы 31 бөлме тұрғын бөлме, оның өлшімі 3, 8х2, 7 м, 33 бөлмеден есік арқылы астық қоймасына өтуге болады. Бөлмеде барлық қабырғалар жақсы сақталған. /0. 55 метрден 0, 97 метр/.

Солтүстік батыс бұрышта шағын үй бар, ол тұрғын бөлме 38 /3, 5х1, 9 м. / мен ас үйден тұрады. Бекініс барлық жағынан қоршалған.

Бекініс Ү. Ауданы 296 шаршы метр. Төртінші бекініспен ұқсас. Солтүстік бөлігінде тұрғын үйі мен аула, ал оңтүстігінде тұрғын және шаруашылық құрылыстары.

Бекініс ҮІ. Ауданы 390 шаршы метр. Батыс бөлігінде тұрғын және шаруашылық құрылыстары орналасқан, ал шығыста мал және ат қамайтын аула. /52, 53/

Бекініс ҮІІІ. Басқа бекіністерге қарағанда үлкен емес - 148 шаршы метр. Үй - тұрғын және шаруашылық бөлмелерден тұрады, және де мал қамайтын қашасы бар аула.

Бекініс ҮІІІ. Ауданы 92 шаршы метр. ҮІІ бекіністен солтүстікте орналасқан. Шығыс бөлігінде аула мен мал қамайтын қоршау бар /68, 67 м. /, ал батысында - тұрғын және шаруашылық бөлмесі /65, 66. /.

Бекініс ІХ. Ауданы 238 шаршы метр. Бекіністе - тұрғын және шаруашылық /70, 70м. / бөлмелері бар үй және аула /72/ бар. Үй екі бөлмелі.

Бекініс Х. Ауданы 370 шаршы метр. Батыс бөлігінде комплекс пен шаруашылық бөлме, ал шығысында мал қора мен аула.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Орта ғасырдағы қала мен дала
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстанның қалалары
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Ұлы жібек жолы жайында
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz