Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы ХVІІІ ғ.
30.40 жж.
1.1 Ресейдің Қазақстанды қосып алу проблемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы ... ... ... ... ... 10
1.3 Патша өкіметінің қазақ жерлеріне қамалдар мен әскери бекіністер
сала бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

ІІ . тарау. ХVІІІ ғғ. 30.40 жж. Қазақ хандығының қоғамдық.саяси
қызметі.
2.1 Әбілқайыр ханның қоғамдық.саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Абылай ханның қоғамдық.саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуының алғышарты ХVIII ғасырдың 30 жылдарынан басталған еді. Осыдан бастап патшалы Ресей Қазақстан территориясына ішкерілей еніп, қамалдар мен әскери бекіністерді салып, түрлі барлау экспедицияларын жіберіп, отарлауды жүзеге асыра бастады. Алдымен Кіші жүз Ресей құрамына қосылды. Ал Ұлы жүз 1864 жылы ғана көп күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасаудың (артында) арқасында ғана патшалы Ресей бағындыруды аяқтады.
Тақырыптың негізгі мақсаты Қазақстанның патшалы Ресейдің құрамына қосылуының алғышарттарын ашып көрсету. Ресей империясының құрамын қандай себептермен қосылғанының ара жігін ажырату, оған тарихи тұрғыда объективті баға беру болып табылады. Кейбір тарихшылар Қазақстанды Ресей құрамына қосып, отарлауының алғышартын жасап берген Кіші жүз қазақтары, соның ішінде оның ханы Әбілқайырдың сатқындық әрекеті деп бағалайды. Бұл әрине сыңаржақ, қате түсінік. Өйткені Әбілқайырдың көргендік саясатының арқасында қазақ халқы жоңғарлардың қаупінен аман қалды.
Қазақстанның патшалы Ресейдің құрамына қосылуы сол кездегі тарихи жағдайға байланысты болға еді.
Тәуелсіздігімізді алғанға дейін Отанымыздың тарихы өрескел бұрмаланды. Көптеген тарихтың ақтаңдақ беттерін ашуға қатаң тыйым салынды. Тарихымыз отарлаушы патша өкіметінің қитұрқы саясатының арқасында және патшалы Ресейдің «шовинистік» саясатының арқасында көп қырлары ашылмай тарихи оқиғаларға дұрыс баға берілмейді. Енді еліміз тәуелсіздігін алған соң өз тарихымызды нақты тарихи
1. Атабаев Д., Веретельник О. Курс лекций по историй Казахстана с древнейших времен до наших дней. – Алматы, 2005.
2. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап (XVІ ғасырдан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең). – Алматы: «Білім», 2005.
3. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, «Санат». 1994.
4. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (Оқу құралы). – Алматы, «Санат», 1994.
5. Мұқтар Ә. Әбілқайыр хан тарихының тағылымы. // Қазақ тарихы. – 2007.
6.13.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы: Қазақстан, 1995.
7. Демко Дж. Орыстардың Қазақстанды отарлауы. – Алматы. Ғылым, 1997.
8. Жамбылов Д. Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыс. Алматы: «Жеті жарғы», 2001.
9. Жолдасов С. Шежірелі Оңтүстік (Көне заманнан бүгінге дейін) – Алматы: ҚАЗақпарат, 2002.
10. Жолаева Б. Әбілқайыр ханның қоғамдық-саяси қызметі // Қазақ тарихы. – 2008.
11. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені, Алматы: Жазушы, 1992.
12. Қазақстан тарихы. «Көне заманнан бүгінге дейін» Бес томдық. 3-том-Алматы: «Атамұра» 2002.
13. Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихы (XVIII ғ. -1914 ж) – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2004.
14. История Казахстана / пособие для студентов. – Алматы, Издательская группа «Казинтерграф», 1998.
15. История Казахстана: Учеб.пособие. – Алматы: Аркаим, 2002.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы ХVІІІ ғ.
30-40 жж.
1.1 Ресейдің Қазақстанды қосып алу
проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын
қабылдауы ... ... ... ... ... 10
1.3 Патша өкіметінің қазақ жерлеріне қамалдар мен әскери бекіністер
сала
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

ІІ – тарау. ХVІІІ ғғ. 30-40 жж. Қазақ хандығының қоғамдық-саяси
қызметі.
2.1 Әбілқайыр ханның қоғамдық-саяси
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Абылай ханның қоғамдық-саяси
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..23

Кіріспе

Көк майса бетегелі жерің қайда?
Күмістей толқындаған көлің қайда?
Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен,
Жөңкіліп, көшіп-қонған елің қайда?
Көтерген ақ киізге ханың қайда?
Қиғаш қас, бидай өңді ханым қайда?
Түнерген сыртқа айбынды, іргең бүтін,
Бір кезде басқа қонған бағың қайда?
(Міржақып Дулатов)

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның патшалы Ресейге бодан
болуының алғышарты ХVIII ғасырдың 30 жылдарынан басталған еді. Осыдан
бастап патшалы Ресей Қазақстан территориясына ішкерілей еніп, қамалдар мен
әскери бекіністерді салып, түрлі барлау экспедицияларын жіберіп, отарлауды
жүзеге асыра бастады. Алдымен Кіші жүз Ресей құрамына қосылды. Ал Ұлы жүз
1864 жылы ғана көп күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасаудың (артында) арқасында
ғана патшалы Ресей бағындыруды аяқтады.
Тақырыптың негізгі мақсаты Қазақстанның патшалы Ресейдің құрамына
қосылуының алғышарттарын ашып көрсету. Ресей империясының құрамын қандай
себептермен қосылғанының ара жігін ажырату, оған тарихи тұрғыда объективті
баға беру болып табылады. Кейбір тарихшылар Қазақстанды Ресей құрамына
қосып, отарлауының алғышартын жасап берген Кіші жүз қазақтары, соның ішінде
оның ханы Әбілқайырдың сатқындық әрекеті деп бағалайды. Бұл әрине сыңаржақ,
қате түсінік. Өйткені Әбілқайырдың көргендік саясатының арқасында қазақ
халқы жоңғарлардың қаупінен аман қалды.
Қазақстанның патшалы Ресейдің құрамына қосылуы сол кездегі тарихи
жағдайға байланысты болға еді.
Тәуелсіздігімізді алғанға дейін Отанымыздың тарихы өрескел бұрмаланды.
Көптеген тарихтың ақтаңдақ беттерін ашуға қатаң тыйым салынды. Тарихымыз
отарлаушы патша өкіметінің қитұрқы саясатының арқасында және патшалы
Ресейдің шовинистік саясатының арқасында көп қырлары ашылмай тарихи
оқиғаларға дұрыс баға берілмейді. Енді еліміз тәуелсіздігін алған соң өз
тарихымызды нақты тарихи фактілерге, деректерге сүйеніп жазу және болған
оқиғаларға объективті баға беру біз тарихшы қауымның басты міндеті болып
табылады.
Тақырыптың өзектілігі. ХVIII ғасырдың 30-40 жж. Қазақстанның Ресейге
қосылуының басталуы бүгінгі таңда өте өзекті және зерттеуді әлі де болса
көп қажет етеді. Себебі патшалы Ресей осы кезден бастап қазақ даласын
отарлауын бастады. Ол кейіннен ХІХ ғасырдың 20-70 жж. Ерекше қарқын алып
күшейіп кетті. Патшалы Ресей алдымен орта жүзде (1822 ж) кейінірік (1824
ж.) Кіші жұзде хандық билікті жойды. Патша өкіметінің Қазақстанды жаулауды
алу пиғылы өте тереңде жатыр. Ол сонау І Петр кезінде негізгі алға қойған
мақсат еді. Қазақстанның патшалы Ресейге маңыздылығы қанша еді? Бұл
сұрақтың жауабы өзінен - өзі түсінікті.
Патшалы Ресей Қазақстанды Орталық Азияға өтетін кілт пен қақпа
немесе оққағар ретінде өзінің стратегиялық мақсатын жүзеге асыруды
жоспарлады. Ал Қазақстан арқылы Орталық Азияның ақ алтынына қарқ болып,
одан әрі бүкіл Шығыс елдеріне жол ашылатынын патшалы Ресей өзінің негізгі
мақсатына айналдырды.
Алып держава Ұлыбританияның әлемдегі елдерді отарлауы өзінің көршісі
емес, шалғайда жатқан әлсіз елдерді отарлау болса, ал патшалы рсейдің
(әлемді) отарлауы өзінің көршісін жаулау арқылы өз территориясын кеңейтіп
отырды. Көптеген түркі халықтарын отарлағаны сияқты Ресей империясы
Қазақстанды да өзінің боданына айналдырды. Орыс ұлтының кейбір бассыздары
өзінің бүгінгі таңда да баяғы империалистік, шовинистік пиғылдарын
жалғастыру үстінде. Бұл өте қауіпті. Сол үшін біз мұндай күшке қарсы тұру
үшін өзіміздің Отанымыз Қазақстанды шексіз сүюіміз, оның әрбір тасын, гүлін
қастерлеп көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өзінің туған ана тілін
білмейтін мәңгүрттер жүр. Ал өз тіліңді білмеу, қастерлемеу – мәңгүрттік.
Қазақ тілін қастерлеп, өз ана тілімізде сөйлесек, дінімізді сақтасақ,
жерімізді сақтасақ, тарихымызды тереңнен танысақ еліміздің болашағы жарқын
болатынына кәміл сенемін.
XVIII ғғ. 30-40 жж. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы дерек
көздері. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы негізгі дерект ер орыс дерек
көздері болып табылады.
- А.И.Левшин – Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и
степей еңбегі
- Казахско – русских отношения в XV – XVIII в.в. (сборник документов
и материалов) т.б.
Сондай-ақ ағылшын саяхатшысы Кэстл Джонның Дневник путешествия в году
1736 из Оренбурга Абулхаиру хану киргиз-кайсацкой орды деген еңбегі де
көптеген мәліметтер береді.
Тағы да бір ағылшын тарихшысы Джордж Демконың Орыстардың Қазақстанды
отарлау деген еңбегі де құнды дерек көзі болып табылады.
Қазақстанның Патшалы Ресейдің құрамына қосылуын көптеген қазақ
ғалымдары да зерттеді.
- Бекмаханов Е.Б. – Қазақстанның ресейге қосылуы еңбегі.
- Бекмаханов Е.Б. – Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында еңбегі.
- Мәшімбаев С.М. – Патшалық ресейдің отарлау саясаты еңбегі, т.б.
ХVIII ғасырдағы зерттеушілер П.И.Рычков, ХІХ ғасырдағы зерттеушілер
А.И.Левшин, Л.Мейер, В.Н.Витевский, А.И. Добрасмыслов, ХХ ғасырдағы
Кеңестік тарихшылар А.Ф.Рязанов, М.В.Вяткин, Н.Г.Апаллова, П.Е.Матвиевский,
Е.Бекмаханов, В.Я.Басин, А.Сабырханов, қазақстандық тарихшы ғалымдар
И.В.Ерофеева, К.Л.Естағамбетов, Ж.Жақсығалиев, Ж.Қасымбаев, С.М. Мәшімбаев,
Ә.Қ.Мұқтар, т.б. болды 1. 5-б.
Е.Бекмаханов өзінің Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында деген
еңбегінде Қазақстанның Ресей құрамына қосылуы туралы былай деп жазған:
Кіші жүздің қазақтары өздерінің көреген ханы Әбілқайырдың бастауымен
1730 жылы ерікті түрде орыстарға бодан болғаны мәлім. Мұның өзі сыртқы және
ішкі себептерден туған қажеттілік болды; XVIII ғасыдың 30-жылдарында
жоңғар жаулап алушылары тарапынан қанауға түсудің қаупі төнген. Әбілқайыр
бастаған қазақтар өздерінің қуатты көршісі – Ресейден әскери көмек сұрады.
Сонымен бірге орыстарға бодан болуға қазақтарды империямен экономикалық
және сауда байланыстары да итермеледі. Бодандықтың шарттары бойынша
қазақтар өздері тұрып жатқан мекенін және мемлекеттік дербестігін сақтап
қалды.
Орта жұз бодандығының басы 1740 жылға жатады. Осы жылы орыс үкіметіне
Кенесары Қасымовтың атасы Абылай ант берген болатын. Сәл кейінірек, 50-
жылдарда Абылай екі жақты бодандылықты Ресейге және Қытайға бодан болуды
қабылдады 2.245-246 бб..
Бұдан көрініп тұрғанындай Кіші жүз бен Орта жүздің Ресей қарамағына
кіруіне бірнеше себептер бар. Бір жағынан сыртқы фактор, яғни жоңғар қаупі
болса, екінші жағынан, ішкі фактор қазақтардың империямен экономикалық және
сауда байланыстарын орнату секілді себептер итермелеген.
Ағылшындық тарихшы Джордж Демко өзінің Орыстардың Қазақстанды
отарлауы атты зерттеуінде:
Орыстардың Қазақ даласына әскери шапқынлышығы баяу жүрді, оны екі
сатыға бөлуге болады. Бірінші кезең XVII ғасырда басталған қорғаныс және
сауда шараларымен сипатталады. Екінші кезең әскери шабуылдар нәтижесінде
Қазақ далсына толық үстемдік орнатумен, яғни 1830 ж. басталып, 1865 ж.
өзбек қаласы Ташкентті жаулап алумен аяқталды.
Орыстардың Қазақ жеріне ене бастауының алғашқы кезеңінде Ресей мен
Қазақ ордалары арасындағы қарым-қатынасында маңызды өзгерістер орын алды.
ХVIII ғасырда қытай үкіметі қазақтарды өз қол астына қарату үшін Қазақ
даласына әскери шабуыл ұйымдастыруға әрекеттенді. Осыған байланысты Кіші
Орда ханы Ресейдің қорғауын сұрады, сонымен 1731 ж.өзінің патшаға
берілгендігі туралы ант берді. 1740 ж. орта жүз де орыс бодандығын қолдады
3.30-31-32 бб. - деп жазады.

І – тарау Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы ХVIII ғ. 30-40 жж
1.1 Ресейдің Қазақстанды қосып алу проблемасы

Император І Петр Қара және Балтық теңіздері арқылы Еуропаға терезе
аша отырып, бір жағынан барша Азия елдерінің қақпаларына да кілт іздеді.
Оның алдындағы және одан кейінгі саясаткерлер үшін Қазақстан, Ресейдің,
Түркия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Орта Азия турасындағы Шығыс
саясатын жүзеге асыратын мақсат қана емес, басты құрал болып есептелетін.
Империяның тап осы саясатының салдарынан Қазақстан, шама келгенше жер
шарының көбірек бөлігін басып алуға, қазақ даласы арқылы және Орта Азия
үстімен Оңтүстік пен Шығысқа барынша жылжуға бағытталған жауыздық
стратегиялық ұмтылыстарының шеңберінде қалды.
Әскери қосындарды жасақтау, экспедициялар жіберу, оларды жергілікті
патша шенеуніктерінің жеке гвардиясына айналдыру, осы өлкеде әскери –
зерттеу жұмыстарын жүргізу кең далаға біртіндептереңдеп енудің амалы
ретінде анықталды. Әскери бекіністер, форттар, қамалдар салумен қатар ықпал
етудің дипломатиялық жолдары да кеңінен пайдаланылды. Көші-қон саясаты, жер-
жерлерде патшалық биліктің тіректері ретінде казақ отрядтаын құру жақсы
нәтиже берді. Қазақстан халқын рухани-идеологиялық тұрғыдн езіп-жаншу да
оңтайлы әрі пәрменді құралға айналды.
Жалпы алғанда Шығыс саясатын жүзеге асыру Қазақстанды бағындыру
жолында Ресей мынадай есеп пен пиғылдар жетегінде болды.
- Ең алдымен, әскери-экономикалық басымдықты пайдалану;
- Әскери отарлау;
- Дипломатиялық құралдар;
- Әскери-зерттеу арқылы ену;
- Көші-қон саясаты немесе шаруаларды қоныстандыру;
Патша қайраткерлері аталған саясатты Ежелгі Қытай императорларынан лды
деген болжам бар.
Ең қиыны халық ұлттық қана емес, ру-тайпалық бірлігінен де айрылды.
Царизм олардың арасына ылаң мен кикілжің сеуіп, бөліп ал да, билей бер
қағидасын қазықша қақты.
Номадтардың ғаламат ауқымды кеңістігін империя аймағын кеңейтуге
баспалдақ ретінде пайдалану мақсатын көздеген отарлаушылық, зұлымдық
саясат, міне, осындай болған. Бұл үшін царизм тарихи орныққан мемлекеттікті
қиратып, оның байырғы халқын адамдық құқықтан түпкілікті айырды. Жерді
талап, халықты қорлағандары аздай-ақ отарлаушылар ұлттық сананы улағысы,
тілді, дінді, секнімді, салт-дәстүрлерді тәлкек еткілері келді.
Көне де өзіндік ерекшеліктері мол өнерін, қолөнерін ұмыттыруға
итермелеп, ұлттық ерекшелікті жоюға тырысты.
... Билік басындағы топтың ой-толғамдары әр дәуірде үстем болады. Бұл
– қоғамның қожалық етуші материалдық күші болған таптық етуші материалдық
күші болған тапты, сонымен қатар қожалық етуші рухани күші деген сөз - деп
атап көрсеткен маркцизм классиктері.
Міне, халықты рухани тұрғыда отарлаудың негізі қайда жатыр. Сенаттың
шешімі бойынша, 1731 ж. Жаңадан шоқындыру кеңсесі ұйымдстырылды.
Халықты өткенінен аластату, оны тарихи зердесінен айыру, тілін, дінін,
әдет-ғұрыптарын, жазу-сызуын жою-соғыстың ең ауыр түрі.
Бүгінде Қазақстанның Ресейге қосылуы төңірегіндегі айтыстар, ғылыми
пікірталастар толастағын жоқ.
Қазақстанның ХVІІІ ғасырдың басында Ресейдің құрамына кіруін толып
жатқан факторлардың тоқайластуының нәтижесі деп қарастырған жөн. Олардың
ішінен экономикалық, саяси, әскери, шаруашылық, мәдени, табиғи –
жағрапиялық үрдістерді салалар алған жөн. Қосылу ғғамасиясының өзі 150
жылға жуық созылғандықтан бұл процеске тездеу, кібіртіктеу, тіпті кейде
шегіну, кейіншектеу де тән болған.
1731 жылдан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қазақтардың Ресейге
біртіндеп бағыну кезеңі деп атауға болады. Бұл турасында Ф.Энгельс былай
деп жазады ... Ресейдің қырғыздардың үш ордасына немесе тайпаларына
жүргізген билігі өте әлсіз болды, сондықтан орыс керуендерін қырғыздар да,
Хиуалықтар да талап алып отырды. Жағдай 1833 ж. Орынборға бас қолбасшы
болып генерал василий Перовский келгенге дейін осы күйінде қалды. Бұл
пікірді тарихшы А.Макшеев те растайды. Мемлекет шекарасы сыртындағы
қырғыздар (қазақтар) бұрынғысынша тәуелсіз болып қала берді. Ресей алдында
ешқандай міндет атқармады деп жазды ол. 4.202-210 - бб.. Мұндағы
берілген мәліметтерден аңғаратынымыз патшалы Ресей қазақстанды өзінің
территорясына қосылуының алғашқы кезінде әлі отарлауды күшейте қоймаған.
Отарлау әрекеті өте баяу және өте жоспарланған түрде жүргізілді.
Сонымен Қазақстанның Ресейге қосылу процесі ХVІІІ ғасырдың басында
бейбіт жолмен басталып, ХІХ ғасырдың ортасында жаулау, басып алу үрдісімен
аяқталды.
Академик М.Қозыбаев бәрінен бұрын Қазақстан Ресейге еркімен қосылған
деген атаусөден (термин) бас тартқан жөн деп есептейді. Егер бұл еркімен
қосылу болса, онда отарлап жаулап алуды, қанауды заңдастырудың бір түрі
болып шығады. Әбілхайыр ханның патша әкімшілігіне жолдаған хаттиарын
дайындаған, аударған, жазған мұсылман қауымы-татарлар, башқұрттар, өзге де
ұлт өкілдері шоқындырылды. Олар Петербордың тапсырмасына сай көп уақыт бойы
қазақ ханының айналасында болып, ақыры Әбілқайырды Ресей құрамына кіру
қажеттігіне илітірді. 4.211-213 бб.

1.2 Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.

ХVIII ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей солтүстік-батыс жағында Балтық
теңізі мен Қара теңіз арқылы Еуропаға Терезе ашумен қатар Сібірді қосып
алу және Шығыс елдерімен белсенді сауда жасау жолдарын іздестірді. Бұл
мақсатқа қазақ даласы сәйкес келеді. Бірінші Петр қазақ сахарасын Азияның
кілті мен құлпы іспеттес санады.
Біздің жеріміз арқылы Орта Азия хандықтарына Ауғанстан, Персия, Қытай,
Үндістан және Шығыстың басқа елдеріне керуен жолдары өтетін. Қазақстан мен
Түркістан аймағы патша әкімшілігіне ең алдымен, әскери – стратегиялық база
ретінде керек болды. Мұнда орнығып алған соң, Бірінші Петрдің заманынан
бері орыс патшаларының асыл арманы болған аса бай Үндістанға жол ашылады
деп санады.
Сонымен бірге Ресейде капиталистік қатынастар қалыптаса бастады,
тоқыма шаруашылығының қарқынды дамуы жаңа өндіріске шикізатты да қажет
етті. Орта Азияның мақтасы осы талапты, қажетттілікті өтеуі керек болды.
Сондықтан Қазақстан мен Орта Азияны өзіне қосып алу, ертелі-кеш оларды
Ресейге бодан ету – мемлекеттік саясат дәрежесінде қалыптасты. Петр патша
өлгеннен кейін оның орнын басқандар да осы саясатты ұстанды 5.23-24б.б.
Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілері арасында жіктеліс туды.
Аңырақай шайқасынан кейін қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы жікке
бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп болды деп санаудың
негізі бар. 6.156 б..
1730 жылы Болат ханның қайтыс болып, орнына Әбілмәмбет ханның отыруына
байланысты қазақ хандарының арасына іріткі түсті. 7.194 б.. Тәукенің ұлы,
қайтыс болған аға хан Болаттың орнына Орта жүзден – Сәмеке, Кіші жүзден
Әбілқайыр үміттенді. Көпшіліктің таңдауы Әбілмәмбетке түсті. 6.156 б..
Әбілқайыр бастаған Кіші жүз бен Сәмеке хан бастаған Орта жүздің бір
бөлігі шайқасты тастап шығып, орыс шекарасына кетіп, орыс бодандығын
қабылдады. Ал Орта жүз Ұлытауға, Ұлы жүз Ташкентке қарай шегініп,
қалмақтарға бағынышты күйде қалды. 7.194 б..
Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан, Жоңғар
хандығының жаңадан шабуыл жасауының тікелей қауіп-қатері жойылмады. Билік
басына қазақ хандықтары жөнінде тыс басқыншылық саясат жүргізген Галдан-
Цереннің келуі, мұндай шабуыл қаупінің күшейгенін көрсетті, оның үстіне
қазақ хандарының өздері де, соның ішінде Әбілқайыр да, Жоңғар феодалдары
тұтқынға алған тайпаластарын қайтару ниетінен бас тартпайтын.
Қазақ хандықтарының Бұхарамен және Хиуамен қатынастары шиеленіскен
күйінде қалды. Қазақ хандықтарының Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен
өзара қатынастары күрделі болып қала берді. Әбілқайырдың башқұрт
ақсақалдарымен шапқыншылықты тоқтату туралы келіссөздері табысқа жетпеді.
Кіші жүздің батыстағы шекарасында бейбітшілікке қол жеткізу Әбілқайыр
ханның ең басты сыртқы саяси міндеттерінің біріне айналды. Басты дұшпан –
Жоңғар хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.
Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ
қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір казактарының қоршауында, шын
мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі
жағадйында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Ресей империясы сияқты
одақтас іздеуге мәжбүр болды.
ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезінде-ақ
Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. Ақылы
жеткілікті және қулықтан да ада емес адам - деп ол жөнінде А.И.Тевкелев
осындай пікір айтқан. Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа
бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға
ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі біріккен хандықтың
жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін
ойрат басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге
тырысты. 6.157-158 бб..
1730 жылы Әбілқайыр Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаевтың
басшылығымен өз елшілігін жіберді. Олар 8 қыркүйекте Уфа қаласына келіп,
орыс әйел императоры Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Ресейдің құрамына қосып
алуды сұраған өтініш жасайды.
1731 жылдың 19 ақпанында Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресейдің қоластына
қабылдайтыны туралы сенім грамотасына қол қойды.
Ол туралы қазақтарға хабарлау және тиісті акт қабылдаттыру үшін
Әбілқайырға Сыртқы істер комиссиясының шығыс тілдерін жақсы білетін
тілмәші, башқұрттың ірі феодалы А.И.Тевкелев бастаған елшілер жіберілді.
Олар Әбілқайырдың ордасына 1731 жылдың 5 қазанында келді. Патша Тевкелевке
қазақ жерінде жағдайға қарай іс-әрекет етуге, мәселелерді дербес шешуге
шексіз құқықтар мен уәкілдіктер берді, көптеген қаражат бөлінген. Соның
бәрін пайдаланып, көптеген рубасыларына тарту-таралғылар беріп, сый-құрмет
көрсетіп, белсенді үгіт жұмыстарын жүргізу барысында 1731 жылдың 10
қазанында Кіші жүздің сұлтан, ағамандарының жиналысында едәуірі Ресей
азаматтығын алуға дауыс берді.
Бұл жерде есте болатын жәйт: Бодандық туалы ол кездегі қалыпты
түсінік, әсіресе көшпенді жұрттардың көзқарасы біздің қазіргі ұғымымыздан
мүлде басқаша болатын. Әбілқайыр бастаған, кейінірек Әбілмәмбет пен
Жолбарыс қостап, қазақтың басқа да шонжарлары үміт артқан бодандық мәселесі
– бостандықтан айрылу емес, әскери одақ, дәл осы кезеңде қауіп-қатері
кемірек, күш-қуаты мол, үлкен жұрттың саяси демеуіне, ұзын арқан
қорғанышына сүйене отырып, өзінің елдігін, тәуелсіздігін сақап қалу тәсілі
деп ұқты (алайда, Ресей өкіметінің бодандық туралы өз пайымы, соған орай
ерекше есебі бар еді.).
Өзі Ресейдің азаматтығын алған соң Әбілқайыр және оның жақтастары Орта
жүздің ханы Сәмекеге егер ол Ресейдің қоластына өтсе патша өкіметінің
сыртқы жаулардан қорғайтынына уәде беріп, өз өкілдерін жібереді.
Сәмеке алдында келісім бергенмен, кейін оны орындамай, башқұрт
феодалдарына жорық жасайды. Дегенмен, кейін ол райынан қайтып, Ресей
азаматтығын алуға өтініш жасайды.
1734 жылы 10 маусымда орыс патшасы Сәмеке мен оның жақтастарының
өтінішін қанағаттандыру грамотамына қол қояды. Кіші жүз бен Орта жүздің
Солтүстік-батыс бөлігінің Ресей азаматтығына өтуі 1740 жылы Орынборда өткен
съезде бекітіледі. 28 тамызда Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан
Ресеймен одақ туралы актіге қол қояды. Алайда, Солтүстік-шығыс және Орталық
Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей бодандығын алмады. Олар тек ХІХ
ғасырдың 20-40 жылдары Ресейдің әскери отарлау саясатының салдарынан ғана
өктен болатын. 5.25-26 бб..

1.3 Патша өкіметінің қазақ жерлеріне қамалдар мен әскери бекіністер
сала бастауы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр хан(Мұқамбет Ғази Бахадүр хан)
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашу
ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні
ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей
ХАЛЫҚ РУХЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Шежіре. қазақ жүздері
Қазақ хандығының Ресейге қосылуы
Пәндер