Қазақстандағы мұрағат ісі


Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

К І Р І С П Е . . . 3

І. Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасуы6

  1. Қазақстандағы мұрағаттық жұмыстардың басталуы . . . 6 Мұрағат орындарының құрылуы (1940-1960 жж. ) . . . 15

II. Қазақстандағы мұрағат ісінің дамуы29

  1. Мұрағат ісіне партиялық- мемлекеттік бақылаудың орнауы……29
  2. Мұрағат ісі 1960-1980 жылдарда: жетістіктері мен кемшіліктері. . 34
  3. Тәуелсіздік кезеңіндегі мұрағат ісіндегі өзгерістер43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . 57

К І Р І С П Е

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған орай орныққан жаңа әлеуметтік саяси ахуал қоғамның да оның азаматтарының да санасында айтарлықтай сілкініс туғызып, өз елінің тарихына деген көзқараста түбегейлі өзгерістерді бастап береді. Ол тарихты жан- жақты талдауда, зерттеулердің түбегейлі жүргізілуінде мұрағаттың алатын орны ерекше. Әсіресе, XIX ғасырдың, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын мұрағаттағы құжаттарсыз қарастыру мүмкін емес. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік - экономикалық дамуы ең алдыңғы технологиялық бағыттағы әдістерді қолдануға (электронды құжаттар) көшірілуде.

Мұрағат мекемесі  Қазақстандағы қызмет саласының негізгі бөлімінің бірі болып табылады. Сондықтан да мұрағат ісі өзінің қалыптасуы мен дамуы тарихында өзіне тиісті ғылыми талдау мен лайықты зерттеуді қажет етеді. Ең алғаш қазақ мұрағатының негізін 1794 жылы Бөкей хан қалады. Мұрағат саласының Кеңес дәуірінде қалыптасуы 1918 жылғы 1 маусымдағы РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қабылдаған ″ Мұрағат ісін қайта құру және орталықтандыру ″ атты декретімен байланысты. Бұл декреттің Қазақстанда мұрағат саласының негізгі қолдануына ықпал етті.

Одан, кейінгі жылдардағы партия Кеңес мекемелерінің қабылдаған көптеген қаулылары жоғарыда аталған декреттің жаңа жағдайдағы заңды жалғасы болды. Кеңес мемлекеті орнағаннан кейін мұрағат ісінің дамуы тікелей мемлекеттік мекемелердің дамуымен байланыста болды.

1996 жылы еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы мұрағаттар мен құжаттардың Бас басқармасы жойылып, оның мүлік және істер жөніндегі міндеткерліктері Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына жүктелді. 1998 жылдың 24 қарашасында Республиканың терминкомы ″ архив″ сөзін ″ мұрағат ″ сөзімен ауыстыруға шешім шығарды.

Мұрағат  ең құнды құжаттарды сақтайды. Бұл құжаттардың әр қайсысы тарихтың бір бөлігі. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның даму, қалыптасу кезеңдерін көрсететін құжаттар мемлекетімізді өз ақыл - ойымен, өз қолдарымен орнатушылар, оның куәсі болғандардың құжаттары келешек ұрпаққа берер кеңесі, қалдырған үлгі - өнегесі. Өткендегі Қазақстандағы мұрағаттық істің зерттелу, қалыптасу тарихы және ерекшелігі, ондағы құжаттардың қолданылу мәселесі тарихшылар назарынан тыс қалмаған. Осы жағынан алғанда бұл тақырып тарихшы - мұрағаттанушы үшін сұраныстағы мәселелердің бірі болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Тәуелсіз алғаннан кейінгі уақытта тарихшылар тарапынан Қазақстандағы мұрағат ісінің тарихына ерекше көңіл бөліне бастады. Әрине Кеңес тарихнамасында да бұл мәселе қарастырылды.

Белгілі ғалым В. В. Максаков өзінің ″ Архивное дело в первые годы Советской власти ″ атты зерттеуінде 1918 жылы қабылданған ″лениндік декреттің″ РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мүшелерінің арасында талқылануға салынғандығы туралы айта келіп, бұл декреттің ұйымдастырушысы тарихшы, Халық атқару комиссарының орынбасары М. Н. Покровский болғанын жазады /1/.

С. Н. Валк ″ О тексте декретов Октябрьской Социалистической революции и необходимости научного их издания ″ деген мақаласында ″ лениндік декрет ″ түпнұсқасымен оның жарияланған текстінің арасындағы айырмашылыққа әкелді дейді. Мысалы, декреттің үшінші пунктінің түпнұсқасында : ″ . . . күнделікті қызметке қажетті істер, осы ведомствоның қарауында қалады, бірақ мұрағат ісінің жоғарғы басқармасының қарамағына кіріп өз қызметін жалғастырады ″, жарияланған тексте - ″ . . . осы ведомство бөлімінде қалып, мұрағат ісінің жоғарғы қарамағына өтпейді ″ делінген. Мұндай айырмашылықтар қарама-қайшы талқылауға негіз болды: түпнұсқада − істер ведомстволық уақытша қолдануға қалтырылады, жарияланған тексте − істер Мемлекеттік мұрағат қорына мүлдем түспейді. Бұндай қарама-қайшылыққа алғаш рет 1939 жылы С. Н. Валк назар аударып осының негізінде мақала жариялады /2/.

В. Введенский ″ Архивное строительство в Казахстане ″ деген зерттеуінде 1921 жылы қаражаттың жетіспеуі мен аштық жергілікті жерлердегі мұрағат ісінің ұйымдастырылуына кері әсерін тигізді дейді, мұрағат құжаттары алып-сату көзіне айналды және көптеген орталық мекемелердің мұрағаттары табиғат апаттарынан жапа шеккендігі туралы айтады /3/.

Мұрағат ісінің маманы, тарихшы И. Л. Маяковский революцияға дейінгі бай - помещниктердің жеке иеліктерінің қорларында мұражайлар мен кітапханалар және банк сейфтарында сақталуға берілген тарихи - әдеби материалдардың мәселесі таласқа түскендігіне ″ мұрағат, кітапхана, мұражай ″ деген мақала жариялады /4/.

М. Ф. Петровская ″ Состав государственного архивного фонда Союза ССР и комплектование государственных архивов документальными материалами ″ атты зерттеуінде учаскелік сайлаушылар комиссиясының сайлаушылар бюллетені, дауыс беру хаттамалары кеңестердің атқару комитеттерінде сақталатын болды, бұдан кейін бұл құжаттық материалдар Қазақ ССР Ішкі Істер Министрлігінің қарамағына сақтауға жіберілетіндігі туралы айтады /5/.

Сондай - ақ тәуелсіз Қазақстан жағдайында мұрағат ісінің маманы М. С. Хасанаев өзінің арнайы зерттеуінде ″ Лениндік деген ғылыми айналымға енген 1918 жылғы декрет оның міндеттеріне әртүрлі түсінік берді. ″Оðòалықтандыру ″ түсінігін құнды құжаттарды сақтап қалу мақсатында деп емес, керісінше ″ басқаруды орталықтандыру ″ деп қабылдады дейді /6/.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Қазақстандағы 1920-1980 жылдар аралығындағы мұрағат ісінің тарихын зерттеу болып табылады.

 Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасуын қарастыру;

 Қазақстандағы мұрағаттық жұмыстардың басталу кезеңін көрсету;

  • Мұрағат орындарының құрылу жолдарына баға беру;
  • Қазақстандағы мұрағат ісінің дамуын көрсете отырып, мұрағат ісіне Кеңес өкіметі тұсында партиялық- мемлекеттік бақылаудың орнауына талдау жасау;
  • Мұрағат ісіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді ашу;
  • Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі мұрағат ісіндегі өзгерістерге сипаттамалар мен бағалар беру.

Зерттеу жұмысының деректік негізін кеңсе құжаттары, арнайы шыққан декреттер, қаулылар, нұсқаулар және заңдар басты деректік негізін құрады.

Бітіру жұмысының деректік негізін сондай - ақ Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағат қорлары 544 қор; 81 қор; 137 қор; 1137 қор; 1109 қорлар және Декреты советской власти, Образование Казахской АССР. Сборник документтов и материалов, Собрание узаконений и распоряжений Рабочего и Крестьянского правительства (СУ РСФСР) , Архивное строительство Казахской СССР (1918-1980 г. г) деректері пайданалынды. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстан Республикасының заңдары және ережелері қолданылды.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Жұмыстың тарихи хронологиясы ХХ ғасырдың 20-80 жылдарда Қазақстан мұрағат ісінің тарихы көрсетіледі.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бес тармақтан, қорытынды мен пайданылған әдебиеттер тізімінен және қысқартылған сөздерге түсініктемеден тұрады.

  1. Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасуы. Қазақстандағы мұрағаттық жұмыстардың басталуы.

РСФСР құрамында Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың құрылғаннан кейін ең басты мақсат ретінде республикада мұрағат ісін ұйымдастыруды қолға алды. Автономиялық республикада мемлекеттік мұрағат істері Халық Комиссарлар Кеңесі РСФСР-дің 1918-1919 жылдардағы мұрағат істерінің декреттерінде сақталған.

1918 жылы 26 сәуірде Халық Комиссарлар Кеңесі В. И. Лениннің басшылығымен жиналыс өткізіліп, онда мұрағаттар мен кітапханаларды басқару ұйымын орталықтандыру туралы баяндамалар тыңдалды. Бұл мәселе бойынша декреттің жобасын жасау туралы шешім қабылданды /7/. Декрет жобасы 1918 жылы 27-28 мамыр айында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мүшелерінің арасында талқылауға салынды. Осы жоспарға революцияға дейінгі әйгілі реформаторлардың : Н. В. Калачова және Д. Я. Самаквасованың мұрағат ісі туралы идеялары да кірді. Бұл жұмыстың ұйымдастырушысы атақты тарихшы, Халық атқару комиссарының орынбасары М. Н. Покровский /8/ болған. Ауқымды пікір - таластың қорытындысы ретінде В. И. Ленин қол қойған 1918 жылы 1 маусымда РСФСР ХКК-нің ″ Мұрағат ісін қайта құру және орталықтандыру″ атты декреттің қабылдануы болды.

Кейбір жағдайларға қатысты екі жақтылы сақталғанмен, бұл декрет жаңа социалистік мемлекеттегі орталықтанған мұрағат ісі және құжаттарды сақтау жөніндегі алғашқы заңды акт болып есептеледі. Бұл акт мұрағат істерін орталықтандыру және ол жерде құжаттарды сақтау орталықтарын құруға бағытталды. Бүкіл мұрағат әкімшілігінің мекемелері жойылды, яғни, ведомстволық мекемелер мен ондағы сақталған құжаттармен Біртұтас мемлекеттік мұрағат қорындағы іс- қағаздар . Біртұтас мемлекеттік мұрағат қорға негізінен өкіметтік мекемелердің іс- қағаздары, жазбалары, 1917 жылы 25 қазанда сақталған өкімет құжаттары кірді. Біртұтас мемлекеттік мұрағат қорды басқару Басмұрағат ісінің басқармасына берілді. Басты басқарма Халық атқару комиссариатының арнайы бөліміне кірді /9/. Осыған байланысты 1918 жылы 1 маусымдағы декрет бойынша Мұрағат ісінің бас басқармасы ерікті орталық мекеме емес жоғарғы орган билігіне тәуелді болып табыды.

Декрет түпнұсқасымен оның жарияланған текстінің арасындағы айырмашылыққа әкелді. Мысалы, декреттің үшінші пунктінің түпнұсқасында : ″ . . . күнделікті қызметке қажетті істер осы ведомствоның қарауында қалады, бірақ мұрағат ісінің жоғарғы басқармасының қарамағына кіріп өз қызметін жалғастырады ″, жарияланған тексте - ″ . . . осы ведомство бөлімінде қалып, мұрағат ісінің жоғарғы қарамағына өтпейді ″ делінген. Мұндай айырмашылықтар қарама-қайшы талқылауға негіз болды: түпнұсқада − істер ведомстволық уақытша қолдануға қалтырылады, жарияланған тексте − істер Мемлекеттік мұрағат қорына мүлдем түспейді. Бұндай қарама-қайшылыққа алғаш рет 1939 жылы С. Н. Валк назар аударды /10/. Тек 20 жылдан кейін ғана түпнұсқа ″ Кеңес өкіметінің декреттері ″ ғылыми еңбекте барлық қарама-қайшылықтарды анықтап жазып шығарылған /11/.

Сонымен қоса осы декреттің жиырма пункті жаңа Кеңес өкіметінің маңызды мүшесі болып табылатын мұрағат ісінің осыдан кейінгі жұмыстары анықталды. Декретте мұрағат ісінің негізгі функциялары белгіленген: құжаттардың дұрыс сақталуын қамсыздандыру, оларды экспертизадан өткізу, оларды ғылыми және басқа да қызметтер үшін пайдалану, ведомство үстінен бақылаудың қажеттілігін тудырды. Осылайша, Мұрағат ісінің бас басқармасымен қоса спецификалық мақсат қойған жаңа әлеументтік институтты қамтыған мемлекеттік мұраға жүйесі қалыптасты.

В. И. Ленин қол қойған 1919 жылдың 31 наурызындағы ″ Губерниялық мұрағат қорлар жағдайы ″, біртекті губерниялық мұрағат қорларының құрылуын заң түрінде бекітті /12/. Губерниялық исполкомдарға мұрағат істері мен құжаттарының сақталуына шара қолдану жүктелді. ″Осыдан бастап мұрағат ісін орталықтандырғанға дейін губернияларда ″, губерниялық қалалардан тыс болыстармен басқа да уездердегі мұрағаттарды губерниялық мұрағат қорында шоғырландыру міндеттелді /13/. Губерниялық мұрағат ісінің меңгерушісін мұрағат ісінің бас басқармасы тағайындады. Жағдайда, мұрағат құрылысының басты мәселелерін талқылау үшін және де мұрағат қорларының сақтаудағы жеке шараларды белгілеуші меңгерушінің жанынан Кеңес құрылды. Оның құрамына жергілікті ғылым, педагог және ғылым мамандары, кітапханашылар, мұражайлар, губерниялық депутат Кеңесінің Халық ағарту бөлімінің білікті мамандары шақырылды, олар осы қызметті бір жыл көлемінде атқарды.

1919 жылы 31 наурызда В. И. Ленин қол қойған РСФСР ХКК ″Мұрағат құжаттарын сақтау және жою″ атты декретін қабылдады /14/. Осы декреттің бірінші пунктінде: ″Кеңестік мекемелер, кәсіби және кооперативтік ұйымдардың барлық құжаттары олардың қарамағында бес жылға дейін сақталады. Сонымен қоса ешбір құжат алынуға берілмейді ″ /15/ делінген. Мерзімі өткеннен кейінгі түскен ″тарихи материалдар″ мерзімсіз сақтауға мұрағат қорларына жіберіліп, олардың арасынан ″тарихи, дипломатиялық қатынас, саяси, қоғамдық, экономикалық, яғни, жалпы маңызды құжаттар анықталады″. Осылайша, декрет мемлекеттік мұрағат қорының құжаттарынан ғылыми негіздегі принциптердің бастамасы болды.

Қор құжаттарының қайсысын жоюды, қайсысын сақтауды анықтау үшін арнайы талқылау комиссиясы бекітілді. Комиссия құрамына мұрағат қорларының басшылары, осы құжатты ұсынған мекеме өкілі қатысуы тиіс болды.

Кеңес өкіметінің алғашқы қилы бес жылы үшін мұрағат істерін сақтау мен жою декреті түп-деректерді қабылдау мен сақтау, оның негізгі принциптерін анықтап, мұрағат істерінің біртекті ұйымы мен бағыттылығын белгіледі. Декрет пунктері сол жылы мұрағат ісінің бас басқармасының инструкциясына енгізілді. Мұнда мұрағаттарға іс жүргізуді бақылау құқығы, мекеме қызметі процесіндегі құжаттарды сақтау мен ұйымдастыру бекітілді. Бақылауға ″ағымдағы мұрағаттық″ құжаттардың кірісі мен шығуы алынды, оның ішінде жұмыс істеп тұрған мекеменің іс жүргізу құжаттары кірді, себебі, олар ағымдағы мұрағаттпен тығыз байланыста болды/16/. Сонымен қоса инструкциядағы ″ағымдағы мұрағаттың″ құжат істері мен сақтау жүйесінің ережесін анықтады, оның ішінде іс жүргізу сонымен қоса мұрағат мекемелеріндегі олардың жалпы-мемлекеттік мұрағат қорына өткізу тәртібі белгіленді. Осылайша, іс жүргізу мен ведомстволық құжаттарды сақтау мен есептеу кезеңінің негізі қаланды.

Істерді сақтау және жою декреті мемлекеттік мұрағаттардың басқа да Кеңестік мекемелерімен қарым-қатынасын заңды түрде бекітті. Осымен мемлекеттік мекеме жүйесінде мұрағаттар мемлекеттік маңызы бар сала болып қана қоймай, іс жүргізумен басқару сферасына кіретін координациялық қызметпен толық бақылау құқығына ие болды.

РСФСР ХКК-нің 1918-1919 жылдардағы декреттер мұрағат ісінің барлық маңызды мәселелерін қамтыды. 1918 жылдың 1 маусымдағы декрет, 1917 жылдың 25 қазанда (7 қараша) аяқталған уақытша өкіметтің іс мекемелерімен хат алмасу өкіметтік мекемелері заңды түрде анықтады. Алайда, жеке меншік мекемелерімен қоғамдық ұйымдар, сарай, шіркеу және монастрлық мұрағаттар және де басқа жеке жинақтармен мұрағат коллекциялары мемлекет қарамағына жер, өндіріс орындары, банктерді ұлттандыру нәтижесінде өтті. Бұл шаралар әрине бұрынғы қожайындарының наразылығын тудырды. Соның кеселінен мұрағат қорлары жапа шегіп отырды. Соған қарамастан бұл құжаттар Мемлекеттік мұрағат қорларын біршама толықтырып отырды.

Әйгілі орыс жазушылары, ғылым, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер қайраткерлерінің құжаттарын алу өте қиынға түсті. Өйткені, бұл құжаттар олардың мұрагерлерімен арнайы коллекционерлер қолында шоғырланды, ал олар өз кезегінде бұл құжаттарды мемлекетке өткізуге мүлделі болмады.

РСФСР ХКК 1918-1919 жылдардағы жалпы мұрағат ісіне байланысты деректері мұрағат құрылысының негізгі принциптерін қалыптастырды, олар сонымен қатар мұрағатшылардың негізгі функцияларын анықтады − мекемелердің іс жүргізу кезеңінен бастап құжаттарды есептеу, мемлекеттік сақтауға олардың арасынан таңдау, мемлекет мүддесі үшін ғылыми тұрғыда пайдалану және қамсыздандыру еді. В. И. Ленин қол қойған РСФСР ХКК-нің мұрағат ісінің декреттері, Қазақстандағы мұрағат құрылысын ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан территориясын, бұрынғы Ресей империясының әртүрлі әкімшілік орталықтардың басқаруына байланысты, Қазақ халқының тарихынан көрініс беретін Орталық мұрағат құжаттарының басым бөлігі негізінен Орынбор, Омскі, Ташкент, Астрахань және тағы басқа қалалардың мұрағат бөлімдерінде сақталды.

1917 жылдың қарашасынан 1918 жылдың наурызына дейін Алаш өкіметін толығымен жойғаннан кейін, Кеңес өкіметі Қазақстанның барлық аймақтарында орнады. В. И. Ленин қол қойған РСФСР ХКК 1919 жылдың 10 шілдесіндегі Қырғыз (қазақ) аймағын басқару үшін революциялық комитет құру декреті, болашақтағы Қазақ АССР-нің 1920 жылдың қарашасында заңдастырылған мемлекеттік басқарманың бастамасы болды /17/.

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының территориясында 1920 жылдары әртүрлі әкімшілік орталықтардан алғашқы мұрағат құрылысына негіз болған мұрағат органдары құрылды. Бұл жерден де бұрынғы орталық жүйенің іздері байқалды. 1919 жылдың аяғында Ташкентке келген РСФСР Басмұрағатының өкілі Орталық Азияда мұрағат мекемелері жоқ деп тапты, ол жайында 1919 жылдың 22 желтоқсанында Ташкентте орналасқан ВЦИК-тің Түркістан АССР комиссиясына мәлімдеді. Бір айдан кейін 1920 жылдың 21 желтоқсанында Түркістан АССР-і үшін Орталық мұрағат ісінің басқармасын ұйымдастыру бұйрығы шықты. Осы жылдың мамыр айында Түркістан Орталық атқару комитеті осындай декретті жариялады. Осы декретке байланысты Орталық мұрағат ісінің басқармасының бас басқарушысын Түркістан Орталық атқару комитеті РСФСР-дің Басмұрағатымен келісе отырып бекітті /18/. Қазақстанның Жетісу және Сырдария облыстары қызмет аймағына кірді. Ақмола және Семей облыстарындағы мұрағат басқармасын, 1920 жылы Омск, Сібір революциялық комитеті құрды, қалған − Орал, Торғай, Закаспий, Астрахань, Орынбор, Алтай яғни, Қазақ АССР-нің территорияларына кірген жерлер де, РСФСР-дің облыстық және губерниялық мұрағат мекемелері жұмыс істеді. Алғашқыда Орынбор және Торғай губернияларының территорияларында Орынбор - Торғайлық губерниялық мұрағаты құрылды, ол РСФСР Басмұрағатының Орынбор басқармасының қарамағында болды /19/.

Қазақ АССР-нің алғашқы астанасы−Орынборда жаңадан мемлекеттік мекемелер шоғырлана бастады. Оның үстіне Кеңес өкіметінің заң актлерімен мұрағат ісіне байланысты В. И. Лениннің декреттері Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда Орынборда тезірек іске асып отырды. Мұнын себебі Петроград пен Мәскеуге жақындығымен түсіндірілді. Мұрағат ісіне байланысты декреттер В. И. Ленин қол қойғаннан кейін тез арада Орынборға жеткізіліп отырылды. 1919 жылдың 31 наурызында РСФСР Мұрағат ісінің бас басқармасының өкілі арнайы инструкция құрастырды /20/.

Мұрағат ісін ұйымдастыру қажеттілігі алғаш рет 1920 жылдың 12 наурызындағы Қазақ Өлкелік әскери комиссариатының тарихи статистикалық бөлімнің мәжілісінде көтерілді. Осы жиналыста председатель орынбасары А. П. Чулошников ″ерекше ғылыми мұрағат комиссиясын шеттегілерді шақыру арқылы ұйымдастырып, олардың еңбектері жергілікті ″Известия Киргизская края″ Газетінде жариялансын ″ деп сөз сөйледі /21/. 1920 жылдың 26 мамырындағы Қазақ әскери комитетінің ғылыми бөлімінің мәжілісінде, осы бөлім меңгерушісі болған А. П. Чулошников, Орталық мұрағат қорын ұйымдастыру мәселесін талқылады /22/. Осыдан кейін бірнеше өзгерістерге түскен−ғылыми бөлім, ғылыми сектор одан кейінгі республиканың Наркомпрос Академиялық орталығында − Қазақстандағы мемлекеттік мұрағат қызыметінің ұйымдастырылуына жол салған маңызды мемлекеттік қаулылармен циркулярлар жобасы дайындалды.

1920 жылдың 15 шілдесінде Қазақ АССР-нің Наркомпрос қарамағындағы А. П. Чулошников ғылыми комиссия мәжілісінде мұрағат мәселесін қайтадан көтерді. ″ Мемлекеттік үлгі бойынша Орталық Өлкелік мұрағат қорын құру мәселесін ″ Наркомпрос қарамағында талқыланып, шешім шығару қаулысы қабылданды.

1920 жылдың 4-12 қазанында болған Қазақ АССР Кеңестерінің құрылтай съезінде Орынбор, Торғай, Орал, Семей, Ақмола, бұрынғы Бөкей хандығы және Астрахань губерниясы құрамына кірген қазақ аудандары, Маңғышылақ уезінен делегаттар қатысып, РСФСР құрамында автономиялық мемлекет құру туралы шешімін қабылдады /23/, осылайша мұрағат ісіне байланысты бірнеше мәселелер өз шешімін тапты.

1920 жылдың 9 желтоқсанында Қазақ АССР-нің Наркомпросы төрт бөлімге бағытталған сектор болып қайта құрылды. Алғаш рет жеке бөлім құқығында, автономиялық республика территориясында барлық мұрағат құрылысы мәселесін қамтитын Басмұрағат басқармасы органы құрылды /24/.

1921 жылдың 6 наурызында мұрағат ісінің басқармасы барлық Кеңес өкіметінің қоғамдық ұйымдары мен республика азаматтарына құжаттарды жинау мен сақтауды орталықтандыру туралы жолдауын жолдады. Онда, негізінен: ″қазіргі тандағы және тарихтың маңыздылығы үшін құжаттарды қол-қолда көшірмей, Қырғыз республикасында 1917 жылғы революциядан бастап тарихи оқиғалар құжаттарын жинақтайтын орталық сақтау қорын құру″ мәселесі айтылған /25/.

1920 жылдың 21 қыркүйегінде В. И. Ленин қол қойған Халық Комиссарлар Кеңесінің декреті бойынша Қазан революциясымен РКП(б) тарихына байланысты құжаттарды игеру мен жинау комиссиясы Истпартта құруды көздеді /26/, бұл әлемдік тарихта теңдесі жоқ болашақтағы мықты партия мұрағатының паралелль жүйесінің негізін салды. Истпарттағы мемлекеттік мұрағат сақтау қоймаларын пайдаланып, арнайы мұрағаттар ашу ұйымдастырылды /27/. Партия мұрағат жүйесімен өз мұрағатын Истпартты 1924 жылы құрды. Осыған байланысты мұрағат ісінің басқармасы дұрыс деп санаған нақты құжат материалдар категориясын атап өткен дұрыс. Олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы
Орынбор ғылыми архив комиссиясы құрылу тарихы
Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Жалпы мұрағат қорындағы құжаттардың дұрыс сақталуы мен тізімге алынуы жағдайларын анықтау, қазіргі заман технологиясы бойынша пайдалануды қамтамасыз ету
Құжаттарды механикалық қалпына келтіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz