Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік секторды трансформациялау ерекшеліктері



Мемлекеттік сектор объектілерінен арылу жекешелендіру немесе мемлекеттік мүлікті сату көмегімен жүргізіледі. Кеңес дәуіріндегі көптеген елдердей тәуелсіздік алған соң, Қазақстан 1991 жылы мемлекеттің социалистік негізін трансформациялау саясатын интенсивті жүргізуді бастады. Аталған саясаттың негізгі шарты: ұлттық экономиканың жоспарлыдан әлеуметтік нарықтық экономикаға өтуі және елді экономикалық дағдарыстан шығару.
Жарысқа түскен экономиканы ырықтандырумен 1992 жылдың басында бағаны ырықтандыру мен ақша шамасын сығымдау әрекеті жүзеге асырылды. Жүргізілген бағаны ырықтандыру гиперинфляцияны туындатты, оның өсу қарқыны 1993 жылы 2265% құрады (1992жылы-3061%).
Жалпы алғанда 1991-1993 жылдарда шаруашылықтың дамуы өндірістің құлдырауы мен республика аралық шаруашылық байланыстың өзгерілуімен, төлей алмау дағдарысымен, экономикада ішкі қаржылындыру көздерінің болмауынан қатаң бюджет тапшылығы мен ақша айналыс жүйесінің бұзылуымен, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен сипатталды. Өндірілген ұлттық табыс бұл жылдарда 1976 жылдар деңгейіне дейін қысқарып, жалпы 38,2% құлдырады.
Экономикалық реформаларды жүргізу елдегі бәсекелі нарықтық экономиканың негізін қалыптастыру үшін қажет болды. Ақша массасын бақылау мардымсыз болды, ал оған қол жеткізу процессі ретсіз болды, өйткені Ресейдің орталық банкі бірнеше рет рубльді эмиссиялады. Рубльдік аймақтағы мемлекеттерде 1993 жылға дейін жоғары инфляция деңгейі мен сатып алу қабілетінің құнсыздануы бойынша айтарлықтай рубль девольвациясы болды. Бірыңғай рубльдік кеңістік макроэкономикалық тұрақтылықтың тежегіші қызметін атқарып, ақша мен баға инфляциясын ұстап қалу бойынша шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Қазақстанда өз ұлттық валютамызды енгізу экономиканың тұрақты қызмет етуіне,экономикалық қатынастар жүйесін ырықтандыруда
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Закон Казахской ССР "О Собственности", www.zakon.kz
2. Закон Казахской ССР "О разгосударствлении и приватизации" от 22. 06 1991 г., www.zakon.kz
3. Национальная Программа разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан, www.zakon.kz
4. Қазақстан: 1991-2002 жылдар. Ақпараттық-талдаулық жинақ. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі дайындаған. А.Смаилова ред. Алматы: ЖШС ²Интеллсервис², 2002
5. Постановление Президента Республики Казахстан "О введении в действие Положения о приватизационно-инвестиционных купонах" от 1993 г., www.zakon.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік секторды
трансформациялау ерекшеліктері.

Мемлекеттік сектор объектілерінен арылу жекешелендіру немесе
мемлекеттік мүлікті сату көмегімен жүргізіледі. Кеңес дәуіріндегі көптеген
елдердей тәуелсіздік алған соң, Қазақстан 1991 жылы мемлекеттің
социалистік негізін трансформациялау саясатын интенсивті жүргізуді бастады.
Аталған саясаттың негізгі шарты: ұлттық экономиканың жоспарлыдан әлеуметтік
нарықтық экономикаға өтуі және елді экономикалық дағдарыстан шығару.
Жарысқа түскен экономиканы ырықтандырумен 1992 жылдың басында бағаны
ырықтандыру мен ақша шамасын сығымдау әрекеті жүзеге асырылды.
Жүргізілген бағаны ырықтандыру гиперинфляцияны туындатты, оның өсу қарқыны
1993 жылы 2265% құрады (1992жылы-3061%).
Жалпы алғанда 1991-1993 жылдарда шаруашылықтың дамуы өндірістің
құлдырауы мен республика аралық шаруашылық байланыстың өзгерілуімен, төлей
алмау дағдарысымен, экономикада ішкі қаржылындыру көздерінің болмауынан
қатаң бюджет тапшылығы мен ақша айналыс жүйесінің бұзылуымен, халықтың өмір
сүру деңгейінің төмендеуімен сипатталды. Өндірілген ұлттық табыс бұл
жылдарда 1976 жылдар деңгейіне дейін қысқарып, жалпы 38,2% құлдырады.
Экономикалық реформаларды жүргізу елдегі бәсекелі нарықтық экономиканың
негізін қалыптастыру үшін қажет болды. Ақша массасын бақылау мардымсыз
болды, ал оған қол жеткізу процессі ретсіз болды, өйткені Ресейдің орталық
банкі бірнеше рет рубльді эмиссиялады. Рубльдік аймақтағы мемлекеттерде
1993 жылға дейін жоғары инфляция деңгейі мен сатып алу қабілетінің
құнсыздануы бойынша айтарлықтай рубль девольвациясы болды. Бірыңғай
рубльдік кеңістік макроэкономикалық тұрақтылықтың тежегіші қызметін
атқарып, ақша мен баға инфляциясын ұстап қалу бойынша шараларды жүзеге
асыруға мүмкіндік бермеді.
Қазақстанда өз ұлттық валютамызды енгізу экономиканың тұрақты қызмет
етуіне,экономикалық қатынастар жүйесін ырықтандыруда қозғалысқа елеулі
серпіліс берді. Тиімсіз әміршілік-әкімшілік жүйеден әлеуметтік нарықтық
жүйеге өтудің негізгі мемлекеттік кәсіпорындар басқа да халық шаруашылығы
объектілерін жекешелендіру болып табылады.
Елімізде мұндай түбегейлі өзгерістерді жүргізудің құқықтық негізі
еліміздің Конститутциясы болды, онда алғаш рет жеке меншік құқығы
жарияланып, осы уақыттын бастап жекешелендіру мен мемлекет меншігіне
алудың алғашқы қадамдары жасалынды.Меншік туралы [1] және Жекешелендіру
және мемлекет иелігінен алу туралы [2] заңдардың қабылдануы жекешелендіру
үшін заңдық база болды.
1990 жылы Меншік туралы заң барлық меншік формалары үшін құқықтық кепілдік
жасады. Жекешелендірудің ресми басталуы 1991 жылы 22 маусымдағы
Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу туралы Қаз ССР
Заңының (1993 жыл өзгертіліп,толықтырылды) қабылдануы болды. Аталған заң
жекешелендірудің құқықтық негізін, ережелері мен процедураларын анықтап
берді.
Республика Үкіметімен өңделген жекешелендіру бағдарламасы үш кезеңде
31000 кәсіпорындарды қамтыды [3].
Бірінші кезеңде (1991-1992жылдар) мемлекеттік меншіктің мөлшері мен
құрамы бекітіліп, меншік құқығын беру тетігі өңделді.Бұл жылдарда ұсақ
және орта кәсіпорындар,сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету сферасы
кәсіпорындарының 50% ке жуығы жекешелендірілді.
Екінші кезеңде (1993-1995 жылдар) жаппай жекешелендіру шеңберінде
қарастырылған орта және ірі кәсіпорындар белсенді түрде жекешелендірілді,
өте ірі және бірегей кәсіпорындарда жеке жобалар бойынша жекешелендіру
басталды.
Үшінші кезеңде (1996-2000ж) жекешелендіру мемлекеттік мүлікті
жекешелендіру мен қайта құрылымдау (реструктуризация) бағдарламасына сай
жүргізілді. Бұл кезеңнің маңызды міндеті шағын және жаппай жекеше
–лендіруді аяқтау, жекешелендірудің секторлық бағдарламасын жүзеге асыру.
Ұлттық бағдарламаға сай мемлекеттік меншікті жекшелендірудің үш негізгі
бағыты болды:
1.Шағын жекешелендіру (200 жұмысшыдан артық емес) - қызмет көрсету
сферасы,көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары.
2.Жаппай жекшелендіру (200-300 жұмысшы) - Қазақстан халқының барлы-
ғының қатысуымен жекешелендіру купондар мен инвестициялық қорлар арқылы
жекешелендірілетін орта және ірі кәсіпорындар.
3. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру (5000 жұмысшыдан жоғары) -
белсенді стратегиялық инвесторлардың қатысуымен жеке таңдауды қажет ететін
өнеркәсіптің ірі, стратегиялық салалары.
Бірінші кезеңде әлеуметтік-әділетті жекешелендірудің ерекшелігі респуб-
лика аумақтарының жекешелендіру процесіне үлкен мүмкіндіктің қамтамасыз
етілуі еді.Оның негізінде мемлекеттік мүлікті халыққа теңдей бөлу принципі
болды.Осыған орай көпшіліктің жекешелендіру мүмкіндігі
мен жекешелендірудің тиімді әдістері мен тәсілдерін талдау маңызды мәнге
ие болып, мемлекеттегі меншікті жекешелендіру стратегиясын көп жағдайда
алдын-ала анықтады.
Жекешелендіру бағдарламасын өңдеген Үкімет шекті масса деп атала-тын
қорлану факторін басшылыққа алды, осыған орай мемлекеттік емес
субъктілердің нарықтағы үлесі ІЖӨ-нің 70-80%-нен кем болмауы тиіс. Аталған
жаплы әлемдік жекешелендіру тәжірибесінде қолданылатын бұл сандық көрсеткіш
Қазақстанда жеке секторды жылдам дамуына жағдай жасаған фактордің бірі.
Бірінші кезең нәтижесі бойынша ҚР статистика бойынша Агенттік
ақпараттары бойынша мемлекет меншігіндегі 30761 объектіден 6600 (21,45%)
кәсіпорын жекешелендірілді.Жекешелендірілген объектілерді 50% -тен астамын
сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, 20 %-ін жалдық, орта және ұсақ
автотранспорт, өнеркәсіп кәсіпорындары ,мәдениет объектілері, үй салу
учаскелері құрады [4].
ҚР мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәліметтері бойынша
жекешелендірілген объектілердің жалпы санынан 61,7%-і ұжымдық
кәсіпорындарға, 22,8%-і жеке, 3 %-і жалдық, 4,2 %-і акционерлер- лікке
айналдырылды. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші кезеңінің
бағдарламасына рентабельдігі төмен және зиянды кәсіпорындарда түсті.
Бірінші кезеңдегі жекешелендірудің ерекшелігі кәсіпорынды мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендіру формасын алғаш болып таңдау құқығының еңбек
ұжымына берілуі болды. Жорамалданған жекешелендірудің үш әдісі: конкурс пен
аукцион арқылы тікелей сату, кәсіпорындарды акционерлік қоғамға айналдыру,
еңбек ұжымы меншігіне сатып алу.Талдау соңғы әдіске жасалынды, өйткені
механизмнің өзі әлемдік тәжірибеде жеткілікті апробацияланған болатын.
Көптеген тоталитарлық даму елдері алған мемлекеттік меншік жағдайында
халықтың басым бөлігінің өндіріс құралдарынан айырылуы, барлық халық-тың
немесе оның негізгі бөлігінің мемлекет мүлкінің белгілі үлесін қай-тымсыз
бөліп алуға бағыты міндеттің дұрыс шешімі болды. Мысалы мұндай бағыт
бұрынғы Чехославакия, Польшада, Ресейде, Литвада, Украинада, Румынияда ,
Қырғызстанда және т.б өзге елдерде қабылданған болатын.
Қазақстанда жекешелендірудің жеңілдік жағдайында еңбек ұйымдары үшін
кәсіпорындарды сатуда төмендетілген бағалармен немесе ұжым меншігіне
қайтымсыз берілуіне алып келді. Обьектілерді өте төмен бағаға сату,
кәсіпорындардың төмен бағалану құны мен инфляцияның шапшаң қарқынына
байланысты түсімдердің құнсыздануы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің
артуына жағдай жасамады, ал шетелде жекешелендіруден түсімдер бюджет
табысының басым бөлігін құрайтын.
Дегенмен еңбек ұжымы түріндегі жаңа меншік иесі ары қарай қызмет етудің
байсалды проблемасына тап болды: инвестициялық ресурстарды іздеу,
ұйымдастырушылық құрылымдық жүйені қайта құрылымдау және т.б. Практикалық
дағды мен мүлдем жаңа жағдайда жұмыс істей алатын маманданған мамандардың
болмауына кәсіпорындарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру күткендей
нәтиже бере қоймады.Жаңадан құрылған ұжымдық кәсіпорындардың 25 %-і нашар
жұмыс істей бастады, 14 %-і өндірісті қысқартып немесе мүлдем жабылып
қалды, 30 %-і сол деңгейінде қалып қойды.
Кәсіпорындарды ұжымдық меншікке беру кезінде байқалған эконо-микалық
және әлеуметтік тиімділіктің болмауы және жекешелендірудің
өзге де кері салдары Қазақстанда қалыптасқан жекешелендірудің, специфи-
калық жағдайының нәтижесін көрсетті: банк жүйесінің, қаржы нарығының,
бағалы қағаздар нарығының өсу жағдайы, анық құқықтық базаның, инвести-
циялық және баға қалыптастыру саясатының өңделмегендігі. Мұндай белгілеу
шынайылығы шетелдердің тәжірибесі мен практикасын зерттеуге негіз болады.
Көптеген дамыған капиталистік елдер үшін де ұжымдық меншікке сату
жолымен жүргізілген жекешелендіру проблемасы Қазақстандағы жағдайға ұқсас
болды. Жекешелендіру процессіндегі маңызды айырмашылықтар шетелдік
кәсіпорындарда жеке мен корпаративтік мүдденің бірге бірігуі өндіріс
шығындарының төмендеуі мен рентабельділігінің артуын ынталандырады. Акцияны
сатып алушыларға тегін корпаративтік несие, ал сатушыларға салықтық
жеңілдіктер ұсынылған. Еңбек ұжымдары өз акциялары үлесіне болашақ дивиденд
есебінен автоматты түрде өтелетін несие алды. Кәсіпорындарда ұжымдардың
сатып алуын оңайлататын арнайы экономикалық бағдарламалар пайда болды.
Мұндай бағдарламаның артықшылығы мемлекеттің кәсіпорындарды сатқаны үшін
төлемді бірден алуы, ал жұмысшылар оларға тиесілі кәсіпорын табысы есебінен
бірнеше жылға акцияны сатып ала алуында. Жұмысшылар мен қызметкерлер өзіне
қызмет етіп, әлеуметтік келіспеушіліктерді шешіп, кәсіпорынның тиімді жұмыс
істеуіне қызығушылықтары артып, оның нарықтағы жағдайы жақсарды.
Республикадағы жекешелендіру процессі мәні бойынша жүргізіліп отырған
экономикалық реформалар идеологиясына сай келді.Бірақ бірқатар эндоген-ді
және экзогенді факторлар елдегі мемлекет иелігінен алу мен жекешелен-
діруді объективті түрде тежеді.
Жалпы алғанда жекешелендірудің бірінші кезеңінің нәтижелік көрсеткіші
қанағаттанарлық деп сипатталып, 1993-1995 жылдарға (екінші кезең) ҚР-ғы
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына негіз
болған кейбір практикалық және әдістемелік қорытындылар мен нәтижелер
алынды.
Қазақстандағы жекешелендірудің екінші кезеңі үш бағытқа негізделген
болатын - Шағын жекешелендіру, Жаппай жекешелендіру, Жеке жобалар
бойынша жекшелендіру, Шағын жекешелендіру бағдарламасын толығымен
аяқтауды көздедеді. Дегенмен негізгі мақсат ел экономикасының негізін
құрайтын орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру болды. Саны бойынша барлық халыққа бірдей есептелінген және
республикалық әрбір азаматының қатысуын қамту арқылы жекешелендірудің
әлеуметтік әділеттігін қамтамасыз ететін жекешелендіру инвестициялық
купондарды (ЖИК) ендірген болатын.
Социалистік дәуірдегі елдердің көпшілігінде мемлекеттік меншікті
жекешелендіруде халықты иинвестициялық купонмен бөлу бағыты алынғын
болатын. Польшада әрбір кәмілетке толған азаматқа тегін боналар ұсынылды.
Осы боналарға азаматтар айырбас ретінде жекешелендірілген ірі
кәсіпорындардың 30 %-не акциясын алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жағдайда
халық бондарды тікелей акцияға емес, бірлескен жекешелендіру қорларындағы,
инвестициялық банк және өзге қаржылық делдал ұйымдардың пайларына
алмастыру қарастырылды.
Бұрынғы Чехославакияда мемлекеттік мүліктің бір бөлігі халыққа
инвестициялық купондар арқылы берілді. Соңғысы купон үшін сатуға ұсынылған
акцияны сатып алуға құқық беретін рұқсат қағаз. Купон өзге тұлғаға
ауыстырылмайды және онымен байланысты құқық тек мұрагерлеріне өтіп отырды
Республикалық 18-ге толған және онда тұрақты өмір сүретін әрбір азаматы
мұндай купонға құқылы болды .Олар үш операцияның бірінде пайдаланыла алды:
кез-келген акционерлік қоғамның (холдингтің) акциясын сатып алуға,
коммуналдық меншікті сатып алу немесе жалға алуға және жекешелендіру
бойынша инвестициялық қорлардың бірінің акциясын сатып алу (купондарды
холдинг акциясына айырбастау делдалдан) .
Ресей Федерациясында да мүліктің бір бөлігі оның азаматтарына қайтым-
сыз берілген болатын. Әрбір азамат өз ваучерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық өсу драйвері ретінде
Көрсетілетін қызметтер тарификациясының болмауы
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Кеңестік дәуір кезіндегі ауыл ахуалы
Айнымалы токты екі жолды телімнің тартылым қосалқы станцияның және секциялау посттың түйіспелі торап фидерлерінің дистанциондық қорғанысын есептеу
ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫ
Корей саясатының ерекшеліктері
Жылжымайтын мүлікті бағалауда туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Пәндер