Қазақстанды Ресей империясының жаулап алуы


Ж О С П А Р Ы
Кіріспе
І - тарау. Қазақстанды Ресей империясының жаулап алуының тарихи сабақтары
1. 1 Әскери-экспанциялық саясат
І. 2. Орыс бекіністерінің салынуы.
ІІ - тарау. Қазақстанды әскери отарлау.
2. 1. Орыс отарлауына қарсы ұлт-азаттық наразылықтар
2. 2. Қазақстанды Ресей империясының толығымен отарлауы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерді жаңа көзқараспен жаза бастадық.
Осындай жаңа тарихи көзқарас негізінде зерттеліп жатқан мәселелердің бірі - халқымыздың Ресей империясының бодандығына айналған тарихы.
ХҮІІІ ғ. ортасынан қазақ тарихында отаршылдықтың дәуірі басталды. Қуатты екі елмен іргелес жатқан халықтың бұл жолға соқпай өтуі мүмкін де емес еді. Қытай мен Ресей ең алдымен қазақ жерін өздерін сырт жаудан қалқалайтын “аралық аймақ” деп қараса, келе-келе тойымсыз Ресейдің өзгенікін иемденгісі келіп тұратын империясының пиғылы басым түсті.
Ресейдің қазақ жерін отарлауы екі үлкен кезеңге бөлінеді. Біріншісі-Ресейдің төрт казак армиясының әскери шабуылдары арқылы қазақ жерін басып ашу жорықтары, ол ХҮІІІ ғ. екінші жартысынан ХІХғ 70-80ж дейін созылды. Бұл кезеңде қазақ жерінде бекіністер, қамал-қалалар, тірек пункттерін салып және оларды жүйелі түрде шептермен жалғастыру арқылы қазақ елін темір құрсауға алып, өзен, көл, құнарлы жерлерге казактардың, ерікті шаруалардың орын тебуі, қазақ елінің мемлекеттік билігін жойып, отаршылдық басқару жүйесін іске асыру болды. Бұл кезеңде қазақ халқының азаттық соғыстары мен көтерілістері кең етек алды.
Отарлаудың бұл кезеңінде, яғни әскери-әкімшілік отарлау кезеңінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстардың шекаралық желілері (линиялар) өрбіді. Біртіндеп әскери қоныстану Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл мекендер Орал, Ертіс сияқты өзен орнын қамтыды.
Екінші кезең - қазақ халқы Ресейдің отаршылдық бұғауында толықтай қалуы. Бұл кезеңде 1891ж. 25 наурыздағы патшаның Даналық ережесі негізінде қазақ жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жариялауы; орыс шаруаларын жаппай қоныстандыруды ұйымдастыру, қазақтарды атамекенінен кетіріп, ұлттық дағдарысқа ұшырату болды. Бұл қазақ халқының жер үшін, мемлекет үшін азаттық соғыстарына әкеп тіреді. Бұл кезең ХІХ ғ. 70-80 жылдарынан 1917ж қазан төңкерісіне дейінгі уақытты қамтыды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Бірінші кезеңде патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлауы қалай іске асырылғанын, бұл саясатты жүргізуде патшалықтың басты тірегі болған- атты казак армияларының басқыншылық, тонаушылық жорықтарын жан-жақты ашып көрсету - бітіру жұмысының басты мақсаты. Бұл мақсатқа жету барысында бітіру жұмысының алдына төмендегі міндеттер қойылды:
- Қазақ жеріндегі казактар тарихына тоқаталу;
- Әскери бекіністер мен шептердің, қамал-қалалардың салынуы мен казак армиясының жасақталуына тоқталу;
- Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак армияларының тонаушылық, басқыншылық әрекеттерін ашып көрсету;
- Казак әскерлерінің басқыншылық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық соғыстарына тоқталу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих халықтың мыңжылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу кезеңінде оның жаңа талапқа сай тарихы да болуы шарт. Алайда халқымыздың өткен тарихы Ресей империясының тарихнамасының ықпалымен, кейін коммунистік идеологияның қағидаларына сәйкес өңі өзгеріп, мүлдем теріс бағаланып келгені баршаға аян.
Қазақстанның революцияға дейінгі, сондай-ақ кеңестік дәуірдегі тарихында белгісіз беттер, яғни “ақтаңдақтардың” кең орын алып, қазақ халқының өткен тарихы қасқана бұрмаланып келді. Тұтас бір халыққа, оның тарихына жасалған мұндай қасастықтың ішкі астарында, қателіктер де, әлде бір бұрмалаушылықтар да емес, белгілі бір бағытты саналы түрде ұстанған империялық бірегей жүйе жатқанын атап өту жөн.
Осындай бұрмалауға ұшырап, теріс бағаланып келген мәселелердің бірі-Ресей империясының Қазақстанды отарлау тарихы.
Бұл мәселе жөнінде Ресей тарихнамасында ежелден екі бағыт қалыптасқан. Оның бірі-Ресей тарихын барынша даңқтылықпен танытуды көздеген, мақсат тұтқан, басқаша айтқанда тікелей империялық идеологияға негізделген. Оны жақтаушылар үшін қазақ секілді “бұратана” халықтардың мемлекеттігі де, мәдениеті де болмаған, олар тек “Ұлы Ресей” патшалығының қамқорлығы арқасында ғана жақсылыққа қолдары жетіп, көздері ашылған еді.
Бұл “жарылқаушылық” саясат келе-келе тарихтың бетінде мықтап “шегеленіп” ресми заңдастырылды да, ақыры талай ұрпақтың сана-сезімін уландыруға әкеліп соқты.
Ресей тарихнамасында бүршік жайып, қаулап өскен империялық бағыт кеңес заманында одан әрі гүлденіп дамыды. Оған көз жеткізу үшін кез-келген жылда шыққан, тіпті 1987ж Мәскеуде шыққан “История СССР с деревнеиших времен до ХІХ в” оқулығын бір шолып өтудің өзі жеткілікті.
Кеңес тарихшылары: Н. Г. Апполова, Г. Ф. Дахшлейгер, В. Я. Басин, Б. С. Сулейменов, С. Е. Толыбеков, Т. Шойынбаевтардың зерттеу еңбек-терінде: “қазақ халқы Ресейге өз еркімен қосылғаннан кейін ғана халық болды, әйтпесе жер бетінен құрып, не азып-тозып кетуші еді, ”-деп үзілді-кесілді тұжырымдайды.
Тарих мәселесіне бұлай қиянат жасау, өктемдік тұрысында қарауға болмайтынын сол тұстың өзінде түсінген, оған қарсы шыққан ұлт зиялылары болмады емес. Олар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, С. Асфендияров, Е. Бекмаханов, т. б. Алайда олар тоталитарлық жүйенің құрбандарына айналып, “ұлтшыл” “халық жауы” атанып, қуғын-сүргінге ұшырады, абақтыға қамалып, жер аударылып, өлім жазасына кесілді.
Өткен саясаттың ықпалымен белгілі тарихшы Е. Бекмаханов өзінің “Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жж. ” деген еңбегінде айтқан: “Қазақстанды Ресей әскери-саяси күштің арқасында жаулап алды; ”-деген пікірнен бас тартып, кейіннен Қазақстанның Ресейге қосылу ерікті болды және прогрессивті әсер етті деген тұжырым жасауға мәжбүр болды. *
Ал енді Ресей тарихнамасындағы екінші бағытқа келетін болсақ, ол өткеннің бәрін сын тұрғысында зерттеп жазуға, империяға тәуелді, отар елдер халықтарының қиын, қарама-қайшылықты тағдырын жанашырлық, әділеттілік тұрғысында ашып қаруға негізделген. Осы орайда Ресей тарихшыларының еңбектерінде Қазақстанды Ресейдің жаулап алғанын дәлелдеген тарихшыларға тоқтала кетейін.
Ресейдің белгілі ғалымы, этнограф А. Н. Седельниковтың басшылығымен “Киргизский край” кітабын құрастырған авторлық ұжымның деректеріне сүйенсек, Қазақстан шекарасындағы Алтайды отарлаудың біршама ерекше сипаты болғанын байқаймыз. Бұл жинаққа енген орыс зерттеушілерінің, еңбектерінен Қазақстанды отарлаудың қалай және қандай құралдармен жүргізілгендігін, оның ішінде қоныс аудару мен казачествоның орнығуын, қазақ жеріне орыс шаруа келімсектерінің кіргізілгенін көрсететін көптеген құнды мәліметтерді кездестіреміз. А. Н. Седельниковтың “Киргизский край” еңбегінде былай делінген: “ХІХ ғ. басынан бері үкімет жауап алған өлкені нығайтуға қамқорлық жасады, қалаларда (Омбы, Петропавловски, Семей) жергілікті отырықшы ел құруға тырысты. Осы мақсатта 1808 жылы алдыңғы шептегі казак әскерлері құрылды, оларға жер, жалақы және азық-түлік бөлінді. 20-жылдары казак әскерлері Көкшетау уезінің таңдаулы бөлігін басып алды да, қазіргі Ақмола мен Баянауылда, Көкшетау мен Қарқаралыда бой көрсетті. **
* Бекмаханов Е. Б. Казахстан в 20-40-е гг. ХІХвв. А, 1992 стр. 5
** Седельников А. Н. Киргизский край. 1907, стр. 137. // Түркі халықтарының тарихы. А, 1999, 8бет.
А. Седельников бастаған авторлар ұжымы казак дегендердің бет пердесін ашып, олардың кім екенін айдай әлемге паш етіпті. Олардың дәлелдеуінше, казак әскерінің құрамындағыларының көпшілігі ұры-қары, өз жерінде күнін көре алмаған қырық құрау, қырық жалау ел екен, Алтай казачествосы, кезінде осындай элементтерден құралған. Жайық өзенінің сағасына казактардың келуіне байланысты мынадай пікір айтады: “Кім екені белгісіз адамдар тобырының Жайыққа қарай бет алуы, сірә, ХҮІ ғ. аяғына таман басталса керек. И. Грозныйдың патшалық құрған кезінен Доннан қашып, Еділ мен Каспий теңізіне, оның жағалауымен Жайықтың жағасына жетіп, қоныс тепкен ұры-қары адамдардың бар екендігі белгілі болатын . . . ХІХ ғ. орта тұсынан бастап, Орал казактары да қырғыз (қазақ) даласын жаулап алуы барысында нағыз авантюристер болып шықты. Жетісу жеріне де казактар осылай келді. Олар да жергілікті халықты езіп-жаншып, оған зорлық-зомбылық көрсетуде патшаның ең сенімді тірегі болып саналды”.
Қазақ даласында казак әскерлерінің атқарған ролі жөнінде А. Н. Герцен, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, т. б. сияқты революцияшыл - демократтардың еңбектерінен де мол кездестіруге болады.
Бүкіл ғұмырында орыстың әр сөзін теріп, “жеті атасына” дейін талдап берген В. Даль өзінің атақты сөздігінде “казак” деген сөзге: “орыстардың жеке бір тобына (Сословие) жататын көшіп қоныстандырылған жауынгер”-деп түсінік береді. Патша өкіметі казактарды жаңа жерлерді жаулап алу, көтеріліске шыққан халықтарды басып-жаншып жазалау үшін қолшоқпар етіп пайдаланып келгені тарихтан белгілі. Орыстың ұлы жазушысы Л. Толстойдың “Ермак” деген әңгімесінде казактар туралы былай делінеді: “А в это время по Волге, по Дону казаков много ходило. Соберутся шаиками по 200, 300, 600 человек, выберут атамана, плавают на отругах, перехватывают суда, гребят, а на зиму становятся городком на берегу.
К успению пришли к Строганову казаки-человек 600 с атаманом Ермаком Тимофеевичем. Напустил их сначала Строганов на ближних татар. Казаки их побили. Потом, когда нечего было делать, стали казаки по округу ходить и грабить.
Строганов и говорит “Идите за Урал воевать с Кучумом, завладейте его землю. Вас и царь наградить”*
Казак әскерлерінің қазақ даласындағы іс-әрекеті жөнінде А. И. Герцен өзінің “Колоколында” 1867 жылы: “Полковник Слуцкий қырғыз даласындағы цивилизацияның пайғамбарлары деп атаған казактар Ертістің сыртына халықты тонап, баю үшін қолайлы қызметке келіп жатты” деп жазады.
Сондай-ақ казак әскерлерінің қазақ жеріндегі басқыншылық әрекеттерін дәлелдейтін мысалдар орыс зерттеушілері: А. Левшиннің “Қырғыз-қайсақ елінің сипаттамасы; (1832), В. Сиверстің “Азия” (1896) т. б. еңбектерінде кездеседі.
Қазақ жерін Ресейдің отарлау тарихы шет ел зерттеушілернің де назарынан тыс қалған жоқ. Мысалы, Э. Карр, Р. Конквест, М. Олкотт Брилл, Д. Ремник сияқты зерттеушілердің еңбектерінде қазақ жеріндегі патша үкіметінің отаршылдық саясаты нақты тарихи деректер арқылы жан-жақты баяндалады.
Қорыта келгенде, Қазақстанның Ресей империясының құрамына ену себептері мен салдарлары күні бүгінге дейінге толық зерттелген жоқ. Кезек күтпейтін бұл мәселені тарихымызды қайта соралап, зерттеу арқылы қалпына келтіру керек.
Бір қуанатын жәйт-республикамыздың белгілі тарихшы-ғалымдары соңғы уақытта едәуір жұмыстарды қолға алып, республикалық газет-журналдарда қазақ халқының отарлық тарихына қатысты жаңа деректерді көптеп жариялай бастады. **
* Толстой Л. Шығармалар жинағы, 1984ж. 10т. 98-99 бб.
** Әбдіров М. Қазақтар мен казактар. // Ақиқат, 1994, № 11; Елагин А. С. Казактар қашан келген? //Қазақстан коммунисі, 1991, № 3.
Бірақ мұның бәрі - игілікті істің бастауы ғана. Көпшіліктің күтетіні - халқымыздың нағыз, шынайы тарихын кең көлемде қамтып зерттеу - болашақ тарихшылардың міндеті.
Бітіру жұмысының құрылымы.
Бітіру жұмысы кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І - тарау. Қазақстанды орыс империясының жаулап алуы және оған Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу казак армияларының қатысуы.
І. 1. Қазақ жеріндегі Казактар. (ХҮІІІ ғ. ХІХ ғ. 70-80 ж дейін)
ХҮІІ ғасырдың соңына қарай қазақ даласы тұс-тұстан казак қоныстарының жүйесімен шырматылды. Ресей империясындағы он бір казак армиясының* (әскери тобының) төртеуі (Орал, Сібір, Орынбор, Жетісу) Қазақстан территориясында құрылып, казактар 80 жыл бойы қазақтарға жазалау соғыс қимылдарын жүргізеді. Осы казактардың 80 жылдан астам қазақ елін тонаушылық, отаршылдық, шектен шыққан қатыгездігін жазбас бұрын, “казактар” кімдер, олардың шыққан тегі, Қазақстанға қашан, қайдан келген, қалай қазақ жеріне орын тепті және жоғарыда аталған Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу әскери құрамалары туралы жеке-жеке қысқаша тоқталып өтелік.
Казактар құрамы, этникалық жағынан бірыңғай таза емес-ті, кейін де казактарға ұлттық белгі бойынша цензі берілмеді, яғни ұлттар санатына қосылмады, әлеуметтік жағынан да солай қаралды (атамандарының өзі де “ақсүйектер тұқымына” жатпады) . Оған қоса казактардың өзін-өзі ретке келтіріп отыратындай саяси құрамы болмады. Ол көшпелі тайпалардың әскери-шаруашылық принциптерін бойына көбірек сіңірген-ді. Түркі лексиконынан қабылданған “атаман”, “көшпенді” “есауыл”, “қарауыл” және басқа да ұғымдарды білдіретін көптеген сөздердің күнделікті тіршілікте белгілі бір мәні болды. “Казак” этнонимінің атауы да түркі тілдерінен тәржім алғанда “кезбе”, “еркін адам” дегенді білдіреді.
Ресейдің заң-законын жасаушы, ХІХ ғасырдың басында Сібір бас губернаторы болған граф М. М. Сперанский күнделігінде (1812 жылғы 12 ақпанында) Орал казактары жөнінде мынадай пікір қалдырыпты:
* Казактардан жасақталған армиялардың ішінде: Орынборда (1736), Астраханьда (1750), Оралда (1755), Қара теңізде (1787), Азовта (1808) Жетісуда (1867) одан басқа Донда, Кубаньда, Теріскіде, Енисейде қазақ әскерлері топтары болды. Бұл қазақ әскерлерінің бәрі Ресей әскери министрлігіндегі қазақ әскерлерінің бас басқармасына бағынады. (Большая Советская Энциклопедия. Т. ІІ., Москва, 1973, стр. 175-177) .
“Олар теңіз (Каспий) қарақшылары болды, тонаудан түскен заттары мен әйелдерді қысқы мекені Оралға (Еділ) апарды. Жорыққа шығар алдында әйелдер мен балаларды өлтіреді және орнына басқаларын алып келіп отырады . . .
Олардың қосы Ермак болуы ықтимал, өйткені Строгоновтар олардан құтылу үшін Сібірден жол көрсетеді, сол жолдағы Чусев Строгонов қалашығы Қама арқылы өтетін қарақшылардың қысқы мекеніне айналды”*.
Казак қауымы ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап Польша-Литва, Орыс мемлекеттерінен оңтүстік, оңтүстік-шығыстағы шеткі аймақтарға қашқан шаруалар, посад адамдарынан бастау алады. Оларда өздерін еркіті адамдармыз, казактарымыз деп есептеді. Көршілес феодалдық мемлекеттерге және жартылай отырықшы халықтарға қарсы үнемі күрес жүргізу қажеттігінен олар қауымға бірікті. ХҮ ғасырдың басында Дон, Еділ, Днепр, Гребень казактарының қауымдары пайда болды. ХҮІ ғасырдың аяғында Сібір және ХҮІІ ғасырдың орта тұсында орыс мемлекеті Қазан және Астрахань хандығын жаулап алды да, Ресей мен Қазақстан шекарасы Еділ мен Жайық арасында жүрген Кіші жүз қазақтары мен Ноғай ордасы тайпаларына шектесті. ХҮІ ғасырда Еділ бойында пайда болған казактар осынау жерге дүркін-дүркін келіп, жергілікті халықты, сауда керуендерін, қалаларды тонаумен айналысқан. Қарақшылар жорықтарында Астраханьға дейін жетті. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында олардың орнын әлгі әрекеттерімен жалғастырған казактар мен Ресейден қашқан шаруалар басты. Бұл патшалық үкіметті жиі алаңдатты. Сондықтан бұзақы казактарға қарсы әскерлер жіберіліп отырды. **
Орыс патшасы қаһарлы Иван 1552 жылы Қазанды, 1556 жылы Астраханьды алғаннан кейін, Иран және одан арғы жатқан елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар жасауға ұмтылғанда, казактар олардың да жолын кесіп, тонай берген. Содан кейін 1577 жылы орыс
* История Сибири. 5-ти томник. Т. 2., или Рябинин А. Материалы для географии и статистики России. Уральское Казачье войско. ч. 1, кн. 2. Спб, 1866, стр. 5
** Әбдіров М. “Қазақтар мен казактар” “Жас алаш”, 1991, 27 ақпан.
патшасы казактарды бұрынғы құл қалпына қайтару үшін оларға қарсы әскери күш шығаруға мәжбүр болды. Қаһарлы Иванның қаһарынан қорыққан казактар жан-жаққа қаша бастады: Ермак бастаған тобы Орал тауына, одан әрі Сібірге, Нечай бастағандары Жайық бойына, қалғандары Теректің Каспийге құяр тұсына барып паналады. Осылай 1579 жылы Сібір, Жайық, Терек казактары деген қауымдар пайда болған. Бірақ бұл жол торушылар бұдан әрі бұға қалды деген сөз емес еді.
1577 жылы патша әскербасы Иван Мурашкин көпес керуендерін тонаумен айналысатын казактардың торабын талқандады. Соққы жеген казактар ілгері күндерде өмір сүрудің жолдарын іздестірді. Еділдің Самара өзені түйісетін тік жағасында казактардың үлкен кеңесі өткізілді. Белгілі атаман Ермак Тимофеевич онда: “Братцы, атаманы и казаки донские, яицкие, волжские и терские, думайте думу, братцы: на Волге нам жить-ворами слыть, а на Дону нам жить-казаками слыть, а на яик идти-переход велик, а добычи нет”- деді.
Бұл қызу талқылаудан кейін казактардың Ермак бастаған бір бөлігі Оралдағы көпес Строгановқа қызмет көрсетуге бел буды. Атаман Андрей бастаған өзге бір топ Солтүстік Кавказға аттанды. Ал атаман Прохор Рыжиченге ерген казактардың және бір шоғыры Жайыққа өтті. Сөйтіп, олар кіші жүз жеріне табан тіреп, қазақ даласында патшалық отарлау саясатын жүргізушілерге айналды.
Жайық маңында мекен еткен қазақ және ноғай тайпалары көп ұзамай-ақ өз маңайларында қатал да қанішер жаудың пайда болғанын білді. Жайық казактарының айуандығы шексіз болатын. Олар тіпті өз жақындарына да аяушылық білдірмеді. Ресейдің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің бірі М. М. Сперанский ХІХ ғасырдың басында казактардың ұзақ жорықтар алдында өзгенің жемі болмасын деп өз балалары мен әйелдерін ұдайы өлтіргендігін жазады. Олар сапардан бәріне ортақ болатын басқа әйелдер әкеліп отырады екен. Мұның үстіне, казактар арасында өмір сүруге бөгет болмасын деген желеумен, өз балаларын өлтіру дәстүрлі ұзақ сақталған.
Казактар алғашқыда жергілікті халықтан таса, қамыс арасында тұрып, балық, аң аулаумен шұғылданды. Олардың қатары бірте-бірте Ресейдің түрлі босқындары есебінен көбейген соң, елді тонаумен, жер жаулап алумен, адамдарды тұтқындаумен шұғылданды.
1580 жылы Жайық казактары Ноғай ордасының Сарайшық қаласына шабуыл жасаған (Ол Атыраудағы Махамбет ауданының орны) . Тұтқиылдан жасаған шабуыл Ноғай князі Уруска қаланы дер кезінде қорғап қалуға мүмкіндік бермеді. Сонау Алтын Орда кезеңінен сақталған әсем де сәулетті қала Сарайшық, сөйтіп, жер бетінен жойылды. Қалада казактың талай айтулы ұландары жерленген бейіттері болған. Онда қасым ханның кесенесі сондайдан көз тартатын. Казактар байлық іздеп, қабірлерді талөандады, өлген адамдардың сүйегін далаға шашты.
Сарайшықтың талқандалуы көшпенділердің жүрегіне өшпес із салды, жаңа жаулаушыларға деген шексіз өшпенділік сезімін тұтатты.
Казактар Еділ бойымен Каспийге шықты, түркмендерге, ноғайлар мен қырым татарларына шабуыл жасады, Азиядан Ресейге жол тартқан керуендерді тонады. Соғыс казактардың басым кәсібі болды. Өзге ештеңемен де айналысқан жоқ. Даладағы алғашқы жеңіске масаттанған олар енді Хиуаға ауыз салды, бірақ оларды күтіп тұр еді. “1603 жылы маусымда атаман Нечай бастаған Жайық қазақтары хандық астанасы Үргенішке басып кіріп, 7 күн бойы бейбіт елді қанға бояп, мыңдаған адамды өлтірді”.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz