Қола дәуiрі ескерткіштері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. ОРТАЛЫҚ КАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІ ЕСКЕРТКІШТЕРНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
1.1. Патшалық Ресей кезіндегі зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

II. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУI
2.1. Патшалық Ресей кезіндегі зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ІІІ. ЖЕТІСУ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІНІҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
3.1. Патшалық Ресей кезіндегі зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
3.3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ІҮ. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
4.1. Патшалық Ресей кезіндегі зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
4.2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
4.3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

V. БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
5.1. Патшалық Ресей кезіндегі зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
5.2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
5.3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан мен Орталық Азияның территориясында біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Оның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және тұрақты бірлестіктер құрды.
Б.з.б 2 жылдықтың ортасына қарай Қазақстанды мекендеген тайпалар қола заттарды жасауды меңгерді. Қола бұл әртүрлі көлемдегі мыс пен қалайының кейде қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі әдемі болып келді. Қазақстан жеріндегі металлдардың әсіресе қалайы мен мыс рудаларының көп кездесуі металл өңдеу кәсібін кеңінен пайдалануға негіз болды.
Қола дәуіріндегі қоныстар мен молаларды қатар зерттеу қоғамның дамуындағы негізгі мәселелерді шешуге, осы кезеңдегі өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың даму тарихындағы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау, жойылу себебін ашып көрсете алады.
Археологиялық түсінік тарихи сияқты, басқа ғылымдардың ерекшеліктерінен айырмашылығы жалпыланған сипатқа ие және кейде жанама немесе тікелей өтіп жатқан процесстердің уақыты мен орнын көрсетеді.
Қазақстандағы қола дәуірінің айшықты мәдениеттері Андрон Беғазы – Дәндібай екендігі тарихымыздан белгілі. Кешегі Кеңестік елдерде және патшалық билік кезеңінде қазақ халқында мәдениет болған жоқ, қазақ сахарасына өркениетті біз әкелдік деген саяси ой мен тұжырым қалыптастырып оқу еңбектеріне осы жаңсақ пікірлерді кіргізуге тырысқан болатын.
Ал бүгінгі таңдағы тәуелсіз еліміздің көне мәдениетімен байланысын танытуда археология ғылымының қосар үлесі де мол. Сондықтан да біздің диплом жұмысымыздың маңыздылығы тарих ғылымы үшін өте қажет екендігі анық.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелу тарихы қазақ даласын орыс отарлауымен тікелей байланысты болды. Қазақстан археологиялық ескерткіштері арқылы мәләметтерді XVIII ғасырдың көрнекті ғалымдары Ф.Страленберг, Миллер, Гмелин, Фальк, Рычков және т.б. жазбаларында сипатталған / 1/.
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейді орталық пен Шығыс Қазақстанның табиғи байлықтары қызықтыра түсті.Сондықтан да бұл өлкелерге геолог, тау – кен инженерлері табиғи қазба байлықтарды зерттеу үшін көптеп келе бастады.
1. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-ата, 1979.
2. Радлов В.В. Сибирские древности. Сообщение о раскопках в Семипалатинской области //Отчет археологической комиссии за 1866 г. Спб., 1867.
3. Лерх П.И. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867г. Спб.,1870.
4. Акишев К.А., Байпаков К.М. Көрсетілген еңбек. С.10.
5. Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Л., 1926 г. С.68-73.
6. Акишев К.А., Байпаков К.И. Көрсетілген еңбек. С.П.
7. Теплоухов С.А. Андроновская культура. Сибирская советская энциклопедия. Т.І. Новосибирск 1997.
8. Грязнов М.П. Погребания бронзовой эпохи в Западном Казахстане //Казаки. Материалы особого комитета по исследованию союзных' и автономных республик. Вып.П. ІІ.,1927
9. Греков Б.П. Работы в районе проектируемых южно-уральских гидроэлектростанции//Известия ГАИИК. 1953. Т.ІІ. вып.ПО. с.91-119.
10. Сальников К.В. Бронзовый век Южного Зауралья. ИИА, 27 М., 1951. С.ЮО.
11. Оразбаев А.М. Северный Казахстан в эпоху бронзы. ТИИАЭ АН КазССР. Алма-Ата, 1959. Т.Ү. 1958.
12. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. МИА. 1960. N88.
13. Максимова А.Г. Эпоха бронзы Восточного Казахстана. ТИИАЭ АН. КазССР. Алма-Ата. 1959. т.ҮІІ.
14. Сорокин В.С. Могильник Эпохи бронзы.
15. Кисилев С.В. Древняя история Южной Сибири. МИА. 1949. N 9.
16. Акишев К.А. Эпоха бронзы Цетрального Казахстана. Автореферат дисс. канд.ист.наук. Л.,1952. С.21.
17. Смирнов К.Ф., Кузьмина Е.Е. Происхождение индоиранцев в г свете новейших археологических открытии. М.,1977.
18. Агапов П.В., Кадырбаев М.К. Сокровища древнего Казахстана. Алма-Ата, 1979.
19. Аванесова. Н.А. Проблемы истории Андроновского культурного; единства (по металлическим изделиям) Автореф. дисс.канд.ист.наук. Л.,1979. С.25.
20. Зданович Г.Б. К вопросу об Андроновской культурно-исторического единства. КСИА, вып.177. 1984.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. ОРТАЛЫҚ КАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІ ЕСКЕРТКІШТЕРНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
1. Патшалық Ресей кезіндегі
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 9
2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... ... .9
3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 13

II. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУI
1. Патшалық Ресей кезіндегі
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...14
2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... ... 15
3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .17

ІІІ. ЖЕТІСУ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІНІҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
1. Патшалық Ресей кезіндегі
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 19
2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... .. 20
3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 27

ІҮ. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
1. Патшалық Ресей кезіндегі
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 29
2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... .. 29
3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 33

V. БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Патшалық Ресей кезіндегі
зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...34
2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... ...35
3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 41

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан мен Орталық Азияның территориясында
біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта және егіншілік
шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Оның өзі Қазақстан
жеріндегі әлеуметтік – экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал
өсіруші тайпалар ірі және тұрақты бірлестіктер құрды.
Б.з.б 2 жылдықтың ортасына қарай Қазақстанды мекендеген тайпалар
қола заттарды жасауды меңгерді. Қола бұл әртүрлі көлемдегі мыс пен
қалайының кейде қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен
салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі әдемі
болып келді. Қазақстан жеріндегі металлдардың әсіресе қалайы мен мыс
рудаларының көп кездесуі металл өңдеу кәсібін кеңінен пайдалануға негіз
болды.
Қола дәуіріндегі қоныстар мен молаларды қатар зерттеу қоғамның
дамуындағы негізгі мәселелерді шешуге, осы кезеңдегі өндіргіш күштермен
өндірістік қатынастардың даму тарихындағы алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырау, жойылу себебін ашып көрсете алады.
Археологиялық түсінік тарихи сияқты, басқа ғылымдардың
ерекшеліктерінен айырмашылығы жалпыланған сипатқа ие және кейде жанама
немесе тікелей өтіп жатқан процесстердің уақыты мен орнын көрсетеді.
Қазақстандағы қола дәуірінің айшықты мәдениеттері Андрон Беғазы –
Дәндібай екендігі тарихымыздан белгілі. Кешегі Кеңестік елдерде және
патшалық билік кезеңінде қазақ халқында мәдениет болған жоқ, қазақ
сахарасына өркениетті біз әкелдік деген саяси ой мен тұжырым қалыптастырып
оқу еңбектеріне осы жаңсақ пікірлерді кіргізуге тырысқан болатын.
Ал бүгінгі таңдағы тәуелсіз еліміздің көне мәдениетімен байланысын
танытуда археология ғылымының қосар үлесі де мол. Сондықтан да біздің
диплом жұмысымыздың маңыздылығы тарих ғылымы үшін өте қажет екендігі анық.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстандағы археологиялық
ескерткіштердің зерттелу тарихы қазақ даласын орыс отарлауымен тікелей
байланысты болды. Қазақстан археологиялық ескерткіштері арқылы мәләметтерді
XVIII ғасырдың көрнекті ғалымдары Ф.Страленберг, Миллер, Гмелин, Фальк,
Рычков және т.б. жазбаларында сипатталған 1.
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейді орталық пен Шығыс
Қазақстанның табиғи байлықтары қызықтыра түсті.Сондықтан да бұл өлкелерге
геолог, тау – кен инженерлері табиғи қазба байлықтарды зерттеу үшін көптеп
келе бастады.
Ал XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап енді Қазақстан территориясына
археологиялық ескерткіштерді зерттеу үшін ғалымдар келді. Алғаш рет ғылыми
мақсатта болған орыс ғалымы В.В.Радлов 1862 жылы Семей маңында
археологиялық зерттеулер жүргізіп қола ескерткіштеріне жататын қорымдарды
қазды 2.
1866 жылы ол Павлодар қаласының маңайында қазба жұмыстарын жүргізсе,
1869 жылы Жетісудағы Түрген ауылының маңайында қазба жұмыстарын жүргізді.
В.В.Радлов қазба жұмыстарының нәтижесінде ескерткіштерді алғаш рет
кезеңдерге бөлді. Осы аудандардың тарихи мәдениетіне қарап: мыс және қола
дәуірі, ерте темір дәуірі, жаңа темір дәуірі және ерте орта ғасырлар деп
бөлген болатын. В.В.Радловтың бұл еңбектері Қазақстандағы археология
ғылымының дамуындағы алғашқы қадам еді.
1867 жылы Археологиялық комиссияның тапсырмасымен белгілі орыс
шығыстанушысы П.И.Лерх Түркістан өлкесін зерттеуге кірісті. Ол Сырдария
бойындағы ортағасырлық қалаларды зерттеген еді.
1884 жылы Археологиялық комиссияның шешімімен Торғай облысына
Ф.Д.Нефедров қазба жұмыстарын жүргізсе, 1889 жылы Оңтүстік Қазақстанда
А.Н.Хараузин, Жетісуда Н.Н.Пантусов, Талас аумағында Е.Ф.Коль зерттеу
жұмыстарын жүргізді 4.
1893-1894 жылдары іссапармен белгілі шығыстанушы ғалым Бартольдтың
Түркістан өлкесіне келуі археология ғылымының алға қарай дамуына зор
септігін тигізді.
1895 жылы Ташкентте В.В.Бартольдтың ұйымдастырумен Түркістан
археологиялық үйірмесі құрылады. Үйірмеге жергілікті тарихшылар, әскерилер,
өлке тарихына қызығушылар қатысты 5.
XIX және XX ғасыр басында Орталық және Солтүстік, Шығыс Қазақстанның
археологиялық ескерткіштерін зерттеуде орыс географиялық қоғамының Батыс
Сібір, Орынбор және Семей бөлімдерінің атқарған қызметтері зор болды. Оның
құрамында Словцов, Ф.Н.Усов, А.Н.Седельников, А.Белослюдовтар белсенді
қызмет атқарды 6.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді
зерттеу жаңа тұрғыдан қолға алынды. Сонымен қатар мықты мәдениет Андрон
мәдениеті табылған болатын. Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің
ескерткіштері көпшілігімен, көне зираттар, кен өндіру орындарымен және т.б.
ерекшеленеді.
Қола дәуірінің Андрон мәдениеті табылған жердің атауымен солай аталған
болатын. Андрон мәдениеті үлкен аумақты алып жатқан, яғни Сібір, Орал және
Орта Азияның көп бөлігін қамтыды. Қола дәуірінің Андрон мәдениеті
терминін ұсынған және Андрон ескерткіштерін б.з.д II мың жылдықтың бірінші
жартысы- I мың жылдықтың басы деп кезеңдеген археолог С.А.Теплоухов болды
7.
Ол ғылыми айналымға енгізген Андрон мәдениеті термині алғашында
Минусинск қазаншұңқыры ескерткіштеріне жатқызылса, кейінірек батыста Орал
өзенінен шығыста Енесай өзеніне дейінгі ескерткіштерді қамтыды.
М.П.Грязнов қола дәуірі ескерткіштерне жіктелісті бастап, Андрон
қатарынан батыс нұсқасын бөліп көрсетті. Андрон мәдениетін ол б.з.д. 1400-
1100 жылдармен кезеңдеді. Сонымен бірге Андрон және Қарасұқ мәдениетінің
ескерткіштерін өз деңгейіне қарай үш кезеңге: ерте, орта және соңғы деп
бөлді 8. Қазақстан территориясындағы қола дәуіріндегі ескерткіштерді
жіктеу нәтижелеріне қорытынды жасай отырып, 1930 жылы Греков былай деп
жазды: Осылайша, қола дәуірінің барлық кезеңінде біз Қазақстан
территориясында анықталған Кеспелі-хвалын Андрон мәдениетіне иеміз,
алғашқысы Қаратеңіз бен Поволжьеден; ол екіншісі-қуатты жергілікті
мәдениет. Бірқатар өлкеде екі мәдениеттің территориялық шекаралары
белгіленді 9.
1948 жылы белгілі археолог К.В.Сальников Оралдың арғы жағындағы Андрон
мәдениетін 3 кезеңге: Феодоровтық (б.з.д. II мың жылдықтың ортасы), Алакөл
(б.з.б. XI-IX ғасырлар) және замаоайлық (VIII-VII ғасырларда) деп бөлді
10.
Оралдың арғы жағындағы Андрон мәдениетін кезеңдеудің соңғысын
К.В.Сальников 1951 жылы жариялады. Онда Феодоровты (II мың жылдықтың ортасы
мен екінші жартысы), Алакөлді (б.з.д.XIV-XI ғасырларға), ал Замарай кезеңін
(б.з.д. X-VIII ғасырларға) жатқызды.
Елуінші жылдардың аяғында қола дәуірінің ескерткіштерін Оңтүстік
Қазақстан материалдары бойынша зерттеген Ә.М.Оразбаев қола дәуірінің
ескерткіштерін 3 кезеңге бөлді: Феодоровтық, Алакөл, Замарайлық деді. Оның
көзқарасы бойынша замарай кезеңі жеке мәдениет деп оны Енесайдағы Қарасұқ
және Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетімен қатар дамыған деген
қорытындыға негізделген 11.
Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштерді кешенді зерттеген ғалым
С.С.Черников Андрон мәдениетінің ескерткіштерін 4 кезеңге бөліп
қарастырады:1) Өс-Бөкен (XVIII-XVI ғасырлар), 2) Қанай (XVI-XIV ғасырлар),
3) Кіші-Краснояр (XIV-IX ғасырлар), 4) Трушник (IX-VIII ғасырлар) 12.
Ал Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеулер жүргізген Максимова қола
дәуірін екі кезеңге бөледі: ерте (Феодоров) және кейінгі (Қарасұқ
мәдениетімен бірге) 13.
Тастыбұтақ I моласын зерттеп, оның хронологиясын анықтауға байланысты
В.С.Сорокин Андрон мәдениетінің кезеңдеуін қарастырып, оның дамуындағы үш
кезеңді көреді: Феодоровтық, Алакөлдік, Замарайлық. Андронның қалыптасуының
басталуын Кисилев б.з.д. XVII-XVI ғ.ғ., Алакөл кезеңін XIV-XI ғ.ғ.,
Андронның аяқталуы-замарай кезеңін б.з.д. VIII-VII ғасырларға жатқызады
14.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің ескерткіштерін кезеңдеуді 70
жылдары К.А.Ақышев қолға алды. Ескерткіштердің өзгешелігін ескере отырып,
ол Андрон мәдениетінің Феодоров және Алакөл кезеңдерін бөліп көрсетті. Ал
қола дәуірінің кейінгі кезеңіндегі тұрақ ескерткіштерін Дәндібай
мәдениетіне жатқызады 15. Бұл кезеңдеу жыл бойы ешқандай өзгеріске түскен
жоқ.
70 жылдары К.Ф.Смирнов пен Е.Е.Кузьмина жаңақушық кезеңін бөліп
көрсетіп оны Андрон мәдениетінің дамуының ерте кезеңі ретінде қарастырып,
ескерткіштерді б.з.д. жатқызды 16.
П.В.Агапов пен М.К.Қадырбаев Андрон мәдениетінің археологиялық
шеңберін б.з.д. XVIII-X ғ.ғ. ұсынып, ерте (б.з.д.XVIII-XIV ғ.ғ.) және
екінші (б.з.д.XIV-Xғ.ғ.) кезеңді бөліп көрсетті 17.
Н.А.Аванесов кезеңдеудің келесі схемасын ұсынады:
Алакөлге дейінгі кезең б.з.д. XVII—XVI ғ.ғ.
Андрондық мәдениет б.з.д. XVI-XII ғ.ғ.
Алакөл кезеңі б.з.д. XV-XIV ғ.ғ.
Қожамберді кезеңі б.з.д. XIV ғ.ғ.
Феодоровтық кезең б.з.д XIV-XIII ғ.ғ.
Замарай-Беғазы мәдениеті б.з.д. XII-IX ғ.ғ. 18.
Сексенінші жылдыңбасында Г.Б.Зданович Қостанайдың маңындағы
ескерткіштердің кезеңдемесін жасады, қола дәуірі Алакөл мәдениетінің Петров
(б.з.д.XVI-XVғ.ғ) пен Алакөл (б.з.д. II мың жылдықтың үшінші ширегі)
ескерткіштерімен көрсетіледі.Кейінгі қола дәуірі Алексеевск(б.з.д. II мың
жылдықтың соңғы кезеңіндегі) мен Загоринск ескерткіштерімен, Алексеевск
мәдениетінің кезеңдерімен көрсетілген 19.
Қола дәуірінің ескерткіштерін кезеңдеуде Е.Е.Кузьмина да ерекше көңіл
бөлді. Бір мезгілде ол Андрон мәдениеті түсінігін қолданып, оның
дамуындағы 3 кезеңді бөліп көрсетеді: ертедегі-б.з.д. XIV ғасырлар; дамыған-
б.з.д. XV-XIII ғасырлар; кейінгі XII-X ғасырлар 20.
Тоқсаныншы жылдың басында М.К.Қадырбаев пен Құрманқұловтың
монографиясы шықты, онда тұрақтар мен қалалардың мәліметтерінің жүйеленуі
Солтүстік Бетпақ даладағы дәуіріндегі ескерткіштерінің хронологиясын
жаңаша қарастыруға мүмкіндік берді және екі хронологиялық кезең бөліп
көрсетілді: ерте және кейінгі (б.з.б XII-VIII ғ.ғ.) 21.
Тоқсаныншы жылдың басында Қарағандылық археологтар Орталық
Қазақстанның локальдық-хронологиялық ескерткіштердің кезеңдеуін жасады.
Аймақтың дамыған қола бойынша (б.з.д. XVII-XIII ғ.ғ.) Ткачевтің
кезеңдеуі Алакөл (б.з.д. XVII-IX ғ.ғ.) мен Феодоровтың (б.з.д. XVI-XIII
ғ.ғ.) мәдениет ескерткіштерін қамтыды.
Мәдениеттердің араласуы кезінде Алакөл мәдениетінің өзінше халықаралық
нұсқасы қалыптасады 22.
Кейінгі қола дәуірінің ескерткіштерін кезеңдеуді Варфоломеев жүргізді.
Б.з.д. XIII-IX ғасырлардағы Дәндібай-Сарғары мәдениетінің 3 кезеңін бөліп
көрсетті.
Бірінші ерте кезең-б.з.д.XIII ғ. Алакөл мен Феодоров түрлерінің
араласуының нәтижесінде Бишіқұлмен өзара байланысты валиктік комплекстің
қалыптасуымен байланысты. Соның негізінде Дәндібай-Сарғары мәдениетінің
қалыптасуының Андрондық негізі жайлы шешім жасалынады.
Екінші Кенттік кезең-б.з.д.XII-X ғ.ғ. Алексеевск-Сарғары керамика
комплексімен өмір сүрумен байланысты. Мәдениеттің шарықтануы мен
гүлденуінің фазасы.
Үшінші Доңғалдық кезең-б.з.д.IX ғ. аймақтағы қола дәуірінің кезеңі
23.
А.А.Ткачев пен В.В.Ворфоломеевтің кезеңдеуі Орталық Қазақстанның қола
дәуірін қамтиды және Сарыарқаның ежелгі далаларын тануда сапалы жаңа қадам
болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелу тарихын біртұтас жүйелі тұрғыдан
қарастыру зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін зерттеуші алдына мынандай міндеттер қойды:
- Қазақстанның қола дәуірінің зерттелу тарихына тоқтала отырып,
Қазақстанның басқа аймақтарында жүргізілген қола дәуірі ескерткіштерін
салыстыру;
- Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерін қарастыру;
- Солтүстік Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштеріне жүргізілген
зерттеулерді талдау;
- Шығыс Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерін жүйелеу;
- Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерін аттау;
- Батыс Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің зерттелуін қарастыру.

Зерттеудің методологиялық негізіне: шынайы объективтік, танымдағы тарихи
заңдылықтар және салыстырмалық, жүйелік кезеңдерге сондай-ақ эмпирикалық
деңгейде археологиялық зерттеу адамның объектісі болып археологиялық
ескерткіштердің өзі табылады.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері. XIX ғасырдың екінші жартысынан – бүгінгі
күнге дейінгі аралықты қамтиды. Сондықтан да аймақтың зерттелуін
төмендегідей хронологиялық шеңберде қарастырдық: XIX ғасырдың екінші
жартысынан – 1917 жылға дейін; 1917 жылдан – 1990 ж; 1991-2002 ж.ж;

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы алға қойылған міндеттің өзектілігінен,
тарихнамалық зерттеуден, яғни Қазақстан ғының осы кезге дейінгі қола
дәуірінің тарихы жүйелізерттелмеуінен туындайды. Диплом жұмысының ғылыми
жаңалығы – мәселенің кешенді түрде алынып зерттелуі.

Жұмыстың қолданбалық маңызы. Негізгі қорытындылары Қазақстан
археологиясының көптеген мәселелерін анықтауда, жоғарғы оқу орындарының
арнайы курстарында кеңінен қолдануға болады.

Диплом құрылымы. Алға қойған мақсаты мен міндеттерге байланысты зерттеу
жұмысы кіріспеден, бес тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. ОРТАЛЫҚ КАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІ
ЕСКЕРТКІШТЕРНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

1. Патшалық Ресей кезіндегі зерттеулер

Орталық Қазақстан археологиялық ескерткіштерінің көптігімен
зерттеушілерге ертеден-ақ белгілі болған өңір. Алғашқы археоло-гиялық
ескерткіштер туралы мәліметтерді швед ғалымы Г.Ф.Старленберг береді.
Орталық Қазақстанның ескерткіштері туралы қызықты мәліметтерді Г.Ф.Миллер
жазбаларында айтылған.
XVIII ғ. екінші жартысында И.П.Фальк, Х.Барденас, И.Г.Георги,
П.С.Паллас, Г.И.Рычков және т.б. бұл аймақтағы археологиялық ескерткіштер
туралы өз еңбектерінде құнды мәліметтер қалдырды. XIX ғасырдың бірінші
жартысында Орталық Қазақстанның
көптеген қорғандары мен ескерткіштері тоналған еді. Олардың қатарында патша
шенеуніктері мен офицерлері өнеркәсіп иелері мен көпестер болды. Бұлар
алтын мен күміс іздеудің нәтижесінде осындай тонаушылыққа барған еді. Сол
уақытта С.Б.Броневский, А.И.Бахирев пен Дарто осындай мақсатта қазба
жұмысын жүргізіп табылған материалдарды Румянцев музейіне өткізді. Чиновник
Дарто Карқаралыдағы корғандарды қазады. Нәтижесінде қола дәуірінің көптеген
еңбек құралдары мен қаруларын табады. Қола дәуірінің қаруларына үлкен
қызығушылық туады, олар Беғазы-Дәндібай уақытына жататын еді 24.
Өлкеде үш жыл саяхатта болған А.И.Шренк Орталық Казақстанның қола дәуірі
мен ерте көшпенділеріне жататын құнды материалдар жинайды 25.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасы басында белгілі ғалымдар
Н.М.Ядринцев, Г.Н.Потанин, С.Н.Гуляев, В.В.Радлов, Н.Я.Коншин және басқа да
зерттеушілер археологиялық ескерткіштерді зерттеуге кіріскен еді.
Кешенді түрде зерттеу жүргізу Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта іске
асырылды.

2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер

Казан төңкерісінен кейін Қазақстан жеріндегі көне дәуір ескерткіштерін
зерттеу мен қорғауды, оларды есепке алу үшін, КСРО ҒА тарихи материалдық
мәдениетінің ұйымдастыруымен бірнеше ірі экспедициялар ұйымдастырды.
Казақстанның қола дәуірін зерттеудің бастауы зерттеуші М.П.Грязнов,
Б.Н.Грековтың ізденістерінен басталады.
1930 жылы П.С.Рыковтың басшылығымен Нұра экспедициясы орталық
Қазақстанның Нұра, Шерубай-Нұра, Жақсы және Жаман,Сарысу өзендерінің
аңғарларында археологиялық барлау және ескерткіштерді зерттеу жұмыстары
жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде П.С.Рыков экспедициясы қола дәуіріне
жататын 32 мола мен 43 қабірді казды. Осының нәтижесінде Андронов
ескерткіштері бір жүйеге топтастырылды. Экспедиция Дәндібай ауылының
маңынан қазылған қорғандардан табылған керамикалық ыдыстардың жасалу уақыты
қола дәуірінің Қарасу кезеңіне жататындығын көрсетті.
Өлкетанушы Л.Ф.Семенов Целиноград пен Қарағанды
облыстарының ескерткіштерін тіркеу мен мәліметтер жинауда үлкен қызмет
атқарды 26.
1935 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетіндегі Б.А.Селевинаның
жетекшілігімен Бетпақ даланың оңтүстігінен бірнеше қола дәуірінің
тұрақтарын тауып Андрон мәдениетіне жататынын анықтады 27.
Қазақстандағы көне ескерткіштерді зерттеуде геолгтар үлкен көмек
көрсетті. Академик Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мен Ұлытау аудан-арындағы көне
тұрақтарды, мыс өндіру орталықтарын, архитектуралық құрлыстарды
зерттеді28.
1940 жыл Қарағанды облыстық өлкетану музейімен ММУ-нің профессоры С.В
Кисилев Нұра өзенінің сол жағалауына барлау жүргізп, Қарағанды —Кентау,
Бесоба — Жаңа ауыл- Қызылту бағытымен жүрді. Экспедиция әр дәуірдің
ескерткіштерін тауып, Бесоба жазығында бірнеше қоршау мен қорғанға қазу
жүмыстарын жүргізді. Қоршаудан қола дәуіріне жататын керамика мен тас
плиталар табылды. 29.
1933-1938 жылдары КСРО ҒА тарихи материалдық мәдениет институты С.С.
Черниковтың басшылығымен Шығыс Қазақстан мен Степняк қаласының аудандарына
экспедицияға шығып, қола дәуірінің көптеген кен өндіру орындарын зерттеді
30.
1930 жылы М.П.Грязнов Казақстан территориясынан табылған Андрон
ескерткіштерін хронологиялық тұрғыдан жүйеледі. Ол қола дәуірінің
мәдениетін үш кезеңге бөлді: ерте, орта және кейінгі 31. Оның пікірі
бойынша Минусин жазығындағы қола дәуірінің ерте кезеңі үлкен мәдени ауқымды
алып, Шығыс Сібір, Батыс Сібірмен қатар Казақстанның далалы аймақтарын да
қамтиды деп көрсетті.
1931-1939 жылдары Қостанай облысында О.А.Кривцова-Граковала дәуірінің
ескерткіштерін Алексеевка селосының маңынан тауып, зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Зерттеу нәтижесінде автор Алексеевкадағы табылған материалдарға
қарай отырып Андрон мәдениетінің далалы аймақтағы 2 кезеңнің дамығандығын
айтады.
Барлық Алексеевка кешенін б.з.д.Х-VIІІғ.ғ. жатқызылды және Андрон
мәдениетінің кейінгі кезеңіне енгізілді. Әртүрлі комплекстерді
синхрондандырды. Осыған байланысты автор былай деді: “Егер Алексеевск
селосы маңындағы қазба материалдары бір мола мен құрбандық төбемен
шектелсе, бұл ескерткіштерді Андрон мөдениетінің дамуының орта кезеңіне
жатқызуға тура келетін еді".
Алғашында О.А.Кривцова-Гракова Андрон мәдениетінің дамуында 3 кезеңін
болжаған еді, бірақ Садчиков қонысына байланысты шыққан жұмысында “Андрон
мәдениеті өзінің дамуында Поволжьенің Кеспелі-хвалын мәдениеті секілді тек
2 негізгі кезеңнен өтті. Олардың алғашқысында барлық керамика ешқандай
жапсырмасыз орындалған уақытқа жатқызылды". Біріншісін Федоров типтегі
керамикасы бар қоныстар, ал екіншісіне Садчиков мен Алексеевск ауылындағы
керамикаға ұқсас керамикалы қоныстар 32.
1948 жылы К.В.Сальников Оралдың Оңтүстігіндегі зерттеу
істері нәтижесінде Андрон мәдениетін үш сатылы кезеңдеді:
1)ерте-Федоровтық (II мың жылдықтың ортасы мен екінші жартысы)
2)орта-Алакөл (б.з.д.ХІ-ІХ ғ.ғ.)
3) соңғы — замарайлық кезең (б.з.д.VIІІ-VIІғ.).
Соғыстан кейін Казақ КСР Ғылым Акдемиясы Орталық Қақстанды
зерттеу үшін арнайы экспедиция аттандырды. Бұл экспедицияны
белгілі ғалым Ә.Х.Марғұлан басқарды. Бұл экспедиция Сары-Арқада ұзақ жылдар
бойы жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция неолит
дәуірінің тұрақтарын, Андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің молалары мен
қабірлерін, ерте дәуірдегі көшпелілер ескерткіштерін кешенді түрде
зерттеді. Нәтижесінде Айшырақ, Дорат, Саңғыру, Үйтас, Атасу, Жаңаайдар,
Абас дарасы қорғандары, Атасу, Бұғылы I,II,III және т.б. қабірлер
зерттелінді. Нұра өзенінің бассейнімен оның салаларынан қола дәуірінің
көптеген ескерткіштері қазылды.
А.Х.Марғұлан осы зерттеуінде қола дәуірінің ескерткіштерін табылған
материалдарға қарай отырып былай кезеңдеді: Нұралық Федоровқа ұқсас)
б.з.д.Ш мың жылдықтың соңы-ІІ мың жыддықтың басымен кезеңделеді, Атасаулық
(Алакөлге ұқсас) б.з.д.ХVIІІ-ХІҮғ.ғ. кейінгі қолаға өтпелі кезең (Беғазы-
Дәңдібай мәдениеті)-б.з.д. XIII-ғ.ғ белгіледі 33. 1953 жылға дейін 118
қорған зерттеледі. Х.А.Ақышевтің еңбектерінде Орталық Казақстанның
қола дәуірінің ескерткіштері кезеңделеді. Ескерткіштердің өзгешілігін
ескеріп ол Андрон мәдениетінің Федоров және Алакөл кезендерін
бөліп
көрсетеді. Ал қола дәуірінің кейінгі кезендегі тұрақ ескерткіштерін
мәдениетіне жатқызды 37.
1954-1956 жыдары тыңды игеруге байланысты 10 экспедиция мен топтар
Қазақстанның 10 облысындағы көне дәуір ескерткіштерін барлап зерттеуге
шығады. Нәтижесінде жүздеген жаңа ескерткіштер ашылып, 600-ге жуық қорған
мен қоршаулар қазылды. Бұлар әр дәуірдің ескерткіштері болатын.
Орталық Қазақстан археологиясын зерттеуде Ә.М.Оразбаевтың ғылыми
еңбектерінің маңызы зор. Жеке еңбектерімен қоса ғалым “Древняя культура
Центрального Казахстана” атты белгілі төрт автордан тұратын монографиясының
екінші және төртінші бөлімдерін жазды.
Екінші бөлімде Андрон мәдениетінің Нұра кезеңіне жататын ескерткіштерді
кіргізеді.
Нұра кезеңіне Ақшатау, Бұғылы I, Байбола I, Қосаға, Қанаттас топтарын
кіргізді. Бұғылы I тобында 13 қоршау қазылып 11 бүтін ыдыс және 7 ыдыс
сынықтары табылды. Бұғылы I ескерткіші Орталық Казақстандағы Андрон
мәдениетінің Нұра кезеңіне жататын ескерткіш. Байбола I ескерткішін екі
топқа бөлеміз. Біріншісі, ерте Нұра кезеңіне жататын ескерткіш те, екіншісі
өтпелі кезеңге жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіші.
Ескерткіштерде жерлеу ғұрпы әр түрлі өртеп және өртемей жерлеу, бүктете
қойып жерлеу. Бұл жерлеу түрі қоғамдағы әлеуметтік өзгешеліктерге
байланысты болуы мүмкін.
1957 жылы зерттеу жүргізген қола дәуірінің ескерткіштерін сыртқы жерлеу
құрылысынан табылған заттарына қарай хронологиялық жағынан екі топқа
бөледі: 1 топқа Беласар қорымындағы заттарды жатқызып, оларды Андрон
мәдениетінің Алакөл кезеңіне жатқызады. Екінші топқа Беласар қорымындағы
N60 қоршау мен Қанаттас қорымының N7 қоршауын кіргізеді. Оларды Қарасұқ
кезеңіне жатқызады.
1957 жылы Орталық Қазақстанда екі үлкен қорым Елшібек пен Беласар
қазылып, олар сыртқы жасалу түріне қаралып, Атасу мен Беғазы-Дәндібай
кезеңіне жатқызылды 38.
1960 жылы М.К.Қадырбаев Ертіс-Қарағанды каналы бойынан апатты жағдайдағы
ескерткішті зерттеп, Ақмоланың қола дәуірінің моласын ашып зерттей отырып,
оны Федоровтық кезеңге жатқызды.
Орталық Қазақстанның Кеспелі-андрондық кезеңнің екерткіштерін археологиялық
кезеңдеуін қабылдауға болады.
Кейінгі қола дәуірінің ескерткіштерін Сарыарқа мәліметтері бойынша
В.В.Ворфоломеев кезеңдеуді жүргізді. Ол б.з.д. ХІІ-ІХ ғ.ғ Дәндібай-Сарғары
мәдениетінің бірінен кейін бірі алмастыратын 3 кезеңін бөліп көрсетті.
Алғашқы кезең б.з.д. XIII ғ. Алакөл мен андоров дәстүрлерінің алмасуының
нәтижесінде Бишіқұлмен өзара байланысты валиктік комплекстің қалыптасуымен
байланысты. Осының негізінде Дәндібай-сарғары мәдениетінің қалыптасуының
андрондық негізі жайлы шешім жасалынады. Екінші Кенттік кезең б.з.д. ХІІ-Х
ғ.ғ. Алексеевск-Сарғары керамика комплексімен тығыз байланысты.
Мәдениеттің бұл кезде гүлденуі мен тұрақтану кезі еді. Үшінші Доңғалдық
кезең-б.з.д. IX ғ. аймақтағы қола дәуірінің соңғы кезеңі деп көрсетті45.

3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер

2001 жылы докторлық диссертация қорғаған В.В.Евдокимов орталық
Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанның далалары қола дәуірінде деген
зерттеуінде Тарихи орта деген терминді айналымға кіргізе отырып қола
дәуірін кезеңдерге бөлу матрицасын ұсынды. Бұл ұсынылған матрица
аймақтың археологиялық және тарихи-мәдени кезеңдемелерінің негізін
кіргізді. Соңғысына яғни, Петров, Алакөл, Федоров, Дәндібай-Сарғары,
Доңғаддық мал шаруашылығының дамуы, металлургиялық өндіріс формалары және
қауымдастықтар түрінің даму сатыларын кіргізеді.
Мәдениеттің дамуында географиялық ортаның шешуші ролін көрсетеді.
Сонымен қатар халық демографиясының даму көрсеткішін көрсете білді. Қима-
андрон кезеңінде халық тығызды-0,008 адамкм немесе 100 км 0,8 адамнан, ал
валикті керамика мәдениетінде-0,011 адамкм немесе 100 км 1,1 адамнан
келеді. Бұдан біз 400 мың км территорияны камтып жатқан аймақ үшін бір
уақытта өмір сүргендер саны 3,5-7 мың деп көрсетеді 46.
Бұл өңірдің қола дәуірі ескерткіштерін зерттеуде С.У Жауымбаевтың да
еңбегін айта кету керек47.
Қорыта айтқанда Орталық Қазақстан аймағы қола дәуірі мәдениетінің
дамыған жері болғандығын тарихнамалық талдау барысында көзіміз нақты
жеткендігін аныктадық.

II. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУI

1. Патшалық Ресей кезіндегі зерттеулер

Шығыс Қазақстан еліміздің археологиялық ескерткіштерінің зерттелуінің
200 жылдық тарихы бар ірі аймақтың бірі болып саналады. Өзінің
географиялық орналасуы мен табиғи байлығы ерекше болғандықтан, бұл
аймақ ерте кезден адамзат мекендеген ірі орталық болған.
Алтай өңірінде адамзат тіршілігі ерте тас ғасырынан басталатынын
археолог ғалымдарымыздың зерттеулері дәлелдеп отыр. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың
соңы мен II мыңжылдықтың басында қола дәуірінде „Андрон мәдениеті" деп
аталатын айшықты ескерткіш қалдырған тайпалар үлкен өзгерістер әкеліп,
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-эконо-микалық өрлеуге жол ашты. Археологиялық
зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштерінің
зерттелу тарихын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады; 1) Патшалық Ресей
кезінде зерттелуі (ХҮШ-ХІХ-ХХ ғасырдың алғашқы ширегі) 2) Кеңес өкіметі
кезіндегі зерттеулер 927-1990 ж.ж. аралығы) 3) Казіргі кезендегі
археологиялық зерттеулер. Көңіл аударарлық жайт қола дәуірінің қоршауларына
тыңғылықты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қоныстарға көп көңіл бөлінбеген.
Кейінгі кездегі қола дәуірі қоныстарына жүргізіліп отырған кешенді
зерттеулер сол кездегі қоғамдық құрылысқа, шаруашылыққа байланысты
сұрақтарды шешуге үлкен мағлұматтар беріп отыр.
1-ші кезеңде, Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы
мәліметтерді XVIII ғасырдың көрнекті ғалымдары Старленбег (1730), Миллер
(1750), Гмелин (1751), Паллас 3)786) және Фальктің (1824) жазбаларында
сипатталған 48.
Шығыс Қазақстанда алғаш рет ғылыми мақсатта болған орыс ғалымы
В.В.Радлов XIX ғасырдың 60 ждылдарының басында Семей маңында археологиялық
зерттеулер жүргізіп, қола дәуірінің бес қорымын, Шүлбі өзені бойынан мыс
балқытатын пеш қалдықтыры, кен қазу орындарын тапты. Қазба жүмыстарының
нәтижесінде ол Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштерін бірнеше кезеңге
бөлді49.
1910 жылы В.И. Каменский Қызылсу өзенінің бойындағы Кіші Қойтастағы қола
дәуірі қоршауларын қазып, бай мағлұматтар алды. ХІХ аяғында Семей қалалық
мұражайында кездейсоқ табылған әр түрлі археологиялық заттарға негізінен
керамиканың сынықгары мен қолдан жасалған бұйымдар шоғырланған болатын
50. Коншин., В.Никитин, ағайынды А.Н. және В.Н.Белослюдовтар,
Ц.Педащенколар көне мәдениет, тарихи мәдени ескерткіштерін жинап тіркеуде,
камқорлықка алуда, казба жұмысын жүргізуде елеулі еңбектер атқарды51.

2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер

2.2. Екінші кезеңде 1927 жылы Шығыс Қазақстанды белгілі археолог ғалым
С.И.Руденконың зерттеуімен, басталады. Ол Катонкарағайдағы екі қорғанға
қазба жұмыстарын жүргізіп, Таң империясының уақытына жататын екі тиын
тапты.
1930 жылы археолог М.П.Грязнов Алтай өңіріндегі өз зерттеулерінің
нәтижесінде қола дәуірін алдыңғы, орта, соңғы деп үш кезеңге бөлді. Сонымен
қатар аймақтың осы уақыттағы мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері барын атап
көрсетті 52.
1935 жылы КСРО Ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы
институтының ұйымдастыруымен С.С.Черников басқарған археологиялық
экспедициясы Щығыс Қазақстан жерінде кешенді зерттеу жұмысын жүргізді.
1947 жылы Өскемен және Бұқгырма су электр станцияларының құрылыс
жұмыстарының басталуы алдыңда археологиялық қазба жұмыстары қолға
алынып С.С.Черников экспедициясы сапында Ш.Уәлиханов атындағы
тарих, археология және этнология институтының қызметкерлері болды.
Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы тек қана қола дәуірінің
ескерткіштерін зерттеп қоймай, тас, ерте көшпелілер, түркі
дәуірі кезендері жайлы археологиялық мағлұматтар жинап қалдырды.
С.С.Черников 25 жылдан аса жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының
нәтижесін 1960 жылы Восточный Казахстан в эпоху бронзы деген ғылыми
еңбегіңде жариялады. Бұл еңбектің құндылығы қазба жұмыстарының
материалдары, бір кезеңдегі бірнеше қоныстар т.б. ескерткіштер арқылы
алғаш рет бір ғана ірі географиялық ауданның қола дәуірі жөнінде
анықтама беруінде. Материалдың бай қоры, археолог-ғалым
С.С.Черниковтың қола Дәуіріндегі тайпалар мәдениетінің дамуы
жайлы, Андрон Мәдениетінің кезеңдерінің тарихы туралы жаңа ғылыми
тұжырымдар жасауына мүмкіндік берді. Бұл зерттеудің тарих ғылымында алатын
орны өте зор.
Шығыс Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерін зерттеуге үлесін
қосқан ғалым АТ.Максимова. Ол өзінің казба материалдарының
нәтижесінде осы аймақгың қола дәуірінің Федоровтық және
Замарайлық кезеңдердің ескерткіштерін бөліп көрсетті.
Осы өңірдің қола дәуірі ескерткіштерін зерттеуге елеулі үлес қосқан
тағы бір ғалымымыз Ф.Х.Арсланова өз зертеулерін сараптай келе, Шығыс
Кдзақстанның Федоров ескерткіштерін Қарасұқ мәдениетінің белгілі
бір топтарымен етене жақын екендігі күдік туғызбайды деп түйген 54.
Аймақтың қола дәуірі ескерткіштерін зерттеп жүрген ғалым А.С.Ермолаева
Шығыс Қазақстан қола дәуірінің керамикаларын кешенді түрде
қарастыра келіп, Федоровтық және Бишіқүл деп сыртқы жасалу түрлеріне
қарай бөлді 55.
1985 жылдан бастап қазақтың бірінші маман археологы Ә.М.Оразбаев
басқарған экспедиция Шығыс Қазақстанның көне дәуірін зерттей бастады.
Сол жылы Үлкен Нарын ауданында „Шығыс шеңер" жолында жеке қорғандар және
қорымдар есепке алынып, алдағы зерттеулердің жоспары құрылды. Экспедиция
Таврия ауданында Қойтас, Баймұрат деген қола дәуірі ескерткіштерін
зерттеп, сол жерлерден 13 қоршау қазылып, қоршаулардың сыртқы құрылысына,
жерлеу ғұрпына, керамикасына, қола заттарына қарап Андрон мәдениетіне
жатқызылып біздің дәуірімізге дейінгі ХҮІІІ-ХІV ғасырларға тән екендігі
анықталды. Бұл экспедиция сол жылы Семей облысының Абай ауданында болып
біраз ескерткіштерді тізімге алды 56.
1989 жылдан бастап Ә.М.Оразбаев, Ә.Т.Төлеубаев бастаған экспедиция
Семей өңірін зерттеді. Экспедиция құрамында ғылыми қызметкерлер Ғ.Омаров,
Е.Бияров т.б. болды.
Жалпы Семей өңірі археологиялық түрғыдан өте аз зерттелген еді.Ал
Тарбағатай тауының теріскейінен Шар өзеніне дейін, Ертістің батысынан Аякөз
өзеніне дейінгі аралықта арнаулы экспедициялар мүлде жұмыс істемеді. 1989
жылы экспедиция Семей облысының Ақсуат ауданында Ескеалмас, Масалы, Ащылы
I, Ақтүбек есерткіштерін зерттеді. Барлығы 4 қоршау қазылды. Қола дәуірінің
қоршаулары Ескеалмас, Масалы ескерткіштерінен үш кабір түрі ашылды топырақ,
ұзын қақпатасты сандықша және циста (жықпыл тастан қаланған сандыкша).
Адамды жерлеу рәсіміне және кабірлердің құрылымына карап ескерткіштер
Андрон мәдениетіне жататындығын білуге болады. Циста кабірлер бұл
ескерткіштердің Орталық және Шығыс Қазақстан қола дәуірі қоршауларымен
этномәдени байланысы бар екендігін көрсетеді. Қабірлерден қыш құмыралар,
қола, аргелит әшекейлер және тоқыма матаның бір кішкене қалдығы
табылған. Жалпы Қазақстанда қола дәуірінің матасының қалдығы бұрын соңды
екі-үш жерде ғана кездескен. Сонымен қола дәуірі ескерткіштерін барлық
белгілеріне қарап Федоров дәуірінің соңы Алакөл дәуірінің бастапқы кезеңі,
яғни б.з.д.ХҮІ-ХІҮ ғасырлармен мерзімделді.
1991 жылы Ә.М.Оразбаев және Ә.Т.Төлеубаев бастаған экспедиция Семей
облысы Ақсуат ауданының Кіндікті ауылымен Жарма ауданының Қызылағаш
ауылының. шекарасында Сабындыкөл ескеркіштерін зерттеді. Сабындыкөл
ескерткіштері бір-бірімен қабырғалас үлкенді-кішілі қоршаулардан тұрады.
Бұл біртұтас аталықтың мазаратын құрайды. Қоршаулардың, қабірдің формасына,
жерлеу рәсіміне, қыш ыдыстар мен табылған заттар, әшекей бұйымдарға
қарағанда Сабындыкөл ескерткіштері Андрон мәдениетінің орта кезеңі Алакөл
дәуіріне жатады, б.з.б. ХУ-ХІІ ғасырлармен мерзімделеді 57.

3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер

Үшінші кезең Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Шығыс
Қазақстанның қола дәуірін зерттеуді тұрақты түрде жүргізу еді. Бұл істі Әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихшы-археолог ғалымдары
Ә.М.Оразбаев, Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Омаров және т.б. жалғастырып зерттеуде.
Ол археологиялық экспедиция жұмысына Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік
университетінің зерттеушілері мен студенттері де ат салысуда. Сонымен бірге
ғылым академиясының Ә.Х.Марғүлан атындағы археологиялық институтының бір
топ зерттеушілері С.Сұңғатай, А.А.Ковалев, А.А.Тишкин және т.б. 1998-2001
жылдар аралығында Шығыс Казақстанның Күршім ауданында (бұрыңғы Маркөл
ауданы) қола дәуірінің Айнабүлақ, Былғары табыт қоршауларын зерттеді.
1996 жылы Ә.Т.Төлеубаев бастаған экспедиция Шығыс Қазақстанньщ Ақсуат
ауданы, бүрынғы Аманкелді совхозының жерінде орналасқан Көкжыра елді
мекенінен оңтүстік-батысқа қарай, Бойқоңыр сайынан жазыққа шыға берістегі
Шошқа түбекдеген жерде Тұяқ ата дейтін Тоқабай руынан шыққан қасиетті
кісінің зиратының солтүстік-шығысында 70 метр жерде қола дәуірінің 5
қоршауын қазып зерттеді. 1998 жылы сол экспедиция Ақсуат ауданының Құлбабас
ауылынан оңтүстікке қарай бір шақырым жерде екі қола дәуірінің
ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізді.
Тарбағатайдың теріскей өңірінен Тұяқ ата, Сабындыкөл, Ескеалмас, Масалы,
Құлбабас сияқты қола дәуірінің қорымдары ашылғанымен де, бұл дәуірдің
қоныстарынан ешқандай белгі білінген емес. Сол себепті бұл өңірдегі қола
дәуірі адамдарының баспаналары туралы біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз.
1999 жылы Ә.Т.Төлеубаев басқарған экспедиция Шығыс Қазақстаң облысының Абай
ауданының қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеді. Нәтижесінде қола
дәуірінің Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын Теке бұлақ қорымы
ашылды. Бұл зерттеудің айта кететін жаңалығы Беғазы-Дәндібай
мәдениетінің шығыс шекарасын едәуір кеңейтуінде еді.58.
Сондай-ақ, Тарбағатай теріскейіндегі ескерткіштерді жоспарлы және жүйелі
зерттеу және көрші аймақтардың қазба жүмыстарымен салыстыру Шығыс
Қазақстанның қола дәуірі тарихын толықтырып жазуға көп көмек болды. Сонымен
кдтар, Шығыс Қазақстанның қола дәуірін зерттеуде Ю.П.Алехин, А.А.Ткачев,
НА.Ткачева, Г.А.Кущтың зерттеу еңбектерінің қосар үлесі көп 59.
Соңғы кездегі археологиялық зерттеулер нәтижесі қола дәуірінің
материаддарының қорын кеңейте түсуде. Оның айғағы Ю.А. Лысенконың
Орал және Ертіс өзендері аралығыңдағы Андрон тайпаларының
баспана құрылыстары атты зерттеу еңбегі болды 60. Ол Орал және Ертіс
өзендері аралығындағы қола дәуірі Андрон тайпаларының баспаналары туралы
деректерді біріктіріп, олардың үй құрылысын анықтауға талпыныс жасады.
Зерттеу нәтижесінде ол қола дәуірінің орта кезеңіңде дәстүрлі баспана
салудың екі бағыты қалыптасты, ол Алакөлдік малшылық-егіншілікті
шаруашылықгы сипаттайтын терең, кең және көлемді жартылай жертөлелер немесе
Федоров кезеңінде жер үсті жиналмалы және аздап көмілген үйлер. Кейін осы
негізде көшпелілердің баспанасы киіз үй қалыптасты. Барлық далалы және
орманды-далалы аймақтарда қоныстар бір топографиялық жағдайда, ғни
өзен жағалауларында орналасқан деген қортындыға келген 61.
Казіргі кезде Россия Ғылым Академиясының Сібір бөлімі қола дәуірінің
Оңтүстік Сібір жерінен табылған ескерткіштерін Қазақстанның қола
дәуірімен етене тығыз байланыстыра зерттеуде. Бұдан байқағанымыз ашылған
ғылыми жаңалықтардың бірін-бірі байыта, толықтырып, географиялық
ауқымының өсуіне тигізер ықпалы зор екендігінде. Қорыта айтқанда, Шығыс
Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштердің көптігімен зерттеушілер
қызығушылығын тудырып келе жатқандығымен де, тек соңғы он жыддықта ғана
жақсы көңіл аударылып зерттеле бастады. Жер қойнауында әлі сырын
ашпай жатқан тарихи мұралар қаншама, бұл жас археолог
зерттеушілердің алдында тұрған зор міндет екендігі анық.

ІІІ. ЖЕТІСУ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУIРІНІҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

1. Патшалық Ресей кезіндегі зерттеулер

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жері табиғи байлығымен және археологиялық
ескерткіштерінің әр алауандығымен зерттеу-шілерді ерте кезден-ақ қызықтыра
түсті.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесін адамзат баласы тас ғасырынан
бастап мекендегені тарихымыздан белгілі. Оның айғағы Оңтүстік Қазақстаннан
тас ғасырының ежелгі қоныстары мен тұрақары Бөріқазған,
Тәңірқазған және Ш.Уәлиханов атындағы тұрақтардың табылуы еді.
Сондықтан да оңтүстік өлкеде қола дәуірінің ескерткіштерінің болуы заңды
құбылыс.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қола дәуірінің зерттелу тарихын басқа
аймақтағыдай мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 1) ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан-1917 жылға дейін, 2) Кеңес дәуірі кезіндегі зерттелуі (1917
жылдан-1991 ж. дейін) 3) Тәуелсіздік кезіндегі зерттелуі(1992 ж.-бүгінге
дейін).
Бірінші кезеңге (XIX екінші жартысынан-1917 ж. дейін). ХІХ ғасырдың 60-
шы жылдарыңда Оңтүстік өңірдің толық Ресей қол астына қарауына байланысты,
өңірдегі ескерткіштерге орыс шығыстанушылары назар аударды. Түркістан мен
Жетісу археологиялық ескерткіштерін зертгеушілер қатарында В.В.Радлов,
П.И.Лерх, В.В.Бартольд және т.б. болды.
1862 жылы Батыс Сібір мен Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін
зерттеуге В.В.Радловтың басшылығымен арнайы топ шықты. Қапалдың айналасынан
3 қорған қазылды. Бұл ескерткіштер қола дәуірінің соңғы кезеңінен яғни
темір дәуіріне өтетін кезеңге сәйкес келеді62.
1893-1894 жылдары В.В.Бартольд С.М. Дудинмен бірге Шымкент, Жамбыл және
Талас, Шу, Іле алқаптарымен қатар Ыстық көлдің солтүстік жағалауымен Нарын
басейнінен археологиялық ескерткіштерді барлауға шығады.
1895 жылы В.В.Бартольдтың бастамасымен Түркістан археологиялық үйірмесі
құрылады. Бұл үйірме 1895-1917 жылға дейін жұмыс жасайды, ұйымдастырушы
ғалым оның белді мүшесі болды. Үйірме Түркістан мен Жетісудың тарихын және
археологиялық ескерткіштерін зерттеумен қатар, өлкетанулық материалдар
жинаумен де айналысты. Үйірме мүшелері археологиялық зерттеудің тәсілдері
мен сұрактарын шешу үшін анықтамалық құралдар құрастырады. С.М.Громеницкий
үйірме мүшелеріне арналған көрсеткіш құрастырды 63.
Үйірмеге әр түрлі саладағы зиялылар қатысты. Оның белсенді мүшелері
М.САндреев, А.А.Диваев, В.В.Каллаур, Ф.В. Поярков, Шантусов және
т.б. болды.
Н.Н.Пантусов-белгілі этнограф, археолог өзінің барлық өмірін Орта Азия
мен Қазақстанның тарихын, әдебиетін зерттеуге арнады. Өз қызметін ол XIX
ғасырдың 70-ші жылдарының аяғынан бастап, өлкеге қатысты көне
мәліметтерді жинаумен, жеке қорғандарды қазумен айналысты 64.
1885 жылы ол, Ыстықкөл маңынан мыс орақ, балта және жебе ұштары және
бағалы қойманың Алексеевка селосынан табылғанын баяндады.
Үйірменің келесі кайраткері В.Д.Городецкин бодды. 1914 жылы ол Шымкент
уезінің ерте кезін баяндайтын шолу макаласын жазды, бірақ ол 1922 жылы ғана
жарық көрді 65.
Сондай-ақ оның "Жетісу облысының ерте дәуірі" деген еңбегі қолжазба
күйінде калды. Онда барлық белгілі ескерткіштер мен кездейсоқ
табылған қола дәуірінің олжалары айтылған.
XIX ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасыңда Түркістан өлкесінің барлық
археологиялық ашылуларының нәтижесінде Н.С.Лыкошиннің "Түркістан
археологиялық үйірмесінің Түркістан өлкесінен тапқан археологиялық
мәліметтерінің очеркі" деген еңбегі жарық көрді.
Қазақстан мен оңтүстік аудандардың барлық белгілі ескерткіштері туралы
И.А.Кастаньенің еңбегі 1910 жылы жарық көрді.
Революцияға дейінгі кезеңде археологиялық ескерткішті іздеу мен зерттеу
бірінші қатарда тұрды. Зерттеушілер табылған материалдарды
жүйелей отырып, адамзат қоғамының даму дәрежесін көрсетті

2. Кеңес дәуіріндегі археологиялық зерттеулер

Екінші кезең (1917-1990 жыддар). Бұл кезеңде көптеген материалдар
жиналып, жекелеген ескерткіштер қазылып, барлау жұмыстары жандана түсті.
Археология саласы тарих ғылымының негізгі саласы ретінде қарастырылды.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер тарих
ғылымының алға қарай жылжуына зор үлес қосты. Осы кезеңде археологиялық
қазба жұмыстары жүйелі жолға түскен еді.
Еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары жоғары маманданған археолог-
мамандар дайындады. 1929 жыпы Қырғыз ғылыми зерттеу институтының
тапсырмасымен А.И.Тереножкин Шу өзенінің басейніндегі Алексеевка ауылынан
Жылы-арыққа дейінгі аралықта археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Нәтижесінде қазіргі -Бишкек каласының солтүстік өлкесіндегі Қарағаш
бақшасынан қола дәуіріне жататын тұрақ табылды 66. А.И.Тереножкин 1928
жылы -Лебедник селосынан кездейсоқ Келытер ескерткішінің табылғанын
мәлімдеді жәңе оны қола дәуірінің соңғы кезеңі деп М.П.Грязновтын
кезеңдеуін басшылыкқа алды. 20 ж. соңы мен 30 ж. басында-археология
ғылымына М.П.Грязновтың зерттеулері үлкен үлес қосты. Зерттеуші Андрон
мәдениетінің шекарасын батыстағы Оралға дейін ұзартты. Қола дәуірінің
Аңдрон мәдениеті барлық Қазақстан аумағын алып жатқанын көрсетті 67.
М.П.Грязнов алғаш бұл аумақтағы қола дәуірінің хронологиялық үлгісін
жасап, оны 3 кезеңге бөлді: ерте, орта және кейінгі деп атады. Алғаш рет
Қазақстандағы қола дәуірінің ошақтарының дұрыс бөлу мәселесін қойды
68.
Фрунзе қаласына жақын маңнан қола дәуірінің ескерткіші ашылуы Андрон
мәдениетінің шекарасын оңтүстіктен ары жылжытты.
1929 жылы М.Эверт 1885 жылғы Археологиялық комиссияның Ыстықкөлдегі
тапкан қоймасы жайлы Н.Н.Пантусовтың жазғандарың қайта жариялады.
Жетісудағы ескерткіштерді зерттеуде П.П.Иванов пен М.Е.Массонның
еңбектерінің қосар үлесі көп 69.
30 жыддары Оңтүстік пен Бетпақ даланың тарихи дамуын зерттеуге шыққан
экспедицияны В.А.Селевин баскарды, бұл экспедиция қола дәуіріне жататын
жебе ұштарын тапты 70.
Екінші кезеңде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қола дәуірін
археологиялық зерттеуде археолог А.Н.Бернштамның қосқан еңбегі зор Жиырма
жылдай зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалым көптеген ескерткіштерді және
қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеді. Ол көптеген жылдар Жетісу
археологиялық экспедициясын басқарды, КСРО ҒА тарихи материалдар
институтының қазақ бөлімін ашуға ат салысты.
1936-1938 жылдары экспедиция Талас жазығының ескерткіштерін зерттеуге,
1938-1940 жылдары Шу, Іле жазығының және ЬІстықкөл қазаншұңқырындағы
ескерткіштерді зерттеді. Нәтижесінде археологиялық карта
құрастырылып, бай материал жиналды және Жетісудің негізгі тарихи даму
бағытын жасады. Соның нәтижесінде 1941 жылы "Солтүстік Қырғыз археологиялық
очеркі атты еңбегін жариялады. Сукөл қоймасынан табылған қарулардың жасалу
түрі Қазақстандағы Андрон мәдениетінің ошақтарымен ұқсас деді. 71, Осы
еңбегіңде Карағаш бағындағы тұрақты б.з.д. II мың жылдың ортасы деп
белгілеп, керамикалық жасалу ұқсастығы Батыс Қазақстанның Аңдрон
мәдениетіне ұқсас еді 72.
Үлкен Шу каналының құрылысы кезінде жиналған бай материалдарға
карай отырып, ғалым қола дәуірінің солтүстік-қырғыз түрі бөлінуі мүмкін
деген сұрақ қойды 73.
Соғыстан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы ондағы
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этонграфия инстиутының
ашылуы ғылымның дамуына зор мүмкіндік берді Археология бөліміне белді
ғылыми мамандар шоғырланды. Ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды.
Алғаш Орталық Тянь-Шань мен Оңтүстік қырғыз жеріне 1947-1952 жылдары
Оңтүстік Қазақстанға, 1950-1952 жылдары Памир-Ферғана экспедициялары
жұмыс істеді. Бұл экспедицияны А.Н.Бернштам басқарды.
1948 жылы шыққан еңбегінде Карғалы I ескерткішінің қола дәуірінен ерте
темір дәуіріне өтетін кезең екенін табылған материалдарға карай отырып
қорытынды жасады.
Бұл жылдарда А.Н.Бернштам Тянь-Шань мен Жетісу ескерткіштерін тарихи-
археологиялық тұрғыдан бірінші рет кезеңдеді. Бұл еңбек күні бүгінге дейін
маңызын жойған жоқ. Қола дәуірінің ескерткішінің солтүстік-қырғыз нұсқасын
екі сатыға бөлді: 1) Андронмен сәйкес, 2) Қарасумен сәйкес.
1950 жылы Жетісу археологиялық экспедициясының "Шу алқабы атты
еңбегі жарық көреді. Бұл еңбек экспедиция басшысының есебі негізінде
болды. Онда ескерткіш пен табылған заттарды топтастырады. Барлық материал
2 топқа бөлінді: жайылмандық, Андрондық кезеңге сәйкес; ал қайындық-
Қарасумен сәйкес.
Оңтүстік Қазақстанның келес жазығында Г.В.Григорьев зерттеу жүргізіп,
Қауынша қалашығына жақын маңнан қола дәуірінің қабірін қазады. 74.
1948 жылдары 20 жыл бойы (1926-1946 ж.ж.) атқарылған
архелогиялық жүмыстар мен кездейсоқ табылған қазба ескерткіштері туралы
алғашқы хабарлама жарыққа шығады. Мұнда Андрон кезеңіне тән өрнектері бар
керамика мен кремний материаддары кездескен.
Қазақстанның Орталық мұражайына келіп түскен жаңа экспонаттар туралы
Л.К.Нифонтова мәлімдейді. Келіп түскен кордың ішінен қола қашау мен
садақтың ұшын атап өтуге болады. Қола дәуірі ескерткіштеріне жатады.
Қырғызстан территориясында Б.М.Зимма Андрон мәдениетінің бөлек
қарастырады. Мұның негізіне автор ерте қола кезеңіне ған Сукулук қоймасынан
табылған заттардың түрлеріне талдау76.
1951 жылы Е.ИАгеева Отырар оазисінің керамикасының аңғарының қола
дәуірінің керамикасымен ұқсас көне тобын бөлектейді 77.
1953 ж. Агеева оңтүстік Қазақстанда Тау-Тары зиратын тапты
78.Ескерткіштерді зерттеу жалғасуда.
Келесі жылы ҚазКСР ҒА тарих, археология және этнография К.А.Акишев
жетекшілігімен Іле экспедициясын құрды. ізгі мақсаты-Капшағай ГЭС-ның
суының астында қалған терді табу, барлау, қазба жұмыстарын жүргізу,
ауданның логиялық картасын жасау. Экспедиция жұмысының нәтижесінде қола
дәуірінің 4 тұрағы табылды-Іле поселкесі ауданында және Үлкен
алаларында79.
Оңтүстік Қазақстанды археологиялық зерттеуге КСРО-ның Толстов
жетекшілік еткен Хорезм археологиялық экспедициясы үлес қосты. Экспедиция
бірнеше жылдар бойы Қызылорда мен оның аудандарын Кентау станциялары мен
Аральск қаласының маңында неолит пен қола дәуірі тұрақтары зерттелді80.
1955 ж. И.И.Копылов Жетісудағы қола заттардың құрамын
олардың Қазақстанның басқа аудаңдарында табылған қоладан ашылығанын тапты
81. Жетісу территориясында 4 металлургия қалдықтарын атайды: Талдықорған,
Алматы, Солтүстік-Қырғыз.
1956 ж. Е.ИАгееваның жетекшілігімен Жетісу археологиялық өлкесі
Талдықорған облысындағы Биғаш поселкесінің тұрағы қола дәуірі
қорғанын зерттеді. Оба 32 қоршаудан тұрады, олардың 11-і қазылды 82. Бұл
аталған аумақтағы еаскерткіштер қатарына жатқызылған.
1953 ж Алматы ауданыңда табылған Каменское плато қоймасын Жүсіпов
жариялады 83. Аналогиялар негізінде қойма соңғы қола дәуіріне жатқызылған
(б.з.д.Х-VIII ғ.ғ).
1956 ж. Садовой қоймасы жарияланды 84. А.Кибиров пен Семяко оны
Андронов-Қарасу уақытына жатқызды. Авторлар
қатарына сондай-ақ, Ұзын-Ахмет өзенінен табылған көне ескерткіш
жасалған екі қышақты қосты.
1957 ж. Іле археологиялық экспедициясы қорғандар мен қоршаулардан
тұратын Талдықорған облысының Басший өлкесінің маңынан қола дәуірі обасын
тапты 85. Максимова Жамбыл облысында Акшикур селосы маңынан ірі қоршауын
қазуда86.
И.И.Копылов 1958 ж. Алексеев қоймасының заттарын жариялады.
Сол жылы ХАЭЭ Қызылорда облысында Бурлы І,ІІ, Жалпақ және т.б. қола
дәуірінің жаңа тұрақтарын ашты 87.
1959 ж. Іңкәр-Дарияның көне арнасында Қызылорда қаласының солтүстік-
шығысында Солтүстік Тагискен некрополі табылды 88. Сол жылдары М.А.Йтина
жетекшілігімен алғашқы қазба жұмыстарыжүргізілді. 89. 1960-1962 ж.ж.
жалғастырылды. Некрополь 70 қорғаннан тұрады. Бұл ерекше зираттар кешені
архитектурасы мен жерленген бұйымдарға қарағаңда тайпа көсемдеріне
ұқсайды. материаддар жергілікті тұрғыңдардың Орталық Қазақстанның Беғазы-
Дәңдібай тайпаларымен және ерте шығыс өркениеттерімен байланысы болғанын
көрсетеді. Жалпы кешенді қола дәуіріне жатқызады.
Қазақстан территориясында табылған ескерткіштер, соның оңтүстік
аудандардың қола дәуірі ескерткіштері "аңның археологиялық картасына"
енгізілген. Ол 1960 ж. шыкты 90. Осылайша, республңка территориясындағы
археологиялық жүмыстардың қорытыңдысы жасалды. Алғаш рет Кеңес
археологиясыңда бүкіл республиканың картасы жасады.
50-60 ж.ж. Талас өзені аңғарын жүйелеп зерттеу басталды.
Қырғыз КСР-ньң Тарих институтының археология және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қола дәуірінде
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Андронов мәдениеті археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері
Шығыс Қазақстан қола дәуірінде
Адамзаттың ежелгі тарихының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама
Қазақстан қола дәуіріндегі ескерткіштері
Андроново мәдениеті
Атасу кезеңі
Қола дәуір мәдениеті
Қола дәуіріне тән ескерткіштер
Пәндер