КСРО-ң сыртқы саясатындағы Ауғанстан ( ХХ ғ. 70-80 ж.ж.)



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. АУҒАН ЕЛІ РЕВОЛЮЦИЯ ҚАРСАҢЫНДА, ЭКОНОМИКА
ЖӘНЕ САЯСИ ДАМУДАҒЫ ДАҒДАРЫС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2. СӘУІР (АПРЕЛЬ) РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ АУҒАНСТАН
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ... ... ... ... ...14

3. КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ АУҒАНСТАНМЕН ҚАРЫМ.
ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ КӨМЕК КӨРСЕТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

4. АУҒАН ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘСЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ САБАҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
70-жылдардың соңы - 80-жылдардың басында Ауғанстан өте ауыр жағдайда болды. Тіпті бейтарап, достық қарым-қатынаста деп саналатын мемлекет кеңес еліне қарсы аса қауіпті агрессиялық орталыққа айналу қаупі туды.
Жаулық ниеттегі мемлекеттер бірінші орында соққы беру алаңын дайындауды ойластырды. Орта Азия мен Қазақстан, Сібірге бағыт алған ракеталарды орналастыру көзделінді. Әсіресе американдықтар Таяу Шығыстың мүнай көздеріне бекінуді мақсат етті. Олар көршілес Пакистан жерінде "Жоба-706" деген атпен ядролық қару жасау үшін жанталасып жатты. "Исламдық" деп аталатын атом бомбасын жасады. Ядролық орталық Павапинди қаласына таяу жерде орналасты. Ауғаныстанды бөлшектеп, ірітуге дейін жеткізген партиялар мен ұлттар арасындағы қайшылық жағдайды қиындата түсті. Кеңес үкіметі ауғандықтардың өтініші бойынша, әрі қалай болғанда да оңтүстіктегі көрші мемлекеттің бей тараптығын сақтау үшін әскери күшін кіргізуге мәжбүр болды/1/.
Ондаған, жүздеген мың жастар Ауғаныстанда қатал сынақ мектебінен өтті. Қаншама адам өмірін қиып, мүгедек болып қалды, тұтқынға түсті. Осы қантөгіс адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл соғыс кімге пайда әкелді? Ауған-Кеңес қарым-қатынасының қазіргі кезеңі ондай жетістікке жеткізді? Міне осыны аяғына дейін анықтап білу тарих ғылымындағы маңызды да күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының тақырыбы осы мақсатта туды.
Ауғанстандағы 1970 жылдың соңына қарай қалыптасқан ауыр жағдай Кеңес Одағын елеңдетпей қойған жоқ. Бұл туралы партия съездерінде, пленумдарда, Біріккен ұлттар ұйымның сессиясында да айтылды.
Громыко А.А. Біріккен ұлттар ұйымының 34 сессиясында сөйлеген сөзінде: "Ауғанстан - өзіне демократиялық прогрессивтік даму жолын қалаған еді. Өзімен көршілес мемлекеттермен достық қарым - қатынаста болғысы келеді және басқа елдің сыртқы саясатына араласуды қаламайды. Кеңес Одағы Ауғанстанмен бұрыннан достық, көршілік қарым - қатынаста, сондықтан басқа елдің оның ісіне араласуын тоқтатуды қажет деп санайды"/2/, -деп көрсетті.
1981 жылғы февраль айында өткен Кеңес Одағын коммунистік Партиясының XXҮІ съезінде ауған жағдайына ерекше тоқталады.
Азаттық алған елдердің өздері өтініш жасаған жағдайда, басқа да туысқан елдермен бірге олардың қорғаныс қабілетін нығайтуға көмектесеміз.
Империализм ауған революциясына қарсы кәдімгі жарияланған соғыс ашты. Бұл біздің оңтүстік шекарамыздың қауіпсіздігіне
1. Успенский С. "Тайный советник вождя" Алматы, 1992. 186-190 бет.
2. Громыко А.А. "За безопасность народов, за мир на земле". М., 14-15 бет.
3. СОКП-ң XXҮІ съезд, материалдары, Алматы, 1988, 175-76 бет.
4. СӨКІІ ХХҮІ съезінің материалдары, Алматы, 1981, 16-17 бет.
5. Бұл да сонда,... 90-93 беттер.
6. Горбачев М.С. Революционной перестройко-идеологию обнавления. М., 1988 37-38-беттер.
7. История Афганистана. М., 1982.
8. Малфин Н.А. "Заря свободы над Кабулом", М., 1973.
9. Шеварнадзе Э.А. "9 месяцев одного года победы, разочарования, надеждь Г М, 1983. 7-8 беттер
10. Мелинский Б. "История советско-афганских отношений" М., 88 стр.240-245
11. Пикулин М.Г. "Развития экономики и культуры Афганистана"
12. Поляков Г.А. "Афганистан революционный" М., 1981, 28-52 б.
13. Ляховский А.А. "Тайны афганской войны" В.М.Забродин. М., 1991, 26-2266.
14. Устинов Г. "Смена эпох" М., 1983, 192 б.
15. Конаровский М:а: "Страна гор и легенд" М., 1978., 22-29 б.
16. Басов В.В. "Афганстан трудные судьбы революции" М., 1988 23-24 б.
17. Рашидов Р.Т. "История советско-афганского отношений" Ташкент,1986 9-246 беттер.
18. Конаровский М.А. "Страна гор и легенд" М., 1979, 42-45 б.
19. Пикулин М.Г. "Развитие экономики, культуры Афганистана", М., 1961, с. 42-45
20. Давыдов А. "Афганситан", М., 1973., 12-14 б.
21. Ляховский А.А. "Тайны афганской войны" 8 бет, М. 1991
22. Коргун В.Г. "Интеллигенция в политической жизни Афганистана" М., 1983, с. 184
23. Коргун В.Г. "Интеллигенция" М. 198, с. 186.
24. Басов В.В. "Афганистан трудные судьбы революции" М., 1988 75 б.
25. История Афганистана. 328-332 бет. М., 1982
26. Ауған деректері. Қүжаттар. 1. 1987ж.
27. Сотрудничество СССР с освободившимися странами. М., 1983. 25-29 б.
28. Устинов Г. "Смена эпох" М, 1986, 47-48 б.
29. Коргун В.Г. "Интеллегенция в политической жизни Афганистана" М., .1983. 183-186-6.
30. История Афганистана. М., 1982. С.344-345.
31. Устинов Г. "Смена эпох" М., 1988. 40-51 беттер.
32. Ауған деректері. 1981-82 ж.
33. Ауғанстандағы СССР елшілігін хабарламасынан. 1978 ж.
34. Внешняя политика Советского Союза. М., 1985.
35. Ляковский А.А. "Тайны афганской войны" М., 1991. 26-30 беттер.
36. Теплинский Б. "СССР и Афганистан". М., 1982, 63-67 беттер.
37. "Справочник пропагандиста - международника" М., 1977. 228- 231б.
38. Забродин В.И., Леховский А.А. !Тайны афганской войны". М., 1991.21бет.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: КСРО-ң сыртқы саясатындағы Ауғанстан

( ХХ ғ. 70-80 ж.ж.)

М А 3 М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. АУҒАН ЕЛІ РЕВОЛЮЦИЯ ҚАРСАҢЫНДА, ЭКОНОМИКА
ЖӘНЕ САЯСИ ДАМУДАҒЫ
ДАҒДАРЫС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2. СӘУІР (АПРЕЛЬ) РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ АУҒАНСТАН
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ... ... ... ... ...14

3. КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ АУҒАНСТАНМЕН ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ КӨМЕК КӨРСЕТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

4. АУҒАН ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘСЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ
САБАҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..47

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .49

КІРІСПЕ

70-жылдардың соңы - 80-жылдардың басында Ауғанстан өте ауыр жағдайда
болды. Тіпті бейтарап, достық қарым-қатынаста деп саналатын мемлекет кеңес
еліне қарсы аса қауіпті агрессиялық орталыққа айналу қаупі туды.
Жаулық ниеттегі мемлекеттер бірінші орында соққы беру алаңын
дайындауды ойластырды. Орта Азия мен Қазақстан, Сібірге бағыт алған
ракеталарды орналастыру көзделінді. Әсіресе американдықтар Таяу Шығыстың
мүнай көздеріне бекінуді мақсат етті. Олар көршілес Пакистан жерінде "Жоба-
706" деген атпен ядролық қару жасау үшін жанталасып жатты. "Исламдық" деп
аталатын атом бомбасын жасады. Ядролық орталық Павапинди қаласына таяу
жерде орналасты. Ауғаныстанды бөлшектеп, ірітуге дейін жеткізген партиялар
мен ұлттар арасындағы қайшылық жағдайды қиындата түсті. Кеңес үкіметі
ауғандықтардың өтініші бойынша, әрі қалай болғанда да оңтүстіктегі көрші
мемлекеттің бей тараптығын сақтау үшін әскери күшін кіргізуге мәжбүр
болды1.
Ондаған, жүздеген мың жастар Ауғаныстанда қатал сынақ мектебінен өтті.
Қаншама адам өмірін қиып, мүгедек болып қалды, тұтқынға түсті. Осы қантөгіс
адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл соғыс кімге пайда
әкелді? Ауған-Кеңес қарым-қатынасының қазіргі кезеңі ондай жетістікке
жеткізді? Міне осыны аяғына дейін анықтап білу тарих ғылымындағы маңызды да
күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының тақырыбы осы
мақсатта туды.
Ауғанстандағы 1970 жылдың соңына қарай қалыптасқан ауыр жағдай Кеңес
Одағын елеңдетпей қойған жоқ. Бұл туралы партия съездерінде, пленумдарда,
Біріккен ұлттар ұйымның сессиясында да айтылды.
Громыко А.А. Біріккен ұлттар ұйымының 34 сессиясында сөйлеген сөзінде:
"Ауғанстан - өзіне демократиялық прогрессивтік даму жолын қалаған еді.
Өзімен көршілес мемлекеттермен достық қарым - қатынаста болғысы келеді және
басқа елдің сыртқы саясатына араласуды қаламайды. Кеңес Одағы Ауғанстанмен
бұрыннан достық, көршілік қарым - қатынаста, сондықтан басқа елдің оның
ісіне араласуын тоқтатуды қажет деп санайды"2, -деп көрсетті.
1981 жылғы февраль айында өткен Кеңес Одағын коммунистік Партиясының
XXҮІ съезінде ауған жағдайына ерекше тоқталады.
Азаттық алған елдердің өздері өтініш жасаған жағдайда, басқа да
туысқан елдермен бірге олардың қорғаныс қабілетін нығайтуға көмектесеміз.
Империализм ауған революциясына қарсы кәдімгі жарияланған соғыс ашты.
Бұл біздің оңтүстік шекарамыздың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірді.
Мұндай жағдай бізді достас елдің өтініші бойынша оған әскери көмек
көрсетуге мәжбүр етті. Баброн Кармаль бастаған Ауғанстан мен Үкіметінің
ойластырылған, ұлттық мүддеге сай саясаты халықты нығайтты.
Ал Кеңестік әскер күшіне келетін болсақ, ауған үкіметімен келісім
бойынша, оны әкетуге әзір боламыз. Ол үшін Ауғанстанға контрреволюциялық
күштер жіберілу тоқтатылу керек. Мұның өзі Ауғанстанмен уағдаластықты
баянды етуге тиіс", деп көрсетілді3.
КПСС - тің 1986 жылғы февраль - март аралығында өткен ХХҮІ съезінеде
бұл мәселеге ерекше мән берілді: шиеленіскен қайшылыққа толы дүнисде төніп
келе жатқан апат каупі алдында бірден - бір парасатты, бірден - бір қанымды
жол бар, ол - қоғамдық құрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір
сүруі. Бұл тек соғыстың жоқтығы ғана емес, барлық халықтардың пайдасы үшін
ғылыми мен техника жетістіктерін, мәдени игіліктерді кең түрде алмасу", -
деп көрсетіледі4.
Қандай да болмасын ол өзінің құрылықтығы, сондай-ақ теңіздегі
шекараларының қауіпсіздігіне зор маңыз береді. Мысалы, контрреволюция мен
империализм Ауғаныстанды қаны сорғалаған жараға айналдырды. Бұл елдің өз
суверенитетін қорғауға бағытталған күш - жігерін Кеңес Одағы колдайды.
Ауғанстан өкіметінің өтініші бойынша сонда жүрген Кеңес әскерлерін таяудағы
болашақта елге қайтарып алғымыз келер еді. Ауғанстан Демократиялық
республикасының ішкі істеріне қарулы күшпен сырттан араласуын нақты
қамтамасыз етіп, оның қайта басталмауына сенімді кегіілдік беретін саяси
жолмен реттеуге қол жеткен бойда - ақ оларды кезен - кезңімен алып кетудің
мерзімі де ауған жағымен келісілген. Таяу және Орта Шығыста, планетаның
барлық буырқанған нүктелерінде жанжалды жағдайларға тоқсам салу, әскери
қарсы тірестің ұшығудын ең болмағанда бәсеңдету жалпыға бірдей
қауіпсіздікті қамтамасыз еткен болар еді, - делінді5.
СОКП-ң 1988 жылғы 18 февраль болған пленумында халықаралық дәрежедегі
оқиға - ауған мәселесін шешуге байланысты М.С. Горбачев: "Күрделі аймақтық
шиеленісті шешу оңай нәрсе болған жоқ. Ауғанстанның тәуелсіз, бейтарап
мемлекет болып қалуы үшін қосалқы шаралар қолданылуда. Әрине, біздің ауған
мәселесіне араласуымыз — көп нәрсені қозғайтын, өте күрделі проблема. Бірақ
адамзат баласы, бүкілхалықтық күш әскери қауіпке қарсы күреседі, жер
жүзінде тыныштық болғанын қалайды", -деп атап өтті6.
Қазіргі кезенде соғыс және оның құралдары арқылы кездеген мақсатқа
жету мүмкін емес. Бұған аймақтық дәрежедегі шиеленіскен жағдайлар
тұрғысынан қарап көрейік. Бұл әр түрлі жағдайдан туып, әр түрлі жолмен дами
келе жалпыға бірдей заңдылыққа, дәлірек айтқанда - ешқандай саяси
дәрежедегі ретпен шешілмей, адам шыдай алмайтындай ұзаққа созылады. Бұл
жөнінде Э.А. Шеварнадзе Біріккен Ұлттар Ұйымының 43-ші сессиясында сөйлеген
сөзінде былай деді: "Аймақтық шиеленісті реттеу әлемдік дәрежедегі
араласуды қамтыса, бұл тез арада шешіле қоймайды.
Женева келісімі - бұл аймақтық, шиеленісті реттеуге бағытталған жай
ғана келісім емес. Бұл — бейбітшілікті нығайтуға бағытталған бірінші
қадамы, екінші бір аймақтың жіберген міндеттердің бәрін орындайды.
Кеңес әскерлерін шығаруды бастаумен - ақ бірнеше қателіктер жіберілді.
Аймақта қантөгіс азаюдың орнына, жергілікті бейбіт елге бағытталған
террорлық әрекет тез өсіп кетті.
Бұны жіберуге болмайды. Ауғанстандағы шиеленісті реттеуге бағытталған
жіпті үзуге болмайды"7.
1978 жылы апрель революциясына кеңес, ауған елінің саяси,
экономикалық, мәдени саладағы қарым - қатынасына жол ашты. Ғалымдар,
жазушылар, суретінілер, журналистер, екі жақтың интеллегенция топтары өзара
туысшылық пен достықты нығайтуда көп еңбек етті. Москвадан, Ленинградтан,
Тәжікстан мен Өзбекстаннан, тағы басқа елдерден Ауғанстанға барушылар
көбейді, бір жағынан олардың да қызметкерлері Кеңес елінде жүріп жатқан
зерттеу, талқылау жұмыстарына қатысты.
Ауған халқының өміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі — ұлттық
демократиялық революциядан кейін оның тарихына, болып жатқан оқиғаның түп-
тамырына, мақсаты мен себептерін білуге деген қызығушылық күшейді.
1982ж. Ю.Г.Гынковскийдің басшылығымен "Ауғанстан тарихы" шықты8. Бұл
кітапта екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ауғанстанның саяси, әлеуметтік-
экономикалық өміріндегі өзгерістерге үлкен мән берілген.
Ауған халқының тәуелсіздігін жолындағы күре тарихын көп
зерттегендердің бірі - Н.А.Халфин оның "Победные трубы Майванда" және "Заря
свободы над Кабулан"9 деп аталатын еңбегі 1973ж. Жарық көрді.Ауғанстанның
қазіргі кездегі тарихын зерттеу барысында біздің елмен қарым-қатынасына көп
көңіл бөлінеді. Бұл проблема жөнінде зерттеу жұмысымен Л.Б. Мелинский көп
айналысты.
Оның "Кеңес - ауған қарым - қатынасына 50 жыл: "Кеңес - ауған қарым -
қатынасының тарихы" СССР және Ауғанстан" деп аталатын еңбектері бар10.
Осы мәселе төңірегіндегі Э.Р. Махмудов, М.Г. Пикулин, Р.Нашидов көп
еңбек етті.
Кеңес шығыстанушылары 1978 жылы апрель революциясының келелі
проблемаларын зерттеуге үлкен назар аударды.
Г. Мурадов жазған "Демократиялық Ауғанстан революциясы", Г.А. Поляков
"Революциялық Ауғанстан", А.Д. Давыдовтың "Драның аграрлық заңдылықтары"
деген еңбектер жарық көрді.
Ауған халқының бейбітшілікті жүзеге асыруға ынтасы, оның көршілес
елдерге бейтараптығын саяси, экономикалық, мәдени саладағы қарым-
қатынасынан көруге болады. М.Г. Пикулиннің "Ауғанстанның экономикалық және
мәдени дамуы" деп аталатын еңбегі осы проблемалар төңірегінде және кеңес
ауған қарым - қатынасына бағытталған11.
Ауған жерінде түнғыш рет демократиялық революция жүзеге асты.
Ауғанстан өзіне көптеген қоғамдастықтардың, әрі жаулық көзқарастағы батыс
елдерінің назарын аударды. Ауғанстандағы оқиға халықаралық саясатта
прогрессивтік күштер мен революцилық топтар арасынад әр түрлі айтыс, қарама
- қайшы көзқарастарды тудырды.
Революцияның жеңісі нәтижесінде көршілес Ауған еліне басшылыққа
халықтық - демократиялық партия басшылыққа келді. Г.А. Поляков "Афганистан
революционный" атты еңбегінде жаңа үкіметтің империализм, колониализмге
қарсы батыл күресі мен бейбітшілік жолындағы күресін, қарусыздандыруға
бағытталған шаралары. Апрель революциясының жақтастары мен жаулары, жас
мемлекеттің алғашқы қадамдары туралы айтылған12
Енді бір еңбек ете көп деректерді, Ауғанстандағы Кеңес елшілрінің
хабарлары, мемлекеттік қауыпсыздық комитетінің кеңесшісінің жіберген
ықпаралары, Түркістан Әскери Округінің Саяси Басқармасының есебін қамтыған
- А.А.Ляковский мен В.М.Забродин, бірігіп жазған "Тайны афганской войны"
деген еңбегі. Онда Ауғанстанның ішіндегі қайшылықтардың пайда болуы мен
дамуы, кеңес әскерлерінің көмегі, осы кезде ұлттық партия мен үкіметінің
басында не болғаны туралы әңгімелейді.
Бұл еңбекте келтірілген бұрынғы құпия, көп белгілі емес документтер
мен фактілер келтірілген. Бұрын ол документтерде арнайы "құпия" деген мөр
басылып, ашық жариялауға тиым салынған болатын. Кейінен рұқсат берілгеннен
соң ғана жарияланаған13
Өзі Ауған жерінде болып, "Извстия" газетінің арнай тілшісі ретінде
көрген оқиғаларын жазған дам - Г.П.Устинов.
Ол Ауған революциясы: "Жер - су реформасын, шаруа оперативтерінің
құрылуы, жаңа өндіріс орындарының санылуы, оқу-ағарту рындарын ашуға
мүмкіндік беретін әңгімелейді14 .
М.А.Конаровскийдің "Страна гор и легенд" атты еңбегі Ауғанстанның
табиғат, елдің салт-дәстүрін, кеңес - ауған қарым-қатынасын зерттеуге
арналған15.
Міне, осындай тарихи деректер мен зерттеулер менің диплом жұмысымды
жазуға зор көмегін тигізді.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды бөлімдерінен
тұрады.
Бірінші тарауда революция қарсағындағы елдің әлеуметтік-экономикалық
даму жағдайы әңгімеленеді.
Екінші тарауында Апрель революциясын және Ауғанстан Демократиялық
Республикасының құрылуы баяндалады.
Үшінші тарауда кеңес-ауған қарым-қатынасы қамтылады.
Төртінші тарауда Ауғаныстандағы жағдайдың қазіргі заманы және оның
сабақтары қамтылды.

1. АУҒАН ЕЛІ РЕВОЛЮЦИЯ ҚАРСАҢЫНДА,ЭКОНОМИКА
ЖӘНЕ САЯСИ ДАМУДАҒЫ ДАҒДАРЫС

Ауғанстан экономикалық даму жағынан, 1977 жылы дамушы 129 мемлекеттер
ішінен 1080-ші орында болды. Елдің артта қалуына ескі делдалдық қарым-
қатынастар мен рулық-патриархалдық құрылыстың белгілерінің осы уақытқа
дейін сақталып қалуына себепші еді. Ауған халқының 90 % ауылдық жерлерде
тұрады, және олар бай феодалдық, ру басылар мен дін басыларының қол астында
болды. Жұмысшы табы тіпті жоқ болды, десе болатын еді, өйткені үш миллионға
жуық ауғандықтар жартылай көшпелі және көнегелі өмір сүреді. Сонымен бірге
жергілікті тұрғындардын жартысынан көбі сауатсыз болды.
Басты көрсетіп айтатын болсақ, ауғандықтар көптілде сөйледі және әр
түрлі тайпалардан құралды. Сондықтан бір ұлттан тұрмағандықтан ұлттық-
этникалық және феодалдық өзара жікке бөлінушілікке сақталды.
Ұлттық табыс адам басына шаққанда небәрі 162 долларға жетті, және елде
бірде-бір теміржол болмады. Өнімнің көп бөлгі натуралды және ұсақ товарлы
шаруашылықтарда өндірілді. Өндіргіш күштердің баяу дамуы, құрал-
жабдықтарының нашарлығынан кей жылдры тіпті көптеген жерлер өңделмей қалып
отырды.
Ауғанстан өзіне керекті азық-түлік товарларын шеттен әкелді, соның
ішінде: астық пен майға сұранып көп болды, яғни тапшы болғандықтан.
Шаруалардың 13 жерсіз өмір сүрді. Халықтың 88-і сауатсыз болды, 22,8
% ғаны ақып білім алды. Елдің 160 млн. халқына небәрі 71 аурухна, 3600
төсектен ғана келді16.
Бадахшан, Хазарджан, Кумар аймақтарында, пуштун тайпалары мен
Ауғанстанның оңтүстік аудандары өзінің әлеуметтік-экономикалық даму
дәрежесі жағынан Герат, Кабул Провинцияларынан артта қалды. Әсіресе
пуштундар арасындағы қауымдык, әрі тайпа - әдет-ғұрыптарының сақталуы
олардың даму процесіне кедергі жасады.
Халықтың әлеуметтік -экономикалық және мәдени дамуындагы теңсіздік
елдің әр аудандарындағы пуштун билеушілері мен ұлттық-этникалық аз топтар
арасында, әсіресе солтүстік және орталык аудандарда қайшылықтың күшейгенін
көрсетті17. Ұлттық қайшылықты шиеленістірген суниттер мен шейттер
арасындағы айырмашылық болды. Соңғы 10 жылда халықтың халі оте нашарлады,
жұмыссыздық етек алды, әсіресе білім алып шыққан жастардың жұмыс табуы
қиынға соқты.
Қарапайым азаматтық праводан айрылған жұмысшылар, шаруалар,
интеллегенция, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, көпестер оз еркі үшін
ұйымдасқан түрде саяси күрес ұйымдастыра алмады. Саяси партиялар мен
ұйымдарға елде заңды түрде қимыл жасауға тиым салды. 1970-72 ж. Құрғақшылық
елдің онсыз да аз ресурсын сарқыды. Көптеген шаруалар деревнядан кетіп,
қаладан бір жұмыс табу амалын іздеді. Парламаенттегі помещик топтары мен
реакциялық қанаттағы мұсылман дін басылары заң жобасын жасауды
кешеуілдетіп, оны үнемі бұзып отырды. 5 жыл ішінде парламент мемлекеттік
финансын көтеруге бағытталғн бірде - бір заң жобасын қабылдамады18.
Сыртқы саясатта да басқарушылар оз тобының ғана мүддесін шешіп отырды.
Король сарайындағы бар шығынының орнын жабу үшін қосымша салықтарды
кобейтті. Мемлекеттік аппаратағылардың өзі сауда контрабандасымен
байлаиыста болды19.
Мұның бәрі халықтың наразылығын тудырды.
Осындай киын жағдайда қоғамның әлеуметтік-экономикалык, саяси
құрылысына озгеріс енгізу қажеттілігі туды.
Саяси омірде эппозициялық бағытты ұйымдастыруда ьасты рольді
интеллегенция атқарды. Интеллегенцияның бастауымен алтыншы жылдарда
прогрессивтік қозгалыс жанданды, елде саяси ұйымдар мен топтар құрылды.
Бұл ұйым жетекшілері мен мүшелері марксизм-ленинизм еңбектерімен таныс
болды. Ауғанстан біріккен ұлттық майданы МНДК құрылды, бұл саяси партия
болды. Оның орталық бөліміне - жазушы Тараки Н.М., министр қызметкерлері
Кармаль Б. мен Дост Ж.М. офицерлер Кхибер М.А. хатбар. М.Т. Бодахиш және
т.б. кірді.
Ал 1965 ж. I қантарда Құрылтай съезіне Ауғанстан халық-демократиялық
партиясы құрылғанын жариялады. Сы съезде НДПА-ның құрылымы, мақсаты мен
бағыты белгіленді және Орталык Комитет сайланды20.
1965 жылы Ауғанстан деректері деп аталатын құжат бойынша Ауғанның
Ұлттық Демократиялық партияның бірінші пленумында съезд делегаттары
Нұрмүхммед Маражиді Бас секретарь, ал Бабрак Кармальді Орталық комитеттің
секретары етіп сайлады. Партияның Орталық комитетіне 7 адам мүшелікке, 4
адам кандидаттыққа ұсынылды21.
1966 жылы сәуірде партияның орталык басылым органы — "Халық"
газетінде Құрылтай съезінің шешіміне сәйкес НДПА-ның Программасы
жарияланды. Бұл программаға мына мәселелер кірді: барлық прогрессивтік,
патриотшыл және ұлтшыл күштерді НДПК-тың маңына топтастырып және соның
басқаруымен антифеодалдық, антиимпериалистік халық - демократиялық
революция үшін күресті ұйымдастыру, елдегі саяси білікті алу, еңбекшілер
мемлекеттік құру, қоғамдык қайта құру, елдің артта қалғанын жою және
прогрессивті дамуын қамтамасыз ету деп көрсетті.
1967 жылы колемінде жасырын түрде НДПА-ның Уставы басылып шықты. Бұнда
оның ұйымдастыру құрылысы, партия принцип белгіленді, партия мүшелерінің
еркі мен міндеттері айқындалып белгіленді.
Жартылай ашық және ғасыр жағдайда позиция коркем және Даудтық режимге
қарсы белсенді саяси күрес жүргізді. Оның басшылыгымен ереуіл, митингілер,
наразылық шерулері, еңбекшілері демонстрациясы, яғни революция мейрамдлары
кезінде және революцияшыл әдебиеттер кеңінен таратылды. Сонымен бірге
парламенттік күрес методы да қолданылды. Мысалы, 1965 жылдың күзінде
парламенттік сайлауға партия қатысты және төменгі палатаға олардың төрт
делегаты сайланды.: Б.Кармель, Н.Г.Канджвом, Р.Ратебзада, Гайзан-уль-
Хак22.
Бірақ партия жұмысы оте қиын жағдайда жүрді. Өйткені реакцияшыл
күштердің және солшылардың кері әрекеті, өкімет орындарының қудалады
репрессиясы, еңбекші топтың төменгі саласы, партияның өзі ішінде әр түрлі
топтан тұруы және кейбір мүшелерінің саяси сауатсыздығы партияның ұйымдасуы
мен тактикасына орасан зор кесел келтірді.
ИНДПА құрылысымен кеңес басшылығы оның басшыларына коммунистік
идеяларға асықпауына, ел ішінде жалпы демократиялық сипатта жұмыс жүргізуге
кеңес берді. Өкінішке орай Траки мен оның жақтастары бұл кеңеске күлақ
аспады, бұл кейіннен кері әсерін тигізді партия жұмысына.
1966 жылы күзде партияның одан әрі даму кезеңінде қиын уақыт тұрды.
Оған себепші партия басшылары Н.Т.Тараки мен Б.Кармель арасындагы оз
аракеліспеушілік пен бақталастық еді. Б.Кармель парламент депутаты
болғандықтан, өзінің Ітартиядағы екінші роліне риза болмады. Сонымен бірге
партияның жұмыс жүргізуінде тактикалық мәселелер жонінде де өзара
келіспеушілік болды. Мысалы, Б.Кармель мен оның жолдастары Орталық
комитетте партияны ашық күрес жолына шығуды жақтап, мәселе қойды. Сонымен
бірге олар листовкалар тратуға, қарсы болды және олар митингілер мен
демонстрацияларда партия басшыларының еңбекшілер алдында соз сойлеп, оларды
ашық күреске шақырған тиімді деп санады. Ал Тараки және онын жақтастары
жасырын күрес жағдайында партияғ жұмыс жасау тиімді қиын жағдайға Орталық
Комитет эмиграцияга кету керек деп есептеді.
Сонымен бірге ол корольдік монархия жағдайында ашық күрес жүргізу
партия үшін қауіпті, оның арты партия басшылары мен мүшелерін тұтқындауға
әкеп соқтырды деп есептеді.
Сол сияқты Кармель партия мүшелігіне қабылдау кезде кандидаттық қай
топтан шыққанына қарамау керек, тек олардың көзкарасы мен жұмыстау
қабілетіне карау керек десе, Тараки партия қатарына жогарғы топ өкілдері
мен король семьясы мүшелері енсе, партиялық принциптілігі бұзылады,
халықтық алдында партияның беделі төмендейді деп ойлады.
Осылайша партия басшылары арасында озара келіспеушілік нәтижесінде,
партия екі жікке болініп кетті.
1966 жылы күзде Б.Кармель өз жақтастарымен Орталық Комитет құрамынан
шығып, "Тіарчам" Знамя фракциясын құрды және ездерін НДГІА - барлық
еңбекшілерінің партияыз деп жариялады, ал Тараки мен оның жактастары
өздерін "НДПК - жұмысшы тобының авангарды" деп жариялады, бірақ ел ішінде
олардың фракциясын "Халық" деп атады. Дегенмен екі фракция өздерінің
органы, басылымы мен мүшелері арасында озгешілік, екі партия да алғашқы
съезді қабылдаған программа мен уставты таныды.
"Халық" пен "Парчам" фракциялардың мүшелері қоғамның, яғни әр
әлеуметтік топтар мен ұлттық жағынан бір-бірінен озгешілігі болды. Соган
қараматсан революциялық күрес жолында олар нәтижеле роль атқарды.
Мысалы: Халықшылдардың құрамы еңбекшілер, жартылай жұмысшылар,
шауралар, көшпенділер, ұзақ қызметкерлер, колөнершілер, әскери қызметінілер
мен интеллигенциядан тұрды.
Сондықтан да халықшылар оте белсенді болды және халық пен
демократияшыл бағыттағы топпен тыгыз байланыста болды.
Сонымен бірге олардың құрамында мемлекеттік аппараттың төменгі топтағы
қызметкерлері, оқу орындары мен инженер-техниктер, кіші офицер топтарында
болды. Халықтардың көпшілігі СССР-да оқитын еді23.
Ал Парчамның құрамы помещиктер, ірі судагерлер, армияның жоғары
шенділері, интеллигенция, қала буржуазиясы мен дін қауымнан тұрды. Олар
либеральреформалық бағыттағы күресті ұстады. Олардың көпшілігі — Батыс пен
АҚШ-та окыған еді. Дегенмен олар өздерін революциөнерлер марксист деп
есептеді:
НДПА-ның ұйымшылдық жағынан жікке болінуі 10 жылға созылды және
Ауғанстандағы революциялық қозғалысына орасан зор зиянын тигізді. Екі
фракция ел ішінде белсенді жұмыс жүргізді. Бірақ елде алдыңғы қатарлы жұмыс
тобы болмағандықтан, олар демократиялық пиғылдағы интеллигенця мен
патриоттық ниеттегі офицерлер арасында жұмыс жүргізуге деп қояды. Бұл
бағытта олар көптеген жетістіктерге жетті.
Паралиистер парламентті өз көзқарастыра үшін пайдалана біліп, онда
ашық күрес жүргізуде және 60-жылдар олар әйелдер арасында жұмысты жолға
қойды.
Бірақ екі фракция да бір-біріне қарсы ашық күрес жүргізді, барлық
мүмкіндіктерді қолдана отырып жоғарыда айтып откендей бұл екі фракцияның
арасындағы карама-қайшылық Орталык комитеттің құрамы мен оның Бас
секретариаттағы бірден-бір ниеткер Н.М.Тараки мен Б.Кармель арасындағы
озара түсінбестік еді.
1971 жылы елдің ішкі саяси жағдайына байланысты партияның алдында
қайтадан құру және біртұтастық туралы мәселе тұрды. Осы жылдың Ішінде
фракция басшылары "НДПА-ның біртұтастығы туралы мәлімдемеге" қол қойды. Көп
ұзамай Бірігу туралы "Халық"' пен "Парчамның" орталық комитеттерінің
жиналысы болды және де осы уақыттан бастап НДПА-ның біртұтастыгы жолга
койылды. Бас секретарь болып Н.М.Тараки қайтадан сайланды.
Ауғанстанда НДПА мен қатар әскерлердің құпия ұйымы Ауғанстан
коммунистерінің Біріккен майданы омір сүрді. ООК 1974 жылы полковник
А.Кадырдың ұйымдастырыуымен армияда кұрылды. Бұл ұйым ең идеялык жағынан
НДПА-ның пландармасына жақын болды. НДІІА біріккеннен кейін ООКА басшылары,
НДПА-мен байланыс орнатты және оның құрамына кіруге дайын екендіктерін
білдірді. Олардың бұл келісімі қанағттандырылды.
Шамамен НДПА-қ ұрылған кезде Ауғанстанда ислам фундаменталистерінің
қозгалысы жанданды. Олар ислам мемлекеттік құруды жактады. 1969 жылы
"Мұсылман жастары ұйымы құрылды, бұл нағыз реакциялық ұйым еді және оның
құрамына діни көзқарастығын интеллигенция кірді. Олар барлық прогрессивтік
қозғалыс жік туғызуға және қарсы болды.
1973 жылы 17 шілдеде генерал әрі Ханзада Мұхаммед Дауд басшылығымен
ант монархиялық мемлекеттік төңкеріс болды. Бұл негізінен қантегіссіз
төңкеріс еді, оз король семьясынан шыққан еді, сондықтан немере ағасы Замир
Шахтың тақтан түсіріп, Ауғанстанды Республика деп жариялады. Ал Замир Шах
эмиграцияға кетуге мәжбур болды.
1975 жылы маусымда "Мұсылман жастарының" көсемдерінің бірі Гульбелдин
Хекматиярдың басшылығымен Даудтың өкімет басынан тойдыру және ислам
мемлекетін құру мақсатымен, Ганджшар ауданында шаруалар қолдайды деген
мақсатта көтеріліс жасады. Бірақ олардың бұл үміті ақталмады, шаруалар
ислам фундаменталистерін қолдамады. Үкімет әскерлері ауған позициясының
қарсылығын оңай басып тастады. Мұсылман жастары ұйымы тарап кетуге мәжбүр
болды. Оның мүшелері түрмеге қамалды, не жазалады, кейбіреулері шетелге,
әсіресе Пакистанға қашып кетуге мәжбур болды.
Осындай кезеңде Дауд пен оның жақтастарының жеке позициясы күшейе
бастады. Мемлекеттік басшылық, корғаныс министрлігі, премьер-министр,
сыртқы істерге қолы жеткен Дауд әр түрлі дәрежедегі халықтың сеніміне кіріп
алды24. Енді ол солшыл аппараттан аластата бастады. Ірі қайраткерлер,
елшілер, ауыл шаруашылық мамандарын орындарынан алып тастады. 1977 жылы
қантарда Кабулде отырыс шақырылып, Даудты республика презнденті деп
жариялап, жаңа конституция қабылдады. Оны талдауға халық пен алдыңгы
қатарлы күштер енгізілмеді. Аса маңызды заңдылықтар мен атқару функциялары
президентгің қолына берліді. Бір созбен айтканда 1977 жылы Конституция —
Даудтың жеке диктаторлық режим орната бастанғандыгын көрсетті.
Міне сәуір революциясына дейінгі Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық
саяси жағдайын осындай еді.

2. СӘУІР (АПРЕЛЬ) РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ АУҒАНСТАН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1977-78 ж. ішкі жағдай - Даудтың солшыл күштерді репрессияға
ұшыратуымен қиындап кетті.
1977 жылы желтоқсанда НДПА-ның Ауғанстанның Халықтық демократиялық
партиясы мүшелері мен жактастарын қүдалады.
Бұл жергілікті халықтың наразылығына, армиямен соқтығысуына әкеліп
тірді. 16 қарашада Кабулде жоспарлау министрі Али Ахмад Хоррам олтірілді.
Дауд саясатты республиканы қолға алумен басталып, демократия
қалдыктарының жағдайының қиындауына, солшыл күштердің құрып ктуіне окелді.
Ауғанстанның билік басындағы реакцияшыл басшыларын НДГІА-ның бір
орталықты позицияға кайтадан бірігуі және демократияшыл солшыл қозгалыстың
жандануы шошындырды. Армия мен үкіметті реакцияшыл оңшыл күштер президент
М.Даудтың демократиялық қозғалысты жаншу жоне солшыл күштерді, әсіресе,
НДПА-ны қудалау толқындауды талап етті, оған ықпал етуден болды. Үкімет
басына келгеннен бері Дауд Ауғанстанда республика, ал өзін президентпін деп
жарияланғаннан басқа, одан әрі бара қоймап еді. Сондықтан реакцияшыл оңшыл
күштер Даудты шешуші әрекеттерге басшы қоймайды деп қауіптеніп 1978 жылдың
сәуірінде НДПА-ның корнекті қайраткері Хайбарға қастандык ұйымдастырды және
олтірді. Бұл арада олардың көздеген есебі қарсы жақтың, яғни демократиялык
күштердің жаппай наразылығын тудырып алып, Даудты шешуші қимылдар жасауға
мөжбүр ету еді25.
Бұл жонінде "Ауған дерекгері" деп аталатын бірінші документте былай
деп көрсетілген. "1978 жылы сәуірде террорлық әрекет нәтижесінде НДПА
Орталық комитетінің мүшесі Мир Акбар Хайбар олтірілді". Зират басында саяси
қайраткерлер соз сойледі. Оны жерлеу үлкен демонтсрацияға айналды.
26сәуір күні түрмеге түсе қоймаған мүшелері қалалық зоопаркте қарулы
күштер басшыларының штабында революциялық қозгалысты 1978 жылы 27 соуірде
сағат 6-да бастау жөнінде бұйрық алды.
27сәуірде сағат 6-да зоопарк маңында Саид Мұхаммед Гулябзо,
Асадулла Пайям, Алиги Паймаанның қатусыумен жиналыс откіщіліп, сагат 8-де
бар жерде әскери топтар дайын тұрды. "Саид Мұхаммед" деген шартты белгі
қабылданды.
Сағат 11-де танктер Кабулге қарай жылжыды. Олардың мақсаты шекара
әскери бөлімінің бастығы фатехтың танктері Пуштунистан алаңында тұрып бір
жағынан Даудтың гвардиясын атқылауга, екінші жағынан банк пен поштаны
бақылауға тиіс болды.
Бірінші батальон командирі М.А.Ватанджардың адамдары қорғаныс
министрлігі аркылы алаңға шығуга, ал Ширджан Маздурьер Мұхаммед Даудпен
ағасы Мұхаммед Паимның үйін, Франция мен Түркия елшілігін күзетуге тапсырма
алды26.
АҮДГІ мүшесі министр Ватанджар естеліктерінде былай деп жазады: "Сәуір
революциясы менің өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі.
Көтерілістің 1-ші күндерінде әскериәуе күштері үлкен роль атқарды.
Аспанға көтерілген әскери самолеттер 16.00. сағат шамасында президент
сарайына соқы берді. Ақ жалау көтеріп, берілу жонінде шартты ұсынған офицер-
парламенттерді Дауд атып, жаралады. 1973 ж. шілде алдап-арбау аркылы өкімет
басына келген ол оз өмірін осылай аяқтады. Ұрыс кезінде Кабулдегі түрме мен
радио ғана алынып, АҮДП-ң лидерлері босатылды.
1978 ж. 27 сәуірде Кабулдағы әскери төңкөріс жетістіктері тарихи Сәуір
революциясы деген атпен еніп, біріншіден Даудтың режимінің әлсіздігін
дәлелдейді27, - деп көрсетті.
Сәуір революциясы елде мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси қайта
құруларды жүзеге асыру, шын мәніндегі демократиялық қоғам құру мақсатын
қойды.
1975 ж. 30 сәуірде Әскери революциялық кеңес ҮІ декретті жариялады:
онда ауғанстан мемлекет билігінің ең жоғарғы органы болып Революциялық
Кеңес деп танылды, және Ауғанстан Демократиялық Республикасы деп
жарияланды. Мемлекет басшысы және премьер-министр болып -Н.М.Тараки, ал
оның партия мен мемлекетте орынбасары - Б.Кармель, премьердің орынбасары
және Сыртқы істер министрі болып - Х.Амин тағайындалды. ДРА-ң революциялық
Кеңесінің президиумы әр түрлі топтармен толықтырылды. Багдис провинциясынан
молла Абдул Гауф, жазушы Мұхаммед Систани, Баглам провинциясынан тайпа
ақсақалы Сейд Каяни қолөнершілерден Асеф енді. Призидиум небәрі 18 адамнан
тұрды. Олар аса маңызды мемлекет мәселесін шешкенде жиналып отырды28.
Революция жолында күресте жараланғандарға, өлгендердің семьясына,
Отанын қорғаушыларға белгілі бір дәрежеде льгота белгіледі.
ДРА-ның Революциялық Кеңесінің алғашқы жарлықтарымен үкімет пен сот
орындарының мүшелері, провинциялардың жаңа губернаторлары, дивизия мен
корпус командирлері тағайындалды.
1978 жылы 27 сәуірде қарулы кетеріліс кезінде "Халық пен "Парчамның"
әскери ұйымдары провинциялардағы дивизияларды М.Даудты жақтайтын жоғары
шенді офицерлерді дер мезгілінде тұтқындады және оған берілген әскери
бөлімдерді тез істен шығарып тастады. Әскери бөлімдерді революцияны
қолданған митингілер өткізді және кептеген әскери қызметкерлер ескі
аппараттағы реакцияшыл чиновниктерден тазаргуға базардағы бағаның құнына
бақылау жасауға т.б. жұмыстарға белсене қатысты. Көптеген офицерлер
губернаторлар және уезд басшылары болып тағайындалды. Революцияда кейінгі
сайланған үкімет құрамына өз әскери мамандар енеді, ал революциялық кеңеске
-0,5 адам кірді. Ватанджар -премьердің орынбасары және байланыс министрі
А.Кадыр - қорғаныс министрі, Ж.М. Радк - қоғамдық жұмыс министрі болып
тағайындалды. Өйткені, жоғарыда керсеткеніміздей елде жұмысшы тобы жоққа
тән болғандықтан революция кезінде де, елді басқару - орындарында да әскери
адамдардың тағайындалуы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы да
қажеттіліктен туған жағдай еді.
1978 жылы 2 мамырда "Революциялық мәселелердің басты бағыты" атта
багдарлама қабылдады. Оған: елде қоғамдық — экономикалық жағынан қайта
құруды жузеге асыру — феодалдық дәуірге дейінгі және феодалдық есілік қарым-
қатынастарды түбегейлі жою, қамаудын барлық түрлерін жою, қоғамдық емірді
демократияландыру ұлттық езушілік пен дискриминациялықты құрту, әйелдердің
теңдігін жариялау -экономикасындағы мемлекеттік секторды нығайту және
жергілікті халықтық тұрмыс жағдайын жақсарту, жұмыссыздық пен сауатсыздықты
жою, бағаға бақылау жасау, экономикада неколониализм мен империализм
ықпалын енгізбеу, осының құрамына саясат, идеология, мәдениетті қатысты,
моселелер енді.
Ал сыртқы саясат шеңберінде Ауғанстан бейбіт ел және бүкіл әлемдік
бейбітшілік қозғалысына кіреді, нейтронды позицияда, қарыздандыру жоніндегі
күреске қосылады, ұлт-азат етушілік қозғалысты қолдайды, корші елдермен
достық және бірлесіп қызмет етуге үмтылады деп көрсетіледі.
Еңбекші халықтың, барлық демократиялык таптар мен әлеуметтік топтардың
мүддесін кездеген ұлттық демократиялық революция партияның басшылығымен
жүзеге асты.
Ауғанстанның даму тарихында ерекшеленген, елдің саяси құрылысында орын
алған - интеллигенция тобы болды.
1978 ж. Мамырда "Революциялық міндеттердің негізгі бағыттары деп
аталатын үкіметтің программасы жарияланды:
➢ Ауғанстанның қоғамдық өмірі мен мемлекеттік аппаратын
демократияландыру;
➢ феодалдық қарым-қатынасты өзгерту;
➢ ұлт мәселесін демократияның жолмен шешу;
➢ Елдің қоғамдық және саяси өміріне кең араласуға солдаттар мен
офицерлерге мүмкіндік беру.
➢ Бүкіл ауған халқын - жұмысшы, шаруа, солдат, офицерлер, қолөнершілер
мен интеллегенцияны - әлеуметтік, саяси, экономикалык бостандық пен
қүқық қорғауға жағдай жасау.
➢ Ұлттық кадрлар даярлауды кеңейту.
➢ Ұлттық мәдениетті дамыту. Олар мен әдебиетті дамытуға жол ашатын
шаралар қолдану.
Бүкіл халық пен тайпалардың білім алуға комектесу, кітаптар мен
газеттер шығарып, тарату29. 1980 ж. 20-21 сәуірде жоғарғы мемлекеттік
орган - революциялық кеңес бекіткен - "ДРА-ң негізгі принциитері" деп
аталатын заңдылық еді. Онда 68 статья, 10 тараудан тұрады. Ауғанстанның
суверенді, демократиялық мемлекет екендігін, ол халық мүддесіне қызмет
ететіндігін, халық өкіметі ұлттық біртұтас майданға арқа сүйетіндігін
көрсеткен жан болды. Онда шаруалардың жеке меншігін мойындаған. Жеке меншік
белгілі бір заңсыз қожайыннан алынбайтындығын көрсетті"30.
Ауылшаруашылық мәселесі жөнінде 1979 ж. Кабулде Бүкілауғандық жиналыс
откізіліп, оған жергілікті және мемлекеттік партия басшылары, аграрлық және
су органдарынан, кооперативтердің басшылары шақырылады. Осы жиналыста
деревняларда әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жүргізу қажеттігі
айтылды. Осы кезде ұсынылған жер-су реформасын кейін көптеген жерсіз және
жері аз шаруалар жер үлестеріне ие болды. Мемлекет диқандарға техника,
тыңайтқаш, кредит беру арқылы комек беріп отырды. Деревняларда машина-
трактор станциялары құрылды. Елдің бүкіл территориясында кооперативтік
қозғалыс еріс алды.
Яғни-ге жуық кооператив-жабдықтау, кредиттеу, қүс өсіру, қаракол алу
кооперативтері пайда болды31.
Деректерде былай деп көрсетілген. Ауылшаруашылығы Ауғанстан
экономикасының негізгі саласы болғандықтан, НДПА-ның әлеуметтік-
экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру барысында жер туралы реформа
қабылдау І-ші ретте тұрды. Жер реформасын жүргізуден негізгі принциптері
1948ж. 30 қарашадағы "Жер туралы" указда көрсетіледі. Ол артық жерлерді
мемлекет пайдасына алу, жерсіз шаруаларға тегін жер болуді тағайындады. Ал
жер туралы негізгі реформа шаралары 1979 ж. 1 январьдан бастап жүзеге аса
бастады. Реформа нәтижесінде компенсациясыз 25000 жер иеленушіден 740000 га
жер алынып, оның 665000 гектары 296000 жерсіз шаруа семьяларына, 40000
гектары мемлекеттік ұйымдарға беріледі 32.
Революциядан кейін Ауғанстанның мәдени дамуына да алға басушылықтар
болды. 1981 ж. Қарай елде 5300 жуық мектептер ашылды. Оқу ағарту министрі
мен оның кеңесшілері 6 провинцияда болды, ал қалған 24-інің жағдайын жан-
жақты зерттеді. Сауатсыздықты жою туралы арнайы декрет кабылдады. 80
халқы сауатсыз халық арасында ағарту ісі өте қиын жағдайда жүрді.
Сауатсыздықты жою, жаңа оқулықтар шығару оңайлықпен жүзеге аса қойған жоқ.
Бала — бақшалары ашылды. Алғашында небәрі 24-ақ болса, 1981 ж. Ол 130-
ға жетті. Ауғанстанда қазір 700000 бала оқиды. Жаңадан 64 мектеп салу
жоспарланган І. Тегін бірнеше кітапханалар ашылды. Джалалабадта университет
ашылды, ғылым академиясы құрылды. "Соби", "Юлдуз", "Гораш" деп аталатын
газеттер шыға бастады. Арнайы геолог, гидротехник, жол салушы мамандар
шетелдерде даярланды. Кабулда политехникалық институт, Мазари - Шарифта тау-
мүнай техникумы ашылды. 1978 ж. Шілдеде түнғыш автомеханиктер даярланып
шығарылды. 70-тен аса адам электрик, автомобил жөндеушілер даярланады33.
Дерек бойынша ислам дініне қызмет ететіндігін саны 300000 жетті. Мешіттер
мен қасиет орындары саны 40000 асты. Ауғанстанның бір ерекшелігі бұл елде
жоғарғы діни басшылық жоқ. Барлық молдалар ешкімге бағынбады. Тек
провинциялар мен орталықтарда әр түрлі кеңестер беріліп отырады. Әрбір
оныншы ауған азаматы Меккеге Кединеге барып қайтқан. Елде діни оқу
орындарында 20000 жуық ауғандықтар оқиды. Исламды танып-білу елдің барлық
мектептерінде міндеттендірілді.
Сәуір революциясы өзінің сипаты, мақсаты мен міндеттері жағынан ұлттық-
демократиялық революция болып табылады. Жоғарыда атап откендегі, елде
жүргізілген реформалардың көрі жақтары да болады. Өйткені ауған
революциянерлері елдегі феодалдық қоғамның ескілік қалдықтарының көп
сақталғаны мен ислам дінінің үстемдік еткеніне қарамастан социалистік қайта
құруларды бірден жүзеге асыруды міндет етіп қойды. Себебі елде социалистік
қайта құрулардың объективті жағдай жоқ еді, ағым экономикалық база,
қоғамдық жағдай және халықтық жоқ екеніне қарамастан бірден іске кірісті.
Сонымен бірге НДПА-ны елде қайта құруларды жүзеге асыруда басшы партия деп
жариялады. Бұл кезеңде партия бүқара халықтың алдыңғы қатарлы партиясы
ретінде роль атқара алмайтын еді. Сол сияқты ол идеялық ұйым жағынан да
әлсіз болды және бір таптың күшіне сүйенбеді, құрамы жағынан қалалық, ұсақ
буржуазия мен интеллегенция өкілдерінен құралған еді. Жоғарыда біз НДПА-ның
ф реакцияларға жіктелгенін айтып өткен едік. Міне осылайша НДГІА 1978
жылдың сәуірінде идеялық және ұйымдық жағынан әлсіз табынды саяси
платармасыз және халықтық қолдауынсыз келген еді. Ал он жылдарда созылған
озара келіспеушілікті аздаған ойларда шешу мүмкін, емес еді. Бұл арада айта
кететін жағдай, сол кездегі басшылары осы проблемаларға мән бермеді және
болуы мүмкін емес деп есептеді. Бірақ НДПА алдында мынандай мүмкіндіктер
болды. Олар, Ауғанстандағы барлық прогрессивтік демократиялық және
патриотшыл күштерді революция кезінде біртұтас майданға біріктіріп елдегі
қиыншылықтарды шешуге болатын еді. Өкінішке орай бұл мүмкіндіктерді әр
түрлі себептер мен жағдайларға байланысты қолдана алмай қалды. Екі жылға
жуық елде социалистік құруларды жүзеге асыру үшін үмтылыстар болды. Тіпті,
елде бес жылдан кейін социализмнің негізгі және пролетариат диктатурасының
мемлекеті құралады деп жариялады. Бірақ елде жұмысшы табы жоқ еді. Сонымен
бірге, НДПА-ның басшыларының ішінен дайындалған саяси және мемлекеттік
қайраткер жоқ болды. Басқарушы системаға қарсы шығу демонстрация мен шеруге
шығу бір мәселе болса, ол халықтың омірін жақсарту мәселесі одан да үлкен
іс еді.

3. КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ АУҒАНСТАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ КӨМЕК
КӨРСЕТУІ

1977ж. НАТО блогы әскери бюджетті тез арада көтеріп жіберді. Иран.
Пакистанда арнайы контрреволюциялық отрядтар құрылды. АҚШ, басқа да батыс
мемлекеттер оларға көмек көрсетті.
Елде Хафизулла Амин бастаған топ көптеген адамдарды қырып-жойып, Амин
1979 мартта премьер-министрлікке қолы жетті. Сентябрьде Таракиді олтіріп
Бас секретарь болып алды. 15000 адамды түрмеден босатты.
Кветт қаласы контрреволюцияшыларды азық-түлік, қарумен қамтамасыз
ететін орталыққа айналды. 1979 ж. Аяғына қарай осындай күштер Ауғанстанның
18 провинциясында әрекет етті34.
1978 жылы 30 сәуірде Ауған Революциясын Кеңестер Одағы бірінші болып
таныды. Іле-шала республиканы Америка Құрама Штаттары да таныды.
Революцияның алғашқы кезеңінде-ақ Кеңестер Одағы ауған революциөнерлеріне
аржақты көмек және саяси жағынан қолдау көрсеткен еді. 1978 жылдың 5
желтоқсанында Москвада достық және озара көмек көрсету туралы ауғанкеңес
келісіміне қол қойды.
Міне осы екі ел арасындағы келісімге тоқтала кеткенді жон көрдім
Өйткні, бұл тарихи документ болып саналады. Кезінде ауған басшылары Ауған
Демократиялық, Республикалық территориясынад кеңес әскерлерін кіргізу
туралы комек сүрағанда, олар осы келісім шарттың сүйенген еді. Документте
1921 жылғы және 1931 ж. Кеңес-ауған қарым-қатынастарының мақсат пен
принциптеріне сүйене отырып, достық, өзара көмек пен бірлесіп қызмет істеу
келісіміне қол қойды. Л.Брежнев пен М.Тараки қол қойған бұл документ 15
статьядан тұрады. Мысалы 1-ші статьяда: 2 жақ та мызғымас достықты
күшейтуге және тереңдетуге 2 мемлекеттің де тең дәрежеде, ұлттық
суверенитетіне құрмет көрсете отырып, территориялық бүтіндігі мен бір-
бірінің ісіне араласпау шараларын іске асыратындығын мәлімдеді.
4-ші статья негізінде былай деп көрсетілген: Жоғарыда келісіліп
отыргандар достық пен көршілестер дәстүрімен ООН-ның Уставымен кызмет жасай
отырып, 2 жақтың қауіпсіздігімен тәуелсіздік территория бүтіндігін сақтау
мақсатын да лаиықты шаралар қолдануға келісш, ақылдасып отырады35.
6-шы статьяда: әрбір жоғары да келісім отырғандар әскери немесе басқа
одақтарға, қандай да бір мемлекеттік топтармен бірлесіп өзі келісіп отырған
мемлекетке қаршы шараларға қатыспайтындығын салтанатты түрде молімдейді.
10-шы статьяда: 2 жақтың мүддесіне қатысы бар барлық аса маңызды
халыкаралық мәселелер жөнінде бір-бірімен ақылдасып отыратын болады.
13-ші статья бойынша: Бұл келісім күшіне енген күннен бастап 20жыл
бойына әрекет етеді.
Егер жоғарыда келісіп отырғандардың бірі 6 ай ішінде келісім шартты
бүзу жонінде мәлімдемесе, келісім келесі 5 жылға дейін ез күшінде қалады. 2
жақтың қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында олар өзара келісім негізінде
әскери саладағы қызметін дамыта береді. 2 ел арасындағы достықты дамытуға
жасалған қадам, - деп түсіндірілді.
Статьяларға ұлттық кадр дайындау, ауылшаруашылығын дамытуды жоспарлау,
сауда, мәдениет пен ағарту, өнер, әдебиет, денсаулық, баспасоз, радио,
телевидение, кино, туризм, спорт салаларынд тәжірибе алмасу шараларын
енгізді.
2 халық арасында мемлекеттік басқару, өндіріс мәдени және ғылыми
орындармен байланыс мәселесі қойылды.
Міне көрші екі елдің дәстүрлері достығы осылайша жалғасқан еді.
Кеңестер Одағының экономикалық және техникалық көмегінің аркасында Кабулда
жаңа заманға лайық ең күшті нан комбинаты салынып, іске қосылды және
балалар мен аналар орталығы құрылды. Сонымен бірге ауған халқына Кабул
политехникалық институтта инженерлер, құрылысшылар, жол мамандары, мүнай
мен газ өндеудің технологтары, геологтар және т.б. аса қажетті
мамандықтарға мамандар дайындалды. Халықаралық мәдениет орындары салынды
және автотранспорт көліктерімен қамтамасыз етілді. Наиуда ірі
гидроэлектростанция іске қосылды, Джаркудукта газды өндіру мен өңдейтін
ескі комплекс, қайтадан женделіп, жаңа технологиямен жабдықталды, ауған
телевидениесі өзінің даму барысында жаңа бағыт алды және жабдықталды.
Ауған-кеңес құрылысшылары Салань Тонелін іске қосты. Бұл тонель
биіктігі 3365 метрлік дейін. Кеңестер Одағының кемегін салынған энергетика
объектілері, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері ішінен, мысалы, Ауғанстанның
фабрика-завод өнеркәсібінде 60 ал мемлекеттік секторда өндірілетін онімдер
75 болады36.
Табиғи газды өндіруге жыл сайнынғы өнім, мысалы 1988-1986 жылдары 2,7
млрд. куб. метр болса газдың конденсат 6 мың тоннадан жоғары болады. Осы
жылдары жас көмірді өндіру 145 мың тоннаға барса 1990 жылдары 370 мың
тоннаға дейін барды.
Ал электроэнергетика саласы да кеңес комек арқасында жоғарғы
көрсеткіштерден дамыды. Мысалы, 1981-1985 жылдары электростанциялардың
күштілігі 20 -ке өсті, ал электроэнергеяны өндіру 30 болды және 1252 млн.
квтч дейін барды.
1982-1988 жылдары экономикалық және техникалық жағынан СССР-дің комек
көрсетумен автомашина жөндейтін "Джанганак" заводының цехы КАМАЗ-дар мен
бензаводдарға қызмет атқаратын авто-жөндеу мекемесі, Кабулда радиостанциясы
және аэропорты, ЛЭП-220 кв "Мемлекеттік шекара СССР-Колым-Назари-Шариа"
Амурдария өзені арқылы "Достық" көпірі,ЛЭП ПО кв мемлекеттік шекара СССР
"Күндуз", Джалалабадта консерві заводы, Пули-Хулирида элеватор, қоғамдық
ғылым институтының корпусы, орталык поликлиника және қан құю станциясы және
т.б. іске қосылды.
Тек бір ғана 1987 жылдың өзінде-ақ кеңес дәрігерлері, фельдшерлер,
санинструкторлар көмегімен 100 мың ауғандық қаралды, емделді.
1981 жылдан бастап 100 мың жоғары квалификациялық жұмысшы мен ондаган
мың халық шаруашылығының мамандары Ауғанстанда Кеңестер Одағының комегімен
дайындалып шықты.
Дегенмен осындай жоғарғы көрсеткішті кемектермен бірге, кеңес жағында,
соның ішінде дипломат партиямен әскери кеңебшілер жағынан Ауғанстанға комек
көрсету жағынан ірі қателіктер болды.
Жоғарыда айтып откендей Апрель Революциясынан кейін ауған басшыларының
отінішімен, Кеңестер Одағы әр түрлі мамандарды кеңесші ретінде комекке
шүғыл жіберді. Олардың мақсат-міндеттері біреу ғана болды, ауған
революциөнерлеріне жан-жақты көмек көрсету, яғни бағдарламалық
документтерді дайындауда, республикалық қоғамдық-экономикалық дамуын
жоспарлау, аграрлық саясатты жүргізуде еді 37.
Асығыстыкпен құрылған кеңесшілер құрамында Ауғанстан моселесімен
айналыспаған ислам туралы бұлыңғыр түсініктегі, ауған халқының қоғамдық
жағдайынан мүлдем хабарсыз адамдар өте көп болды.
Осының нәтижесінде - кеңесшілер ездеріне таныс емес дәстүр, ой, тіпті
қарапайым жағдайларда не істейін білмеді, қате жаққа сілтеді. Сол сияқты
НДПА-ның документтері, рекомендациялары және т.б. қүжаттар КПСС-тің
көшірмесі яғни тиражы болды. НДПА-ның Уставында біздің кеңесшілердің
ықпалымен "социалистік қоғам құру үшін күресу партия мүшелерінің міндеті"
деген сөздер жазылып, оның мүшелеріне міндеттелді.
Ал аграрлық-шаруа саясатында тек ауыл тұрғындарының ең кедей болігінің
ғана мүддесі көзделді. Яғни революцияға ұста буржуазия мен партиясыз
интеллегенцияның қатысқаны ескерілмейді, сонымен бірге олар революциядан
кейін де елді демократияландыру және кайта құру істеріне белсене қатысқан
еді.
Ең ірі қателіктердің бірі кеңес кеңесшілері аса маңызды шешімдерді
ауғандықтардың орнына өздері кабылдады.
Бұл жонінде журналист Забродин Вячеслав Михайлович былай деп жазады:
аутан басшыларының бірі ащы күлкімен, кеңес кеңесшілері туралы былай еске
алды:
"Миниетрлер Кеңесінің отырысы басталды. Әрқайсымыз стол басына
отырдық. Әр Министр өз кеңесшісімен келген. Отырыс басталып кетті,
дискуссия қызған уақыт, министрлердің артына қарай орналасқан әр кеңесші,
бірте-бірте столдан алыстай түскен. Кейін столда тек бір-бірімен дауласқан
кеңесшілер ғана калды38.
Осының арты орны толмас шығынға ұшыратты. Көптеген ауған басшылары
барлық істерін кеңес кеңесшілеріне толтырып, билік жолындағы бір-бірімен
фракциялық күреске кетті.
Мен бұл жөнінде келесі тарауда тоқталғанды жөн көрдім.
Міне Апрель революциясынан кейінгі кеңес-ауған қарым-қатынасын
бастапқы кезеңі осындай еді және мен кеңес әскерлерін, Ауғанстанға кіруі
жонінде де келесі болімде тоқталғанды жөн көрдім.
Н.М.Тараки бастаған ауған революциөнерлері "Ұлы Сәуір революциясы"
туралы созді жиі-жиі қолдана бастады. Бұл созді олар Россиядағы Октябрь
революциясына еліктегендей, яғни, сол тәріздес көрсетпекші болғандықтан
еді. Сонымен, бірге ауған революциөнерлері "билікті біртұтас болінбейді"
деп жариялады, бұл үранның астында, елдегі барлық ұлттық-демократиялық
күштердің одағының қажетсіздігі жатты және шаруалардың революцияшылдығын
жоғары қойып бағалады, сол сияқты революцияга теріс қарайтын буржуазия мен
дін өкілдерінің жаулық қозқарасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастары: жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Ауғанстанның саяси жүйесінің демократизациялауы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары
ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы жаңа геосаясат және иран ұстанымы
Күрділердің мәдени орталықтары
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым құрылуы және даму эволюциясы
Пәндер