Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 тарау Қытай және Орталық Азия: бейбітшілік пен

қауІпсіздікті нығайту

1. 1 Қытайдың Орталық Азиядағы бейбітшілікті нығайту саясаты . . . 12

1. 2 Қытайдың Орталық Азиядағы қауіпсіздік салаларындағы саясаты мен

мәдени байланыстар . . . 17

2 тарау Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы

экономикалық байланыстары

2. 1 Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық

байланыстардың басты бағыттары мен даму перспективасы . . . 22

2. 2 Қытай мен Орталық Азия елдерінің сауда қатынастары . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі . . . 55

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясатын (1992 - 2007 жылдар аралығы) зерттеуге арналған. Жұмыста Қытайдың тәуелсіздік алған Орталық Азия республикаларымен орнатқан сан-саладағы ынтымақтастығы мен өзара байланыстары қарастырылады. Оның ішінде Қытайдың Орталық Азияға қатысты ұстанған саяси бағытына, өзара екі жақты және көпжақты байланыстардың саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы даму үрдісіне, қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен болашағына назар аударылады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде тәуелсіздік алған Орталық Азияның жас мемлекеттері халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен жоғары мемлекетаралық дәрежеде байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болды. Жаңа кезеңге аяқ басқан Орталық Азия өңірі геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан. Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы үшін екі жақтан көршілес жатқан Қытай мен Ресей мемлекеттерімен қарым-қатынас орнату өте маңызды. Бұл жөнінде Президент Н. Назарбаев үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан. Жолдауда сыртқы саясаттағы басымдықтар ретінде Ресей мен Қытай аталған . Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия елдерінің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Орталық Азияның бес мемлекетінің үшеуінін (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) Қытаймен ортақ шекарасының болуы да өзара қарым-қатынастарды дамытудың негізгі факторы десе де болады. Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында ол мемлекеттердің шет елдермен байланысы мәселелері үлкен өзектілікке ие болады.

Ежелгі өркениет елі болып табылатын Қытай - ұлы мемлекет. Аспан асты елінің 1979 жылдан бастап жүргізген ашық есік және реформалар саясатының нәтижесі оның экономикалық даму деңгейін әлем таңданарлық дәрежеге жеткізгені мәлім. Белгілі американдық саясаттанушы-ғалым Г. Киссинджердің Қытайдың әлеуеті жөніндегі сөзін келтірсек: «Барлық ұлы және әлеуеті зор мемлекеттердің ішінде Қытай алға басудың ең жоғарғы деңгейінде. АҚШ қуаттылыққа әлдеқашан жеткен, Еуропаға берік тұтастыққа жету үшін әлі де еңбектену керек, Ресей - сүрініп келе жатқан алып, ал Жапония бай, бірақ әлі де жасық. Қытай болса, экономикалық дамудың 10 пайызға жақындаған жыл сайынғы қарқынын сақтап, өте күшті ұлттық тұтастық сезіміне және одан да мықты әскери күшке ие бола отырып, ұлы державалар арасында әлдеқайда қатысты жоғары өсімді көрсетіп отыр». Американдық саясаткер Збигнев Бжезинский өзінің «Великая шахматная доска» атты кітабында 20-шы ғасырдың соңғы онжылдығында қалыптасқан әлемдік геосаяси жағдайға баға бере отырып, Қытайды әлемдік емес, аймақтық держава деп атайды. Автор қандай қолайлы жағдайда дамығанның өзінде объективті себептер Қытайды 2020 жылға қарай әлемдік мемлекетке айналуға қол жеткіздіре алмайтынын айта келе былайша қорытынды жасайды: «Қытай қазірдің өзінде құрлықтағы геосаяси тұрғыдан алғанда ең ықпалы күшті мемлекет болып табылады. Оның әскери және экономикалық қуаты көршілес елдермен, Үндістаннан басқа, ешқандай салыстыруға келмейді. Сондықтан өз тарихының, географиясының және экономикасының талаптарына сәйкес Қытай аймақтағы өз ықпалын нығайта түсері хақ» .

Шығыстағы көршіміз - Қытайдың бүгінгі ғаламдасу заманында жүргізіп отырған сыртқы саясатының принциптерін айқындау, оның сыртқы саяси бағытында Орталық Азияның алатын орнын анықтау өте қажет. Қытайдың Орталық Азия елдеріне қатысты саясатында ортақ принциптермен қатар, әр республикаға деген ұстанымында да ерекшеліктер бар. Оның Орталық Азиядағы мақсаты мен мүдделерін ашу өте маңызды. Сондықтан осы аталған мәселелерді қарастыру үлкен өзектілікке ие болып отыр. Қытайдың Орталық Азиядағы саясатында саяси, экономикалық, сауда, мәдени салалар орын алған. Оған қоса шекара, қауіпсіздік, лаңкестік пен сепаратизмге қарсы күресу, жол қатынастарын дамыту зерттеу жұмысының өзегін құрайды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу, талдау, жан-жақты ашу тікелей саясатқа қатысы бар адамдар мен ғалымдардың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның, көпшілік қауымның қызығушылығын тудырады және сыртқы саясат ғылымында үлкен орынға ие болатын мәселе болып табылады.

Қытай басшыларының пікірінше, олар жүргізіп отырған сыртқы саясаттың Орталық Азия елдері жүргізіп отырған саясатпен ортақ жақтары көп. Тараптарды олардың арасындағы байланыстардың көпжақты ынтымақтастықты орнату мақсатындағы ұзак мерзімді және тату көршілік достық негізінде даму керек деген ортақ ой біріктіреді. Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделерін бірнеше аспектіде қарастыру керек. Шығыстағы ұлы көршіні қашан да алаңдатып келген Шыңжаңдағы ұлттық сепаратизм мәселесі бойынша Қытайдың Орталық Азиядағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындауға болады. Орталық Азияның әсіресе шекаралас жатқан елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту арқылы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданының әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтере отырып, ондағы сепаратистік талпыныстарын бәсеңдету негізгі мақсат болып отыр.

Қытайдың Орталық Азиядағы саясатындағы мақсаттардың тағы бірі аймақтағы саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» пайда болуы да осы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында құрылғанын айту керек.

Жалпы, дипломдық жұмыстың тақырыбы болып табылатын Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және олардың өзара ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы дамуына баға беруге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында Қытайдың Орталық Азияның тәуелсіз елдеріне қатысты ұстанған саясатының негізін ашуға, олардың әрқайсысымен жүргізген ынтымақтастықтың ерекшеліктерін айқындауға талпыныс жасалады.

Қытайдың тәуелсіз Орталық Азия республикаларына қатысты жүргізген сыртқы саясатын ашу дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара қарым-қатынастар дамуының негізгі бағыттарын зерттеу, яғни саяси, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа талдау жасау жұмыстың объектісі пәні болған.

Дипломдық жұмысының мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қытайдың тәуелсіз Орталық Азия елдерінде жүргізген сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жүйелі және кешенді түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:

1. Қытайдың сыртқы саясатының қалай қалыптасатынын теориялық негізде қадағалау.

2. Орталық Азия мемлекеттерінің әрқайсысының Қытайдың сыртқы
саясатында алатын орны мен ролін айқындау.

3. Орталық Азия елдерінің әрқайсысының Қытаймен қарым-қатынасындағы
ерекшеліктері мен ортақ жақтарын ашу.

  1. Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстардың болашағын сипаттау.
  2. Қытайдың Орталық Азия елдерімен интеграция деңгейін анықтау.
  3. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыстар процесінің негізгі себептерін аша отырып, объективті қорытынды жасау.

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері Зерттеу 1991-шы жылдардың басынан бүгінгі күнге, 21-ші ғасырдың алғашқы онжылдығының 1-ші жартысына дейінгі аралықты қамтиды.

Дипломдық жұмыстың деректік негізі. Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер т. с. с. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады. Жоғарыда аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі.

Дипломдық жұмыс сүйенген зерттеу көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.

Ал үшінші топқа қазақ, орыс, қытай тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Түркістан», «Деловая неделя», «Панорама» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Саясат», «Казахстан-Спектр», «Центральная Азия и Кавказ», «Казахстан: экономика и жизнь», «Казахстан и современный мир», «Аналитическое обозрение», «Континент» журналдарында бар. Ал Ресейдің «Правда», «Известия», «Аргументы и факты», «Независимая газета» газеттері мен «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия и Африка сегодня», «Нефть и газ», «Железнодорожный транспорт» журналдары пайдаланылды.

Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобын Қазақстан мен Орталық Азияның басқа республикаларының, Қытайдың, Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның «Хабар», «ҚазААГ», «Интерфакс-Казахстан», Қырғызстанның «Хабар», Тәжікстанның «Ховар», Қытайдың «Синьхуа», Ресейдің «Новости», «ИТАР-ТАСС» агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары негізінен алынған.

Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары диплом жұмысының деректік негізі болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттерінің сыртқы саясаты кең аумақты саяси қызығу құралына айналды. Қытайдың сыртқы саясаты, оның ішінде Орталық Азияға қатысты саясаты мәселелері бірқатар зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.

Диплом жұмысында пайдаланылған еңбектер қатарында Қазақстан басшыларының еңбектерін айтуға болады. Мемлекет басшыларының еңбектерінде елдің жалпы жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саяси бағыты мен өзара байланыстарды дамытудағы ұстанымы айқын көрінеді және қарастырылып отырған тақырыпты тереңірек талдауға көмектеседі. Мысалы,

Н. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл» атты кітаптары еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде міндетті түрде шығыс көршіміз - Қытаймен сан-саладағы ынтымақтастық, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді, достық, тату көршілік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан-Қытай байланыстары мәселелерін Қ. Тоқаевтың «Под стягом независимости», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации», «Беласу» атты еңбектерінен біле аламыз.

Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстар саяси қайраткер, дипломат Қ. Сұлтановтың да зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Ол өзінің зерттеулерінде Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты байланыстың қалыптасуы мен дамуын, Қазақстан мен Қытайда жүргізілген экономикалық реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтасты қарастыруға бірқатар мақалалары арналса, «Пробуждение гиганта», «Реформы в Казахстане и Китае» атты кітаптары Қытайдың ашық есік саясаты мен реформалар жүргізуі нәтижесінде қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, Қазақстан мен Қытайдағы экономикалық реформалардың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға беріледі.

Сонымен қатар дипломдық жұмыстың тақырыбын айтуда Орталық Азияның басқа республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында Өзбекстан президенті И. Каримовтың «О национальной государственности, идеологии независимости и правовой культуре», Түркменстан президенті С. Ниязовтың «Внешняя политика нейтрального Туркменистана» атты кітаптары бар. Бұл еңбектер Өзбекстан мен Түркменстанның сыртқы саясатының қалай бағытталғандығынан хабар береді және зерттеліп отырған тақырыпты кеңінен талдауға көмектеседі.

Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Қытайдың экономикалық реформасының архитекторы Дэн Сяопиннің «Основные вопросы современного Китая» атты жинағы бар . Жалпы Қытайдың негізгі сыртқы саяси бағытын, оның ішінде көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытудағы ұстанымдары аспан асты елінің басшыларының жоғары дәрежелі бас қосулар барысында сөйлеген сөздері айқындайды. Осы орайда Қытай басшысы Цзян Цзэминьнің сөзін келтірсек: «Қытай тәуелсіз де дербес бейбіт сыртқы саясатты дәйектілікпен жүргізіп келеді және Азия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне күш жігерін жұмсауда. Ешқашан өктемдік орнатпауға, әскери блоктарға қосылмауға және ықпал аймағына ие болмауға деген өзінің салтанатты уәделеріне адал Қытай бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципінің және өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік пен өзара ыкпалдастық өзегі болып табылатын жады қауіпсіздік тұжырымдамасының үгітшісі және жақтаушысы болып табылады».

Қытайдың жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық Азияға қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде М. С. Капица, В. А. Лузянин, В. А. Корсун, А. Д Воскресенский, С. Г. Свешников, Ю. Песков, В. Лукин, В. Михеев, В. Кузнецов, Е. П. Бажанов сияқты зерттеушілерді атауға болады. Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда-экономикалық және транспорт саласындағы ынтымақтастық ресейлік ғалымдар О. Резникованың, Ю. Юдановтың, И. Азовскийдің мақалаларында қарастырылған.

1990-шы жылдардың басында Қазақстан мен Орталық Азияның басқа мемлекеттері егемендігін жариялаған соң дербес ел ретінде мемлекеттік қайраткерлікті жүзеге асыруда кездескен қиыншылықтар аз болмады. Дәл осы уақытта Қазақстан сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалым К. Қожахметұлының республикалық газеттер мен ғылыми басылымдарда жарық көрген еңбектері диплом жұмысының тақырыбын ашуда құнды болып табылады. Сондай - ақ, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көп бағытты саясатты ұстануы қажет деген пікірді 1993 жылы «Ақиқат» журналынан жарық көрген мақаласында баяндайды . К. Қожахметұлының көптеген мақалалары мен басылымдары, «Қытай және Үшінші дүние» атты кітапшасы Азия, Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалыстары мәселелерін, Қытайдың сыртқы саясатын, оның әлем елдерімен ынтымақтастығын талдауға арналған.

Орталық Азия өңірінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орталық Азиядағы геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер белгілі ғалым Ө. Қасеновтің еңбегінде қарастырылып, жан-жақты талдау жасалынған . Ғалымның бұл зерттеуі де тақырыпты тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Қытайтанушы-ғалым К. ПІ. Хафизованың еңбектері тек бұрыңғы кезеңді ғана қарастырмаған («Китайская дипломатия в Центральной Азии ХIY-ХIХ вв. » атты монография), ғалымның бірқатар ғылыми мақалалары қазіргі замаңғы, яғни Кеңес Одағы ыдырап, Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстарға арналған. Бұл мақалаларда Қытайдың орталықазиялық республикалармен, оның ішінде Қазақстанмен саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа талдау жасалынған .

Орталық Азия мен Қытай арасындағы байланыстарға қытайтанушы-ғалым Н. Алдабектің де еңбектері арналған. Қытай тарихына арналған еңбектерінен бөлек «Россия и Китай: торгово-экономические связи в центрально-азиатском регионе ХУІІ-ХІХ вв. » атты монографиясын атауға болады. Сонымен бірге Н. Алдабектің Қытай мен Ресейдің Орталық Азияда және Шыңжанда жүргізген саясатына арналған кітабы бар. Бұл монографияда ғалым Шыңжандағы орыс-қытай қатынастарынын дамуын, 19-шы ғасырдағы Цин империясы мен Ресейдің, 20-шы ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай мен Кеңес өкіметінің Шыңжанға қатысты ұстанған саясатын сарапқа салған. Аталған еңбектердің бүгінгі заманғы Қытай мен Орталық Азия елдері сауда-экономикалық ынтымақтастығы зерттеушілер үшін бағалы деректер болары сөзсіз.

Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас зерттеуші К. Сыроежкиннің еңбектерінде талданған. Оның еңбектері аталмыш мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және саяси байланыстарды қарастырады. Сонымен қатар автордың ғылыми мақалаларында тарихи шолу жасау арқылы Қытай мен Қазақстанның шекара мәселесінің шешілу процесі кеңінен талқыланған. Оған қоса Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесіне талдау жасайды.

Сонымен бірге зерттеуші М. Лаумулиннің бірқатар басылымы Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын баяндайды. Олардың ішінде Г. Фуллер, Дж. Гинсбург, Ч. Анделенд, Н. Платт, Кайзер, М. Олкотт және т. б. бар. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты басып шығарған «Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы» атты ғылыми зерттеу кітабы жарық көрді. Осы еңбектегі бірінші тарау М. Т. Лаумулин мен К. Л. Сыроежкиннің Қытайдың сыртқы саясатының тетіктерін аша отырып, Оның Еуразия, Батыс бағыттарындағы саясатына талдау жасайды. Олар Қытайдың «аймақтық ойыншыдан» біртіндеп халықаралық қатынастардың маңызды ғаламдық факторына айналып бара жатқандығын айтып, аспан асты елінің сыртқы саясатын зерделей келе мынадай түйін жасайды: «Еуразия мемлекеттері үшін, ең алдымен Ресей мен Қазақстан үшін мына фактіні түсініп алу өте маңызды- қытай мемлекетінің сыртқы саясатының маңызды мақсаты этникалық қытайлардың ірі, экономикалық және саяси ықпалы күшті, ұлттық-әлеуметтік оқшауланған отарларын құру болып табылады».

Орталық Азиядағы Қытай факторын талдауға арналған өзбек зерттеушісі А. Ходжаевтың монографиясы да зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды. Онда Қытайдың ҚХР құрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына ықпалы көрсетіліп, аймақтың бүгінгі күнгі дамуына әсер ететін Қытаймен байланысты кейбір факторлар ашылған Олардың ішінде Қытайдың өңірдегі экономикалық мүдделері, өзара байланыстардағы Ұлы жібек жолының маңызы, ҚХР-дың мұнай базарының Орталық Азияға әсері, шекара мәселесі, ШЫҰ-ның Орталық Азия аймағындағы халықаралық қатынастарға әсер етуші жаңа фактор ретіндегі орны қарастырылған.

Қытайдың тарихы мен оның басқа елдермен және аймақтармен байланыстарын қарастырған зерттеушілердің қатарында В. Моисеев, Р. Сүлейменов секілді отандық ғалымдар бар. Қытайдағы қазақтардың тарихына, қазақ-қытай қарым-қатынастарының даму тарихына шығыстанушы-ғалым Н. Мұқаметханұлының еңбектері арналған. Шыңжандағы қазақтардың мәселелері бойынша жазған ғалымдардың ішінде Т. З. Қайыркенді, А. Базылбаевты, Г. Ахметбекқызын атауға болады. Олардың еңбектері тақырыпты нақты талдауға көмегі болмаса да, Қытай тарихы мен Қытайдағы қазақ диаспорасына қатысты мәселелер жөнінде мағлұматтар берері сөзсіз.

Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының профессорлары мен оқытушылары Ж. У. Ибрашевтің, Қ. Е. Байзақованың, Ф. Т. Кукееваның, С. Ж. Сапановтың және т. б. еңбектері бар.

Зерттеу жұмысында Қытай ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері де пайдаланылды. Қытайдың сыртқы саясатын, Қытай-Кеңес, Қытай-Ресей қатынастарын зерттеумен айналысатын қытай ғалымдарының қатарында Син Гуанчэн, Чжен Кун Фу, Чжао Чанцин, Чэн Фухуань, Ся Ишань, Лю Цинцай, Ху Хунпин, Луань Цзинхэ, Тао Шуциньдерді атауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Қытайдың орталық азиядағы сыртқы саясаты
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі
Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының қазіргі тетіктері
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға әсері
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясаты
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Қазақстан Азия-тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz