М.О.Әуезовтің тарихи көзқарастары


М. О. Әуезовтің тарихи көзқарастары
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. М. О. Әуезовтің өмірі мен қоғамдық - саяси қызметі
1. 1 М. О. Әуезовтің өскен ортасы, білім алу жолы . . . 7
1. 2 М. О. Әуезовтің қоғамдық - саяси қызметі . . . 11
2. «Хан Кене» пьесасының тарихилығы
2. 1 «Хан Кененің» жазылуы, басылуы және сахналануы . . . 17
2. 2 «Хан Кененің» қоғамдық ғалымдар тарапынан сыни бағалануы . . . 23
3. М. О. Әуезовтің тарихи еңбектері
3. 1 М. О. Әуезов еңбектеріндегі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс мәселесі. 36
3. 2 М. О. Әуезов шығармаларындағы Исатай-Махамбет бастаған ұлт-
азаттық көтеріліс . . . 39
3. 3 «Абай жолы» романы ХІХ ғ. қоғамдық - саяси жүйесін зерттеудің дерек
көзі . . . 42
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: М. О. Әуезов - қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол - ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген, нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, талғампаз зертеуші. М. О. Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның кіндігіндегі көшпенділер елі тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады. Жазушының шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре кіріскені тырнақалды шығармаларынан -ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетіне құбылыс болып енді. Ұлттық сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М. О. Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны Абай қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үздігі болса, М. Әуезов туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып табылады. Алаш зиялылары қатарында М. Әуезовтің азаттық үшін күрескен қайраткерлік тұлғасы сомдалды, қызыл империяның саясатын қазақтың мүддесі тұрғысында парасаттылықпен зерделеп, дүниетаным эволюциясын айқын аңғартады. Кеңестік жүйе тұсында, 1919-1921 жылдары ол Семей губерниялық революциялық комитетінде, губерниялық атқару комитетінде қызмет етіп, «Қазақ тілі» газеті арқылы саяси - әлеуметтік және әдеби, ғылыми бағытта мәнді көсемсөздерін жариялады. Дүние астан - кестең болып, замана көші өзге бағытқа бұрылған шақта М. Әуезовтің амалдап, саясат ауасын байқап қимылға көшуі заңды еді. Бұл жылдар Мұхтар Әуезовтің замана болмысы туралы ұғым - талғамын екшеп, сауатты саясаткер болып қалыптасуына негіз болды.
Халқының мақтанына айналған М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы, ізденістері жөнінде Кеңес дәуірінде көлемді зерттеулер жүргізілгенімен, оның кей туындылары тұрпайы саяси сынға төтеп бере алмай, көз бен көңілден таса қалды. Өмірлік шындық пен көркемдік шешімнің қарым-қатынасы көп мәселеге байланысты екендігі белгілі. Тоталитарлық қоғамдық жүйе, қасаң идеологиялық саясат, әдеби күштердің қарама-қайшылығы, талас-тартысы, жеке тұлғалардың пенделік пиғылы талай көркем туындыны, қаншама талантты әуре-сарсаңға, қуғын-сүргінге түсіргеніне мысал жетерлік.
Әр әдеби тұлғаның қандай жолды таңдағаны туралы біршама зерттеулер бар, бірақ әлі де ғылыми тұрғыдан анықталмаған мәселелер баршылық. Соның бірі - кеңестік жүйенің алғашқы кезеңіндегі әдебиеттегі ұлт-азаттық идеясының көрінуі, оны бейнелеудегі автор қолданған түрлі амал-тәсілдердің табиғатын зерделеу. Осы тұрғыдан қарағанда Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымы үшін өте маңызды, бірақ әлі күнге дейін терең зерттеле қоймаған, жұртшылыққа бейтаныс сыры мен қыры жетерлік. Бүгін жоғалтқанымызды тауып, ойсырағанның орнын толтырудың уақыты жетті. Сондықтан, жазушының бұған дейін тыйым салынып, көпшілік назарына ұсынылмай келген шығармаларының қайта жарияланып, лайықты бағасын алатын мезгіл туды. Ұлы жазушының мол мұрасын, ұлт-азаттық идеясын көркем мазмұн мен мағынаға өту тұрғысынан зерделеу, шығармашылығын қайраткерлік қызметімен тығыз байланыста қарастыру, аталмыш идеяларды бейнелеудегі қолданған тәсілдерін саралауға бағытталған ізденіс дипломдық тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
М. О. Әуезовтің тарихи еңбектеріндегі тарихи шындықты айшықтау, тарихи көзқарастарын зерделеу. Осы негізгі мақсатты айқындау үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- М. О. Әуезовтің өскен ортасын, білім алу жолын айшықтау;
- М. О. Әуезовтің қоғамдық-саяси қызметіне баға беру;
- «Хан Кененің» жазылуы, басылуы және сахналануына талдау жасау;
- «Хан Кененің» қоғамдық ғалымдар тарапынан сыни бағалануын талдаудан өткізу;
- М. О. Әуезовтің еңбектеріндегі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс мәселесін ашу.
- М. О. Әуезов шығармаларындағы Исатай - Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске сипаттама беру;
- «Абай жолы» романын ХІХ ғ. қоғамдық-саяси жүйесін зерттеудің дерек көзі ретінде қарастыру.
Жұмыстың тарихнамасы: Әлемдік сөз өнерінің ХХ ғасырдағы ұлы тұлғаларының бірі М. Әуезовтің бүкіл өмірбаяны мен шығармашылық жолы қоғам мен тағдырдың, тарих пен танымның, тарихи тұлға мен жеке адамның талқысына құрылған аса күрделі жол. Ол 20-жылдардың басында тағдыр тәлкегі боп басталған қудалаудан бертінге дейін құтыла алмады. Жазушы Т. Жұртбаев ұлы қаламгердің осындай тауқыметке ұшыратқан шығармаларының жазылу тарихымен оның өміріндегі қиын белестерді салыстыра отырып талдап, 1929 -1932 жылдары Әуезовтің түрмедегі тергеу ісін, 1936 -1938 жылдардағы қысымдарын, қудалану кезеңдерін, жазықсыз жапа шегулерін «Талқы» атты еңбегінде пікір қозғайды [21] .
Досжанов Дүкенбайдың «Мұхтар жолы» роман - толғауында Мұхтар Әуезов - парасат биігімен және ұшан-теңіз туындыларымен дара құбылысқа айналған адам. Оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік жүріп өткен жолы, мұрат етіп ұстанған азаматтық ожданы бар. Мағыналы, әрі бай өмірдің бүге-шігесіне дейін хатқа түсіріп шығу жалғыз автордың қолынан келмейтін шаруа. Алдыңыздағы шығарма осындай үлкен жолдың соңғы кезеңін қамтыған, сол арқылы Әуезовтің адамшылық-жазушылық мұратын, рухани сілкіністерін көркем кестелеген роман-толғау және жазушылық машықтың қыры мен сыры десе болғандай. Шығарма нәрлі, тіл кестесі ой тереңдігімен астасып келісті арнасын тапқан [53] .
Т. Жұртбайдың «Алаш ақиықтары» атты бұл жинаққа 1928-1932 жылдары арасында Мемлекеттік саяси басқармасының ерекше бөлімі «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» үкіметі қайраткерлерінің тергеу ісі деген атпен жүргізген тергеу ісіне тартылып:Кеңес өкіметін құлату үшін контрреволюциялық астыртын ұйым құрып, көтеріліс дайындаған, өздерінің қастандық идеясын насихаттау үшін «Алқа» жасырын үйірмесін құрған - деген желеумен түрмеге қамалып, алды ату жазасына, соңы жер аударылуға бұйырылған алаш ардагерлерінің тергеу ісіне айыптау айғағы ретінде тіркелген, не қылмыстық дәлелі есебінде көрсетілген, бұрын кітап бетінде басылым көрмеген көркем әдебиет туралы мақалалары мен ашық хаттары, аудармалары топтастырылған [16] .
Мекемтас Мырзахметұлының Әуезов және Абай атты еңбегінің бірінші бөлімінде Абай романы қалай жарық көрді? Әуезов әңгімелеріндегі синтаксистік фигуралар, Әуезовтің табиғатты бейнелеу шеберлігі, Әуезовтің ауыз әдебиетін зерттеуі, Әуезовтің театр туралы жазғаны, Мағжан мен Мұхтар ұлт тақырыптарын дамытудағы ізденістері, ал екінші бөлімде Абайтанушы ғұлама Мұхтартану, Мұхтар Әуезов және қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлу мәселесі, ұстаздық еткен жалықпас, Әуезовтің жарияланбаған еңбектері сөз болады [10] .
«Бесігіңді аяла!. . » атты бұл монография - эссе - жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың жиырма бес жылдық ізденісінің нәтижесі болып табылады. Мұнда ұлттық ұлы тұлға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық психологиясының қалыптасу жолы, көркем туындыларының жазылу тарихы мен тарихи негіздері, көркем кеңістік пен көркем уақыт, «Мәңгілік ел» нысанасы, философиялық ұлттық көркем ойлау жүйесінің терең тамырлары, кейіпкер мен жазушы арасындағы психологиялық байланыстың тылсым түйсіктері, Құнанбай және Абай сияқты тарихи тұлғалардың өмірлік деректері мен «Абай жолы» роман-эпопеясындағы көркем бейнелердің арақатынасы - салыстырмалы әдебиеттану әдісімен жан-жақты қарастырылып, теориялық тұрғыдан талданады [9] .
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Жазушы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, идеялық мазмұны, еңбек жолы мен шығармашылық дамуы эволюциясына арналған көптеген ғылыми-зерттеу еңбектері жарық көрді. Ұлы жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасы жөнінде әр алуан еңбектер жарыққа шығып, әуезовтану саласы нығайып беки түсті. Бұл орайда А. Нұрқатовтың, Л. Әуезованың, З. Қабдоловтың, Ш. Елеукеновтің, Т. Жұртбайдың, М. Мырзахметовтың, Д. Досжановтың, Р. Бердібаевтің кітаптары жарыққа шығып, жазушы өмірі мен шығармашылығы жан-жақты қарастырылды [23] .
Жұмыстың методологиясы: Дипломдық жұмысты жазу барысында, негізінен тарихи салыстырмалы талдау, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері тиісінше пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Диплом кіріспеден, негізгі үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
1. М. О. Әуезовтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі
1. 1 М. О. Әуезовтің өскен ортасы, білім алу жолы
Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы, әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алатын орны ерекше.
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой-санасының, сөз өнерінің, көркем прозаның асқар биігі. Ол теңдесі жоқ суреткер - жазушы, драматург, ғұлама ғалым-әдебиетші, зерттеуші, фольклортанушы, ұлағатты ұстаз және ірі қоғам қайраткері [1; 130-б] .
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы, 28 қыркүйекте қазіргі Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде туған. Оның әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше білім алған, ауқатты адамдар. Кішкентай Мұхтарды білімге баулыған осы атасы - Әуез.
Әуез Бердіұлы 1830 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген. «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» сұрапылынан кейін, тобықты руын Сыр бойынан Шыңғыстауға көшіріп әкелген атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің бірі, Бақтайыш батырдың ұрпағы. Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Омархан дүниеге келген. 19 ғасырдың 40-жылдарында Құнанбай Берді әулетін Арқат тауының солтүстік өңіріндегі Бетағаш қонысынан өз жанына көшіріп алып, Бөрліден оларға арнап қыстау салдыртады. Аралтөбеде - Абай, Бөрліде - Әуез қыстап, іргесі ажырамаған қоңсылас, сырлас, сыйлас, айнымас дос болып өтеді. Түрік, Шағатай, парсы әдебиетінен хабары мол, арабша білімі, мәдениет-парасаты жоғары Әуезді Абай: «Әуке аға», «үлкен қожа» деп атаған.
«Үлкен қожа - ортан қол, өзгелері - аты жоқ пен шынашақ» деп қадай көрсетуі, Әуез тұлғасына берген ақынның шынайы бағасын танытса керек [2; 5-б] .
Сөйтіп, болашақ жазушы - Мұхтардың балалық шағы сол кездің алдыңғы қатарлы идеялары, үлгі-өнегелері тікелей таралып жатқан жерде - Абай аулында өтеді. Бұл оның болашақ өміріне, творчестволық тағдырына игі әрі үлкен әсер етеді. Атасы немересін кішкентайынан өзі тәрбиелеп, Абай мұрасына деген іңкәрлігін оятады. Бұл жайлы Мұхтардың өзі өмірбаянында: «Бес-алты жасар кезім. Бір күні кешкісін ас алдында атам мені қасына шақырып алды. Оқуға жараған - жарамағанымды сынамақ екен, «р» дыбысы бар сөздерді айтқыза бастады.
Бұл дыбысқа тілің келмей тұрып, қара танимын дегенді ойыңа да алмайсың . . . Өйткені, ең алғашқы сабақ құранның «Бісмилләхи рахман иррахим . . . » деген сөздерін жаттаудан басталады . . . Атамның маған көңілі онша болмады-ау дейім, келесі күні тағы алды қасына . . . қолындағы қалың қолжазбаны көргенде неге шақырғанын біле қоям. Бұрынғыдан бетер ренжимін. Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы болса игі, бірінен бірі өткен қиын . . . Бұл кітап - Абай өлеңдерінің жинағы еді» деп жазады [3; 60-б] .
Атасы Әуез бен әжесі Дінасыл Мұхтарды «Қоңыр» деп атаған. Кейін Мұхтар мұны бүркеншік ат етті. Абай мен Мұхтардың балалық шақтары ұқсас. Мұхтар 9 жасында тұңғыш рет аулынан сапарға аттанады. Бұл - тұманды болашақ сапары еді [4; 180-б] .
Мұхтар Әуезов алғаш ауылдық орыс-қазақ училищесінде, кейін қаладағы оқу орындарында оқиды. Абай аулындағы бастауыш орыс мектебін 1908 ж. бітіреді де, бір жыл өткеннен кейін Семейдегі 5 кластық қалалық училищеге оқуға түседі. Мұны бітіріп шыққаннан кейін, яғни 1915 ж. М. Әуезов сол қаладағы мұғалімдер дайындайтын семинарияға оқуға түседі. Семейде оқып жүрген кезінде, әсірее семинарияда болған шағында болашақ жазушы өзінің білімін молайту, тереңдету жолында көп еңбек етеді. Ол әсіресе көркем әдебиет шығармаларын беріле, ынтыға оқиды. Дүниежүзінің және орыстың классикалық әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен Мұхтар Әуезов тұңғыш рет осы кезде таныса бастайды.
Орысша білім алу арқылы, орыс тілін үйрену арқылы дүниежүзілік мәдениеттің баға жетпес үлгілерімен осылайша жақын танысып, мол сусындайды. Сөйтіп өз тарапынан да іздене, толғана жүреді [5; 7-б] .
Жас Мұхтар сол кездердегі қалалық спорт жарыстарына да белсене қатысып, «Жарыс» футбол командасының жартылай қорғаушысы болады. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 ж. маусым айында Ойқұдық деген жерде Абайдың қызы Кенже мен Әйгерімнің тіркестіріп тіккен киіз үйінде сахнаға шығарады. Сол жылы Райхан Кәкенқызына үйленеді. Әуезов Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын Жүсіпбек Аймауытовпен бірге шығарады. «Абай» журналы оның журналист ретінде қалыптасуына тікелей ықпал етеді. 1919 ж. семинарияны бітірген тұста сүзекпен ауырып, жаз ортасына дейін ауылында болады. 1918 жылы ақпанда - Мұғамила, 1919 жылы - Шоқан есімді балалары дүниеге келеді. Шоқан іш сүзегімен ауырып, екі жастан асқан шағында шетінеп кетеді.
Тұрсын Жұртбаевтың «Бесігіңді аяла» деп аталатын роман эссесінде Мұғамиланың қысқаша естелігі келтірілген. «Әкемнен бір күні түн ішінде көз жазған соң мені Даниял Ысқақовтың әйелі Мукарамаға қалдырды да, Валентина Николаевна Ләйләні алып, Ленинградқа кетіп қалды. Не болғанын онша түсінгем жоқ» - дейді.
1920 жылы Семей қаласынан мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстер ашады. Сол жылы Райхан Кәкенқызымен ажырасып, Абайдың немересі Кәмилә Мағауияқызына үйленеді. 1922 жылы Ташкент қаласындағы Орта Азия Мемлекеттік университетіне оқуға түседі [2; 8-б] . Сол кездің өзінде-ақ ол тек оқумен ғана шұғылданбай ғылыми-педагогикалық, творчестволық жұмысқа, әсіресе баспасөз ісіне қызу араласып, атақты «Шолпан» журналын шығарушылардың бірі болды.
Түркістан баспасөздерінде басылым көрген көркем әңгімелері мен ойлы, проблемалы мақалалары, әсіресе «Манас» эпосы жайлы жасалған тұңғыш ғылыми баяндамасы арқылы, Ташкенттің зиялы қауымына ой сала білді. Әсіресе Абай мұрасының жұрт мойындаған айтулы білгірі ретінде таныла бастаған Мұхтар Әуезовті Түркістан Республикасының үкіметі 1923 жылы Ленинград университетіне арнайы жолдамамен жібереді.
Мұхаң Ленинград университетінің сол кездегі қоғамдық ғылымдар деп аталатын (Қазіргі тарих, филология факультеті) бөлімін 1928 жылы бітіріп шығады да, өзі үйренген Ташкентке қайта оралып, ғылыми педагогикалық, творчестволық жұмыстармен шұғылданады.
1929 жылы наурыз айында САГУ-дің Шығыстану факультетіндегі түркология кафедрасының аспирантурасына қабылданады [6; 16-б] .
САГУ аспирантурасында Мұхтар Әуезов фольклор, әдебиет тарихына байланысты зерттеулер жүргізеді. Мұхаң өзінің ғылыми жетекшісі Михаил Филипович Гавриловпен көп жұмыс істейді.
Кафедра мәжілісінде парсы тілінің оқытушысы профессор А. А. Семенов қазірдің өзінде М. Әуезовтің екі жыл бойы парсы тілін оқыған аспиранттармен бірдей жақсы даярлығы бар деп қуана хабарлаған [7; 18-б] .
Мұхаң Ленинградта оқып жүргенде Валентина Николаевна Кузьминамен тұрмыс құрады. Елдес және Ләйлә есімді ұл-қыздары дүниеге келеді. Елдес тосын дерттен дүние салады. Әуезова Ләйлә Мұхтарқызы - 30. 07. 1929 жылы Ташкентте дүниеге келеді. Ғалым, тарих ғылымдарының докторы. 1952 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан ҒА-ның тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері. 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Әуезов үйінің директоры болды. Әкесінің шығармаларына арқау болған оқиғалардың тарихи негіздерін зерттеуге арналған ғылыми еңбектері үшін оған Қазақстан ҒА-ның Ш. Уалиханов атындағы сыйлық 1979 жылы берілген [8; 6-б] .
Тағдыры қиын, әрі тосын бұрылыстарға толы, әйелдік жолы ауыр әрі үлкен құбылыстарды басынан кешірген адамның бірі - Фатима Ғабитова. Сұлулықты да, бақытты да, тауқыметті де жазымыш оның бір басынан аямаған. Бұл әйелдің жолы Мұхтармен отызыншы жылдардың аяғында тоғысып, қалған ғұмырдағы қарым-қатынастары күрделі күрмеумен өткен. Бұл адам жөнінде үндемеу - Мұхтардың бүйірінен қадалған шаншудың бірі туралы айтпау, өсекке ерік берумен пара-пар. Мұхтардың тұрмыстағы осал тұсының бірі де осы тарих.
Ол - тағдыр. Ұлы адамның тағдыры. Бұл арада жазықты да, жазықсыз да жоқ. Өмір бар.
Қиын-қыстау кезінде адамның басынан қандай ауыртпашылық түспейді. Ілияс Жансүгіров қолға алынысымен оның әйелі Фатима баспанасыз қалады. Аяғы ауыр. Барар жер жоқ. Отын қорада босанады.
Әбден шарасы таусылған Фатима жоғарыдағы «пәленшенің» үйіне тура барады да көмек сұрайды. Сол кезде Мұхтар да кіріп келеді. Ежелден таныс, дос адамның әйелінің мына түріне күйінген Мұхтар қаражат беріп, қолғабысын тигізеді. Екі жылдан кейін силастық сырластыққа ұласады.
Соның нәтиесінде 1943 жылы Жамбыл облысында нәресте дүниеге келеді. Сол нәресте Мұрат Мұхтарұлы Әуезов еді.
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов-мәдиеттанушы-ғалым, дипломат, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. Мәскеу мемлекеттік М. В. Ломоносов атындағы университеттің «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша шығыс тілдері Институтын бітірді және КСРО ғылым Академиясының әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының 27. 02. 2007 жылғы жалпы жиналысы арқылы Академияның толық мүшесі болып сайланды.
1970-1976 жылдарда М. М. Әуезов «Эстетика кочевья» ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975 жыл) философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті.
1981-1987 жылдарда ол «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болып қызмет атқарды. 1988-1990 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды. 90-шы жылдардың соңында М. М. Әуезов Қазақстандағы «Мир» көркемдік жетекшісі болды.
1990 жылы Әуезов М. М. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты болып сайланып, онда Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы болды.
1992 жылғы желтоқсаннан ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының ерекше тапсырмалары бойынша Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. 1995 жылы Алматы облысы әкімдігінің ақпарат және Қоғамдық келісім Департаментін басқарды.
1999 жылғы желтоқсаннан «Сорос-Қазақстан» қорының атқарушы директоры, 2002 жылғы шілдеден қордың Президенті қызметін атқарды. 2003-2006 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры қызметіне тағайындалды [9; 182-183 б] .
1930 ж. 16 қыркүйек күні Әуезов тұтқындалады. Оған:
1) Кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйым құрып, қарулы көтеріліс арқылы оны құлатуға әрекет жасады;
2) ұлтшылдық-байшылдық идеяологияны қолдап, байларды тәркілеуге және қосшы ұйымын құруға қарсы шықты;
3) ұлтшылдардың Кеңес өкіметі кеңсесіне, жоғары оқу орындарына жасырын түрде қызметке кіруіне үндеу тастады;
4) жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарға ұлтшыл-феодалдық пиғылдағы ақын жазушылардың шығармаларын енгізіп, арандату әрекеттерін жүргізді;
5) ұлтшыл-буржуазияшыл «Алқа» ұйымын құрды, қазақтың өткен тұрмысын мадақтайтын шығармалар жазды деген айыптар тағылады. Тергеу екі жылға созылып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. 1932 жылы 10 маусым күні «Социалды Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Ашық хат» арқылы Әуезов осы жылы түрмеден босатылып, Қазақ ауыл шаруашылық институтына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып уақытша жұмысқа орналасады. Осы уақытта «Абай жолы» романын жазуға кірісіп, 1941 жылы оны бітіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz