Мәмлүктер билігі дәуіріндегі Египет (ХІ – ХV ғғ.)



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ТАРАУ. МАМЛЮКТЕР БИЛІГІ ДӘУІРІНДЕГІ АРАБ
ДЕРЕКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІ.ТАРАУ. МАМЛЮКТЕР МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ТАРИХЫ.
ДЕШТІ.ҚЫПШАҚ ЕЛІМЕН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТНАСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Саяси тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Дипломатикалық қатнастар. Дешті.Қыпшақ елімен қарым.қатнас ... ..19
2.3. Египет турция қоластында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

III.ТАРАУ. ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ. МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР..34
3.1. Этникалық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3.2. Мәдени байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Біз таңдап алған Египет жөне Сириядағы Мамлютер мемлекеті туралы диплом жұмысы бахридтер династиясының билік құрған кезіне сәй келеді. Олар Дешті Қыпшақ Бату-хан мемлекеті, немесе Берке мемлекеті. Монғол империясының қоластындағы ІПыңғыс тұқымының билеушілер кезі еді. Оның "Алтын Орда" деп аталуы кейіннен пайда болған, ХҮІ-ғасырдың аяқ кезіне сәйкес келеді. Бату хан өз астанасын Сарай қаласына ауыстыру кезеңінен басталады.
Мамлюктер тарихын жалпы Египет пен Сирия мемлекеттерінің тарихын зерттеу Батыс Европа ғалымдарынан басталады. Ж. Дегиня (ХҮІІІғ), Д. Оссона (ХІХ-ғ.30- жылдарында), Х.Ховарс (ХІХғ.аяғы), Л.Каэн (ХІХғ.аяғы). Орыс тарихнамасында да көптеген зерттеулер бар. XIX-ғасырдың 30-жылдарында осы мәселені зерттеген тарихшы Н.И.Березина , сол кезеңдегі тарихи, мәдени даму тарихын кең көлемде зерттеген В.В. Бартольд .
Дешті Қыпшақтар тарихы туралы ірі монографиялық еңбек жазған А.Ю.Якубовский. Ол Алтын Орда туралы алғашқы жалпы еңбек . Алтын Орда ханы оның мамлюктермен қарым-қатнасы туралы еңбек жазған Г.Ф. Федоров, Е. Давыдов, М.Г. Сафаргалиев, Н. Мухамедияров, В.Л.Егоров.
Ол еңбектерде саяси құрылысы, қоғамдық құрылысы, шаруашлық уклады, Берке ұлысының тарихи георафиясы туралы мәлеметтер бар. Бұл зерттеулерде мемлекеттік басқару, соғыс мекемелері,ұлыстары туралы, рулық- туыстық қарым-қатнас, Дешті-Қыпшақ даласы мен мамлюктер арасындағы саяси- экономикалық қатнастар туралы жазылған.
Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген еңбектердің көбі таптық сипатта, біржақты болды. Отан тарихында, кеңес және орыс тарихнамасында
1. Амин аль-Холи. Связи между Нилом и Волгой. М.1962.
2. Ан-Нувайри.Ниханят ал-араб фи фунун ал-адаб Каир. 1983-1985.
3. Ал-Макризи.Ал-Хитат.Каир.1994-1996жж.
4. Березин Н.И.Очерк внутреннего устройства улуса Джучиева. М-Л., 1986
5. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху Монғольского нашествия. Соч.Т.І.М.
6. Босворт К.Э.Мусылманские династии. М.1971.
7. Васильев Л.С. История Востока в 2-х томах.М.,1998.
8. Греков Б.Д. ,Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. М-Л.,1950.
9. 3уклама А. Ал-Мамалик фи Миср Кахира.1995.
10. Закиров С. Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом.М
11. Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. Алматы,1997.
12. Крачковский И.Ю. Арабская географическая литература. Изб.соч.Т.4. Л.,1957.
13. Кумеков Б.Е.Арабские и персидские источники по истории кипчако ХІҮ вв. Алма-Ата. 1987.
14. Кумеков Б.Е. Об этнонимии кыпчакской конфедерации Западного Кипчака ХІІ-нач.ХІІІв.//Известия НАН РК, 1993.№1.
15. Кумеков Б.Е.Государство кимаков ІХ-ХI вв.по арабским источникам. Ата,1972.
16. Кумеков Б.Е. Мамлюкские антропонимы как источник по этнической составу Дешт-и-Кипчака.//Культурные и исторические процессы в странах Востока. Алматы, 1998.
17. Кумеков Б.Е. Об этническом аспекте изучения мамлюкской антропонимии.//Валихановски чтения.Кокшетау. 1992.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

МӘМЛҮКТЕР БИЛІГІ ДӘУІРІДЕГІ ЕГИПЕТ (ХІ – ХV ғғ.)

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ТАРАУ. МАМЛЮКТЕР БИЛІГІ ДӘУІРІНДЕГІ АРАБ
ДЕРЕКТЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...7
ІІ-ТАРАУ. МАМЛЮКТЕР МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ТАРИХЫ.
ДЕШТІ-ҚЫПШАҚ ЕЛІМЕН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ
ҚАТНАСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 14
2.1 Саяси
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .14
2.2. Дипломатикалық қатнастар. Дешті-Қыпшақ елімен қарым-қатнас ... ..19
2.3. Египет турция
қоластында ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..31

III-ТАРАУ. ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ. МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР..34
3.1. Этникалық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..34
3.2. Мәдени
байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 44

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...48

КІРІСПЕ

Біз таңдап алған Египет жөне Сириядағы Мамлютер мемлекеті туралы
диплом жұмысы бахридтер династиясының билік құрған кезіне сәй келеді. Олар
Дешті Қыпшақ Бату-хан мемлекеті, немесе Берке мемлекеті. Монғол
империясының қоластындағы ІПыңғыс тұқымының билеушілер кезі еді. Оның
"Алтын Орда" деп аталуы кейіннен пайда болған, ХҮІ-ғасырдың аяқ кезіне
сәйкес келеді. Бату хан өз астанасын Сарай қаласына ауыстыру кезеңінен
басталады.
Мамлюктер тарихын жалпы Египет пен Сирия мемлекеттерінің тарихын
зерттеу Батыс Европа ғалымдарынан басталады. Ж. Дегиня (ХҮІІІғ), Д. Оссона
(ХІХ-ғ.30- жылдарында), Х.Ховарс (ХІХғ.аяғы), Л.Каэн (ХІХғ.аяғы). Орыс
тарихнамасында да көптеген зерттеулер бар. XIX-ғасырдың 30-жылдарында осы
мәселені зерттеген тарихшы Н.И.Березина[1], сол кезеңдегі тарихи, мәдени
даму тарихын кең көлемде зерттеген В.В. Бартольд[2].
Дешті Қыпшақтар тарихы туралы ірі монографиялық еңбек жазған
А.Ю.Якубовский. Ол Алтын Орда туралы алғашқы жалпы еңбек[3]. Алтын Орда
ханы оның мамлюктермен қарым-қатнасы туралы еңбек жазған Г.Ф. Федоров,
Е. Давыдов, М.Г. Сафаргалиев, Н. Мухамедияров, В.Л.Егоров.[4]
Ол еңбектерде саяси құрылысы, қоғамдық құрылысы, шаруашлық уклады,
Берке ұлысының тарихи георафиясы туралы мәлеметтер бар. Бұл зерттеулерде
мемлекеттік басқару, соғыс мекемелері,ұлыстары туралы, рулық- туыстық қарым-
қатнас, Дешті-Қыпшақ даласы мен мамлюктер арасындағы саяси- экономикалық
қатнастар туралы жазылған.
Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген еңбектердің көбі таптық сипатта,
біржақты болды. Отан тарихында, кеңес және орыс тарихнамасында Мамлюктер
мемлекеті тарихына екі макала арналған. Византиятанушы Ф.И.Успенский және
В.Ф.Тизенгаузен еңбектері, онда Византия, Сербия және Болгария
мемлекеттерінің сыртқы саясаты туралы зерттелген[5].
Бұл тақырып бойынша жарық көрген ең ірі монографиялық еңбек Л.А.
Семенова зерттеуі. Онда ХІІ ғасырдың екінші жартысы-ХҮІ-ғасырдың бас
кезіндегі Египеттегі қоғамдық қатнас, яғни Айюбидтер және Мамлюктер
династиясының билік кезеңіне тоқталған.[6] Бұл еңбекте әлеуметтік-
экономикалық проблемаларға көп көңіл бөлінген, саяси тарихқа, мәдени
мәселелерге аз көңіл бөлінген.
Тарихшы-шығыстанушы А.Ш.Қадырбаевтың "За пределами Великой степи"-
деген еңбегінде бір тарау Египет және Сириядағы мамлюктер династиясының
саяси тарихына арналған[7]. Онда қыпшақтар арасынан шыққан билеуші
сұлтандарға ерекше көңіл бөлді.
Мамлюктер мемлекетінің пайда болуы, дамуы және құлауы туралы қысқаша
шолулар оқү құралдарында бар "История стран Зарубежной Азии в средние
века", "Всемирной истории"(3т.)[8].
Мамлюктер кезеңі туралы зерттегенде көп еңбек еткен батыс европалық
ғалымдар, тарихшылар. Онда тарихшылар көңілін аударған мәселелер- сұлтандар
қызметі, соғыстар, сауда және дишюматиялық қатнастар, мәдениет және дін
мәселелері (Г.Вейля, Х.Гибба, Х.Готтшалка, Л.Девик, С.Лен-Пуля, В.Мьюйр
және т.б.) еңбектері.
Әлеуметтік-экономикалық мәселелер туралы зерттеген ғалым-
шығыстанушылар С.де Саси, Х.Беккер., А.Поляк, К.Каэн, В.Поппер және т.б.
Ең ірі еңбек қатарына жататын зерттеу хронологиялық анықтама беретін
К.Э.Босворт еңбегі, онда бүкіл ірі мұсылман династиялары туралы соның
ішінде мамлюктер туралы жазылған. Әр династияға жеке тоқтала отырып оның
билеушілеріне жеке сипаттама берген, ол династияның тарихын және
библиографиясын келтірген. Оның еңбегі орыс тіліне аударылған[9].
Д. Айелан еңбегінде бахри және бурджи мамлюктері және мамлюктер
билеушілігі кезіндегі саяси құрыдыс пен соғыс мекемелеріне ерекше
тоқталған.[10]
Американдық шығыстанушы П.Голденнің тарихнамалық еңбегінде мамлюктер
туралы қысқаша мәліметтер бар[11].
Қазіргі кезеңдегі Египет тарихшылары ерекше зерттеу кезеңі ретінде
мамлюктер кезін бөліп алып зерттеуде, әсіресе ерекше көңіл бөліп
зерттейтіні саяси тарихы. А.Хасан және М.Сурур еңбектері мамлюктер тағында
түріктердің билік құрған кезіне және олардың сыртқы жаулармен күрес
кезеңіне арналған[12]. А.Хасан еңбектерінде мамлюктер кезеңіндегі басқару
жүйесіне ерекше көңіл бөлсе, М.Сурур еңбегіде-қолөнер мен жершаруашылығына
тоқталған.
Ал А. Зуклам еңбегінде мамлюктердің екі династиясының саяси тарихына
сипаттама берілген, олардың Монғолдар мемлекетімен Хулагумен қарым-қатнасын
және Алтын Ордамен ара-қатнасын, сонымен қатар мамлюктердің Армян және
түркмен тайпаларымен байланысына тоқталған[13]. Египеттегі мамлюктер
мемлекеті туралы Эденбург университетінде 1894 жылы оқылған В.Мюир лекциясы
таяуда жарық көрді[14].
Бұл еңбекте жазбаша деректерге сүйене отырып Египеттің мамлюктер
билігі кезіндегі саяси өміріне сипаттама береді, онда ғылымның дамуы, соғыс
ісі, арабтар арасындағы түрік тілінің орны туралы мәселелерге тоқталған.
Дешті-Қыпшақ пен мамлюктер мемлекеті арасындағы қарым-қатнас туралы
жарық көрген еңбектер жоқтың қасы. Ең ірі саяси әлеуметтік бірлестіктер
арасындағы қатнас көп жақты болды. Ең алғаш жарық көрген бүл мәселеге
арналған кітап египет тарихшысы Амин аль-Холи еңбегі[15]. Оның еңбегінде
ХІІІ-ХІҮ-ғасырларда мамлюктер мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы
экономикалық, саяси және мәдени қатнасқа сипаттама берілген.
Кеңес дәуіріндегі тарихи шығармалар ішіндегі Алтын Орда мен Египеттегі
мамлюктер дәуіріне арналған зерттеу жұмысы С.Закиров еңбегі[16].
ХІП-ХІҮ ғасырда Алтын Орда мен египеттегі мамлюктер кезіндегі тарихи-
мәдени дамуға арналған еңбек Э.Н.Наджип зерттеуі[17]. Бұл еңбекте сол
территориядағы әдеби тілдерге сипаттама және тарихи сөздерге түсініктеме
берілген.
Жоғарыда көрсетілгендеи жалпы тарихнамалық шолу екі мемлекет
арасындағы қарым-қатнас мәселесіне арналған.

І. ТАРАУ. МАМЛЮКТЕР БИЛІГІ ДӘУІРІНДЕГІ АРАБ ДЕРЕКТЕРІ

Мамлюк сұлтандары мен дешті- қыпшақтар арасындағы байланыс туралы
нақты тарихи сипаттама беретін ХШ-ХІҮ ғасырға жататын араб жазба
ескерткіштері. Олар араб жазба әдебиетінің әртүрлі салаларын қамтиды,
басқарушылық- географиялық анықтамадан бастап, космография, тарихи хронды
және энциклопедиялық деректерге дейін өзіне жинаған.
Монғолдарды және кресшілерді жеңген соң мамлюктер Таяу Шығыстағы
тарихнамашыларының көңіл өзіне аударды. Алғаш рет Европалық зерттеушілері
араб деректерін пайдаланды, олар Европаның көршісі мұсылман елдерінің
зерттеуде ерекше көңілді мамлюктер тарихына арнады.
ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы зерттеушілер Д.Эрбело, Ж.Дегиня, Д. Оссон және
Хаммер-Пургшталл өз еңбектерінде Сиро-егиипеттік, яғни мамлюктік оқиғаны
сипаттауды қолданған[18].
Келесі Египет тарихын зерттеп ол туралы ғылыми еңбек жазған Е.Катрам
мұсылман тарихынан географиялық және тарихи материалдарды жинақтап одан
Египетке байланысты деректерді топтастырған[19].
Ол ал- Омари еңбегін аударған автор[20]. Одан соң жарық көрген еңбегі
географиялық Абу-л-Фиды және Ибн Баттуттың саяхатының жазбалары[21].
Осы кезде өздерінің тарихи еңбектерін жазған Ибн Халдун"Мукаддим" Ияс
"Истории Египта"[22].
Орта Азия және Шығыс Европа жеріндегі түрік және Монғол тектес
халықтардың тарихы мен мэдениеті туралы тарихи деректерді жинап, оны
реттеуде, кеңейтуде орыс шығыстанушылары көп еңбек етті.
Шығыс жазба ескерткіштерінің жарыққа шығуына көп еңбек еткен
В.Г.Тизенгаузен. Оның көп жылғы аянбай еңбек етіп жарыққа шығарған еңбегі
мұсылман қол жазбаларынан жия отырып, араб және парсы деректері арқылы
жарыққа шығарған Алтын Орда тарихы туралы шығармасы. Бұл тақырып бойы көп
дерек беретін оның шығармасының 1- томы.[23]
Оның әртүрлі деректер арқылы жинап жазған еңбегі Европа қорлары
сақталып осы күнге дейін Дешті- Қыпшақ және оның Мамлюктер державасын
әржақты байланысы туралы дерек беретін құнды еңбек.
Осы еңбектен соң жарық көрген зерттеулер ад-Димашки, тарихи еңбегі
авторлары Ибн Дукмак және Халил аз-Захир. Ол еңбектерде тарихи кезеңдерге
сипаттама беріп, талдау жасаған. Территориясы, халқы, шаруашылығы, сыртқы
саясаты талданған.
XIX ғасырдың бірінші жартысында тарихи хроника және араб
энциклопедиясының Мамлюк кезеңіне арнаған көп томдығы жарық көреді. Содан
бастап бұрын жарық көрген еңбектерді салыстыра отырып зерттеуге мүмкіндік
туды. Ал-Макризи шығармасы "Хитат" (1911-1927жж.) жарық көрді, сол еңбегі
(1934-1942 жж.) "Сулук", ал-Калкашанда (1913-1919 жж.), ал-Омари (1922ж.)
Нувайри (1923-1955жж.), Ибн Тагриберди (1929-1957жж.), Ибн ал-Фурат (1936),
Ибн Давадар (1960) және тағы басқа еңбектер. Осы классикалық шағармалардың
Арқасында орта ғасырлық араб деректерінің нақты деректік негізі пайда
болды. Шығыстанушы медевистер негізі қаланды.
Нақты деректерімен және мазмұны жағынан толықтығымен мамлюктер
сипаттайтын еңбек географиялық араб әдеби шығармалары негізінде жазылған
И.Ю.Крачковский еңбегі.[24]
Мамлюктер кезеңімен Алтын Орда туралы жекелеген араб деректеріне
сипаттама берген еңбектер Л.А.Семенова, И.М.Филыптинский еңбектері. Бұл
зерттеушілер өз еңбектерін жазар кезде алдарына белгілі бір мақсат койып
бір дерекке сипаттама беруді ойлаған және онда өзін қызықтырған материалды
ғана еңгізуге тырысқан.
Бұл тақырып бойынша жаңадан шыққан еңбек қатарына "Прошлое Казхов" в
письменных источниках Ү в.д.н.э.-ХҮ в н.э."(Алматы, 1997) деген материалы
жинағы жатады. Бұл жинақтың авторы Б.Б.Ирмухановтың айтуы бойынша "Жас
Қазақстанның ежелгі және орта ғасыр тарихын оқытуда қажетті қосымша
материал бола алады"[25]. Бұл жинақ шынында да 2 мың жылдық кезеңді қамти
отырып қажетті материалдарды қамтыған және ол тек Қазақстан тарихын ғана
сипаттамайды, жекелеген көрші шығыс халықтарының тарихын да қамтыған. Бұл
жинаққа араб ауызша жазба деректерінің Дешті-Қыпшақ және Мамлюк сұлтандары
арасындағы байланысты сипаттайтын жерлері еңгізілген. Әсіресе берілген
хабарламалық мақалалары ерекше құнды болып табылады.
ХІІІ-ХҮ ғғ. Көптеген жазба деректерді берген, зерттеліп отырған
кезеңді сипттайтын құнды еңбек.
Ерте мұсылман кезеңіне жататын тарихи құнды еңбек шыққан тегі қыпшақ
Рукн ад-Дин Байбарс ал-Бундукдари сұлтанның өмірбаяны туралы еңбек (1260-
1277 жж), оның хатшысы Абд аз-Закир жазған.
Өмірбаяндық шығармада Алтын Ордамен қарым-қатнас туралы деректер,
Қырымнан Итил жеріне сипаттама, Қырымдағы тайпалық одактарға сипаттама
жердегі Дешті- Қыпшақ жерінен қоңыс аударғандар туралы, Алтын Ордадағы
наным-сенімдерге сипаттама берген. Бұл хроникалық еңбекте Египеттің 1260-
1265- жылдар арасындағы қоғамдық-саяси өміріне нақты сипаттама береді[26].
Бұл тақырып бойынша деректер "Выборка времени о диковинках суши" деп
аталатын аспан әлемін зерттеуші сириялық ад-Димашки еңбегі (1256-1327) ол
суфизм ілімін жақтаушы болған. Оның еңбегінде Дешті -Қыпшақтар және оны
қоршай орналасқан түрік халықтары туралы тарихи-этнографиялық мәліметтер
бар. Онда діни наным-сенімдер, салт-дәстүр және әдет-ғұрып және қандас-туыс
құрамдары туралы мәліметтер өте көп.[27]
ХІҮ-ғасырдың бірінші жартысындағы Египеттің ішкі өмірі туралы құнды
деректер жалпы тарихи еңбек мамлюк чиновнигі Ибн Давадар құрастырған
"Великолепный жемчуг в жизнеописании Малика Насира". Ол мамлюктер ішкі тақ
үшін күресте ерекше көзге түскен адам, ол күрес ан-Насир Мухаммад жеңісті
аяқталған. Оның шығармасында ан-Насир сұлтанның билік кезеңі сипатталадь
Дешті-Кыпшақтар мен байланысы баяндалады.[28]
Жоғарғы Египетте туған белгілі тарихшы ан-Нувайри (1279-1332жж.)
энциклопедиялық жинақ "Предел желаний относительно дисциплин адаба "деген
ірі еңбек жазады. Ол энциклоредия 5 бөлімнен тұрады, оның ақырғысы тарих ол
бүкіл еңбектің тең жартысын алады. Онда тарихи кезеңге 1331-жылға дейін.
Хроникалық сипаттама берген, автор түрік халықтарының тарихы мен
"қыпшақ еліне" сипаттама берген, қыпшақтардың белгілі рулары арасындағы тақ
үшін күрестерге тоқталып қыпшақтар руы туралы құнды тізімді келтірген[29].
Өте қызықты да құнды энциклопедиялық еңбек "Пути взоров по владенш
городов"-деген Дамаскілік ал-Омари( 1301 -1349) еңбегі. Ол 1347-1351 жылдар
Насир сұлтан кезінде мемлекеттік хатшы болған. Оның 1- томында сол кезеңд
белгілі Шығыстан Батысқа дейінгі мемлекеттерге автор сипаттама берген. Әс
Дешті-Қыпшақ жеріндегі Монғолдардың араласып кету процесі, ондағы қалалг
поселкалар, орналасуы, қүқық және салт-дәстүр, қыпшақтардың өмірі туралы
жазған. Ал-Омари тарихи еңбек "Ат-Тариф" авторы, онда Египеттегі мамлюкт
қоғамдық және саяси өмірі туралы мәліметтер бар.[30]
Осы кезеңге жататын құнды еңбек араб саяхаткері Ибн Батут (Баттут)
(130 еңбегі, ол өзі саяхат жасай отырып Азия және Африка жерлерін 25 жыл
жүре отырып 150 мың км. аралап жүріп өткен. Ол өзі көрген елдері туралы
"Подарок созерц; о диковинках городов и чудесах путешествии"-деген
еңбегінде жазған. Ең құнды материалдар Крымнан Солтүстік Кавказ далалары
арқылы Волгаға дейінгі ара. сипаттаған жерінен альшады, ол хан резиденциясы
Сарайда болып, оны суреттеген. Ол Дешті-Қыпшақ елінің шаруашылығы, тұрмысы,
мәдениеті, діні елдің тарихи географиясы, жері туралы жазған[31].
Көптеген құнды деректерді көрнекті араб тарихшысы Ибн Халдуннан (1406)
алуға болады. Ол өзінің тарихи еңбегі "Книга назиданий и поучительный
примеров" деген 3 бөлімнен түратын еңбегінде 1-ші бөлімді өзінің
әлеуметтік, философиялық және саяси -экономикалық көзқарасына, қоғам мен
мемлекеттің дамуына, жалпы адамзат цивилизациясының тұтас дамуына,
адамдардың қызметі мен әдебиеттке арнаса, екінші бөлімін ежелгі халықтардың
тарихы, мұсылман мемлекеттері туралы кейінгі авторлардың зерттеулеріне оның
ішіндегі Мамлюктер және Дешті қыпшақтарға арнаған. Үшінші бөлімі арабтар
мен бер гітарихына арналған.
Ибн Халдун еңбегі Египеттің Дешті Қыпшақтарға деген қызығушылығы
көптеген мәліметтер береді. Ұлы дала билеушілерімен хат-хабар алысу жағын
мамлюктердің соғыс мекемелері, соғыс істері туралы көп дерек береді. Онда
қыпшақтар мен татарлар арасындағы тарихи-мәдени байланыс туралы, Дешті-
Қыпшақтар арасындағы ішкі тартыстар, батыс Дешті жеріндегі қыпшақтардың
шаруашылық қызметі, рулық-тайпалық құрылымы туралы көп мәлімет береді.[32]
Египет тарихына байланысты жазылған ал-Макризидің (1364-1442) екі шығармасы
ерекше құнды дерек. Ол Каирдатуған, судья болып істеген. 1408ж. ол
Дамаскіге жұмысқа жіберіледі. 10-жылдан соң қайтып келген соң ол ғылым
жұмысқа ден қояды. 1-ші еңбегі тарихи хроникалық шығарма "Книга путей к
познанию правящих династий". Ол Египеттің 1181-жылдан 1440-жылға дейінг
тарихын қамтиды. Бұл шығармада мамлюк билеушілері туралы, Египеттегі
қыпшақтардың тұрмысы мен салт- дәстүрі, Дешті жеріндегі мамлюктер мен
қыпшақтар арасындағы мәдени байланыс, Дешті-Қыпшақ мелекеті оның
билеушілері, ислам дінің қабылдаулары туралы мәліметтер мол. Екінші тари
еңбек "Титат" мамлюк қыпщақтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы және
мамлюк мемлекетінің Дешті-Қыпшақтармен сауда және достық байланыстары
жазылған шығарма.
Қызықты деректер Қатарына жататын еңбек Египет тарихшысы Ибн
Тагриберди (1409-1470) еңбегі "Книга блестящих звезд о царях Египта и Каир;
атақты мамлюк тұқымынан, сұлтан сарайында қызмет еткен. Ол еңбекте
мамлюктер мен кыпшақтер елі арасындағы сауда және мәдени байланыстар, Берке
мен ел арасындағы достық қарым-қатнас, Египеттегі қыпшақтардың қүқықтық
негіздері туралы жазған.[33]
Мәдени, саяси және дипломатиялық қатнастар туралы көптеген құнды
деректерді энциклопедиялық еңбек Ибн Фурат (1334-1405), Шығармаларынан,
Калкашанди 1355-1418), Ас-Сукан (1264-1324), Ибн ал-Фувати (1333 ж. өлген),
Могултай (1371ж. өлген), Ибн Касирдің (1299-1373жж.) тарихи шығармаларынан
болады.[34]
ХҮ-ғасырдың аяғы ХҮІ-ғасырдың бас кезіндегі жарық көрген Египет тарихы
туралы жарық көрген Ибн Ияс хроникасы "Книга истории Египта, изветсной
редкими цветами среди событий эпохи". Бұл еңбекте мамлюктер династиясының
тарихы, Дешті-Қыпшақтармен дипломатиялық қатнасы, Египеттегі қыпшақтаі
салты мен дәстүрі, тұрмысы, ан-Насирдің Узбек-ханның қызына үйленгені
туралы мамлюктік Египеттегі мәдени орта және әлеуметтік өмір туралы
жазылған[35].
Орта ғасырлық араб тарихшыларының еңбектерінде Египеттегі Мамлюктер
мемлекеті және Сирия туралы, Египет пен Сириядағы мамлюктердің этникалы
құрамы туралы Ибн ал-Фувати, ас-Сукан, ад-Давадари, Ибн Шакир, Могултай,
Касир, Ибн ал-Фурат, Ибн Тагриберди т.б. еңбектері бар. Ал Дешті-Қыпшақта
этникалық құрамы туралы араб географтары мен тарихшыларының деректерін
сүйеніп Шығыстағы және Батыстағы Дешті-Қыпшақтар туралы Ахмад ад- Тин
Нувайри, ад-Димашки, Ибн-Халдун, Ибн-Дукмак еңбектері бар. Орта ғасыр
ғалымдарының еңбектері мамлюктер мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ жеріне саяси
этникалық жағдайларды салыстыруға мүмкіндік береді.

ІІ-ТАРАУ. МАМЛЮКТЕР МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ТАРИХЫ.
ДЕШТІ-ҚЫПШАҚ ЕЛІМЕН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТНАСТАР
2.1 Саяситарихы

1256-жылы Хулагу Амудария арқылы өте отырып Иран жеріне соғыс
әрекеттерін бастады. Ол елді бағыедыра отырып Бағдат жеріне қарай жылжьц
Монғол армиясының шабуылы нәтижесінде 1258-жылы құлады. Иранның басты
территориясында Хулагу өз мемлекетін құрды.
Осы жаңа Монғол мемлекетінің жалпы Монғол империясының қоластында
пайда болуынан бастап мұсылмандар дүниесінде бір-бірімен тақ үшін күрес,
сол аренадағы билік үшін күрес басталды, бір жағынан Жошы мүрагерлері
арасын, екіншіден Хулагидтер арасында және бір-бірімен. Бұл тартыс- күрес
жүз жылға дейін созылды.
Жошы мүрагерлері Берке және Хулагу арасындағы соғыс 1262-жылы бастады
яғни Итилдегі (Волгадағы) Берке астанасы Сарайға Египеттің мамлюктер
мемлекетінің бірінші елшісі келген кезде. Бұл соғыстың себептері туралы
зерттеушілердің көбінің көзқарасы бойынша ол Беркенің Арран және Азербай,
жеріне қызығуынан дейді, Иран жеріне келген алтынордалық патшазадаларды
Берке оларды уландырған деп ойлаған, Берке сол кезде өзін Хулугудың қысында
көріп жүрген исламдықтардың өзін қорғаушы деп жариялайды. Берке исламды
жақтаушы ретінде, соны сылтау етіп Бағдат халифатымен келісімге келеді.
1260- жылы 3-сентябрьде Хулагидтер армиясын Палестина жерінде
мамлюктер Джалут жеңген соң Египет тағына ал-Малик аз-Захир Байбарс
Бундукдари келеді (1260-1277жж.). Бұл билеуші таққа келісімен өзінің
негізгі жауы -иран, Монғолдарға қарсы одақтас іздей бастайды. Бұл кезде
негізінен жалпы сол тарихи кезеңде діннің рөлі өте зор болды және ол сол
кезеңдегі идеология осыған байланысты Египет сол кезеңде Хулагидтік Иранға
қарсы Дешті -Қыпшық елімен достық және соғыс одақтастығында болуға ұмтылды,
Сириядағы мамл мемлекетшің көрші жатқан елімен. Бірақ мамлюктердің дінің
сатқан хулагидті қарсы үгіт-насихаты, күресі тек 40 жылдай уақытқа ғана
созылды, ХІІІ-ғасырд аяғында ХІҮ-ғ.бас кезінде діни қарама-қарсылық
жойылды, ол кезде хулагид Токудир (1282-1284 жж.) ислам дінің қабылдады,
сосын Газанханда исламды қорғаушылар жағына шықты.
Бұл саяси аренадағы шиеленістің діни сипаты туралы Бейбарстың Беркеп
жазған дипломатиялық хатынан көруге болады, онда Беркенің Хулагуге қарсы
"Хулагу татарларына қарай, қарсы міндітті түрде қасиетті соғыс жүргізуге
тиімді екені жазылған[36].
Сонымен қатар дештіқыпшақтардың ханы Берке Жошының ұлы ретінде , яғни
Шынғысханның үлкен ұлының баласы ретінде руда өзін үлкен санаған, сондықтын
Иран мемлекетінің билеушісі Хулагуден- Тули-ханның, яғни Шынғыс ханның
ұлының баласынан- сөзсіз бағынуды және Монғолдардың салттық құқұғы бойынша
сыйлауды талап еткен.
Бірақ Хулагу ұлы хан Мөнке атымен Иран, Ирак, Кавказ және Анатолий
билеп өзіне ильхан деген атақ береді. Осылайша исльхандар мемлекетінің
негізі қаланады. Оның бірақ көп жауы болды, бір жағынан Алтын Орда мен
Мамлюк екінші жағынан Монғолдардуң билеуші үйі- Чагатайлықтар оларда
ильхандық Кавказдағы және Иранның солтүстік-шығысындағы территория үшін
күресті. Ильхандықтарға деген жалпы жек көрушілік мамлюктер мен Берке ұлыс
арасындағы саяси және сауда одақтастығына алып келді. Ильхандықтар өз жағын
мұсылмандарға қарсы одақтастықты күшейтуге тырысты, сөйтіп өз жағына
Европалық христиандық державаларды, Леванта аймағындағы қалалардағы және
Киликийлік Армения жеріндегі кресшілерді тартты. Ильхандықтар өздерінің
және буддизмге берілгендіктерін көрсетті Ильхандықтар сыртқы жауға қарсы
алды. Абу Саид (1317-1335жж.) ильхандар династиясының ақырғы көрнекті өкілі
бірі болды. 1323-жылы ол мамлюктермен келісімге келеді және Сирия үшін
күреске шек қойды.
Сирия жеріндегі Монғолдар үстемдігі жойылуына байланысты жерді бөліп
өзінің көрнекті соғыс-әскери басшысы Бейбарспен санаспады. Каирге жеңуші
басшысы ретінде келе жатқан жерінде Кутузды Бейбарс өлтіріп, Кутуздың
эмирлерінің қолдарымен жаңа сұлтан болып Каирге келеді.
Осы Бейбарс сұлтанның билікке келуімен байланысты бахриттік мамлюк
билік кезеңі басталып жүз елу жылдай уақыт Египет және Сирияда олар билік
болады. Сұлтан Бейбарсты аль-Малик аз Закир деп атаған, яғни жеңімпаз
патша деген мағнаны білдіреді. Мамлюктер мемлекетінің ең бір күшті
билеушшерінін болған ол үкіметті бір орталықтандырды, Сирияны біржолата
Египетке толық аюбидтердің тәуелсіздігін жоя отырып ақырғы бекіністері
Коракты алды. Оны кезінде бірінші рет көп жылға созылған эмирлер арасындағы
өзара қырқысу соғыстары тоқтатылды. Ол елді Индия, Аравия және европалық
мемлекетгер арасындағы сауда дәнекері етті.
Басқарушылық системада мамлюктер Салдах ад-Диннің дәстүрлі билеуін
жалғастырды. Ол бойынша Египет провинцияларға бөлінді, оның басында өзі
қойған адамдары отырды, ол тек сұлтанға бағынды. Сұлтан өз қол астында
азадап әскери, діни үкімет билігін ұстады. Армияны қайта құрды, ол
бұрынғыдай құл толықтырылды. Үстемдіктегі билеуші таптың өзінің әскери
отрядтары болды, сұлтанның бүйрығы бойынша соғыс кезінде өздері бастап
соғыс әрекеттеріне тұруы керек болды. Ауыз әдебиетінде және эпикалық халық
әдеби туындысын құдыретті сұлтан исламның ерлерінің бірі ретінде
суреттеледі, Монғолдармен нәтижесінде және де Кіші Армения жеріндегі
кресшілер мен христиандармен соғыстағы ерліктері арқылы Бейбарс Антиохиядан
басқа (1268) кресшілерге қарсы қалалар мен бекіністерді бірінен соң бірін
жаулап алды, тек Триполи мен Акка франктер қолында қалды.
Бейбарс тұсында теңіз флоты күшейтілді, оны билеу үшін арнайы Диван
құрылды-Диван Флот, басқа Дивандар секілді оған жер бөліп берді. Крестьян
жерге бекітілді, көптеген алым-салықтар төледі. Бұл салықтар ақшадай
соньмен қатар жер өнімдеріне байланысты заттай, өнімдей де салынды. Салық
түрлері- ушур, джизья, закятзекет.
1277-жылы Байбарс Монғолдарға қарсы соғыс әрекетін бастады, жаңа армия
жиып Тебриз арқылы оларға оларға еңді. Бірақ ол шегінуге мәжбүр болады және
шегінген кезде белгісіз жағдайда өледі.
Каирдегі Бейбарс кезеңіне былай сипаттама беруге болады "Каир бұрынғы
секілді болды-исламның орталығы және діни астана ретінде қалды, ал оттоман
сұлтандар өз үкімет билігін күшейтіп өз қолдарына діни және саяси билікті
топтастырғанша сақталды".
Бейбарстан соң таққа оның ұлы Малик Саид (1277-1279жж.) келеді. Ол
Бебарстың орталықтандыру саясатын жалғастырды, белсенді сыртқы саясат
ұстады. Кавказ қалаларынан түскендер арнайы мамлюктер отрядын құрды, ол
черкеестік деп аталды. Бұл отряд одан соң Египет өмірінде, оның саясатында
елеулі роль атқарды.[37]
Калауннан кейінгі билеушілер -сұлтандар билеуші бола отырып елді орт;
баскара алмады. Бүкіл билік эмирлер қолында жинақталды, олар сұлтанның биін
шектеп отырды. Кейінгі бахриттік мамлюктер сұлтаны Калаунның мүрагерлер
болды, тек арасында патшазадалардың тақ үшін күрес кездерінде 1294-1299жя
1310-жылдары ғана ауысты, немесе олар билікте болып елді негізінен билеп от
эмирлер қолындағы ойыншық болды. Ішкі саясаттағы осындай тұрақсыздыққа
қарамастан сыртқы саясатта мамлюктер үнемі жеңіске жетті, бірде
Монғолдармен бірде көрші мемлекеттермен күресті.
ХІҮ-ғасырдың 40-жылдарынан бастап Сирия және Египет билеушілері
арасында шиеленіс басталды. Бұл мемлекетті әлі бір орталықта тұтас болып
қалған менде әлсіретті. Бұл жағдайда шешуші рөлді черкасстық отрядтар алдын
Каирдегі цитаделде орналасып, сұлтан тірегі бола отырып олар өз қарсыластар
бахридтерді ығыстырып жаңа мамлюктер династиясын бурджиттерді құрды.
Орта және Таяу Шығыстағы мемлекеттердің сыртқы саясат тарихы Дешті
Қыпшақтар (Алтын Орда) және Хулагидттік Иран елдерінің арасындағы қатнас
байланыстары қарастырылып, Жошы мүрагерлері мен Хулагидтер арасындағы тағы
күрес Дешті Қыпшақ пен Мамлюктік Египет арасындағы одақтастыққа алып келді.
Сонымен қатар хулагидтердің Сирия жеріне деген қызығушылығы да мамлюк
мелекетінің Берке ұлысымен байланысын күшейтті. Осы үш мемлекет ішінде
тиімді жағдайда болған Египет. Ол сол кезеңде экономикалық жағынан күшті
мемлекет болды, 1261-жылы Сирияны бағындырған соң және 1291-жылы
Палестинаны басып алған соң Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік сауда
айналды. Ол кезеңдегі саяси жағдайға кресшілер де әсер етті Олар бір
орталық экономикасы дамыған және күшті армиясы бар Египеттегі мамлюктер
армиясын кезінде өздері басып алған территорияда тұрақтай алмайтынын
білдірді және елден өздеріне одақтас іздеді. Осылайша кресшілер өз
қолдарынан келмеген Египет мамлюктер дәуірін қиратпақшы болды.
Мамлюк сұлтандары және Ұлы Даланың хандары саяси, этномәдени, сауда,
дипломатиялық қарым-қатнас және өзара байланыс арқылы өз мемлекеттік
бірлестіктерін күшейтті және сол кездеп саяси аренадағы өзгерістерді өз
мүделері үшін тиімді пайдалана білді.[38]

2.2. Дипломатикалық қатнастар
Дешті-Қыпшақ елімен қарым-қатнас

Монғолдар империясында Батудың билігінің күшейгеніне қарамастан оі хан
мен оның мемлекетінің беделін тануға тиісті және ол осы империяның бір
ретінде ғана саналды. Тек Жошы ұлысы Беркехан кезінде күшейді өз алдына
саясат ұстады, өз мүддесін ғана көздеген. Берке өз билігін ұлы ханмен
санасып жүргізді. Ол Монғол хандарының ішіндегі мұсылман мәдениетіне көңіл
бөлген алғашқы хандардың бірі болды. Ол бірінші Шыңғыс-хан тұқымынан ислам
дінін қабылдады, ол бірінші болып мұсылман шарты бойынша биледі, ол дінге
сенушілерге бірінші болып сый-құрмет көрсетті, өзіне жақын ұстады, өз
мемлекеті мешіттер мен мектептер салдырды-деді ан-Нувайри[39].
Таққа отырған кезінде ол ислам дінің қабылдағанының білдіріп мүсылман
елдеріне, елшіліктеріне хабар жіберді. Беркенің исламды қабылдауы Алтын
Орда сыртқы саясат тарихында ерекше маңызы болды. Оның армиясы 30 мың
мұсылманнан тұрды, олар шариғат шарттарын толық орындады деген деректеі
бар[40]. Армияда міндетті түрде жұма намазы болды, әркімнің арнайы намаз
оқу кілемшесі болды және ешкім ішімдік ішпеді. Ислам дінінің осыншама ірі
мемлекеті Дешті- Қьіпшактардың қабылдауы Таяу және Орта Шығыс елдерінде
үлкен құрмет, ізетке әкелді. Берке аты сұлтан атынан соң жұма намаздарында
Каир, Иерусалі Мекке және Медина мешітіндегі минбарларда аталды. Орта
ғасырлардағы мемлекеттер өміріндегі діннің жоғарғы орнын ескере отырып,
Беркенің саяси үстемдігі Итильден Нилге дейін тарады. Сондықтан да Дешті-
Қыпшақтар ханы Египеттегі мамлюктер сұлтаны арасындағы дипломатиялық
қатнастың басталу дамуы ортақ жау-Ирандағы Хулагидтерге қарсы күресуден
басталды. Нәтижесі ежелгі мәдени даму елі Египет билеушілері ислам дінінің
негізгі сенушісі-дамытушысы ретінде Монғолдан кейінгі мемлекет-Дешті-Қыпшақ
мемлекетак қарым-қатнасқа көшті.
Бұл мемлекеттердің алғаш рет жақындасуына көп еңбек сіңірген қыпшақ
даласынан шыққан Бейбарс сұлтан болды. Қыпшақ даласына Монғолдар шабуыл
жасаған кезде олар көптеген түріктерді тұтқынға салып Сирия және Египет
жерін көпестерге сатып жібереді. "Осылардан мамлюктер шығады... мұсылмандар
мемлекетінде керемет бір із қалдырған "-дейді ал-Айни.[41]
Ал- Омари зерттеулері бойынша қыпшақ даласынан әкелінген түріктер
адалдығымен, ержүректілігімен, өздерінің әдемілігімен, мінездерінің
сүйкімдігімен ерекшеленеді. Египет армиясының көпшілігі осы мамлюктерден
(құлдардан) олардың арасынан көрнекті соғыс басшылары шықты.[42]
Бейбарс сұлтан өзінің алғашқы хатын Берке ханға 660-жылы (1261-1262)
жазды, онда өзінің мұсылман ретіндегі міндеті дінсіз Хулагуге қарсы соғыс
ашты. Хулагудың оған туыстығына қарамастан.
Египет жеріне Дешті Қыпшақ елінен отряд келген кезде сұлтан ұлыстағын
жағдай туралы жан-жақты сұрады және Беркеге арнайы елшілік жіберер кез
келген шешті. Бірінші Египет елшілігі өте көп сыймен 15-ноябрь-14-декабрь
1262 жылы Византия арқылы келеді. Берке хан сол кезде Египет сұлтанына да
арнайы елші жібереді. Бұл елшіліктер күтпеген жағдайда Константинопольде
кездеседі. Египет елшісі хан мүрагері Табукті кездестіреді. Ол почта көлігі
-улатпен келе билеушінің жеріне дейін шығарып салады. Ол жерде 10-мыңдық
армия басшы Тукбугиге жолықтырады. Осы жерден олар Берке ставкасына дейін
20 күн жүрді. Шатырлар мен палаткалар құрылған, қойлар мен жылқылар
табынымен жүр[43]. Бейбарс елшілері Ордаға таянған кезде оның алдынан
визирь шығады, түрікше сөйлейді. Берке шақырған күннен бұрын сұлтанның
елшісі, эмир заң қызметкерлеріне хан ставкасында өздерін қалай ұстау
керектігін түсіндіре өздерінен қаруын шешіп "оны оң жаққа қойып, сайдақтан
садақты алып оны сәл төмен қарату және онда оқ қалдырмауы қажет". Шатырға
кірген кезде табалдырықты баспау, ханға сол жағынан келу," олардан грамота
алынған соң оң жаққа шығу, тіземен тізерлеп отыру"[44]- деп ал-Муфаддал
осындай қабылдау кездерін толық сипаттаған, сонымен бірге Берке шатырын
суреттеген, оған 500 адам сиатындығын айтқан. Ол ақ жүнмен жабылған, ішінен
жібек матамен тартылған, жемчуг және қымбат тастармен безендірілген. Берке
елшісі тақта отырып қарсы алған. Шатыр эмир болған. Елшілер кірген кезде
олар ханға сұлтанның хатын берген жазылған этиканы сақтай отырып, сосын
Берке елшілерге солдан оңға қарай өтуге белгісі және эмирлердің артында
тұруға. Бас кади хатты түрік тіліне аударған, сосын оны Беркеге оқып
берген. Содан кейін хан елшілерге құрмет көрсетуге бүйрығын еткен - қымыз,
бал қаймақ, ет және балық әкелген. Берке ставкасында елшілері болған, хан
оларды осы уакытты бірнеше рет өзіне шақырып Египет туралы сол елшілікті
қайтара отырып Берке оларға жауап грамота берген және өз елшілерін
жіберген.[45]
Бейбарс сұлтанда Беркенің елшілерін өте үлкен сыймен қарсы алған. Ел
құрметіне арнап үлкен пир үйымдастырған, Египетте болған уақыттарында ол;
әртүрлі ойындар мен сұлтанның мейрамдарына, кештеріне шақырған, әрбір
сұлтанмен кездескен кезде оларға Бейбарс өте қымбат сыйлықтар берген.
Бейбарстың көп санды және сирек кездесетін сыйлықтары Беркеге жіберіп
өзінің санымен, байлығымен, әдемілігімен ерекшеленген. Корона және тақ-
қызыл ағаш пен піл сүйегінен және күмістен жасалған, сонымен қатар Дешті
-Қыпшақ жерінде кездеспейтін экзотикалық жануарлар мен құстарды сыйлаған-
піл, жираф, маймыл, зебр, египет есегі, папугай және т.б. Сонымен қатар
қару-жарақ және әртүрлі әшекей заттар, қымбат заттар жіберген- венециандық
маталар, киімдер, кілем, қытай ыдыс-аяғы, күміс шамшырақтар, алтынмен
көмкерілген. Алтынмен көмкерілген маталар, көптеген тәтті заттар, әртүрлі
тағам жасайтын поварихалар мен құлдарды да жіберген[46]. Жоғарыда аталған
сыйлықтар сол кезеңдегі халықаралық сауданы және сол кезеннің материалдық
мәдениетінің шеңберін сипаттайды. Египеттің Дешті-Қыпшақ елімен
қарыміқатнасы үнемі сыйлықтар алмасумен ерекшеленген. Египет ханды өзінің
сыйлықтарының әртүрлілігімен озып кетіп отырған. Ұлы Даланың билеушілері
елшілерге алты жібек халаттар және өз елінің қару-жарағын, бүркіт, дадалық
аттар, құлдар мен күндерді берген.
Белгілі деректер бойынша екі ел арасындағы қатнасқа алғашқыда Египет
ерекше мүдделі болған, Ибн-Халдун жазбалары бойынша, сұлтан Бейбарс Дешті
Қыпшақ ханын Хулагуге қарсы қоюдағы алғашқы мақсаты хулагидтер армиясы
Сирияға жібермеу[47]. Египет мемлекеті үшін Беркенің жүргізген қызметіне
сипаттама бере отырып Ибн Касир былай деген" Беркенің ірі қызметі-Хулугу,
жеңуі және оның жаулаушылығын тоқтатуы. Ол ал-Малик аз-Захир Бейбарсты бола
отырып оны сыйлады, оның елшілігіне құрмет көрсетті және оларға үлкен
сыйлықтар береді".[48]
Ұлыс Берке тағына оның ұлы Менгу-Тимур келеді. 1267-1268-жылдар
Бейбарс Менгу-Тимурға Беркенің өлгеніне көңіл айтып оны білдіретін хат жол
және оның таққа отыруымен қүттықтайды. Бұл хатында ол жаңа ханды хулап
қарсы қою туралы айтқан жоқ[49].
Жаңа хан таққа келген соң да Дешті-Қыпшақ пен Египет арасындағы баі
жалғасты, ал Закавказьедегі соғыс әрекеттері тез қарқынмен жүрді.Сондықтан
Қыпшақ елімен Мамлюктер мемлекеті арасындағы осы кезеңдегі елшіліктер ш
жиіледі, екі әлеуметтік-саяси құрылымда ірі соғыс одағын жасауға даярлығын
білдірді, екі жақ та ірі соғыс одағын жасауға мүдделі болды.
Бірінші елшілік Дешті —Қыпшақ жерінен Египет сұлтанына 1268-1269-жылы
келді[50]. Менгу-Тимурдың екінші елшілігі Дамаскіге 1271-1272 жж. келеді.
Сол жіберілген хат арабша және парсыша жазылады. Онда Менгу-Тимур Берке
айтты "Хулагу басып алып билеп отырған мұсылман жерлерін" түгел берем
–деген уәде тұрақты екенін, сондықтан Египет сұлтанына бүл жерлерді қайтару
үшін "дін қолынан алу үшін тоқтаусыз ұрысқа, шешуші әрекет жасауға
даярлығын білдіреді. Сұлтанның жауап ретінде елшілігі ханға 1273-жылы
алтынорда елші бірге жіберіледі.[51]
Елшіліктер туралы одан кейінгі деректер сүлтан ан-Насир, әсіресе
Калаун байланысты. Әсіресе Калаунның ханға, әскер басшыларына оның
әйелдеріне яғни сыйлықтары туралы көп деректер бар. Барлығы 16 тюк
жіберілген, онда қымбат киімдер, маталар, сирек кездесетін заттар, садақ,
лат, шлемдер...бар[52]. Елшіле Дешті жерінде карсы алу өте жоғарғы дәрежеде
болған.
Туда- Менгу ханның жіберген хаттары Калаун сұлтанға Монғол тілінде
болып; сонымен қатар хабар- хаттар әртүрлі тілде жазылған, қыпшақ, араб,
парсы.
Бірінші Египет елшілігі Туда-Менгуге 1284-жылы жіберіледі. Дешті-
Қыпшақ жеріне жіберілген 1287-жылғы елшілік бұрынғыдай қымбат сыйлықтарға
толы болған, сонымен қатар сұлтанның алтын қоймасы, сосын оның аты жазылған
яғни мата, ақ қант, әртүрлі тәттілер және әртүрлі заттар жалпы құны 2 мың
сомдық Қрымда салынып жатқан мешітке арналған динармен бояулар да болды, ол
осі мешітке сұлтанның атын жазу үшін арнайы шебер жібереді[53].
Тулабұғы кезінде (1287-1290жж.) Дешті-Қыпшақ пен Египет арасында
елшілік алмасу болмады. 1290-1304 жж. аралығында да Тоқта-хан кезінде
елшілік, хабар алысу болған жоқ. Мамлюктік Египетпен осындай ұзақ
дипломатиялық байланыстағы үзіліс Алтын Ордадағы тақ үшін күрес нәтижесі
болды. Қантөгіске айналған өз ара қырқысу аяқталған соң Тоқта сыртқы
істермен мемлекеттің айналыса бастады.
1303-жылы Токта Ильхан Газанға елшілік жіберді, оған Азербайджан Арран
облыстарын беру туралы, бірақ Хулагид Газан оны қабылдамады. Осындай
жағдайда Токты елшілігі теңіз арқылы Египетке келді (Александр қаласына)
1304-1305жж. Көп сыйлық, құл және күндер алып келді. Сұлтан Калаунға
елшілер грамота тапсырды "Адалдықты, сыйлаушылық, құрмет білдіретін, атадан
келе жатқан достықты жалғастыруды, сүйіспеншілік көрсететін жүрек соғысын
білдіретін тілектер " жазылған[54].
Алтын Орданың мамлюктік Египетпен дипломатиялық қатнасының қызықты
жағы бар. Бұл одақ идеяға байланысты болды, екі жақтан да. Екі жоғарғы
келісуші жақта ислам дініне деген берілгендікті, "дінсіздерге қарап
Хулагидтерге қарсы соғысты" исламға байланысты жүргізді. Бұл екі одақтасушы
жақ бір дінді исламды, ал екіншісі Хулагидтер басқа дінге көшкенге дейін
созылды. ХІІІ-ғасырдың аяғы-ХІҮ ғасырдың басында бұл аяқталды. Себебі 1295-
жылы Хулагидтер тағына келген Ильхан Газан мұсылман еді. Одан кейінгі
тарихи оқиғалар түбірімен өзгерді. Енді мұсылман Газан мұсылмандық Египетке
қарсы, ал Египет мұсылмандары оған қарсы одақтасты. Газанға қарсы сол
кезеңдегі күресуші мұсылмандықтан гөрі пұтқа табынушылыққа жақын
алтынордалық хан Тоқты кезіндегі осындай идеологиялық күреске сипаттама
беру өте қиын. Одақтастық пен соғыс кейін діннен басқа себептермен туып
отырды.
1313-1314 жылдары дештілер тағына Тоқтының жиені- Узбек хан келеді. Ол
бірден Египетпен дипломатиялық байланысын күшейтті. Екі ел арасындағы
елшіліктер алмасу жиіледі. Дешті-Қыпшақтар жермен көп санды елшіліктер
бірнеше рет жіберілді, 170, одан да көп адамы бар. Сұлтан ал-Малик ан
-Насир Узбек ханына жауап ретінде 200 толық қару-жарақ, попон, чалма үшін
материал, алтынмен көмкерілген жабылма, алтын сапты қанжар, алтын бас киім,
алтын белбеу, алтын ауыздық салынған ат және екінші атты ертоқымымен
ауыздығымен асыл таста көмкерілген жібереді[55].
Бұл кезде Египет пен Дешті-Қыпшақтар арасындағы байланыс өте жоғары
дәрежеде дамиды, хандықтың барлық жерлеріндегі мешіттерде Узбекхан аты ан-
Малик ан-Насир аты аталып, оған тілек тіленеді.
Көп жылға созылған мемлекеттер арасындағы достастық оларды акыры
туысқандық байланысқа әкелді, сол кездегі жақындасудың бір көрінісі.
Туысқандық туралы ұсыныс Алтын Орда жағынан түсті. Мамлюк сұлтаны бұған
қуанышпен берді[56]. 1316-1317-жылдары ан-Насир елшісі Узбек ханға хат
тапсырады. Онда "Сұлтан Шынғысхан тұқымының бір қызына" құда түсетіні
хабарланған. Узбек және оның эмирлері бұл некеге келісімдірін береді. Ол
үшін сұлтанға өте жоғары талаптар қойды және некеге отыру шарттарын
жіберді. 1319-жылы қалыңдық Тулунбияны өте жоғарғы құрметпен қарсы алды.
Барлық эмирлер, ақсақалдар түгел қару-жарағымен әскери отрядтар жиналды.
Ибн Дукмак айтуы бойынша "мүндай салтанат Египет елінде ешқандай түрік
патшалары тұсында болған емес. Осы жағдайдан соң Узбек хан сұлтан ан-
Насирдан Алтын Ордаға берген бұрынғы уэдесін орындауын талап етеді. Бірақ
мамлюк билеушісі діни жағдайға байланысты яғни хулагидтер ислам дінің
қабылдағанын ескеріп, соғыс көмегін беруден бас тартты. Мамлюктік Египет
пен Дешті-Қыпшақтар арасындағы қатнастың сууы күштің және үштіктің- Египет,
Алтын Орда және Хулагидтік Иран арасындағы идеологиялық қарым- қатнастың
өзгеруіне байланысты болды.[57]
1335-жылы Ильхан Абу Саид өлген соң ильхандар мемлекеті өз өмір сүру
тоқтатты. Бұрынгыдай мамлюктер мен Ұлы Дала хандары елшіліктер алмасты
бұрынғыдай екі жақтың елшілеріне де ешқандай көңіл бөлінбеді және оларға
тәуелсіздерді сатып алуға тиым салынды.
Екі империя арасындағы дипломатиялық байланыс тоқтамады, ал Алтын Орда
хандарының бұрыннан келе жатқан арманы Азербайджан жерін басып алу жаңа хан
кезінде орындалды. 1357-жылы Тебриз қаласын алып Дешті ханы ол туралы
Египет сұлтанына тез хабарлайды.
1357-жылы Египетке келген хан елшілігі өте жоғары дәрежеде қабылданған
Алтын Орда ханы Бердибек өлген соң Ордада тақ үшін талас-күрес басталды.
Бір жыл ішінде мемлекетте 25 хан ауысты. Ішкі удельдердегі ұрыстар,
күрестер нәтижесінде Алтын Орда мемлекетінің басқа елдермен байланысы
екінші мәселе болып қалды, Египетпен байланыс мәселесіне көңіл бөлінбеді.
Тек 1380-жылы дешті қыпшақтар тағына Тоқтамыш хан келген кезде ол ірі күшті
мемлекетті қайта құруға ұмтылды. Ол ертеден келе жатқан Египетпен
байланысты да қайта калпына келтіруге тырысты. Ол Египетке алғашқы
елшілікті 1385-жылы жіберді.[58] Египет сұлтанының елшілігі Дешті-Қыпшақ
жеріне 1386-1387-жылдары жіберілді. Сосын Египет пен Алтын Орда арасындағы
дипломатиялық қарым-қатнасты ұзақ уақытқа үзіледі, ол ұзаққа созылған
Тоқтамыс пен Тимур арас күреске байланысты 1389 және 1391 -жылдардағы Алтын
Орда жеріне Тимур тонаушылық жорықтарына байланысты болады.
Тимур мамлюктер мемлекетіне күш көрсете бастаған кезде 1394-жылы
Тоқтамыш Египет сұлтаны Баркукке Тимурға қарсы бірігіп күресуді ұсыныс
береді.
Сұлтан 1395-жылы Дешті-Қыпшақ жеріне барған өз елшілігі арқылы келісім
болды. Сол жылы Тимур Тоқтамышты талқандайды, сарайға Тоқтамыштың армиясын
жеңілгені туралы хабар жетісімен Египет елшілері Тимурдың қолына түспей тез
қайта қайтады. Бұл елшілік Египетке 1395 жылы қайтып келді. Бұл Тоқтамышқа
жіберілген ақырғы Египет елшілігі болды. Алтын Орданың әлсіреуімен
байланысты оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таяу Шығыс пен Мысыр мәмлүктерінің қарым - қатынасы
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
Қала құрлысы мен сәулет өнері
Египет Араб Республикасы туралы жалпы түсінік
Мысыр еліндегі мамлүктер билігі
Араб халифатындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы
Қазақ этнонимінің синонимі
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Пәндер