Нидерландыдағы буржуазиялық революция және оның тарихи маңызы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Нидерландыдағы буржуазиялық революция және оның тарихи маңызы.

Жоспар:

І. Кіріспе

І-тарау. Буржуазиялық революция қарсаңындағы Нидерланды.

1. 1. XVI ғ. Нидерландыдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай.

1. 2. Нидерландияда испан абсолюттік монархиясына қарсылықтың пісіп-жетілуі.

ІІ-тарау. Нидерландиядағы буржуазиялық революцияның сипаты.

2. 1. Революцияның басталуы.

2. 2. Буржуазиялық революцияның жеңісі, нәтижесі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

ХVІ ғ. Басында Европада ең қуатты мемлекет - Испания болаты. Бірақ оның қуаты біртіндеп әлсіреді, испандықарда екі қуатты жауы әлсіретті. Құрлықта Франция, теңізде Англия, Испанияның ең қуатты императоры болған Карл (1500-1558 жж. ) мұрагері Филипп ІІ (1556-1598 жж. ) Испанияның күйреуін бастан кешірді. Қасиетті Рим империясының тағынан айрылған, құрлықта Француздардан, теңізде ағылшындардан жеңілген Испания ең басты соқынны ойламаған жерден Нидерланды алды.

Дүние жүзіндегі ең алғашқы буржуазиялық революция Нидерландыда орын алды. ХVІ ғ. Нидерланды территориясы қазіргі Белгиямен Францияның солтүстік шығыс аудандары енді. ХV ғ. соңынан Нидерланды испан Гобсбургтерінің қолында еді. Бірақ феодалдық Испанияға қарағанда Нидерланды да буржуазиялық қатынастар тез қарқынмен дамыды. ХVІ-ХVІІ ғ. ғ. Атлантикаға негізгі сауда жолдарының ауысуы Нидерландының портты қалаларын ірі сауда орталықтарына айналдырды. Орасан үлкен сауда табыстауының басым бөлігі монархиялық Испанияға кетіп, онда мақсатсыз жұмсалды. Антвергенде Европадағы ең ірі сауда және қорнтылық орталық қалыптасты. Онда аса үлкен сауда биржасы пайда болды, осы биржада ірі Европалық сауда компаниялары мен фирмаларының агенттері кездесіп келісімдерге қол қоятын. Антивергенге товар көп алып келінбейтін, оларға қарап көпестер немесе агенттер ұнаған товарлардың партияларына заказ беретін.

Нидерландыдағы феодалдық аристократия қуатынан айырылмаса да жағалау бойындағы қалалардың көпестері мен қаржы адамдарының оларға бәсекелесі күшейе түсті. Буржуазиялық жолмен интенсивті түрде дамып келе жатқан шағын Нидерланды ХVІ ғ. Испан қазынасына негізгі табыстарды құйды. Испанияның алып Америка отарларының түсетін табыстан, Нидерландағы буржуазиялық табыс 8 - 9 есе асып түсті. Карл V тұсында нығайған Герман - Нидерланды сауда легионистары Испан Гобсбургтері герман тағынан айырылған соң да үзілген жоқ.

ХV ғ. ортасында Испан Нидерландысы іс-жүзінде капиталистік белгілері қалыптасқан экономикасы интенсивті жолмен өрлеп келе жатқан мемлекет болатын. Нидерландының толық көлемде дамып, күшеюіне Испан билігі кедергі болды. Нидерландылық кәсіпкерлер өздерінің тынымсыз еңбегімен табатын табысының үлкен бөлігін Испан қазынасына беруге мәжбүр болды. Нидерландыдан жиналатын орасан зор қаржы Испанияның феодалдарына бітпейтін ойындарына, тойларына кетті.

І-тарау. Буржуазиялық революция қарсаңындағы Нидерланды.

Нидерланд - Маас, Рейн және Шельд өзендерінің сағаларында Солтүстік теңіздің жағалауын қуалай орналасқан аймақ. ХІV- ХV ғасырларда осы территорияда орналасқан графтықтар, герцогтықтар және сеньорийлердің көпшіліг, әдетте қасиетті Рим империясына немесе Францияға лендық тәуелдікке болды және олар Бурдунг герцогтықтарының қол астына біріктірілді. 1477 жылы Франциямен және Швецария кантондарымен соғысқан герцог Карл Смелый Нанси түбіндегі ұрыста қаза тапты, ал оның әскері талқандалды. Франциямен жүріп жатқан күресте көмек алу үшін тақтың мұрагері Мария Бургундская Максимилиан Габсбургский некелесті және ол кейіннен Германияні императоры болды. Сөйтіп, Нидерланды осылайша Австрия Габсбургтерінің қол астына қарады. Бұдан былайға жерде Габсбургтер Нидерландыны империяның ішінде ерекше жағдайға қойып, оларды шын мәнінде мұралы иеліктеріне айналдыру мақсатында өз биліктерін жаңа облыстарға барған сайын көптеп тарата бастады. Ол 1523 жылы - Фрисландияны, 1528 жылы - Утрехт пен Оверэйсселді, 1536 жылы Хронинген мен Дрентунды, 1543 жылы - Гельдернді қосып алды. Бұларды 1548 жылғы Аугсбургтік бітім заңды түрде бекітті. Осы бітім бойынша империя жалпы империялық алым-салықтардың іс жүзінде символикалық бір бөлігін төлеп тұруға міндеттеп Нидерландыны өз қамқорлығына алды. Империямен лендық байланыстарды онда да нашарлау формада, тек Гульдерн Утрек және Оверэйссел ғана сақтап қалды. 1549 жылдың «Прагматикалық санкциясы» Нидерландының он жеті провинциясының оларға келешектегі суверендердің мұрагерлік етуі кезінде бөлінуге жатпайтындығын белгілеп берді. Бұл провинциялар: Артуа, Эно, Люксембург, Намюр, Фландрия, Брабант, Лимбург, Турне, Мекельон, Француз Фладриясы, Зеландия, Голландия, Утрект, Фрисландия, Гельдерн, Хронинген, Оверэйссел еді. Шіркеулік Льепс аймағы ерекше правалоқ статуспен пайдаланды.

Нидерландының саяси құрылысындағы күрес екі бағытта жүргізілді. Бір жағынан, император, ал кейінірек Испанияның коралы және оның жанынан арнайы құрылған «Фландр советі» басқарған үкіметтік аппарат болған. Нидерландыны әдетте наместик басқарып отырды. Наместниктің жанында басқарып отырды. Наместниктің жанында кеңесші правалары бар үш совет - ірі шонжарлардан құрылды, барлық маңызды мәселелерді талқылап шешетін мемлекеттік совет; алым-салық мәселелерін басқаратын финанстық совет және заң жобаларын, маңызды әкімшілік жарлықтарды дайындайтын; сондай-ақ наместниктің атын жалданған шағымдарды қарайтын жасырын совет құрылды. Соңғы екі советтегі лауазымдарды қарайтын негізінен корольдық юристер мен әскери міндеттерін атқарған дворяндардың арасынан шыққан білімділер алып отырды. Орталық сот органы Мехальна қаласында мәжіліс құратын бас совет болды. Жергілікті жерлерде әжептеуір әскери-әкімшілік билігі бар провинциялардың статкаудерлері де наместникке бағынды. Осы орталықтандырылған аппарат барған сайын күш жинап, заң, алым-салық және сот әкімшілік жүйелерін бір ізге түсірді, монарх пен оның наместнигінің әмірін жүзеге асыра отырып, жергілікті өзін-өзі басқару ісіне де араласты. Елдің саяси және династиялардың Нидерландыны құлдыққа салудың реакциялық мақсатына қызмет етті.

Екінші жағынан, Нидерландыда сославиелік манархия кезінен мұраға қалған уәкілділік мекемелері - Бас және «жер» штаттары өмір сүрді және бұлар өкіметтердің сұраған алым-салықтарын дауысқа салып шешіп отыруға шексіз праволы болды. Оның үстіне қалалар мен селолардың өзін-өзі басқаратын органдары болды, олардапатрицийлер мен бюргерлер, бай купецтер үстемдік етті. Ал әрбір правинция мен қаланың өз алдына артықшылықтары мен еркіндіктері және автономиялы болды. Ол өздерінің бұл праволарын өкіметтердің қол сұғуларынан табандылықпен қорғап отырды. Сондықтан да монарх Нидерландыда өзінің іс-әрекет қимылдарын біршама тежеп отырды.

Карл V үшін Нидерланды ерекше маңызды аймақ болып саналды. ХVІ ғасырдың орта шенінде ол қазынаға гульден есебімен 2 миллион қарапайым алым-салық төлеп қойғанда, Италия 1 млн. Ал Испания мен оның отарлары 0, 5 мллионнан алым-салық төлеп тұрды. Нидерланды сонымен қатар Францияға және кейбір неміс княздықтарына қарсы операциялар жүргізу үшін ең маңызды соғыс плацтармы болып табылады. Нидерланды да - V Карлдың қол астына қарауынан белгілі бір дәреже пайда тапты; олардың купецтері мен мануфактурашылары V Карлдың қол астындағы территориялардан өздерінің товарларын өткізуді қамтамасыз ететін рыноктар тапты, отарларға баруға бөтен елдерде де өздерінің сауда-саттық мүдделерін қорғауға мүмкіндік алды.

Алайда V Карлдың патшалық құру кезеңінің екінші жартысы үздіксіз алым-салықтар төлетуге, күйзеліске ұшыратқан әулеттрік соғыстар, елдің шаруашылық мүдделеріне ат үсті қарап Нидерландының экономикасы мен финанс жағдайын мүлдем әлсіретуге әкеп соқтырып, қатты назарлық туғызды. Толғағы жетіп келе жатқан жалпы шиеленістің V Карлдың жүргізген саясатының қалың бұқара тарапынан қолдау таппағынан да гөрі терең себептері болды; олар Нидерландының әлеуметтік-экономикалық дамуы сипатына негізделді.

Нидерландының ХVІ ғасырдағы экономикалық дамуы. ХVІ ғасырдың ортасына таман Нидерландыда феодалдық қатынастардың ыдырауы жедел жүріп алғашқы қорланудың процесі кең өрістелді және шаруашылықтың капиталистік формалары пайда бола бастады. Елдің шағындау территориясында сол кезде шамамен 3 миллиондай халқы бар 300-ге жуық қала мен 6500-ден астам деревня болды. Галландия провинциясында тұратын халықтың тығыздығы бір шаршы киламетрге 50 адамнан келді және оның тұрғындарының тең жартысы қалалардың үлесіне тиді. Фландрияда да жағдай осы шамалас болды. Нидерланды көбінесе «қалалар» елі деп аталды.

Нидерландының 17 провинциясының барлығы бірдей экономикалық жағынан біркелкі дамыған жоқ. Олардың дамуы дәрежелерін шартты түрде шамамен үш топқа бөлуге болады: орталық өнеркәсіпті аудан-Фландрия мен Брабант; негізінде Галландия мен Зеландиядан құрылған солтүстік-батыс өнеркәсіп тобы; шеткері, артта қалған, көбінесе ауыл шаруашылықты провинциялар - Артуа, Люксембург, Намюр, Гелдерн, Оверэйссел. Фрисландия мен Утрит сияқты провинциялар аралық жағдайда ғана қалды.

Фландрия мен Брабанттегі товар өндіріс және товар-ақша қатынастары, сондай-ақ ХІV ғасырдан-ақ басталып, ХVІ ғасырда тамырын терең жайған купецтік капитал капиталистік қатынастарды өркендету үшін құнарлы орта балуға айналды. Бұл кезде цехтық қолөнер кәсібі қалаларда едәуір ыдырады. Көптеген, әсіресе өткенде аса қорлы болған шұға тоқитын цехтардың ісі кері кетті. Мысалы, 1517 жылы Ипрде 600 тоқыма станогы жұмыс істесе, енді 1545 жылы олардың тек 100-і ғана қалды. Дәулетті шеберлер барған сайын оқшауланған қоғамдық топқа айнала берді де, ал көмекші шеберлер дербес шебер болып шығамыз деген үміттерінен айрылды.

Нидерландының ең ірі порты - Антверпен қалыптасып келе жатқан дүниежүзілік капиталистік рыноктың орталығына айналды. Нидерланды экспортының көлемі 1560 жылы 16 миллион, ал импортының көлемі 20-22 миллион гульден болды. Атверценнің гавандарында кейде тіпті екі мыңнан астам кемелер бір мезгілде жиналып қалушы еді. Товар және фонд биржаларына жыл сайын әр түрлі ұлттардың мыңдаған купецтері мен финансистері және ақша уақтауды кәсіп еткендер жиналатын-ды. Мұнымен қатар қалада бүкіл Европаның ірі банкир үйлерінің: Фуггерлердің, Вельзерлердің, Шетцтердің, Гримальдилердің, де Гаропың және басқаларының арнаулы конторлары болды. Антверпенде тек Фландрия мен Брабанттың мануфактурашылары мен қолөнершілерінің өндірген товарлары жиналып қана қоймайды. Мұндағы мануфактураларды ағылшын шуғалары өңделді, шыны бұйымдары мен тағы басқа жұмыстар жүргізілді.

Өзгерістер жер жөніндегі қатынастарды да қозғады. Фландрия мен Брабанттың жаңа экономикалық жағдайларға бейімделе алмаған феодалдық дворяндары әбден кедейленіп, борышқа батты. Ал олардың жерлері бірте-бірте өсімқорлардың, бюргерлердің, монастырьлардың қолдарына көшті. Монастырьлар Фландриядағы барлық жердің жартысына жуығын иемденді. Феодалдық қатынастар ыдырауға айналды. Фландрия мен брабанттағы шаруалардың көпшілігі бас бостандықтарына ие болып, феодалдық типтегі ерікті арендаторлар болды. Олар енді рентаны договорлардың шарттарына сәйкес ақшалай және заттай өтеп отырды. Жұмыспен өтеу және жеке міндеткерлікті атқару сирек ұщырасты.

Шаруалардың әртүрлі категориялары шаруашылықты түрліше жүргізді. Фермерлер мен дәулетті шаруалар батырақ жалдады, агротехниканы жетілдірді, өсімдік тұқымдарын алмастыра отырып ауыспалы егісті енгізу, өнімді мол беретін техникалық дақылдарды егу, малды қорада ұстап күту шараларын іске асырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттылығын тудырған бағалар революциясы фермерлер мен дәулетті шаруалардың пайдасына қызмет етті. Бірақ оның есесіне кедейлерөсімқорлардың қолдарына түсіп, жедел күйзеліске ұшырады. Ал қала адамдарын - патрициат пен бюргерлерді алар болсақ, олар өздерінің жерлерін жарма-жаршылық түрінде арендаға берді, тіпті болмаған жағдайда сол жерлерге орналасқан ұстаушыларды феодалдық формадағы қанаушылыққа сақтап қалды. Сонымен Фландрия мен Брабанттың деревняларындағы буржуазиялық бағыттар өздеріне үлкен қиыншылықпен жол ашты.

Голландия мен Зеландия да үлкен экономикалық өзгерістер байқалды. Қолөнер кәсібінің цехтық салалары, әсіресе, шұға тоқу саласы ауыр уақыттарда басынан кешірді. Голландияның шұға тоқитын ірі орталығы - Лейденде - өнімнің жылдық көлемі 1530 жылға 24017 жарты тай шұғадан 1563 жылы 5035 жарты тайға шейін келіп қалды. Сонымен бірге ірі қалалардың төңіректерінде ерікті қолөнер кәсібі дамытылды, зығыр және жүн тоқу мен кеме жасауда мануфактуралардың әр түрлі формалары пайда болды. Осындай формалар сыра қайнату менкірпіш және ізбес өндіруде, балық аулау және теңізде жүзуде де қалыптасты. Балық аулау маусымы кезінде май шабақ ұстауға бір мезгілде жүздеген болық кемелері - бойстар шықты. XVІ ғасырдың 60 жылдары солтүстік провинциялардың май шабақ пен балықтың басқа сорттарынан түсетін кірісті Фландрияның үлесіне келетін 400 мың гульдендермен салыстырғанда шамамен 6-7 миллион гульден болып бағаланды. Бұл кезде Голландияның қарамағында жүк көтерімділіг 200-ден 700 тоннаға дейін жететін 800 кеме және онан да көбірек ұсақ кемелері болды. Матростар мен портта жұмыс істейтіндердің саны он мыңдаған адамдарға жетті.

Солтүстік провинциялардың саудасы да өсуге бет алды. Ол Амстердам, Энкхезен, Мидделбюрх, Флиссинге, Девентер, Кампен және осы сияқты басқа қалаларда шоғырланды. Бұлар көбінесе ганзейлік қалалармен, Англиямен, орыс қалаларымен сауда жұмыстарын жүргізді. Олар сыр, сарымай, мал, балық және шұға жеткізсе, олардан астық, зығыр, ағаш, темір және шарап әкеліп тұрды. Амстердамның купецтері сонымен қатар едәуір делдалдық саудамен және фрахт операцияларымен айналысты.

Солтүстік Правинциялардың аграрлық құрылысының белгілі бір өзіне тән ерекшелігі болды. Голландия, Фрисландия және Дреттегі феодалдық қатынастар фдандрия мен брабанттағы сияқты тиянақты формаларға жете алмады. Соңғы екі провинцияда ертеден еріктілікте келе жатқан шаруалардың едәуір қоғамдық тобы сақталып қалды. Солтүстік Голландиядағы шаруалардың көпшілігі графтық даленге тіркеліп қойып, дворяндық шаруаларға қарағанда көптеген артықшылықтармен пайдаланды. Көпшілігінің жеке бастары бос арендалар немесе жердің мұрагер иелері болған кеннемерландық шаруалары да артықшылықтармен пайдаланды. Көпшілігінің жеке басы бос арендаторлар немесе жердің мұрагер иелері болған Кеннемерлантың шаруалары да артықшылықтармен пайдаланды. Бұлар қауымдық жерледі өздерінің иелігіне заңсыз қаратып алған деревнялардың ауқатты билеуші топтарын құрады. Дворяндар мен клириктер Голландияның барлық жақсы жерлерінің шамамен жартысына жуығына ие болды. Фрисландиядағы дворяндар жердің тек 10 процентке жуығына ие болса, ал монастырьдікі - 40 %-ке дейін жетті. Бұл провинциялардағы шаруалардың жер иеленуші мен товар өндірісі берік болды, ал Дрентедегі шаруалардың жер иеленушілігі бұдан да басым түсті.

Солтүстік провинциялардың көпшілігіндегі гидротехникалық құрылыстың маңызы үлкен болды: бұл аудандарда плотиналар мен шлюздерсіз және бөгеттерсіз егінщілікпен айналысу мүмкін еместігі былай турсын, тіпті олардағы ойпақ жерлерге мекендей тұруға да болмайтын еді. Бөгеттер салу, оларды күту көптеген жалдамалы жұмыс күштері мен материалдарды және қаражат талап етті. Бұл шығындар шаруалардан ерекше «бөгет салығы» ретінде жиналды. Су басып жатқан жерлерді - пальдерлерді құрғату да көптеген қаржыны қажетсінді. Нидерландыда бұл жұмыстарға керекті озат техникада жетіліп қалыптасты. Осыларға жұмсалаған көп шығынның орны табысты техникалық, бау-бақша және жоғары өнімді дақылдар егу немесе етті-сүтті мал шаруашылығын интенсивті жүргізу барысында ғана өтілетін еді. Сондықтан қала байларының жаңадан құрғатқан жерлерінде фермерлік шаруашылықтар қалыптасты. Тұтас алқаптарды жекелеген дақылдар егуге немесе салалық мал шаруашылығын жүргізуге мамандандыру «сауда егіншілігі» аудандарының қалыптасуына, мұнда да фермерлік шаруашылықтың пайда болуына әкеп соқтырды.

Көптеген селолар жерлерінің аздығынан кәсіпкершілікке көшті. Олардағы халықтың едәуір бөлігі Прибалтикадан әкелінетін астықпен ғана күнелтті. Голландия мен Прибалтикадан әкелінетін астықпен ғана күнелтті. Голандия мен Фрисландияның дворяндары ерекше ықпалмен пайдаланбады. Сондықтан XVІ ғасырда олардың материалдық жағдайы мүлдем нашарлап кетті.

Провинциялардың орталық және солтүстік сауда-өнеркәсіп топтарының экономикалық дамуының сырттай біркелкі көрінуіне қарамастан, олардың арасында елеулі айырмашылықтар да болды. Фландрия мен Брабанттың капиталистік мануфактуралары өздерінің шығарған өнімдерінің басым бөлігін Испаниямен және Англиямен байланысты рыноктарға апарып өткізіп турды. Олардың жүн тоқитын өндіріс Испаниядан және Англиядан әкелінген жүннен өнім жасады. Сондықтан олардың үлкен табысқа жетуі Нидерландының осы елдермен өзара қарым-қатынастарының қалайша құрылуларына едәуір дәрежеде байланысты да болды. Антверпеннің сауда-саттығы негізінен делдалдық болып, мұндағы үлкен рольді басқа елдердің купецтері атқарды. Ал жергілікті купецтер көбінесе сауда-саттыққа қызмет етумен: транспорт, қойма, делдалдық және басқаларымен айналысты. Антверпеннің өзіндік айта қаларлықтай флоты болмады. Фландрия мен Брабанттың ескі ірі қалаларында орта ғасырлық бюргерлік пен цехтық корпорациялар өздерінің әлсіреуіне қарамастан, әлі де болса экономика мен саяси жағынан берік позиция ұстанды. Солтүстікке қарағанда, әсіресе, валлон провинцияларын (эно, Аруа, т. б. ) есепке ала отырып қарастырғанда мұнда дворяндар мен дін иелері анағұрлым ықпалдылау болады.

Провициялардың солтүстік тобы экономикалық байланыстары бола тұрғанымен де Антверпен мен Фландрия емес, Амстердам, Энккейзен, Флиссинген, Мидделбюрх, Девентер сияқты қалаларға қарай бейімделе берді, олардың өнім мен шикізат өткізетін негізгі рыноктары Прибалтикада болды және олар Испаниядан тәуелсіз еді. Оның үстіне, бұл провинциялардың өз алдына қуатты теңіз флоты да бар. 1500 жылы Балтық теңізіндегі Зунд бұғазынан өткен 1400 нидерландық кемелердің 1040 голландықтардікі болатын. Голландия, Зеландия және Фрисландияның ішкі рыногы аумақты еді және ал сыртқы саудамен қатар жергілікті қолөнеркәсібі және мануфактуралармен байланысты болды.

Цехтар, феодалдық жер иеленушілер, дворяндар және шіркеу Солтүстіктің экономикалық жағынан дамыған аудандарында орталық және солтүстік провинциялардағыдай ықпалмен пайдалана алмады. Сондықтан, Фландрия, Брабант, Турне мен Валансьеннің мануфактуралары өнімдерінің көлемі жағынан солтүстік ауданның мануфактурасынан әлдеқайда артып түсе тұрғанымен де, Голландия, Зеландия және Фрисландияның мануфактуралық өндірісі, фермерлігі, ерікті шаруалардың жер иеленушілігі, саудасы мен теңізде жүзушіліг анағұрлым берік негізге сүйенді.

Экономикалық өзгерістердің әлеуметік зардаптары

Алғашқы қорлану процесі Нидерландылардың экономикасында капиталистік укладтың пайда болуын терең тамырлы әлеуметтік өзгерістермен қоса жүргізілді. Дворяндардың экономикалық және саяси жағынан арқа сүйер тірегі жойыла бастады. Орта ғасырлық бюргерлік пен феодалдық шаруалар ыдырай түсті, қала мен деревняның тікелей өнім өндірушілері - цехтық және ерікті қолөнершілер, шаруалар - қайшыланып, жаппай көлемде экспроприацияланды және тобынан айырылған кезбелерге айналды. Ал жұмыс тапқандарының өздері қатты қанауға тап болды. Олардың жұмыс күндері 12-14 сағатқа созылды, ал алатын ақылары мардымсыз, тұрмыс жағдайлары адам төзгісіз нашар болды.

Бүкіл семьяның, соның ішінде жас балалардың шамадан тыс ауыр еңбегі әр түрлі қосалқы кәсіпшіліктердегі алыпсатарларға жұмыс істеу, үздіксіз борыш, кіріптарлық, аштық олардың күн көрістерін тым ауырлатып жіберді. Олардың көпшілігін аштық өлімнен жұрттың жәрдемі мен қайыр, садақасы құтқарды.

Бұл ауыртпалықты шетел монахтарының жүргізген жыртқыштық саясаты онан сайын үдете түсті. Олар ел ішінде өз биліктерін жүргізіп қалың бұқараның көзін алым-салықтардан аштырмады, әлеуметтік соғыстар жүргізумен халықты күйзеліске ұшыратты. Феодалдық аристократияны, католиктік шіркеуді, патрицат пен реакцияшыл цехтың топтарды қолдау арқылы ел ішіндегі ішкі реакцияны күшейтті. Жаңадан туып кем жатқан топтар - буржуазия мен предпролитариат Нидерландының сауда-саттық жұмыстары мен өнеркәсібін талқандап бұзған шетел абсолютизмінің жүргізген реакцияшыл саясатының әсалдарын ауыр күйзеліспен бастарынан кешірді. Шиеленіскен әлеуметтік жанжалдар талассыз болып тұрды.

Бұл жанжалдар көптеген көтерілістерге ұласты. Олардың ішіндегі ең ірілері - 1534-1535 жылдары Солтүстік провинцияларда революциялық анабаптистердің басшылығымен өткізілген халықтық қозғалыс және 1539-1540 жылдарда болған Гент көтерілісі болды. Бұлардың екеуі де әлеуметтік қайшылықтың барынша шиеленісуімен және күрделілігімен ерекшеленді, кейінірек айқын көрінді.

Феодалдық - капиталистік реакцияның күшеюі

ІІ Филипп

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
Батыс Eуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы
Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты
Соңғы орта ғасырлардағы Еуропа (жаңа тарихтың ерте кезеңі), (ХҮІ-ХҮІI ғ. бірінші жартысы)
Нидерландыдағы ұлт-азаттық қозғалыс. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Құрама провинциялардың Республикасы
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс
Капитализм генезисі дәуіріндегі ағылшын-балтық сауда-экономикалық қатынастарының тарихы
Саяси ойлар тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz