Оңтүстік Қазақстанда XIX ғ. аяғында жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ХІХ Ғ. АЯҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі құрылғанға дейінгі ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР . . . 9

1. 1 Археологиялық және этнографиялық ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырудың алғы шарттары . . . 9

1. 2 ХІХ ғ. 80-90 жылдардың басындағы зерттеу жұмыстары . . . 18

2 Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі қайраткерлерінің Оңтүстік Қазақстандағы зерттеу жұмыстары . . . 22

2. 1. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі . . . …… . . . 22

2. 2. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі жұмыстарының негізгі бағыттары . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі . . . 48

ҚОСЫМШАЛАР . . . 51

Кіріспе . . . 31. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі құрылғанға дейінгі ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР . . . 91. 1 Археологиялық және этнографиялық ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырудың алғы шарттары . . . 91. 2 ХІХ ғ. 80-90 жылдардың басындағы зерттеу жұмыстары . . . 182 Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі қайраткерлерінің Оңтүстік Қазақстандағы зерттеу жұмыстары . . . 222. 1. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі . . . …… . . . 222. 2. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі жұмыстарының негізгі бағыттары . . . 30ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі . . . 48ҚОСЫМШАЛАР . . . 51:
:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тарихымыздың терең қойнауын ақтарып, көне дүниені танып - білуде археология мен этнография ғылымының маңызды рөл ойнайтыны белгілі. Олардың екеуі де жас ғылым салалары болып, XIX ғасырдың екінші жартысында, ал Қазақстан археологиясы мен этнографиясы одан да кешірек қалыптасқан. Қазақ этносын ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде этнографиялық зерттеу ХХ ғасырдың бірінші ширегінен жүзеге аса бастады. Сол жылдары Қазақстан аумағында С. И. Руденко бастаған кешенді этнографиялық экспедиция жұмыс істеді. Соның нәтижесінде «Қазақтар» деген атпен бірнеше жинақтар жарық көрді. Алайда қазақ халқы туралы этнографиялық деректер ерте кездерден мәлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин, орыс ғалымдары А. А. Диваев, А. Левшин, Г. Н. Потанин т. б. өз дәуіріндегі қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті жайында құнды еңбектер жазып қалдырды.

Қазақстанның көне тарихының археологиялық ескерткіштерінің ғылыми тұрғыдан зерттеле бастауы тіпті XVIII ғасырдың басына сәйкес келеді. Дегенмен, дәл осы ХІХ ғасырдың аяғынан бастап Қазақстанның археологиялық-этнографиялық зерттелуінде маңызды кезең басталады. Өйткені осы кезеңдегі жүргізілген зерттеу жұмыстары кеңес дәуіріндегі аса ауқымды және жүйелі зерттеулер үшін негіз болды. Сондықтан осындай тарихи кезеңдегі Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер тарихын Отанымыз тарихының өзекті мәселелері қатарына жатқызуға болады.

Диплом жұмысының мақсаты. Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - ХІХ ғасырдың аяғындағы Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер, олардың негізгі бағыттары мен ғылыми маңызын көрсету болып табылады. Жұмыста алғашқы зерттеу жұмыстарының сипаттамасы, зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың қызметі, ол жұмыстардың нәтижелері мен маңызы сияқты мәселелер қаралды.

Зерттеу міндеттері:

  • Қазақстандағы алғашқы археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмыстарына сипаттама беру арқылы Оңтүстік Қазақстанда ғылыми зерттеулердің басталуының алғы шарттарын көрсету;
  • Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі құрылғанға дейінгі археологиялық және этнографиялық зерттеулерге сипаттама беру;
  • Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі жұмыстарының негізгі бағыттарына сипаттама беру;
  • Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі жұмыстарын сараптама жасау;
  • ХІХ ғасырдың аяғында Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулердің маңызын ашып көрсету.

Зерттеу әдістері. Зерттеудің міндеті мен мақсатына сәйкес ғылыми талдау, салыстырмалы-баламалық әдістер қолданылды. Отандық жарияланған деректерден тақырып бойынша мәліметтерді жинақтау, талдау және қорыту жүзеге асырылды.

Зерттеудің деректері. Ғалым мамандардың осы тақырып бойынша еңбектері, мақала жинақтары, арнайы басылымдар, пайдаланылды.

Тәжірибелік құндылығы. Диплом жұмысының негізгі нәтижелері мектеп оқушыларына және студенттерге оқу құралына қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталған және жұмыстың тәжірибелік маңызы мен мазмұны көрсетілген.

1-тарауда Ресей империясы құрамына енгеннен бастап ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына дейінгі Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер бойынша мәліметтер жинақталып, жан-жақты талданды.

XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Ресей империясының отарлық саясатының белсендiлiгiнiң артуы Шығыс елдерi тарихы бойынша ғылыми зерттеулердiң жеделдей түсуiне себепкер болды. Ресейде 1804 жылы жаңа университет жарғысы бойынша оқу орындары бағдарламаларына шығыс тiлдерiн оқытуды ендiрді. Мәскеуде Лазарев институтының , Петербургте Ғылым академиясы Азия музейiнің және Петербург университетiнің фундаментальдық кiтапханасының Шығыс бөлiмiнiң ашылуы, әрi Қазан, Петербург және Мәскеу университеттерiнде Шығыс бөлiмдерiнiң құрылуы орыс шығыстануы үшiн ғылыми зерттеулер ұйымдастыруға үлкен мүмкiндiк бердi.

1845 ж. Санкт-Петербургте Императорлық Орыс Географиялық қоғамы (1845-1926 ж. ж. ) құрылды. Орыс ғалымдары басты назарды әртүрлi жазба деректемелердi, нумизматикалық, археологиялық т. б. iздестiру, зерттеу және жариялауға арнады. Деректеме материалдарының жинақталу процесiмен қатар, оны шығармашылық ұғыну мәселесi де қатар жүрдi.

XIX ғасырдың ортасына негізінен Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасы, географиясы және этнографиясы бойынша бойынша біраз материалдар жиналды. Қоқан хандығының құрамында болуына байланысты Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштері Ресейдің орталық ғылыми мекемелері мен қоғамдарының назарынан тыс қалды.

XIX ғ. екінші жартысынан бастап Оңтүстік Қазақстанның көне дүниесі Археологиялық комиссияны, Тарихи музейді, Мәскеу археологиялық қоғамын және т. б. орталық ғылыми мекемелерді қызықтыра бастады. Оңтүстік Қазақстан өлкесін археологиялық жақтан бірінші болып зерттегендердің бірі белгілі шығыстанушы-ғалым П. И. Лерх болды. П. И. Лерхтің еңбегінде ХІV-ХVІ ғғ. Сырдария бойындағы қалалар жайындағы жазба деректер мәліметі де келтіріледі, Қожа Ахмет кесенесі ішіндегі құлпытастар жайлы баяндалады. Жалпы айтқанда, Лерхтың бірнеше ондаған парақтан тұратын ғылыми есебі өз заманында ежелгі Түркістанды зерттеу үшін үлгі болды.

Өлкетанушы зерттеушілердің арасында И. И. Пашиноның, А. Л. Кунның еңбектерін айрықша атап өтуге болады. А. Л. Кунды «Түркістан альбомының» құрастырушысы ретінде ерекше құрметпен тілге алуға болады.

ХIХ ғ. екінші жартысында қазақ халқының этнографиясын зерттеу бойынша Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының (ИОГҚ) О рынбор бөлімімен бір қатарда ОГҚ-ның басқа - Омбы, Семей, Сырдария, Түркістан бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен қатар облыстық статистикалық комитеттер сияқты ұйымдар, Орынбордағы Ғылыми архивтік комиссия, Ресей шығыстану қоғамының Орталық Азиядағы бөлімі белсенді жұмыс атқара бастайды.

Осы жылдары жүргізілген этнографиялық зерттеулердің арасында Ш. Уәлихановтың еңбектері үлкен маңызға ие. Ол қазақ, қырғыз халықтарының қалыптасу процесiн зерттеуге үлкен еңбек сiңiрдi. Шоқанның сол кездегi қырғыз бен қазақ халықтарының арасындағы айырмашылықты көрмеген Шығыс зерттеушiлерiнен (А. Гумбольдт, К. Риттер т. б. ) өзгешiлiгi сол, ол еңбектерiнде бұл екi халықтың этникалық құрамы, әлеуметтiк-экономикалық құрылысы, тiлi, шығу тегi, әдет-ғұрыптары жағынан екi бөлек халық екенiн дәлелдеп көрсеттi. Ш. Уәлиханов, cонымен қатар, Талғар қала жұрты, Жыңғылды қирандыларын сипаттап, Жетісудің археологиялық ескерткіштері және тарихы туралы да маңызды мәліметтер қалдырды.

ХІХ ғ. 70-ші жылдарындағы ғалымдардан Ш. Уәлихановтың жақын достарының бірі Жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойлары қоғамының Түркістан бөлімінің академигі И. И. Ибрагимов, ИОГҚ-ң Орынбор бөлімінің академигі М. С. Бекчурин қазақтардың этнографиясын зерттеуге салмақты үлес қосты.

Шығыс тілдерінің білгірі И. И. Ибрагимов Түркістан генерал-губернатор кеңсесінде аудармашылық қызметін атқарды. 1870-1878 жж. «Түркістан облыстық газетінің» редакторы болды және 1878 жылдан бастап генерал - губернатор жанындағы дипломатиялық бөлімде үлкен шенеуніктік қызмет атқарды. И. И. Ибрагимов Орталық Азия халықтарының, соның ішінде - қазақтардың этнографиясы бойынша мақалалардың авторы ретінде белгілі. Біріншісі «Туркестанские ведомости» газетінің беттерінде жарияланған болатын. Онда Ибрагимовтың Сібірдегі қазақ далаларынан жазып алынған 103 қазақ мақалдары болды. 1872 ж. зерттеуші «Қырғыз халқының этнографиялық очерктері» деген мақаласын жариялайды. Мақалада ол қазақ халқының тұрмысы, әдеттері мен салттарын баяндайды.

1873 г. Мир Салих Бекчурин қазақтар туралы қызықты тарихи-этнографиялық мәліметтерге толы «Туркестанская область» деп аталатын мақаласын жариялады.

Ресейдің Орта Азия мен Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеуге ұмтылуы сан алуан мамандықтардың өкілдерінде осы аймақтардың тарихы, материалдық мәдениеті және этнографиясына деген қызығушылықты оятты. Олардың көпшілігі қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, фольклорына және мәдени ескерткіштеріне ғылым үшін бүткілдей жойылып кетуі мүмкін болған құнды этнографиялық және археологиялық материал ретінде ретінде қарады. Нәтижеде өлкеміздің этнографиясы, археологиялық және сәулет ескерткіштері туралы алғашқы ғылыми мәліметтер жинала бастады. Әсіресе бұл жұмыстар ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап белсенді түрде жүре бастады. Оған Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібірлік бөлімшесі, О рынбор (М. С. Бекчурин) және Түркістан (И. И. Ибрагимов) бөлімдері, Археологиялық комиссияның (В. В. Радлов) қызметтері түрткі болды. 1879 ж. Түркістан өлкесінің алғашқы археологиялық картасы жасалды.

ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарының басындағы археологиялық зерттеулер арасында В. В. Бартольдтың экспедициясы аса маңызды болып табылады. Оның Оңтүстік Қазақстанға келіп кетуі өлкеде археология мен шығыстанудың дамуында үлкен рөл ойнаған оқиға болды. Өзінің «Орта Азияға ғылыми мақсатпен бару туралы есеп. 1893- 1894 жж. » атты еңбегінде В. В. Бартольд ортағасырлық Қазақстан археологиясының көптеген бағыттарының негізін қалады . 1889 ж. Н. И. Гродековтың «Сырдария облысының қырғыздары мен қарақырғыздары» атты кітабы жарияланады. «Сырдария облысының статистикасы үшін материалдар жинағы», «Этнографиялық» очерк», «Түркістан жинағы» сияқты кітаптарда, «Этнографиялық шолу», «Түркістан ведомості» журналдарында М. С Бекчуриннің, И. И. Ибрагимовтың, Ә. А. Диваевтың, Х. Кустанаевтың этнографиялық материалдары да дәл осы жылдары жариялана бастайды. Олардың ішінде қазақ мақалдары мен мәтелдері, тойда айтылатын әндер, дастандар айрықша маңызға ие.

Орыс географиялық қоғамы, Археологиялық комиссия археологиялық ескерткіштер туралы мәліметтердің жиналуына зор үлес қосты. Барлық ескерткіштер мен жүргізілген қазба жұмыстары жөніндегі мәліметтер 1896 ж Н. Лыкошиннің «Археологическое изучение Туркестана до образования Туркестанского кружка любителей археологии» атты мақаласы мен И. Кастаньенің «Древности Киргизской степи и Оренбургского края» атты еңбегінде жарияланған.

2-тарауда Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарында Оңтүстік Қазақстанда жүргізген археологиялық және этнографиялық зерттеулері бойынша мәліметтер жинақталып, жан-жақты талданған. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің ұйымдастырылуы, өлкені тарихи-этнографиялық және археологиялық зерттеу саласындағы үйірме мүшелерінің атқарған жұмыстары қарастырылады. Өйткені бұл кезеңдегң зерттеулер осы үйірменің қызметімен тікелей байланысты. Үйірменің Оңтүстік Қазақстан бойынша этнографиялық және археологиялық мәліметтерді жинау және ғылыми айналымға салудағы маңызы ашып көрсетіледі.

1895 жылы құрылған Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі өлкенің тарихы, археологиясы, сәулет және өнер ескерткіштерімен қызығушы жергілікті зиялылар, әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлерді біріктіруші ұйым болды. Үйірме мүшелерінің көпшілігі өзіне мансап жасауға талпынған ғылымның алдамшы қызығушылары немесе фактологиялық материал жинаудың әуесқойлары болғанына қарамастан үйірмеде ғылымға жан-тәнімен берілген, шығыс және жергілікті тілдерді жетік білетін нағыз энтузиаст-өлкетанушы ғалымдар болды. Олардың арасында В. В. Бартольд, В. А. Каллаур, А. А. Диваев , Н. П. Остроумов және Н. Н. Пантусовтың қызметтері айрықша маңызға ие. Үйірме мүшелерінің зерттеу нәтижелері Санкт-Петербург, Қазан, Орынбордың ғылыми басылымдарында, «Түркістан ведомостарында» жүйелі түрде жарияланып барды. ТАӘҮ-ң отырыстары мен хабарлаулары «Протоколдарының» 21-і жарық көрді. Үйірменің коллекциясы, бірінші кезекте оның археологиялық және нумизматикалық қоры жоғары дәрежеде өсті.

ТАӘҮ-ң зерттеу жұмыстарының негізгі бағытын археологиялық зерттеулер құрады. ХІХ ғ. аяғында үйірме жұмыстарының арқасында Оңтүстік Қазақстандағы жүздеген ескерткіштер тізімге алынды, олардың ең ірілерінде алғашқы топографиялық зерттеулер, қазба жұмыстары жүргізілді және олар ғылыми айналымға енгізілді. ТАӘҮ-ң зерттеу жұмыстарының тағы бір негізгі бағыттары этнографиялық зерттеулер, тасқа салынған бейнелер, эпиграфикалық және жазба деректерді зерттеу мен тас мүсіндерін зерттеу болып табылды. Үйірме мүшелерінің зерттеулерінің негізгі бағыттарынан басқа шығыс қолжазбаларын жинау, оларды аудару, тарихи ономастикалық, тарихи-лингвистикалық салалар бойынша зерттеулер жүргізілді.

ХІХ ғасырдың аяғына келіп бай деректі материалдар жиналды, олар белгілі дәрежеде бір жүйеге салынды. Көне дүниелерді қорғау бойынша да шаралар жасалды. Сол дәуірдегі ескерткіштердің көпшілігі қәзірге дейін жоғалып кеткен, бұзылған, тек ғана бірінші зерттеушілердің арқасында олар туралы ғылыми мәліметтер бүгінге дейін жетіп келген.

Осы кезеңде этнографиялық материалдарды жинау және зерттеудің негізгі ұстанымдары мен әдістері қалыптасты. Этнографиялық зерттеулер арасында фольклорлық материалдар (дастандар, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, әндер, ертегілер, афоризмдер, мысалдар және т. б. ), рулық өзін-өзі басқару және құқықтық жүйе бойынша мәліметтер жинау басты бағыттарды құрады. Сонымен қатар құжаттар, қожазбалар мен эпиграфикалық материалдарды жинау және оларды аудару жұмыстары жүзеге асырылды. Әрбір уезде зерттеушілердің өздерінің мәліметшілері болды. Ғалымдар нақты құбылыстарды толық жазып алып, оларды кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін өздерінің кез-келген қызметтік мүмкіндіктерінен пайдаланды. Нәтижеде тарихи-этнографиялық, этно-лингвистикалық және т. б. зерттеулер баспасөз беттерінде жарияланды. ХІХ ғасырдың соңындағы зерттеушілердің негізгі ұстанымдары тарихилық және жоғалып бара жатқан археологиялық-этнографиялық материалдарды жинау және зерттеу болды.

Қорытындыда зерттеу нәтижесі бойынша негізгі тұжырымдамалар жасалған және тиісті ұсыныстар берілген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысында пайдаланылған еңбектер мен басылымдар берілген.

І . Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі құрылғанға дейінгі ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

  1. Археологиялық және этнографиялық ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырудың алғы шарттары

Еліміздің археология және этнография ғылымдарының даму тарихын шартты түрде - революцияға дейінгі, кеңестік және тәуелсіздік жылдары деп бірнеше ірі дәуірлерге бөлуге болады. Олардың әрқайсысы археология және этнологиядағы маңызды жетістіктер немесе бетбұрыстармен және осы ғылым салаларының қалыптасуына және дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ғалымдардың аттарымен байланысты.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысы Ресей үшін Түркістан өлкесін жүйелі түрде зерттеу және танудың басталу кезеңі болды. Осы уақытта Қазақстан Ресейдің маңызды сауда-экономикалық аймағына айналды. Ресейдің алдында осы аймақты, кезең-кезеңмен, шаруашылық үшін игеру мәселесі тұрды. Бұл Ресей тарапынан Түркістан өлкесінің жер аумағын, халық саны мен елді мекендерді анықтап, зерттеуді тереңдете түсуді қажет етті. Осы кезеңде, қазақ жерінің физикалық-географиялық, тарихи-этнографиялық жағынан зерттелуінің үдей түсуі тосын жай емес еді. Басқа салаларға қарағанда қазақ жерінің шаруашылығы, қоғамдық-саяси өмірі мен жүздерге бөлінуі, құқықтық басқару жүйесі, жер бедері, су, керуен жолдары мен халықтық мұралары көбірек зерттелді.

Түркістан өлкесін зерттеудің басталуы, соның ішінде бұл жердегі алғашқы тарихи-өлкетанулық, археологиялық және этнографиялық мәліметтердің жиналуы орыс шығыстануының даму кезеңi, XIX ғасырда оны ғылымға айналдыру процесi уақытына сап келдi. Сол кездегi көптеген ғалым тарихшылардың айтуы бойынша XIX ғасыр «Тарихи ғасыр» деген атауға ие болған. Көрнекті орыс сыншысы В. Г. Белинский айтып өткендей «Бiздiң ғасырымыз көбiнесе тарихи, барлық ойлар, сұрақтар тарихи тұрғыдан, жауаптары да тарихи негiздi болып келедi» - деген.

Капитализмнiң дамуы патшалық Ресей мен басқа да Еуропалық мемлекеттердiң XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы отарлық саясатының белсендiлiгiнiң артуы шығыс елдерi тарихы бойынша ғылыми зерттеулердiң жеделдей түсуiне себепкер болды. Ресейде 1804 жылы жаңа университет жарғысы бойынша оқу орындары бағдарламаларына шығыс тiлдерiн оқытуды ендiрді. Мәскеуде Лазарев институтының , Петербургте Ғылым академиясы Азия музейiнің және Петербург университетiнің фундаментальдық кiтапханасының Шығыс бөлiмiнiң ашылуы, әрi Қазан, Петербург және Мәскеу университеттерiнде Шығыс бөлiмдерiнiң құрылуы орыс шығыстануы үшiн ғылыми зерттеулер ұйымдастыруға үлкен мүмкiндiк бердi.

1845 ж. Санкт-Петербургте Орыс Географиялық қоғамы (1845-1926 ж. ж. ) құрылды. Оны құрушы бастамашылар арасында Ф. П. Литке, Ф. П. Врангель, К. И. Арсеньев, академик К. М. Берг, В. И. Даль, В. Ю. Струве, барлығы 17 ұйымдастырушы кеменгер ғалымдар, теңiзшiлер мен саяхатшылар болды. Оның 4 бөлiмi болды: жалпы география, Ресей географиясы, Ресей статистикасы және Ресей этнографиясы. География қоғамының құрамында негiзгi бөлiмдерден басқа ерекше комитеттер мен комиссиялар болды. Мысалы, 1851 жылдары Сiбiр, Омбыда − Шығыс Сiбiр, Тифлисте − Кавказ дық, ал 1897 жылы Орта Азиялық т. б. филиалдары ашыла бастаған.

Орыс ғалымдары басты назарды әртүрлi жазба деректемелердi, нумизматикалық, археологиялық т. б. iздестiру, зерттеу және жариялауға арнады. Деректеме материалдарының жинақталу процесiмен қатар, оны твор-честволық ұғыну мәселесi де қатар жүрдi.

Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер көне замандардан белгілі. Сонау орта ғасырлардың өзінде тарихшылар, географтар және саяхатшылар өздерінің көрген ғажайып заттары, қалалардың және елді мекендердің жұрттары туралы өздерінің еңбектерінде еске алады. Ортағасырлық атақты ғалым Абу-Райхан Әл-Бируни қимақтардың мемелекетінде таза ауыз судың және адамның, жануарлардың қалдықтары болғандығы туралы айтады.

Қазақстанның көне тарихының ғылыми тұрғыдан зерттеле басталуы XVIII ғасырдың басына сәйкес келеді. 1701 ж. шыққан С. Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабы» («Чертежные книги Сибири») атты еңбегінде Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтерді кездестіреміз. Бұл кітапта ежелгі қалалар мен құрылыстардың орындары көрсетілген [1, 12-б. ] .

Келесі қызықты мәліметтер 1733 ж. Сібірге жасалған және академик Г. Ф. Миллер басқарған бірінші академиялық экспедицияның есебінде сақталып қалған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Делаклоер, И. Фишер, геодезистер А. Красельников, А. Иванов, М. Ушаков жұмыс істеді.

Қазақстанда археологиялық зерттеуді 1768-1774 жж. екінші академиялық экспедиция жалғастырды. Ол Волга бойы, Орал, Сібір және Қазақстанның халықтарының тарихын, географиясын және этнографиясын зерттеу мақсатында ұйымдастырылған. Экспедицияда сол кездердің көрнекті ғалымдары П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рычков, Х. Барданес қатысты. Бұл ғалымдардың есептері және еңбектерінде қазақ халқының өткен тарихының ескерткіштері туралы көп мәліметтер сақталған [2, 19-бет] .

Түркістанның өткен тарихына алғашқылардың бірі болып ден қойған, Орынбор өлкесін зерттеуші П. И. Рычков болды. П. И. Рычковтың «Орынбор топографиясы» атты еңбегі және күнделігінде ол кездестірген ежелгі кен орындары, қорғандар сипатталған. Ол өзінің еңбегінде аудармашы Оразалының Түркістан қаласы туралы айтқан аңызын келтіреді: «Бұл қаланы парсылардың төртінші патшасы Жамшид-шах салдырған…, ол өз әскерімен ұлы Татарияға келді, қажеттілік негізінде, әскерді орналастыру үшін үш қаланы салуды бұйырды. Оның біріншісі Түркістан, келесілері Отырар, үшіншісі Сауран…». П. И. Рычков Түркістанның бұрынғы Ясының орнында екендігін дәлелдеуге тырысты [3, 15-б. ] .

Әрине, бұл жұмыстарды археологиялық ескерткіштерді нағыз ғылыми зерттеу деп санауға болмайды. Көбіне тосаттан табылған кездейсоқ мәліметтердің жиналуы туралы айтуға болады. Қазба жұмыстары жайында да айту қыйын. Кейбір ғалымдар обаларды қазуға тырысып көрді. Бірақ қазба әдістерін меңгермей тұрып, олар өз алдына мақсат, міндеттер қоймады, ал сондықтан заттарды жинаумен шұғылданды. Алайда ескерткіштерді есепке алып, оларды картаға түсіру істері жүзеге асырылғаны сөзсіз, және олардың құндылығы да осында. Бұл салада орындалған жұмыстар бүгінгі таңда да өз маңызын жоғалтқан жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялар
Кирилов Әбілқайыр ханның кепілгер тұтқындары
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Орыс Географиялық Қоғамы
Қола дәуірінің тарихнамасы
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz