Орта ғасырлық Түркістан қаласының тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Орта ғасырлық Түркістан қаласының тарихы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . 3

1. ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ

АЙМАҒЫНЫҢ ХІІ -ХІХ ғ. ғ. ТАРИХЫ ЖӨНІНДЕГІ ДЕРЕКТЕР…. 12

1. 1 Шауғар - ҮІ-ХІ ғ. Түркістан өлкенің бас қаласы

1. 2 Иасы - Түркістан уәлаятының астанасы

1. 3 Иасы-Түркістан

2. ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҚ РЕТІНДЕГІ ОРНЫ. . . 29

2. 1 Түркістан қаласының қасиетті рухани орталыққа айналуы

2. 2 Т‰ркістан - Ќазаќ хандыѓыныњ астанасы

3. КЕҢЕСТЕНДІРУ ДӘУІРІНДЕГІ ТҮРКІСТАН. ……40

ҚОРЫТЫНДЫ52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . 55

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тәуелсіз ел болғанынан бері ғана оның өткен тарихына сын көзбен қарау мүмкіндігіне ие болдық. Бұл еліміздің тарих ғылымының жаңа тыныс алуына жол ашты.

Қазақстан тарихының өзіне ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі - қалалар тарихы.

Тарихи тағдырдың жазмышымен ортағасырлық Қазақстан қалаларының көпшілігі біздің заманға жеткен жоқ. Баз бірін басқыншылар талқандап, монгол, жоңғар шапқыншылықтарының от-жалынына шарпылса, енді біреулері сауда жолдарының алшақтығынан, немесе ауа райының қуаңдануынан қаңырап, бос қалып отырды.

Көптеген қалалардың тіршілігі таусылып, аттары өшіп кетті. Жазба деректерде аттары сақталғандарын, ежелгі жұрт орындарымен сарыла салыстырған, тарихшы мамандар ғана олардың қай жерде болғанын анықтай алады.

Алайда дәм-тұзы ешқашан таусылмай, өткен-кеткен замандар мен бүгінгі уақытты жалғастырып, ғасырлар тұңғиығынан аттарын аман алып шыққан қалалар бар. Ал, олардың арасында ең алдымен Түркістанның ұлан-ғайыр Тұран аймағы деп аңыз болып кеткен, "тарихи түркілер елі" - Түркістан атымен аталған қаланың қазақтардың, Қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның аталары айқын.

Кең байтақ даламыздың тарихы, бізге өз халқының атақ-даңқын аспандатқан ұлы тұлғаларымен, олардың кіндік қаны тамып, білім нәрін алған, өркениеттің ежелгі ескерткіштерін жинақтаған қалалармен тығыз байланысты. Ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы ата-бабалар, тұтас бір халықтар, кейінгі ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп қалдырды. Далалық өлкені Батыспен жалғастырған, Ұлы керуен жолында кент-бекіністер, қамалдар, мазар-кесенелер мен тұтас бір қалалар кешені бой түзеді. Соның бірі қасиетті Түркістан қаласы.

Ортағасырлық сәулет өнерінің де алып асылы - Қожа Ахмет Иассауидің кесенесі де осы Түркістанда. Қазақтың бір топ саяси және діни, рухани, заңғар, алып тұлғаларының денесі осы Түркістан топырағында байыз тапқан. Сондықтан да, мәселені тақырыптық жағынан кеңірек зерттеу үшін, Түркістан қаласының тарихына тереңдеп үңілу қажет. Бұл - Тәукеден бастап қазақтың талай-талай хандарының ту тіккен бас қаласы.

Осыған дейінгі тарихнамада жеке мәселелер бойынша зерттеулердің молдығына қарамастан Түркістан қаласының кешенді тарихы жайында еңбектер жоқтың қасы десек те болады.

Міне, сондықтан да тақырыптың өзектілігі, Түркістан қаласының тарихын тереңінен кешенді түрде зерттеу болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және европалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылады:

Ерте ортағасырдағы Шауғар-Иассы қалаларының қалыптасу, даму динамикасына жазба және археологиялық қазба жұмыстары мәліметтері негізінде тарихи талдау жасау;

Ортағасырлық Түркістан қаласының рухани орталық пен Қазақ хандығының астанасы ретіндегі өмір тіршілігінің ерекшелігін анықтау;

Патшалық Ресейдің империялық саясаты кезіндегі Түркістан қаласы мен оның инфрақұрылымыңдағы өзгерістерді, тың деректер мәліметтері арқылы анықтау;

Түркістан қаласының атын әлемге әйгілеген тарихи тұлғаларға және сәулет өнерінің жетістігі болып табылатын мазар-кесенелерінің тарихына шолу жасау;

Түркістан қаласының рухани орталыққа айналуына зор рөл атқарған Қожа Ахмет Иассауи дүние танымы мен оның кесенесінің маңызын айқындау;

Деректік көздерінің бірі ретіңдегі қорымдар мен кесенедегі эпиграфиялық мәліметтердің негізгілерін жинақтап, оларға талдау жасау;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысының дерек көзі ретінде мұрағаттық құжаттар, әртүрлі құжаттық жинақтар мен баспасөз материалдарының жарияланған нұсқалары, аудармалары және ғылыми еңбектердің мәліметтері кеңінен ғылыми айналымға тартылды. Осындай дерек көздеріне ерте ортағасырдағы Шауғар қаласына қатысты араб географ-саяхатшылары мен тарихшыларының шығармалары жатады. Мысалы, Ал-Истахридің "Китаб-массолик ал-мамолик" (Книга путей государств), Ал-Макдисидің "Асхан ат-такасим фи-марифат ал-акалим" (Лучшее разделение для познания климатов), Ибн Хордадбектің "Китаб ал-масалик ва-л-мамалик" (Книга путей и государств), Ал-Якубидің "Китаб ал-буддан" (Книга стран) мәліметтері ерте ортағасырлық Шауғар қаласының орны жайында дерек көзі болады [1] . Фазаллах ибн Рузбихан Исфихани еңбегі де, аса қажетті мәліметтер береді [2] . Келесі бір дерек ретіңде монғол шапқыншылығынан кейінгі қалалар тарихы Плано Карпини мен Гильом де Рубруктің "Шығыс елдеріне саяхатында" баяндалған [3] .

Қазақ тілінде жарық көрген Захир ад-дин Мухамед Бабырдың, Махмұд Қашқаридің, Құрбанғали Халидтің шығармаларынан біршама мәліметтер алынды [4] .

Жеке еңбектермен қатар, жинақтық еңбектердің мәліметі кеңінен қолданысқа түсті. Олар отандық және шет елдік шығыстанушылар В. Г. Тизенгаузен, А. Ромаскевич, С. Волин, В. В. Беляев, Х. А. Гибб және тағы басқалардың аудармалық жинақтарыңда берілген [5] .

Кейінгі Түркістан қаласының Ресей отары кезіндегі тарихына қатысты мәліметтер Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің хаттамаларында молынан кездеседі [6] .

Қазақстандық тарихнамада, қалалар тарихына арналған алғашқы арнайы еңбектер анықтамалар түрінде ғана жарық көрді. Алдымен қала тарихтарының зерттелуінің бастаулары, 1917 жылға дейінгі отарлық мүддеден туындаған қажеттіліктер негізінде пайда болды. Бекіністер салу, ішкі рыноктық сұраныс, шикізат өнімдері қорлары мен Ресейден әкелетін тауарларды өткізу, әкімшілік басқару жүйесіне қажетті негіздер және халықаралық сауда жолдарындағы орналасу ыңғайлылығы мен тұрғындардың болашақта салық жинау үшін тығыздығын анықтау, қоныстандыру шараларына тиісті жерлерді қарастыру сияқты мәліметтерге аса зәрулік көрініс берді.

Түркістанның өткен тарихына алғашқылардың бірі болып ден қойған, Орынбор өлкесін зерттеуші П. И. Рычков болды. Ол өзінің еңбегінде аудармашы Оразалының айтқан аңызын келтіреді: "Бұл қаланы парсылардың төртінші патшасы Жамшид-шах салдырған . . . , ол өз әскерімен ұлы Татарияға келді, қажеттілік негізінде, әскерді орналастыру үшін үш қаланы салуды бұйырды. Оның біріншісі Түркістан, келесілері Утрар, үшіншісі Сауран . . . " П. И. Рычков Түркістанның бұрынғы Иассының орнында екендігін айтады [7] .

XIX ғ. 60-жылдарының ортасынан бастап Түркістан қорымдарын зерттеуге деген қызығушылық оянды, оның басты себебі Қожа Ахмет Иассауидің ханакасы (мүрдесі орналасқан жер) болды.

1865-1866 ж. Түркістанға келген Уфалық сот қызметкері М. Бекчуриннің "Әзірет сұлтан мешіті" жайында қалдырған мәліметтері аса құнды деректер береді. Бұл еңбекте алғашқылардың бірі ретінде Қожа Ахмет Иассауи кешенінде жерленгендердің жатқан орнын көрсетеді [8] .

Ал, 1866 жылы Сауран, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сайрам (Испиджаб) қалаларының үйінді орнын географ А. К. Гейнс қарап шыққан болатын [9] .

Келесі бір зерттеу еңбегіне тоқталар болсақ П. И. Лерхтің еңбегін атап өтуіміз керек. Ол өз еңбегіңде, Түркістан қаласының қазіргі орнында бұрын Ясы қаласы болғандығын, археологиялық материалдар арқылы негіздеді. Сонымен қатар Лерхтің есебінде ХIV-ХVI ғ. Сырдария бойындағы қалалар жайындағы жазба деректер мәліметі де келтіріледі, Қожа Ахмет ханакасы ішіндегі құлпытастар суреттеледі.

XIX ғ. 90-шы жылдарынан бастап Түркістанның өткен тарихына зерттеуді, Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі мүшелері П. Н. Ахмеров [10], А. А. Диваев [11], Н. С. Лыкошин [12], С. Г. Маллицкий [13] және басқалар жүргізе бастады.

Революцияға дейінгі зерттеулер ішінде шығыстанушы В. В. Бартольд пен А. И. Добромысловтың еңбектерін атаған жөн. В. В. Бартольд Ясы-Түркістан-Шавгар қалаларының бір екендігін айтты [14] . Ал, А. И. Добромысловтың еңбегі революцияға дейінгі кездегі, Түркістан қаласының тарихы жөніндегі алғашқы монографиялық зерттеу болып табылады [15] .

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Түркістан қаласының тарихы негізінен Қожа Ахмет Иассауи кесенесін қалпына келтіру мен қорғауға байланысты зерттелді. Ол негізінен А. А. Семенов, Т. В. Савельева еңбектерінде көрсетілген [16] .

Алғашқы археологиялық зерттеулер 1928 жылдың жазында М. Е. Массонның бастауымен цитаделде жүргізілді. Нәтижесінде М. Е. Массон қазіргі Түркістан қаласының орнында Ақсақ Темір дәуіріне дейін-ақ ХІІ-ХІІІ ғғ. үлкен қала болғандығын айқындады [17] . Ұлы Отан соғысы нәтижесінде тоқтап қалған зерттеулер 1947-1951 жылдары Н. А. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмысымен қайта жанданды [18] . Ол Түркістаннан 8 шақырым қашықтықта орналасқан (Шойтөбе қалашығының Шаугар-Ясы болу мүмкіңдігін) айтқан болатын.

Осы экспедицияның материалдар жинақтап, монографиялық еңбекті жариялағандар Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич еді. Археологиялық мәліметтерге сүйене отырып, олар қазіргі Түркістан қаласы ауданына Оңтүстік Қазақстанның ежелгі егіншілік-отырықшылық аймағы болғандығын дәлелдеді [19] .

1958 жылдары Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің айналасындағы жерлерде Н. Б. Немцова қазба жұмысын жүргізді. Оның зерттеуі нәтижесінде қазақ хандарының мазарларының орны табылды [20] .

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы арнайы қабылдаған жарлығында, Түркістан қаласын ғылыми-зерттеу мен қалпына келтіру жұмыстарын жақсарту мәселесі көтерілді. Бұл үшін кешенді бағдарлама жасалып, археологиялық жұмыстар, қаланың сәулеттік тарихын, салыну құрылысы, технологиясы және басқа да бағыттар бойынша зерттеу жүргізу жоспарланды.

1972-74 жылдары Түркістан қаласында ҚазССР ҒА-ның Тарих, археология және этнография институты мен ҚазССР Мәдениет министрлігімен бірлесіп отырып (отряд бастығы Т. Н. Сенигова) кең көлемдегі археологиялық зерттеу жұмыстары басталды. Алынған мәліметтерді жинақтаған және оны ғылыми талдауға алған Т. Н. Сенигованың бірнеше еңбегі жарық көрді [21] . Түркістан қаласында табылған монеталар - қаланың ақша айналымы мен әр түрлі кезеңдегі, әр елмен экономикалық байланысын көрсететін зерттеулерде Р. З. Бурнашеваның еңбегі зор [22] .

Л. Б. Ерзакович, Б. Нурмуханбетов, А. Ордабаев, А. Н. Марьяшев, Ю. А. Мотов еңбектерінде Түркістан тарихи археологиялық жағынан зерттелген еді [23] .

Кесенеден 300 метр оңтүстік-шығысқа таман орналасқан Күлтөбе төбешігінде Е. А. Смағұловтың жүргізген қазба жұмысы нәтижесінде бұл төбешіктің - б. д. 1 мың жылдығында болған Иассы мекені мен кейінгі Түркістанның көне орыны екендігі анықталған [24] .

Кейінгі қазба жұмыстарын Б. Х. Адильгереев, А. О. Итенов жүргізіп Түркістан қаласы тарихы мен Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жайындағы мәліметтердің баюына өз үлестерін қосты. [25] .

1985-1986 жылғы Түркістан отрядының бастығы Б. Х. Адильгереев болса, 1987 жылдан бастап оны А. О. Итенов алмастырды. Бұрынғы Иассыдан да тарихы әрі кететін Шауғар қаласының тарихын зерттеу барысында, Түркістан қаласынан 8 шақырым жерде орналасқан Шойтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылған болатын.

1992 жылдары Шойтөбе қалашығында жүргізілген қазба жұмысын отряд бастығы Ә. Қ. Шашаев басқарған болатын [26] . Жинақталған материалдар негізінде оның көне Шауғар қаласының орны екендігі анықталған еді.

К. М. Байпақовтың ортағасырлық қалалар жайындағы көптеген еңбектерінде Түркістан, Иассы, Шауғар қалаларының тарихы археологиялық мәліметтер арқылы жан-жақты қарастырылған [27] .

Біз үшін құңды еңбектердің бірі, Сәйден Жолдасбайұлының монографиялық зерттеуі болды [28] . Бұл еңбекте Шауғар қаласы, Иассы мен Түркістан қалалары тарихына қатысты мәліметтер берілген.

Ортағасырлық Түркістан тарихын тыңғылықты зерттеуге алған Е. Смағұлов [29] пен М. Тұяқбаевтың [30] аттарын ерекше атауға тиіспіз. Түркістан тарихы тереңінен басталғандығын деректер негізінде сараптай отырып, ондағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жазуларын оқып мәліметтердің тың көзін ашқан. Бұл саладағы ірі еңбектердің бірі ретінде Б. Т. Тұяқбаеваның көп жылдық еңбегін атап өтуіміз қажет [31] . Эпиграфикалық мәліметтердің құндылығын аша отырып, оларды Түркістан қаласы қорымдарында жерленген адамдардың ата-тегін анықтауға пайдалануға, қала тарихындағы рөлін сараптауға қажет мәлімет көзі ретінде қарауды арабтанушы-ғалым Әбсаттар Дербісәлі ұсынған болатын [32] . Осы мәселеге қатысты Түркістанда жерленген қазақ хандары жайындағы мәліметтер И. В. Ерофееваның зертеуінде келтірілген [33] .

Түркістан қаласы мен ондағы тарихи-мемориалдық Қожа Ахмет Иассауи кешені тарихына қатысты, жекелеген зерттеулер жеткілікті. Әлмашұлы Жолтай, Қожа Мұхтар, Әбіласан Әбілхан, Берекет Кәрібай, Сабира Сайфулмаликова еңбектері мәселенің әр қырынан тарихи түрде кең қарастырған.

Жеке жинақтық еңбектермен қатар мақалалар жинағы, конференциялар материалдары да диссертацияға қажетті мол мағлұматтарға толы болатын. Біз негізінен аса қажетті деген зерттеулерге ғана тоқталдық.

Ерте ортағасырлық Шауғар қаласының тарихы ежелгі кезеңнен бастау алып, қалалық деңгейге көтерілгендігін анықтау үшін, араб-парсы саяхатшы-географтарының еңбектеріне жан-жақты талдау жасалынды.

Ортағасырлық Иассы қаласының тарих сахнасына шығу кезеңдері жүйеленіп, алғаш рет кешенді зерттеу объектісі ретінде қарастырылды.

Жазба деректер археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтерімен салыстырыла отырып, мәселенің тарихи шындығына қол жеткізу жұмысы жүргізілді.

Қазақ хандығының қалыптасуы кезеңіндегі Түркістан қаласының саяси және рухани астанаға айналу үрдісі, үздіксіз даму динамикасы негізінде терең зерттелді.

Қазақ жерінің отарлық кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жөне саяси жағдайы деректер негізінде Түркістан қаласының кейінгі жағдайымен тығыз байланысты баяндалып, халық санасынан Түркістанның саяси және рухани орталық ретіндегі орнын өшіру бағыты үстем болғандығы анықталды.

Кесене мен қорымдардағы жазулар талданды және олар тарихи тұлғалар өміріне қатысты деректер ретінде пайдаланылды.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері XII ғасырдың басы мен XIX ғасырдың екінші жартысын қамтиды. Біздің дәуіріміздің 1-ші мың жылдығынан бастау алатын қала тарихына дейінгі кезең. Зерттеу жұмысы барысында оны төрт кезеңдерге бөлдік:

VI ғ. - XII ғ. Шауғар қаласы кезеңі.

XII ғ. - XVI ғ. соңы - Иассы қаласы кезеңі.

XVI ғ. соңы - XIX ғ. бірінші жартысы Түркістан қаласының гүлденген кезеңі.

XIX ғ. Бірінші жартысы - XIX ғ. екінші жартысы Түркістан қаласының кұлдырау кезеңі.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден және үш бөлімдерден мен қорытындыдан, пайдаланған деректер тізімінен тұрады.

1. ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ

АЙМАҒЫНЫҢ ХІІ -ХІХ ғ. ғ. ТАРИХЫ ЖӨНІНДЕГІ ДЕРЕКТЕР

1. 1 Шауғар - ҮІ-ХІ ғ. Түркістан өлкенің бас қаласы

Кең байтақ Қазақстан территориясында ежелгі дәуірден бері ірі тарихи-мәдени аудандар болып, отырықшылықтың сипаттамасын көрсетті. Бұл орта ғасырлық қалалардың өмірінен хабар береді. Осындай қалалы аймақтың бірі Оңтүстік Қазақстан жері. Табиғи орнына тоқталар болсақ, Оңтүстік Қазақстан немесе географтардың атауы бойынша - "Сырдария жағалауының географиялық провинциясы", солтүстігінде - Орталық Қазақстанның далалық аймақтарымен шектелсе, оңтүстігінде - Талас Алатауымен, шығысында - Жуалы тау жоталарымен, ал батысында - Қазылқұм шөлдерімен жапсарлас.

Осы Сыр бойындағы қалалардың қалыптасу тарихына жүгінер болсақ, Оңтүстік аймағында жазба деректердің мәліметі бойынша VI -IX ғ. алты қала - "Ақ өзен бойындағы" Испиджаб, Шараб, Будухкет, Усбаникет, Отырар және Шауғар аталады. Ал, қазба жұмыстары мәліметі бойынша олардың саны - 30-33-ке таяу деп айқындалады.

Археологиялық қазба жұмыстары нәтижелері мен жазба деректер мәліметтеріне жүгінетін болсақ, қазіргі Түркістан қаласының Қазақстанның ежелден келе жатқан саяси және экономикалық орталықтарының бірі болғандығын көреміз. Түркістан қаласының бастапқы тарихына жүгінгенде оның Шауғар және Иассы атауларымен тығыз байланыстылығын айта аламыз. Шауғар қаласының тарихы ҮІ-ХІІ ғасырлар аралығын қамтып, өзіне жақын маңайдағы ұсақ қолөнер мен тұрақ мекендерді, соның ішінде болашақта аймақтың орталығына айналған Иассыны бағындырған [27] .

Орта Азия мен Ќазаќстан аумаѓында тарих т‰кпірінде пайда болып, т‰рлі шапќыншылыќ кезењдерде басќа елді - мекендер сияќты µшіп кетпей, ќазіргі уаќытќа дейін µмір с‰ріп келе жатќан саусаќпен санарлыќ ќалалардыњ бірі - Т‰ркістан.

Ќазіргі Т‰ркістан ќаласыныњ байырѓы тарихын зерттеу тарих ѓылымыныњ µзекті мєселелерініњ бірі болып табылады. Єуелі Иасы, кейін Т‰ркістан атанѓан ќаланыњ тарихы терењде жатыр. Ертедегі Иасыныњ орны - К‰лтµбе, ќазіргі Т‰ркістан айналасындаѓы басќа да кне жєне ортаѓасырлыќ мекен ќ±ландылары: Сидаќ ата, Шойтµбе, Ќарашыќ Ι, ΙΙ, Тµртк‰лтµбеΙ, ΙΙ атты ескерткіштер археологиялыќ т±рѓыдан зерттелу ‰стінде. Осымен ќатар Иасы - Т‰ркістанныњ XV - XVIII ѓасырлардаѓы тарихын зерттеу µте - мµте ќажет. Себебі б±л кезењде ќала айтулы µзгерістерге тап болѓан. Ќазаќ хандыѓы т±сында Иасы бір аудан орталыѓы дєрежесінен Т‰ркістан атты тарихи аймаќтыњ астанасына, ал кейін Ќазаќ хандыѓыныњ бас ќаласына айналды. Ќаланыњ осы кездегі тарихын зерттеу арќылы ортаѓасырдаѓы тµл мемлекетіміздіњ тыныс - тіршілігініњ ќыр - сырларын тануѓа болады.

М±нда ел таѓдырын шешкен маслихаттар µткен, хан сайлаѓан ќ±рылтайлар болѓан.

Ќазаќтыњ Есім, Жєњгір, Тєуке, Абылай, басќа белгілі хандары, батырлары, билері, Ахмет Иасауи кесенесінде жєне оныњ айналасындаѓы мазаратта жатыр. Т‰ркістан ќаласыныњ Ќазаќ хандыѓыныњ негізгі саяси, діни, сауда орталыѓы болды. Яѓни Т‰ркістанныњ XV - XVIII ѓасырлардаѓы тарихын зерттеп - танымай Ќазаќ хандыѓыныњ, Ќазаќстанныњ тарихын білеміз деп айтуѓа болмайды.

Археологиялыќ зерттеулер Т‰ркістан ќаласыныњ тарихы терењде жатќанын кµрсететіп отыр. Т‰ркістан ќаласыныњ айналасындаѓы аймаќта табылѓан тас дєуірі ескерткіштері - Шоќтас I, II, Ќосќорѓан I, II б±л µњірді єуелгі адам 500 мыњ жыл б±рын мекен еткенін кµрсетті. Т‰ркістан ќаласы тµњірегінде ќола дєуірініњ ќонысы, ќ±рал - саймандары да табылып отыр. Яѓни б. з. б. 2 мыњ жылдыќтан бастап б±л аймаќта Ќазаќстанныњ басќа да жерлеріндегідей андронов мдениеті кењ тараѓан.

Темір дєуірінде Т‰ркістан ќаласы орналасќан Сырдыњ орта аѓысы аймаѓын кµне парсы деректерінде «саќа» аталѓан, ал «Авестада» - «тура» деп аталѓан тайпалар мекен еткен. Осыдан саќтар тайпалары мекен еткен µлке Т±ран деп аталѓан. Т‰ркістан ќаласыныњ єуелгі атауын осы саќ тайпасыныњ атауымен байланысты деугу негіз бар. Себебі, XVII ѓасырдыњ белгілі тарихшысы Махмуд ибн Улидіњ «Бахр ал - асраф фи манахиб ал - ахиар»атты кітабында мынадай мєлімет бар: «Ќазіргі Т‰ркістан - б±л Сакси ќаласы, ќара халыќ оны Иасы деп атайды » Ќаланыњ ежелгі Сакси атауыныњ, саќ атауымен ‰ндестігін байќауѓа болады. В. И. Абаевтыњ пікірінше, «сака» атауын «тура» терминініњ баламасы деп ќарастыруымыз ќажет., тіпті, б±л тайпалар «тура - саќтар» деген біріккен атаумен де аталѓан. Ќаланыњ ежелгі атауы, б±л елді мекенніњ тарихыныњ терењдігін кµрсетеді.

Ертедегі Сакси - Иасыныњ орны ќазір К‰лтµбе деп аталатын ескерткішке телінеді. Б±ѓан ќоса Т‰ркістан ќаласы тµњірегінде біздіњ заманымыздыњ басында негізі ќаланѓан Сидаќ ата, Шойтµбе, Ќарашыќ, Тµртк‰лтµбе атты кµне ќоныс - ќалашыќ орындары бар. Т‰кістан аумаѓында орналасќан осы аймаќтыњ бас ќаласы міндетін атќарѓан.

Тарихи деректерге ќараѓанда VIII - XII ѓасырларда б±л µњірдіњ бас ќаласы Шауѓар болды. «Шауѓардыњ» ќазіргі ќазаќ тіліне аудармасы Ќаратау. Шауѓар - Ќаратау - арашоќы сµздері бір - бірініњ баламасы. Сондыќтан б±л ќала ќазіргі Т‰ркістан ќаласы шетінен аѓып жатќан Ќарашыќ (Ќарашоќыныњ µзгерген ‰лгісі) µзені бойында болуы тиіс. Шауѓар ќазіргі Шойтµбе деген пікір дєлелсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстанның қалалары
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
ТҮРКІСТАН ҚАЛА ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Қала құрылысы
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Жібек жолы одан
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасуы мен дамуының экономикалық-географиялық ерекшеліктері
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz