Ортағасырлық Ақтөбе қаласының бекіністері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Ақтөбе қаласында жүргізілген қазба жұмыстары ... ... ... ... . 5.22
§1. Төрткүл Төбе . 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
§2. Төрткүл Төбе . 2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
§3. Цитадельдегі қазба ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ІІ тарау. Керамика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
§ 1 ҮІІІ . Х ғасырлар керамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
§ 2 Х . ХІІ ғасырлар керамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 50
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
Қысқартылған сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54

Шу өңіріңдегі ұзын қорғанды 21 қаланың маңында көптеген үйлер, сарайлар, қоғамдық, көпшілік орындары және қала қорғанының төңірегінде орналасқан шағын бекіністер мен қамалдар бар. Осы құрылыс қалдықтардың зерттеудің маңызы зор. Себебі олардан алынған мәліметтер ортағасырлық қалалардың тарихи топографиялық құрылымын түсінуге, бекініс жүйесінің қандай болғандығын білуге және сәулет өнері мен құрылыс өнерінің даму жолдарын, кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысы күрделі қала организмінің бір құрамдас бөлігі болып табылатын ұзын қорғандар ішінде орналасқан шағын бекіністерді, қамалдарды зерттеуге арналған. Шу өңіріндегі ұзын қорғандар қалалардың ішіндегі шағын бекіністер қамалдар зерттеу жұмыстарын 1939-1941ж. А.Н.Бернштам бастаған Жетісу археолгиялық экспедициясы жүргізді. Соның нәтижесінде Красная речка қаласының төңірегіндегі ҮІ-ҮІІ ғғ. кезінде өмір сүрген шағын бекініс зерттелді . 1963-64ж. П.Н.Кожемяко осы қаланың маңында орналасқан жеке үй орындарында қазба жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде олардың құрылысы, жобасы, өзіндік ерекшеліктері және материалдық мәдениетінің қандай болғанын көрсетіп берді . 1964ж. К.М.Байпақов ортағасырлық Құлан қаласындағы /қазіргі Луговое селосы/ Луговой А деп аталатын ҮІІІ-Хғғ. Кезінде өмір сүрген қамал қалдығын толық ашты. Соның нәтижесінде осы тәрізді қамалдарға тән негізгі жоба- “коридор” тәрізді құрылыс екендігін

1. Энгельс Ф. Семьяның жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы. //Маркс К., Энгельс Ф. Шығармаларының толық жинағы 3-том, 263 бет.
2. Агеев Е.И. Керамика городице Шаушукуль-тобе и ее датировка //Древности Чардары. Алма-Ата, 1968.
3. Агеев Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. Алма-Ата, 1958.
4. Акишев К.А., Байпаков., Ерзакович Л.Б. Древний Отырар. Алма-Ата, 1972.
5. Алдабергенов Н.О. Жилища горожан на рабаде городище Актобе. //Истрия материальной культуры Казахстана Алма-Ата, 1986.
6. Альбаум Л.И. Раскопки замки Зартепо //ИМКУ. Вып 4/ Ташкент, 1963,
7. Байпаков К.М. Раскопки раннесредневекового замка в Сомиречье //ВАН, №8, 1966, 64-бет.
8. Байпаков К.М. Керамика средневекового Кулана. Алма-Ата, 1972.
9. Бернштам А.Н. Чуйская долина. М., 1950.
10. Бентович И.В. Керамика верхнего слоя Пенджикента.
11. Бубнова М.А. Средневековые мастерские рабада. Фрунзе, 1963.
12. бубнова М.А. Средневековые поселения Ақ –Төбе І у.с. Орловки. Фрунзе, 1963.
13. Воронина В.Л. Из истории среднеазиатской фортификации //Советская археология – 1959. №1, 84-104 б.
14. Елеуов М.Е. Раскопки средневековой мастерской на городище Актобе //История мариальной культуры Казахстана/ Алма-Ала, 1980.

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Ортағасырлық Ақтөбе қаласының бекіністері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
І тарау. Ақтөбе қаласында жүргізілген қазба 5-22
жұмыстары ... ... ... ... .
§1. Төрткүл Төбе – 5
1 ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
§2. Төрткүл Төбе – 2 22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
§3. Цитадельдегі 26
қазба ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
ІІ тарау. Керамика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
§ 1 ҮІІІ – Х ғасырлар 35
керамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
§ 2 Х – ХІІ ғасырлар 37

Қорытынды 50

... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер 52

...
Қысқартылған 54
сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Шу өңіріңдегі ұзын қорғанды 21 қаланың маңында көптеген үйлер,
сарайлар, қоғамдық, көпшілік орындары және қала қорғанының төңірегінде
орналасқан шағын бекіністер мен қамалдар бар. Осы құрылыс қалдықтардың
зерттеудің маңызы зор. Себебі олардан алынған мәліметтер ортағасырлық
қалалардың тарихи топографиялық құрылымын түсінуге, бекініс жүйесінің
қандай болғандығын білуге және сәулет өнері мен құрылыс өнерінің даму
жолдарын, кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысы күрделі қала организмінің бір құрамдас бөлігі болып
табылатын ұзын қорғандар ішінде орналасқан шағын бекіністерді, қамалдарды
зерттеуге арналған. Шу өңіріндегі ұзын қорғандар қалалардың ішіндегі шағын
бекіністер қамалдар зерттеу жұмыстарын 1939-1941ж. А.Н.Бернштам бастаған
Жетісу археолгиялық экспедициясы жүргізді. Соның нәтижесінде Красная речка
қаласының төңірегіндегі ҮІ-ҮІІ ғғ. кезінде өмір сүрген шағын бекініс
зерттелді[1]. 1963-64ж. П.Н.Кожемяко осы қаланың маңында орналасқан жеке
үй орындарында қазба жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде олардың
құрылысы, жобасы, өзіндік ерекшеліктері және материалдық мәдениетінің
қандай болғанын көрсетіп берді[2]. 1964ж. К.М.Байпақов ортағасырлық Құлан
қаласындағы қазіргі Луговое селосы Луговой А деп аталатын ҮІІІ-Хғғ.
Кезінде өмір сүрген қамал қалдығын толық ашты. Соның нәтижесінде осы
тәрізді қамалдарға тән негізгі жоба- “коридор” тәрізді құрылыс екендігін
дәлелдеп берді[3]. 1979-84 жж. аралығында ортағасырлық Ақтөбе
қаласының І ұзын қорғанның ішінде орналасқан үй орындарын, қамалдарды
зерттеумен қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік Университетінің
археология және этнография кафедрасының археологиялық экспедициясы
айналысып келеді. Соның нәтижесінде Төрткүл төбе 1, Төрткүл төбе 2
бекіністерінде және Ақтөбе цитаделіндегі шағын қамал қалдығы толық
ашылды[4].
Диплом жұмысын жазу барысында Шу өңіріндегі жургізілген зерттеу
жұмыстарының жарық көрген материалдармен қатар археология институтының
архив материалдары және 1985-88 жж. қазба жұмыстарының материалдарын
пайдаландым.
Ф.Энгельстің “Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы” атты
еңбегінде қалалардың пайда болуы, олардың өміріндегі бекіністер мен
қамалдардың алатын орны жан-жақты көрсетілген[5].
Диплом жұмысы кіріспеден 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиет тізімінен
және қосымшадан тұрады. Бірінші тараудың аты Ақтөбе қаласында жүргізілген
қазба жұмыстары деп аталады. Мұнда Төрткүл төбе 1, Төрткүл төбе 2 және
цитадельдегі қазба жұмыстарына тоқталынады. Екінші тарауда қазба кезіндегі
Керамикалық материалдарға жалпы сипаттама беріліп, кезеңдерімен олардың
өзара ерекшеліктері сөз болады.
І. ТАРАУ
§1. ТӨРТКҮЛ ТӨБЕ - 1
1979 жылы Төрткүлдің батыс қабырғасының қалыңдығын, неден
тұрғызылғандығы және фортификациялық ерекшелктерін анықтау мақсатымен,
оңтүстік-батыс мұнарадан солтүстікке қарай 10 м жерден кесек салынды[6].
Оның ұзындығы 7 м, ені 2 м, тереңдігі 3 м.
Жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде қалыңдығы 30 см келетін
платформаның үстіне қамал қабырғасы тұрғызылғандығы анықталды.
Қамалдың ұлтанындағы ені 3,5 м, сақталған биіктіні1,3 м. Ол пахсадан
тұрғызылған. Қазба кезінде табылған материялдар квадраттарға бөліне отырып,
ярус бойынша есепке алынды.
1-қазба. Төрткулдің оңтүстік – батыс бұрышының мәдени қабатын зерттеу
мақсатымен көлемі 9х18м көлемін қазба жүргізілді. Соның нәтижесінде ыдыс
күйдіретін пеш ,төрт шұңқыр және бір бөлме ашылды.
Пеш екі ярусты, қабырғалары күйдірілмеген кірпіш пен пахсадан
тұрғызылған. Ыдыс күйдіретін камерасының сақталған биіктігі-0,5м, оттықтың
диаметрі - 1,2м. Отжағатын камераның да көлемі сол шамада, (диаметрі-1,1м,
биіктігі-1,6м.)
Жалпы пеш жақсы сақталынған, тек кейіннен күл-қоқыс тасталынған
шұңқырлардың нәтижесінде, солтүстік жағы бұзылымқыраған. Күйдіру камерасы
мен оттықтың шеті бөлінген.
Оттықтың төрт сопақша саңылауы бар, олардың диаметрі 10-15см, ара
қашықтары 0,9м-ден.
Оттығы мен күл шығатын саңылауы көзге түспеген. Оттықтың аузынан
0,3м жерде ұзындығы 1,5м көлденең каналдар тазартылды. Осы каналдар арқылы
от жағатын камераға ауа өтіп тұрса керек .
Пештің оттығындағы және күйдіру кадерасындағы үйінділердің
арасында бояусыз керамекалар табылды.
Шұңқыр 1. (жоғарыда шығырдың бұзылуы жөнінде сөз болып кеткен)
Сопақша фотмалы, ұзындығы – 3,8м, ені-1,5м, тереңдігі – 0,4м. Шұңқырдың іші
күлмен толтырылған
Шұңқыр 2 диаметрі – 2,3м. Тереңдігі – 0,5м
Шұңқыр 3 диаметрі – 0,9м тереңдігі – 0,2м
Шұңқыр 4 диаметрі – 1,5м тереңдігі – 1,6м
Осы шұңқырдан көп мөлшерде керамика табылған.
Сонымен қатар, барлық қабырғалары тегіс, түбі сопақша формалы
екендігін айрықша атап өту керек.
Қазу барысында реперден[7] 1 метр тереңдікте бір бөлме
қабырғалаының жобасы біліне бастады.
Бөлменің ұзын жағы солтүстікке қарай бағытталған. Оның көлемі
3,6х 1,5м. Оның қабырғаларының көлемі 42 –44 х 22 х 12см келетін
күйдірілмеген кірпіштерден тұрғызылған. Қабырғаларының қалыңдығы 0,9м
сақталған биіктігі 0,3 – 0,8м. Бөлменің едені өте нашар сақталынған.
Бөлменің ішінен қаланған қабырғаның үйіндісі кездескен және батыс
бөлігінің еденінен көлемі 25 х 25 х 4 – 5см күйдірілген кірпіштер
табылған.
Бұл кейінен кіре берістің кірпіштері екені анықталған, яғни
кіре осы кірпіштерден қаланған.
Бөлменің батыс бұрышында көлемі 25х25 х 4-5см күйдірілген
кірпіштен қаланған, көлемі 3,6-1,5 м келетін қаланды бар. Осы
қаландыны ашқан кезде оның астынан диаметрі 1 м, ұзындығы 4 м
жасырын жол (паз) ашылды. Ол қала қамалының қабырғасын тесіп өткен.
Ескерте кететін бір жағдай осы жасырын, жолдың кіре беріс жағы (батыс)
қалыңдығы 0,2 – 0,3 келетін балшықпен бекітілген, ал бөлме ішіндегі шыға
беріс жоғарыда айтылғандай күйдірілген кірпіштен қаланған. Жасырын жолдың
іші бос топырақпен (құм аралас) толтырылған.
Жасырын жол өз кезінде пайдаланбаған, оның дәлелі - кіре
берістегі шағын қабырғалардың бұзылмауы. Мұнан соң келесі екінші
қазба жұмысы жүргізілді.
Б) 1984 жылғы қазба жұмыстары
1984 жылы экспедиция Төрткүл төбенің солтүстік бөлігінде екінші
қазба жұмысын жүргізді. Оның көлемі 35 х 13 м.
Төбенің дәл сол солтүстік бөлігін обьект ретінде алуға себеп болған
жағдай: осы участокта жоғарғы қабаттың жақсы сақталғандығы. Обьектіде екі
бұрыштық мұнара бар. Біреуі – солтүстік – шығыс бұрышта, екіншісі –
солтүстік – батыс бұрышта орналасқан. Екінші мұнара 1979 жылғы қазба
кезінде ішінара зерттелінген болатын.
Қазба жұмысы оъектінің шығыс жағынана басталды. Төбенің үстіңгі
бетінен 0,3 м қалыңдықта қамал қабырға ашылды. Ол солтүстіктен оңтүстікке
қарай орналасқан. Онан ары қарай қазба жұмысы қамал қабырғаның ішкі бетінде
жүргізілді. Беткі шымды қабаттың астында қазбаның бүкіл алаңында
күйдірілген және күйдірілмеген кірпіштердің сынықтары мен борпылдақ шөгінді
қабат жатыр. Күйдірілген кірпіштердің көлемі 22х22х5; 25х25х5 см. Осы
қабаттан бояусыз керамикалар табылған. Онан тереңдікте 0,7 м жерде,
тығыздалған, тапталынған қабат ашылды. Бұл қабат - бөлменің едені. Еден
тегіс емес, беті жұқалап құм араластарылған сылақпен сыланған.
Еденнің деңгейінен екі тандық, ташнау, он диірмен табылған.
Тандыр І. диаметрі 0,5 м қабырғасының қалыңдығы 5 см. Тандырдың
түбінің шығыс жағында диаметрі 18 см келетін саңылауы бар. Ол күл түсіруге
арналған. Тандырдың ішкі беті тігінен және көлденеңінен қиылысатын,
тереңдігі 0,4-0,5 келетін кесектермен жабылған.
Тік кесіктер бір-бірінен 3-4 см. арақашықтықта, ал көлденең кесіктер 2-
3 см. арақашықтықтан орналасқан.
Тандырдың іші сұр түсті күл қабатымен толтырылған.
Тандыр 2. диаметрі 0,5 м, қабырғасынығ қалыңдығы 5 см ішкі беті 1
тандыр тәрізденіп жабылған. Кесектердің тереңдігі 0,5-0,6 см. Тік
кесектердің ара қашықтығы 5-6 см, көлденең кесіктер 3-4 см ара қашықтықта
орналасқан.
2 тандырдың оңтүстігінде 1,5 м жерден ташнау табылған.
Ташнау – сырты айналдыра көлемі 42х21х7 – 8 см келетін күйдірілмеген
кірпішпен жабылатын кәзелердің тір түрі. Ыдыстың биіктігі екі кірпіштің
биіктігіндей. Кәзенің ішкі бетінде түрі – жасыл, органикалық заттардың
қалдықтарының жұқа қабатымен жабылған.
Тандырлар шығыстан батысқа қарай 6-6-дан 2 қатарға орналасқан.
Қатарлардың ара қашықтығы (солтүстіктен оңтүстікке қарай) 3,5 м, ал
диірмендердің арасы 3,2-3,7 м. Тек 13 диірмен ғана ерекше 11-диірменнен
солтүстікте 0,7 м қашықтықта орналасқан.
1- диіремен диаметрі 0,9 м, қалыңдығы 55 см. диірменнің ортасында диаметрі
8 см келетін саңылауы бар.
2- диірмен диаметрі 0,8 м, қалаңдығы 5,3 см саңылаудың диаметрі 8 см.
42х21х7 – 8 см келетін күйдірілмеген кірпіштен өрілген бір қатар бар.
Есіктің шығысында 0,5 м жердің еденінде, өрілген кірпіштің астында
түбі оңтүстікке қараған үлкен бір керамикалық труба қазып алынған. Трубаның
ұзындығы 52 см, кең жерінің диаметрі 20 см, ал қысыңқы бөлігінің диаметрі
15 см болады.
Еденнің беті күйік және күл қабатымен жұқалап жабылған, 9 бен 10 –
диірменнің арасында шіріген қамыстың қалдықтары сақталынған. Осы күл
қабатынан бояусыз кермика жіне үш садақтың ұшы табылған.
Осы тәрізді сабақтың ұштары Төрткіл[8] төбеден және Ақ – Бешім
қаласынан табылған[9].
Еденнен 9 шұңқыр ашылды.
1- шұңқырдың диаметрі 1,5 м, тереңдігі 1,3 м. Шұңқырдың түбінде бұзылған
пахса қабаты, оның бетінде борпылдақ топырақ қабатымен толтырылған.
Пахса қабатынан кәзенің қалдығы табылған.
2 - шұңқырдың диаметрі 0,8 м, тереңдігі 1,70 м. Шұңқырдың түбінде қарашірік
қабаты, онан жоғары бос топырақ қабаты жатыр.
3 - шұңқыр диамерті 0,85 м, тереңдігі 0,174 м, іші күлмен толтырылған.
4 - шұңқырдың диаметрі 1 м, тереңдігі 0,9 м, қабырғасы мен түді саз
араласқан сабынмен сыланған.
5 - шұңқырдың диаметрі 1,1 м, тереңдігі 0,9 м, қабырғасы мен түбі 4- шұңқыр
тәріздес сылақпен сыланған. Түбінде жұқа күл қабатынан бояусыз керамика
табылған.
6 - шұңқырдың диаметрі 1,3 м, тереңдігі 0,65 м, іші құрылыс материалдарының
қалдықтарымен толтырылған. Бос топырақ қабатынан диірменнің сынығы, күйген
ағаштың қалдықтары табылған.
7 - шұңқырдың диаметрі 1,8 м, тереңдігі 0,9 м, қабырғасы мен түбі тегіс.
Ішінде жұқа күл қабаты жатыр.
8 - шұңқырдың диаметрі 1,45 м, тереңдігі 0,5 м, түбінде құрылыс
материалдарының қалдықтары жатыр. Шұңқырдың бет жағында бос топырақ пен
кірпіштің қалдықтары бар. Осы қабаттан диірмен табылған. Оның диаметрі 0,62
см, қалыңдығы 6 см.
9 - шұңқырдың диаметрі 1 м, тереңдігі 0,9 м, қабырғасы мен түбі тегіс. Бұл
шұңқырдан да бояусыз керамика табылған.
Жоғарғы еденнен 0,2 м тереңдікте төменгі еден ашылған. Ол тығыз, бірақ
тегіс емес. Еденнің беті органикалық заттардың шіріндісінен жабылған оның
бетінде бос топырақ қабаты жатыр. Осы қабаттан бір қараханидтің теңге
табалған.
Экспедицияның қазба жұмыстары кезінде тапқан (керамика, садақтың ұшы,
теңге) материалдарына қарап, бұлар Төрткүлдің өмір сүру кезеңінің соңғы
кезеңне жатады деп болжады. Және өмір сүру уақытын ХІ-ХІІ ғасырлармен
даталады[10].
1986-1988 жылдардағы қазба жұмыстары.
3 - қазба. Оның ұзындығы 66 м, ені 15 м. Бұл қазба Төрткүл төбенің
шығыс жағындағы ең биік жерінен қазылған.
Қазба жұмыстан ең алдымен 1984 жылы М.Е. Елеуов бастап, кейінен
У.Х.Шәлекенов пен Н.О. Алдабергенов ары қарай зерттеген. Тек 1988 жылы М.Е.
Елеуов қазба жұмысын қортындылап аяқтады.
Қазба нәтижесінде 15 бөлме ашылып, зерттелінген. Қазба кезінде ашылған 1,9
бөлмелердің, сонымен қатар 11 және 15 – бөлмелердің сыртқы қабырғасы болып,
шығыс жақтағы қамал есептелінді. Оның ішкі жағы тік болып келген, ал сыртқы
жағында қамал қабырасына тән болып келетін, бекініс үшін ерекше маңызы бар
бөлігі әр қабырғанының төменгі жағы сыртқа қарай шығыңқы болып келген[11].
Орта Азия мен Қазақстанның қалаларының бекінісін ұзақ жылдар бойы
зерттеп келген В. А. Воронинаның айтуынша, осы бөлігінің болуы көптеген
қалаларға және бекіністерге тән екендігі анықталған.
Сонымен қатар осы ерекшілік қала қамалының (бекініс қамалының)
төменгі жағын қорғауда ерекше орын алған .
Сөз болып отырған солтүстік қабырғаның ұзындығы 66 м, ал оның ені
3,6 см. Бұл қабырға көлемі 60 х40, 50х50см келетін пахса блоктарынан
тұрғызылған.
Қабырғаның сақталған биіктігі 2-4 м келеді. Шығыс қабырға солтүстік
қабырғадан 4 м сыртқа қарай шығыңқы. Біз осы бұрышта мұнараның жоқ
екендігін ескере келіп, шығыс қабырғаның солтүстік қабырғадан сыртқа қарай
шығып тұрған бөлігі мұнара қызметін атқарғандығына шек келтіре алмаймыз.
Себебі қамал бұрышындағы бір қабырғаның сыртқа шығыңқы орналасуы; Орта
Азия мен Қазақстан қалаларының тарихында жаңалық емес.
Атап айтқанда,өзіміз зерттеп отырған Ақтөбе қалаларының цитаделінің
солтустік-батыс бұрышында да мұнара қызметін сыртқа қарай шығып тұрған
батыс қабырғалардың атқарғандығын 1987 жылғы қазба нәтижесінде М.Е.Елеуов
анықтаған болатын.
Бұрыштағы мұнара қызметін атқарған осындай қабырғалардың қалдығы
Тәжікістанда орналасқан Уртабаев атты қаланың цитаделінен де кездескен[12].
Қазба кезінде солтүстік қабырға сыртқы жағынан солтүстік толық ашылды.
Оның ұзындығы 25 м. Бұл қабырға қалындығы 3-10 см келетін пахса блоктарынан
тұрғызылған.
Оның солтүстік – батыс бұрышында диаметрі 5,6 м болып келген дөгелек
мұнарасы орналасқан. Мұнара солтүстік және батыс қабырғадан сыртқа қарай
1,5м шығып тұр.
І-бөлме. Бұл бөлме солтүстік қабырғаның сыртқы жағында орналасқан.Оның
шығыс қабырғасы болып, қамалдың шығыс сыртқа шығыңқы орналасқан бөлігі
есептеледі.
Бөлменің көлемі 3,6х3м. Оның қабырғалары қалындығы 3-10см келетін
пахса қабаттарынан тұрғызылған.
Жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде бөлмеден екі еден ашылды.
Олар осы бөлменің екі кезеңіне сай келеді.
Төменгі еден бөлменің алғашқы кезеңінде өмір сүрген. Бұл кезде
бөлменің оңтүстік қабырғасын бойлай ені 1,5м келетін сәкі (суфа)
орналасқан[13]. Сәкінің жиектері солтүстік көлемі 38-40х 20х9-10см келетін
көсектен (күйдірілмеген кірпіш) қаланған. Сәкі және бөлменің қабырғалары
бірнеше қабат құм араласқан сылақпен сыланған. Еденнің бетінде 1-2см.
қалыңдықта күл қабаты жатыр. Бөлменің екінші кезеңнің еденінде 25-30см. бос
топырақ қабаты бар, оның бетін құм араласқан сылақпен сыланған.
Сәкінің солтүстік сыртқы бетіне қосыла ені 1 м, биіктігі 1,2 метірлік
салынған. Бұл саты қалындығы 3-10 см келетін пахсадан тұрғызылған. Саты
нашар сақталынған, тек ені 0,3 м келетін бірінші баспалдағы ғана
сақталынған. Осы кезде сәкінің деңгейінен ені 1 метрлік тағы бір саты
табылған. Бұл саты 1-бөлменің батыс қабырғасынан 1м жерден басталады.
Екінші саты да жақсы сақталынбаған, мұның ені 0,3м келетін төменгі екі
баспалдағы ғана сақталған.
Мұнан мынадай қортындылар жасауға болады: бірінші сатының
баспалдақтары шығыс қамал қабырғаға дейін жеткен десек, оның
баспалдақтарының саны-9. Ал биіктігі сәкінің деңгейінен 2,7м. жоғарғы
еденнен 3,9м деп жобалауға болады.
І-бөлмедегі сатылардың саны Төрткүл төбенің сақталуында маңызды орын
алған. Еденнің және сәкінің бетінде қалыңдығы 2-3см келетін күл қабаты,
онан жоғары құлаған қабырғалардың үйіндісі жатыр.
2-бөлме. Бұл бөлменің ұзындығы 9м, ені 2,4м.Бөлменің қабырғалары
қалыңдығы 3-10см келетін пахса қабаттарынан тұрғызылған. Бөлменің шығыс,
сотүстік және оңтүстік қабырғаларында сақталған құрылыс қалдықтарына қарай
отырып, бөлменің төбесі яғни үсті күмбез тәрізденіп жабылса керек деп
жобалауға болады.
Екінші есік – бөлменің батыс қабырғасында орналасқан, бұл есік арқылы
аулаға шығуға болады.
Екінші бөлмеден де бірінші бөлме секілді екі кезеңмен байланысты екі
еден табылған.
Төменгі еденге көлемі 5х10 см келетін бірдей тестар төселген, арасында
25х30 сантиметрлік ірі тастар да кездесіп қалады. Бұл әсіресе солтүстік
қабырғадағы есіктің маңайынан және бөлменің солтүстік – батыс бұрышынан
анығырақ көрінеді.
Еденге төселінген тастар шығыстан батысқа қарай бағыттала қаланған.
Кейінірек солтүстік қабырғаны бойлай ені 0,5 м. биіктігі 0,3 м. келетін
кесекпен қаланып тұрғызылған.
Сәкінің беті де еденнің беті де құм араласқан сылақпен сыланған.
Бірінші құрылыс кезеңі мен екінші кезеңінің арасында әбден нығыздалған
қалыңдығы 25-30 см келетін топырақ қабаты бар. Осы қабаттың үстінен екінші
құрылыс жүргізілген. Екінші кезең бөлменің өртенуімен аяқталады. Бұған
себеп: бөлменің еденініде қалыңдығы 2-3 см келетін күйік қабаты жатыр.
Есіктің жанынан да 1 м. биіктікте күйменің ізі байқалған. Күйе қабаттың
бетінде бұзылған күмбездің құланды қабаты онан жоғары таза шөгінді құм
қабаты жатыр.
Жоғарыда айтылып өткен екі есік көлемі 40х20х10 см. келетін кесектен
өрілген. Бөлменің іші әдейі пахса араласқан борпылдақ топырақ қабатымен
қолмен толтырылған.
3-бөлме. Бөлме 2- бөлменің оңтүстік жағында орналасқан. Көлемі 9х2,2
м. Бөлменің қабырғалары 3-10 см келетін пахса 4 – бөлмеге де ортақ, осы
қабаттарда келесі бөлмеге өтетін ені 1 метрлік есік орналасқан.
3-бөлмеден екі еден ашылды. Олар осы бөлменің екі кезеңіне сай келеді.
Төменгі еденнің беті тегіс құм араласқан сылақпен сыланған. Мұнда да екі
құрылыс кезеңінің арасын қалыңдығы 25 см келетін бос топырақ қабаты бөліп
тұр.
Жоғарғы еденнің беті күйген және күл қабатымен жабылған. Оның бетінде
бұзылған қабырғалардың құрамды қабаты, онан жоғары таза шөгінді құм қабаты
жатыр. Бөлменің арнайы толтырылған бос топырақ қабатынан көлемі 22х21х5 см
келетін күйдірілген кірпіштер табырған.
4-бөлме. Көлемі 9х2,2 м. 3-бөлменің оңтүстігінде орналасқан. Бұл бөлме
де екінші бөлме тәрізді күмбез тәріздес болып жабылса керек. Оның
қалдықтары солтүстік, оңтүстік және шығыс қабырғаларынан байқалады.
4-бөлмеден де екі есік ашылған. Бірінші есік – 3бөлменің солтүстік
қабырғасында, екінші есік – бөлменің батыс қабырғасында. Бөлмеден екі еден
ашылған. Олар осы бөлменің екі кезеңіне сай келеді және жоғарыдағы
бөлмелердің едендерімен деңгейлес.
Төменгі еден беті құм араласқан сылақпен сыланған. Бірінші кезең мен
жоғарғы еденнің арасында тығыз қалыңдығы 25-30 см келетін топырақ қабаты
бар.
Жоғарғы еден көлемі 22х21-22х5 сантиметрлік күйдірілген кірпіштерден
қаланған және қабырғаның ірге тасы да осындай көлемдегі кірпіштерден
тігінен қойыла қаланған.
Жоғарғы еденнің бетінде бұзылған қабырғалардың үйіндісі жатыр. 3-
бөлмені еске түсіріңіздер онан жоғары шөгінді құм қабаты және бос топырақ
қабаты жатыр.Осы топырақ қабатынан қараханидтық бір тиын мен диірменнің
үстіңгі тасы бар.Диірмен тастың диаметрі 70см, қалыңдығы 5см келеді.
5-бөлме.Бұл бөлме 4 бөлмеден оңтүстікке қарай орналасқан.Көлемі
9*2,4м. Бөлменің солтүстік және оңтүстік қабырғалары қалыңдығы 3-10см
келетін пахса қабаттарынан,ал батыс қабырға пахса блоктарынан
тұрғызылған.
Бөлмеден ені 1м келетін екі есік ашыған. Бірінші есік – бөлменің
батыс қабырғасында аулаға шығатын есік.
Екіншісі – 6 –бөлменің оңтустік қабырғасында орналасқан. Бөлмеден екі
кезенге сәйкес келетін екі еден ашылған. Едендер 2,3,4-бөлмелердің
едендерімен дөңгелес.Жоғарға еденнің астында қалыңдығы 25-30см келетін бос
топырақ қабаты бар. Еденнің бетінде құланды қабат, шөгінді құм қабаты және
бос топрақ қабаты жатыр
6–бөлме. Бөлменің көлемі 9х 2,4м. 9х 4,6м. 5-бөлменің оңтүстігінде
орналасқан.
Бұл бөлмеден екі еден ашылған.Олар осы бөлменің екі кезеңіне сәйкес
келеді. Едендер 2,3,4,5- бөлмелердің едендерімен деңгейлес.
Бөлме озінің өмір сүру уақытының бірінші кезеңінде көлемі 9х 4,6м
болған. Оның солтүстік қабырғасы қалыңдығы 3 –10см келетін пахса
қабаттарынан, ол батыс және оңтүстік қабырғалары пахса блоктарынан
тұрғызылған.
Бөлмеде 3 есік болған.
Бірінші есік – 5-бөлменің солтүстік қабырғасында, екінші есік – батыс
қабырғадан аулаға шығатын,үшінші есік – бөлменің оңтүстік қабырғасында.
Еденнің беті құм араласқан сылақпен сыланған.Екі кезеңнің арасын
қалыңдығы 25 –30см келетін бос топрақ қабаты бөліп тұр .
Екінші кезенде оңтүстік қабырғаның ішкі жкғынан жөндеу жұмыстары
жүрізілген. Қабырғаға жапсыра көлемі 44х22х8-9см келетін кесектен өріліп
жөнделінген.Осы жөндеу жұмыстары нәтижесінде бөлменің іші тарылған.
Еденнің бетінде сылвақ жүргізілген, онан жоғары күл, бұзылған
қабырғалардың қиранды қабаты және шөгінді құм қабаттары жатыр.Онан жоғары
бос топрақ қабаты бар. Осы бос топрақ қабатынан көлемі 22х21,22,5-5см
келетін күйдірілген кірпіштер табылған.
7- бөлме. Бұл бөлме 6 –бөлменің оңтүстігінде орналасқан. Бөлменің
көлемі 9х 3,4м – 9х 4,6м.
Бөлмеден 2–6 – бөлмелердің едендерімен дөңгелес, екі кезенге сәйкес
келетін екі еден ашылған.
Алғашқы кезеңде бөлменің көлемі 9х4,6м болған. Оның қабырғалары пахса
блоктарынан тұрғызылған. Солтүстік қабырғада6- бөлмеге өтетін ені 1м
келетін есік бар. Төмендегі еден тегіс, беті құм араласқан сылақпен
сыланған. Еденнің беті күл қабатымен жабылған. Осы қабаттан темір
бұйымдарының сынығы және бояусыз керамика табылған. Бірінші кезең мен
екінші кезеңнің арасында қалың бос топырақ қабаты жатыр.
Екінші кезеңінде оңтүстік қабырғаның ішкі жағына пахса қабаттарынан
қалыңдығы 1.2 м келетін қосымша қабат қосылды. Осының нәтижесінде бөлменің
ені 1 метрлік есік ашылды. Бөлменің солтүстік қабырғасынан да есік
табылған.
Еден тегіс, беті құм араласқан сылақпен сыланған.
Бөлме өртенген. Еденде күйген қабат жатыр. Онан жоғары бұзылған
қабырғалардың уйіндісі, оның бетінде күйдірілмеген кірпіш пен пахса
қабаттарынан құралған тығыз қабат жатыр. Осы қабаттан күйдірілмеген
керамика табылған.
Шығырда жасалынған көзе қалдықтары, құмыралардың екі түрі, қазандар,
қолдан жасалынған шырақ ұршықтар табылды.
7-бөлмеден табылған көзе, құмыра, қазан тмәріздес ыдыстар Шу өңірі
қалаларының Х-ХІІ ғасырлардағы керамикалық материалдарынан белгілі[14].
8-бөлме. Бұл ұзындығы 16 м, ені 3.4-5.6 м келетін ұзынша келген қақпа
болып табылады. (2- сурет) Оның шығыс жағында қабырғаларын бойлай ұзындығы
4 м, ені 0.4-0.5 м биіктігі 0.4 м келетін сәкі орналасқан.
Сәкінің беті және үсті құм араласқан бірнеше қатар сылақпен сыланған.
Сәкінің батыс жағында қақпаның есігі орналасқан. Оның табалдырығының ені
1м, күйдірілген кірпіштен қаланған. (көлемі 22.5 х 22.5х3.5см).
Қақпа басқа бөлмелер симяқты екі кезеңде өмір сүрген, осы екі кезеңге
сәйкес келетін екі еден табылған.
9-бөлме. Бөлменің көлемі 9х2м. Бөлменің батыс қабырғасынан басқа үш
қабырғасы пахса блоктарынан, батыс қабырғасы көлемі 40х20-21-7—8см. келетін
күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған. Ол 3.5м биіктікте сақталынған.
Бөлменің батыс қабырғасында ені 1 метрлік аулаға шығатын есік бар. Бөлмеден
екі еден ашылған. Олар осы бөлменің екі кезеңіне сәйкес келеді. Төменгі
еден материктің үстіндегі деңгейінде орналасқан. Жоғарғы еден қалыңдығы 0.3
м келетін нығыз бос топырақ қабатының үстінде. Екінші кезеңде 9-бөлме
көлемі 40х20-21-7-8 см. келетін күйдірілмеген кірпіштен өрілген қалқа
арқылы 2-ге бөлінген. Шығыс жағы 9-бөлме болып есептелінді. Оның көлемі
2.5х2м. Ал батыс бөлме 10-бөлме көлемі 4.8х1.5-2м.
9-бөлмеде есік жоқ, оған тек саты арқылы түсуге болады. Бұл бөлменің
не үшін қолданылғаны белгісіз, тез бұзылатын азық-түлікті сақтайтын қойма
болуы мүмкін. Бөлменің іші бос топырақ қабатымен толтырылған.
10-бөлме шығыс қабырғаның жоғарғы жағынан 2м дейінгі жерден ашылған.
Бөлменің батыс қабырғасында ені 1.5 м келетін аулаға дейін шығатын есік
бар. Бөлменің ішін қазғанда 10 асықө және бояусыз керамика табылған.
Шығырда дайындалған көзе, құтылар табылған.
Төрткүлдің оңтустік-шығыс бұрышынан 5 бөлме ашылған. Ол бөлмелерді
11,12,13,14,15-бөлмелер деп алайық.
11 және12-бөлмелердің солтүстік қабырғалары, бұл-9, 10-бөлмелердің
оңтүстік қабырғасы болып табылады. Ал 11 және 15 бөлмелердің шығыс
қабырғасы болып табылады. Ал 11 және 15 бөлмелердің шығыс қабырғасы-шығыс
қамал қабиырға.
11-бөлме. Бұл бөлменің көлемі 7х3.6м. Оның солтүстік және шығыс
қабырғалары біршама жақсы 2.5-3м биіктікте сақталған.Оңтүстік 1м және батыс
1,4м қабырғалар көлемі 42х 21 – 22 –7 –8 см келетінкесектерден қаланып, 1 м
биіктікке ғана сақталған. Бөлменің батыс қабырғасында ені 1м келетін 12-
бөлмеге өтетін есік ашылған. Солтүстік қабырғадан екі қуыс ниша табылған.
Шығыс, батыс Шығыс қуыстың биіктігі 1,2 ені 0,7 м, тереңдігі 0,7м. Батыс
қуыстың биіктігі 0,9м ені 0,6м, тереңдігі 0,25м. Бөлмелердің барлық
қабырғалары мен қуыстың барлық қабырғалары балшық пен сабын араласқан
сылақпен көп қабатпен сыланған. Бөлмеден екі еден ашылды. Олар бөлменің екі
кезеңіне сәйкес келеді. Төменгі еденің беті әртүрлі шірінділер мен күл
қабатымен 0,2м қалынндыққа жабылған.
Жоғарғы еден тығыз, тегіс, беті 1-2 см күл қабатымен жабылған, кей
жерлерінде солтустік-шығыс күл қабатымен 5 сантиметрге дейін жетеді. Осы
күл қабатының бетіне тығыз күйдірілмеген кірпіш пен пахсаның үйінді қабаты
жатыр.
12-бөлменің көлемі 4,6 х 4м. Бөлме 11- бөлменің батыс жағында
орналасқан және жоғарыда айтып өткен екі бөлменің арасында ені м есік бар.
11- бөлменің батыс қабырғасында. Бөлменің солтүстік қабырғасынан басқа үш
қабырғасы көлемі 42 х 21 –22 х 7 – 8 см келетін күйдірілмеген кірпіштен
тұрғызылып, 0,5 – 1 м биіктікте сақталынған.
Бөлмеден бір ғана еден ашылған. Оның беті күйдірілмеген кірпіш пен
пахса блоктарының құланды қабаты мен күл қабаттарымен жабылған. Онан жоғары
күл араласқан топырақ қабаты бар. Осы қабаттан бояусыз керамика табылған.
Көзелердің қалдықтары көптеп табылған. Осы типтес көзелер жоғарыда
атап өткен 8 – бөлмеден де табылып, 10 –12 ғасырға жатады деп даталанған.
13 – бөлменің ұзындығы 4 м, ені 2,4 м. Бөлме 12 – бөлменің
қабырғалары көлемі 42 х 21 х 7 –8 см келетін күйдірілмеген кірпіштен
өрілген. Бөлменің батыс және оңтүстік қабырғалары кейінгі шұңқырларың
әсерінен бұзылып , нашар сақталынған.
Бөлмеде ені 1 м келетін екі есік бар. Біріншісі – батыс қабырғада
аулаға шығатын есік, екіншісі – шығыс қабырғада. Бөлмедегі күл қабатынан
бояусыз керамика материалдары табылған.
Шығырда жасалынған құмыралар, құтылардың бірнеше түрлері, шыны
аяқтар, тостаған т.б. материалдар қазылып алынған.
14 – бөлме. Бұл бөлменің барлық қабырғалары көлемі 42 х 21 х 7 –8
см келетін күйдірілмеген кірпіштен қаланған. Көлемі 4 х 1,2 м. Бөлменің
оңтүстік қабырғасы нашар сақталынған.
Бөлмеде екі 1 метрлік екі есік тұр. Бірінші есік- 13 –бөлменің
батыс қабырғасында, екінші есік – 15 –бөлменің шығыс қабырғасында
орналасқан.
Еден бөлменің солтүстік жағында жақсы байқалынады. Бөлменің іші күл
араласқан топырақ қабатымен толтырылған.
15- бөлменің көлемі 3,3 х 3,4 м. Ол 14- бөлменің шығыс жағында
орнадасқан, арасында жоғарыда айтып өтті ені 1 м. келетін есік арқылы
байланысқан.
Бөлменің шығыс қабырғасынан басқа үш қабырғасы көлемі 42 х 21 х 7-8
см. келетін күйдірілмеген кірпіштерден тұрғызылған. Оның оңтүстік
қабырғасы нашар сақталынған. Бөлменің іші күл араласқан топырақ қабатымен
толтырылған.
Осы қабаттан бояусыз керамикалар табылған. Осылайша, қазба кезінде 1
- 9 бөлмелерден екі кезеңмен сәйкес келетін екі еден ашылған.
Бөлмелердің өмір сүру уақыиында бірінші кезеңі барлық бөлмелерге
тән. Бұл кезеңде еден материк қабаты болғандықтан, керамикалық материалдар
табылған. Тағы атап өтетін жағдай. Осы кезде төрткүлдің оңтүстік-шығысында
ешқандай қырылыс болмаған яғни 15-бөлмелер тұрғызылмаған.
Бірінші кезең болмелердің өртенуімен аяқталған.
Екі кезеңнің арасында қалыңдығы 25-35 см. келетін бос топырақ қабаты
бар. Осы қабаттың беті жоғарғы еден болып табылады.
Екінші кезеңде 9 - бөлме екіге бөлініп, 9 – 10 – бөлме болды.
Төрткүлдің оңтүсьік-шығысынан жаңадан 11 – 15 – бөлмелердің құрылысы
салынды.
Бұл кезең де өртпен аяқталған.
Бірнеше уақыттар өткеннен кейін 1 – 7 , 9 – 10 – бөлмелердің беті
қолмен арнайы топырақ қабатымен жабылып, кейіннен үстіне Төрткүлдің жаңа-
құрылысы салынған. Осы топырақ қабатынан табылған керамикалық материалдарға
қарай отырып, бөлмелердің өмір сүру уақытын X – XI ғасырдың бас көзі деп
даталайық.
§2. ТӨРТКҮЛ ТӨБЕ - 2
Ақсу су қоймасының бөгеттерін салу барысында 1983 жылғы апрель
айында Ақсу өзенінің оң жақ жағалауындағы террасының шығыңқы бөлігі сырылып
тасталынды. Бұл жер - 1979 жылы зерттелінген екінші қазбаның орны еді[15].
Бұл жайында Қазақ ССР Мәдени министірлігінің АНКаз ССР Ш. Уәлиханов
атындағы ИИАЭ археология бөліміне дер кезінде хабарланған.
Осы ұйымдардың біріккен күшінің нәтижесінде, ПМК – 48 жүргізген
құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын.
Осы жылдың июнь айында АЭУ археологиялық отряды бұл объектінің бүтін
қалған бқлігін қайта зерттеу мақсатында, қазбаны шығысында 5 – 6, 5х25 м,
батыс жағында 4х10 м-ге дейін кеңейтті.
Сонымен қазба жұмысының көлемі 29х25 м-ге жетті.
Қазба жұмыстарының қортындысы бойынша, Ақсу өзенінің жоғарғы
террасының құламасының шетіне орналасқан, көлемі 24х25,5 м келетін
тікбұрышты үшбұрыш формасындағы қорғанға ұқсас қамал анықталды.
Қамалдар Төрткүлдің оңтүстігінде 80 м жерде орналасқан. Олардың
құрылысында үш өмір сүру кезеңі байқалды.
Ең алдымен ұзындығы 19 м ені 3,8 м келетін, монометті пахса
платформасында биіктігі – 0,5 м болып келген, коридор тәріздесғимараттар
салынған.
Ең алдымен ұзындығы 19 м, ені 3,8 м келетін, монометті пасқа
платформасында биіктігі – 0,5 м болып келген, коридор тәріздес ғимараттар
салынған.
Олардың қобырғалары қабырғаларының ені 0,5-0,55м болып келген
пахса блоктарының тұрғызылған. Батыс қабырғаның сақталған биіктігі 1,2-
1,5м, шығыс қабырғаның биіктігі 1,5-2,2 м болады.
Шығыс жағында бірінші құрылыс кезеңіне жататын, ені 1-1,5м
болып келетін пахсадан тұрғызылған қабырға жалғастырып салынған.
Қабырға алғашында коридорға параллель анықталған ұзындығы 13 м,
салынған, сонан соң, бұрыш жасай отырып, шығысқа қарай бұрылған.
Екінші қабырғаның сақталынған биіктігі 1м. Осы қабырғаның шығыс
жағынан, беті нығыздалған, тегіс емес еден ашылған. Еденде жеке және
топталған, тереңдігі 10 см келетін шұңқыршалар ойықтар кездескен. Олардың
ішінде тастар жатыр.
Кабырганың оңтүстік жақ еденінен қалыңдығы 5-10 см келетін құм
қабат кездескен. Сонымен бірінші және екінші кезеңдер құрылысынан
сақталынған қалдықтар, келесі кезеңнің едені мен қабырғаларының қызметі ары
қарай жалғастыра берді. Қамал көлемі 24х25,5 м, Шығыс қабырғасы толық
сақталынғ деуге болады, ұзындығы 24м, ені 2,5 солтүстігіндже сақталған
ұзындығы 8,5 м, ені 2,5 м, Батыс бөлігінде ұзындығы 10,5 м, ені 2,5 м
сақталынған, ал оңтүстік бөлігін Ақсу өзенгі шайып кеткен. Осы оңтүстік
қабырғасынан басқа, қамалды ішкі жағынан қарағанда Шығыс жағындағы ені 1 м
солтүстігінде –1,7 м, батысында –3,2м. Қамалға кіретін есік сақталынбаған.
Тек бізоның орналасқан жерін, ортасына таман солтүстік қабырғада деп
жобалап аламыз[16].
Каридордың солтүстік-батыс бұрышында, сақталған биіктігі 6 м келетін
басқыш алаңы бар. Ол жоғарғы қабырғаға шығу үшін пайдаланылған болса керек.
Екінші кезеңнің қабырғаларына қосыла салынған 6м бөлме ашылған.
І-бөлме қойма көлемі 3хІІ 2м. Бөлменің оңтүстік қабырғаның бір
бөлігі есептелінеді.
Батыс қабырғасы –бірінші кезеңге тән ,ал шығыс қабырға 3-ші бөлмемен
ортақ. Солтүстік қабырғаның қалыңдығы 0,25 м. Ол көлемі 44 х 2ІІ-22х 9-10
см келетін күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Есік табылмаған.
2-бөлме. Бірінші бөлмеден солтүстікке қарай орналысқан , екі бөлменің
бір қабырғасы ортақ, яғни екінші бөлменің оңтүстік қабырғасы.Бөлменің
көлемі 3,2х3м. Еденнен10 см деңгейде батыс қабырғадабір керамикалық труба
табылған.
Есіктің ені ІІ,7 м , ол шығыс қабырғада орналасып , 3-бөлмемен
байланыстырады.
Ең алғашқы 1 мен 2-бөлмелер 1 ғана бөлме болған, кейінен 0625м келетін
қалқа арқылы екіге бөлінген.
3-бөлме көлемі 4,8х3м . Бөлменің батыс қабырғасы екінші бөлмемен
ортақ.
Ал солтүстік және шығыс қабырғалары каридормен ортақ.
Шығыс қабырғада айналма каридордың шығыс бөлігіне шығатын, ені 1м есік
бар.
4-бөлме Оңтүстік жақ екінші құрылыс кезеңнің оңтүстік жағында,
солтустік кесігіне жалғастыра салынған.
Бөлменің көлемі 6х2м. Есігі Шығыс қабырғаның ортасына қарай
орналасқан, ені –1м.
Оңтүстік және Шығыс қабырғалары айналма каридор мен 5-бөлменің
қабырғаларымен ортақ. Олар көлемі 44х21-29х9-10см келетін күйдірілмеген
кірпіштен тұрғызылған.
5-бөлме. 4-бөлменің оңтүстігінде орналасқан, көлемі6х2м . Есік Шығыс
қабырғаның ортасында ені 1м.
Солтүстік қабырға 4-бөлмемен оңтүстігінде орналасқан , Шығысы- айналма
каридорменг , оңтүстік қабырға –6-бөлмемен ортақ.
Олардың бәрі көлемі 44х21-22х9-10см келетін күйдірілмеген кірпіштен
өрілген.
6-бөлме көлемі 6х5,2м,5-бөһлменің оңтүстігінде орналасып қамал
қабырғаның оңтүстік қабырғасына жанасады.
Есік мұнджа да шығыс қабырғаның ортасында орналасқан. Осы атап өткен
3,4,5,7-бөлмелердіңң бәрінің есігі айналма каридормен баиланысты. 1979
жылғы қазба кезінің өзінде-ақ каридордың солтүстік шығыс бөлігінің оның
күмбез деніп жабылған төбесі анықталған болатын. Кумбез көлемі 44х28-27х10
см келетін куйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған.
Осы жерде еденнен садақтың темірден жасалынған ұшы табылған, қамалдың
оңтүстік бөлігін Ақсу өзені жуып кеткен.
1983 жылғы зерттеу кезінде 4,5- бөлмелердің солтүстік, иоридордың
солтустік-батыс бөліктерінде бұзындылардың қалдықтары бар. Ал 3-бөлме мен
коридордың 19-метрлік жерінде күл қабаты табылған.
Қазба барысында айналмалы коридордан, 5-бөлменің есігінің алдынан еден
деңгейінен, Х1-Х11 ғасырға жататын тиын табылған.
Осы мәліметтердің барлығына суйене отырып, қамал әскери қақтығыстар
нәтижесінде бұзылған деп жобалауға болады.
Осылайша 1970, 1983-жылдардағы жұмыстарды қорытындылай отырып, бізге
қамалды түгелдей қазып шығуға мүмкіндік туды.
Қазба кезінде табылған керамика материалдарына, садақтың ұштарына,
тиынға байланысты, қамал Х-Х11-ғасырларды өмір сүрген, ал өмір сүрудің Х11
ғасырдың аяғы, Х11 ғасырдың басында тоқтатқан деп жобалауға болады.
§3. ЦИТАДЕЛЬДЕГІ ҚАЗБА.
1981-82 жылдары Цитадельдің солт.-шығыс бөлігінде жүргізілген қазба
жұмыстарының нәтижесінде (Қазба№2) 5-бөлмеден тұратын шағын қамал толық
ашылды[17]. Ол 5 бөлмеден тұрады, бөлмелердің 4-і (1,2,3,4) оңтүстік-
шығыстан солтүстік-батысқа қарай бағытталған.
Қамалдың сыртқы қабырғаларының ені м, олар аралас тәсіл
(комбинированный) бойынша қаланған. Демек, иленген балшық (пахса) кесек
қалақтары аралас болып келген. Қамалдың солт-батыстан және оңтүстік-шығыс
бұрыштары диаметрі 4,80 м болып келетін дөңгелек мұнаралармен бекітілген.
Ал оңт-шығыс бұрышында көлемі м келетін 4 бұрышты мұнарасы бар.
1-бөлме қамалдың оңт-батыс бөлігінде орналасқан. Оның ұзындығы,10м,
ені 2,4 м
Бөлме жарты шар тәрізді етіп қаланған кесекпен жабылған. (Коробаевой
свод)
Оның иығы еден деңг. 2,2 жерде орналасқан. Қазу барысында бөлмеде екі
еденнің болғаны анықталады. Бірінші еденде өрттен қалған күл қабаты жатыр,
оның қалыңдығы 4-10 см. Кейінде осы өрт-н қабырғалардың үстіне қалыңдығы 5-
10см келетін топырақ төселінген. Соның үстіне көлемі 32-33х16-17х3-4см
келетін күйдірілген кірпіштен еден қаланған. Осы еденнің қалдығы әсіресе
бөлмелердің оңтүстік-батыс бөлігінде жақсы сақталған.
Арада біраз уақыт өткеннен кейін бөлменің қабырғалары ішкі жағынан бір
қатар етіп күйдірілген кірпіштен қаланған. Бөлменің солтүстік- шығыс
бұрыштарында биіктігі 1,5 м ені 85 см келетін жоғарғы жағы күмбездеп
жабылған 5 бөлмеден шығатын есік орналасқан.
2-бөлменің көлемі 7,4 х 1,95 м. Ол 1-бөлменің шығысында орналасқан.
Бөлменің төбесі жарты шар тәрізденіп кесекпен қаланып жабылған.
Оның қабырғалары көлемі 41-42 х 21-22 х 8-9 см келетін күйдірілген
кірпіштерден қаланған. Қабырғалары 2,7 м биіктікте сақталынған.
Күзбез бөлменің екі қабырғасынан екінші еденнің деңгейінен 2м жерден
табылған және қабырғадан 0,1 м шығыңқы.
Бөлменің ішкі бетінен төбесін жапқан кірпіш қаландысының бес қатары
жақсы сақталынған қалыңдығы 0,04м сабан қосылған сылақпен алты қабат етіп
салынған[18].
Бірінші еден күмбездің иығынан 2,2м төмен орналасқан. Еденнің бетіне
әсіресе солтустік-батыс бөлігінде 4-10 см қалыңдықта өрттен қалған күл
қабаты жатыр.
2 - бөлменің еденіндегі күл қабаты 5 -бөлменің еденіндегі күл қабатына
жалғасып жатқандығын атап өтуіміз керек.
1- бөлме сияқты бұл бөлмеде өртенген соң үстіне 0,05-0,1м топырақ
төселінген, соның үстіне көлемі 35-35,5х18-19 х 33,5смкелетін күйдірілген
кірпіштен еден қаланған.
Сонымен бір мезгілде қабырғалардың ішкі беті барлық жағынан
жоғарыдағыдай көлемдегі күйдірілген кірпішпен қаланған. Кірпіштің қаланған
биіктігі 0,18-0,19м. Бөлменің батыс және оңтүстік бөлігінде сыртынан
жапсырылған биіктігі 1м, ені ,26м кірпіш қаланған.
Жөндеу нәтижесінен кейін оның сыртынан қалыңдығы ,03м келетін екі
қабат сылақ жүргізілген.
Солтүстік қабырғада, бөлменің солтүстік – батыс бұрышында биіктігі
1,5м ені ,85м өтпелі жол орналасқан. Осы жол 2 және 5 – бөлмелерді
жалғастырған. Бөлменің ішкі төбесінен құлаған асздар балшық, бос топырақ
және (кірпіш құландыларымен) 41 х 42 х 21-22 х 8-9 толтырылған. 3 бөлменің
көлемі 8,3 х 1,8м. Бұлда күмбездеіл, кірпішпен өріліп жабылған. Қабырғалары
нашар сақталынған, олар көлемі 41-42 х 21-22 х 8-10м келетін кірпіштен
өрілген. Бірінші еден күмбездің иығынан 2,2м төменде орналасқан. Еденнің
бетінде 5-бөлменің еденіндегі күл қабатына жалғасқан қалыңдығы 0,05,08см
келетін өрттен қалған күл қабаты жатыр. Күл қабатының үстіне қалыңдығы ,1-
,15см топырақ қабаты төселінген.
Екінші еден күмбездің иығынан 2м төменде орналасқан. Осы еденнің
үстінен көлемі 22 х 22 х 4,5см келетін күйдірілген кірпіштен батыс және
оңтүстік қабырғалары тұрғызылған.
Кірпіш қоршаудың биіктігі 0,7м. Мұның сыртынан оңтүстік қабырғаны
көлемі 41-42 х 20 х 9-10см келетін күйдірілмеген кірпіштен қалап, қоршады.
Қабырғаның қалыңдығы 0,2м биіктігі 0,9м.
Бұл бөлменің оңтүстік бөлімін қойма деп түсіндіруге болады,оның ені
0,7м. Екінщі еденде солтүстік қабырғадан 2,5м жерде көлемі1,35х0,65 м
келетін 22х22х5см күйдірілген кірпіштен қаланған қаланды. Бөлменің
солтүстік-шығыс бұрышында биіктігі 1,5,ені 0,85 м келетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz