Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениеті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениеті»
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-10
I тарау. Сасанид дәуіріндегі Иранның қоғамдық-саяси дамуы . . . 11-20
1. 1. Сасанид әулетінің билігі, Иранның саяси даму ерекшелігі . . . 11-20
1. 2. Сасанид дәуіріндегі Иран әдебиеті мен саз өнері . . . 21-34
II тарау. Сасанид дәуіріндегі қолөнер мен сәулет өнерінің дамуы . . . 35-45
2. 1. Сасанид дәуіріндегі мәдениет және оның бағыттары . . . 35-45
2. 2. Сасанид дәуіріндегі зороастризм және оның ерекшеліктері . . . 46-56
Қорытынды . . . 57-58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: диплом жұмысының тақырыбын «Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениті» деп таңдаған себебім - Сасанид династиясы билік еткен кездегі Иран мәдениеті ерте ортағасырда Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі өнер, әдебиет және ғылымның дамуында үлкен рөл ойнады1. Сондықтан да, бұл тақырып әрқашан өзекті болып табылады. Иран мәдениеті жағрафиялық шектеумен бітпейді, оны тарихтан үзіп алып оқи да алмайсың, қаншалықты кең ауқымды деп санасақ та Иран мәдениеті, тарихы, тілі, діні, экономикасы, саясаты туралы зерттеулерді толығымен қарастырсақ, Иран өркениетін түсіне аламыз. Иран өркениетінің ерекшелігі түбірімен тарихқа енуіңде. Иранға ұзақ тарихында бір жағынан әр түрлі елдердің мәдениеті әсер етсе, екінші жағынан ол өз мәдениетін басқаларға жұтқызбады, тек қажеттісін таңдап, өз еркениетіне енгізіп алды. Яғни, Иран мәдениеті еш уақытта тұйық болмады. Ислам жаулаушылығына дейін де араб философиясымен, тілімен таныс болған Иран мәдениеті Қосөзен, Ежелгі Греция, Үндістан, Қытай елдерінің өркениетімен тоғысып отырды.
Тақырыптың ғылымилығы: «Иран» деген атау әсіресе батыс елдердің санасында құпиялығымен орын алған. Бұл ел ежелгі гректер мен римдіктердің көз алдында екі түрлі елес болды: біріншіден-сол заманғы әскери және саяси жағынан күшті держава болса, екінші жағынан-гректер мен римдіктерден ерекшеленетін өркениет иесі болды. Егер де Ежелгі Грецияның мәдени өкілдерінің саяхаттары аңызбен байланысты болса, сол аңыздардың өзі Кіші Азияның ар жағында қызық пен ғажайыпқа толы таңқаларлық елдің бар екендігін дәлелдеді.
Осы аңыздық және реалдык саяхаттар бүгінгі күнге дейік созылуда. Батыс саяхатшылары Иран мәдениетін тек мойынқап қана қоймай, оны белгілі бір дәрежеде өз мәдениетінен жоғары қойды. Көп ғалымдар Иран мен Батыс мәдениетін салыстырып қана жазды, Яғни, Иран мәдениеті жоғары немесе тереңірек пе деген сұрақтарға жауап іздеген жоқ, тек ерекшеліктерін ғана атап отырды, өз отандастарына өркениет деген өз елдерінің ғана жетістктері емес, дүниенің басқа бір бөлігінде өзгеше көзқарастар, тарих және мәдениет бар екенін түсіндіргісі келді.
Қазіргі Иран мәдениетін зерттеушілер де сол ежелгі дәуір саяхатшыларының еңбегін жалғастыруда. Бірақ, ғылыми жұмыстың нәтижесі болу үшін кітаптар мен мақалаларға ғана жүгінуге болмайды. Иран мәдениетін түсіну үшін Тебриз, Исфахан, Шираз, мешхед көшелелерімен жүріп өту керек. Дегенмен, Ираниак осындай алыс қашықтықта тұрып-ақ ол елдердің тарихы мен мәдениеті бізден өте ерекшеленгенін біліп отырмыз.
Алға қойған мақсат пен негізгі міңдеттер: менің алға қойған мақсатым - сасанид мәдениетінің әр саласына жазылған әдебиеттерді қарастырып, өнер ескерткіштерінде бейнесін табатын сасанидтік Иранның тарихи құбылыстарын ашу.
Бұрын да бұл тақырып зерттелініп қойған, бірақ ор автор әр саланы жеке алып қарастырған, сондықтан мен диплом жұмысымды кешенді түрде жазуды міндет етіп қойдым. Яғни, Сасанид дәуіріндегі Иранның қоғамдық-саяси дамуын тереңірек зерттеп талдау, саз өнері мен әдебиетінің ерекшеліктерін айқындау, архитектура мен бейнелеу өнерін жан-жақты қарастыру және зороастризм дінінің сасанид мәдениетіне тигізген әсерін ашып көрсету. Қазіргі Иранның геосаяси жағдайын түсіну үшін ежелден бергі тарихына жүгінуіміз қажет. Ислам жаулаушылығына дейінгі Иран тарихын қарастыру міндетті болып табылады. Ал, тарих мәдениетпен тікелей байланысты.
Зерттеу объектісі: Сасанид империясы құрылғанға дейінгі тарихты зерттемесек, кейбір мәселелердің мәнін ашу қиынға түседі, әсіресе географиялық атаулардың кездесуін түсіндіру үшін алдымен Иранның ежелден бергі тарихына тоқталайық.
Көп бөлігін қазіргі Иран алып жатқан Иран жазығы 50-100 мың жылдық адам тарихын сақтап тұр. Оның территориясы көшпелі халықтың маңызды маршруты, еңбектің ошағы, зұлымдық соғыстардың аренасы болды, мықты мемлекелтердің гүлденуі мен құлдырауының куәгері болды.
Жер шарының басқа да ежелгі территориялары сияқты Ирандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құлиеленушілік құрылыстан таптық құрылысқа өтумен байланысты болды. Б. э. д. III-II мыңжылдықта жазықтықтардың оңтүстік-батыс бөлігінде сол кездегі өлшем бойынша біршама үлкен Элам мемлекеттік бірлестігі пайда болды. Ол жерде құлиеленушілік қатынас белгілі бір даму жолында болды.
Б. э. д. І-ші мыңжылдықта Иран территориясының үлкен бөлігі Ассирия мен Урартудың жаулау объектісіне айналды. Б. э. д. ҮІІІ-ҮІІ ғасырларда жергілікті Моней патшалығы күшейіп, ассирия экспансияны тоқтатып қана қоймай, оған кері жаулаушылық соғыстарын бастады. Бірақ, көп үзамай қазіргі Хамадандағы Экбатан ауданында пайда болған Мидиядан жеңіліске ұшырады.
Б. э. д. VII ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың басьпща Мидия державасы Иран, Орта Азия, Ауғаныстан, Кіші Азияның солтүстік-шығыс бөлігін және Армян таулы ауданын қамтыған ұлы державаға айналды. 2
Б. э. д. VI ғасырдың орта шенінде парсы патшасы Кир II басқаруымен болған көтерілістің нәтижесінде Мидия державасының орнын Ахеменид мемлекеті басты. Аз уақыттың ішінде сол заманның әлемдік державасына айналған бұл держава шығысы мен солтүстік-шығысында Сырдария мен Инд өзендерінің бассейіндеріне дейінгі жерді қамтыды. Батысында ахеменидтер Месотпотамияны. Сирияны, Финикияны, Египетті, Арменияны, бүкіл Кіші Азияны, Балқан жарты аралындағы Фракия мен Македониянм жаулап алды. Осы дүниежүзілік жаулаушылықтардың нәтижесінде Иран территориясында патриархалды құлдық құрылысында, ауыл шаруашылығында, қолөнерде пайдаланатын кең түрде құлдар еңбегін пайданалуға көшу басталды. Экономикалық даму техникалық жаңалықтармен демеленді, ғылыми даму, ертепарсылық мәдениеттің даму процесстері жүрді.
Иран, Таяу және Орта Шығыс тарихында ахеменид дәуірі маңызды роль атқарды. Солтүстік Жерорта теңізінен Үндістан шекарасына дейін көп уақыт бойы бейбіт жағдай мен халықаралық сауда, халықтардың мәдени қарым-қатынасы үшін жақсы жағдайлар орнады. Ол өз алдына ежелгі дәуір мәдениетінің дамуына әсер етті.
Б. э. д. 330 жылдары Ахеменид державасы ұлы Александр Македонскийдың империясына кірді, ал оның өлімінен кейін 323 жылы эллиндік Селевкид мемлекетіне қосылды. 3 Ол Александрдың Азиядағы иеліктерінің көп бөлігін алып жатты. Селевкид мемлекеті құлаған соң б. э. д. II ғасырдың 40 жылдары Иран территориясы Парфян патшалығының құрамына енді. Ол патшалық алғашында Түркменистанның оңтүстігі мен Хорасанның солтүстігінде пайда болған.
Б. э. д. III ғасырының 20 жылдары вассалды парфян Парсы басшысы Сасан руынан шыққан Арташир бастаған көтерілістің нәтижесінде Сасанид мемлекеті пайда болды. Арташир «Иран шаханшахы» деп аталса, оның мұрагерлері «Иранның және Иран еместің шаханшахы» деген лауазымға ие болды, яғни сасаиид дәуірінде Иран дүние жүзіне билік жүргізгісі келген мемлекет болған. Сөйтіп Арташир мұрагерлері алғашында көрші елдерді жаулап, кейін дүниежүзілік монархия құруға ұмтылды. Бірақ, Сасанид державасы тек Иранды, оңтүстік-батыста Орта Азияны, батысында қазіргі Ауғаныстан территорияларын, теменгі және Орта Месопотамияны, Шығыс Закавказьені ғана иленді. Риммен және Византиямен жүргізген ұзақ соғыстар Иранға тек аз уақытка Арменияны, жоғарғы Месопотамияны, Сирияны, Палестинаны, Йеменді, Египетті иеленуге мүмкіншілік берді. 4
Сасанид мемлекетінің құрылуы құлиеленушілік кұрылыстың ыдырап, ертефеодалдық қоғамның қалыптасуын білдірді. Құлиеленушілер мен абыздар орталықтанған мықты мемлекет құруды мақсат етті. Алғашында сасанидтердің билікке келуі бір династияның орнын екінші династия басқанын ғана білдірді. Парфия да, Парста Иранға жатқандықтан, олардың арасында ешқандай айырмашылық болмады. Көп уақыт бойы мемлекет құрылысында күрделі өзгерістер болған да жоқ бұрынғыдай Сурен, Карей, Михранид сияқты рулар өз үстемдігін сақтап тұрды. Сасанид мемлекетінде Иран (Эрашпахр) мен Иран еместің (Ан-Иран) арасында айырмашылық болды. Алғашында бұл зороастризмді ұстанушы ирандықтар және басқа сенімдердегі тайпалар арасындағы этнодіни айырмашылықты білдірді, бірақ, кейін «Иранға» Сасанид державасындағы мемлекеттер мен облыстардың бәрі кірді, тіпті парсылықтар аз Месопотамияның өзі «Иран» мемлекеті деп саналды. Сол заманда Ираи тілдерінің (мидиялық, парсылық, парфяндық) арсында айырмашылық болды, бірақ үлкен емес болғандықтан, оларды диалект деп санауға болады.
Сасанид дәуірінде Иран этностарының тілідің нығаю процессі жүрді. Жергілікті диалектерді ығыстырып, дари тілі мемлекеттік болып жариялаңды. 5 Әкімшілік пен мәдениет саласында қолданылған грек және арамей тілдері де жойылды. Бұған қарамастан, Сасанид державасы полиэтникалық мемлекет болып қала берді. Ежелгі Эламда (қазіргі Хузистан) сасанид дәуірінде де, одан кейін де ХІ-ші ғасырға дейін хузистан тілінде (ал-хүзийе, хужик) сөйледі. Сасанид мемлекетінің әр түрлі аудандарында, әсіресе Месопотамияда, Исфаханда және тағы басқа қалаларда еврей ұлты өмір сүрді, белгілі бір әкімшілік автономияға ие болды. Сасанид державасының шекарасы Шапур I кезінде қалыптасты. Кейін кішкене ғана өзгерістерге ұшырап тұрды. Батыс-солтүстігінде Сасанид мемлекеті шекарасының өзгеруіне Парфян Аршакидтерінен қалған Риммен байланыс әсер етті. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыстан Шығыс Еуропаның көшпелі тайпалары да өз септіктерін тигізді. Оңтүстік - батысында державаның саяси орталығына жақын иран-римдік шекара тұрақты болды, ол төменгі және орта Ефратқа жақын жерде Сирия шөлінің екі араб мемлекеттері - Гассанид және Лахмид орналасқан, біріншісі Византиямен байланыситы болса, екіншісі Иранмен байланысты болды.
Сасанид мемлекетінің шығыс шекарасы қиындықтар туғызады, себебі нақты деректер жоқ. Рельефтік жазбалардан III-IV ғасырлардағы шығыс шекарасы туралы деректер табуға болады, бірақ оған қаншалықты сенуге болады? Мысалы, Шапур I жазбасында Рим Иранның алым-салық төлеушісі деп жазылған, бұл тарихта болмаған жағдай.
Сөйтіп Сасанидтер державасы: әлеуметтік және экономикалық дамуда ор түрлі дәрежеде болған халық қоныстанған үлкен держава болды. Экономикасы жайлы деректер өте аз, дегенмен грек тарихшыларының деректеріне сүйенсек, сасанид дәуірінде Иранда экономика екі салада дамыды - жериеленушілік және көшпелі мал шаруашылығы. Бұл екеуінің таралуы табиғат жағдайына байланысты болды, себебі Сасанид державасы территориясында климат әр жерде әр түрлі болды. Отырықшы халық мемлекеттің саяси және экономикалық орталығы - Савадта (қазіргі Ирак) көп болды. Бұл ауданда бұрыннан жериеленушілік өте жақсы дамыған, себебі Ефрат пен Тигр өзендері жерді суландыратын. Хорасан, Мидия, Фарс, Азербайжанда бидай, арпа, күріш сияқты дәнді дақылдар өсірілді, ал Савадта және оңтүстік Иранда құрма ең негізгі өнім болды. Бақ пен жүзім өсіру айтарлықтай барлық жерде таралды. Хузистан, Савад, Кирман, Фарста қант тростнигі өсірілді.
Кешпелі және жартылай кәшпелі халық Иранның барлық облыстарында тарады. Сасанидтер кезіиде кешкелілер орталық билікке жартылай тәуелсіз болды, бұл жағдай Иранда XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін сақталды. Көшпелілерді сол заманда күрттер деп атады. 6
Сасанидтік Иранның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде басты сала - қалалардың сальшуы болды. Сасанид дәуірінде қалаларды ортақ билік басқарып отырды. Батыста да, шығыста да қалалар III-IV ғасырларда көптеп салынды. Үлкен қалалардың бірі астана Тизбон (Ктесифон) Тигрдің екі жағалауында тұрғызылды, арабтар оны ал-Мадаин («қалалар») деп атады. Қаланың шығыс бөлігі ғана Ктесифон болды, ал батысы (Селевкия ауылы) Вех Арташир деген атқа ие болды. Сасанид астанасын зерттеу қиынға соғады, себебі арабтар кезінде Ктесифон құрылысының материалдары Бағдат қаласын тұрғызу үшін пайдаланылды. Патша бақтары өте танымал болды. Сасанид архитектурасының керемет үлгісі - Так-и Кесра сарайы. Шапур II кезінде Хорасанда Нейшапур қаласы тұрғызылды, кейін бұл қала сасанид империясының шығыстағы орталығы болды.
Негізінен сасанид дәуірінде қалалар мен қалалық өмір гүлденді. Қалалардың типтері әр түрлі болды. Сауда жолында орналасқан сауда және өнеркәсіп қалалары, әкімшілік орталық болған қалалар болды.
Хосров І-дің билігі Сасанид мемлекетінің гүлдену кезеңін білдіреді. Сасанид дәуірінде Иранда күрделі және бай мәдениет дамыды. Ол мәдениеттің негізін қалауда тек парсылықтар ғана емес, сонымен қатар Алдыңғы Азия мемлекеттері - армяндар, сириялықтар, гректер, үнділер, сондылықтан және т. б. ат салысты. Сасанид дәуірінде қолөнер ауыл шаруашылығынан бөлініп, жоғары дәрежеде дамыды. Қолөнершілердің үш түрін атауға болады: ақсүйектерге қызмет ететін тәуелді қолөнершілер, жартылай арабтармен тең шахтық шеберханада жұмыс істейтін қолөнершілер және VI-VII ғасырларда пайда болған саудаға қызмет ететін еркін қолөнершілер.
Көркем қолөнер үлгілері кең етек алып дамыды, мысалы, тігін өнеркәсіп. Сасанид жібек маталары керемет көркем құндылығымен ерекшеленіп, шет елдерге шығарылды. Қыштан және металдан жасалған өнімдер де жақсы дамыды. Қолөнерді дамыту үшін сасанидтер жауланған елдердің қолөнершілерін Иранға көшіріп отырды. 7
Сасанидтік Иранның экономикасында саудд басты рөдпе болды. Әсіресе Орталық Азия, Қытай, Африка, Аравия, Үндістан және ең бірінші орында Виантиямен сыртқы сауда өте жақсы дамыды.
Ғылым саласында сасанид дәуірінде ирандықтар өз көршілері - грек, сириялықтардан, үндістерден біршама артта қалып отырды. Ғылым мен дін бір-бірімен тығыз байланысты болды. Иранның сасанидтер кезіңдегі әдеби тілі ортапарсылық-пехлеви тілі болды. 8 Сонымен қатар, жоғарыды айтылып кеткендей сасанид дәуірінің соңына таман солтүстік-шығыстан, Орта Азиядан жаңа парсы тілінің негізі болған, кейін «парсы» деген атау алған дари тілі енді. Сасанидтер кезінде Иранда айтарлықтай бай әдебиет, негізінен діни бағытта болды және саз өнері де жоғары дәрежеде дамыды. Үндістаннан келген шахмат та кең түрде таратылды.
Сасанидтер кезіндегі архитектурада белгілі бір деңгейге жетті. Бірнеше ғимараттардың қалдықтары сақталған (Фирузабадтағы сарай, III ғасырдағы Шапурдағы қалдықтар, VI ғасыр Ктесифондағы Хосров сарайы, VI-VII ғасырлардағы Косре-Шырын сарайы) .
Сасанид енеріндегі маңызды сала - мүсіндік өнер - тау тостағы рельефтер олар шахтардың өміріндегі оқиғаларды бейнелеп отырды. Иранда қазірге дейін осыңдай өнер ескеткіштері сақталған. Әсіресе үңгірлер мен барельефтер Кермоншахтың маңындағы «Таке Бостан» және Персеполистағы «Накше Ростам» өте қызық ескерткіштер болып табылады. Кейбір деректер сасанид дәуірінде Иранда қабырғаға салынатын бейнелеу өнері дамыған дейді. Бізге сасанид қолөнерінің (көркем маталар, қымбат металдардан жасалған бұйымдар) жетті. Қымбат металдан жасалған ең мықты ескерткіш Ленинград Эрмитажында сақталған.
Деректер: Сасанидтер тарихы өте ерте кезден бастап-ақ жылнамашылар мен тарихшылардың назарын аударғанын жоғарыда айттық. енді олар туралы қандай деректер мен құжаттардың сақталғаны, олар туралы қандай авторлар еңбектер жазғаны мәселесін қарастырайық.
Сасанидтер кезінде мемлекетте болып жатқаи жағдайлар туралы жазатын патшалық пергаменттер болды. VII ғасырдың алғашқы жартысында осы перғаменттердің арқасында мифтік патшалардан Хосров II билігі кезіне дейінгі Иран тарихы жазылған. Бірақ, бізге бұл шығарма ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб және жаңапарсылық авторлардың аңыздарында ғана жеткен. Дегенмен, қалдықтарға карап-ақ біз сол кездегі Иранның бай мәдениеті болғандығын көреміз. Ресми мүсіндік ескерткіштердің көптігіне қарамастан, сасанид өнерінің тарихында әлі күнге дейін зерттелмеген мәселелер бар.
Низамидің «Шахнамасы» кейбір сұрактар туғызса да өте пайдалы дерек болып табылады. Осы еңбектің нәтижесінде Иран тарихы мен мәдениеті жайлы көптеген мағлұмат алуға болады. Диплом жұмыста пайдаланған әдебиеттердің көбісі осы шығармаға сүйеніп жазылған.
Сасанид мәдениеті туралы археологиялық деректер де зерттеу жүргізуге көп көмегін тигізді. Тау рельефтеріндегі суреттер, торевтика, нумизматика, сол заманғы қалалардың, бейіттердің қалдықтары ең айғақ деректерге жатады.
Пехлевийлік және манихейлік жазбалардың сақталған кейбір үзінділері әдеби ескерткіштерді құрайды. Мысалы, ортағасырлық «Денкард» деген әдеби ескеркіште сасанид кезіндегі заңдастырылған зороастризмнің феодалдық идеологиясы бейнеленген. Сол сияктіл Иран жайлы қажетті ақпарды бізге жетізген ескерткіштердің бірі "Тансардың хаты» болып табылады.
«Карнамаг-и Ардашир-и Папакан»-Папакұлы Арташирдің істері туралы кітап, «Адиабена хроникасіл»-сириялық хроиикалардың бірі, «Хвадай намак»-таршш шығарма, «Хазар афсан»-мың ертегі, «Шахрастаниха-йе Эран»-жағрафиялық трактат, «Синдбад-намэ»-, «Калила мен Димна», «Матагдан-е Хазар датастан»-сасанидтердін заң кітабы да таптырмас дерек болып табылады.
Тарихнама. Сол заманғы ирандық мәдениеттің өзіне тән ерекшеліктері болды, яғни жаңа көрші елдерге әсер ететін сасанидтік стиль қалыптасқан.
Осы жаңа стильдегі сасанидтердің мәдениеті туралы В. Г. Лукониннің бірнеше еңбектері бар. Бұл ғалым отыз жылдық өмірін Иранның мәдениеті мен өнерін зерттеуге арнаған. Р. В. Кинжаловпен бірігіп жазған «Памятники культуры Сасанидского Ирана» деген еңбегінде дипломатиялық өнер, торевтика туралы жарқын ескерткіштерді көруге болады. «Иран в эпоху первых Сасанидов» деген кітабында Луконин сасанидтік Иран тарихын 3 кезеңге бөліп жазған. «Культура Сасанидского Ирана» атты кітабы ерте сасанидтік эпиграфиялық деректерден, сасанид дінінің тарихи деректерінен, мәдени ескерткіштерден құралған материалдарға сүйеніп жазылған. Бұл кітап А. А. Иерусалимсая мен В. А. Лившицтің көмегімен басылып шыққан. Мен бұл әдебиеітен Иранның нумизматикасын жаздым. «Древний и раннесредневековый Иран» деген еңбектен Иранның өнер жайлы деректерін алдым. Лукониннің тағы да мынадай әдебиеітері диплом жұмысына қатысты кең ауқымды мәліметтер бере алады: «Искусство древнего Ирана», «Иран в III веке», К. В. Тревермен бірігіп «Сасанидское серебро: Художественная культура Ирана ПІ-ҮІПвв. ».
И. С. Брагинскийдің «Иранское литературное наследие» атты шығармасынан сасанидтік кезеңдегі әдебиеттің қандай тілде, жанрда жазылғандызғын, идеясын, поэтикасын айқындап жаздым. Сол заманғы әдебиеттің тақырыбы, барысы, стилі, ерекшеліктері көрсетілген.
А. Г. Периханянның «Общество и право Ирана в парфянский и сасанидский периоды» деп аталатын еңбегінде сол заманғы заң жүйелері туралы судебниктен дәлелдеп келтіріліп жазылған.
В. С. Винаградовтың «Классические традиции иранской музыки» деген кітабында автордың шығыс тематикасымен көп жылдар бойы айналысып, ауызша дәстүрдің нақты музыкасын қарастырғаны жазылған. Ол тарих беттеріндегі музыканың басты теоретикалық аспектілеріне сүйене отырып жазған. Бұл жұмысты басып шығаруға ғылым докторлары: Ф. М. Караматова, Х. Г. Короглы, Н. К. Тагмизян және ғылым каидидаты Э. А. Абасова көмектесті.
Т. П. Көптереваның «Исскуство средневекового Востока» атты кітабында Орта және Солтүстік Африка, Оңтүстік Испания, Ауғаныстан, Сирия, Палестина, Ирак, Египет, Магриб, Үндістан, Қытай, Жапония және Иран елдерінің орта ғасырлардағы өнері туралы айқын жазылған. Мәтіннің мазмұнын суреттеп сипаттаған бұл еңбектің басылуына Ю. Урманчеева, Н. А. Виноградова зор үлестерін қосты.
М. Бойстың «Зороастрийцы Верования и обычаи» атты еңбегі Иранның ор кезеңдегі зороастирзм дінінің даму ерекшеліктерін айқын жсткізді. Сасанид дәуірінің өзін үш кезеңге: ерте, орта және кейінгі деп бөліп жазған. Діни өзгерістермен қатар тарихи құбылыстарды да оқып білуге болады.
Зороастризм діні туралы Е. А. Дорошенконың «Зороастрийцы в Иране» атты шығармасынан да біраз мәліметтер табуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz