Сауд Арабиясының саяси-экономикалық дамуы (XX ғ.40-60 жылдары)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сауд Арабиясының саяси-экономикалық
дамуы (XX ғ. 40-60 жылдары) »
Шымкент - 2008 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Сауд Арабиясы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде . . . 8
1. 1 Соғыс кезіндегі жағдай . . . 8
1. 2 Сауд Арабиясының сыртқы саясаты . . . 11
1. 3 Сауд Арабиясының ішкі саяси жағдайы . . . 17
1. 4 Дамушы елдерге көмек . . . 26
2. Сауд Арабиясының әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . . 29
2. 1 Экономикалық даму ерекшеліктері . . . 29
2. 2 Өнеркәсіп секторы . . . 31
3. Сауд Арабиясы 60-жылдары . . . 34
3. 1 Сыртқы саясаты . . . 34
3. 2 Ішкі саясаттағы негізгі бағыт . . . 36
3. 3 Жаңа үкіметтің әкімшілік қайта-құрулары . . . 41
Қорытынды . . . 50
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 55
КІРІСПЕ
Қазіргі Сауд Арабиясы мемлекетін 1902 жылы 15 қаңтарда осы заманғы тарихтың ұлы тұлғаларының бірі Абдулазиз Ибн Абдулрахман Аль-Файзал Аль-Сауд құрған болатын. Нақ осы күні ол бүкіл араб түбегіне көсіліп жатқан, ұлан байтақ жерді 250 жыл бойы басқарып келген өз бабаларының билігін қалпына келтіру үшін Эр-Рияд қаласын алған еді.
Абдулазиз патша 31 жыл бойы бөлшектенген және тәртіпке мойын үсынбайтын елге айналғаң шөл даладағы Корольдікті біріктіру жолында күресті. 1932 жылы бірігу аяқталды да Сауд Арабиясы Корольдігі пайда болды.
Өз ғүмырының келесі 21 жылын Абдулазиз патша осы заманғы, бейбіт те біріккен Корольдіктің іргетасын қалаумен өткізді. Ол 1953 жылғы 9 қарашада дүниеден өтті. Ұлы патша қайтыс болғаннан кейін ел билеу оның ұлдарына көшіп, олар өз әкелерінің Ислам принциптерінен еш ауытқымастан Корольдікті құру, дамыту және жаңғырту жөніндегі өсиетін адалдықпен басшылыққа алып келеді.
Елді Сауд патша 1953 жылдан 1964 жылға дейін, Фейсал патша 1964 жылдан 1975 жылға дейін, ал Халид патша 1975 жылдан 1982 жылға дейін басқарды. Олардың басшылығымен Сауд Арабиясы Корольдігі мұнайдан түсетін табыстардың арқасында серпінді экономикасы бар елге айналды.
Халид патша қайтыс болғаннан кейін, 1982 жылғы 13 маусымда жаңа патша ретінде Фахд ант қабылдады. Дәл сол күні Фахд патша өз бауыры мүрагер ханзада Абдулла Ибн Абдулазизді Премьер-министрдің орынбасары және Ұлттық гвардияның басшысы етіп, ал кіші бауыры бекзада Сұлтан Ибн Абдулазизді Премьер-министрдің екінші орынбасары, қорғаныс және авиация министрі және Бас инспектор етіп тағайындады.
Қос киенің сақшысы, Фахд патша корольдікті дамытудың соңғы аса көрнекті оқиғаларының бастамашысы болды, олар мынадай шараларды қамтиды: Үкімет жүйесін аймақтық әкімшіліктерге қайта құру және бұрынғыдан біршама ірі жаңа Кеңес, сондай-ақ лауазымда болу уақыты шектелген Министрлер Кеңесі;
Денсаулық сақтау, білім беру және коммуникация қызметін баршаға көрсететін ішкі дамудың бүқаралық бағдарламасы;
Қасиетті екі мешітті - Меккедегі Үлкен мешітті және Мединедегі Пайғамбар мешітін бірнеше миллиард долларға кеңейту және қайта жөндеу.
Сауд Арабиясы Корольдігі мен Фахд патша халықаралық істерде белсенді және өскелең негізгі роль атқарады. Фахд патша жақсы халықаралық қатынастарды түрақтылық пен бейбітшіліктің кілті санайды.
Араб және исламдық ынтымақтастық пен бірлік Сауд Арабиясы саясатының негізгі мақсаты болып табылады. Корольдік мүсылмандар түратын Ауғанстандағы, Босния мен Сомалидегі даулы аймақтарға байланысты мәселелерді шешуде көмек көрсетіп, шешуші роль атқарады. Араб әлемінде Корольдік аймақтың қаіпсіздігін қорғап, кімде-кім баспанаға мүқтаж болса көмек көрсетеді және Палестинада, Ливанда және Кувейтте ағайынгершілік және бітімгершілік қызметтерін атқаруда. «Мен Фахдтың Аллаға шексіз сенетіндігіне сүйсіндім. Ол қызметке де, саяси немесе басқа да ебепке байланысты емес. Корольдің жеке адам ретіндегі дүниетанымынан туындап жатты. Король Фахдтың тағы бір лауазымының «Қос киенің сақшысы» деп аталуы әбден орынды екен. Бірінші киелі орын-Ыбырайым пайғамбарымның Меккеде салдырған Алланың жердегі үйі-Қағба. Екінші киелі орын-Мединедегі Мұхаммад пайғамбардың қабырханасы». 1
Такырыптың өзектілігі. Бұл диплом жұмысының тақырыбының өзектілігінің өзі Сауд Аравиясының пайда болып даму тарихының жүйелі түрде, реттілікпен берілуі, стратегиялық негіздегі оның орналасқан территориясының маңыздылығы, яғни теңіз жолы, құрғақтағы және әуе жолдарының кездесетін негізгі маңызды аймақтарында орналасуы оның үш континент аралығындағы маңыздылығын арттыра түседі.
Бұл диплом жұмысында мемлекеттің қалыптасуы және дамуы, XX ғ. 70-жылдарынан бастап Сауд Аравиясының геополитикалық және экономикалық дамуының ерекшеліктері талданды. Мемлекеттің пайда болуынан бастап, бәдуиндер тайпасының отырықшылыққа өтуі (хиджрдің құрылуы), ихвандардың (ваххабиттер армиясының) пайда болуы, Аравия жарты аралында бірорталықтанған эмираттардың бірлестігінің пайда болуы, Неджда маңайындағы жерлердің бірігуі, нәтижесінде бірорталықтанған саяси және діни өкіметтің пайда болуы жан-жақты талданады. Сонымен қатар өкіметтің пайда болуы және нығаюы, өкіметтің, мемлекеттің басқару аппаратының құрылуы, ішкі мәселелер, феодалдық-теократтық, өкіметтегі дағдарыстар, Сауд Аравиясының тұрғындарының ауыр жағдайына сипаттама берілді.
Сауд Аравиясының ішкі саяси және сыртқы экономикалық мәселелері осы жұмыста өз талдауын алды. Сауд Аравиясының өзінің географиялық орналасуына байланысты көрші елдермен байланысы, ірі батыс елдерімен сыртқы байланысы. Әсіресе Батыс елдерінің сол кездегі Азия және Африка елдеріне қарсы ұстаған отарлық саясатына ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде, әсіресе АҚШ пен Англияға. Ол елдердің бұл аймақтағы ұстаған бағытының өзі тек бір-ақ жақты болып келді. Олар аймақтағы мәселелерді шешуде тек әскери күштерге ғана сүйенді. Бұл аймаққа деген олардың негізгі қызығушылығы ол аймақтағы ірі мұнай компанияларының орналасуы болды.
Жұмыстың өзектілігінің өзі қазіргі кезде осы Орталық Азия аймағындағы шиеленісіп жатқан халықаралық жағдайға да байланыстылығы, ол Каспий теңізінің мұнайы және осы жердегі Қазақстанның геосаяси жағдайы, Ауғанстандағы талибтер қозғалысы, Өзбекстанмен екі ел арасындағы шекаралық мәселелер, Ресейдің мұнай рыногындағы ролінің күшеюі, ОПЕК-тің ұстап отырған саясаты, Каспий мұнайын жан-жаққа апару үшін мұнай құбырларын салу мәселесіне байланысты болып жатқан шиеленістердің өзі Сауд Аравиясының 50-жылдардың екінші жартысынан бастап осы шиеленістердегі оның орны мен маңызын нақтылай түседі. Бұл жұмыстың маңыздылығының өзі таяуда ғана шиеленіскен халықаралық аренада ерекше көңіл бөлінген мәселе ол АҚШ-тың Иракка қарсы соғысына да тікелей байланыстылығы болып табылады. Бірақта, бұл диплом жұмысы халықаралық мәселелердегі жоғарыда атап өткен мәселелерді шешу жолын көрсетуге арналмаған, ол Сауд Аравиясындағы XX ғасырдың ортасындағы болып өткен тарихи процестерді талдауға негізделген. Ол Сауд Аравиясыңцағы мемлекеттің пайда болып даму тарихына арналған. Үлкен Аравия жарты аралында орналасқан және соның аймағындағы елдерде болып жатқан тарихи оқиғалар (ірі коорпороциялар арасындағы шиеленістер, мұнай орындарына билікке талас т. б. ) 60-жылдардың ортасына дейінгі осы аймақтың дамуына әсер еткені баршамызға белгілі.
Жұмыстың тарихнамасы. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Сауд Аравиясының тарихы туралы жарық көрген ғалымдардың көптеген зерттеу жұмыстары бар. Соның ішінде нақтылы осы тақырыпқа байланысты зерттеулер ішінен ерекше атап өтетін еңбек ол В. В. Вобликовтың монографиясы, оның еңбегі XX ғасырдың бірінші жартысындағы елдің саясатына, экономикасы мен халықаралық байланыстарына арналған/1/.
В. В. Озолинг «Саудовская Аравия» атты зерттеуі 1968 жылы жарық көрген. Оның «Нефтегазовая отрасль», «Финансы», «Торговля» атты зерттеулері бар/2/.
Мемлекеттің қалыптасуы, дамуы туралы, халықаралық қатынастар, экономика мәселелерін қарастыруда Л. В. Васильевтің «Саудовская Аравия в международных отношениях» атты еңбегі пайдаланылды/3/.
Көптеген нақтылы деректер араб зерттеушілерінің еңбектерінде кездеседі. Нежд тарихы туралы Амин ар-Рейхания зерттеуі «Тарих Наджд аль-хадас уа. мулька катиха», 1926 жылы Бейрутте жарық көрген / 4/. Саид ибн Хизлюль «Тарих мулюк ас-Сауд» атты 1961 ж. Эр-риада жарық көрген еңбек /5/ және Ад-дахиль Сулейман ибн- Сабахтың «Аль-Кауль ас-садид фи ахбир амарат ар-Рашид» атты 1966 жылы Эр-Риада жарық көрген еңбегі жатады/6/.
Сонымен қатар халықаралық қатынастар мәселесіне байланысты А. И. Яковлевтің «Саудовская Аравия и Запад»/7/ атты 1982 жылғы, И. П. Беляевтің «Американский имперализм в Саудовской Аравии»-1957ж. зөрттеулері қолданылды/8/. Аравия жарты аралы туралы көптеген деректер сонымен қатар кандидаттық зерттеу жұмыстарынан алынды. Олардың қатарына жататын Эдановский Ежидің «Политика США на Ближнем Востоке в 70-е годы (в свете процессов развития арабских стран) »/9/, Иванова О. Я. «Египет и международные отношөния на Ближнем Востоке в 1967-1970 годы» /10/.
Диплом жұмыеында жалпы Арабияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі даму жолы мен оның әсіресе 60-жылдарлағы қол жеткен табыстары баяндалады. 20 жылдары король Ибн Сауд құрған реформаның өміршендігі мен сол уақыт аралығындағы ішкі-сыртқы саясатқа қатысты ел басқару жүйесінің ауыртпалығы ел ішінде біраз дағдарыс кезеңін бастан кешіруді туындатты.
Аль Файдал Аль-Сауд араб түбегінде көсіліп жатқан ұлан байтақ жерді 250 жыл бойы басқарып келген өз бабаларының билігін қалпына келтіру үшін Эр-Рияд қаласын салған еді. Абдулазиз патша осы елді біріктіру үшін 31 жыл бойы күресті. 1932 жылы біріктіріп жаңа Сауд Арабиясы королдыгы пайда болды. Құм дала, шөлді аймақтағы тіршілік иесі тек қара күш пен ақылдың берік орнығуымен, ата-баба аманатын аяққа таптамай, өзін мұсылманмын деп атаған арабтардың күш қайраты, жігері еді. Арабтардың ағылшын-француз басып алушыларына қарсы күресін аянбай тиянақты жүргізілуі барысында Ибн Сауд Араб жарты аралында ағылшын вассалдарына қарсы соққы берді.
Тарихтың өзі көрсеткенйдей, немесе дәлелдегендей, ел ішінде саяси тұрақтылық орнап, берік мемлекетке айналу үшін сырт елдермен байланыс нәтижелі, тұрақты болуы керек. Соны сезіп болашақты алыстан елестете білетін король өз сыртқы саясаптын барынша бейбіт жағдайда жүргізуге тырысты, сол арқылы елдің ішкі проблемаларын шешіп, жүзеге асыруға күш салды.
Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.
1. САУД АРАВИЯСЫ - ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС КЕЗІНДЕ
1. 1. СОҒЫС КЕЗІНДЕГІ ЖАҒДАЙ
Екінші дүние жүзілік соғыс барысында Сауд Арабиясы бейтараптық жағдай жариялады, бірақ ел билеушісі Ибн Саудқа Англия жағынан және герман-итальян блогын қыспаққа ұстап тұру қажет болды/11/.
Ибн Сауд ағылшын әскерлерінің баса-көктеп кіруінен сақтана отырып Трансиордания, Ирак, Кувейт шекараларында әскери бөлімдер орналастырды. Англияның Сауд Арабиясына тікелей шабуыл жасау шешімін қабылдамау себебі онда Сауд Арабиясы жерінде АҚШ-тың тікелей мұнай концессиясы болды. Ибн Сауд ағылшындардың Палестина арабтарын Арабия жеріне қоңыстандыру жоспарына, Палестинада вассал және тірек базасы ретінде сионистік еврей мөмлекетін құру жоспарына қарсы болды. Германия мен Италия өз кезегінде Ибн Саудқа қысым көрсетті. Сауд Арабиясындағы герман елшісі Гробба мұнай өндірісіне диверсия ұйымдастырды. 1941 жылы Гитлер Ибн Саудқа Англияға қарсы шығу үшін жолдау жіберді, ол үшін Ибн Саудта бүкіл арабтардың королі етіп тағайындайтыны жөнінде уәде берді/12/.
Бірақта, Ирактағы Гайлани үкіметінің құлауы және Африка
отарындағы итальяндықтардың қуылуы Ибн Саудты «осы» державаларымен байланысын үхуге итермеледі. 1941 жылы қыркүйекте Ибн Сауд Германиямен достық жөніндегі келісімді бұзды. Елден Гроббаны кетуге мәжбүр етті, ал 1942 жылы ақпанда Сауд Арабиясынан италяндықтарды қуғындады/13/.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатыспағанымен Сауд Аравиясына бұл соғыс өте ауыр тңці, себебі экономикалық және финанстық зардаптар соғыс кезінде діни адамдардың Меккеге қажылыққа келмеуінен туындады. Сауда қатынастары тоқтап, тауарлар алмасу тоқталып қалды. Осы жағдайды Англия елдегі өз үстемдігін жүргізу үшін пайдалануға тырысты. Соғыстың бас кезінде Сауд Аравиясы бейтараптық саясат ұстайтындығын жариылады, бірақ Ибн Сауд Англия және герман-италян блогы жағынан қысым көрді. Сауд Аравиясы сырттан келетін астыққа тәуелді болды(жыл сайын 60 мың тонна астық сырттан алды) ол Индиядан және басқа да британия қоластындағы жерлерден әкелінді, сонымен қатар Англия өз бақылауын жүргізіп отырған мұсылман елдерінен келетін қажылыққа тәуелді еді/14/. Сауд Аравиясының ақша жүйесі Англияның фунтына тәуелді еді, ал оның территориясын әліде Англияның сателлиттері мен протектораттары қоршап тұрды. Англия армиясының шабуылынан қорыққан Ибн Сауд шекаралық Трансиордания, Ирак және Кувейтте әскери күштерін ұстады. Англия бірден Сауд Аравиясына басып кіруге қорықтты, оған себеп болған онда АҚШ-тың мұнай концессиясы бар еді/15/. Ибн Сауд Англия үкіметінің бұрынна келе жатқан жоспары Палестинадағы арабтардың барлығын Аравияға әкеліп орналастыру, ал Палестинада сионистік еврей мемлекетін құрып оны импералистерге тәуелді етіп және өздерінің соғыс кезіндегі тірегі ретінде ұстағысы келген әрекеттеріне тойтарыс беріп отырды/16/.
Германия мен Италияда Ибн Саудқа жан-жақты қысым көрсетті. Массауда (Эритрея) тұрған Италия флоты Сауд Аравиясына таяу келіп орналасты. Сауд Аравиясындағы Германия елшісі Гробба мұнай орталықтарында диверсиялар ұйымдастырды. Гитлер 1941 жылы Ибн Саудқа нота тапсырды, онда Англияға қарсы шығуға шақырды, сонда оны барлық арабтардың королы етіп тағайындаймын деген уәде береді. Ирактағы Гайлани үкіметінің құлауы және оның Африкандық колонияларынан италяндықтарды қууы Ибн Саудты державалармен ұстап отырған сыртқы саясатын, яғни байланысын жоюға мүмкіндік әкелді. 1941 жылы қыркүйекте Ибн Сауд Германиямен достастық туралы келісімді жойды және елден елші Гроббуды қуды, ал ақпанда 1942 жылы Сауд Аравиясынан италяндықтарды қуды.
Бірақта соғысқа қатыспағанымен бұл соғыс Сауд Арабиясына әсер етті. Коммуникация қателігінен үлен экономикалық және қаржылай қиындықтарды бастан кешірді. Өз позицияларын Сауд Арабиясында берік орнықтыру үшін Англия осы ретте пайдаланып қалуға тырысты. Соғыс басында АҚШ-тан үлкен заем алып, бұл сумманың бір бөлігін Англия Ибн Саудқа береді. 1942 жылы Сауд Арабиясына британиялық экономикалық және финанс кеңесшілері келе бастады. Сауд Арабиясына британдық экономикалық және англияның әскерінің күшеюі американдық мұнай компанияларының мазасыздығын тудырды.
АҚШ-тың финанстық-саяси интервенциясы
Олардың әсерімен АҚШ үкіметі 1943 жылы Сауд Арабиясын АҚШ қорғанысы үшін «өмірлік маңызы бар» ел ретінде жариялады. Сөйтіп, ленд-лиз жөнінде заң шығарып, соның барысында Сауд Арабиясы соғыс уақытында 99 миллион доллар алды.
1943 ж. мамырда АҚШ ол елмен дипломатиялық қарым-қатнас орнатты. АҚШ- тың жіберген елшілігі белгілі тыңшы полковник Уильям Эдди болды. 1944-1945 жж. американдықтар Дахранде соғыс-әуе базасын аштыьол ауыр бомбардировщиктер қабылдай алатын еді. Бұл соғыс базасын ашудағы басты сылтау Жапонияға қарсы соғыс ашу қажеттілігі деді. Негізінде Парсы шығанағында американдық соғыс күшін ұстау мақсаты еді. АҚШ Сауд Арабиясын қарумен қамтамасыз ете бастады, 1944 жылдан бастап американдық әскери миссия сауд аравиясының армиясын соғыс ісіне үйрете бастады/17/.
1945 жылы 14 ақпанда Ибн Сауд АҚШ Президенті Рузвельтпен американдыө крейсер «Куинсиде» кездесті. Келіссөздің нәтижесінде төмендегідей келісімге қол жетті: Парсы шығанағындағы саудидтер портын АҚШ және Англия соғыс-теңіз флоты үшін пайдалану, ал Дахрандағы соғыс -әуе жолын-американдық авиацияның пайдалануы-Жапанояға қарсы соғыс үшін. Ал АҚШ үкіметі келісім уақыты аяқталғаннан соң ол жерді салынған құрылыстарымен қоса Сауд Арабиясына қайтаруға міндеттеме алды. Рузвельт Ибн Саудтан американдық концессияны мойындайтындығын және Эль-Хасы ауданында мұнай құбырларын салуға келісімін алды. Сонымен қатар американдық Президент арабтарға қарсы ешқандай жаулаушылық болмайтындығына және өзінің палестиналық арабтар туралы көзқарасын өзгертпейтініне және ол мәселе туындағанда арабтар мен еврейлермен келісі отырып шешетіні туралы уәде берді. Бұл келісім Ибн Саудтың сыртқы саясатындағы жеңісінің бірі болды.
Тауар-ақша қатынасының дамуымен, өнеркәсіп өсімімен, қазіргі заманғы транспорттың енгізілуімен көшпенді- малшылардың, жермен айналысушы шаруалардың, қолөнершілердің тоқырау процесі басталды немесе жеделдетілді. Шалғын жерлерін, оазистерді тастап, бедуиндер мен шаруалар қалаға кетті, жалақы табу мақсатымен мұнай өндірістеріне жұмысқа орналасып, жұмысшы табының резервтік армиясының қатарын толықтырды. Жұмысшы табының саны 100 мың адамға дейін көтерілді.
- САУД АРАБИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
Соғыстан кейінгі жылдарда Ибн Сауд үкіметі бейтараптану саясатын және басқа араб елдерімен байланысты жүргізуді жалғастырды. 1943 жылы Сауд Аравия делегациясы араб бірлігі туралы Каир келісіміне қатысты. 1945 жылы мүрагер принц Сауд Каирде протоколдар мен араб мемлекеті Лигасы пактісіне қол қойды. Оның күштеуімен Лига документеріне Сирия мен Ливан төуелсіздігінің кепілдігі туралы және араб елдерінің шекарасының өзгермеу туралы пункт енгізілді.
1940 жылдың екінші жартысында Сауд Арабиясы арабтың шығысында Израиль мемлекетінің құрылуына қарсы сәтсіз болсада куресуші Араб Лигасының басым мүшелерімен бірге қатысты. Ибн Сауд оның орнындағы король тағын иеленуші Сауд (1953ж. қарашадан) Англияның қолдауына ие болған Хошимиттік монархиялары - Ирак пен Иордания әрекетіне қарсы мақсатпен Египетпен жақындасу курсын жүргізді.
Сауд Арабиясы арабтарды құлдыққа салу бағытынан және оларды батыс державаларының агрессивті саясатына баулуға бағытталған Бағдад пактісіне қол қоюдан бас тартты.
1955 жылы қазанда Сауд Арабиясы Сирия және Египетпен екіжақты қорғаныс келісіміне, содан соң Египет және Йеменмен үшжақты келісімге қол қойды немесе бекітті. Сауд Арабиясының Англиямен қарым қатынасы Сауд Арабиясының шекарасында Абу-Даби князьдықтарын Маскат султанатында орналасқан Бурайма оазисіне қатысты келіспеушілікке байланысты өршелене түсті. 1952 жылы оазис Сауд отрядына қарасты болды, бірақ 1953 жылы және 1954 жылы Абу-Даби және Маскат әскерлері оазиске шабуыл жасады. АҚШ Саудқа сездірмей, еріктен тыс АРАМКО1 үшін көмектесті және 1954 жылы шілдеде оазистің солтүстік бөлігінде мұнай шығаруға ағылшындар, ал оңтүстігінде американдықтар мұнай шығару келісіміне қол қою мүмкіндігіне ие болды. Ангия бұл келісімді іле-шала бүзуға әрекеттенбеді. 1955 жылы қазанда Абу-Даби және Маскат әскерлері ағылшын офицерлерінің бүйыруымен Бурайма оазисін басып алды.
Сауд Арабиясының үкіметі Қауіпсіздік Кеңесіне Англияның агрессиясына наразылықпен назар аударды. АҚШ үкіметі бұл келіспеушілікте арашашы ретінде көрінді.
Сауд Арабиясы Бурайма оазисін таратпауға және оның мұнайына бақылау орнатуға тырысты.
Американ қысымымен Сауд БҰҰ-нан өзінің Англияға наразылығын қайтарып алып, онымен келіссөзге келуге келісім берді. Бірақта Каир мен Вашингтондағы (1955-1956жж. ) АҚШ өкілдерінің қатысуымен болған кезекті келіссөздер Бурайма оазисінің мәртебесі жөнінде ешқандай өзгеріс әкелмеді.
Египетке қарсы англо-франко-израиль агрессиясы түсында Сауд Арабиясы Египетті қолдады; Англиямен және Франциямен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді, сөйтіп Египетке көмек ретінде көп мөлшерде ақша берді.
Үштік агрессияның құлдырауынан кейін Англияның Таяу Шығыстағы позициясы күшін жойды. АҚШ тиімді жағдайды пайдалана отырып араб елдерінде «Эйзенхауэр доктринасын» таратуға тырысты, осы аудандағы агрессорлардың әрекеттерін күшейтті. Сауд Арабиясы АҚШ-тын стратегиялық әрекетінің құрылықтағы, теңіздеп және әуе коммуникациясының қиылысындағы бірінші объект ретінде алынды, себебі арабтардың және бүкіл мүсылман әлемінің діни орталығы ретінде АҚШ монополиясының арқасында мұнай байлығын сәтті игеруде маңызды орыны бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz