Сыр бойының орта ғасырлық қалалары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

СЫР БОЙЫНЫҢ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРЫ

(Отырар, Яссы, Сауран - кейінгі жылдар қазбалары)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: І-ТАРАУ
3: Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырлық қалалары туралы тарихи деректер және олардың зерттелуі . . .
9
КІРІСПЕ:

ІІ-ТАРАУ

1

3:

Сыр бойындағы ортағасырлық қалалар

Ортағасырлық Отырар . . .

25
КІРІСПЕ: 2
3: Сырдарияның Орта ағысының сол жағалауындағы қалалар . . .
32
КІРІСПЕ: 3
3: Туркістан алқабындағы қалалар . . .
35
КІРІСПЕ: 4
3: Жеті қабырғалы - Сауран . . .
39
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 43
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМі . . .
3: 49
КІРІСПЕ: ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .
3: 53

КІРІСПЕ

Қазақстанның Россияға ХҮІІІ ғасырдың І -ші ширегінде қосылған кезінде ұлан байтақ территорияда бар болған бірнеше ғана қалаларда ғана тіршілік нышаны болды.

Осы кең даланы алғашқы рет көрген ғалымдар мен саяхатшылар, құлазыған даланың тарихына зерттеу жүргізгенде қате пікірлер ұсынды. Бұған мысал ретінде 1913 жылы белгілі ғалым в. и. Масальский өзінің «Туркестанский край» деген кітабында келтірілген пікірін айтып кетуге болады:

«Жалпы Орта Азия кең далада көшіп қонып жүрген коршілер мен таулы аймақтардың етегінде, өзен бойларын мекендеген отырықшылар арасында мыңдаған жылдарға созылып келген күреспен белгілі. Даланың кең жазық болуы, көшіп қонуына ыңғайлы болуы үшін мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар өздерінің емін-еркін жүруіндегі кедергі деп білді. Көшпенділердің ұрандары Шексіз ұлан байтақ дала. Сондықтан да олар жазық далада малдың қалың нөпір болып жатуына көшіп қонуына кедергі жасайтын тұрақты мекен жайлар қоныстар қалалар т. б. барлығын жермен жексен етті. Бау - бақшалар, зәулім құрылыстар, өнер туындылары т. б. барлығы да көшпенділерге түсініксіз болды. Сондай-ақ көшпенді тайпаларға отырықшылық та түсініксіз болды, және оларға қажеті де жоқ еді. Егер қолдарынан келген көшпенділер бүкіл жер бетін мал жайылымына айналдырар еді». 1

В. И. Масальскийдің бұл айтып отырған пікірі осы күнгі көз қарастармен салыстырғанда дұрыс емес еді. Өйткені жазбаша деректер мен археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректерге сүйене отырып, бұл пікірдің қате екені көруімізге болады. Тепті, оны совет дәуірінде өмір сүрңіп, археология ғылымына көп еңбек сіңірген атақты ғалымымыз С. п. Толстовтың мына сөзінен де байқауға болады: «Қалалар мәдениетінің дамуы, гүлденуі, орталыққа айналдыру отырықшылар ғана жасады деу үлкен қате болар еді. Себебі, еңбек бөлінісінің нәтижесінде отырықшылыққа көшкендер мен мал өсірумен айналысқан тайпалар арасында сауда қарым-қатынастары болды. Орта Азия және Қазақстан территориясынада қалалар үшін әсіресе, көшпелі тайпалар мен айырбастың маңызы зор болды». Көшпелілір сату үшін, айырбастап алу үшін сырттан малдар, жылқы, жүн, тері, мал өнімдері, құл т. б. алып келді. Мұнда олар соғыста ажалға түскен қазына, жібек, бағалы аң терілері т. б. әкелді. Ал қаладан өздеріне ауыл шаруашылық өнімдері, жасау жабдықтар, түрлі қару - жарақтар, маталар, қолөнер бұйымдарын алып тұрды. Қаладағы қолөнершілер өз бұйымдарын сол базар басында істеп те сата беретін болды. Егіншілердің қоныстары қала сыртында болды. Тау өзендері, ьұлақтар және т. б. шебер дихан үшін нағыз қазына болды. Су, дәнді дақылдар мен жүзімнен мол өнім алуды қамтамасыз етті.

«Дихан судың қадірін біледі, оны ысырапсыз мұқият пайдаланады»2. Көшпелі тірлікпен өмір сүретін тайпалар егіншілік өнімінсіз өмір сүре алмады, ал егіншіліктің мөлшері көбінесе көшпенділер рыногінің қажетсінуіне байланысты болды. Орта Азия, оның ішіндегі Қазақстанға байланысты ортақ ұқсастық сол - көшпенділердің өз ішінен де егіншілік пен қолөнеріне айысып отырықшылыққа көшкен халықтың сандары үнемі толықтырып отырған жағдайлар жиі кездесіп тұрған. Сондай-ақ отырықшылыққа көшкендердің ішінде көшпелі өмірге қайта оралғандары кездесіп тұрған. Міне, сондай-ақ көріп3 отырғанымыздай көшпелілір қалалардың мәдени орталық, сауда ортылығы, т. б. болғанын қаламады деген дұрыс пікір емес. Оған сондай-ақ көшпелі мал шаруашылығы мен қала тұрғандары арасындағы байланыстарды, отырықшылық пен айналысқан тайпалар арасындағы қарым-қатынасты көрсететін археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған зеттай деректер бұлжытпас дәлел бола алады.

Менің диплом жұмысымның мақсатының өзі Сыр бойы өңіріндегі қалаларының қалай пайда болғаны, олар жайлы алғашқы түп деректер қай уақытта жазылғаны, үстіміздегі ғасырдың өзінде осы өңір жайлы кімдер зерттеді, осы күндер қандай қалалары бар, Қазақстан территориясындағы қалалар тарихын білудегі маңызын ашып көрсету болып табылады. Осы Сыр өңірінінің өзі Қазақстан археологиялық ғылымында әлі күнге дейін бар құпиясын ашпай келе жатқан өңір болып табылады. Яғни, бұл өлкеден Қазақстан тарихының уақытына байланысты әр кезеңді қамтитын тарихи заттай ескерткіштерді көптеп кездестіруге болады.

Сыр бойы өзі ерте кезден ақ тарихқа өте бай, тереңдей зерттеуді қажет ететін өлке. Жалпы отырықшылықтың дамуы, қалалардың гүлденуі, оның көшпенділер мен байланысы жайлы мәселелер археология ғылымының негізгі зерттеуді қажет ететін жұмысы.

«Жазба түп деректер мен археологиялық қазба жұмыстарында табылған заттай деректерді қорыта отырып, Қазақстан территориясында б. з. д. ХІІ - ХІІІ ғасырға дейін, одан да кейінгі уақыттарда қалалардың даму барысын білуімізге болады». 4

Қазақстанның ұлан байтақ территориясы бірнеше табиғи шаруашылық аймаққа бөлінеді. Олардың әрқайсысындағы қалалардың қалыптасуының өз ерекшелігі бар. Қазақстанның оңтүстігіндегі қала тұрғындары, оның үш бөлігі, ішкі қамал, шахристан, рабат байталатын топографиялық тән.

Әдетте, қаланың алғашқы орталығы цитадель болған, ол біртіндеп билеушінің сарайы орналасқан ішкі қамалға айналған.

Сырға құятын, Арыс, Келес, Бадам өзендері және оның мол сулы салаларының жағаларында дәл осы өңірдің қалаларының сары сұр дуалдары көрініп тұрады. Ескі қоныстары маңызын жойған, енді басты рольді қалалар атқаратын болған. Айналасы мықты дуалдармен қоршалған қалалардағы құрылыс балшықтан жиі салынған. «Жетісу өңіріндегі қалалардың дамуында Орта Азияның шығыс мемлекеттері мен транзиттік саудасы үлкен рол атқарды». 5

Сол себепті де «Жібек жолының» бойындағы қалалар тезірек қалыптасты. Б. з. д. ХІІ ғасырдың өзінде-ақ ірі сауда орталығы болып маңызды роль атқарған Отырар, Сауран, Сығынық т. б. қалалары болды. Мұнда әр түрлі елдерден келген көпестер бас қосып тұрды.

Б. з. д. ХІІІ -Х ғғ. аралығында қарлұқтар дәуірінде Қазақстанның оңтүстігінде елеулі өзгерістер болды. Қарлұқтар, түргештер, жікілдер, оғыздар сияқты көшпелі және жартылай көшпеі түрік халқының отырықшылыққа ауысу процесі жүреді.

Б. з. д. Х-ХІІІ ғ. ғ. Орта Азия мен Қазақстанда отырықшылық пен жер өңдеу шаруашылығының гүлденген кезі болып табылады. Орта ғасырлық ғалым Мағдесидің жазба деректеріне сүйенсе, б. з. д. Х ғасыр Қазақстан терриртоиясында жуық шамамен 200 - ге тарта қала болған. Бірақ, бұл жан-жақты, толық негізіне сүйеніп жазылған санақ деп айтуға болмайды. Бұл да әлі күнге дейін шешімін таппаған түйіндердің бірі болып табылады. мен жұмыстың барысында шолу жасап өткендей Сыр бойындағы қалалар мен Қазақстан территориясындағы құм астында әлі күнге шейін белгісіз болып жатқан өзге қалалар сияқты жете зерттелген жоқ.

Менің диплом жұмысы екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда Оңтүстік Қазақстанның Орта ғасырлық қалалары туралы тарихи деректер және олардың зерттелуі сөз болады. Ал, екінші тарау үш бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде орта ғасрлық Отырар, екінші бөлікте Түркістан алқабындағы қалалар, үшінші бөлікте Жеті қабырғалы - Сауран қаласының тарихына тоқталдым.

Сыр бойын тереңдей зерттеп қазба жұмыстарын көп жүргізу қажет ететін тарихқа бай өлке. Бұл өлкеден Қазақстан тарихына байланысты көп жаңалықтар ашуға болады. Мен бүкіл диплом жұмысын жазу барысында осы өңір туралы жазылған жазба түп деректерді, археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректерді, т. б. пайдаланып, қалалар дамуы жөнінде өз пікірімді білдірмек болды.

І - Т А Р А У

Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырлық қалалары туралы тарихи деректер және оларды зерттелуі.

Оңтүстік Қазақстан территориясының кең алқаптары ер езаманнан бері отырықшы халықтардың мекені болып саналады. Бұл өңірдің халықтары Ұлы Жібек жолы арқылы Батыс, Оңтүстік, Батыс, Шығыс елдерімен саяси, экономикалық соынмен қатар мәдени байланыстар жасағын. Осы өңірде мекендеген халықтардың тарихын дәлілдейтін көп сандары ескерткіштер сақталған. Олардың бір тобы біздің дәуірімізге төбеге айналған түрінде жетсе, кейбіреулері ұзын қорғандар формасында сақталған.

Оңтүстік Қазақстанда Феодалдық қарым-қатынастың қалыптасуының ең басты кезінде-ақ, отырықшы егіншілік қатынастар пайда бола бастады. Осы жаңа қоныстар, сонымен қатар ертеден қоныс тепкен қыстақтардың едәуір бөлігі (қалалары мен ауыл шаруашылық тұрақтары), сондай-ақ феодалға айналған шонжарлардың астана ордалары өсіп, әртүрлі типтегі қалаларға айналған.

Оңтүстік Қазақстанда қалалардың өсуі әуелі қарлұқтар дәуірінде, содан кейін қарақанидтер дәуірінде күшті болды. Қалалар ең алдымен ертеден-ақ жер ертедегі керуен жолы өткен етектерінде дамыды. Ертедегі отырықшы мәдениеттің ең маңызды аудандарының бірі Сырдария алқабы болды. Сол заманға лайық неғұрлым ірі, саудалық және қолөнерлік осы арада дамыды: осылардың ішінен ескі деректемелер Отырар (Фараб), Испиджаб (Сайрам), Сүткент, Сығанақ, Баршынкент сияқты қалаларды ерекше атайды.

Оңтүстік Қазақстандағы ерте ғасырлық қалалардың VI-IX ғғ. пайда болғанын, қалалардың одан әрі өсу нәтижесінде X-XIII ғасырларда ірі саяси, экономикалық және мәдени орталықтарға айналғанын жазба деректермен қатар археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр.

Археологиялық экспедициялардың көп жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталғандай орта ғасырлық Қазақстан территориясында аса жоғары сатыда дамыған сауда, қол өнер саяси орталықтар болған мәдениет ошақтары - қалалар өмір сүрген. Қазақстандағы орта ғасырлық қалалардың дамуына Орта Азиялық мәдениет ошақтарынан ықпалы өте зор болған. Жетісу өлкесіне қарағанда Орта Азия териториясымен тікелей ұштасып жатқан Оңтүстік Қазақстанда орта ғасырлық қалалар әлдеқайда ертерек пайда болып, күштірек дамыған. Сондай-ақ жалпы Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болып, олардың дамуына осы территория арқылы өтіп, Шығыс Түркістанды Иран және Византия мен бірігіп жалғастырып жатқан сауда жолы- «Ұлы Жібек жолының» тигізген ықпалы да өте зор. Керуен жолының бойындағы қалалар Таразбен Суябтың атағы сонау Византияға дейін жеткен.

Оңтүстік Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық қалалардың дамуының өзіндік ерекшеліктері болды. Осы аймақта қалалардың тұрғындары, сондай-ақ жер шаруашылығымен айналысқан отырықшы халық пен мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді халық қоян-қолтық өмір сүрген. Қазақстан қалалары олардың арасын байланыстырушы негізгі орталықтар болды. Сондықтан да отырықшылар мен көшпенділер арасында өзара қарым-қатынасқа белгілі ғалымдарымыз С. П. Толстов, Ә. Х. Марғұлан6 тағы басқалар назар аударды.

Бізге дейінгі жеткен жазба деректер бойынша Оңтүстік Қазақстан VI-XIII ғасырларда түрік тілде отырықшы және көшпелі халықтардың саяси өмірінде аса зор орын алған.

Алтай мен Монғолияның ұлан байтақ территориясында феодалдық қатынастардың қалыптасуы процесіне байланысты мұнда тұрған түрік тілдес мал өсіруші тайпалардың бастары бірікті. VI ғасырдың орта кезінде (552) ерте феодалдық мемлекет түріндегі көлемді мемлекеттік-бірлестік - Түрік қағандығы құрылды. Түрік қағандығы тиянақсыз мемлекеттік бірлестік болып, көп уақыт өмір сүре алмайды. VI ғасырдың аяқ кезінде Түрік қағандығынан оның батыс бөлігі бөлініп шығып, онда өндіргіш күштер дамуының ішкі процестері нәтижесінде және феодалдық қатынастардың өсуіне байланысты Батыс түрік қағандығы деген дербес мемлекет құрылды. Оның құрамына Қазақстанның Оңтүстік - шығыс аудандары енген. Қағандықтың орталығы Суяб қаласы болды.

VIII ғасырдың 40 жылдарында Батыс түрік қағандығы өмір сүруін тоқтатты.

Түркеш хандығы кезінде Талас және Шу өзендері бойынша көптеген қалалар пайда болды, қалалар тізбегі Исфиджабтан (сайрамнан) Ыстықкөлге дейін созылып жатты. 940 жылы Шығыс Түркістаннан келген ягма деген көшпелі тайпа Баласағұнда және басқа қалаларды жаулап алды.

ХІІІ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан территориясына монғолдар басып кіріп, гүлденген қалаларды қиратты. Ғасырлар бойы гүлденген егіншілік алқабы қойылды. ХІІІ ғасырда Шу өңірінде болған араб географы Якут былай деп жазды: «Олар (монғолдар) онда қалғандардың бәрін жойды . . . Бұл жердегі тамаша бақтар мен зәулім қорғандардың қираған қабырғалары мен жойылып кеткен халықтың жұртынан басқа ешнәрсе қалмады».

Осылайша Оңтүстік Қазақстан егіншілік мәдениеті жойылды.

Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалаладың тарихын білу үшін жазылып отырған жұмыста тарихи деректерге, зерттеулерге сүйене отырып, қалаларға талдау жасаймыз.

Диплом жұмысы тарихи деректер мен жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулерге сүйене отырып жазылды. Автордың алдына қойған мақсаты Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалаларының пайда болуын, дамуын, сонымен қатар олардың ерекшеліктерін көрсету.

Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы жазылған бұл жұмыстың «Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар туралы тарихи деректер мен олардың зерттелуі» деп аталатын бірінші тарауында осы өңірдегі ортағасырлық қалалар туралы хабар беретін жазба деректергетоқталамыз.

Жұмыстың «Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тарихи-топографиялық құрылымы» деп аталатын ІІ - тарауда Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен олардың түрлеріне тоқтала келіп, солардың бірі - ұзын қорғанды қалаларға тән жалпы ерекшеліктерді көрсете отырып олардың тарихи - топографиялық құрылымын ашамыз. Осы тарауда қорғанды қалалар тобының әр аудандағы ірі-ірі деген қалаларының Ақбешім, Отырар, Сауран т. б. топографиясына оларда жүргізілген зерттеу жұмыстарына тоқталу арқылы, біз бұл қалаларға тән жалпылама ортақ белгілерді көрсетеміз.

629 жылы Жетісе арқылы өткен қытай саяхатшысы Сюам Цаянь Шу, Талас алқаптарында егіншілікпен бірге жүзім егілетін жерлердің де құнарлығы туралы жазған.

Франция корольдігінің елшісі Рубик Таластың төменгі ағысы жайлы «. ., бұл өзен еш теңіз - көлге құймайтын, жерге сіңіп немесе батпаққа айналатын», - деп Талас өңірінде болған сапарында жазып жазып кеткен. 7

Осындай сулы, егіншілік дамыған аудандардағы қоныстар елді пунктерге айналған. Ел елді мекендер қалалақы қоныстар құрылуына себеп болды.

Жазба деректер мен археологиялық зерттеулер ерте орта ғасыр заманында Оңтүстік Қазақстанда, Қаратау төңірегінде көптеген қоныстар мен қалалардың болғандығын көрсетеді8.

Ыстық көлден Таласқа қарай өтіп бара жатып Сюаню Цзянь «Суйды шу батыс жағында ондаған жеке қоныстар мен қалалар бер. Әрбір қаланың бекітіліп қойған бастықтары бер, бірақ олар бір-біріне бағынбайды. Сол кезде Суяб қаласының саяси және экономикалық құдіреті күшті болды», - деп жазып кеткен.

Географ Якут Испиджап (Сайрам) қаласы туралы « . . . бұл қала мұсылман елдерінің әдемі бақтары мен сылдыраған бұлақтары бар, мәуелі ағаштарға толы әсім қаласы» - деп өзінің естеліктерінде жазған9.

Субаникет қаласы жайлы (қазіргі Арыс өзенінің орта ағысындағы Мамаевка поселкасы) географиялық «Худул - ал-Алем» жинағында 10Санчкес (субаникет) әсем, сәулетті, бай қала болғанын айтады.

Бұл баяндауларға қарағанда Оңтүстік Қазақстанның тарихи географиясында өзгерістер мен қозғалыстардың аз болғанын көруге болады.

Зерттеліп отырған мәселеге бірден кіріспес бұрын, біз олардың ертедегі тарихи жағдайларына тоқтала кетуіміз керек. Сол үшін тарихи деректерге сүйенеміз. Алғашқы кездегі адамдардың тұрмысының іздері Оңтүстік Қазақстанда палеолит дәуіріне жатады. Тас, қару жарақтардың сынақтары, тас қашаулар, жебелердің ұшы, тас балталар неолит дәуіріне жатқан ауданда әр жерлерде (Қаратауда, Шу, Сырдария өзендерінің төменгі аңғарларында) табылған.

Бірақ сол кездегі Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген адамдар жайлы антикалық тарихшылар нақтылы деректер айтпаған.

Б. э. д. ІҮ ғасырда А. Македонскийдің жорығы кезінде Сырдарияның жағалауындағы скивтер жаңа қарсыластарына қарсы қалаларға үлкен бекіністер салғанын көруге болады.

Аррияның айтуына оларды салған сол жердегі қала ішіндегі қала қолөнершілер, жер шаруашылығы және мал өсірумен айналысатын ұсақ тайпалары.

Тарихшылардың айтуынша біздің заманымыздың ІІ ғасырының ІІ - ші жартысында бірнеше рулардан құралған екі үлкен қаңлы (кангой) және Янцай тайпалары одағы болған.

С. Толстов өзінің зерттеулерінде, қаңлы мемлекеті шығысынла Ферғанамен, оңтүстігінде Парфиямен, ал батысында өзіне кіретін Хорезм мен Бұқара оазистерімен шектесіп жатқанын айтқан. 11

Сол кезде өзінің Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қырғызстандағы көп жылдық археологиялық зерттеулерінің нәтижесінде Бернштам А. П. қаңлы мемлекетінің шығыс шекарасына Талас өзенінің қарайтынын өз зерттеулерінде ашып көрсеткен12.

Махмуд Қашқаридің айтқандарын негізге ала отырып зерттеушілердің қатары Якубовский Х. А., Толстов С. П., Бернштам А. Н. Отырар, Сауран, Сығанақ және С. П. Толстовтың айтуынша Таразаға дейінгі территория түгел ІХ -Х ғасырларда Огуз тайпа одағына қаралды деп жазған. Махмуд Қашқаридің айтуынша да Баласағұн ауданынының маңындағы қалалар Огуздарға салым төлеп тұрған.

Мааксидің айтуынша Сауран қаласы Х ғасырда гуздар мен қимақтарға қарсы бекінісі қамал ретінде жасалған13. Мааксидің бұл айтқандарын географ Якут дәлелдеп, сол кезде Сауран қаласы Мавереннахр қалалалырының ішіндегі үлекн бікініс қалаларының бірі болған, - дейді. 14 Х ғасырдың ортасында Фараб, Сауран қалалары мавереннахрға қараған.

Араб және Иран тарихшыларының деректеріне қарағанда Қаратаудың солтүстік жағынан қимақтар, ал солтүстік-батыс жағына қыпшықтар мекендеген. 15

ХІІІ ғасырдың басында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Күшлік хан бастаған найман тайпалары жақындайды. Қарақытайлар мен Хорезм шахы Мұхамедтің күресінен кейін Испиджап (Сайрам) округі, Отырар оазисі Хорезм шаһы мемлекетінің құрамына кіреді. Бірақ, ибн - ал Аширдің айтуына қарағанда, маңғол шапқыншылығы кезінде Хорезм шаһы осы қалалардың тұрғындарын қуып, қалаларды бекініс жасаған. 16

1219-1292 жылдары Оңтүстік Қазақстанның қалалары монғол шапқыншыларының қолында қалады. Қалалардың көпшілігі қирады. Тұрғындардың бірталайы өлді, ал қолға түскендерін тұтқынға алды . . . Кейін 1265 жылы Жошы хан өлген соң Алтын Орда екі бөлікке, яғни Ақ Орда, Көк Орда деп бөлінді. Көк Орданың астанасы Сығанақ қаласы болды. Егер тарихи деректерге сүйенсек, онда кейінгі астана Сауран қаласына көшеді.

Монғолдар жаулап алғаннан кейін, 1221 жылы Шу өзеніне ағаштан көпір, Таласқа тас көпір құрыла бастаған және Испиджап (Сайрам) қаласы бұрынғысынан үлкен бай қалаға айналған деп жазады, сол кезде осы арадан кетіп бара жатқан қытай саяхатшысы Чан Чун. Ол қалалардың қайта өркендеуіне үлкен сауда жолында жатқандығы әсер етті.

ХІҮ ғасырдың 90 -шы жылдарында Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан территориясында жаңадан Темір мемлекеті үстемдік етті. Темірдің қол астына бұрынғы Алтын Орда қарайтын Оңтустік Қазақстанның жерлері түгел кірді.

Бірақ, Темір өлген соң оның немересі Ұлықбектің кезінде мемлекет әлсіреп кетті.

ХҮІ ғасырдың басында Қаратаудың маңындағы Шу мен Талас бойындағы қалалар Қасым ханның кезінде біріге бастады. 1579 жылы Сауран мен Түркістан қазақтарға қарады. Осы кезден бастап зерттеліп отырған Оңтүстік Қазақстанның аудандарында қазақ хандығының бірігуі басталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу
Қазақстанның орта ғасырлардағы қалалары мен қоныстары
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары. Ұлы Жiбек жолы
ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері мен басты көрсеткіштері, әлеуметтік даму жолдары
Көне түркі мәдениеті жайлы
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz