Темір империясы, оның Азиядағы саясаты


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Темір империясы, оның Азиядағы саясаты»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӘМІР ТЕМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ . . . 10

1. 1. Әмір Темірдің жастық шағы . . . 10

1. 2. Әмір Темірдің саяси билік кезеңі және жорықтары . . . 15

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘМІР ТЕМІРДІҢ

РОЛІ МЕН ОРНЫ . . . 25

2. 1. Әмір Темір - ірі мемлекет қайраткері . . . 25

2. 2. Орта Азия тарихындағы Әмір Темідің орны мен ролі . . . 31

3 ТЕМІРДІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ . . . 36

3. 1 Әмір Темір мемлекет және қоғам қайраткері . . . 36

3. 2 Әмір Темір- дара тұлға . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53

ПАЙДАЛАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56

КІРІСПЕ

Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы жазбаша және көптеген заттай дерекжерде мол. Жазбаша деректер негізінен екі жақты болып келеді, біріншіден, Темірдің тірі кезіндегі немесе ол қайтыс болғаннан кейінгі қызметі туралы шығармалар, ал екінші жағынан-мемуарлар-оны көрген адамдардың жазып қалдырған жазбалары. Деректер арасында ерекше маңыздыларының қатарына эпиграфиялық ескерткіштер құрылыстар мен өнер туындыларындағы жазулар, Тимурдың атымен тікелей байланысты жазулар. Әмір Темір туралы жазылған деректердің көптілігі сол адам туралы тек қана жақсы істерін көрсетуге арналған жақсы істерді қана баяндайтын шығармалар қатарына жатады. Әмір Темір туралы тарихнамалық шығамаларға көз жүгірте отырып оның өз жорықтары кезінде арнайы-жеке секретарларды/добиран-и хас/және оқыған көзі ашық адамдарды /фадилан-и аср/ ұстағандығын көрсетеді .

Өзінің жорықтарын жазып отыру үшін көбіне ұйғыр немесе парсы оқымыстыларын ұстағаны көрінеді, Темірдің патшалығының аяқ шегінде оқыған дабирлер қаламнан шыққан шығармалар пайда болған. Соңың ішіндегі ең ірісі жай күнделіктен шығармаға дейін көтерілген «Үнді еліне жорық күнделігі /Дневник индийского похода/» Гиясаддин Алидің /1/. Гияс аддин Алидің шығармасы В. В. Бартольд зерттеуі бойыныңа 12 наурыз 1403 ж. дейін жазылған. Онда себебі Темірдің немересі Муханмед Сұлтанды тірі кезінде сипаттай отырып және Темір таяу уақытта Египет пен Сирияны жаулап алуы мүмкін деген. Гияс аддин Алидің күнделігі бізге Темірдің өмірі мен қызметі туралы нақты деректер береді және оның толық саяси портретің жасауға мүмкіндік береді. Осы шығармалардың ішінде бізге келіп жеткен ең алғашқы еңбек «Зафар-Намә» / «Книга побед»/ Низам аддин Шамидің еңбегі. Ол бойыныңа Тимурдың өмірбаяны бойынша біз ол өз кезіндегі алдыңғы Азиядағы мұсылман елдерінің тарихын жақсы білген оқыған-тоқығаны көп адам ретінде суреттеледі. Темір өз қоластында үйде немесе жорық кезінде өзіне қажетті еңбектерді оқытатын жеке оқушылар-чтецтерді ұстаған, Әмір Темір түрік, парсы, тәжік тілдерін жақсы білген және өте қарапайым, түсінікті тілмен жазылған кітаптарды жақсы көрген. Нияз-аддин Шами шығармасы бізге келіп жеткен алғашқы еңбектердің бірі.

Әмір Темір туралы екінші ірі еңбектің қатарына Шереф аддин Али Иезди еңбегі Зафар-Иамәй /Книга побед/. Шереф аддин Али Иезди шығармасы Темір қайтыс болған соң жазылған 828 жылы/1424-1425жж/ жазылып біткен. Әмір Темір туралы жазбаша деректер қатарына дүниежүзілік тарих туралы еңбектер жазған ХҮғ. атақты тарихшыларның еңбегі де жатады: Хафиз Абру, Абд ар-Реззак Самарканди және Мирхонда. Хадизи Абру өз шығармасында Низам аддиннің шығашасын және түрік тілінде жазылған аты белгісіз еңбектегі Темір туралы деректерді қолданған. Сонымен қатар Темірдің сарайлық қызметіне қатысы жоқ, өз ойларын толық еркін жаза білген авторлардың да еңбегі бар. Осы деректер қатарына жататын ірі еңбек Темір туралы ірі тарихи еңбек араб тілінде құрастырылған Ибн Арабшахтың «Аджиб ал-мақдур фи жаваиб ал-Тимур» /Чудеса предопределения в событиях /жизни/ Тимура Ибн Арабшах-шығу тегі жағынан араб, Дамаскіде туған, 1388 жылы 12 жасында Темірге тұтқынға түсіп содан Самаркандқа әкетілген. Өзінің көргені мен басынан кешкенінің барлығын ол жазып отырған. Темірге ол өзінің неккөрінішті көзқарасын жасырмайды. Темірдің жорықтарына оның басып алушылық және тонаүшылық саясатына қарсы бола отырып, ол оның талантын, ақылдылығын, әскери ұйымдастырушылық қабілетіне таң қала отырып суреттейді. Ибн -Арабшахтың кітабы негізгі дерек ретінде жеке адамның бақылауының нәтинесімен оның естелігі ретінде есетеледі, яғни ол қазіргі Тимур туралы әңгімелер мен оның жорығына қатысқан адамдардың, оның патшалығы кезінде өмір сурген іс-әрекетіне күә болған адамдардың еңбектерінің қатарына жататын дерек.

Ибж Арабшах білімді адам болған, тұтқында бола отырып ол өте көп саяхат шеккен, Хорезмде, Астраханда, Сарайда, Крымда болған, парсі, монғол тілін үйренген, ал Адрианополъге, отаныңа келген соң түрік тілін үйренген. Ол өзі болған жерлердің тарихын оқып, жазып отырған.

Темір тарихы туралы ірі деректің қатарына Әмір Темірдің сарайына жіберілген Қастилия қоролі Генрих Ш елшісі Рюи Гонзалес де Клавихо жазбалары жатада. Елшілік Испаниядан 1403 жылы шығып, ал қайта 1406 жылы оралған. Самаркандта елшілік 1404 жылдың көбін

Клавихо Темірмен бірнеше рет кездеседі, оның серіктерімен әңгімелеседі, өзімен көп сөйлескен, Самарсандта және Темір мемлекетінің басқа да көптеген қалаларында болады. Бүкіл көргендері мен естігендерін ол күнделік ретінде жазып отырады. Осы екі автордың шығармалары, Темірді өз кездерімен көрген адамдардың еңбегі ретінде оның жас шағы мен балалық шағы туралы құнды дерекке жатады. Ол жеке авторлардың еңбегі.

Әмір Темірдің жастық шағы туралы деректер қатарына жататын орыс жылнамалары. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы русъ жылнамалық тарихнамасы ХIV-ХҮ жж. Алтын Ордадағы оқиғаларға, Орта Азиядағы саяси өмірге, яғни ХIV-ХҮжж. патша Темірдің іс-әрекетінен толы болды, сол арқылы Таяу Шығыс туралы тарихи-географиялық ойларын, білімін толықтырды /2/.

Әмір Темір кезіндегі тарихи кезең туралы саяси және мәдени ескерткіштер қатарына, материалдық мәдениеттің - нақты ескерткіші ретінде ролі зор тимурлық архитектура. Темір дәуіріне жататын құрылыстар, меніттер, мавзолейлер, сарайлар, кесенелер /қалалық және қаласыртындағы сарайлар/- Самаркандтағы, Шахрисябзедегі, Түркістандағы және тағы басқа жердегі ірі құрылыстар- құрылыстар салудағы жоғары шеберлікті, құрылысты әшекейлеу кезіндегі шеберлікпен нақтылықты /қиылған, ойылған, жазылған мозаиқалық өрнектеулер/, ол безендірудің мәнің, оның Мавераннахр және Темір бағындырған басқа мемлекеттердің мәдени мұрасынан көрініс берері сөзсіз, ол сол елдерден Орта Азияға әсіресе Самаркандқа көптеген шеберлерді әкелген. Әртүрлі сутретынілер мен түрлі саладағы ғалымдар өте көптеп әкелінген. Бұл құрылыста әсіресе ерекшілігі-ондағы көптеген құран сөздері мен күнделікті өмірге байланысты жазбалардың көптігі. Екіншісінен біз құрылыстың салынған уақыты, шебердің атмен кімнің салдырғаны туралы жазбалар белгілі бір композициялық шеберлікпен берілген. Осы жазбалар арқылы біз Тимурдың-Әмір Темірдің үкіметінің маңызын, оның атағын біле аламыз.

Әмір Темір кезеңінен көптеген өнер туындыларының ескерткіштері де сақталған, көбісі архитектурамен байланысты, мысалы, қиылған ағаш есіктер, қола шырақдандар, меніттегі ішкі қабырғалардарғы жазбалар, мавзолейдегі ішкі қабырғалардағы жазулар т. б. Осы барлық өнертуындыларының ескерткіштері біріншіден тұрғылықты жерлердегі салт-дәстүрді бейнелесе, екіншіден, көрші елдермен болған мәдени және саяси байланыстарды көрсетеді. Ерекше көңіл бөлетін естеліктер қоладан жасалған заттардағы жазулар. Ол заттарда Темір сырттан әкелген шеберлердің аттары мен өз белгілері ойылып жазылған, ол олардың еңбегін көрсетеді. Әр шебердің өзіне тән белгісі болғандығын көрсетеді.

ХIV ғасырдың 70-жылдарында Темірдің құрылыстарында сырттан әкелінген шетжерлік-шеберлер қызмет істеген. Көбі Ургенч, Исфаган, Тебр, Шираз, Бухара мен Қашқадарья жерінен келген шебелер болды. Әртүрлі мозаиқалар алғашында Иран мен Азербайднанда белгілі болды. Орта Азияда ол алғашында Хорезмде, ал сосын Мавераннахр қалаларында пайда болды. Оның ескерткіштері қатарына Тюрабек-Ханым мавзолейі Күня-Ургенчтегі Шахрисябзейдегі Ақ Сарайда, Самаркандтағы Тимур және тимуридтер кезіндегі ескерткішжердегі әртүрлі мозаиқалар жатады /3/.

ХIV-XV ғасырларда қабырғаларда салынған суреттердің ең жоғарғы өз даму шағына жеткен кезеңі-Орта Азиядағы көркем сурет өнерінің мәдениеттегі даму шегі. Сюжеттік бейнелеу өнері Самаркандтағы Темірдің атақты сарайларының барлығында безендіруде қолданылды. Қазіргі зертткүшілердің айтуы бойыныңа сол кездегі қабырғалардаға бейнелеу шығыс билеушісінің және оның сарайының өмірінің негізін суреттеген. Ол жерде оның Ирандағы, Дешті-Қыпшақ жеріндегі, Индиядағы шайқастары суреттелген, елшіліктерді, ғалымдарды, билеушілерді қабылдау кезі, әртүрлі мерекелік кештері. Сонымен қатар Темірдің және оның семья мүшелерінің портретері және оның қорынаған ортасының бейнелері көрсетіле отырып оның ішінде осының барлығының билеушісі әмирдің бейнесі ерекше суреттелген. Оның ортадағы беделі, оның сол қоғамдағы ерекше ролін, орнын нақты көрсетуге тырысқан суреттер.

Темір және Темір ұрпақтары дәуіріне жататын қабырғадағы суреттер /ХІV-XVжж/ сол кездегі өмірді бейнелеуде атақты XVІж. жататын « Больших французских хроник »/ ірі француз хроникасынан кем болмады. Бірақ көркемдеуі жағынан әртүрлі болды. Тимуридтер өнері бейнеленуі Орталық Шығыс елдерінің ғасырлар бойғы салт-санасына тікелей байланыста болды, жекелеген жерлерде ғана жаңалықтар енгізді. Темірде жұмыс істейтін суретшілер Ренессанс өнерімен Византиямен, Франциямен, Англиямен жасалған сауданың нәтижесінде білді, бірақ батыстың өнері олардың санасы мен сезімі арқылы етіп ал еңбектеріне із қалдырмады. Самаркандтағы қабырғадағы жазулар және оның архитектуралық ескерткіштері иран және басқада шеберлердің қатысуымен жасалды. ХIV-XV ғасырлардағы қабырғадағы жазуларға Орта Азиялық миниатюра көп әсер етті. Темір және оның ұрпақтары кезіндегі Самарканд шеберлері оған жергілікті халықтың өмірінен көрініс беріп отырды /4/.

Табиғатты суреттеу Самаркадтта тек ғана ХIVж. 80-жылдарында пайда болды. Темірдің көптеген жорықтары мен ондағы шетжерлік шеберлердің көптеп келуімен кейін, оған көп әсер еткен қытайдың Темокративтік өнер туындылары, сол жерлерден әкелінген шеберлер болды.

Өнер туындыларының келуі көптеген жағдайларда саясатпен байланыста болмайды. Монғолдардың үстемдігі кезінде Қиыр Шығыс өнерінің әсері Орталық Азия сурет өнерінде көрінбейді. ХIVж. аяғында, Темір армиясы Қытайға шабуылға даярланып жатқан кезде бұл жерде қытайдың ақ-көк фарфорына деген қызығушылық күшейді «кобалът» деген. Ол оның ұрпақтары кезінде қытаймен саяси және сауда қатынасы орнаған кезде де күшейді. Фарфорлық керамика ескерткіштері Темір дәуірінде Самаркандта, Ахсыкендте, Мервте, Нисада, Хазараспада және басқада көптеген қалаларда кездеседі. Темір дәуірінде және одан соң көк-ақ түспен қатар ашық көк түске қарадан безендіріп салынған керамиқалардағы бейнелер көптеп кездеседі.

Монғол дәуірінен кейінгі кезде /ХIV-XVжж. / - металдарды өнерде пайдалану көркемдеу жекелеген жерлерде пайда болса, Темур және оның ұрпақтары кезінде Ортағасырлық Шығысқа тән құбылыс ретінде барлық жерлерде пайдаланыла бастайды. Көркемдеуге қолданылатын металдар әуелі тек Мавераннахрда қолданылса кейін Темір басып алынған жерлерден келген иран және азербайднан шеберлері оның зақаздарын орындай бастады. Ясса-Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіндегі қоладан жасалған утварь жатады. Көптеген шеберлер Темірдің басып алынған жерлерінен келгендіктен өнер туындыларында олардың өз жерлеріндегі өнерді басқа елге апаруы заңды болды. Сондықтан да ХIV-XV ғасырлардағы өнер туындыларында әр елдің өнер мектебінің аз болса да әсері болға, ол Темір архитектуралық құрылысындағы өнер туындыларындағы әсемдіктен, ашық түстерден, сұлұлықтан көрініс алған. Ол ескерткіштер Темір кезіне жататын заттай деректердің маңызын ймағынасы мен көркемдігін, мәдени дамуын көрсететіні шындық.

Түрлі-түсті маталарды шығару Ортағасырлық Шығыста ХІV -XV ғасырларда таралды, әсіресе Темір және оның ұтпақтары дәуірінде Мавераннахрға әкелінген матаның әртүрін шығарушы шеберлер бұл жерде оның әрі дамуы үшін мүмкіндік алды, оның техниқалық және көркемдік жағын әрі дамытты. Басып алған жерлерден қажетті жұмыс күші мен шикізаттар әкелініп, мүмкіндік жасалды, дамытылды.

1 ӘМІР ТЕМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ

1. 1 Әмір Темірдің жастық шағы

Темір Сябзада, Кешке таяу жерде Трансаксония қаласының

жерінде 7 мамыр 1336 жылы туған. Ол туылғанда қолында жұмылған қолындағы қанмен туған, осындай жағдайды Шынғысханға да байланысты атқан /5/.

Оның әкесі Әмір Тарағай Жағатай облысының 21-ханы Қазанға тәуелді ұсақ княздардың бірі болған. Бала кезінде Темір өзі сияқты вельмож балаларының арасында тәрбие алып өседі. Ол жас кезінен бастап-ақ билік, басып алушылық, соғыс істері туралы айтқан, сол кезде оның бет пішіні өзгеріп өз жасына сай емес дауыс ырғағымен сөйлеген, ойнаған кездерінде ол жолдастарына әсер еткен, соғыс ойындарын жақсы көрген, достарына бұйыра, қарамағындағы тәуелді адамдар ретінде сөйлеген. Ойындары үнемі шайқастан тұрған.

Жас кезінен Темір атты жақсы көрген, ол атта жақсы отырған, садақтан жақсы атқан. Өз достары арасында беделді болған, ерте кезден бастап көсем-бастаушылық дарыны болған. Темірдің жас кезінен ақ барлас руынан шыққан өзі секілді достары оған келіп оның жекері болуға ниет еткен. Темірде, оның әкесі секілді жас кезінде тек үш-төрт жекер болған. Клавихо: «Ол өзінің төрт немесе бес жекерімен бітге көршілерінен бір күн қойын, екінші күні сиырларын алып кетіп отырған» -дейді. Біртіндеп жас Темір өзінің аз ғана атты әскерін құрады, жақсы қаруланған, феодалдық анархия кезінде көршілерінің жерінен тамақтық пайда үшін, немесе көпестердің керуендерін тонау үшін құрылған.

Жеке басының батылдығы, қолының ашықтығы, адам тандай білу қасиеті және өзіне көмекшілерді таңдаудағы шеберлігі, ерекше көрініп тұратын басқарушылық және көсем болуға лайық қасиеті оны Қашқадария даласындағы барластар арасынан өз ортасынан ерекшелеп тұрды. «Бірде түнде Темір қой отарына барымтаға барады, сол кезде сеистандықтар келіп оның артынан қуа отырып оның көптеген адамдарын өлтіреді, ал оны аттан құлатады, сөйтіп оның оң жақ аяғынан жаралайды, сонан ол ақсақ болып қалады, оң қолындағы екі кіші саусағынан да айырылады /6/. Сол кезден бастап Темірді-Тимурлен, яғни-Темір-ақсақ, ал европалық атау бойыныңа Тамерлан деп атай бастайды» /7/.

Ол жасы өскен сайын күшейіп, шымырланып ауыр істермен айналыса бастады: бірде қылышпен айналысса, енді бірде атпен жабайы аңдарға аңшылық құрды. 12 жасқа келгенде ол әскери қызметтке енеді, ал тарихта ол тек қана 25 жасында белгілі болды.

Жас кезінен түрік және тәжік тілдерін біле отырып он жас кезінен тек қана көшпелі өмірді қана емес, отырықшылық егіныңілік пен айналысатын ортамен де байланыста болды. Ол қала өмірімен де жақсы таныс болды, оған себеп Шахрисябзеге көп баруының арқасында, ол кезде оның билігі барлас бегі Жаджи Барлас қолында болды. Ол кезде мұсылмандар ортасында рухани өмірде мұсылман Шейхтері ерекше орын алды. Шахрисябзэде сол кезде шейх Шемс аддин Фахури ерекшеленді. Шемс аддин Темірдің әкесі Тарағайдың рухани ұстазы болды, ал Тарағай шейхтің баласына деген сүйіспеншілігін арттыруда мақсат етті. Темір ешқашан діни жағынан ерекшеленбеді, ол өзінің көптеген жетістіктерін шейх Шемс аддин Қулалдын дұғасынан деп түсінді.

Монғол ханы Токлуг-Темір 1360 жылы Мавераннахрге келгенде оған қарсы тұрып, билік үшін таласушыларды бір орталыққа біріктіретін билеуші болмады. Токлук -Темір Қашқадарияға дейін барды, ол жерге дейін ешқандай ірі қарсылыққа кездеспеді.

Қажы Барласта Қашқадариядағы ешқандай қарсылық көрсете алмады.

1361 жылы Токлуг-Темір Мавераннахрға шабуылын қайта бастады, осы бай елді өзіне толық бағындыру үшін. Бұл жолы да ол жолында ешқандай қарсылыққа кездеспеді. Қажы Барлас монғолдармен кездестуден қорқып Хорасанға қашып кетеді. Осы күндері Темір саяси аренаға шықты. Ол қазір Токлуг-Темірмен араздасу ешнәрсе бермейтінің түсініп оны мен қазір қызметтес болғанның жөндігін түсінді. Токлуг-Темір оның ұсынысын қабылдай отырып үйіне қайтар кезде Қашқадариядағы вилайеттің билеушісі етіп тағайындалды.

Сөйтіп Темір 25 жасында азғана, бірақ бай шуменнің басынысы болады, қашқан Хаджи Барластың орнына. 1361 жылы Темір Казаганның немересі әмір Xусейнмен жақындасады. Бірақ Темір монғол ханында қызметте көп болмайды. Токлуг-Темір өзінің ұлы Ильяс Ходжаны Мавераннахр билеушісі етіп жіберген кезде Темір оған қызмет етуден бас тартып одан байланысын үзіп өз алдына билік етіп кетеді. Бұл жағдай Темірді Хусейннің жақтауының нәтижесінде болды деген көзқараста бар. 1361-1365жж. екі эмир арасындағы қарым-қатынас ұлғайды.

Олардың арасындағы одақтастық туысқандық қатнаспен ұштасты: Хусейннің апасы Улджай Түрікан-ана Темірдің сүйікті әйеліне айналады. Осы жылдары екі әмір Мавераннахрдағы ірі күшке айналды. Бірақ олар өздерінің одағын жеке бастарының мүддесі үшін пайдаланды, көбінесе байлықтың молаюы үшін басып алу, жаулау, тартып алу саясаттарын жүргізді.

Токлуг-Темір қайтыс болған соң Мавераннахрдан қуылған Ильяс Ходжа қайтадан Мавераннахрға шабуыл жасауға даярланды. Хусейн мен Темір армия жинақтады. Тарихқа «грязевой битвы» / /Балшықты ұрыс / деген атпен енген бұл шайқас Чиназ бен Ташкент арасында болды. Ұрыс кезінде қатты жауын болып жабысқақ балшық болып тайғақтан аттар құлады. Темір мен Хусейн жеңіліп екі эмирде ұрыс алаңын тастап қалған әскермен Самаркандқа, сосын оңтүстікке Амударияға қарай түсіп Балх облысының жеріне келіп тығылды, екі билеушінің мұндай әрекеті жаудың Самаркандқа жолын ашып берді. Самарканд ол кезде не қорғаныс қабырғас, не цитаделі жоқ жаудан қорғанатын жері жоқ қала болды. Хусейн онда не горнизон, не әскери басқарушылық қалдырмады.

Ежелгі қала тұрғындары басқарусыз, қорғансыз қалып, жеңімпаз Ильяс Ходжаның тонауына қалдырылды. Қалада осы кезде азғана сербедарлар тобы болды. Бұл дәуірде Солтүстік Шығыс Иран жерінде сербедарлық өте кең тараған еді, ал көбіне Хорасан мен Мавераннахрда. Бұл сол кезде өз алдына ерекше мақсат, туған жерін монғолдар езгісінен босатуды мақсат еткен ағым болды. Сербедарлар қаладағы демократиялық топтардың қолдауына ие болды, әсіресе қолөнершілер мен оқушы жастар, дүкен қызметкерлері, ал қала сыртында шаруалар және орта жериелері қолдады. Тек қана феодалдық аристократия, мұсылман дін иелері ғана және ірі көпестер монғолдардың тәртібін жақтап, сербедарлыққа қарсы болды. Бірақ феодалдық аристократия ішінде әсіресе жас оқыған жастар арасында сербедарларды қолдады. Сербедар-ілінетін ағаш, яғни монғолдардың алдына арқанды төсегенде, оданда ағашқа асы лып өлгеніміз артық деді /8/. Сербедарлар ішіндеде сол жақ қанатты ағым болды. Олар қаладағы және селодағы бұхара халықтың жағдайын түзетуді армандады.

Ильяс Ходжаның монғол армиясын Самаркандтқа жақын қалғанын қала тұрғындары естіген кезде онда толқу пайда болды. Сербедарлар монғол күшіне қарсы тұруға шақырды. Халықтың қолдауына сүйенген сербедарлар Маулен Задә мен Абу Бекренің басынылығымен самаркандтық қолөнершілерге сүйене отырып өздерінің туған қаласын қорғауға даярланды. Бұл міндет өте ауыр болды: Самаркандта не қабырға, не цитадель болмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір Темір жорықтары
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Түркия мемлекеті туралы
Әмір Темір мұрасы
“xvii-xix ғ.ғ. орыс-қытай қатынастары”
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Дүние жүзілік территориялық бөлісудің аяқталуы
Әмір темір және оның мемлекеті
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz