Түркиядағы ХХ ғ. басындағы революциялық қозғалыс


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Түркиядағы хх ғ. басындағы революциялық қозғалыс»

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3-7

І-тарау: Жас түріктер революциясының әлеуметтік- экономикалық,

саяси алғы шарттары . . . 8-23

1. 1. Түркиядағы XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезіндегі

әлеуметтік-экономикалық жағдай . . . 8-14

  1. Революцияның алғашқы күндері . . . 15-23

ІІ-тарау: Революциялық өрлеу кезеңі . . . 24-32

Ш-тарау: Революцияның екінші кезеңі …… . . . 30-44

  1. 31-наурыз 1909 жылғы контрреволюциялық бүлік . . . 30-37
  2. Революцияның екінші кезеңі . . . 38-44

Қорытынды . . . 45-49

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . 50-51

КІРІСПЕ

Турция тарихына бұл революция жас түріктер революциясы деген атпен енді. Ол феодалдық монархиялық тәртіпті құлатып елде конституциялық тәртіпті қайта орнатты.

Турциядағы буржуазиялық револкшия сол кездегі Азиядағы көптеген революциялардың туына алып келді. Бұл революцияға Ресейдегі орыс революциясы ыкпал етті. Жас түріктер революциясы Турция тарихының дамуындағы жаңа кезеңге буржуазиялық демократиялык күрес кезеңіне жол ашты.

Түрік танушы ғалымдар Туркия тарихы туралы көптеген енбектер жариялады, соның біразы жас түріктер революциясына арналған ғылыми енбектер, статьялар мен монографиялар болды.

Жас түріктер революциясының тарихын зерттеушілер 1908-1918жж. аралығын жеке алып карайды. Бұл он жыл ішінде ел тарихында жүз жылдада болмаған көптеген ірі өзгерістер болды турция тарихында бұрын болмаған бірініш буржуазиялық революция, деспоттық билікті күлатып, буржуазиялық монархиялық басқару жүйесін еңгізу, ел төрт соғыска қатысты, триполитан, екі балкан және бірінші дүние жүзілік соғыс.

1908-1918 жж. . аралығында Түрцияда он төрт үкімет ауысты, үш рет ішкі саяси күрес үстінде парламент сайлауы өткізілді. Панисламизм орнынаенді пантуркизм идеясы кеңінен тарады.

Осы кезеннің акыры жастүріктер тәртібінің қулауы жэне көп ғасырлық Осман империясынын құлауымен аякталды.

Жас түріктер тарихи аренаға буржуазиялык революционерлер ретінде шыкты. бірак үкімет билігін колдарына алған сон шовинистік көзкарасты жактады.

1918 жылы Осман империясы соғыстан женіліп, әлсіреп жеңуші жак Антантаға тоуелді болды. Англия, Франция, Италия және Греция Турцияның бұрынғы билік еткен территорияларын ғана басып алмай оның өз территориясына да басып кірді. Осы кезде Турцияның саяси тәуелсіздігін сақтап калуды мақсат еткен жаңа саяси күш, елдің тәуелсіздігін сақтаушылар саяси аренаға шықты.

Турция тарихында жас түріктер революциясы туралы тарихнамалық зерттеулер өте көп. Бұл туралы тарихи деректер негізінен орыс, болгар, түрік архивінің документтері, Ресей сырткы істері жөніндегі архив мәліметтері Дурцияның Европалык бөлігіндегі он консульдық және вице консульдар, ал азиаттық бөлікте отыздайы жұмыс істеген. Осы консульдардың жазбаларынан 1905-1910 жж. аралығындағы Европалык Турция туралы ғана емес Анатолия жеріндегі оқиғаларды көріп, сипаттауға болады. Жас түріктер революциясы туралы көптеген материалдар Ресейде шыккан «Красный архив» деген журналда жарияланған. 1 Келесі документгер катарына Ресейдің дипломатиялық елшіліктері туралы жарияланған материалдар жатады. 2 Сонымен катар және Англия, Франция, Германия, Австрия, Венгрия және Болгария дипломаттарының жазба деректері жатады. 3

Турциядағы бірінші буржуазиялык революция елде деспоттық феодалдық тәртіпті жойып конституциялық билікті орнатты. Турция тарихына ол жастүріктер революциясы деген атпен енді.

Жас түріктер революциясы сол кезде болып жаткан басқа да революциялық қозғалыстар негізінде, оның Азия жеріндегі Шығыс халықтарына әсері негізінде пайда болды.

Жас түріктер революциясы өзінің жоғарғы тап өкілдерінің мүддесін көздегеніне қарамастан Турцияның дамуында жаңа кезеңге негіз салды, буржуазиялық демократиялық күреске жол ашып берді.

Революция нәтижесінде үкімет басына келген жас түріктер империализмге қарсы, феодализмге қарсы барлық койған талап максаттарын шеше алмады.

Революциядан кейінде Турция жартылай феодалдық, жартылай отар ел болып калды. Бірақ жас түріктер революциясы елде баяу болсада өндіргіш күштердің дамуын тудырып капиталистік катнастардың пайда болуына негіз салды. Ол 1918-1923жж. кемалдык революцияға негіз салды.

Жас түріктер революциясы саяси аренада ірі импералистік державалардың арасындағы күресі таласы үстінде жүрді. Революцияға бүкіл ірі державалар көніл койды, олардың таяу шығыстағы халықаралық катынасын өзгертті. Онын өзіне көп көңіл аударған сол революция кезінде, одан кейін де ол туралы Англия, Франция, Германия және Ресейде көптеген статьялар мен кітаптар жазды.

Бірақ революция туралы пікір талас түрік ғылыми және көркем әдебиетінде әлі күнге дейін тоқталған жок.

Жас түріктер революциясы туралы монографиялык еңбектерде оның хронологиялык шеңбері туралы екі түрлі көзкарас бар, оның бірі революция 1908 жылы болды десе, яғни Турциядағы конституцияның қайта қалпына келгені (1876) туралы айтады. екінші топ 1908-1909жж. айтады. Екінші көзкарасты дұрыс деп айтуға болады. Себебі конституция қалпына келген соң елде қос үкімет билігі пайда болып өтпелі кезеңге әкелді, тек үкімет билігі бірінщ қолынан екіншіге өткен соң талқандаған соң жастүріктер үкімет құрамына еңді және өз қолдарына бүкіл билікті алды. Осылар толык революциянын аяқталғаның көрсетті.

Жас түріктер туралы, революция сипаты мен қозғаушы күші туралы өте көп. Бірақ олардың арасында қарама кайшылықтар да кездеседі.

Турцияда жас түріктер революциясы туралы азғана материалдар жарияланған.

1956 жылы архив документтеріне негізделіп жарық көрген түрік тарихшысы И. Х. Узунчаршылы еңбегі «Тюрк тарих құрушы. Беллетен» (Бюллетень турецкого исторического обшества) журналында жарық көрді. Бірақ қырықыншы жылдардан бастап көптеген тарихи документтер ғылыми айналымға түсті. Оны зерттеген тарихшылар қатарына А. Б. Куран, Т. Туная және Унат еңбектерін жатқызуға болады.

Жас түріктер революциясы туралы құнды деректер қатарына оған қатысқан адамдардың және жас түріктер қозғалысының көрнекті кайраткерлерінің мемуарларын жаткызуға болады. Олар Ахмед Рефин, Ахмед Джевад, Ахмед Ниязи, Ибрагим Темо, Талаат паша, Джемаль паша, Кязыма Карабекир және тағы басқалар, сонымен бірге сұлтан Абдул Хамит және онын жактаушыларьқбатыс европалық және орыс авторларының еңбектері (А. Тырнова, У. Рамзея) . 4.

Жас түріктер революциясы туралы сол кездегі Ресей. Турция, Англия. Германия, Австро-Венгрия, Франция жөн Болгариядағы баспасөз беттерінен көп алуға болады. Олар әсіресе «Работническа искра», »Конституционная заря», »Единство», »Народная воля» сол кезеңдегі революциялық баспасөз құралдары.

Ол журналдардың беттерінде Турциядағы революциялық қозғалыстың алғашқы кезеңдері көп сипатталды, жас түріктер қызметі сыналды, әртүрлі документтер жарияланды, жас түріктер революциясына байланысты.

Жас түріктер революциясының тарихын зерттеуде түрік тарихшылары

А. Б. Куран, Ю. Х. Баюр, Э-Э. Карал, Т. З. Туная, Ф. Р. Унат., С. А. Ахшин және тағы басқалар көп енбек сіңірді. Олардың еңбектерінде нақты документтер мен деректер жинағы мол.

Елуінші жылдардан бастап кеңес тарихшыларыда ұлт азаттық күрес тарихына ерекше көңіл бөлді. Кеңес тарихшылары И. С. Галкин, Ю. А. Писарев, И. Г. Санкевич, М. С. Лазарев және В. Б. Луикий жастүріктер қозғалысының басқа да езілген халықтар көтерлісімен байланысын ашып берді. Осман империясының құрамында болған феодалдық езгідегі Македония, Албания, курдтар және арабтармен байланысын көрсетті. 5

І - Тарау

ЖАС ТҮРІКТЕР РЕВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1. 1. Турциядағы XIX ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік жағдай

XX ғасырдың басында Осман империясы артта калған, баяу дамыған, жартылай тәуелді мемлекет болды. Бұл көп ұлтты мемлекет еді, онда әртүрлі діндегі, экономикасы әртүрлі сатыда дамыған халықтар өмір сүрді, оның ішінде билік басында болған түріктер өзінің даму сатысы жағынан балкан халықтарынан артта калды. Елде феодалдық құрылыс дағдарыска үшырады. Турцияда капиталистік катнаска өту өте баяу, киын жағдайда жүрді, ол енді жартылай дамыған импералистік елдердің отарына айналды.

XIX ғасырдың 3-ші жартысында Турция дүниежүзілік капиталистік рынокқа өте бастады, соған байланысты экономика дами бастады, бірақ елдегі капитализмнің даму генезисі ішкі және сыртқы факторлар әсерінен тежеліп отырды. Ішкі себептер қатарына елдегі Абдул Хамиттің катал тәртібін алуға болады, онда бүкіл феодалдық және ұлттық езу тәртібі сақталды.

Осман империясы Шығыстағы басқада елдер секілді өндірушінің мемлекеттік-заңдық нормаларын сақтамады, онын жеке бас бостандығын корғамады.

Сыртқы себеп болған импералистік елдердің отарлау саясаты, олар Турцияның экономикалық және саяси дамуын тежеді, елде феодалдық тәртіпті сақтай отырып оны жартылай отар елге айналдырды, батыс европалык державалар Турцияны өз мүддесі үшін колданды. Олар Абдул Хамиттік тәртіптің сақталуын жақтап, оған колдау көрсетіп отырды.

XX ғасырдың оас кезінде Осман империясының негізі болып олі ауылшаруашылығы есептелді, ол өте төмен дорежеде дамыды. Оның артта калуының басты себебі феодалдық-помещиктік жериелену формасы, шаруаларды езудің жартылай феодалдық әдістері, алым-салық түрлерінің көптігі басты өнімдей алынатын салық түскен өнімнің оннан бір бөлігі. Осының барлығы деревнядағы артта қалушылықты тудырды.

Турциядағы жоғарғы жер иесі мемлекет болды. Осман империясындағы барлық жерлері төмендегідей бөлінді-мюльк (жекеменшік), мири (мемлекеттік), вакф (мешітжері), метруке (жаппай колданылатын жер) және меват(бос жерлер) 6. Х1Х. ғасырдың аяғында мемлекеттік жерден гөрі жеке меншік жер көлемі өсті. 7 Ол әсіресе Европалық Турцияда тез дами бастады. Кеңес шығыстанушысы О. Г. Инджикян дерегі бойынша ХІХ ғасырда Балкан жерінде чифтиликтер(помещиктер жерлері) саны өсіп шаруашылықтың негізгі түріне айналды. 8

Өз алдына жеке шаруашылық жүргізетін жері бар шаруалар тек таулар мен далалык жерлерде, сусыз-нусыз жерлерде алыс аймакта ғана сақталған. Ірі чифтиликтер Азияттық Турция жерінде де пайда болды. Онда тіпті жекелеген феодалдардың иелігінде жиырма мың га. жерге дейін болды. 9 Мысалы Стамбул-банкирі Зарифтің Бағдат вилайетінде мемлекеттен сатып алған 50 мың. га. егіндік жері болды.

Ірі жериеленушілік Оңтүстік және Оңтүстік Батыс Анадолу жерінде болды. Жоғарғы рента және алым-салықтар ірі капиталистік шаруашылықтың дамуын тежеді. Жердің ірі жериеленушілердің қолына өтуі шаруаларды жерден айыру және олардың қайыршылануына алып келді.

Ауылшаруашылығында жекеменшіктің дамуы капиталистік катнастын дамуының алғы шарты болды. Капиталитік катынастардың тез дамуы ірі калалар мен теніз жағалауындағы аудандарда болды. Турциядада басқа шет елдері секілді жерді өңдеу ұсақталды.

Ірі феодалдар өз жерлерін қолдану үшін аренаға берді. Шаруаларды қолданудың негізгі түрі издольщина (ортанджыкылык) болды. Ол әсіресе Кіші Азияда тез тарады. Шаруа жартылай феодалға тәуелді болған соң, жерді өңдеуге инетті болмады. Сұлтан чиновниктері оларға үнемі қысым көрсетті. Сондықтан шаруа жерлерін тастай салып малмен айналысты, немесе батрак болып жалданды. 10

Шаруаға салынатын салық өте ауыр болды, ол феодалдық сипат алды. Мемлекеттік алым-салықтың алтауы шаруаға түсті. Шаруалар төмендегідей алм-салықтарды заттай төледі ашар, эмлак (жер салығы), ұсақ мал салығы (агнам-ресми) басқа істеріне алым төлеу (теметтю) т. б. Сонымен катар басқа да көптеген жұмыстар аткарды. Шаруа үшін ең ауыр салық ашар болды. ХІХ ғасырдың аяғында қабылданған заң бойынша тускен астықтың онекіде бірі алынды. Ол ондық болудан қалды. Бір пайыз жер банкісі үшін, 0, 5 пайызы халыққа білім беру үшін, 0, 6-армияны жабдықтау үшін алынды. 11 Ашар бау-бакша мен виноградтан да алынды. Оны алү үшін салықты алуды үнемі қайталап, тіпті шаруалар түскен өнімнің 30-40 пайызына дейін беруіне тура келді. Ашар өнімдей және акшадай алынды, астықтың акшасын жинаушының өзі койып отырды. Чиновниктер алым-салықты егін пісіп бітісімен саудаға түспей тұрып жинап алды.

Басқа алымдар да өте ауыр болды, агнам-ресми жинау кезінде (май мен сыр) өнімдей де жиды, жериесі ушін. Қой мен ешкі үшін алынатын салық 15 пайызға жетті. Заң бойынша шаруа жан басы салығынан босатылған мен оны күшпен төлеттірді.

Жол салығыда болды. Ол үшін шаруа 4 күн тегін жұмыс істеуі
керек, немесе 16 пиастр берді, шаруалардан акшаны да алып тегін
жұмыстар істетті.

Накты алым-салықпен қоса шаруалар қосымша салықтар да төледі. -жерді сатканы үшін (фераг), мал сатканы үшін (ихтисаб), астық сатканы үшін (киле-парасы), мүлік сатқаны үшін (танзимат -варгиси) т. б. Қосымша салықтар ішінде мемлекет казынасына түсіп отырған баж салығына (таможный) ерекше тоқтапсак. Бұл салық заттай немесе акшадай алынды. Мемлекет казынасына түсетін салықтар ішіндеп ашардан кейінгі ең ірі салық болды. Христиандар жоғарыда көрсетілген алым-салықтан басқа оларды әскери міндеттен босататын салық төледі (бедел-иаскери) . Ол барлық христиан ер азаматтарынан 15 пен 60 жас арасынан жиналды (діни атағы бар адамдардан басқа) ерекше адамдар жиды, өзіне жалпы жиналған ақшаның 2, 5-10 пайызына дейін қалдырды, әркез оны өсіріп отырды.

Үстемдік етуші жериелері жер салығын жылдан жылға үлғайтып отырды. Алым-салық төлеудің белгіленген мерзімі болмады, Стамбулдан нұсқау қалай келсе сол кезде жиып отырды. Шаруалар алым төлеуден қашып, жерлерін, үйлерін тастап басқа деревняларғадауларға кетіп калды. 12 Алым-салық мөлшерінің үнемі өсуі ауылшаруашылығының нашарлауына және шаруалардың әлеуметтік жағдайының шиеленісуіне әкелді. Алым жинаушылар салықты жер өнімінен заттай алды, егер ол өнімге сұраныс болмаса онда акшадай алды. 13 Помещиктер шаруаларды қанау үстіне қанай түсті. Шаруалар олардан карызға бірнеше есеге өнім алып отырды.

Осман империясында мемлекет капиталистік қатынастардың дамуын тежеді. Капитапистік қатнастардың дамуы үшін ешқандай мүмкіндік жасамады.

XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың бас кезінде
ауылшаруашылығы дүниежүзілік капиталистік рынокка тартыла
бастады, әсіресе темір жол бойына орналасқан жерлерде. Енді сұранысына
байланысты техникалық дақылдар, темекі өсірді. Изюм мен инжир көп
өсірідді. 1904 жылы-36 мың тонна болса, ал 1913 жылы-69 мың т. жетті, ал
инжир-18 мыңнан -32 мыңға дейін өсті. 14 Бірақ барлық техникалык жэне
бау-бакша өнімдері шетелге тасылып, енді Турция ауылшаруашылығын
шетел рыногына тәуелді етті.

XX ғасырдың басында Анадолу жерінде техникалық дақылдар мен
саудаға астық өндіруші ірі жериелері пайда болды. 15 Ауылшаруашылығының мамандарына байланысты капиталистік
катынастар туа бастады. Енді елде кулактардың ролі өсе түсті, енді ішкі
сауданы дамыту үшін тиімді жағдай жасауды қолға ала бастады.

Тауар-ақша катнасының тууы елдегі таптык. жіктелісті тездетті. Жер қолында акшасы, билері барларға өтті, жері жоқ шаруалар саны өсті. Енді олар ірі өнеркәсіптерге жалданып жұмыс істей бастады. Мысалы, ХХ ғасырдың бас кезінде Адан мақта ауданында өнім жинау кезінде 50 мыннан -70 мыңға дейін жұмысшылар жалдайды. Брак тегін батрахтар енбегі көп колданылды, оларға аңы өте төмен төленді. Түрік шаруалары өздерін жұмыс күші ретінде сатты. 16

Турцияда өнеркәсіп өте төмен, баяу демыды, кустарлық жартылай кустарлық сипатта болды. Фабрика саны өте аз болды. Түрік кәсіпкелері ө з ақшаларын өнеркәсіптті дамытуға салмады, себебі ол шетел өнеркәсібіне қарсы тура алмады. Жердін байлығын зертгеу, фабрика-завотар салу үшін рұқсатты тек сұлтан ғана берді. Ол үшін өте көп сатыдан өту кажет және көо акша керек болды. Сауда Министрлігінің есебі бойынша 1910 жылы Турцияда 1047 ғана өнеркәсіп болса, азық-түлікте-577, тігін-996, тау-кең-82, ағаш өңдеу-94, керамика-43, тері өңдеу-32 және химиялык-23. Турцияның өнеркәсібіне сипаттама бере отырып И. И. Голобородко былай деген» Фабриканың орнына елде әлі де алғашкы машиналар мен кол енбегіне негізделген мануфактуралар толы, одан Европа 100 жыл бұрын құтылып үлгерген еді.

Ұсақ тауар өңдәру өнеркәсібінен кілем тоқу (Измир, Анкара, Бурс және Сиваста), жібек өңдіру (Бурс, Дамаск, Бейрут), үй ыдыстарын жасау, кару жасау (Дамаск, Эрзурум, Сивас, Албанияда) зергерлік өнеркәсібі Македонияда дамыды. ХІХ ғ. 30 жылдарына карағанда XIX ғ. 90 жылдарында кілем тоқу 3-тен 25-ке дейін өсті. (7есеге дейін) . 17

Өнеркәсіптердің дамуына жаксы жол мен ішкі рыноктың нашар дамуы кері әсер етті. Ішкі рыноктың дамуына пощлина салығы бөгет бголды. Ол тауардын 12 пайызын күрады. Тіпті 30 пайызға дейін болды.

Мысалы Бурстан Стамбулға апарылған астыққа 3 пайыз салық салса, одан алынған үнға тағыда тағыда 8 пайыз салық салды.

Капиталистік қатынастардың дамуын тежеген басты күш-феодалдық калдықтар, капиталистік өндіргіш күштердің калыптаспауы, өнеркәсіптің дамымауы болды. Турцияның осындай экономикалық артта калуы батыс европалық державалар үшін қолайлы еді, олар ны шикізат алатын жартылай тәуелді ел ретінде үстауды максат етті, өзіне ауылшаруашылык өнімдерін беруші және өнеркәсібі үшін шикізат беруші ретінде үстауды мақсат етті. 18

XX ғасырдың басында Турцияда барлық халықшаруашылығында шетел капиталы шешуші орында болды. Олар елде займ беру, банк ашу, өз ыкпалын саяси аренада жүргізуге көшті. Банк аркылы батыс европалык державалар елдің бүкіл финансын өз колдарына алды. Алғашкыда француз капиталы билік етті, елде шетелдік төмендегідей банктер болды» Имперский Оттомонский банк (ағылшын-француз), Солоникский (француз-австрия), Мюнккредитбанк, Генералбанк (француз), сыртқы сауда үшін Франк-азиятбанк, коммерциялық италянбанкісі, немісбанкісі, Турция ұлттық банкісі (ағылшындардікі), орысбанкісі сырткы сауда үшін. 19

1. 2. Революцияның алғашқы күндері.

Жас түріктер революциясының XIX ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың бас кезінде түрік қоғамының әлеуметтік-экономикалык және саяси дамуын тездетті. Париж конгресі қабылдаған күннен үш ай бұрын басталуға революцияға әсер еткен екі жағдай-империяның европалық бөлігінде сұлтан үкіметінің ұлт-азаттық қозғалыска қарсы жазалау саясатының күшеюі және Осман империясының дүниежүзілік жағдайының нашарлауы, Турцияның ішкі ісіне империялистік державалардың қарумен араласу каупінің күшеюі.

1908 жылдың мартынан бастап Македония және Анатолии жерлерінде үгіт-насихат, ұйымдастыру жұмыстары күшейтілді. Барлық Македония жерінде қүпия жиналыстар болып онда революциялық мәселелер талкыланды. 20

Жас түріктердің Македония жеріндегі қозғалысына бөгет жасау үшін сұлтан өзінің сенімді агенттерін-тыншыларын жіберді, Стамбулдан күшті саяси күш қосымша әкелінді. Сұлтан үкімті революция басталмай оны ұясында басып тастауға ұмтылды. Майдың ортасында комендант Солоник, Абдул Хамитпен жакын қарым-катнасы аркылы белгілі адам, полковник Назым-бей жастүріктерді жаппай тұтқындау туралы бүйырады. Абдул Хамит тез Солоникиге ерекше уәкілдік беріп 5 адамнан тұратын ерекше комиссия жіберёді. Оны Исмаил Махир-паша басқарады. 21

Ол туралы Э. Найт өз зерттеулерінде «Бұл комиссияның Солоникиге келуі», «Иттихад ве-теракки» комитетімен жас офицерлерді үрейлендірді.

Олар өз жағдайларын жан-жақты қарастыра отырып, тез арада карулы көтерліске шығу туралы шешім қабылдайды, жанадан тұтқындау көп шығын әкелмей отырғанда. 22

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осман империясы және капиталистік батыстың экспансиясы, этатизмнің қайнар көздері
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Революция және Жастүріктердің билік басына келуі
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
Түркия Республикасында жарық көрген түрікшілдердің еңбектері
Ұлы Морав мемлекеті
«шығыс мәселесі»
САДРИ МАҚСУДИ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ КҮРЕС ЖОЛЫ
Ахмет Байтұрсынов - XX ғасырдың ұлы реформаторы
Түркия журналистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz