Уистон Черчилльдің қоғамдық саяси өмірі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Уистон Черчилльдің қоғамдық саяси өмірі
Жоспар
Кіріспе
І Тарау. ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы У. Черчилль басқарған Ұлыбритания үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
1. 1. У. Черчилль - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері
1. 2. У. Черчилль - антифиналистік идеяның қызу қолдаушысы
ІІ Тарау. У. Черчиллдің қоғамдық саяси өмірі
2. 1. У. Черчилль үкіметінің фашизмге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысуы.
2. 2. У. Черчилль - «Қырғи-қабақ» соғыстың негізін қалаушы әрі қолдаушысы
2. 3. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Черчилль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
Қорытынды
Сілтемелер тізімі мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұмсытың өзектілігі. Ұлыбритания үкіметінің кабинетін екі рет басқарған Уинстон Черчилльдің саяси үкіметі қоғамның бет пердесі және адамзаттың дамуына көп үлес қосқандағы көпшілігімізге мәлім. Әлем тарихын қайта сараптап қарау кезеңінде ағылшын ұлтының біртуар зиялысына дұрыс баға беру біздің міндетіміз. Көрнекті қоғам қайраткерінің қызметі арқылы Ұлыбритания мемлекетінің ішіндегі күрделі мәселелердің, халықтың саяси, экономикалық, мәдени дамуының сапасы мен деңгейінің көрсеткіші ретінде аламыз. Дипломдық жұмыстың негізгі мәселесі -Ұлябританиядан шығып, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың деңгейіне әсер еткен Уинстон Черчилльдің Англияға, ағылшын ұлтына қосқан үлесіне кеңінен тоқтату.
Сондай-ақ қарастырылып, отырған зерттеу жұмысының өзекті проблемаларына жаһандық соғыс жылдарындағы және одан кейінгі кезеңдерде де Черчиллььдердің жүргізген сыртқұы саясатының басымдылық тұстары да жатады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Ұлыбритания тарихында маңызды орын алатын көрнекті мемлекет қайраткері Уинстан Черчилльдің екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі және соғытан кейінгі саяси қызметін жаңаша тарихи методология арқылы арқылы айқындап ашып көрсету.
Жұмыстың негізгі мәселесі ХХ ғасырдың ең әйгілі саясаткерлерінің бірі - Уинстон Черчилльдің пратиялық, мемелекеттік, халықаралық саяси қызметтерін зерттеу болатын жұмыстың мәнін ашу үшін мынадай міндеттер қойылды:
-Ұлыбритания премьер-министрі Черчилльдің өмір жолы мен саяси карьерасына тоқталу;
- У. Черчилль басқарған тұстағы Ұлыбритания саяси және әлеуметтік -экономикалық жағдайын ашу;
- Ағылшын зиялысының консерваторлар үкміетінің тірегніне айналуын баяндау;
Уинтстон Черчилльдің ағылшын тарихинда алатын орнын ашып көресту,
Ұлыбритания үкіметінің Уинстон Черчилль басқарған тұстағы сыртқы саясатындағы жетістіктерін айқындау.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Адамзат тарихының ең көрнекті өкілі туралы ғалымдар аз қалам тартпаған, қарастырып отырған жұмыс өте күрделі, әрі өте қызықты. Сондықтан да бұндай тұстар көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне алғышарт жасаған. Зерттеу жұмысымды жазуда Черчилльдің өмірі мен саясаты жайлы ізденіп, зерттеген тарихшы ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. Атап айтқанда, В. Г. Трухановскийдің «Уинстон Черичильь кітабын, Е. Ф. Левиннің «Черчилль Бурная жизнь» атты еңбегін «Афоризмы Черчилля» кітабын т. с. с ғылыми кітаптарды, мерзімді баспа сөз беттері мен интернет материалдарын пайдаландым.
Жұмыста қолданылған әдістер; дипломдық жұмысты жазу барысында тарихи даму заңдылығымен объективті жағдайларға байланысты салыстырмалы сәйкестендіру, кезеңдендіру, талдау, саралау және т. б. әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Сонымен қатар зерттеу жұмысының ең өзекті әдіс-тәсілінің бірі ретінде кітапханалық каталогпен жұмыс жасау жатады.
Жұмыстың хронологиялық шеңберу. Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері 1874 жылы Черчилльдің өмірге келгенінен бастап, 1965 жылғы қайтыс болған кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Осы кезең ішінде Уинстон Черчилльдің өмірі мен қоғамдық саяси қызметі қалыптасқан. Сондықтан да осы тақырыпқа ғылыми зерттеу жасап, мүмкіндігінше жұмыстың сипаты мен мақсатын ашуға тырыстым.
Жұмыстың зеттеу объектісі. Уинстон Спенсер Черчилльдің өмірі мен соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі атқарған саяси қызметі және тарихта алатын орны.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, сілтеме және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан құралады. Жұмыстың жалпы көлемі . . . бет.
І Тарау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Уинстон Черчилль басқарған үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
1. 1. Уинстон Черчилль көрнекті мемелекет және «Мемлекет қайраткерінің жай қарапайым саясаткердің, айырмашылығы, саясаткер алдағы сайлау туралы бас қатырса, мемлекет қайраткері - елдің келешегі үшін бас қатырады. (У. Черчилль)
Уинстон Леонард Спенсер Черчилль -ағылшын тарихында өзіндік орны мен терең із қалдырған саяси қайраткерлердің бірегейі. Ұзақ жылдар бойы Уинстон Черчилльдің саяси қарсыластары «Әр дайым асығып жүретін жас адам» деп сипаттайтын шындығында да, бұл теңеулер Черчилльдің саяси және мемлекеттік қызметтеріне ғана емес, тіпті оның өмірге асығып келгенінен байланысты айтатын. Ол расында да мерзімінен екі ай бұрын келген болатын.
Думанды кештерді сүйгіш оның анасы 1874 жылы 30 қараша күні Бленхейм сарайында герцог Мальборо ұйымдастырған бал кешіне қатысты. Кештің ортасына қарай Черчилль ханым өзін жайсыз сезініп, мұның соңы босануға ұласты. Осындай керемет сәт кезінде дүниеге Уинстон Черчилль келді. Нәресте өмірге ерте келгеніне қарамастан өте беймаз болды. Ол сарай маңындағылардың мазасын алды. Жылаған үнімен сан-сақа жүгіртті. Тіпті мұны байқаған герцогина Мальборо: Мен өмірге аз бала әкелмедім, бәрінің даусы керемет, күнделікті дауыс еді. Алайда мынадай қорқынышты нәресте даусын естуім бірінші рет. Көп ұзамай-ақ, 30 қараша күні Блейнхейм сарайында ханшайым Рондольф Черчилль мерзімінен бұрын өмірге ұл әкелді деген хабарландырулар « Tims» газеттерінде басыла бастады.
Бленхейм қожайындары герцог Мальбороның ұрпағының босануға нұғайлы сарай бөлмесінде емес, жай қарапайым шешіну бөлмесінде өмірге әкелгеніне разы болмады. Қазіргі таңда Бленхейім сарайында туристердің кіруіне рұқсат етілген. Онда, жолбасшылар Черчилль дүниеге келген бөлмені әрдайым көрсетеді. Алайда, бөлме өте керемет стильмен салынған, яғни 1874 жылы 30 қарашадағы сипаттаудан әлде қайда керемет дейгейде. Нәресте сап-сары кейіпте болды. Көтеріңкі танауы өз ата-бабасы Мальбороларға ұқсайтын. Оның әкесі Лорд Рондольф Черчилль Мальборолықтардың 7-ші герцогы - Джон Уинстон Спенсер Черчилль және Герцогиня Френсистің ұлы болатын.
Черчилльдің балалық және жастық шағы өзінің даму процесімен тұспа-тұс келді. ХІХ ғасыр екінші жартысы Англия үшін гүлденген, Викторияндық ғасыр болды. Осы кезеңде Англия өзге мемлекеттермен қарым-қатынас жасауда жетекші орынға шығып үлгерді. Алдыңғы қатарлы әрі қуатты өнеркәсіп елдің әлемдік Аренадағы абыройын үстем етті. Оның тауарлары өзге державалық мемлекеттердің өнімдерінен әлде қайда сапалы әрі төмен бағада болды. Сондықтан да Англия әлемдік нарықта монополиялық текті ұстап тұрған қуатты империяға айналды. Англия өзге елдер Британ аралдары арқылы тауарлар әкелетін. «Әлем шеберханасына» айнала берді. Ендігі жерде Англия әлемдегі орталық иеліктердің ең ірі қожайынына да айналды. Сондай-ақ Англияның даму үрдісі тұсында Черчилль сауат ашып, білім алу үшін Херроу қаласына келді. Тапсырған сынағының төмен дәрежеде болуына қарамастан ол мектепке қабылданды.
Уинстон мектептегі жылдары ауыз толтырып, айтарлықтай дәрежеде бола қоймады. Оны сыныптастары ақымақ әрі ешнәрсеге ебі келмейтін адамға теңеді. Алайда оның өмір баянын жазған тарихшылдар мен биогрофтар оның бұл қылықтарын оны біртеккейлігімен түсіндіреді. Херреудағы оқу кезінде Уинстон өзін есте сақтау қабілетімен таң қалдыра да бастады. Оған мұндай қасиет өз әкесінен дарыған еді. Бірде ол оқытушылармен оқушыларды таң қалдыра отырып, Маколейдің Ежелгі Рим туралы кітабындағы 1200 қатар өлеңде жатқа әрі қатесіз айтып беріп, марапатқа ие болды.
Черчилль тек өзіне ұнаған пәндерді сүйіп оқып, қалғандарын ысырып қойды. Уинстон ұстаздар мен оқушылар енгізге барлық қағидалар мен ережелерге немқұрайлы қарады.
Ол бірде өзі оқытушысы ескерту жасағанын былай еске алады «Черчилль деді ол менің саған риза болмайтын толық себебім бар» - ал менде «Сэр, сізге деген риза болмайтын сіздікінен де толық себеп бар» деп жауап қайтарды.
Уинстонның мектептегі сәтсіз қадамдары ата-анасының көңіліне қаяу салды. Әкесі оны енді құқықтық карьераға көтеруді ойлап, кейін ол ойынан да айныды. Уинстонның өзі кіші інісі Джонмен бірге соғыс ойындарын ойнағанды ұнататын. Тіпті оның үлкен өнер тапқыштық қасиетпен жасалған қолайы 1500 ойыншық кейпіндегі солдаттары болды. Бірде әкесі ұлдары ойнап жатқан бөлмеге кіріп, ұлының қабілетіне назар аударып, Уинстоннан «Ұлым кім болғың келеді», «Әскер адам әрине» деп жауап берді ұлы. Бұл ата-атасының бір шешімге келіп, ұлдарын соңғы жылы Херроудағы мектептің әскери бөліміне беруіне себеп болды.
Латын тіліне деген Лесқостық Черчилльдің өзге тіл білуіне итермеледі. Осы мақсатта ата-анасы Уинстонды Францияға 1 айға жіберді. Онда ол Версальдағы жеке әулеттердің бірінде тұрды. Черчилль Французша сауатты сөйлеуге машықтанды. Уинстон бұл нәтижелерге қарамастан, Сенхэрстегі ағылшын әскери училищеге сынақ тапсыру кезінде, екінші рет сәтсіздікке ұшырады. Херроуды тастап кеткен Уинстон енді капитан Джейлестің қарауындағы әскери мектепке келді. Мұнда ол көп қиындықтардың сынынан өтуге мәжбүр болды.
Осы кезеңде Уинстонның саясатқа деген қызығушылығы ояна бастады. Ол осы оқу орныны аяқтағаннан кейін қауымдар палатасына жиі келіп, пікір сайыстарға қатысып, бақылап отырды.
Сонымен Черчилль өз заманының шешені болды. Бірде Астор ханым оған: «Егер маған сізге тұрмысқа шығуға тұра келсе, мен сізге у беріп өлтірер едім» дегенде Черчилль: «Егер мен сіздің күйеуңіз болсам, сол уды ішуден бас тартпас едім» деп жауап бергені бар еді.
Уинстон Черчилльдің әскер карьерасы Сенхэрстегі әскер училищені тамамдағаннан кейін басталды. 1885 жылы наурыз айында ол төртінші Гусар полкіне лейтенант болып тіркелді. Кубадағы қызметінен соң Черчилльдің Үндістанға аттанды ол жақтан 1898 ол жақтан Египетке аттанып, сонда Омдурмандағы әйгілі кавалириялық акцияға тек әскери ғана емес. Журналист ретінде қатысты.
1898 жыл Черчилль -« Газетінің іскер кореспондентін ретінде генерал Влаттың Малдаканд буғазындағы экспедициясына қатысты. Дәл осы мәртебесімен ол Оңтүстік Африкадағы бур соғысына да қатысты. Сонда ол 1899 жылы 105 қарашадан Оңтүстік Африкан одағының болашақ Примьер-министрі кейіннен Черчилльдің доросына айналған Уцичботтың қолына тұтқындыққа түсіп қалады.
Тұтқыннан азат етілген Черчилль АҚШ та болып сонда лекциялар оқып, түскен ақшаға өзінің саяси карьерасын отанында көтерілу үшін жұмсайды, 1898 жылғы бастамасы сәтсіз болды. Тек екі жылдан кейін ол Ланкастерден Парлматентке консерваторлық мүше болып сайланды. Алайда келесі үш жыл Черчилль мен Джозеф Чемберлен басшылығындағы торийлер арасындағы қарама -қайшылықтармен ерекшеленеді. Сондықтан да 1904 жылғы Черчилль қауымдар палатасына сайлауда либералдар атынан түсті. Черчилльдің либералдармен жеңіс оның кабинектке қатысуға құлшынысын арттырды. Алғашында оған отар елдердің иісі жөніндегі министрлікті басқару, одан кейін ханшайым құпия Кеңесшісі қызметтері ұсынылды. 1908 жылы Генри Аксвид премьер-министр болып тұрған тұста. Черчилль мемлекеттің ішкі саудасы және ішкі ісі жөніндегі Кеңеске басшылық етті. Осы қызметтерді атқара жүріп, Черчилль нарыққа байланысты зейнет ақыны тағайындау, денсаулық сақтау т. с. с. бағдарламаларын жүргізді. Бұл Уинстон Черчилльдің саяси карьерасының алғашқы баспалдағы еді. Ол Ресейдегі большевиктер диктатураны қатаң айыптай отырып, саяси ұпайын еселей берді. Черчилль екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі жылдарда АҚШ пен ынтымақтасу және Ресейдегі большевизимді талқандау сондай-ақ, Гитлерлік Германияны талқандау секілді ұрандардың көшбасшысы әрі идеологы болды.
1953 жылы Новель сыйлығын алуда Черчилль жүргізген саясаттың мақсаты мағыналы болғанын хабар берді. Уинстон Черчилль өз өмірінде Ұлыбританынияның сан-қырлы саясат салаларында қызметтер атқарды. 1906 жылы ол либерал пратиясының атынан қауымдар палатасына сайланады. Дәл осы жылы оған орталардағы министр орынбасары лауазымым да бұйырды. 1908 жылы сауда, 1910 жылы ішкі істер, 1911 -1915 жылдар адмиралчействаның (әскери теңіз министрлігі) бірінші лорды тағы басқа қызметтерді атқарды. Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде ол 1914 жылы ол Антверленді қорғауға қатысты. 1915-1916 жылдары оның қызметінен кетуіне түрткі болған Дарданелль операциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. Черчилль 1917 жылы әскер күштердің 1919-1921 жылдары әскери министр және авиация (әуе күштері) министрі болды. Дәл осы кезеңде В. И. Ленин айтқандай Черчилль Кеңестік үкіметтің қас жауы ретінде танылып, антисоветтік интервенцияны ұйымдастырушылардың бірі болды. 1920 жылы ол 1924 жылдан бастап, мәңгі праламент депутаты болған консерваторлар көсемі ретінде танылды. 1924-1929 жылдар қаржы министрі 1930-1939 жылдар журналистикамен айналысты. 30 жылдары С. Балдуинмен Н. Чемберлендердің фашистік агрессияға көз жұма қараған сырқы саясаттарын белсенді түрде сынға ала бастады. Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғысқа араласуына байланысты. Черчилль 1939 жылы әскери теңіз министрі, ал1940 жылы мамыр айында примьер-министр болып сайланды. Ұлыбританияның КСРО мен әскери одақ құрған жағдайда соғыс майданында жеңілістен құтыла алмайтындығын түсініп, 1941 жылы 2 маусымдағы фашистік Германиняны позициясын жариялады. 1941 шілдеде Черчилль КСРО мен фашистік Германияға қарсы күресу үшін бірлесіп қимыл ету туралы келісімдерге қол жеткізді. Ал 1942 жылы мамыр айында. Германияға қарсы соғыс жаряиланған Кеңес ағылшын одағының келісімне қол қойды. Мұндай қадамдарға мәжбүрлікпен бара отырып, Черчилль келешектегі өз одақтастарымен жасалған келісімдердің мерзімін кешеуілдете берді. Мәселен:Черчилль кабинеті екінші жаһандық соғыс жылдарында екініші майдан ашу мәселесін кейінге қалдырып келген еді. Геманияға қарсы ұйымдастырылған Тегеран 1943, қырым (1945) және Подсдам (1945) конференцияларына қатысты.
Черчилльдің саяси және әскери «Жұлдызды сәтті» 1940 жылдың 10 мамарынан басталады. Ол осы кезеңде жоғарыда айтып өткендей ұлттық үкіметтің басшысы және бір мезгілде қорғаныс министрі, қауымдар палатасының лидері, жылдың соңында консервативтік партияның лидері сияқты функцияларды атқарды. Осы кезеңде ол елі мобилизациялау рычагын өз қолына шоғырландырып, Германияға қарсы соғысқа кірісті. Англияның үкімет бөлігі басына ел аласандыран кезде (себебі елге неміс әскерінің басып кіру қаупі төніп тұрды» келе отырып, Черичиль жағдайды түбірі мен өзекте отырып, Коалиция құрды. Тіпті фашистік Германияға жойқын соққылар бере білді. Примьер министір лауазымы тұсында, Черчилль АҚШ және КСРО басшыларымен хат алмасып, жүздеген бірнеше Халықаралық конференциялардың ұйытқысы бола білді. 1942 жылы қазанда және 1944 жылы тамызда ол Мәскеуде Сталинмен кездесті. Франкмен Делано Рузвельтпен кездесу үшін Черчилль бірнеше рет Атлантиканы да кесіп өтті. 1945 жылы 8 мамырда ең алғаш рет. Уинстон Черчилль өз отандастарына Гитлерлік Германияның сөзсіз тізе бүгетін жөніндегі капитуляциясын жария етті. Соғыс жылдарында тіпті согғыстан кейінгі кезеңдерде де Черчилль Ұлыбританиямен Американың тығыз байланыстылығын орнатуға, англо-саксон халқының келешектегі әлем құру ісіндегі ролдеріне ерекше көңіл аударды.
Черчилльдің 1941 жылы 22 маусымдағы Лондондықтарға радио арқылы Кеңестер одағын қолдау туралы. Үндеуі 1942 жылғы КСРО мен жасалған одақ құру туралы келісімдері оның Британиядағы қарсыластары алдындағы жеңісі болатын. Алайда, Черчилльдің Батыс Европада екінші майдан ашу ісін кешеуілдету әрекеті, әскери қимылдарды жерорта теңізі осы аралықтағы ықпалын әлсіретуге бағытталған қимылдары Кеңес Ағылшын қарым-қатынастарына әжептеуір салқандық түсірді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында негізінен Англия мен Францияның Польшамен кез-келген сәтте қолодан келген көмек тіпті, әскери жәрдемдер беру туралы да уәделері болатын. Бұл көмектің Англияның Германияға соғыс жарялағаннан кейін сөзсіз іске асатыны айқын көрініп тұрған. Алайда, Чемберлен үкіметі Польшаға берілген уәдеден теріс айналып, Германия мен «поляк мәселесін» бейбіт түрде шешуге ұмтылды. Англия Германия алдындағы, жалпы халықаралық арендаға беделіне дақ түсіреді. Белгілі лейборист қайраткері Хью Дальтон екінші қыркүйек күнгі күнделігінде былай деп жазды: «Біздің поляктарға берген уәдеміз ақталып, саясатымыздың дәрежесі биік болғандай еді, бірақ бұл саясат қолдан жасалады.
Ағылшын халқы басқалай жылдың болуы мүмкін еместігіне, поляк алдындағы өз міндеттерін атқаратындарына сенген болатын, әсіре билік Германияға соғыс жариялайды деп ойлады. Қауымдар палатасының көпшілік бөлігіде дәл осы көзқарасты еді. Невиль Чемберлен халық пен қауымдар палатасындағы көңіл-күйлердің қалай тез арада өзгеріп кеткенін түсінбейді, Чемберлен немістермен ымыраға келіп, Германияға соғыс жарияланудан аулақ ниет ұстанады. 2 қыркүйек қауымдар палатасында үкіметтің атына сындар мен үрей сөздер айтылды.
Депутаттар Польшаға берген уәдені берік ұстауды талап етіп қойды. Бір қызығы, дәл осы тұстағы парламенттегі дау-таластар өршіп тұрған сәтте, яғни, Англияның Германияға ашық қарсылық білдіру мәселесі сөз болған тұста үкіметтің сөзге келмес сыншысы Уинстон Черччиль бұл мәселелерден тыс қалып, өз ойын білдіреді. Германияға қарсы соғыс ашу мәселелерін тиісінше консервативтік аппозицияның өзге өкілдері, лейбористік партияның қайраткерлері ашық қолдап үн қатты.
Черчилльдің мұндай оғаш мінезін түсіндіру қиын емес-ті. Германияның Польшаға басып кірген күні Черчилль Невиль Чемберленнен кешке қонақ болу ұсынысын қабылдаған еді. Черчилль істің мәнін тез түсінді, сондықтан да, 1 қыркүйектегі қызу таластарда өзін өте сақ, әрі үнсіз ұстады. Чемберлен оған өз үкіметінің құрамына кіріп, әскери кабинеттің мүшесі болуды ұсынды. Черчилль премьер-министрдің бұл ұсынысын сөзге келместен бірден қабылдады. Екеуара әңгіме барысында әскери кабинеттің құрамы туралы сөз қылды. Черчилль сол арқылы үкіметке өз жақтарын тартуды ойластырды. 1 қыркүйектен 2-не қараған түні Черчилль Чемберленге хат жазып, үкімет құрамына либералдар өкілдерін (өзінің ескі әріптесі Арчибальд Синклер), сондай-ақ, 1938 жылы 20 ақпанда Чемберлен үкіметінен Италиямен жасалған келіссөздер барысында туындаған келіспеушіліктер нәтижесінде тастап кеткен. Антони Иденді үкімет құрамына енгізуде ұсынды. Чемберлен Черчилль секілді антигитлерлік тұлғаны өз үкіметінің құрамына алғанша іштей өкініш білдірді. Екеуін арасында келіспеушіліктер туындап отырды.
Әрине, Черчилль болып жатқан жағдайларды керемет дәрежеде түсінді. Бірақ, ол парламентте Чемьерленге қарсылығын ашық түрде білдіргісі келмеді. Өйткені, ол өз ойын айтқанымен де, тіпті соғыс жарияланған күнде де пермьер-министр өз үкіметінің құрамына алмай қояды деп тартыншақтанды. Алайда, Черчилль аласапыран уақытта қауымдар палатасында тағы да білді. Сондықтан да Черчилль Чемберленнен сыртқы саясатта болып жатқан жағдайлардан өзінің толық хабардар болуын талап етіп отырды Чемберлен саяси карьерасының соңында Германияға соғыс жариялауды қауымдар палатасы мен Черчилльдің ықпалымен іске асырды. Германияға соғыстың жариялануы Невиль Чемберленнің қызметтен кетуі Черчилльге өз кандидатурасын ұсынуға алғышарт жасады. Чемберленнің орнын басқан Черчилль өзіне дейінгі үкіметтің сыртқы саясаттағы қарсы соғыс жарялауы оның халық арасында беделінің өсуіне баспалдық іспеттес роль атқарады. Черчилль мемлекеттің сыртқы, ішкі, әскери мәселелері барысында бұрынғы Чемберлен командасының өкілдерімен тізе қосып қызмет етуге даяр екендігін жариялады.
Жоғарыда айтқандай Черчилль Чемберлен үкіметінің құрамында әскери-теңіз министрі, кабинет мүшесі орындарын алған еді. Германияға қарсы соғыс жариялаудың қызу қолдаушысы да болған болатын. Алайда, Чемберлен үкіметі мұндай әрекетке баруды жөн деп таппаған еді. 1939 -1940ж. Тарихты Англия Германиямен әскери соғыс деңгейінде тұрса да соғыспады, сондақтан да бұл қимылдарға «оғаш соғыс» деп аталған болатын. Чемберлен үкіметі мен Франция билігі Польшаға көмек қолын созудан бас тартты. Өйткені, олар Германиямен жеткен бейбіт келісімдерін бұзып, Фюрердің « ашу-ызасын» тударудан сескенді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz