Үндістан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (70-80 жылдар)


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ : Үндістан республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (70-80 жылдар)

Мазмұны:

Кіріспе 3-13 бб.

1. Үндістан -саяси дамуы

(70-80 жылдар) . . 14-19 бб.

1. 1. Үндістандағы саяси өзгерістер (70-80 жж. ) . 14-16 бб.

1. 2. Үндістандағы саяси-мемлекеттік, құқықтық құрылыстағы өзгерістер . 17-19 бб.

2. Үндістан республикасының 70-жылдардағы өнеркэсібінің дамуы . . . 20-38 бб.

2. 1. Негізгі өндіріс салаларының дамуы 20-29 бб.

2. 2. Үндістандағы қатнас жолдары 29-36 бб.

3. Үндістанның ауылшаруашылығының даму барысы (70-ші жылдардағы) . . . 37-51 бб.

  1. Ауылшаруашылығындағы қайта құрулар 37-41 бб.
  2. Майлы дәнді дақылдар . . . 42-45 бб.
  3. 70-ші жылдардағы Үндістан республикасының саудасының дамуы . . . 46-51 бб.

Қорытынды . . . 52-53 бб.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54-55 бб.

Кіріспе

Үндістанның тәуелсіздігі туралы заң 15 тамыз 1947 жылы күшіне енді, осыған байланысты Британ ұлттар бірлестігінде доминиинлық статус берді. Еддің мемлекеттік-құқықтық статусын өзгерту елдің дамуына жаңа жол ашып берді. Ұлттық жиналыс өзінің заңдарын шығаруға құқықты болды. Үндістанның еркін алғашқы үкіметі өзінің жұмысын бастады. Ұлттық жиналыстың төрағасы болып Үндістан Ұлттық Конгресінің (ИНК) -Раджендра Прасад, ал Үндістанның бірінші премьер министрі Джавахарлал Неру болды. Жаңа мемлекеттік өкіметтің негізгі мақсаты басқару аппараты мен қарулы күшті қайтадан құру, жаңа конституция қабылдау болды. 1949 жылы карашада Үндістан ұлттық жиналысы конституцияның жобасын талқылап бекітті, оның негізіне демократиялық тәртіпке негізделген нарықтық экономиканың заңдылықтарының құқықтық неіздері алынды. 26 қантар 1950 жылы Конституция қабылданды, осы күн Республика күні болып есептелді. Осы Конституция бүгінгі күнге дейін қолданылып отыр, ол елдің дамуъша байланыеты қосымшалар мен түзетулер еңгізіліп отырылады, Ол басында 22 бөлімнен тұрды, 395 бет және 9 беттік қосымшадан. Ол дүние жүзіндегі көлемі жағынан ең ірі конституция болып саналады. Оның бөлімдері өте ұқыпты, талдана отырылып жазылған. Оны жазуға елдің щрнекті саяси қайраткерлері қатысты: Дж. Неру, Р. Прасад, Б. Р. Амбедкар, П. Ситарамайя. Осы Конституцияға байланысты Индиялық Одақ еркін Парламенттік Республика болып жарияланды, Негізгі принципі демократизм және секуляризм. Мемлекет басшысы Президент- ерекше құқыққа ие, ол қарулы күштердің басшысы, премьер министр мен орталық үкіметтің министрлерін тағайындайды, парламент сессиялары арасында заң шығарады және оның күшін жоя алады, конституцияның күшін жоя алады. Заң шығарушы жоғарғы орган Орталық Парламент, ол екі палатадан тұрады: Халық палатасы (Лок сабха) және штаттар Советі (Раджья сабха) . Халық палатасы 5 жылға дауыс беру арқылы сайланады. Дауыс беруге 21 жасқа толғандар қатыса алады. Штаттар Советі үнемі қызмет жасайтын орган, оның құрамы 2 жылда қайта жаңартылып отырыдады. Жекелеген Совет мүшелері 6 жылга сай-ланады. Атқарушы өкімет губернаторлар арқылы жүргізіледі. Оны Президент 5 жылда бір рет сайлап отырады, ал заң шығарушы легислатара штаты екі палатадан тұрады жоғары (совет) және төменгі (жиналыс) . Штаттар бірнеше әкімшілік-территориялық бөліктерге бөлінеді: облыс, округ, уездер, деревнялар.

Конституция қабылданғаннан кейін 5-10 жылдан соң тіл мәселесін ерекше комиссия қарап ол бойынша мемлекеттің барлық өкімет органдар-ында хинди тілін пайдалануды еңгізді. Конституция бойынша Үндістанда 15 тіл негізгі тіл деп жазылды және «ұлттық» тіл деп аталды: тамили, каннада, малаялам, телугу, ассами, бенгали, гуджерати, хинди, кашмир, маратхи, ория, пенджаби, синдхи, урду, санскрит. Сөйтіп 1950 жылы қабылданған Коституция Индия Одағының негізгі заңы ретінде тәуелсіз Үндістанның дамуының жаңа кезеңіне республикалық сатыға жол ашты.

Азаттық алран елдердің бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясатының өзіндік ішкі әлеуметтік себептері бар, яғни бейбітшіліктің сақталуы оларға эконо-микалық міндеттерді шешу үшін елдің прогрессивті дамуы үшін ауадай қажет. Сондықтан да азаттығын алған жас елдер мәселесі, олардың тәуел-сіздігінің сақталуының бүкіл адамзат үшін маңызды болып табылады, Ал саяси тәуелсіздік ез негізінде экономикалық тәуелсіздікке жетудің алғаш-қы қадамы. Міне сондықтан да қай елдің болмасын саяси тәуелсіздігі экономикалық тәуелсіздікпен тығыз байланысты жатыр.

Өз тәуелсіздігін алғаннан соң капиталистік даму жолына түскен Үндіс-тан мемлекетінің саяси аренадағы орны ерекше.

Біріншіден, Үндістан басқа дамушы елдерге қарағанда экономикасы едәуір көтеріңкі жогары дөрежедегі өнеркәсібі бар ел. Сонымен қатар екіншіден, Үндістан экоыомикаеы терең қайшылықтар мен қарама-қарсылықтарға толы ел. 1

Үшіншіден, Үндістанның тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктері капиталистік даму жолының мүмкіндіктерімен қатар оның шектеулігін, кемшіліктерш де барынша ашып берді. Ал мұның өзі капиталистік даму жолына түскен жас мемлекеттің даму барысындағы пайда болатын кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге дәрменсіз екендігін, сөйтіп жоғары дәрежеде дамыған капиталистік державалар қатарына шыру мүмкіндігін көреетіп берді. 2

Төртіншіден. Үндістан тәжірибесін зерттеу барлық бұрынғы отарлық елдердің бәріне тән жалпы тенденцияларды білуге мүмкіндік береді.

Үндістан Азияның оңтүстігінде орналасқан. Территориясы 3, 27 млн. кв. км. Онда бірнеші жүздеген ұлттар, халықтар және тайпалық бірлестіктер өмір сүреді. Соның ішіндегі ең ірісі хиндустандықтар, телугулар, маратхилықтар. бенгальдықтар, тамилдықтар, бихарлықтар, гуджарат-тықтар, каннарапықтар және тағы басқалар, Астанасы Дели қаласы. Мемлекеттік тілі хинди, екінші мемлекеттік тіп уақытша сол ағылшын тілі болып қалды. Елдің 80 пайызынан асасы индуизм дініне сиынады. 11 пайызы- ислам, 2, 6 пайызы - христан, 1, 9 пайызы-синхизм, 0, 7-буддизм.

200 жылдан аса Үндістан ағылшын басып алушыларының отары больпг келді, Өз тәуелсіздіктерін алу үшій олар тоқтаусыз күрестер жүргізіп келді. Тарихтағы ең ірі көтерлістері 1857-1859 жж. тарихтағы сипахилық көтерліс деп ат алған кетерліс, 1918-1922 жж., 1928-1933 жж. ұлт-аззаттық қозғалыстар және 1942 ж. ірі мемлекеттік қайраткерлер М. Ганди және Дж. Неру басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалыстар, 1946 ж. инлиялық әскери моряктардың көтерлісі. Осындай үнемі көтерлістердің нәтижесінде ақыры олар өз тәуелсіздігін алды. 15. ҮІІІ. 1947 жж. Үндістан тәуелсіздігін алды. 26. 01. 1950 ж. ол республика деп жарияланды. Осыдан кейін ел ішінде демкратиялық күш пен реакциялық күш арасында қандай жолмен дамуы керек деген мәселеде күрес тоқталмай ұзаққа созылды.

1969-1972 жж. Үндістандағы сол жақ және демократиялық күштер реакционерлердің күресін жеңе отырып елдегі заң шығарушы орында үстемдікке ие болды. Парламент сайлауында 1971 ж. мартта Үндістан ұлттық конгресс партиясы /ИНКУ демократиялық жолмен елді қайта құру бағдарламасын жариялай отырып парламентте көпшілік дауысқа ие болды. 521-орынның 35 не ие болды. 3

18 март 1971 жылы құрылған И. Хандидің үкіметі басқа сол жақ және демокартиялық күштердің қолдауымен елде көптеген қайта құруларды жүзеге асыра бастады: көптеген ірі банктерді мемлекет қарамағына алып ұлттық банк деп жариялады, жалпыға бірдей сақтандыру, экономикағы мемлекеттік сектордың ролін өсірді, бұрынғы княздарға берілетін пенсиялар мен жеңілдіктерді жойды.

Бірақ елдегі он жақты жақтаушы реакциялық күштер демократиялық қайта-құруларға қарсы күресін тоқтатпады. Олар елдегі жұмыссыздықты, әлеуметтік қиыншылықтарды үкіметтен көріп халық арасында мемлекет ісіне қарсы ашық күрестер жүргізді, тіпті ашық акцияларға шыға бастады. Август 1974 ж. реакциялық партия Сватантра, кулақтың-помещиктік партия Бхаратия Кранти дал, онжақты жақтаушылар мен басқа реакциялық күштер жаңа партия Бхаратия лок дал /Үндістанның Ұлттық партиясы/ деген жаңа партия құрды. Үкіметке қарсы күрес орталығы Бихар штаты болды.

Реакциялық топтарға қарсы демократиялық топ пен сол жақты жақтаушыдар жалпы елдегі жаңа дамуды қолдаушылар табан тіріескен күрес жүргізді. Нәтижесінде елдің ішкі тұрақтылығын сақтау үшін И. Ганди үкіметі 1975 ж. июньде елде ерекше жағдай еңгізді. Ол бойынша көптеген оң жақты жақтаушы партиялар жұмысына шек қойып оларды жапты, сонымен қатар елде 20 пунктен тұратын жаплы халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бағдарламаны жариялады. Онда: аграрлық реформа, жері жоқ шаруалар арасында артық жерді бөліп бері, үй құрылыстарын салу т. б. 1975 ж. парламент жиналысында осы бағдарлама көпшіліктің қолдауына ие болып И. Ганди үкіметі елдегі демократиялық күштердің сөніміне ие деп жарияланды.

Үндістан мемлекеті сыртқы саясатта да бейбітшілік қарым-қатнастарын жүргізді. Көрші жатқан елдермен достық келісім шарттарын жасап ол елдермен экономикалық саяси, мәдени байланыстар орнатты. 1973 ж. ноябрьде КСРО-мен, 1972 ж. басынан бастап көрші жатқан оңтүстіказиялық бөліктегі мемлекеттермен байланысын нығайтты: 1974-1975жж. Үндістан Пакиетанмен сауда және теңіз жолдарындағы байланыстарын қалпына келтіру туралы келісімге қол қойды.

Мемлекеттегі негізгі бірінші билікте президент ол мемелекет басшысы, одан соң вице-президент, одан соң Министрлер советі оның басында премьер министр.

Президент және вице-президент бес жылға сайланады /1974ж. президент болып Ф, А, Ахмед, вице-президент В. Д. Джатти сайланған/, Президент премьер министр мен үкімет мүшелерін тағайындайды, елдегі қарулы күштің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады. Атқарушы үкімет президент және премьер министр /И. Ганди 1966 ж. январьдан бастап/ атынан қызмет етеді. Заң шығарумен екі палаталы парламент айналысады: Халықтық палата /төменгі/, және штаттов Советі /жоғары палата/. 4

Үндістанда көп партиялық система сақталған Оның ішіндегі ең ірісі Үндістан ұлттық конгресі /ИНК/- 1885 ж. құрылған ірі буржуазиялық партия, Үндістан тәуелсіздігін жеңгеннен бастап үкімет басына келген. Ол Үндістандағы конституциялық билік құруды өзіне мақсат еткен. Демократиялық күштер арасында беделге ие болған. 1969 жылы ішкі күрес нәтижесінде екі топқа бөлініп кетті: ИНК және Синдикат /Конгрес ұйымы/. ИНК негізінен премьер министр болған И. Ганди жақтаушыларынан тұрды. Олар демократиялық және экономикалық қайта құрулар бағдарламасын жасады. Ал Синдикат партиясы үнділік монополиялық капиталистер мүддесін жақтады. Жоғары бай помещиктер партиясы. Келесі социалистік партия /СШ-саяси күрестер кезіндегі ішкі таластар нәтижесінде өз ролін көтере алмады/. Дравида мунетра кажагам /Дравидская прогрессивная федерация/ 1949 ж. құрылған. тамильдік орта және ұсақ буржуазия мүддесін көздейтін партия. Бхаратия лок дал /Народная партия Индии/- 1974 ж. августе құрылған. Үндістан монополистерінің мүддесін білдіретін партия. Шет ел капиталистерімен тығыз байланыс орнатып ірі капиталистерді жақтаушы. Үндістан коммунистік партиясы /КПИУ- 1925 ж. декабрьде құрылған жұмысшылардың мүдесін көздеген сол жақтық және демократиялық күштерден тұрады. Үндістан параллелдік партиясы /ПКПИ/- 1964 ж. аяғында құрылған, КПИ-дің екі жікке бөлінуінен соң. Сонымен қатар Үндістаыда профсоюз ұйымдары да бар. Всеиндийский конгрессс профсоюзов, Объединенный конгресс профеоюзов, /Хинд маздур сабха/ Үндістан жұмысшыларының жиналысы/, Хинд маздур панчаят/ үнді жұмысшыларының кеңесі/, Бхаатия маздур синег /үнді жұмысшылары-ның одағы/. Ал шарулар мүддесін көздейтін ұйымдар: Кисан сабха/ Жалпыүнділік шаруалар жиналысы/, Бхаратия кхет маздур юнион /Үндістанның ауылшаруашылық одағы/. Сонымен қатар әйелдер одағы «ІУІДФЖ- үнді әйелдерінің ұлттық федерациясы», «ВФДМ- жастардың бүкілиндиялық федерациясы», «Бүкіл индиялық жастар конгресі» және тағы басқалар. 5

Үндістан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жүргізген қайта-құруларға қарамастан аграрлы-индустриалдық ел болып қала берді. Ауылшаруа-шылығымен жалпы халықтың 70 % айналысады, ал өнеркосіпте -20% халық айналысты. 6 Экономика өзінің көпжақтылығын сақтап қалды. Кейінгі кезде ауылшаруашылығының төмендеуінен, өнеркәсіптегі дағда-рыстан және энергетикалық дағдарыстан үнді экономикасы қиындықтарға кездесуде осының нәтижесңнде терең финанстық дағдарыстар болды, Ал 1974/75 жж. бастап өнеркәсіп қайтадан дами бастады. Өнімі 3, 5% өсіп ауыр өнеркәсіп орьгадарының өнімі өсті, ауыр өнеркәсіп, электрқұралдарын жасауда мемлекеттік сектордың ролі әсті. Бірақ көптеген өнеркәсіп салала-рында, оның ішінде химия. мұнай өнімдері. металлургия, транспортта өліде болса 70-жылдары өнеркәсіп өзінің жоғары дамуына жете алмады. Өз өнеркәсіп орындарын дамыту үшін басқа мемлекеттердің көмегіне сүйенді. Көптеген көрші елдермен сауда қарым-қатынастарын жасады.

Үндістандағы темір жол үзындығы- 60 мың км. автомобиль жолы-1200 мың км. қатты көмкерілген жері 400 мың км. Темір жолмен жалпы тасымалдың 80, жолаушылар мен жүк тасудың-70 қамтылады. 7

Үндістанның ақшасы рупий болып саналады. Үндістан мемлкетінің қазіргі дамуында да кептеген шешуін қажет ететін мәселелер бар.

Үндістан өзінің тәуелсіздігін 1947 жылы алды. Екі жүз жылдық ағылшын үстемдігінің құлатылуы кезінде ол «осы бір ұлы елдің қайта өрлеуіне жол ашты». 8 Елде 1950 жылдың аяғында республикалық құрылыс орнатылғаны жарияланды. Тәуелсіздік жылдары Үндістан үкіметі Джавахарлар Нерудың прогрессивті курсымен дами отырып /жоспарлы экономикалық даму, мемлекеттің тікелей қатысуымен жүргізілетін индустризациялау, мемлекеттік сектордың басым түрде дамытылуы, аграрлық елдермен байланыстың күшеюі, экономикалық байланыстардың нығаюы т. б. / қазіргі заманғы экономикалық құрылысты құру жолына түсті. 9 Дамушы елдердің азаттық алғаннан кейінгі экономикалық даму барысы жайлы айтқанда ескертетін бір жай, ол осы елдердің барлығына төн экономикалық эволюциядағы мемлекеттің шешуші ролге ие болуы. Үндістан да осы процесті басынан өткерді, Мемлекеттік секторды ұлғайтып, нығайту саясатын қолдана отырып үкімет Үндістандағы материалдық өндірісте маңызды позицияларға ие болды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сектор негізінде өндіріс қорларының /ауылшаруашылығын қоспағанда/ 50-н астамын бақылап отыр. Мемлекеттік өндіріс орындары ірі өнеркәсіп өнімінің 30/ нан астамын беріп, ауыр индустрияның негізгі салаларында шешуші рольге ие болып отыр. 10

Үндістан республикасының даму барысында әсіресе 70-ші жылдардың ролі ерекше. Бұл жөнінде 1971 ж. қырқүйекте И. Ганди да «Үндістан қазір сөзсіз аса маңызды шепте жүр»-деп айтқан. 11

Осы 70-ші жылдардың барысында Үндістанның экономикалық дамуына аса зор ықпал еткен факторлардың бірі ол дамушы елдермен байланыс орнатты. Көрші елдердің көмегінің арқасында, соның ішінде бұрынғы Кеңес Одағының көмегі арқасында ірі өнеркәсіптер 70-тен аса салынды: қазіргі металлургия алыптары Бхилай мон Бокаро, Ранчидегі ауыр машина жасау зауыты, Дургапурдегі тау-шахта жабдықтары зауыты, Харедвар электромашиналарын жасау зауыты, электростанциялар т. б. өндіріс орындары. Оларда 200 мыңнан аса маман жұмысшылар жұмыс істейді. 12

Бүрыңғы кеңес одағының құрамында болған елдермен Үндістан арасында сауда қарым-қатнастары да ол кезде жоғары сатыда дамыды. 13

Жалпы диплом жұмысының тақырыбы Үндістанның экономикалық дамуы, оның ішінде 70-жылдарға арналған. Ол жалпы Үндістанның экономикалық, әлеуметтік дамуы жөнінде жазылған зерттеулер, еңбектер басқа дамушы елдермен салыстырғанда анағұрлым көптігіне қарамай мен алып отырған дөуірге арнайы жазылған еңбек жоқтың касы. Үндістан республикасының осы уақыттағы экономикалық күрделі даму жолы тарихнамалық шығармаларда толық зерттелген жоқ. Сондықтан да бұл тақырыпты зерттеудегі қиындық жері осы. Жалпы тек Үндістан ғана емес басқа да дамушы және дамыған елдердің саяси-экономикалық даму процесінде елеулі орын алған 70-ші жылдар тақырыбы әліде болса тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Үндістанның ұлттық экономикасы мен ұлттық капиталының мазмұны мен ерекшеліктері, капиталистік өндіріс тәсілі, Үндістандағы Британ үстемдігі туралы көптеген тарихи еңбектер бар. Үндістан республика-сының тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық дамуы туралы кеңес тарихнамашыларыыың еңбектері бар. Ол еңбектер тек ғылыми білімдердің табиғи дамуы мен жинақталуы тұрғысынан гана емес, сонымен қатар кеңес ғалымдарының оңтүстіктегі көршілерінің өміріне деген қызығушылықтан туған, оның әлемдік аренадағы күн санап өсіп отырған роліне зор мән беріп. екі ел арасындағы қарым-қатнасты дамытуға ұмтылушылық.

Кеңес индологиясында Үндістан ұлттық капитализмінің генезисіне арналған фундаментальды еңбектер бар. Бұл еңбектерде Үндістан монопо-лиясының, Үндістан ұлттық буржуазиясының даму тенденциялары, оның ел экономикасына әсері зерттелген.

Үндістан экономикалық дамуындағы елеулі, басты факторлардың бірі мемлекеттік сектордың даму барысы, оның экономикаға араласуының басты себептері мен сипаты, мемлекеттің экономикаға араласу шегін, оның экономикадағы алып отырған орны меи даму бағытын зерттеуге арналған И. И. Егоровтың «Экономическая эффективность государственного сектора Индии»14, Широков Г. К. «Индустриализация Индии», 15 Яшкин В. А. «Государственный капитализм и воспроизводство в Индии», 16 О. В. Маляровтың17 «Роль государства в социалыю-экономической структуре Индии» еңбектерік Үндістан монополистерінің елдің саяси -экономикалық өміріндегі ықпалы мен алып отырған ролі жөнінде О. В. Маляровтың «Концентрация капитала и производства в Индий «деген еңбегі жатады. Рейснер Л. И, мен Широков Г, К, «Современная индийская буржуазия» М., 1966ж. шыққан, М. Н. Кунщиковтың 1974 жылы Москвада шыққан «Современная Индия: монополии и капитал» зерттеулерін атап өтуге болады.

В. В. Васильевтің 1976 жылы жарық керген «Экономика Индий и мировой капиталистически рынок», С. Л. Мельманның 1968 ж. шыққан «Иностранный частный капитал в экономике современной Индий» сияқты еңбектері сыртқы экономикалық факторлардың Үндістан экономикасына тигізіп отырған әсері ретінде жазылған.

Ал енді Үндістан экономикасының даму тенденциясын, оның дамуының әртүрлі ішкі-сыртқы фактарларын зерттеген көлемді теориялық еңбек «Экономика Индии, общая характеристика» атты еңбек. Сонымен қатар шетелдік ғалымдардың еңбектері капиталдың шоғырлану процесі мен үнді монополияларының ел экономикасындағы роліне арналған.

Д. Р. Гадшлдің, П. Райдың, Ш. Беттльхеймнің жалпы Үндістан зкономикасының дамуының ерекшеліктеріне арналған Д. Гадшілдің «Планироваыие и экономическая политика в Индии», Г. Сингтың 1976 жылы жарық көрген «География Индии» деген зерттеулері бар. Осы зерттеу еңбектерінің бары Үидістан республикасының экономикалық даму процесін зерттеуде зерттеушіге үлкен көмек бола алады. Осы еңбектердегі методологиялы, ғылыми тұжырымдарды өз зерттеуімізде хронологиялық жағынан сай келмесе де алып қарастырдық,

Диплом жұмысы негізінен кіріспеден, 3 тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда осы жылдардағы экономиканың шешуші негізгі саласы өнеркәсіп дамуын, оның ереісшеліктерш, туьш отырған кедергілер мен қиьшшылықтарға тоқталып, олардың себебін ашуға, мемлекеттік сектордың алып отырған роліне, елдің мсономикалық дамуына тигізіп отырған оның маңызын ашуға тырыстық.

Ал екінші тарауда әліде болса Үндістан сияқты аграрлы индустриалды елде шешуші маңызға ие болып отырған, елдің экономикалық тәуелсіздігі мен даму барысьшда зоп маңызға ие болып отырған ауылшаруашылығының даму барысына тоқталып өттік.

Ал үшінші тарауда дамушы елдің, жас елдің экономикалық дамуының елеулі факторларының бірі болып табылатын сыртқы саудасына, сыртқы саудасындағы пайда болган жаңа бағытқа, атап айтқанда сол кездегі сыртқы көрші елдермен жасаған саудасының маңыздылығына тоқталдық.

1. Үндістан республикасының әлеуметтік-саяси дамуы (70-80 жж. )

1. 1 Үндістандағы саяси өзгерістер (70-80 жж. ) .

Үндістанда 60-жылдардың аяқ кезінде ИНК-да саяси жік пайда болды. Нәтижесіңце ИНК екіге бөлінді: ИНК (И) -оның басында Индира Ганди тұрды, ИНК(О) -конгрес ұйымы- «синдикат» оның басында М. Десаи тұрды. 1971/1972 жж. бесінші жалпы сайлауда ИНК(И) жеңді, Ол парламентте көпшілік дауысқа ие болып 2/3 дауысқа ие болды, Заң Шығарушылар штатының жиналысында 76% ие болып 21 штаттың 15 өз үкіметтерін құрды. 1971 жылы Оңтүстік Азияның саяси картасында Ірі өзгеріс болды, Пакистаннан Шығыс Бенгалияның бөлінуіне байланысты жаңа мемлекет Бангладеш Халықтық Республикасы құрылды. Пакистан-ның өскери тәртібінің құлауы және пакистан қарулы күштерінің тізе бүгуі И. Ганди мен ИНК-ның ролін нығайтты.

Үндістан сыртқы саясатында КСРО мен және батыс елдермен қарым қатнасын жақсарта отырып бейбітшілік саясат ұстады. Мемлекеттік этатизм саясаты елдің саяси аренасында жіктің пайда болуына, ИНК бас-шылары арасындағы тартыс, тоқырау мен коррупцияға алып келді. Үндістан қоғамында дағдарыс пайда болды: экономикалық және әлеуметтік реформаны жүзеге асырудағы қиыншылықтар, әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы шиелеістердің пайда болуы. Осы дағдарыстан шығудын жолын іздеп елдегі саяси көзқарастары әртүрлі топтар біріге бастады, олар өзара келісімге келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХғсоңындағы азия және африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама туралы ақпарат
1950 - 1980 жылдардағы КСРО-ның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Үндістанмен байланысы
Үндістан елінің экономикалық-географиясы
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Азияның географиялық табиғат зоналары
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Үндістанның сыртқы және ішкі саясаты
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
АҚШ пен КСРО - ның ұлттық қауіпсіздігі тұтас халықаралық қауіпсіздікті айқындаған тұстағы биполярлы халықаралық саяси жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz