Ұлы Селжұқтар мемлекеті


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«ҰЛЫ СЕЛЖҰҚТАР МЕМЛЕКЕТІ»

(Диплом жұмысы)

Мазмұны :

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: I тарау. Селжұқтар мемлекетінің құрылуы (Х-ХІ ғ. алғашқы жартысы) . . .
3: 8
Кіріспе . . .: 1. 1. Х ғ. соңы мен ХІ ғ. бірінші жартысындағы Селжұқтар мемлекетінің нығаюы . . .
3: 8
Кіріспе . . .: 1. 2. XI ғ. ортасы мен екінші жартысындағы Селжұқтар империясы. .
3:
Кіріспе . . .: 17
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: II тарау. Селжұқ империясының әлеуметтік-экономикалық жүйесі және сепаратистік қозғалыстардың басталуы . . .
3: 26
Кіріспе . . .: 2. 1. Селжұқ империясының даму ерекшеліктері және саяси дағдарыстың басталуы . . .
3: 26
Кіріспе . . .: 2. 2. Ұлы Селжұқтар империясының ыдырауы және Шығыс Селжұқ сұлтанаты . . .
3: 34
Кіріспе . . .: Қорытынды
3: 41
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер мен деректердің сілтемесі.
3: 44

КІРІСПЕ

Ұлы дүрбелең тарихи оқиғалардан соң XI ғ. ортан белінде құрылып, XII ғ. зор әскери державаға айналған Селжұқтар мемлекеті әлем тарихында, әсіресе, Оңтүстік және Батыс Азия тарихында үлкен із тастап кеткен мемлекет болды. Ұлы мемлекеттің аты оны билеген династияның атына байланысты шыққан, яғни, «селжұқтар» дегеніміз белгілі бір әулеттің аты болып табылады. «Селжұқ» термині бірте-бірте этнонимге, этнос атына қатысты айтыла бастайды. /1/. Селжұқ есімімен ең алғаш шыққан адам Сырдың орта ағысы мен Қаратау қойнауларында шоғырланған оғыз тайпаларының көсемі Селжұқ Тұғақұлы болды. /2/. Кейінірек оның есімі өз тайпасына қатысты айтылса, ал тіпті кейінірек бүкіл империяның атына қатысты айтылатын болды.

Селжұқтар өзінің нағыз шарықтау уақытында, кемеліне келіп толықсыған көзінде ұлан-ғасыр территорияларды өздеріне бағындырады: Оңтүстік Түркістан, Иран, Ауғанстанның батыс аймақтары, Закавказья, Алдыңғы және Кіші Азия селжұқтарға бағынды. /3/. Селжұқтар әу баста Оңтүстік Түркістан жеріндегі аса қайшылықты этникалық процестердің, негізінен оғыздар мен түркімендердің ортасында пайда болған еді. Олардың мемлекет болып қалыптасқан аймағы Солтүстік Қорасан аймағы болды. /4/. Ол кездегі Қорасан аймағына - қазіргі Түркіменстанның Оңтүстігі, Солтүстік Батыс Иран, Солтүстік Ауғанстан территориялары кірген болатын. X ғасыр араб географтары «Қорасан» аймағы деп бұдан әлдеқайда үлкен аймақты, атап айтқанда, Шығыста Үндістанға дейінгі, Батыста Туранға дейінгі, ал Солтүстікте Амударияға дейінгі жерлерді түсінген. /5/. Қорасан аймағында құрылған Селжұқтар мемлекеті тек шығыстағы аса жауынгер түркі мемлекеті - қазналықтарды, немес газневидтерді жеңген соң ғана өз мемлекеттігін баянды еткені белгілі. /6/.

Тарихшылар мен шығыстанушылардың көп күш салуының арқасында «селжұқтар мәселесі», Ұлы Селжұқ мемлекетінің тарихы XX ғасырда жақсы зерттелінді, бірақ бұл проблеманың барлық қыры толығымен ашылып, сараланды десек тарихи ақақаттан алыс кетеріміз хақ. Селжұқ мәселесінің тарихнамасы өте бай, бұл мәселенің тарихи деректері де аз емес.

Селжұқ тарихы туралы ең алғаш қалам тартқандар әр түрлі едерде өмір сүрген орта ғасыр жылнамашылары болды. Селжұқтардың Ирандағы саяси процестерге тартылуынан соң, олардың мұндағы іс қимылдары туралы көптеген парсы авторлары мәліметтер қалдырады. /7/. Ал, селжұқ армиялары Бағдаттағы Аббасид халифтарын айтқанымен жүргізген уақытта бұл туралы араб тілді авторлар толып жатқан мағлұматтар жинайды. /8/. Селжұқ армияларының күнгей Кавказдағы жеңістерінен соң жергілікті халықтардың тілінде (армян, грузин) мол деректер жазылды. /9/. Фатимидтер династиясы билеген Египетпен әскери жанжалдан соң, әсіресе 1071 жылы селжұқ сұлтаны Алып Арыстан Кіші Азиядағы Манцикері шайқасында ұлы империя саналатын Византия армиясын тас-талқан етіп жеңген соң грек және латын авторлары/10/ селжұқ мәселесімен тыңғылықты түрде айналыса бастайды. XII ғасырда Византия жылнамашылары мен тарихшылары үшін ең өзекті проблема - селжұқ проблемасы болды. Ұлы селжұқтар дәуірі Азияның Оңтүстік және Оңтүстік Батыс аймақтары үшін үлкен дүрбелең дәуірі болғаны белгілі. Мұнда бұл кезде бір империя құлап, енді бірі қайта күшейе түскен болатын. 962-1186 жылдары астанасы Газня қаласы болған, газналық түрік гулямдары құрған атақты Газневилер мемлекеті/11/, 945-1056 жылдары өмір сүрген түрік гулямдары құрған екінші бір мемлекет Буйлар державасы/12/ кезінде құдіретті болған Аббасидтер халифатының (750-1258) әлсіреуі/13/, аса салтанатты Византия империясының дағдарыс дәуіріне аяқ басуы/14/, Азербайжанда Атабектер/15/ мемлекеті (1136-1225), сондай-ақ Иранда исмаилиттер мемлекеті/16/ сынды мемлекеттік бірлестіктердің қатар өмір сүруі соның айғағы. Памир мен Бадахшанда бұрынғы Саманилер мемлекетінің территориясы да аса тынышсыз еді/17/. Селжұқтар соңғы уақыттарында өздерінің солтүстік шекараларында күшейе бастаған хорезмшахтар-ануштегіндер мемлекетімен (1097-1231) үлкен шайқастар жүргізуге мәжбүр болады/18/.

Селжұқтар саяси аренаға шыққан уақытта Таяу Шығыс аймағы мен Европа аренасы да тынышсыз еді. Алғашында, Византияның шақыртуымен, сосын Рим папасының (Ватикан шіркеуі) ұйымдастыруымен бүкіл феодалдық Европадан жиналған рыцарлар армиялары/19/ Таяу шығыста үлкен қанды оқиғаларға себепші болды. Бүкіл христиаңцық Батыс пен мұсылман Шығысы Таяу Шьныстағы саяси процестерді жіті бақылап отырған еді/20/. Крестшілердің қанды жорықтары Византия империясына да аз шығын әкелген жоқ. Мұсылман елдері арасынан Европа крестшілеріне қарсы азаттық күресін жүргізіп жатқан жалғыз ел-фатимидтер династиясы билеп отырған Египет еді/21/. Аббасидтердің Бағдаттағы саяси әскери жағдайы нашарлап, олар мұсылман әлемінің саяси-діни орталығы болудан қалған соң бүл рольді Египеттің фатимид династиясы өз қолына алуға тырысады. Ұлы Селжұқтар Бағдатты өздеріне бағындырған соң селжұқтар мен фатимидтердің арасындағы саяси ахуал күрт нашарлап, екі держава да бір бірінен үстем болуға тырысады. Қанша нашарлады дегенімен де, латын агрессиясынан соң қайта есін жиған Византия да өздерінің Шығыс колониялары үшін селжұқтармен көптеген ұрыстар жүргізеді.

Этногенез жағынан алғанда бұлардың барлығынан да жас болған ұлы селжұқтар өз көршілерін жеке-жеке талқандайды. Селжұқтардың 1038-1062 ж. ж. қағаны, ұлы сардар Тоғрыл бек 1055 жылы аббасидтерден Иранды тартып алған соң, халифаттың астанасы Бағдатқа қысым жасайды. Бағдат халифалары бүл кезде түрік гулямдарынан шыққан бұлардың саяси ықпалында болатын. Селжұқтар бұларды қуып, аббасидтердің соңғы халифаларын өз бақылауларына алады/22/. Селжұқтар көшпелі оғүз-селжұқ аламандарының әскери күшіне сүйене отырып, негізінен батыс бағыттарда жаңа территорияларды бағындыру үшін жорықтар ұйымдастырады. Фатимидтердің аддыңғы отрядтарын талқандап, олардан Сирияның көп жерін, Палестинаның шығыс аймақтарын тартып алған еді. Селжұқ территориялары әлсірей бастаған Византияның шығыс жерлері есебінен де өсіп отырды. 1062-1073 ж. ж. арасында селжұқтардың қағаны болған Алып Арыстан сұлтан 1071 жылы Кіші Азиядағы Макцикері шайқасында император Роман IV Диогеннің армиясын жеңеді де, Византиядан көп жерлер тартып алады. Византиядан тартып алынған жерлерде артынан селжұқтардың батыс топтары Рум сұлтанатын құрады. Өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Византия императоры батыс христиандарынан әскери көмек сұрайды да, жауап ретіңде крест жорықтары басталып кетеді. Селжұқтар Азиядағы істері бас көтертпей жатқанына қарамай-ақ, Сирия мен Палестинада, Шығыс Византияда крестшілер армияларын бірнеше рет талқандайды. Фатимидтер крестшілерден көп жеңіле бастаған соң Египетте әскери төңкеріс жасаған Салах-ад-дин билік басына айубидтер династиясын (1171-1250) әкеледі. Аййубидтер крестшілердің жорықтарына тоскауыл қойғанымен де, діндес селжұқтармен тіл табыса алмайды.

Оңтүстік Азияда зор селжұқтар империясының құрылуы Шығыстың көптеген елдерінде этномәдени процестерге үлкен әсер етеді. Ұлы селжұқтардың мемлекетін құрған, барлық шайқастардың ауыртпалығын көтерген көшпелі түркілер соғыстар барысында, жаңа жерлерді игеру барысында Азияның көптеген елдеріне тарала орналасады. Олар Иран, Солтүстік Ауғанстан, Араб Ирагы, Сирия, Палестина, Күнгей Кавказ, Кіші Азия жерлеріне қоныстанады/23/. Ұзақ уақыт бойына Ұлы Түркістанның ішкі аймақтарынан толассыз келіп жатқан түрік тайпаларының әскери күштері ұлы селжұқтардың соғыс қабілетін өсіріп отырды, бұл түркілердің дені - оңтүстік түркілері, немесе оғыз тектес түркілер болатын. /24/

Келіп орналаскдн территорияларының этникалық құрамына қарай көшпелі түркілер отырықшы өмір салтына көшіп бірте-бірте ассимиляцияна бастайды. Жергіліьсгі халықтар да түркілердің зор этникалық мәдени ықпалына түседі. Көптеген территорияларда тұтас түркі аймақтары қалыптасады. Селжұқтар түркімен, азербайжан, түрік-осман халықтарының қалыптасуына шешуші ықпал етті. Селжұқ проблемасын қарастырған кезде «оғыз» атауына тоқталмай өту мүмкін емес. «Оғыз» этнонимі алғашында Сырдария мен Арал маңындағы түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы ретінде калыптаскдны белгілі/25/. «Оғыздардың» өзі көзінде Ұлы Көк Түрік қағанатын құрған тайпалардың бірі- тоғыз - оғыздардың ұрпақтары болган еді. ІХ-Х ғасырларда «оғыз» этникалық үғымға ие болады. Сырдария оғыздарының арасынан атақты дала абызы- Ұлы Қорқыт атаның шыққаны мәлім.

IX ғасырда Оғыз бірлестігі бірте-бірте Оңтүстік Түркістан территориясына ығысып, ол жерлерде этногенездік процестерге қатынасады. Бүл дәуідегі оғыздарды «жабғы» билегені белгілі. XI ғасырдың ортасында Қазақстан жерінде күшейген қыпшақ бірлестігі оғыздарды талқандаған соң, оғыздар бірнеше топқа бөлдінеді де, олардың бір бөлігі Оңтүстік Украина, Балқан жарты аралына кетсе/26/, ал екінші бөлігі Хорезм, Мауреннахр, Қорасан аймағына ығысады. /27/. Енді бір бөлігі Арал маңында қалып, қыпшақ конференциясына қосылады. Осы уақыттан бастап саяси-этникалық термин ретінде «оғыз» сөзі аз қолданыла бастайды. Оның орнына кейде «түркімен» сөзі қолданыла бастайды.

Оңтүстік Түркістан мен Қорасандағы оғыз-түркімеңдердің ортасынан X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың басында қынық тайпасы бел алып, күшейе бастайды. Қынық тайпасының билеуші әулеттері қалған оғыздарға билік жүргізуге тырысады. Осындай әулеттің бірінің көсем бегі- Селжұқ Тұғақұл барлығына өз құзырын орнатады да, селжұқтар династиясының іргетасын қалайды. Селжұқтардың көсемдері кейде «жабғы» кейде «қаған», кейде «бек» атағын иеленіп жүреді де, кейін бірте бірте «сұлтан» атағын түпкілікті иеленеді. Сондықтан да, тарихи әдебиеттерде олардың мемлекетін әр түрлі атау қалыптасқан- «селжұқ державасы», «селжұқ империясы», «селжұқ мемлекеті», «селжұқ қағанаты», «селжұқ сұлтанаты» және т. б. Бұл атаулардың қай қайсысы болсын Ұлы Селжұқтар мемлкетінің балама атаулары болып табылады, әрі қай атты пайдаланса да кдте болмайды.

Исламға дейін селжұқтардың жаулап алу согыстары территорияны кеңейту ұранымен өтсе, исламды ресми мемлекеттік дін ретінде қабылдаған соң барлық соғыстарын «қасиетті жихатпен» байланыстыратын болды. /28/.

Селжұқтардың тарихы өте ерте кезден бастап ак жылнамашылар (әр тілдегі) мен тарихшылардың назарын аударғанын жоғарыда айттық. Енді олар туралы қандай деректер мен күжаттардың сақталғаны, олар туралы кдндай авторлар еңбектер жазғаны мәселесін қарастырайық.

Орта ғасыр авторларының ішінен Байхаки Абул Фазлды/29/, Низам ал-Мулькті/30/ ал-Хусайни Садр-ад-дин Алиді/31/, Абул Фазл Мухаммед ибн Хусайн Байхакиді/32/, Захр-ад-дин Нишапуриді/33/ және т. б. айтуға болады. Негізгі тарихи деректер араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған. Ұлы Селжұқтар мемлекетінің ресми қрштарын жинастырып, жарыққа шығаруда ірі еңбек сіңірген шығыстанушы- Г. М. Курпалидистің еңбегін/34/ ерекше атап көрсету керек. Бүл жинақта автор Селжұқ мемлекетінің ресми зандарын, елшілік күжаттар мен хаттарды, салық және қаржы документтерін, қазына күжаттарын, жер нормативтеріне арналған актілерді, әскери уставты, ақша-монета жүйесін ыждахаттылыкден талдап шыкқан. Жалпы селжұқ дәуірінің құжаттарын зеррттеу - үшін Г. М. Курпалидистің аталған еңбегі үлкен қолғабыс болары сөзсіз.

Тарихнамалық еңбектер аса бай болуына орай біз бұл жерде ең негізгі авторлардың еңбектеріне ғана шолу жасап өтуге мүмкіндіктеріміз бар екенін ескертеміз. Негізгі авторлардың ішінен біз мыналарды атар едік: К. Брокельман/35/, М. А. Кеймен/36/, К. А. Стори/37/, К. Каэн/38/, Х. Гибб/39/, Ф. Розентал/40/, К. Босворт/41/, Б. Шпуллер/42/, В. В. Барйольд/43/, И. Ю. Крачковский/44/, В. И. Беляев/45/, ААРомаскевич/46/, К. А. Арендс/47/, С. ГАгаджанов/48/, З. М. Буниятов/49/, Г. М. Курпалидис/50/, А. А. Чакрян/51/, В. А. Гордлевский/52/, Т. Ходжаниязов/53/, С. В. Борназян/54/ және т. б.

Селжұқ тарихын зерттеуге ат салысқан түрік тарихшылары И. Кафесоглыны/55/, О. Туранды/56/ бөле айтуға болады. Селжұқ тарихымен айналысқан бүлардан басқа айтулы тарихшылардың еңбектеріне біз белгілі бір мөселеге тоқталған кезде текстің ішінде айтып отырамыз.

Бүл диплом жұмысының құрылымы мынандай тараулардан тұрады:

I тарау. «Селжұқтар мемелекетінің құрылуы (Х-ХІ ғасырдың алғашқы жартысы) »; II тарау. «XI ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы Селжұқтар империясы»; III тарау. «Селжұқ империясының әлеуметтік-экономикалық жүйесі және сепаратистік қозғалыстардың басталуы»; IV тарау. «Ұлы Селжұқтар империясының ыдырауы және Шығыс Селжұқ сұлтанаты».

Жұмыстың соңында қорытынды және әдебиеттер мен деректердің тізімі берілген.

I ТАРАУ. Селжұқтар мемлекетінің құрылуы (Х-ХІ ғасырдың алғашқы жартысы)

1. 1. Х ғ. соңы мен ХІ ғ. бірінші жартысындағы Селжұқтар мемлекетінің нығаюы.

Селжұқ мемлекетінің тарихы Сырдария оғыздарының тарихынан басталады. Сырдария оғыздарының мемлекеттік бірлестігі шамамен X ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан болатын. Оғыздардың алғашқы астанасы Жаңакент қаласы болған деген жорамал бар. Ондай пікірді тарихнамада алғаш рет академик В. В. Бартольд айтқан болатын/57/. Бірақ бұл әлі күнге дейін дәлелденбеген жәйт.

Оғыз тайпаларының Селжұқ мемлекеті құрылғанға дейінгі тарихына қатысты тарихи мағлұматтар өте аз сақталған. Сақталған материалдар үзік-үзік болуына орай, ескі оғыздардың мемлекеттік бірлестігінің баянды тарихы әлі күнге дейін толық қалпына келтірілген жоқ. Орта ғасырлық географ ал-Идрисидің (1100-1166) «Китаб Руджар» атты еңбегінде Сырдария оғыздары туралы біршама мәліметтер кездеседі/58/. Идриси алғаш рет картография ғылымында оғыздардың территориясын анықтауға әрекет жасаған еді. Идрисидің және т. б. авторлардың еңбектері арқылы қазіргі тарихшылар оғыз мемлекеттік бірлестігінің алғашқы территориясы Сырдария өзенінің қос алқабы, Қаратау жоталары, Арал теңізі маңайы деп топшылауда. Оғыздардың шығыс шекаралары X ғ. Оңтүстік Балқаш аймағына дейін, Батыс шекаралары Еділ дарияның төменгі ағысына дейін соғылған. Іле өзені оғыздар мен қарлықтарды екіге бөліп түрған табиғи шекара рөлін атқарады.

Оғыз тайпалары бірнеше ірі тайпа одақтарына бөлініп өмір сүреді. Оғыздардың Оңтүстік Қазақстан территориясында орын тепкен ерте ортағасырлық қалаларда тұратындары да аз емес еді. Негізгі сауда жолдары мен сауда қалаларын өз қолдарында ұстаған оғыздар сол заманғы халықаралық саудада үлкен роль атқарады. Оғыздар арасында қола мәдениеті тіпті жақсы өрістеген еді. X ғасырдың өн бойында оғыз тайпалары Оңтүстік бағытқа қоныс аударып, жылжи отырып Қорасан аймағына дейін қоныстанады. Батыста оғыз тайпалары башұқрттармен, хазарлармен, біртастармен шектеседі. Бұл мәліметтер ерте ортағасырлық дерек «Худуд ал -алем» кітабында келтірілген/59/. Ислам өркениетімен байланысқа тұскен соң сол уақыттың өзінде оғыздардың бірнеше ірі тайпалары осы дінді ресми түрде қабылдаған болатын. Осы исламды қабылдаған оғыздар арасында X ғ. «түрікмендер» деген этноним пайда болады. Бұл туралы деректер Әбу Райхан ал-Бирунидің «Китаб ал-джамахир фи марифат ал - джавахир» атты еңбегінде келтірілген/60/. Мұндай деректі ортағасырлық автор Макдиои да келтіре отырып, аталған оғыз-түрікмендердің көптеген қалаларының аты мен орналасқан орындары туралы хабар береді. /61/

Қала мәдениетінің барлығына қарамай-ақ бұл дәуірдегі оғыздардың басым көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жер шаруашылығымен де, балықшылықпен де айналысатын оғыздар болған. Оғыздар малдың ыңғайымен көбіне-көп жыл он екі ай бойы, маусымды жайылым қуып өмір сүретін. Жазғы жайлау мен қысқы қыстау өте қатаң түрде реттелген еді. Өздерінің өмір салты, әдет-ғұрпы, тілі, дәстүрлі шаруашылығы жағынан алғанда Сырдария оғыздарының басқа түркілерден көп айырмашьшығы болған жоқ. Оғыздар төрт түлік малдан әсіресе маусымды жайылымға шыдамды малды ғана қолдарында өсіруге тырысты: жылқы, түйе, ешкі, қой, аздаған мөлшерде сиыр болды. Төрт түлік малдың еті, сүті, жүні, терісі оғыздардың ең басты қажеттерін толығымен өтеп отырды. Оғыздар артық өнімдерін отырыкдіы халыққа сататын, не айырбасқа өткізетін. Оғыздар сол кездегі халықаралық айырбасқа да, саудада да үлесі бар ел еді. Бұл дәуірдегі оғыздар негізінен рулық тайпалық қоғамдық құбылыста өмір сүрді. Бірақ олардың қоғамдық құбылысында феодализмнің алғашқы көрінісі де байқала бастаған еді. Орта ғасырлық түркі әдебиетшісі Махмут Қашқаридың мәліметіне қарағанда Сырдария оғыздарында 24 негізгі тайпа болған. /62/ Олар: қынық, қайық, баяндұр, йива, салұр, афшар, бектілі, бұқдұз, баят, язғыр, эймұр, қарабұлақ, алқабұлақ, игднр, урегир, тұтырқа, улайондулуг, тюгер, джебни, печенег, жувулдур, жаруклуг, кіші халадж, үлкен халадж. Бұл тайпалардың аттары сондай-ақ Фахр ад-Дин Мерверудидің де/63/, Рашид ад-Диннің де/64/ еңбектерінде кездеседі. Соңғы автор оғыздардың барлық тайпасы екі үлкен одакқа, яғни «бұзұқ» және «ұшұқ» одақтарына біріккенін айтады.

Оғыздардың іштей екі үлкен тайпа одақтарына жіктелгені тарихшылар арасында үлкен пікірталас тудырған еді. Тарихшы Т. Хаутсма бұндай жүйені «әскери саяси құрылым» немесе әскери соғыс қажетінен туған жіктеліс деп түсінеді. /65/ «Бұзұқтар» оғыздардың өз ішінде «ұшұқтарға» қарағанда үлкен кұқықтарды пайдаланады, хандар алғашқыларынан шығып отырды. Әр ру тайпа өз ұранымен, өз таңбасымен өмір сүрді. Сондай- ақ, жалпы оғыздардың барлығына ортақ ұрандар мен таңбалар да болды. Әбілғазы йахадүрдың түрік шежіресінде оғыз-түркімендерддің 12 аймаққа жіктелгені туралы мәлімет берілген. /66/.

Барлық оғыздар ортақ Билік Заңы мен Жасаң Заңы арқылы басқарыды. «Оғыз елі» деген түсінік «оғыз халқы», «оғыз мемлекеті» деген түсінік берді. Оғыздардың ортасында тегі жағынан оғыз емес түркілер де аз емес болатын, олар рулық емес, елдік жүйе бойынша бірікті. Рулық тайпалық жүйеге қарамай-ақ оғыздардың арасында мүлік теңсіздігі кең түрде байқалады. Мысалы, араб саяхатшысы Ибн Фадлан оғыздар арасында 10. 000 жылқысы бар байлардың да, бір атты кедейдің де барын әңгімелейді. /67/. Оғыз қоғамында ішінара құлдар мен кедей-бейшаралар да кездесті, бірақ шаруашылықта құл еңбегі пайдаланылған жоқ. Мал шаруашылығымен негізінен ерікті бақташылар айналысты. Оғыз қоғамында кедейленген жігіт ақшаға жалданып, мұсылман елдеріне «гулям-жауынгер» ретінде кететін. Оғыз-түрік гулямдары мұсылман елдерінде аса қымбат бағаланып, жауынгерлік ерліктерімен даңққа бөленуші еді. Әр жылдары, исламды қабылдаған оғыздар арасынан ерікті гулямдар шығып, олар «қасиетті жихат» идеясы арқылы христиан армияларымен болған қанды шайқастарға аттанатын. Түрік оғнздар арасында «гулям» титулы ешқашанда «құл» титулымен қатар қойылған емес. Оғыз қағанындағы негізгі құлдар - соғыс тұтқындары, яғни, мұсылман елдеріне жасалған жорықтар кезінде қолға түскендер еді.

Оғыз қоғамындағы мүлік және әлеуметтік жіктеліс процесі қоғамда феодалдық қатынастардың жандануын жеңілдетті. Феодалдану процесі бірақ, оғыздардың көшпелі өмір салтын бірден өзгерте алған жоқ, өйткені халық өздерінің түп аталары саналатын оғыз қаған атты дейтің өсиетке өте берік болып қала берді. «Сақтанындар, ешқашан отырықшыға айналмаңдар! Көктеу, жайлау, күздеу, қыстау арасында үнемі көшіп күн көріндер! Үлкен өзендердін жағасына, көлдердің маңына қоныстаныңдар! Сонда ғана сендерде сүт, ет, ірімшік, қымыз бен қымыран таусылмайтын болады»/68/. Сондықтан да, негізгі оғыз халқы көшпелі өмір салтын түтавды, мұнда отырықшылардың еміріне қарағанда анағұрлым бақытты тұрмыс деп санады. Отырықшылыққа өткендерді «жатақ», «сарт» деп кемсіте сөйледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исмаилизм: хасан ибн саббах және ассасиндер
Анадолы Селжұқ мемлекеті (468-718 1075-1318)
Селжұқтар билігі кезеңінде медицина және ауруханалар
Оғыздар
Оғыз мемлекеті жайлы
Ахилік сөзі және ахилік
Қарахандар мелекетінің құрылуы
Деректерде осы маздакиттер қозғалысы тұсында
Ежелгі Хорезм мемлекеті
Түркі дәуірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz