ХХ ғасырдың 40-90 жылдарындағы АҚШ-Қытай қарым – қатынастары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«ХХ ғасырдың 40-90 жылдарындағы
АҚШ-Қытай қарым - қатынастары»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. ТАРАУ. ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚХР) МЕН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ (АҚШ) АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНАУЫ
- АҚШ - ның Қытай Халық Республикасын тануы . . . 12
- ҚХР - АҚШ - Тайвань қарым - қатынастары . . . 15
II ТАРАУ. АҚШ - ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
- Дипломатиялық байланыстың орнауы. Екі ел арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстар . . . 25
- АҚШ - Қытай әскери байланысының нығаюы . . . 31
ІІІ. ТАРАУ. 80 - 90 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘСКЕРИ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСТАР
- 80-90 жж. экономикалық, әскери қарым-қатынастар . . . 34
- Адам құқығы мәселесі . . . 42
КОРЫТЫНДЫ . . . 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 46
КІРІСПЕ
Кейде қарулы қақтығыстарға дейін ұласа жаздаған жиырма жылдан астам ашық жауласылушылықтан кейін ең ірі азиялық елдің бірі Қытай мен алдыңғы қатарлы капиталистік мемлекет АҚШ жақындасуға белсенді тұрде күш сала бастады. Ұзақ жылдар бойы Қытай Халық Республикасын мойындаудан бас тартып келген АҚШ-ң билеуші топтары Қытайды "оқшаулау" және "ұстау" бағытын ұстанғанмен өз позициясын тұбірімен өзгертті. Американ империализмін бастапқыда "Қытай халқының қас жауы" деп атаған пекиндік жетекшілер де өздерінің бұрынғы көзқарастарынан айныды.
Екі жақтың іс жүзіндегі қадамдары АҚШ пен ҚХР арасындағы қатынастардың ретке келуі мен дамуы негізінде Қытай басшылығының марсизм-ленинизм қағидаларынан шегініп, социалистік достастық елдерімен қатынасын үзгені, Пекиннің ашықтан-ашық антикеңестік, антисоциалистік бағытты қабылдағаны, сондай-ақ АҚШ-ның билеуші топтарының саясатында реакциялық көзқарастардың күшеюі жатқанын көрсетті.
70-жылдардың басындағы американ-қытай қатынастарының әуел бастағы өзгерісінде-ақ пекин басшылығы АҚШ-пен антикеңестік негізде байланыс орнатуға ұмтылды. Дегенмен, Никсон мен Форд әкімшілігі Пекиннің мұндай бағытын құшақ жая қарсы алды деп айтуға болмайды.
Себебі АҚШ Кеңес Одағымен қарым-қатынастағы АҚШ мүддесінің маңыздылығын ешқашан есінен шығармады. Осылайша АҚШ-ң Кеңес Одағымен байланысы белгілі дәрежеде дұрыс болды. Әрине, мұндай жағдай пекиндік жетекшілердің көңілінен шықпады. Әсіресе, Мао бастаған пекин басшылығы Батыспен, соның ішінде АҚШ-пен тым жақындасып кетуден қорықты. Мао Цзэдун АҚШ-ты КСРО-ға қарсы саяси құрал ретінде пайдалануға тырысты.
Осындай факторлар 70-жылдардың бірінші жартысының соңына қарай АҚШ-Қытай қатынастарының дамуының баяулауына әкелді. Ең маңызды екі жақты мәселелерді шешу, әсіресе Тайвань мәселесі негізінде пайда болған салқындық дипломатиялық қатынастардың орнауына кедергі жасады.
"Тайвань болашағы Отанның бірігуіне байланысты. Бөліну шытырықтан шығатын жол емес. Біз Тайвань мәселесін шешуге қабілеттіміз. Толық бірігу жолында қаншама қиындық бар екеніне қарамастан, бұғаздың екі жағындағы бар қытайлар мен ҚХР-ң ұл-қыздары Қытай халқының негізгі пайдасын ескере келе, қолтықтасып жүреді. Сонда Отанның толық бірігуі және ұлттың жан-жақты жаңғыруы қайтсе де жүзеге асады"- деді Қытай Коммунистік партиясының Бас Хатшысы Цзян Цзэминь КПК-нің ХҮ съезінде сөйлеген сөзінде[16, 158] .
Тайвань аралы әлемдік тарих субъектісі болғаннан бері "керемет арал" (Формоза) деп аталып келеді[12, 26] . Ал, кдзір болса, ол "экономикалық ғажайып" немесе ХХ-ғасыр "айдаһарларының" бірі ретінде белгілі. Тайваньда экономика, ғылым мен техника тез қарқынмен дамып, өте жоғары жетістіктерге жеткендіктен, соңғы кездері оның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделі көп қызығушылық туғызуда.
Тайваньның белгісіз мемлекеттік статусқа ие болуы (біреулер үшін ҚХР-ң провинциясы, енді біреулер үшін - Қытай Республикасы болуы) зертеушілер үшін белгілі бір қиындықтар туғызуда. Әлемдік көлемге ие болған өзекті мәселелердің бірі - ҚХР-Тайвань-АКШ қатынастары болып табылады.
ҚХР мен АҚШ қарым-қатынасында Тайвань мәселесі ең маңызды орын алады. Бәрімізге белгілі 1946 жылғы Потсдам декларациясында бүрынғы жапон отары болған Тайваньды Қытайға қайтару жөнінде шешім қабылданғанымен, АҚШ Тайваньды гоминьдандықтардың басып алуына итермелеп, континенттегі Қытайдан қуылған Чан Кайши армиясының қалдықтарына көмек көрсетті; 1954 жылы "Қытай Республикасымен өзара қорғаныс" келісіміне қол қойды.
АҚШ Тайваньды "ерікті дұниенің сөресіне" айналдыру ұшін, оның капиталистік даму жолының "артықшылықтарын" дүние жүзіне паш ету мақсатында барлық күшін салды. Тайвань экономикасын капиталистік жолмен дамыту барысында жеке капиталды тарту сияқты т. б. толық шаралар жүйесін жүргізді.
Америка империализмі үшін Тайваньның әскери стратегиялық маңызы ерекше. Бұл - Құрама Штаттардың өте маңызды әскери-әуе және әскери-теңіз базасы, сондай-ақ Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы американың әскери мүдделерін байланыстырушы жүйе. Тайвань әскерін қайта қаруландыру үшін АҚШ орасан зор қаржы жұмсады. 1950 жылдан 1978 жылға дейін олар Тайваньға әр түрдегі (кредиттер, қайтарымсыз көмек, түрлі заттарды арзан бағамен сату) 5, 6 млрд. долларға әскери техника мен қарулар берді. Сонымен бірге АҚШ 1983 жылға дейін 600 млн. доллар беруге уәде берген. Американ көмегінің негізінде Тайвань 450-500 мың адамнан тұратын түрақты әскер үстай алды.
70 жылдар "Тайвань мәселесі" жөнінде Қытай-АҚШ қатынастарында үлкен өзгерістер болумен ерекшеленеді. Осы кезден бастап Пекин тайваньдық режиммен байланыстарын күшейтуге ұмтылды. Алайда Тайбэйде бұл ұмтылыстарға дұрыс жауап бермеді. Тайвань өзінің дипломатиялық беделінің түсіп кетуіне орай саяси сәтсіздіктерін "экономикалық басқыншылықпен" бүркемелеуге тырысты. Ол сондай-ақ барынша көп мемлекеттермен ресми дипломатиялық қатынастарды сақтап қалуға бағытталған бірқатар қадамдар жасап, ҚХР мойындаған елдермен де экономикалық және мәдени байланыстар жасауға ұмтылды. 1980 жылдары Тайваньмен дипломатиялық катынастары жоқ оның саудадағы серіктестері: АҚШ, Жапония, ФРГ, Гонконг, Индонезия, Австралия, Канада, Үлыбритания, Сингапур және Нидерланды болды.
Сонымен бірге ҚХР Тайвань мәселесінің шешілмеуін өз есебіне пайдалану мақсатында өзін дамушы елдердің алдында территориясының бір бөлігін тартып алған империализмнің құрбаны етіп көрсетеді. Осы жағдай Пекинді дүние жұзілік билікке ұмтылуға итермеледі. Тайваньмен қосылу ұранын Қытай жетекшілері елдің карулануын актау мақсатында да пайдаланды. Тайвань мәселесін шешу ұрандарына қайта-қайта оралып, пекиндік жетекшілер осылайша Қытай-АҚШ жақындасу процесін жылдамдатты.
Құрама Штаттар өз кезегінде Тайвань мәселесінің шешілмеуін ҚХР-мен қатынастарында мейлінше аз жол беріп, іс жүзінде Тайваньмен одақтық жағдайды, онымен экономикалық, әскери-стратегиялық жақтарда байланыстарын сақтап қалуға мүмкіндіктер берді.
Ол кезде Пекин үшін ең басты орында - КСРО-ға карсы күрес тұрды. Сондықтан да АҚШ Кеңес Одағы жөнінде неғүрлым қатаң саясат ұстанса, Қытай АҚШ қатынастары соғүрлым жақсарады деген ой болды.
Осындай жағдайда 70-жылдардың екінші жартысында өте маңызды өзгерістер болды. АҚШ-та үкімет билігіне келген Картер әкімшілігі өзінің сыртқы саясатында қатаң антикеңестік бағыт ұстанды. Бұл бағыт КСРО-ға саяси қысым жасауға негізделді. Сонымен бір мезгілде әкімшілікте КСРО-ға "Қытай факторы" арқылы ықпал жасауға тырысты. Қытай әрине мұндай көзқарасты барынша құптады.
ҚХР билігінде де өзгерістер болып, нәтижесінде "төрт" модернизация" бағытын жүзеге асыру мақсатында Батысқа бет бұрушылықты жақтаушылардың позициялары нығайды.
Осылайша АҚШ-Қытай жақындасуы екі жақты қатынастардьі реттеудің шегінен шығып, әлдекдйда кең аймақты қамти отырып, халықтардың қауіпсіздігі мен бейбіт өмір сүру мәселелерін де қозғайды. Бұл диплом жұмысының өзектілігі осында жатыр.
Мұндай жұмыс жазудағы мақсат - дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі - АҚШ пен Қытай арасындағы қатынастардың қаншалықты маңызды екендігін оқырман қауымға жеткізу. Осы екі ел байланыстарының дамуы тарихи және саяси жағынан көптеген мемлекеттер тағдырына ықпал жасады деп айтуға болады. Сондай-ақ осындай ауқымды тақырыпты жан-жақты зерттеп, оқушыға дұрыс тұсінік енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым.
Осыған байланысты бұл еңбектің міндеті - Қытай-АҚШ қатынастарына қатысы бар деректерді мүмкіндігінше пайдаланып, екі ел арасындағы байланыстарға объективті жағынан қарап, көлеңкелі тұстарын жарыққа шығару.
Енді жұмысты жазуда пайдаланылған әдебиеттерге талдау жасайтын болсам, бұл менің тақырыбыма тікелей арналған түп дерек пен зерттеу еңбегі болмағанмен, мерзімді басылымдар материалдары жеткілікті.
Жұмысты жазу барысында пайдаланылған зерттеу еңбектерінің бірі Д. Т. Капустиннің "Қытай-америка қарым-қатынастарындағы Тайвань мен Оңтүстік Корея (1969-1979) "[7] деген еңбегі. Бұл монография АҚШ-Қытай қатынастарындағы Тайвань және Корея мәселелерінің Вашингтон мен Пекиннің белсенді жақындасу кезеңіндегі роліне арналған. Дегенмен, автор өз тақырыбын ауқымды түрде қарастыруы еңбекті одан сайын қызықты етеді. Ол Құрама Штаттар мен Қытайдың Азиялық саясатының маңызды жақтарын таңдайды. Қиыр Шығыстағы күштердің арасалмағын, Қытай, Жапония, АҚШ және олардың "кіші одақтастарының" орнын анықтайды.
Еңбекте Р. Никсонның, Д. Фордтың және Д. Картердің сыртқы саяси доктринасындағы азиялық бағыттары салыстырылып, олардың бәрі де Қиыр Шығыста Құрама Штаттарға ерекше рөлді қамтамасыз етуге ұмтылды деген қорытынды жасалынады. Сонымен бір мезгілде автордың нұсқауынша, барлық вашингтондық әкімшіліктер сол кезеңде АҚШ-Жапония-Оңтүстік Корея аймағы бойынша жаңа әскери саяси құрылым құруға күш салды.
Сондай-ақ бұл кітапта АҚШ-Қытай қатынастарындағы белгілі мәселелер зерттелген. Қарым-қатынастарды ретке келтіру барысында екі жақтың да Тайвань мәселесін айналып өтуге тырысқаны баса айтылды. Бұл мәселе түрғысындағы Пекиннің позициясы принципсіздігімен және өзінің прагматикалық пайдасы ұшін Қытай халқының заңды түрде елдің біртұтастығына ұмтылу құқығын құрбандыққа шала салатындығымен ерекшеленеді.
Пайдаланылған келесі зерттеу еңбегі С. К. Меркуловтың "Америка-қытай жақындасуы" (70 жылдардың екінші жартысы) [14] деп аталады. Бұл еңбекте де Қытай-АҚШ қарым-қатынастарының жиырма жылдық ашық жауласуынан кейінгі өзгерісі сипатталады. Екі жақтың бір-біріне бет бүруға белсенді әрекет жасауы нақты деректер негізінде баяндалады. Ұзақ уақыт бойы Қытай Халық Республикасын мойындаудан бас тартып келген АҚШ пен американ империализмін қытай халқының "ең үлкен жауы" деп санаған пекин жетекшілері өз көзқарастарын түбірімен өзгертті.
Монографияда 70 жылдардың екінші жартысында, яғни билікке Картер әкімшілігі келгеннен кейін, ал ҚХР-да жаңа басшылық келуіне байланысты Қытай-Америка қарым-қатынастарының өзгеруі зерттелінген. Автор екі жақты қатынастардың ретке келуі мен нығаюын саяси және сауда-экономикалық сала жағынан қарастырады. Сондай-ақ АҚШ пен ҚХР арасындағы қарым-қатынастарға кері әсерін тигізетін факторларды талдайды.
Осылайша, автор Қытай-Америка жақындасуының негіздерін, мақсатын және сипатын көрсетуге және оның халықаралық жағдайға әсерін анықтауға ұмтылған.
Кеңес ғалымдары В. Б. Ворнцов, Б. Н. Занегин, М. С. Капица, Д. Т. Капустин, В. А. Кременюк, В. П. Лукин, В. М. Мазуров, А. А. Нагорный және т. б. 80 жылдары АҚШ пен ҚХР арасындағы түрлі фактілерге арналған көптеген зерттеулер жариялады[3; 5; б; 7; 9; 10; 11; 13] . Дегенмен, Қытай жөніндегі АҚШ-ң саясатының қозғаушы күштерін қарастырған бірден бір еңбек Е. А. Бажановтың "АҚШ-ң Қытайға қатысты саясатының қозғаушы күштері" атты еңбегі[1] .
Бұл еңбекте Вашингтонның қытайлық саясатының ішкі механизмі зерттелген: АҚШ-ң Қытайға көзқарасының себептері талданады.
Осы еңбектің бірінші бөлімінде автор қысқаша түрде американдық сыртқы саясаттың қозғаушы күштерін талдаған; екінші бөлімде АҚШ-ң Қытайға деген қатынасының себептері қарастырылған.
Енді бір пайдаланылған зерттеу еңбегі В. М. Мазуровтың "АҚШ-Қытай-Жапония (1969-1979 жылдардағы мемлекет аралық қатынастарды қайта құру) "[13] . Бұл монографияда үш елдің дамуындағы түрлі кезеңдердегі мемлекетаралық қатынастардың жаңа ерекшеліктеріне үлкен көңіл бөлінген. Мемлекеттер арасындағы қатынастарды зерттеу, олардың әрқайсысының ішкі саяси процестерімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, жалпы капитализм дағдарысының одан әрі тереңдеуі жағдайындағы дүниежүзілік саясаттың ықпалы басым.
Еңбектің хронологиялық шеңбері АҚШ-та 1968 жылдың соңында билікке республикалық әкімшіліктің келуінен бастап, Қытай-АҚШ қатынастарының реттелуіне дейінгі кезеңді қамтиды.
Осы ұсынылған еңбек көтерілген барлық мәселелерге толығымен жауап бермегенімен, айтарлықтай маңызды дүниелерді қамтиды.
Келесі бір пайдаланылған зерттеу В. Б. Воронцовтың "Қытай мен АҚШ: 60-70-ші жылдар"[3] деп аталатын еңбек. Бұл кітап қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы ең маңызды мәселелерге арналған. Мұнда Қытай-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы, Пекиннің сыртқы саясатындағы антикеңестік бағыттардың жалпы дамуымен тығыз байланыста қарастырылады. Автор ҚХР мен АҚШ арасындағы қатынастардың реттелуін уақыттың объективті кажеттіліктерінен туындағанын айта отырып, маолық Қытайдың принципсіз позициясын айыптайды. Еңбекте автор Қытай жетекшілерінің АҚШ жөніндегі көзқарасының дамуын зерттеп кана қоймай, сонымен бірге Вашингтон саясатындағы түрлі бағыттардың өзара күресін талдайды. Еңбектің хронологиялық шеңбері 1960 жылдан 1976 жылға дейінгі кезеңді, яғни Мао Цзедунның қайтыс болғанына дейінгі мезгілді қамтиды. Дәл осы кезеңде Қытай-АҚШ-ң өзара байланыстары арасында іс жұзінде жаңа кезең басталды. Кітаптың соңғы тарауы мен қорытындысында осы кезеңге қысқаша сипаттама жасалынған, дегенмен, мұндай тақырып арнайы зерттеуді талап етеді. Автор сондай-ақ өз әріптестерінің зерттеулерінің нәтижелерін ескеруге тырысқан.
Г. Киссинджердің "Дипломатия" деген еңбегінің 1994-1995 жылдарда ұлттық бестселлер аталуы кездейсоқ болған жоқ. Г. Николсонның осы аттас кітабымен келісе отырып, автор қандай да бір дұние жұзілік тәртіптің тұрақтылығы мен ұзақтығына баға беруге тырысқан. Еңбек уақыт жағынан өте үлкен кезеңді қамтиды. Мұндағы оқиғалар 1648 жылғы Вестфал бейбіт келісімінен бастап, осы күндерге дейін талқылаған. Бұл кітаптың 28-тарауында АҚШ-та билік басына Р. Никсон келгеннен кейінгі дипломатиялық жағдай баяндалды. Сол кездегі "Никсон доктринасының" кандай себептерден шыққандығы және оның сыртқы саясаттағы атқарған ролі жан-жақты сипатталады. Қытай мен Америка Құрама Штаттарының қарым-қатынасы тақырыбын ғалымдар мен журналистер ешқашан шетте қалдырған емес. Әлемдегі ең халқы көп ел мен экономикалық жағынан ең мықты дамыған капиталистік мемлекет арасындағы байланыстардың қандайлық дәрежеде болғаны бақылаушылардың назарынан тыс қалуы мүмкін болмайды. Тіпті Қытай-АҚШ қатынастары тым өшпенділік жағдайда сипатталған "қырғи-қабақ соғыстың" қатты шиеленіскен кезеңдерде де көптеген елдерде бұл мәселеге деген қызығушылық жоғары деңгейде қала берді.
Осы орайда жұмыс жазу барысында пайдаланылған С. Гломбинскийдің "Қытай мен АҚШ" [4] деген кітабы - Пекиннің ішкі және сыртқы саясатын ұзақ уақыт бойы "сол жерде" түпкілікті зерттеудің нәтижесі. Сондай-ақ автор азиялық мемлекеттерге бірнеше қайтара сапар жасап, корреспондент ретінде Қытай мен Америка Құрама Штаттарда жұмыс атқарған.
Дәл осы жағдай еңбекті ерекше құнды етеді. Әсіресе автордың жеке жерлерімен оқырманмен бөліскен бөлімдері айтарлықтай сәтті шыққан. Автордың бақылаулары журналистік жеңіл тілмен тартымды тұрде жазылған.
С. Гломбиньский кітабындағы тағы бір артықшылығы: ол Қытай-АҚШ қатынастарының жекелеген бір аспектісіне ғана арналмаған, сол байланыстар толығымен қамтылған.
Поляк журналисінің еңбегі маркстік-лениндік көзқарас тұрғысынан жазылып, Қытай халқы мен Қытайлық антиимпериалистік, азаттық қозғалыстарды қолдау түрінде баяндалған.
80-жылдардан бергі уақыттағы Қытай-АҚШ байланыстары жөнінде негізінен мерзімді басылымдар материалдарын пайдаландым. Олар: "Қиыр Шығыс проблемалары", "Халықаралық өмір", "Азия және Африка халықтары", "Азия және Африка бүгін" деген журналдар.
Енді диплом жұмысының құрылысына талдау жасайтын болсам, ол кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, ал әрбір тарауы екі бөлімнен құралған. Бірінші тарау - "Қытай Халық Республикасы мен АҚШ арасында қарым-қатынастардың орнауы" деп аталады. Осы тараудың бірінші бөлімінде АҚШ-ң Қытай Халық Республикасын тануы, дипломатиялық байланыстың орнауы туралы айтылады. Мұнда екі ел арасындағы жиырма жылдан астам қарым-қатынастардың болмағанынан кейінгі байланыстардың кандай жолдармен орнай бастағанына талдау жасалынған. Қытай-АҚШ қарым-қатынастарының басталуына АҚШ-та президенттікке республикалық әкімшіліктің жетекшісі Р. Никсонның келуі жол ашты. Никсонның Пекинге бару сапарына алдын-ала дайындық жасалынып, оның бүл сапарына алдымен президенттің ұлттық істер жөніндегі көмекшісі Генри Киссинджердің рөлінің өте зор болғанын айтқан жөн. Ол өз сапары барысында (1971 жыл 9-11 шілде аралығы) президент Никсонның Қытай Халық Республикасына сапарының жоспарын белгіледі. Сондай-ақ Киссинджер Пекинге өзінің сауда ұсынысын жасады. Ол егер Пекин американдықтар кеткеннен кейін Ханойда сайгондық тәртіпті сақтауға, яғни екі Вьетнамды сақтап қала алса, онда Құрама Штаттар Қытай Халық Республикасына Тайвань мәселесі жөнінде жеңілдіктер жасайтынын білдірді. Сол кезде маолық басшылық бұл ұсынысты қабылдауға мәжбүр болды.
I - ші тараудың екінші бөлімі - "ҚХР-АҚШ-Тайвань қарым-қатынастары" деп аталады. Мұнда 1949 жылы Қытай Халық Республикасы орнағаннан кейінгі кездегі АҚШ-ң Қытай және Тайвань жөніндегі саясаты туралы айтылды. Сондай-ақ мұнда екі елдің сыртқы саяси бағыттарының қалай дамығандығына талдау жасауға тырыстым. Және де мұнда екі жақ байланыстарының болмауына нендей факторлар кедергі келтіргені туралы баяндалады. Солардың бірі Тайвань мәселесі.
Тайвань байырғы ғасырлардан бері Қытай территориясының ажырамас бөлігі болып табылады[17, 65] . 1895 жылы Цинь ұкіметі Қытай-Жапон соғысында жеңіліске үшырап, Жапонияға Тайваньды беруге мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін "Каир декларациясы" мен "Потстдам декларациясының" сәйкес бөлімдерінің негізінде Тайвань Қытайға қайтарылды. Америка үкіметі осы құжаттарда Тайвань жөнінде уәде берген болатын. Алайда осыдан кейін Корей соғысы басталысымен, АҚШ президенті Г. Трумэн Америка үкіметінің уәдесінен бас тартып, "Тайваньның болашақтағы жағдайы Тынық мұхит аймағында кдуіпсіздік қалпына келтіріліп, Жапониямен бейбіт келісімге келгеннен кейін ғана немесе Біріккен Ұлттар Ұйымында қарастырылғаннан кейін ғана анықталуы тиіс" деген мәлімдеме жасады [16, 159] . Трумэннің осы сөзінен кейін АҚШ үкіметі Тайвань бүғазына өзінің жеті флотын жіберу арқылы күшпен Қытайдың бірігуіне кедергі жасауға тырысты. Содан бері Тайвань мәселесі Қытай мен АҚШ арасындағы барлық қайшылықтар мен қақтығыстардың негізгі көзіне айналды.
Сондай-ақ осы бөлімнің соғында Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы жоғарғы деңгейдегі сапар алмасуларған қысқаша шолу жасалған.
ІІ-ші тарау АҚШ-Қытай қатынастарының дамуы деп аталады. Бұл тарау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде дипломатиялық байланыс орнағаннан кейінгі кезеңдегі екі ел арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени қарым-қатынастар жөнінде сөз болады. Хронологиялық уақыт шеңбері 1978 жылдардың екінші жартысына дейінгі кезеңді қамтиды. Мұнда негізінен Вашингтрн мен Пекин арасындағы жоғарғы дәрежелі чиновниктер мен мемлекеттік қайраткерлердің сапарларына талдау жасалынды. Осы кезеңце үкіметтіктен тыс делегациялармен алмасудың қарқыны да ұлғайды. 1979 жылы АҚШ-та ай сайын шамамен 30 қытайлық делегация болып қайтты. Мұндай сапарлардың Қытай-АҚШ қатынастарында алатын орны ерекше. Сапарлар барысында американдық сенаторлар, конгрессмендер Қытай Халық Республикасы басшылығының жетекші өкілдерімен кездесіп, екі жақты байланыстар мен халықаралық мәселелер төңірегінде Қытай жетекшілерінің көзқарастарымен танысты.
Пекинге сапарының барысында Қытай жетекшілерінің сыртқы саяси көзкдрастары империалистік мүдделермен сәйкес келетініне көзі жеткен америка сенаторлары ҚХР-мен жан-жақты байланыстарды жылдам нығайтуға кірісті.
Қытай Халық Республикасында АҚШ-ң сенаторлар делегациясының сапарлары Картер әкімшілігінің Пекин жөніндегі көзқарасына бегілі мөлшерде ықпал жасап, АҚШ жағы ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Дэн Сяопиннің сапарына дайындықта маңызды қадам болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz