Қазақстан Парламенті



Қабылданған заңдардың тиімділігі артып, сапасы едәуір жақсарды. Осының бәрі ынтымақтастықтың арқасы, Парламент қатарында жеті рет өлшеп, бір кесетін депутаттар санының көбейгендігінің белгісі деп білемін. Парламенттің биылғы жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы сессияны ашардағы сөзі мен Қазақстан халқына Жолдауының үлкен әсерін тигізгенін ерекше атап өткен жөн.
Қазақстан Парламенті өз тарихының тағы бір парағын жапты деуге болады. Сондықтан атқарылған істің нәтижелеріне тағы бір көз жүгіртіп өтудің реті келіп тұр.
Өткен парламенттік жыл еліміздің болашағы үшін аса маңызды тарихи оқиғаларға бай болды. Бірінші кезекте, бұл – 2005 жылдың желтоқсанында өткен кезекті Президент сайлауы. Науқан барысында Қазақстан халқы Мемлекет басшысын ғана сайлап қойған жоқ, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты даму жолына таңдау жасады.
Қазақстанның нарықтық қайта құрулар жолындағы бүгіндері қол жеткізген табыстары, экономикалық ілгерілеу және халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі баршаға мәлім, оны дүниежүзілік қоғамдастық та мойындап отыр. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси тұрақтылықты, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, қоғамды демократияландыру, өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөнінде дәйекті шаралар қабылдауда.
Үстіміздегі жылдың тағы бір айтулы оқиғасы – Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламентінің 10 жылдығы. Он жыл ұзақ мерзім емес. Алайда, аталмыш уақыттың жас мемлекетіміз үшін қаншалықты маңызды екенін республика жұртшылығы егжей-тегжейлі талқыға салып, бағасын берді. Ал мерейтойымызға шет мемлекеттерден ат арытып келген мәртебелі меймандар бұл тұжырымды растай түсті.
Көптеген мемлекетпен салыстырғанда біздің Парламентіміз үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан бозбала секілді. Алайда, сол жастығымызды біздің игілігіміз деп білгеніміз жөн. Біздің жастығымыз – ғұмырлы да жарқын болашағымыздың кепілі. Біз – келешегі зор, әрі жас, әрі жігерлі мемлекеттің заң шығарушы органымыз. Демек, еліміздің ертеңінің қалай болары

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Парламенті
Қабылданған заңдардың тиімділігі артып, сапасы едәуір жақсарды. Осының
бәрі ынтымақтастықтың арқасы, Парламент қатарында жеті рет өлшеп, бір
кесетін депутаттар санының көбейгендігінің белгісі деп білемін.
Парламенттің биылғы жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы
сессияны ашардағы сөзі мен Қазақстан халқына Жолдауының үлкен әсерін
тигізгенін ерекше атап өткен жөн.
Қазақстан Парламенті өз тарихының тағы бір парағын жапты деуге болады.
Сондықтан атқарылған істің нәтижелеріне тағы бір көз жүгіртіп өтудің реті
келіп тұр.
Өткен парламенттік жыл еліміздің болашағы үшін аса маңызды тарихи
оқиғаларға бай болды. Бірінші кезекте, бұл – 2005 жылдың желтоқсанында
өткен кезекті Президент сайлауы. Науқан барысында Қазақстан халқы Мемлекет
басшысын ғана сайлап қойған жоқ, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей
байланысты даму жолына таңдау жасады.
Қазақстанның нарықтық қайта құрулар жолындағы бүгіндері қол жеткізген
табыстары, экономикалық ілгерілеу және халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі
баршаға мәлім, оны дүниежүзілік қоғамдастық та мойындап отыр. Мемлекет
әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси тұрақтылықты, ұлттық қауіпсіздікті
нығайту, қоғамды демократияландыру, өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөнінде
дәйекті шаралар қабылдауда.
Үстіміздегі жылдың тағы бір айтулы оқиғасы – Қазақстан Республикасының
қос палаталы Парламентінің 10 жылдығы. Он жыл ұзақ мерзім емес. Алайда,
аталмыш уақыттың жас мемлекетіміз үшін қаншалықты маңызды екенін республика
жұртшылығы егжей-тегжейлі талқыға салып, бағасын берді. Ал мерейтойымызға
шет мемлекеттерден ат арытып келген мәртебелі меймандар бұл тұжырымды
растай түсті.
Көптеген мемлекетпен салыстырғанда біздің Парламентіміз үлкен өмірге
енді ғана аяқ басқан бозбала секілді. Алайда, сол жастығымызды біздің
игілігіміз деп білгеніміз жөн. Біздің жастығымыз – ғұмырлы да жарқын
болашағымыздың кепілі. Біз – келешегі зор, әрі жас, әрі жігерлі мемлекеттің
заң шығарушы органымыз. Демек, еліміздің ертеңінің қалай болары
Парламенттің, депутаттар корпусының жұмысына тікелей байланысты.
Дәл осы қатардан орын алар тағы бір оқиға – Қазақстан Республикасы
Президентінің “Мемлекеттік нышандар туралы” конституциялық заң күші бар
Жарлығына енгізілген өзгеріс. Дәлірек айтсақ, мемлекетіміздің жаңа Гимнінің
қабылдануы.
“Игіліктің ерте-кеші жоқ”, дейді дана халқымыз. Шәмші мен Жұмекеннің
әнінің қалың бұқара арасында ұзақ жылдан бері бейресми гимн аталып
келгеніне баршамыз куә болдық. Парламент халық мойындаған ақиқатты
заңдастырып, оған ресми сипат берді.
Енді нақты атқарылған істер жөнінде.
Он айдың ішінде Парламенттің қос палатасының талқысынан өтіп 94 заң
қабылданды, оның ішінде қазірдің өзінде 71 құжатқа республика Президенті
қол қойып, олар заң күшіне енді.
Біздің қызметіміздің басты қорытындысы мемлекет үшін аса маңызды
заңдарды қабылдау болды. Парламент сындарлы жұмыс істеп, заң шығару
үдерісіне қажетті серпін бере алды, басты назарды басым бағыттарға аудара
білді. Олардың арасында Мемлекет басшысы белгілеген маңызды заңнамалық
актілер де бар. Мысалы, жеке кәсіпкерлік, инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау, алқабилер туралы, әлеуметтік қамсыздандыру, мемлекеттік басқару
деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажырату, лицензиялау және
шоғырландырылған қадағалау жөніндегі заңнамалық актілер.
Қолданыстағы заңнамалық актілерге уақыттың өзі талап етіп отырған
көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, халықты
жұмыспен қамту, шаруашылық қызметті реттеу, қоршаған ортаны қорғау және
табиғи ресурстарды пайдалану, салық салу, банкроттық, зияткерлік меншік,
көлік, жер қойынауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу, өтем
шаралары және демпингке қарсы шаралар, табиғи монополиялар, төтенше
жағдайлар және басқа да көптеген мәселелер бойынша заңдарға өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
Парламент сондай-ақ 33 халықаралық шарт пен келісімді ратификациялады.
Әсіресе, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы, Қазақстан мен
Ресейдің “Байқоңыр” ғарыш айлағында “Бәйтерек” ғарыштық зымыран кешенін
жасау, қазақстандық “KazSat” байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру
мәселелері бойынша қабылданған құжаттарды ерекше атап өту қажет.
Парламенттің “Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті”
мен “Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық
пактіні” ратификациялауы еліміз үшін маңызды саяси оқиға болды. Осы
халықаралық құжаттарға қосыла отырып, Қазақстан адам құқықтарын қорғаудың
тиімді жүйесін құру саласында жауапты міндеттемелер алды. Мұның өзі біздің
демократиялық ұстанымға деген адалдығымызды тағы да бір дәлелдеп берді.
Азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы жұмысымыз да неғұрлым
нысаналы әрі тиянақты бола түсті. Біз адамдарға жұмсалатын инвестицияға
әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде ғана емес, мемлекеттің бүкіл
экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қараймыз.
“2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы” Заңды қабылдау заң
шығару қызметіміздің басты нәтижелерінің бірі болды, бұл бюджеттің келісім
және өсу бюджеті деп аталуы тегін емес.
Заңда әртүрлі “өзекті” жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыру көзделген,
ал тұтастай алғанда, оның айқын әлеуметтік сипаты бар.
Парламент сессия кезінде осы бағыттағы қатынастарды реттейтін бірқатар
заң жобасын қарады. Олардың ішінде “Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы”
және “Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңдардың жобалары неғұрлым
маңызды болып табылады.
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектердің барлық санаттарына
төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және жасына байланысты,
асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақылар, бірге тұратын төрт
және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға,
“Алтын алқа”, “Күміс алқа” белгілерімен немесе І және ІІ дәрежелі “Ана
даңқы” орденімен марапатталған аналарға төленетін арнаулы мемлекеттік
жәрдемақылар өсті, он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз
отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрі енгізілді.
Үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап баланы 1 жасқа толғанға дейін күтіп-
бағу үшін жәрдемақы төленетін болады, азаматтарымыздың бірқатар санаттарына
берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өседі. Олар Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, соғыс
жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері және басқалар. Сондай-ақ
екінші жарты жылдықтан бастап әлеуеттік құрылымдар зейнеткерлерінің
зейнетақысы қайта есептеледі.
Сессия барысында еңбек туралы заңнама айтарлықтай жетілдірілді.
Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкес “Халықты жұмыспен қамту
туралы” Заңға түзетулер енгізілді. Жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа
қабылдауға арналған квоталарды орындауы жөніндегі, сондай-ақ қызметкерлерді
кәсіби даярлау саласындағы міндеттері кеңейтілді.
Елдегі заңдылықты одан әрі нығайтуға бағытталған заңнаманы жетілдіруге
де ерекше назар аударылды.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабын іске асыру
мақсатында алқабилердің құқықтық мәртебесін белгілейтін, соттардың қызметін
ұйымдастыруды қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңдар қабылданды. Біз
осы арқылы Ата Заңымыздың әлеуетін барынша пайдалануға ұмтылып отырмыз, бұл
жөнінде депутаттардың алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бірнеше рет
айтқан болатын.
Парламент шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау,
кәсіпкерлік субъектілеріне қуғын-сүргін сипатындағы әкімшілік шаралар
қолдануды болғызбау, сөйтіп, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мақсатында
қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіре түсті.
Азаматтық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру үшін Қазақстан
Республикасының осындай кодекстеріне соттылықтың ара-жігін ажырату
мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың елеулі маңызы
бар.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге дайындық аясында зияткерлік меншік
құқықтарына қатысты заңдарға түзетулер қабылданды. Еліміздің аумағында
зияткерлік меншік құқықтарының тиімді қорғалуын қамтамасыз ету үшін
азаматтық, қылмыстық, салық заңнамаларына тиісті өзгерістер енгізілді.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды регламенттейтін заңды
айрықша атап айту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы
ҚР Парламентінде заң шығару процесі, оның сатылары
Қазақстан Республикасының референдумы
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі және оның конституциялық негіздері
Қазақстандағы билікті жүргізу әдістері
ҚР Парламентінің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны
Парламент палаталары депутаттары
Пәндер