ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы

ұлт зиялыларының ролі

Мазмұны

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 3

Кіріспе . . . 4

І Қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстардың құрылуы және қызметі

1. 1. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстардың құрылуының алғы шарттары мен барысы . . . 13

1. 2. ХХІ ғасыр басындағы қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстардың азаматтық қоғам орнатудағы қызметі . . . 21

2 Саяси партиялардың құрылуы және қызметі

2. 1. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басындағы монопариялық жүйенің күйреуі және саяси партиялардың құрылып, саяси өмірге араласуы . . . 33

2. 2. Қазіргі таңдағы саяси партиялардың демократияны дамыту жолындағы мақсат-мүдделері, күресі және қызметі . . . 40

2. 3. Саяси партиялардың сайлау науқандарына қатысуы және нәтижелері . . . 46

Қорытынды . . . 62

Қосымшалар . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздерінің тізімі . . . 71

Белгілеулер мен қысқартулар

Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам.

Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.

Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi.

Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.

Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар.

Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны.

Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшін ерікті негізде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда) .

Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Осы күні тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Республикасы басқа да посткеңестік елдер сияқты өзін халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтуға барлық күш-жігерін салуда. Елдегі саяси еркіндік, адам құқықтарының сақталуы, әлеуметтік қорғаудың қамтамасыз етілуі, жеке және қоғамдық бастамалардың кең тарауы демократиялық үрдістердің алғы шарты болып табылады. Сол себепті қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі - қоғамдық саланы әлемдік демократиялық стандарттарға сәйкестендіру, «азаматтық қоғам» қоғам орнату басты міндет болыр тұр. Бұл міндетті жүзеге асыруда ұлт зиялылары мен саяси элитасының атқарар қызметі «атан түйенің жүгіндей» екендігінде дау жоқ.

Зерттеу жұмысында Қазақстанның азаматтық қоғам құру мүмкіндіктері, тарихи алғышарттары, күрделі мәселелері мен келешегі, партиялық жүйенің қалыптасуы және азаматтық қоғам құруды ұйымдастырудағы ұлт зиялыларының орны мен ролі осы жұмыста жан-жақты қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тоталитарлық Кеңестер Одағының тарап, Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткізуі еліміздің барлық саласында оң өзгерістерге жол ашып, әлем таныған мемлекетке айналдық. Алдымызға асқаралы стратегиялық міндеттер қойдық. Оны іске асыру жолында жеке, сондай-ақ, заңды тұлғалардың жұмыла жұмыс істеуі аса қажет.

Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуда, сонымен қатар құқықтық, азаматтық қоғам орнатуда қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың алатын орны ерекше. Өйткені бұл құрылымдар қоғамның алға қарай дамуында жетекші роль атқарады. Елімізде әділет министрлігінде тіркеліп, ел игілігі үшін қоғамдық-саяси салада қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар өздерінің бағдарламалары аясында жұмыс істеп жүр. Екіншіден, біздің қоғам қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялараға шектеу қойған бір партиялы, тоталитарлы кеңестік жүйенің құндылықтарына бейімделген «шинельден» шығып, әлемдік тәжірибе негізінде «өзіндік» даму жолын іздеу кезеңін басынан кешіріп отыр. Міне, осы аталған мәселелер қазіргі елдегі қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың мақсат-мүддесі мен қызметіне зерттеу жүргізіп, ғылыми талдау жасау өмір қажеттілігінен туындап отыр.

Біздің мұратымыз «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» құру екені еліміздің конституциясында айқын көрсетілген. Ал демократиялық саяси жүйе мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғы шарты - азаматтық қоғамның қалыптасуы болып табылады. Сондықтан осы азаматтық қоғамды қалыптастырудағы саяси партиялар рөлін зерттеу өзекті де маңызды.

Азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі Батыс елдерінде бірнеше жүз жылдықтарға созылды. Батыс Еуропа, АҚШ, Канада, Жапония және бірқатар басқа елдерде екінші дүние жүзілік соғыстан кейін белгілі бір деңгейде құқықтық мемлекет қалыптасты.

Ал Қазақстанға Батыстың тәжірибесін пайдалана отырып, адамның экономикалық, саяси және рухани салалардағы бостандығы салтанат құрған азаматтық қоғам қалыптастыру жолын әлдеқайда тез басып өту мүмкіндіктер туып отыр.

Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік арналарының бірі ретінде қиындықпен болса да, көппартиялы саяси жүйенің қалыптасу үдерісі алға қарай жылжып келеді. Қазақстан саяси салада бостандыққа қол жеткізгеннен кейін ондаған саяси партиялар пайда болды. Олардың көпшілігі жетілмеген, қоғамда терең тамыр жая алмаған күйінде қалып келеді. Және олар өз қоғамының нақты әлеуметтік мүдделерін білдірудің орнына батыс елдерінің саяси құрылымдарына ұқсап бағуға тырысуда.

Осы орайда, еліміздегі азаматтық қоғамды қалыптастырудағы саяси партиялар орны туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Партиялық механизмді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үдерістерге кеңінен тартуға жағдай жасайтын болады» [1] дегені тақырып өзектілігін арттыра түседі.

Сонымен қатар, ел Конституциясына 2007 жылы сәуір айында енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсуде. Қазақстандағы саяси партиялардың алға қойған мақсаты бір, «қайтсек, Қазақстанның көсегесін көгертемізге» саяды, ал соған жету жолдары әр қалай. Осы саяси ұйымдардың басында әрине, ұлт зиялылары мен саяси элитасы тұр. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу тақырыбы уақыт талабынан және өмір сүру тәжірибесіндегі қажеттіліктен туындап отыр.

Зерттеудің мақсаты. Диплом жұмысының мақсаты ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасы мен 2012 жылдар аралығындағы тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық - саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болу алғышартары мен қызметіне ғылыми талдау жасау болып табылады.

Зерттеудің міндеттері. Мақсатқа жету үшін алдымызға нақты мынадай міндеттер қойдық:

- Қазақстандағы көппартиялылық жүйе мен қоғамдық қозғалыстардың пайда болуының алғышартарын айқындау;

- Қоғамдық қозғалыстардың пайда болып, қалыптасуында зиялылардың атқарған қоғамдық-саяси қызметіне жан-жақты баға беру;

- ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың жұмысындағы ерекшеліктер мен ұқсастығына назар аудару;

- ХХІ ғасырыдың басында азаматтық қоғам құруда саяси партиялардың қызметіне тың серпіліс береген заңдық құжаттарға талдау жасау;

- Саяси партиялардың сайлау алды күрестегі қызметін зерттеу;

- Саяси партиялардың тарихы мен қызметіне талдау жасау;

- Саяси партиялардың мақсат-мүдделерінің аражігін ашып көрсету;

- заманауи азаматтық қоғамның функционалдық сипаттамасын, оның саяси жүйенің белсенді элементтерімен (мүдделі топтар, саяси партиялар, қоғамдық коммерциялық емес ұйымдар) өзара байланысын анықтау.

Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Қазіргі уақытта Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде даму кезеңінің тарихын отандық ғалымдар да, шетелдік ғалымдар да жан-жақты зерттеуде. Тәуелсіз мемлекеттің орнауы, президенттік институттың орнығуы мен эволюциясы, билікті бөлісу жүйесін дамыту, қоғамды демократияланыру, партиялық құрылымның эволюциясы сияқты мәселелер бойынша бір қатар зерттеу еңбектері жарық көрді. Соның ішінде біздің зерттеу жұмысымызға тікелей қатысы бар М. Жүнісова мен Т. Мансұровтың «Егемендік келбеті» атты монографиясында және Қазақстанның Мемлекет және құқық институты ғалымдарының ұжымдық зерттеуінде[1] Қазақстанның егемендігі практикасына жан-жақты талдау жасалды.

Қазақстанның саясаттанушы-ғалымдары тәуелсіз жас мемлекеттің саяси жүйесінің қалыптасуын талдауға елеулі үлес қосты. Көптеген ғылыми еңбектердің арасынан М. С. Машанның «Қазақстанның саяси жүйесі: түрлену, бейімделу, мақсатқа жету» [2], К. Н. Бұрхановтың «Қазақстанның XX ғасырдағы әлеуметтік-саяси жүйесінің эволюциясы» [3], Ж. Х. Жүнісованың «Қазақстан Республикасы. Президент. Демократия инситуттары» [4], А. Х. Бижановтың «Қазақстан Республикасы: өтпелі кезең қоғамының демократиялық жаңғыруы» [5], И. Н. Тасмағамбетовтың «Әлеуметтік саясат және саяси түрлену» [6], Ж. А. Мырзалиннің «Дәстүрден қазіргі заманға: Қазақстанның саяси институттарының жаңғыруы» және басқа да зерттеулерді ерекше атауға болады[7] .

Н. Р. Жотабаевтың «Парламенттік қызметтің кейбір штрихтары. Кремльдің көзқарасы», «Демократия: аңыз бен ақиқат» және «Қазақстанда парламентаризмнің басталуы» деп аталатын дербес үш еңбектен тұратын «Демократия мен парламентаризм туралы» атты монографиялық еңбегі зор ықылас туғызады [8] . Автор демократияның қағидатын, Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде парламентаризмнің қалыптасуын түсінікті түрде баяндайды, парламентаризмнің көкейтесті мәселелерін, он екінші сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттіліктің және тәуелсіз жаңа мемлекеттің нарықтық экономикасының заңнамалық негіздерін жасаудағы қызметін ашып көрсетеді.

Сондай-ақ Н. Қалиевтің «Қазақстан парламентаризмі» атты монографиясында, «Тәуелсіз Қазақстандағы Парламент: жай-күйі мен проблемалары» атты ұжымдық еңбекте де Қазақстан Парламентінің қалыптасу тарихы егжей-тегжейлі зерттелді, олар заң шығарушы органның қалыптасу үрдісін, оның мемлекеттіліктің қалыптасуындағы және елде реформаларды жүргізудегі ролін талдауға, Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуы жолдарына арналады [9] .

Сонымен қатар біздің зерттеу жұмысымызға жақын бірақ әлеуметтану тұрғысында кандидаттық диссертациялар қорғалды. Атап айтсақ, А. С. Зиядин [10] зерттеу жұмысында Қазақстандағы саяси партияларды азаматтық қоғамды қалыптастырушы субьект ретінде қарсатырса, Б. Б. Бюлегенова [11] Қазақстан Республикасы саяси партияларының қызметіндегі жастар мәселесіне жан-жақты саяси талдау жасаған.

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ғылыми қызметкерлерінің талдау жұмыстарына, монографиялары мен еңбектеріне ерекше назар аударылды. Өйткені бұл ғылыми-талдау орталығы баспа қызметімен белсеңді түрде айналысып келеді: мұнда «Аналитик», «Казахстан-Спектр», «Адам әлемі» сияқты оқырмандарға танымал болған мерзімді басылымдар шығарылады, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың, «дөңгелек үстелдердің» жинақтары тұрақты түрде жарық көреді.

ҚСЗИ соңғы жылдары «Конституциялық реформа-Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең» (2007 жылғы мамыр), «Еуразия кеңістігіндегі демократиялық реформалар тәжірибесі: салыстырмалы үлгілер және практикалық тетіктер» (2006 жылғы қыркүйек), «Қазақстан Республикасына 15 жыл: жетістіктер және болашақ мүмкіндіктер» (2006 жылғы қараша), «Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақтылық және серпінділік» (2006 жылғы желтоқсан) және басқа көптеген халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар сияқты беделді сараптамалық іс-шараларды ұйымдастырып, өткізді. Бұл жинақтарда қазақстандық көрнекті саясаттанушы, тарихшы, экономист және заңгер ғалымдардың өкілдікті билік органдарының дамуы проблемаларын зерттеуге, көппартиялық жүйенің болашақ дамуына, конституциялық реформаға, саяси жаңғыру проблемаларына, елдің саяси жүйесінің даму келешегіне баға беруге, Қазақстанның көп векторлы саясатына, мемлекетті бәсекелестікке қабілетті дамыту басымдықтарының өзектілігіне, тәуелсіздік жылдарындағы саяси транзиттің негізгі үрдістеріне т. б. арналған талдамалы баяндамалар берілді[12] .

Сонымен бірге Қазақстандағы казіргі заманғы үрдістерді зерделейтін мамандар экономистер, саясаттанушылар, тарихшылар, этнологтар, әлеуметтанушылар, халыкаралық мамандар т. б. өз үлестерін қосуда. Жалпы алғанда Қазақстанның егемендік алуын ғылыми тұрғыдан салыстырмалы саралап әзірлеуде және мемлекеттік институттардың дамуы дәрежесін бағалағанда осы проблемалардың жеткілікті пысықталуын атап өту маңызды.

Тәуелсіз Қазақстанның қазақстаңдық тарихнаманы құрайтын еңбектері тарих және саясат ғылымдарының дамуы үшін елеулі құндылық болып табылатынын айта кету қажет. Алайда 90-жылдардың басындағы зерттеулерге ғылыми шынайылық қағидатын қиындататын саяси тапсырыстарды орындаушылық, идеологиялық тайталастық сипат тән. Осы орайда К. Н. Бұрханов, Б. Ғ. Аяған, Б. К. Сұлтановтың «Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихы (1985 - 2006) » атты ұжымдық еңбекті атау маңызды болып табылады[13] . Қазіргі заманғы үрдістерді кешенді зерттеу проблемасын көтеру авторлардың мемлекеттік құрылыстың эндогендік тетіктерінің эволюциясын Қазақстанның саяси жүйесінің жұмыс істеу қағидатын айқындаған базалық тетіктер ретінде қадағалауына мүмкіндік берген. Онда тарихи деректерді кең ауқымда тарту негізінде Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихына талдау жасаған, мұның өзі Қазақстанның посткеңестік кезеңді ойдағыдай еңсеріп, шаруашылық, саяси және идеялык-мәдени жеткіліктіліктің сара жолына шығуының басты себептері мен факторларын анықтауға мүмкіндік берді.

Интернетті тарихи тұрғыдан бағалау бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Интернеттің тарихи зерттелуін деректану жұмысының бағыты ретінде қабылдауға болады, мұнда Интернет кеңістігі тарихи тұрақты шаманың пайда болып, жұмыс істеуінің ақпараттық ортасы ретінде зерделенеді. Сол себепті үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың, мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайттары, бастамалық әлеуметтік желілер, түрлі республикалық ұйымдардың сайттарындағы мәліметтер зерттелді[14] .

Оған қоса, үкіметтік те, оппозициялық та саяси партиялардың веб-ресурстары, қазақ мемлекеттілігі, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар туралы http://www. massagan. com, http://qazaq. kz/, http://minber. kz/index. php сайттарының материалдары зерттеу жұмысымыздың негізін құрады.

Қазіргі заманғы қоғамның ақпараттық технологияларға көшуі қоғамдық дамудың дәстүрлі объективтік факторларының маңызын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қоғамның өзінің ақпаратты жинақтауының, қазіргі заманғы тарихта болып жатқан үрдістерді түсінудің түйінді өлшемдері ретіндегі адамзаттың эволюциясы барысындағы ойлаудың өзінің тәсілдерін өзгертудің маңызын да көрсетеді. Басқаша айтқанда, веб-контентті зерттеу қазіргі заманғы тарихтағы әлеуметтік-мәдени үрдістердің серпінін зерделеудің қосымша құралы болып табылады.

Зерттеу жұмысының дереккөзері: Қазіргі Қазақстанның тарихы даму үстіндегі және бүгінгі таңда жүріп жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістермен тығыз байланысқан, мұның өзі оның тарих ретіндегі, сондай-ақ гуманитарлық ғылымның басқа да салаларына, соның ішінде саясаттануға, әлеуметтануға және басқа сабақтас пәндерге жататындығы туралы пікірталас туғызады. Көп ретте мұның өзі мұрағаттық деректер түріндегі деректік базаның жеткіліксіздігімен және қол жеткізудің шектеулі екендігімен түсіндіріледі. Оның үстіне, іс жүзінде 90-жылдардың ортасына дейін құжаттаманы мұрағатта сақтауға аударудың бұрынғы кеңестік кезеңде қалыптасқан тәртібі өзгерді. Мәселен, 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі Қазақстан тарихының кезеңі Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында өте аз жинақталған, негізінен ұйымдастырушылық сипатта, олар Қазақ КСР (1990-1991 жылдар) [15] және Орталық сайлау комиссиясы (1988-1997 жылдар) [16] құжаттары түрінде болып келеді.

Қазақстанның қазіргі заманғы саяси жүйесінің түрлі кырларын зерделеу ақпараттың ең жаңа деректерін пайдаланбайынша мүмкін емес, ал Интернет пен оның толық мәтінді материалдарының ақпараттық қоймалары осындай деректерге айналды (мұрағаттық құжаттардың жүз мыңдаған электрондық көшірмелері, сканерленген тарихи деректемелер) [17] .

Тәуелсіз Қазақстаннын қазіргі заманғы саяси жүйесіннің деректемелік базасы мемлекеттің өзінің қалыптасуы мен дамуының құқықтық негізімен байланысты кең ауқымды құжаттарды қамтиды. Олар 1990 жылғы 25 қазаңдағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» [18], 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы, 1993 жылғы Қазақстан Конституциясы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы[19] (қазіргі колданыстағы) еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде конституциялык жолмен ресімделуінің түпкі дереккөздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» [20], 1995 жылғы 16 қазаңдағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» [21] заңдары Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі нышандарының қалыптасу барысын көрсетеді.

Бүгінгі таңда саяси жүйесінің дереккөздерінің жаңа түрлерінің бірін ресми мемлекеттік сайттар, атап айтсақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің сайттарының деректері құрайды [22] .

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын бүгінгі таңда қазіргі заманғы саяси жүйесінің дереккөздері ретінде бағалау керек. Президент Қазақстан халқына 1997 жылдан 2012 жылға дейін 16 Жолдау жоллдады. Онда Қазақстандағы саяси партиялардың ролін арттыру. Партиялық фракциялардың өкілеттігін кеңейту, Парламентке өткен саяси партияларды республикалық бюджеттен қаржыландыру, Мәжілісті (Парламенттің төменгі палатасы) сайлау кезінде партиялық тізімді кеңейту сияқты мәселелер қарастырылған [23] .

Қазақстанның қазіргі заманғы саяси жүйесінің дереккөздерінің арасында елдің дамуының сандық заңдылықтарын сипаттайтын түрлі статистикалық деректерді жинаумен, ғылыми өндеумен және жариялаумен айналысатын арнаулы ұйымдар қызметінің нәтижесінде жасалған материалдар елеулі орын алады.

Қазақстанның қазіргі заманғы саяси жүйесінің дереккөздерінің арасында саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарының маңызы зор, олар республикада партиялық жүйенің эволюциясын зерделеуге мүмкіндік береді [24] .

Желіде ұсынылған жаңа буын дереккөздердің арасында қазіргі заманғы БАҚ-тың маңызы да елеулі, олар: мерзімді баспасөз (журналдар, газеттер), телевизия мен радио ресурстары, желілік БАҚ-тар, ақпарат агенттіктерінің ресурстары, әмбебап ресурстар. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: 1) дәстүрлі мерзімдік басылымдар мен электронды БАҚ-тардың желілік нұсқалары; 2) тек қана желіде орналастырылған БАҚ-тар. Республикалық газеттерге Каталог@ mail. ru. Қазақстан газеттері сайты арқылы қол жеткізуге болады. Газеттердің интернет-нұсқаларының ақпараттылығы әдетте дәстүрлі ақпараттылықтан асып түседі. Қазақстан басылымдарының көпшілігінде соңғы үш-бес жылғы нөмірлердің мұрағаты сақталған. «Қазақпарат» («Казинформ») Ұлттық ақпарат агенттігінің сайты [25] қазіргі кезең ақпаратының ірі дереккөзі болып табылады.

Сонымен, Қазақстанның қазіргі заманғы саяси жүйесінің, оның ішінде қоғамдық қозғалыс пен саяси партиялар туралы дереккөздері баспалық формада да, электрондық формада да өте бай кұжаттардан құралады, олар классикалық деректемелік талдаудың талаптарын, дереккөздердің сыртқы және ішкі сынын сақтай отырып, бұл құжаттарды зерттеушілік практикаға енгізуге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері.

Объективтілік, саяси-тарихилық, жүйелілік және саяси-салыстырмалы талдау ұстанымдары басшылыққа алынды. Бұған дейін отандық саяси тарих марксистік-лениндік методологиясы тұрғысынан талданып, шешіліп келген болса, тәуелсіздік заманында саяси ұйымдар мен партиялардың, саяси тұлғалардың қызметін жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеу талабы қойылуда. Сондықтан зерттеудің үлгісіне соңғы жылдарда жарық көрген саяси қоғамдық тақырыптарға, жазылған зерттеу жұмыстары, қоғам қайраткерлерінің саяси қызметі мен өмір жолы туралы жарық көрген еңбектер негізге алынды. Елбасы, үкіметтің жүргізіп отырған саяси бағыттары негізінде бағаланып, қазіргі республикамыздағы жетекші қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың қызметі мен бағдарламалары салыстырмалы талданды.

Зеттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Біріншіден, Қазақстандағы қоғамдық-саяси пікірлер мен мемлекеттің саясаты туралы ойлар мен тұжырымдар, тәжірибелер, сабақтар, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, ұлттық қайраткерлердің қызметі жаңаша қырынан жүйелі түрде зерттеліп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Уақыт және тарих
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Ташкент қаласының хіхғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция
Иттифак әль - Муслимин одағының құрылуы және қызметі
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz