Шығыс Қазақстан облысының табиғаты және туристік рекреациялық мүмкіншіліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты және
туристік рекреациялық мүмкіншіліктері.
М а з м ұ н ы
К і р і с п е . . .
І - бӨлім. Шығыс Қазақстан облысының табиғаты мен шаруашылығы.
1. 1 . Физико-географиялық жағдайы . . .
1. 2 . Әлеуметтік-экономикалық ахуал . . .
1. 3. Туристік индустрия және инфрақұрылым . . .
ІІ- бӨлім. АЙМАҚТЫң туристік-экскурсиялық ресурстар сипаты жӘне оны игеру.
2. 1 . Туристік рекреациялық ресурстарға баға беру және аудандастыру . . .
2. 2. Туристік-экскурсиялық нысандар және оның құндылығы . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер . . .
Қосымша . . .
Кіріспе.
Туризм дүние жүзі бойынша кез-келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік, мәдени т. б. мәндерін
маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген
мемлекеттердің экономикасында белгілі-бір дәрежеде роль
атқарады. Осы, туризмның экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. Өйткені туризм белгілі-бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның және шет ел туристерінің демалуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердің бірі. Туризм деңгейінің көтерілуіне республиканың саяси-әлеуметтік жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынас орнауы тиіс. Осыған орай, аталатын дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймағының туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың көкейкестілігі еліміздегі бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандыратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік-сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс мынадай негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды.
Біріншіден Шығыс Қазақстан аймағының шаруашылық дамуын сипаттайды.
Екіншіден регионның туристік экскурсиялық сипатын және оны игеру шараларын баға бере отырып, аудандастыру мәселелерін қамтиды.
Үшіншіден осыған сәйкес аймақтың туризмді дамытудағы мүмкеншіліктерге баға береді.
Шығыс Қазақстан табиғат жағдайлары барынша алуан түрлі, өйткені оның шағын территориясы үсақ төбелі жазықтар мен биіктігі орташа тауларды ғана емес, сондай-ақ тау арасындағы көлемді қазаншүңқырларды, айтарлықтай кең өзен аңғарларын және тіпті кей жерлерін мәңгі қар мен мұздықтар басқан биік тауларды да қамтиды. Сондықтан, жер бедері мен климатының, топырақ-өсімдік зоналарының барынша алуан-түрлілігі бүл облыстың табиғатына ерекше, қайталанбас әсемдік береді.
Шығыс Қазақстан облысы тартымдылығы мен көріктігі жоғары орындары көп. Алтай таулары жүйесінің бір бөлігі жатқандықтан үлкен рекреациялық маңыздылыққа ие. Бүл жағдайды табиғаты ерекше Марқакөл көлі мен Рахман бұлағы емделу орнының болуы күшейте түседі. Зайсан көлі, Бұқтырма су қоймасы, суы мол Ертіс өзені өзен саяхаттарына мүмкіндік береді. Облыс тарихи ескерткіштер мен маңызды, мәнді орындарға бай, салыстырмалы түрде транспорт жүйесі де жақсы жетілген. Жалпы айтқанда облыстың туризм үшін маңызды мүмкіншіліктері көп.
Селеулі ақ даласы, жасыл шалғынды өлкесі, қатпар-қатпар құз тастары, мұнар басқан таулары, мың бұратылған өзен-суы, жасыл желекті ну тоғайы, аңы мен малы қатар өрбіген Шығыс Қазақстан жеріне Албания мен Швеция сияқты мемлекеттер бірге сыйып кеткендей. Халқымыз елдік дәстүрін сақтаған, ұлы перзенттерінің үлгісін мұрат тұтқан, ата қадірін, ене қасиетін сақтаған, ұл мен қыз қызығын қастерлей білетін ел. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер суреткері дүниеге келіп, өздерінің өлмес жырларын толғаған, Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Сөз өнерін әлемдік биігіне көтерген үш алыппен бірге осы өңірде Шоқан Уәлиханов, Федор Достоевский, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғұламалар мен ақын-жазушы, әншілер өмірлерінің талай айлары мен күндерін кешкен.
Қазақ ақыл-ойы мен көркем сөзінің қазақ жерінің биік шыңы Хантәңірідей биігі Абайды тұған, ал оның үлгі өнегесін жалғастырған Шәкәрім, Мұхтар сынды көптеген ұлы шәкірттері Тәңір таудың дара-дара құздарына ұксайды.
Сайып келгенде, Шығыс Қазақстан облысы табиғатының қолайлылығымен, мол мәдени-тарихи мұрасымен дараланатын ерекше өлке.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, ("Рудный Алтай", "Дидар"), мерзімді ғылыми баспа материалдары еңгізілді, туризм кафедрасынан облыстың картасы және осыған қатысты т. б. деректер алынды. Жиыны 39 әдебиет пайдаланылып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген ізденулерге тура келді. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгін Қазақстан жеке бөліктері жөніндегі әдебиет пен оқу қуралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың туристік кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
Жазу барысында жәрдем-көмегін тигізгені үшін ГЭФ-тың елтану және туризм кафедраларының барлық мүшелерін және жетекшілеріме шын көңілден алғыс айтамын.
I бөлім. Шығыс Қазақстан облысының табиғаты мен шаруашылығы
1. 1. Физико-географиялық жағдайы.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның шығыс бөлігін түгел қамтиды. Жері - 283, 3 мың км 2 бұл республика территориясының 10%-і. Бұл облыстың территориясына Албания, Бельгия, Швейцария сияқты мемлекеттер сиып кетер еді.
Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстік-батысында Қазақстанның Павлодар облысымен, оңтүстігінде Алматы облысымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Халқы- 1млн. 455 мың 412 адам (2004 ж. ) Халық тығыздығы 1кв. км-5адам.
Алып жатқан жер көлемі-283, 2 мың. кв. км . . . Облыс аумағында 15 аудан, 10 қала 855 ауыл орналасқан. Өскемен қаласының халқы -294, 5 мың адам (2004 ж. )
Шығыс Қазақстан облысы батыстан (Сарыарқаның қиыр шығыс шетінен) шығысқа қарай (республиканың шығыс шекарасына дейін) 800 км-ге, солтүстіктен (Ертіс маңы даласы мен Алтай алды өңірінен) оңтүстікке қарай (Балхаш-Алакөл ойысына үласады) 600 км-ге созыла, Ертіс өңірінің жағасы алабын ала жайласқан. Облыстың экономикалық-географиялық орны өте қолайлы, себебі жері полиметалға және сирек металға өте бай. Алтай сілемдерін, ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді, құнарлы Ертіс және Алтай алды өңірлерін қамтиды. Территориясынан гидроэнергия қорына аса бай-Ертіс өзені өтеді және облыс республикасының солтүстік Орталығы, және Оңтүстік Қазақстан аудандарымен шектеседі. Облыс жері негізінен таулы келеді. Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды; бұл таулы өңір Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай (Үлбі, Уба, Иванов жоталары) ж/е Оңтүстік Алтай жотасы (Нарын, Сарымсақты, Күршім, Атасу т. б. жоталар) массивтеріне ажырайды. Бұлардың абсолюттік ең биік жері 4506 метр. Ертістің сол жағын белесті Қалба жотасы (1608м., Шыңғыстау (1305 м), Сарыарқаның төбелі жазық шығыс жиегі алып жатыр. Облыс территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай (2992м) ж/е Сауыр жоталары орналасқан. Таулы өлкелерде мұздықтар шоғыры көп кездеседі.
Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай-Сауыр өңірі аралағында Зайсан геосинклиналь жүйесі құрамына кіретін Зайсан қазан шұңқыры қалыптасқан, бұның ең терең орталық бөлігін Зайсан көлі алып жатыр. Жазық өңірлер негізінен облыс жерінің солтүстік-батыс жағында ғана кездеседі.
Ертіс өзені облыстың территориясын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай кесіп өтеді де, оны Батыс Сібірдің солтүстік, мұнайлы бөлігімен жалғастырады. Локоть станциясы арқылы өтетін темір жол Батыс Сібірдің оңтүстік-шығыс, көмірлі металлургиялы бөлігіне, ал Аягөз ж/е Ақтоғай станциялары арқылы Алматыға, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға шығуына жол ашады.
Облыста пайдалы қазындыларының ішінде полиметалл рудаларының өндірістік-экономикалық маңызы күшті. Бұлардың құрамында қорғасын, мырыш ж/е мыспен қатар алтын, күміс, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт т. б. сирек металдар да кездеседі. Әсіресе Кенді Алтай, Қалба, Оңтүстік Алтай жоталарының қойнауы өте бай. Көмір (Кендірлік кені) жанғыш тақта тас, глаубер ж/е ас тұздары, құрылыс материялдары (тас, ізбес тас, мәрмәр, гипс т. б. ) отқа төзімді материялдар шикізаты т. б. пайдалы қазындылар кездеседі.
Шығыс Қазақстан облысының климаты тым континенттік, оңтүстік-шығысына қарай континенттігі арта түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің климаты ылғалдылау келеді. Қысы суық, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа. Қаңтардың орташа температурасы жазықта -16-19 0 С, тауда ж/е тау аралық ойыстарда -26 0 С. Жазы ыстық, батыс бөлігі қуаң. Шілденің орташа температурасы жағында 19, 6 0 С, оңтүстігінде 23-24 0 С. Атмосфералық жауын-шашын мөлшері біркелкі емес: батыс жазық өңірлерінде 150- ден таулы аудандарда 1500-ге дейін ауытқиды.
Шығыс Қазақстан территориясы жер беті ағын суына бай, әсіресе облыстың Алтайлық бөлігінде өзендер мол. Қазақстанның ең ірі өзені-Ертіс осы облыс жерінен өтеді. Таудағы ылғал қорларынан басталатын Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу т. б. өзендер Ертіс өзеніне құяды. Облыс жері гидроэнергия қорына өте бай, республика гидроэнергия қорының 38, 1%-і осында.
Ертіс өзені бойында республикамыздағы ең ірі-Бұқтырма бөгені, Өскемен бөгені, салынған. Облыс көлге бай. Ірі көлдері-Зайсан көлі (республика бойынша көлемі жөнінен 5-ші орында), Марқакөл, Таулық бөлігінде шағын, суы тұщы көлдер көп кездеседі. Облыс жерінде жер асты суы қоры мол.
Шығыс Қазақстан облысының рельефі өте күрделі. Мұнда биік Алтай таулары, Зайсан, Марқакөл қазаншұңқырлары, Семей өңірінің жазық даласы кіреді.
Рельефтің сипатына қарай Қазақстандағы Алтайды төрт бөлікке бөлуге болады;
1. Шығыс бөлік. Мұнда таулы үстіртгермен қатар беткейлері тік әрі тілімделген рельефтің альптік түрі кең тараған. Кейбір таулы үстіртер жан-жағынан тілімделген биік жоталармен қоршалған. Бұған республиканың шекарасында жатқан биіктігі 2200 м, Укок тау қыраты мысап бола алады.
2. Батыс бөлік. Мүнда рельефі жатық таулар көп кездеседі. Олардың төбелері доғалданған болады да беткейлері көлбеу келеді.
3. Оңтүстік бөлік. Оған едәуір көлемді алып жатқан тілімделген тік беткейлі аймақтар жатады. Оңтүстік Алтай жоталарының оңтүстік беткейлері тік ж/е күшті тілімделген. Тік тау етектері мен оның солтүстік беткейлеріде ғана рельеф біршама жазықтау келеді.
4. Қалба жотасы. Бұл өз алдына бөлек тектоникалық-геоморфологиялық аудан. Ол орташа биіктіктегі тау болып есептеледі. Жота жемірілген, кей жерлерінде шыңдары жайпақталып, беткейлері күшті тілімделген.
Бүкіл Алтай тауы жүйесі сияқты оның Қазақстандық бөлігі де герцин қатпарлығында жаралған; плиоцен-төрттік кезеңдерде жарылыс жүйелеріне, жоталарға және тауаралық ойыстарға тілімделген. Территория негізінен гранит батолиттері қиып өткен жоғарғы палеозой саздарынан, кремнийлі тақтатастардан және құмтастардан түзілген. Кенді Алтай интрузияларында қоғасын, мырыш, қалайы, мыс, вольфрам, күміс, сынап кендері шоғырланған. Нарын және Күршім жоталары ауданында алтын және сирек металдар, ал Қалба жотасында қалайы және вольфрам рудалары барланған. Өлке өзен торларына бай, ең ірісі Ертіс. Алтайдың биіктік белдеулері солтүстік-батысында дала зонасынан басталса, Зайсан ойысына қараған жағында шөлейт зонасынан басталады. Дала зонасынан жоғары таулы-субальпі шалғыны, тайгалы-ормандық таулық тундра және мәңгі қар белдеулері орналасқан. Табиғат ресурстарынан өлке рудалы пайдалы қазындыларға, су энергиясы және орманға бай. Өлке - Қазақстандағы жақсы игерілген аймақ. Егіншілік, бау-бақша және мал шаруашылығы дамыған. Үш провинцияға бөлінеді.
Бұл өлкедегі Алтай облысының Батыс Алтай провинциясына Қазақстанның шығыс шекарасы өтетін Холзун мен Листвяга жоталарының оңтүстік-батыс беткейлері, Уба, Иванов, Үлбі жоталары кіреді. Жоталардың құрылымында палеозойлық шөгінді, метаморфтық және вулканогендік жыныстары қатысады. Қара, қызыл-қоңыр орманның сұр топырағында таулық дала, таулық орман, таулық шалғындық өсімдік жамылғылары өседі. Провинцияда түсті металлургия орталықтары орналасқан (Риддер, Өскемен) .
Ал
Оңтүстік Алтай провинциясы
негізін Оңтүстік Алтай жоталар жүйесі қүрайды. Алтайдың басқа провинцияларынан айырмашылығы мұнда плиоценнің шөгінділері молырақ шоғырланған. Тау бөктерлерінде
егіншілік, мал шаруашылығы дамыған. Туризм және альпинизм орталығы.
Соңғы Қалба провинциясы Алтайдың оңтүстік-батысындағы Қалба жотасын қамтиды. Абс. биіктігі 1608м. Провинция палеозой тақтатасы, құмтас және интрузиялық жыныстардан түзілген. 800-1200метрге дейінгі биіктегі қызыл-қоңыр және қара топырақта далалық өсімдік, одан жоғары қарағай, қайың, терек, субальпі шалғыны өседі.
Сауыр-Тарбағатай облысындағы Зайсан провинциясы Алтай және Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерін бөліп жатқан Зайсан қазан шұңқырына сай келеді. Палеозойдың қатпарлық фундаменті осьтік бөлігінде 1600-1700метрге шөккен, оның бетін жоғарғы бордың, палеогеннің, неогеннің және төрттік дәуірінің континенттік шөгінділері жауып тұрады. Провинцияда шөл және шөлейт ландшафтылар үстем келеді. Суармалы егіншілік, мал шаруашылығы дамыған.
Бұл облыстағы Тарбағатай провинциясы ендік бағытқа жақын жатқан Тарбағатай жотасын қамтиды. Провинция Зайсан қазан шұңқыры Балқаш-Алакөл ойысынан бөліп түрады. Палеозойдың шөгінді тақтатас, әк тасынан, пермь, тас көмір, девонның құм тасынан, батыс бөлігі силур және кембрий дәуірінің күшті дислокацияланған вулканогендік интрузиялары гранитінен түзілген. Тау етегіндегі шөлейтте жусан, бетеге, бұталар, көктерек, тобылғы өседі. Жайылымға пайдаланылады.
Ал Сауыр провинциясы Қазакстанның шығыс бөлігіндегі Сауыр жотасын қамтиды. Абс. биіктігі 3816 м. Палеозойлық тақтатас, әк тас, құмтастан және вулканогендік шөгінділерінен төзілген. Жотаның үгілуге көбірек ұшыраған оңтүстік беткейі жақпар тасты келеді. Солтүстік беткейінде жалпақ жапырақты орман, тау етегінде және оңтүстік беткейінде дала және шөлейт өсімдіктері өседі. Жайылымға пайдаланылады.
Шыңғыстау провинциясы Сарыарқаның шығысындағы Шыңғыстау жотасын қамтиды. Солтүстік шығысындағы Шар өзенінің тектоникалық аңғары провинцияны Алтай таулы облысынан бөліп тұрады. Шығысында Зайсан тау аралық қазан шұңқырына, оңтүстік-шығысында тарбағатай жотасына жалғасып жатады. Провинция Шыңғыстау антиклинорийі үстінде түзілген. Бозғылт қызыл-қоңыр топырақ бетіндегі бетегелі-жусанды-бозды өсімдіктер жамылғысы (тобылғы, қараған) бұталар мен алмасып отырады.
Климаты. Шығыс Қазақстан облысының климаты тым континенттік, оңтүстік-шығысына қарай континенттігі арта түседі. Шығыс Қазақстан облысының материктің ортасында орналасқандығы, дүниежүзілік мұхиттардан алыстығы территориясының солтүстік-шығысында ж/е оңтүстігінде биік таулардың жатысы климатының континенттігін арттыра түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлері ылғал, ал иен жазық бөліктеріне Орталық Азия мол шөлдерінен тропикалық ауа массалары құрғақшылық әкеледі. Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы жуқа. Қыста Сібір антисиклинорийі әсер ететін оңтүстік-шығыс бөлігінде климаттың континенттігі арта түседі. Бұл жылдық ж/е тәуліктік ауа температурасының аз уақыт ішінде күрт өзгеруі, жер бедерінің күрделігіне, бір маусымнан екінші маусымға өту ерекшелігінен байқалады. Қысқа, ылғалды, жылы көктем ыстық жазға тез айналады, демек маусым айының аяғында да түнгі аяздар болуы мүмкін. Күзде температура шұғыл ауытқып, үсік жаңбыр, қарлы жаңбыр жауады. Түнгі үсік тамыз айының бірінші жартысында байқалады.
Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа. Қаңтардың орташа темперетурасы жазықта -16 -19 0 С, тауда ж/е тауаралық ойыстарда -26 0 С. Абсолюттік минимум кейде -55 0 С-қа дейін барады. Қаңтарда ауаның орташа температурасы Өскеменде 16, 2 0 С, Семейде 17, 1 0 С. Территорияның көп бөлігінде қар жамылғысының биіктігі 40-50 см, тауларда -2-2, 5; Зайсан қазаншұңқырында 20-25 см. Жазы ыстық, батыс бөлігі қуаң. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағында 19, 6 0 С, оңтүстігінде 23-24 0 С. Батысында ауаның абсолюттік максимумы 40 0 С-қа дейін көтеріледі. Шілдеде ауаның орташа температурасы солтүстік жағында 19, 6 0 С, оңтүстігінде 23-24 0 С. Батысында ауаның абсолюттік максимумы 40 0 С-қа дейін көтеріледі.
Шығыс Қазақстанның жазық бөлігінде бүкіл жыл бойы күшті желдер соғады, ал күзде ж/е көктемде циркуляциялық режимнің өзгеруіне байланысты тіпті күшейеді. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4-5 м/с, шығысқа (тау алды зоналары) қарай 2-3 м/секунтке дейін төмендейді. Таулар континенттік желдер бағытына зор әсерін тигізеді. Жоңғар қақпасында күшті Ебі желі соғады (кей кезде 70 м/сек-қа дейін барады) . Семейде жылдың орташа жылдық жылдамдығы 3, 7 м. Жалпы, облыс бойынша жыл бойына шамамен 20-30 күн боран соғады; айына 4-10, ал кейбір жылдары 14-18 күн ұзамай соғады. Ал Жаңғыз-Төбе ауданында айына 27 күн күшті жел тұрады. Бұл аудан республика бойынша ең ұзақ әрі көп қайталанатын желді күндерімен ерекшеленеді, өйткені мұнда жылына орташа есеппен алғанда 67 күн (ал кей жылдары 85 күн) боран соғады.
Тұтас алғанда Шығыс Қазақстанның климат жағдайлары - ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Кенді Алтайдың, Қалба жотасы мен Тарбағатайдың қара ж/е қоңыр топырақты ылғалы жеткілікті бөктерлері суарылмайтын егіншілік үшін өте қолайлы. Зайсан қазаншүңқыры мен Сарыарқаның қуаңшылықты далаларында ғана ылғал жетіспейді, сондықтан мұндағы егіншілік қолдан суаруды керек етеді; оның есесіне қардың жұқа түсуі кейде малдың жыл бойы тебіндеп жайылуына мүмкіндік береді.
1. 2. Әлеуметтік - экономикалық ахуал.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы экономикасы жан-жақты дамыған өңірлердің бірі. Еліміздегі қорғасын, мырыштың негізгі бөлігін және титан, кадмий, күміс, галлий, индий, теллур сияқты сирек металдар өнімінің біразын осы облыс береді
Шығыс Қазақстан - еліміздегі және дүние жүзіндегі түсті металл өндірудің басты аудандарының бірі. Сонымен қатар, аудан экономикасында ауыл шаруашылығы көрнекті орын алады. Республикадағы аса ірі электр станциялар да осында.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының экономикасында жақсы дамыған ауыр өнеркәсіп өркендеп келе жатқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенмен ұштасқан. Өнеркәсібінің басты саласы - түсті металлургия; ірі кәсіпорындары - Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Риддер полиметалл комбинаты, Зырян қорғасын комбинаты, Ертіс полиметалл комбинаты, Белогор кен байыту (Ақсубұлақта) және Шығыс Қазақстан мыс-химия (Усть-Таловкада) комбинаттары. Түсті металлургия комплексін құрайтын кен орындары мен кәсіпорындар Кенді Алтайда, Ертіс аңғарында, Оңтүстік Алтайда және Қалба тауында шоғырланған. Қоғасын-мырыш өнеркәсібі және титан мен магний секілді энергияны көп қажет ететін түсті металдар өндірісі - осындағы өнеркәсіптің мамандаушы салалары болып табылады. Облыс түсті металлургиясы өзінің толық металлургиялық циклдігімен сипатталады. Рудалық шикізатты комплексті игеру облыстың түсті металлургиясының ең басты мақсаты болып саналады. Түсті металлургия өнеркәсібі қалдықтарының негізінде облыста (Өскемен, Риддер, Ертіс комбинаттарында) күкірт қышқылы, калий тыңайтқышы, бояу өндірістері қалыптасуда. Облыс өнеркәсібінің бұлайша мамандануы оның жер қойнауындағы көп компонентті түсті металдарға ғана емес сонымен қатар, тиісті энергетика базасының болуына да байланысты. Ертіс пен оның оң жақ салаларына арзан электр энергиясын өндіретін бірқатар су электр станциялары салынған. Олардың ішіндегі ең қуаттылары - Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су электр станциялары. Бұған қоса, бірқатар қалаларда жылу электр станциялары жұмыс істейді, олар су электр станцияларымен бірге Алтай энергетика жүйесін құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz