Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің қоныстары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің қоныстары»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I тарау. Шығыс Қазакстандагы қола дәуірінің қоныстары . . . 9

  1. Қанай қонысы . . . 9
  2. Трушникова қонысы . . . 17
  3. Мало-Красноярск қонысы . . . 20

ІI тарау. Кәсіпшілік және мал шаруашылығы . . . 24

ІІІ тарау. Қоғамдық құрылыс . . . 31

Қорытынды . . . 36

Пайдаланган әдебиеттер тізімі . . . 39

КІРІСПЕ

Шығыс Қазақстан - еліміздің археологиялық ескерткіштерді зерттеудің 200 жылға жуық тарихы бар ірі аймағының бірі болып саналады.

Алтайдың Қалбы жотасы мен Тарбағатайдың таулы және биік таулы аудандары, солтүстігіндегі далалар, оңтүстігіндегі шөл және шөлейт жерлер Шығыс Қазақстандағы алуан түрлі жер бедері, міне осындай. Негізгі су арнасы Ертіс пен оның көптеген салалары Бұқтырма, Күршім, Оба, Үлбі, Шар, Қызылсу және басқалары. Топырағы құнарлы жазық алқаптар, жайылымдар, таулардағы мыстың, қалайының, алтынның көптеген кеніштері, балығы мол өзендері, аңға толы ормандары ерте темір дәуірінің жоғары мәдениетінің дамуына себепші болды1.

. . . Қазақстанның территориясындағы және көрші облыстары Сібір мен Уралдағы қола дәуірі біршама жақсы зерттелінген. Қола дәуірінде молалар мен обаларға тыңғылықты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қоныстарға онша назар аударылмаған. Соңғы жылдары ғана ғалымдар, қоңыстарды зерттеуге көңіл аудара бастады. Себебі, олар қоғамдық құрылысқа, шаруашылыққа байланысты сүрақтарды шешуге көмектеседі, әрі сагі түрлі мағлүматтар береді.

Тақырыптың актуалдылығы: қола дәуіріндегі қоныстар мен молаларды қатар зерттеу -қоғамның дамуындағы негізгі мәселелерді шешуге, осы кезендегі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму тарихын алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау, жойылу себебін ашып көрсете алады.

Шығыс Қазақстан территориясында ғана емес, Урал, Кавказ, Қырғызстан облыстарында осы кезге дейін шоғырланған қоныстар мен молалардан жиналған материалдарды зерттеу Шығыс Қазақстандағы қола дәуіріндегі ескерткіштерді хронологиялық топтарға бөлу мәселесін қойды. Бұл аймақтағы тайпалардың мәдениетін үш кезеңге топтауға болады: алдыңғы, қола мәдениеті, ортаңгы және соңғы қола мәдениеті. 2

Бұл диплом жұмысының мақсаты - қола дәуіріндегі өндіргіш күштердің дамуының деңгейі жайлы, мал шаруашылығының дамуы мен ролінің сипаты, егіншілік, балықшылық, аңшылық, метал өңдеу, діни наным-сенімдер жайлы жылдар бойы шығарланған материалдар жинап және оны қорытындылау.

Сібір мен Алтайды Жетісумен және Орта Азиямен байланыстырып тұрған территория қашан да, тарихи оқиғалар мен адамзат мәдениетінің дамуында зор роль атқарғанмен де, бұл жайлы аз зерттелініп келді.

Шығыс Қазақстан аймағы - XVII ғасырдың басында, алғашқыда өзінің табиғи байлығымен, соңында археологиялық ескерткіштерімен көптеген саяхатшылар мен зерттеушілердің назарын аударған.

Олар жол үстінде, кейде арнайы барып археологиялық ескерткіштерді белгілеп, ынтамен мәліметтер жинаған. Ғалымдардың ішінде қазба жұмыстарын жүргізгендер де болды.

XVIII ғасырда көрнекті ғалымдар, Г. Ф. Миллер, И. Г. Гмелин, Г. С. Паллас, И. П. Пальк осы аймақтағы қорғандарды, архитектуралық ескерткіштердің қираған орындарын, үйінділерін, ежелгі кен орындарын және тағы басқа, ескі, құнды заттарды зерттеді. Бұл ғалымдар 18-ғасырдағы Жоңғар тайпасы тұрғызған Аблайнкита будда храмына, Жеті палатаның үйіндісіне қазба жұмыстарын жүргізген.

Бұл кезде археология ғылым ретінде саналмағанмен де, ғалымдардың алғашқы бақылаулары, ізденістері өзінің маңызын әлі жоймай келеді. Шығыс Қазақстандағы алғашқы қазба жұмысын 1734 жылы Г. Ф. Миллер және 1793 жылы ботаник Сиверс жүргізді. Миллер Өскемен қаласының жанындағы бірнеше тоналған қорғандарды қазып, тот басып қалған темір заттарды ғана тапты. Сиверс Долан-Кора тауындағы жылқы қоса жерленген көшпелі дәуірден қалған екі бай қорғанды қазып зерттеді.

XIX ғасырдың басында осы объектілер туралы Спасский (1919), Левшин (1832), Ледебург (1829) жазып өтті.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында жергілікті басылымдарда, ескі қорымдар мен қорғандарға жеке археологиялық ескерткіштерге арнаған төмендегі оқымыстылардың статьялары жарық көрді (Н. Гуляев, 1916; С. Гуляев, 1835; Малахов, 1886, 1888; Никитин, 1896, 1902) .

1865 жылы қазба жұмысын жүргізген Е. В. Радловтың археологиялык экспедициясының жұмысын ерекше атап өтуге болады. Экспедиция Бұхтарманың биігіндегі бірнеше қорғанды қазған атақты Берел қорғанып да зерттеді. Бұл топтың қызыметін Шығыс Қазақстандағы ең бірінші археологиялық экспедиция қатарына жатқызуға болады.

1903 жылы Ф. Педашенко Семей қаласының маңынан осы кезеңге байланысты бірнеше тұрақты казды3.

1910 жылы Ертістің басталуына В. И. Каменскидің басшылығымен Бобков, Бокия, Пилатичтің қатысуымен экспедиция аттандырылды. Экспедиция кіші Қойтасты, Кирс пен және Қараджан пикетінің маңын қазады. Бұл топтың қазбалары қола дәуірі жайлы бай, аса құнды мәліметтер берді.

Зерттеуші С. А. Теплоухов алғаш Андронов мәдениетінің ескерткіштерін бөліп топтастыруды бастаған еді. 1910 жылы С. А. Теплоухов В. И. Каменскийдің (Қойтас тұрағы), Т. И. Бокайдың (Шоған оба), Н. В. Бобковтың жүргізген қазба жұмыстарына кеңінен сипаттама беріп өткен4. Шығыс Қазақстан аймағының бір белігін арнайы археологиялық зерттеуді 1911 жылы А. В. Адрианов жүргізді.

А. В. Адрианов ежелгі көшпелілердің қорғандарын қазды. Бұл қорғандардан ол бай мәліметтер алды. Ертедегі ескерткіштерді сипаттау үшін, ол өзінің сапарының барысында жартастардағы жазулар мен тас балбалдар туралы дерек жинады. Осы уақытта, Семей музейінде кездейсок табылған әр түрлі археологиялық заттар, негізінен керамиканың сынықтары мен қоладан жасалынған бұйымдар шоғырланған болатын.

Қазан төңкерісіне дейінгі Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің жалпы сипаттамасы осындай.

Қазан төңкерісінен кейін, бұл аймақты археологиялық зерттеудің екінші кезеңі басталды. Кеңестік археологтардың алдында, көне қоғамдағы өндірістік қатынастар мен әндіргіш күштердің дамуынан дерек беретін қазылған және бұрын зерттелінген ескерткіштерді қайта зерттеу міндеті тұрды.

Маркстік-лениндік теориямен қаруланған кеңес зерттеушілерінің жүйелі және сәтті жүргізген зерттеулері тарих ғылымының алдында тұрған негізгі міндеттерді шешуге себін тигізгендігін жоққа шығаруға болмайды.

Адамзаттың өткен тарихын зерттеумен шүғылданатын кеңес археологтары тек қана қорғандарды казу жұмыстарын ғана жүргізіп қоймай, сонымен қатар қоныстарды, көне бұйымдарды зерттеуге үлкен мән берді.

1930-жылдары белгілі ғалым М. П. Грязнов Шығыс Қазақстандағы кола дәуіріндегі кең таралған Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретінде суреттемесін жасап берді. Далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезенің: алдыңғы, ортаңғы, соңғы кезеңдерін саралап берді. Ғалым орта жөне соңғы қола дәуірінің кезеңдерінің мәдениетінің дамуының, Минусин ойпатынан бөлек, өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті5.

Шығыс Қазақстанды жүйелі археологиялық зерттеу 1935 жылдан, СССР-дің Ғылым Академиясының материалдық мәдениет тарихының институты, Қазақ ССР-нің тарих, археология және этнография институтының бірігіп, үйымдастырған Шығыс Қазақстандық археологиялық экспедициясының қызметінен басталды. Бұл экспедицияны СССР-дің Ғылым Академиясының материалдық мәдени институтының аға ғылыми қызметкері С. С. Черников басқарды. Бұл экспедиция 1957 жылға дейін үздіксіз барлау, қазба жұмыстарын жүргізді. 1947 жылы Қазақстанның Орталық Музейінің ғылыми қызметкері Л. К. Нифонтова Семей облысының Абай ауданында қола дәуірінің бірнеше қорғандарын ашып зерттеген6.

Шығыс Қазақстанның археологиялық экспедиция өзінің жұмыстарында тек қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеумен ғана шектелген жоқ. Түркі дәуірі, ерте көшпелі дәуір, неолит, палеолит кезеңцері жайлы бай археологиялық мағлүматтар жинады.

1950 жылы Шығыс Қазақстандағы Қанай аулында және тағы басқа пункттерінен табылған палеолит құралдары, палеолит уақытындағы тұрақтарды ашу, қазу экспедиция жұмысының үлкен жетістігі болып табылады.

С. С. Черников экспедициясының (1947-1950 жж., 1952-1984 жж. ) жүргізген қазба жұмыстарына белсенді қатысқан. Соңғы жылдары қоныстарды, Қанай ауылындағы молаларды қазуға өзі басшылық етеді. Сондай-ақ Грушникова селосында құрбандық шалатын орындар мен қоныстарды зерттейді.

1935 жылдан бастап жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелерін С. С. Черников бір жүйеге келтіріп "Восточный Казахстан в эпоху бронзы" деген еңбегін 1960 ж. жариялады. Бұл еңбектің құндылығын қазба жұмысының материалдары, бір кезеңдегі бірнеше қоныстарды, қорғандарды тағы басқа ескерткіштер арқылы, Қазақстан алғаш рет бір ғана ірі географиялық ауданның қола дәуірі жөнінде толыққанды анықтама беріп отыр. Материалдардың бай қоры, археолог-ғалым С. С. Черникова қола дәуіріндегі тайпалар мәдениетінің дамуы жайлы, Андронов мәдениетінің кезендерінің тарихы туралы жаңа ғылыми тұжырымдар жасауына мүмкіндік берді. Бұл зерттеу жұмысының тарих ғылымында алатын орны өте зор.

Сонымен, Шығыс Қазақстандағы қола дәурінің ескерткіштерін жоспарын және жүйелі түрде зерттеу, сондай-ақ көрші қазба жұмыстарымен салыстыру Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің тарихын толықтырып жазуға көп көмек болды. Енді қола дәуірінің келесі қоныстарының ашылу, жазылу тарихына келесі тарауларда тоқталып өтейік.

I ТАРАУ

Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары

1. 1. Қанай қонысы

Ежелгі қоныс Ертіс өзенінің оң жағалауында Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданының Қанай ауылынан бір километр жерде орналасқан. 1950 жылы бұл қоныс археологтар А. Г. Максимова мен Э. Р. Рыгдиконың қазба жұмыстарының нәтижесінде ашылған. Қоныстың кей бөліктері ғана сақталған, негізінен үлкен жыраларға айналып қатты бүлінген. Қоныстың түгелдей сол жағы мөлшерінін үлкен бөлігі қирап қалған. Сол жерден қола дәуіріне жататын, тастан жасалған бір жағы бұрышталған үккіш, көптеген саз балшықтан жасалған ыдыстың сынықтары табылды.

1950 жылы қоныс орнына шағын (42 кв. м. ) қазба жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде мәдени қабат табылды. А. Г. Максимованың басқаруымен қазба жұмыстары 1951, 1952, 1953 және 1954 жылдары жүргізілді. Барлығы 713 кв. м. жер ашылды және зерттелді. Нәтижесінде, 1953 жылы қонсқа жапсарлата салынған шаруашылық құрылыстары бар тікбұрыш түріндегі (аумағы 50 кв. м. жуық) тұрғын үй ашылды. Жай жартылай жертөле сияқты. Ал, 1954 жылы қоныстың шығыс және орталық бөлігін алып жатқан осы тұрақ жайды аршу зерттеу жұмыстары аяқталды (1- табл. ) .

Мәдени қабат 10 см топырақ қабатынан кейін бірден құрылған. Мәдени қабаттың қалыңдығы әр түрлі. Төмен қарай еш нәрсе табылмағандықтан, мәдени қабаттың төменгі шекарасын дәл анықтауға мүмкін болды. Тұрақ жай сияқты, шаруашылық құрылыстары да, жартылай жер қабырғалар арқылы салынған, жерден қазып тереңдетілген. Тұрақтың материк қабырғаларын зерттеуге мүмкіндік болмағандықтан, біз оның қалай салынғандығын, архитектурасын шұңқырга көмген бағаналардан тұжырым жасай аламыз. Шұңқырдың кейбіреулерінде, біршама тереңдетілгендерінде шіри бастаған ағаштың қалдықтары сақталынып қалған. Бағаналар қабырға бойлай орналасып, оның негізін қалап тұрған.

Қола дәуіріндегі тұрақтың төбесінің жабылу тәсілі қалай жабылғандығы туралы түрлі ғылыми тұжырымдар бар. Мәселен М. П. Грязнов тұрақтың төбесі ағаш кесінділерден пирамида түрінде жабылған деп есептесе7, Х. Б. Трубников сыңар айтақалы шатыр жайлы өз ойын ұсынса8, О. А. Кривцова-Гракова тұрақтың төбесі дөңгелек күмбез тәрізді жабылған дейді9.

М. И. Артамонов, И. В. Синицын, А. П. Смирнов, Н. Я. Мерперт қоныстың төбесі екі жағы да құламалап шатыр болған деп, бір тоқтамға келсе10, К. В. Сальников қоныс екі немесе төрт сырғымалы шатырмен жабылды деп есептейді11. Н. Ф. Калинин және А. Х. Халиков шатырдың түрлі типтерінің болу мүмкіндігін айтып өтеді, шатыр төрт сырғымалы, екі сырғымалы, бір сырғымалы болуы да мүмкін12.

Қонысқа зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, төбесі тегіс болып жабылғандығы анықталды. Осындай қоныстың төбесін жабу тәсілі ягнобтықтарда13 және осы аймақтың қазіргі қазақ елді мекендерінде кездеседі. Қоныстың оңтүстік-шығыс бөлігінің тең жартысы көтеріңкі болып келген, сәкі-төсекті елестетеді. Сәкінің беті көлбеу, ал еденнің қалған бөлігі бірдей.

Қоныстың көтеріңкілеу болып келген бөлігінен екі шұңқыр табылды. Үшінші номерлі шұңқырда шаруашылық мақсатпен қазылған болу керек (диаметрі 75 см, тереңдігі 55 см) жануарлардың сүйегі табылды. Екінші нөмірлі шұңқырда (тік төртбұрыш формасында 50x55, тереңдігі 32 см) күлдің қалдықтары және өртелген тал-шіліктің нөмірі болды. Бұл шұңқырға ыстық күл мен көмірді салып, қонысты жылытып отырған. Жайдың біршама биік оңтүстік шығыс бөлігінен ыдысқа ою-өрнек салу үшін сүйектен істелген жылтыр және тарақ тәрізді қалыптар, қыш жүкшенің сынығы, тас келсап пен үккіш, малдың еңделген жауырыны, малдың жақ сүйегінен жасалған сабау шықты.

Сондай-ақ, балықты тазалауға қолданылатын түтік тәрізді сүйектен жасалған пышақ, қола моншақтар, білезік бұрмасы, аңдардың сүйектері табылды.

Қоныстың батыс жіне солтүстік бөлігінде тастан қаланған үш ошақ бар. Тастары күйеленіп, ыс басып қалған. Бірінші ошақ қоныстың батыс бөлігінде орналасқан.

Ошақтың айналасындағы күлдің және көмірдің қалың қабатынан қыш ыдыстардың сынықтары, аңдардың сүйектері табылды, жанында шаруашылық мақсатқа қолданылатын болу керек, екі тас пеште жатыр. Қоныстың кетеріңкі белігінде екінші ошақ орналасқан. Ошақта және оның айналасында көмір мен күлдің өте қалың қабаты болды. Ошақтың жанынан ыдыстың сынықтары мен шаруашылық қалдықтары табылмағандықтан, бұл ошақ үйді жылытуға арналған деп есептеуге болады. Үшінші ошақ қоныстың солтүстік-батыс бөлігінде, қабырғаға жақын жерге салынған.

Ошақтың айналасындағы күлдің қалың қабатынан қыш ыдыстардың сынықтары, жануарлардың күйдірілген сүйектері табылды. Бұл ошақ та, бірінші ошақ секілді тамақ дайындауға арналған. Олардың бірдей орналасу деңгейінен, ошақтардың бір уақытта салынғанын көруге болады. Қоныстың батыс қабырғасы үшбұрыш түрінде орналасып, оның ық жағынан, өзенге қаратып, таратып, тар дәліз, есік орнатқан. Дәліздің ұзындыгы 70 см, ені - 60 см. Жайдың орталық бөлігі кіретін дәлізден аласа қабырғамен бөлінген. Бұл туралы бағаналар орналасқан шүнқырлар тізбегі дәлелдейді. Қабырға бір жағынан төбені тіреу үшін арналса, екіншіден шағын тоқыма шарбақ түрінде қоршау қызметін атқарған. Тұрғын жайға шығыс жағынан, ені 3, 5 м, шаруашылық құрылыстары жапсарлана салынған14. Оның жалпы ауданы 24, 5 шаршы метр. Жапсыра салынган шаруашылық құрылысының солтүстіктен, оқтүстіктен, тұрғын жайдан кіретін үш есігі болған. Оның оңтүстік - шығыс бөлігінде қалқаланып, қоршалып қойған қамбадан (оның ұзындығы 1 м, ені 1, 3 м) мыс руданың кесектері, ыдыстардың сынықтары және жануарлардың сүйектері табылған. Қонысқа солтүстік батыс жағынан екінші шаруашылық құрылысы, ұзындығы 6 м, ені 3, 75 м, жапсарласа салынған.

Бұл туралы бағаналар шұңқырынан білуге болады. Құрылыс, тұрған жаймен байланысты болған. Осы жайдың оңтүстік бөлігінен тереңдігі 50 см, 2, 25 х 1, 5 м көлеміндегі шұңқырдан балқытылған тастар, күлдің қалың қабаты және құйма қалыптың жартысы табылған. Барлық шаруашылық құрылыстарының төбесі негізгі тұрақ жаймен біртұтас жабылған. Құрылыс қабырғаларының негізгі тұрақ жайдың қабырғалары сияқты, тіреулер, олардың арасына қалыс салынып, балшықпен салынған. Тұрақ жайдың есігіне жақын жерде, тастан салынған ошақ күйдірілген сүйектері, қамыс пен қалдықтары дәлелдейді. Тұрақ жай жерде, тастан салынған ошақ болғандығын жануарлардың күйдірілген сүйектері, қамыс пен тал-шілік сақталатын бұрыш қалдықтары дәлелдейді. Тұрақ жайдың сырт жағына, есікке жақын салынғандықтан, бұл ошақты жаз айларында пайдаланылған деп тұжырымдауға болады. Қоныстың солтүстік бөлігінде, шаруашылық құрылыстарынан 3 метр жерде, тағы бір күн қабаты зерттелінген. Одан ыдыс сынықтары, күйдірілген ақсүйектері табылған. Күлден табылған заттар, ошақ маңындағы тал шіліктің орындары, ағаштың жанған қалдықтары, отын жөнінде негіз жасауға әкелді. Отын ретінде көңді немесе тезекті қолданган. Алексеев қонысынан, күлдің арасынан тезектің шала жанған және көмір боп қалған қалдықтары табылған15. Тұрмыстық заттар мен жануарлардың сүйектері, қоныстың барлық жерінен табылғанмен, едендегі опырылып қүлаған шатыр мен оның топырақ қабатынан көп табылды. Тастан жасалынған бұйымдар табылды: дән үккіш, құйма қалыптың жартысы (1-сурет), үккіш (табл. ІІ, 1-3, 5-7) . Кетпен (2-сурет), балғалар; ал, сүйектен: бұғының мүйізінен істелген ұсақ-түйек заттар (кетпен, табл. ПІ, 32), пышақтар (III, 32), жануарлардың жақ сүйегінен істелген түткіш құрал.

Қоладан жасалынған заттар: төртжақты біздің сынығы (II, 24, 25), моншақтар (табл. II, 22) ; шыны тәрізді заттан жасалынған, моншақтар (табл. ІІ, 23) . Құмнан жасалынған бұйымдар: жіп иіретін ұршықтың (табл. ІІ, 40-47) құралдары. Өрнек салынған ыдыстардың көптеген түрлері. Қоныстан табылған құмнан жасалынған ыдыстарды екі түрге бөлуге болады: тік немесе шамалы шығыңқы бүйірлі кезелер мен иіні дегелек келген қыш құмыралар (түбінің диаметрі 6-дан 25 см-ге дейін, ал шеңбер 9-40 см) . Қоныстың территориясында жабайы және үй жануарларының сүйектерінің көптігі, дән үккіштің табылуы, тұрғындардың негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысқандығын дәлелдейді, оны төмендегі кестеден көруге болады.

Малдардың аталуы: Малдардың аталуы
Қанай ауылы: Қанай ауылы
Сүйектердің жалпы саны: Сүйектердің жалпы саны
Малдардың аталуы:
Қанай ауылы: 1950
Сүйектердің жалпы саны: 1952
1953
1954
Малдардың аталуы: Ірі мүйізді мал
Қанай ауылы: 53
Сүйектердің жалпы саны: 215
1104
177
1549
Малдардың аталуы:

Майда

мүйізді мал

Қанай ауылы: 71
Сүйектердің жалпы саны: 65
485
55
676
Малдардың аталуы: Жылқы
Қанай ауылы: 1
Сүйектердің жалпы саны: 25
50
7
113
Малдардың аталуы: Ит
Қанай ауылы: -
Сүйектердің жалпы саны: 7
26
5
38
Малдардың аталуы: Жабайы қой
Қанай ауылы: 50
Сүйектердің жалпы саны: -
-
-
50
Малдардың аталуы: Өлік
Қанай ауылы: -
Сүйектердің жалпы саны: -
-
3
3
Малдардың аталуы: Жайран
Қанай ауылы: 4
Сүйектердің жалпы саны: -
-
-
4
Малдардың аталуы: Бұғы
Қанай ауылы: 2
Сүйектердің жалпы саны: 1
-
-
3
Малдардың аталуы: Қасқыр
Қанай ауылы: -
Сүйектердің жалпы саны: 1
7
-
8
Малдардың аталуы: Түлкі
Қанай ауылы: -
Сүйектердің жалпы саны: 1
9
-
10
Малдардың аталуы: Қарсақ
Қанай ауылы: -
Сүйектердің жалпы саны: 2
11
-
13
Малдардың аталуы: Қоян
Қанай ауылы: -
Сүйектердің жалпы саны: 2
1
3
6
Малдардың аталуы: Құс
Қанай ауылы: -
Сүйектердің жалпы саны: 2
1
2
5
Малдардың аталуы: Адам
Қанай ауылы: -
Сүйектердің жалпы саны: 2
-
-
2

Қоныстан 200 метрдей көтеріңкілеу келген жерде, жерден 60 см жоғары 10 кг мыс шлагының, ағаштың көмірімен араласқан кесектері табылды. Шлакқа анализ жасағанда, одан қошқыл түсті минерал болу, кварц, ағаштың көмірі алынды. Балқыту кезінде жылдамдатуға және балқыту температурасын түсіруге ықпал ететіндіктен, болу мен кварцты қосады екен. Әріне, бұл қоныста бір ғана емес, бірнеше солтүстікке қарай орналасқан тұрақ жайлар болған екен, бірақ зерттеу кезінде, олардың қатты күйреуге ұшырағанда анықталады. Бұл тұрақтардың әрқайсысында, шаруашылықты бірігіп жүргізетін патриархалды семьялар өмір сүрген болуы керек. Қоныстың оңтүстігіне таман, осы қоныстың территориясында 13 адамның жерленген қабірлері табылған (табл. -І) . Қанқалардың бір бөлігі (Т. И, 2, 3, 4, 9, 10) шым қабатының астында, түзу жатқызылған, ал бір бөлігі (Н 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13) мола шұңқырларына жатқызылып, беті тас плиталармен қаланып, жабылған. Шым қабатының астынан табылған қаңқалар қол-аяктарынқүсырылған күшінде жатқызылсаэ мола шұңқырларындағы қаңқалар шалқасынан жатқызылып қол-аяқтары созылып қойылған. Барлық қаңқа сүйектердің бастары батыс, солтүстік-батысқа қаратылып жатыр.

Қаңқаның сүйектерінен, олардың әртүрлі жастағы адамдар болғандығы анықталды. Бұл адамдардың барлығы В, В, Гинзбургтің тұжырымынша, протоевропоидттық нөсілге жатқызылады. Олардың бас сүйектері негізінен мезокрандылыққа Казахстанской ұқсас, орташа келте басты, беті төмендеу және жалпақ, көз ойығы түсініңкі, кеңсірік үсті шығыңқы, қыр мұрынды, көрікті болып келеді16.

Жоғарыда айтылғандардан, мынадай қорытынды жасап шығуға болады. Мола шұңқырларына ерте көктемде жөне күзде, жердің тоңы әлі қатты уақыттарда, молаларды терең қазу қиын болған кезде, өлікті жерлеп отырған. Қаңқалар шым қабатының дәл астында болды, сондықтан мола шұңқырларына жерлеу бір хроникалық кезеңге жатады және оларды қоныспен байланыстыруға ешқандай негіз жоқ. Өліктердің жерленген дәл уақытын қолда бар материалдармен белгілей алмаймыз, бірақ бір нөрсе айқын, молалар қоныстан кейін пайда болған. Қоныс, молалардан әлдеқайда ерте уақытта пайда болған және белгілі бір себептермен, бірақ тыныш кана, тұрғындары қонысты тастап, көшіп кеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қола дәуірін зерттеу тарихы
Қазақстан қола дәуірінде
Орталық Қазақстанда Нұра кезеңі
Қазақстандағы ежелгі қола және тас дәуірі
Қола дәуірінің тарихнамасы
ҚР территориясындағы тас және қола дәуірлері
Андронов мәдениетінің ерекшеліктері
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Андроновтықтар. Беғазы-Дәндібай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz