Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе

1. Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі.

1. 1 Кеңес жазушыларының шығармаларындағы Шыңғыс хан бейнесі.

1. 2 Қазақстан жазушыларының шығармаларындағы Шыңғыс хан образы.

2. Тәуелсіздік тұсындағы әдеби шығармалардағы Шыңғыс хан бейнесі.

2. 1 М. Шаханов шығармасындағы Шыңғыс хан.

2. 2 М. Мағауин шығармасындағы Шыңғыс хан бейнесі.

2. 3 Қазақ ақын жазушыларының шығармаларындағы Шыңғыс хан бейнесі.

Қорытынды

Пайдаланған әдеибетер мен сілтемелер тізімі.

КІРІСПЕ.

Тақырыптың өзектілігі: Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері тарихқа жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды. Тарихта субъективті көзқарас белең алып, тарих тек бір жақты зерттеліп келді., түріктер мен түркі-моңғолдардың мемлекеттері өмір сүріп, қайталанбас Кеңес одағы кезінде Қазақстан тарихы аясында бұрмалаушылықтар да болып отырды. Өзінің геополитикалық жағдайы жағынан еліміз Еуропа мен Азияның ортасында, славяндар мен түркі халықтарының, Қытай мәдениетінің шекарасында орналасқан. Еуразияның осы кіндігінде сақтардың, ғұндардыңдала өркениеті жасалынды. Осы жерде көшпелі және отырықшы халықтардың басы қосылды. Қазіргі қазақ халқы осынау өркениеттің тікелей мұрагері болып отыр. Сондықтан ел тарихының орта ғасырлар тарихында моңғол шапқыншылығы, Шыңғыс хан және оның құрған империясының маңыздылығы, оның ішкі және сыртқы саясатын зерттеу, оның қазақ тарихында алатын орнын анықтау маңызды болып табылады. Барлық деректерде жалпы бұл тақырып аясында тек бір жақты зертелінді. Сонау кеңестік тарихнамада саяси астарлар мәні жатқан зерттеулер де мүдделік баға берілді.

Қазақстан тарихында бұл кезеңнің тигізген әсері баршылық. Шыңғыс хан тұлғасы бұрмаланып, бір жағынан аса мадақталып, екінші жағынан зұлым ретінде қара күйе жағылып, субъективті көзқарас белең алып отыр. Шыңғыс ханды тарихи, тұлға ретінде зерттеу, оның көркем әдеби шығармалардағы бейнесін ашу және оны талдау ерекшелігін саралау өзекті болып табылады.

Шыңғыс ханның тарихтағы орны туралы көптеген пікірлер жазылуда. Алайда оның өмір сүрген ортасы, қоршаған әлеуметтік қоғам ерекшеліғгі ескерілмейді. Бұл тұлғаның жетістіктерге жетуінде болған факторлар, оның ішкі және сыртқы саясаты маңызды болып табылады.

Тақырыптың тарихнамасы. Шыңғыс хан, құрған мемлекет пен оның әулеті жайында тарихи деректемелер өте көп. Бұл жөнінде моңғол, қытай, парсы, орыс, кеңес, еуропалық және қазақ тарихшылары кеңінен зерттеп, толып жатқан тарихи деректер қалдырған. Бұған қоса Шыңғыс хан заманында жазылған жылнамалар саяхатшылардың жазбалары да көптеп кездеседі. Сондықтан бұл еңбектерді қолданған кезде бірнеше кезеңге бөліп, сипаттама жасаған дұрыс.

Алғашқы кезеңге ХІІ-ХІ ғасырларда өмір сүрген шығыс тарихшылары (парсы, қытай араб т. б) еңбектері мен сол заманда түркі-моңғол хандарының ордаларында болып қайтқан батысеуропалық саяхатшылардың қолжазбаларын жатқызуға болады.

Осындай авторлардың ішіндегі көрнектілеріне және олардың еңбектеріне жеке-жеке тоқталып өтсек.

Жувейни Алъ-ад-дин Ата Мәлік Мухаммед (1226-1283) - парсы тарихшысы әрі мемлекет қайраткері. Ол Хулагу хан ильхандар мемлекетін құрған кезде 24 жылдай Бағдад қаласының әміршісі болған. Жастайынан жүйелі білім алған әрі монғолдар мемлекетін көп аралап, көптеген даңқты ғалымдармен әңгімелесіп, өз білімін толықтырып отырған. Жувейни моңғол хандарының тапсырмасымен көп жыл еңбектеніп, "Тарих-и-Жаһангушай" ("Әлемді жаулап алушының тарихы") атты үш томдық еңбек жазды [1] . Кітаптың алғашқы томында Шыңғыс ханнан бастап 1248 жылға дейінгі түркі-монғол мемлекеті тарихы қамтылды. Екінші кітабында Хорезм, Иран, Қашқар, Қотан, Қарақытай, Найман, Керей мемлекеттерінің Шыңғыс хан заманына дейінгі тарихы баяндалады. Үшінші кітапта Хулагудың Иранға жорығы айтылады.

Жамал Қарши (шын аты - Абдул Фазыл ибн Мұхаммед) (1230-1315) - Жетісу топырағында туып өскен тарихшы-ғалым. Ол монғол дәуірінде Жетісу өңірінен шыққан тұңғыш тарихшы. Әрі Алмалық пен Қашқарда оқып, араб-парсы дәстұрінде тәрбиеленген. Шағатай ұлысын көп аралап, көптеген атақты шежірешілермен пікірлескен. Жетісу мен Орта Азиядағы оқиғаларды өте жетік білген және осы оқиғаларды бірінші болып қағаз бетіне түсірген. Негізгі еңбегі - араб тілінде жазылған. "Мұлхақат-ас-сурах" ("Лұғатқа қосымша") деген еңбегі. [2] Бұл шығармасында ол сол заманындағы өмір сүрген ғалымдар мен саяси қайраткерлерге жеке-жеке баға берген. Тарихи оқиғалардан үш кезеңді - Оғыз-Қарахан дәуірін, қарақытайлар мен наймандар үстемдігін және Шыңғыс хан мемлекетінің алғашқы кезеңдерін қамтып жазған. Оның еңбектерінде тарихи адамдардың туған, өлген жылдары, атқарылған қызметтері нақты айтылған.

Келесі бір тарихшы әрі мемлекет қайраткері Рашид-ад-дин Фазлуллах ибн Абулл Хейр али Хамадани (1247 - 1318) - 1298-1318 жылдары Газан хан мен Ұлжайгу хандарға уәзір болып, Хулагу мемлекетінде реформа жүр-гізуге атсалысты. Ол ғұлама ғалым, энциклопедист. Медицина, ботаника, агро және құрылыс техникасы жөнінде энциклопедиялық "Китаб - уль-ахиуа -аль-аср" және мұсылман (сунит) треологиясының авторы болды. Ең құнды еңбегі үш бөлімнен тұратын (үшінші бөлімі сақталмаған) "Жами-ат-тауарих" ("Жылнамалар жинағы") атты парсы тілінде жазылған орта ғасырдағы тарихи әдебиеттің ішіндегі XIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIV ғасырдағы ең үлкен жетістіктерге жеткен әдеби ескерткіш болып саналады. Мұнда бұл еңбектің ерекшеліктеріне қарамастан Иран, Әзір-байжан, Орта Азия, Моңғолия т. б мемлекеттер туралы мәліметтер сақталған.

Бұл еңбектің алғашқы бөлімі "Тарихи Газани" ("Газан тарихы") деп аталып, сол мемлекеттердің 1304 жылға дейінгі тарихы баяндалады. [3] . __ Екінші бөлімінде монғолдар жаулап алғанға дейінгі мұсылман мемлекеттері иуда, франктер (Батыс Еуропа елдері), Рим императорлары мен

папалары, Үндістан, Қытай, Шығыс Еуропа елдері жөнінде жан-жақты мәліметтер береді. Бұл кітапты жазу үшін Рашид-ад-Дин парсы, түркі, моңғол, үнді, қытай, франк т. б. елдердің ғалымдарын жұмылдырды. Олар түпнұсқа мен тарихи дәстүр негізінде ешбір саяси немесе діни мүдделерден тыс барлық халықтардың тарихын жазуға тырысты. Жүз жылдар шамасында Ресей мен шет елдерде автордың атақты еңбегін 1836 жылы француз зерттеушісі Катрмен, 1858-1888 ж. ж орыс ғалымы И. Н. Березин жеке бөлімдерін басып шығара бастады және т. б зерттеушілер талдап келді. Шыңғыс хан заманы жөнінде өте құнды көптеген мәліметтерді қамтыды. Осыған байланысты Шыңғыс хан империясы тарихын зерттеуші ғалымдардың бірде-біреуі бұл еңбекті пайдаланбай қоймайды.

Сонымен қатар, Месопотамияда жазылған Ибн-әл-Асирдің араб "хроникасы", 1260 жылғы Үндістанда парсы тілінде жазылған Джузджанидің "Насир кестелері", қытай саяхатшыларының, Шыңғыс хан қоластындағы-ларының жазбалары: генерал Мэн-хун және таостық монах Чан-Чуннің деректері маңызды болып табылады.

Марко Поло - Венеция көпесшісі, моңғол заманы кезіндегі жағдайлар туралы мәліметтер қалдырып кеткен саяхатшы. . [4] Ол әкесі Никколо мен неме-ре ағасы Маффеомен бірге Рим Климентий I мұрагерінің Құбылайға берген грамотасын тапсыру үшін саяхаттап жолға шығады. Ауғанстан арқылы 3 жылдан аса жол жүріп Құбылай ханға жетеді. Осында мемлекеттік маңызы бар қызметте болып, Үндістан, Цейлон, Коромандель, Малабар, Ява, Жапония аралдарын зерттеген, қытай жерін түгел аралап, географиясын, этнографиясын зерттейді. Марко Поло Құбылай ханның қол астында ұдайы он екі жыл қызмет етті, үшеуі туған жері Венецияға қайтуды ойлайды, бір тапсырманы орындау барысында жол жүріп еліне қайтады. Оның кітабындағы мәліметтерді жазушы Рустичано өзінен жазып алған. Бұл еңбек

орта ғасырда шығыс елдері - Үндістан, Қытай, Орталық Азия туралы бірден-бір толық географиялық еңбек болып табылады.

Европалықтардың Қытай, Үндістан, Орталық Азия елдерімен мәдени байланыс, сауда қарым-қатынасын жасауға жағдай жасады.

Марко Поло кітабы - XIII ғасырдағы Азия туралы құнды еңбек. Сондай-ақ бұл кітап Американы ашуға, көптеген саяхатшылардың шығысты зерттеуіне пайдасы зор болды.

Карпини Джованни де Плано (1182-1252) - Умбри қаласында туған, Италиядан шыққан монах. Рим папасы Иннокентий IV 1245 ж. Лион соборының тапсыруымен оны әдейі моңғолдарға елшілікке жіберді. Ол Киев, Еділ өзені, Хорезм, Жетісу арқылы қарақорымға 1246 жылы екліп жетеді. Күйік ханның таққа отыру салтанатына қатысады. 1246 жылы күзінде қайтар сапарында Бату ханға жолығады. Оның берген жолдамасымен аман-есен 1247 жылы 22 маусымда Киевке келді. Сөйтіп, Европадан қазақ жері арқылы Орталық Азияға барып қайтқан атақты елші, әрі саяхатшы 1252 жылы Римде қайтыс болды

Еліне оралған шақта П. Карпини моңғолдарға бағынған халықтар мен қалалар жөнінде аса құнды қолжазба қалдырады. . [5]

Гильом Рубрук (Вильгельм Рубруквист) - Плано Карпини Европаға қайтып келгеннен кейін алты жылдан соң француз королі Людовик IX моңғол астанасына елші етіп жіберген елші, моңғол елі туралы құнды деректер қалдырып кеткен саяхатшы. 1253 жылы Рубрук бір топ серіктерімен алыс сапарға аттанып, әуелі Қарақорымның Судак портына, одан кейін Еділдің төменгі ағысындағы моңғол ханы Сартак сарайына аялдаған, ол әкесі Батиға жібереді. Сапарлата отырып Қарақорымдағы моңғолдың ұлы ханы Мөңкеге аттанады. Жол бойы көрген-білгенін мұқият жазып отырған. Саяхатшы тіпті Арал теңізі, Сырдария, Қаратау, Іле бойымен жүріп, Орталық Азияға өтеді. Мөңке сарайына келген Рубрук елдің, тұрмысы, әдет-ғұрпы туралы көп мағлұмат алады.

Бұл батысеуропалық саяхатшылар қалдырған мәліметтер өте құнды болып табылады.

"Моңғолдың құпия шежіресі” - XIII ғасырда жазылған ең бір құнды деректің бірі. [6] . Бұл еңбекті көптеген атышулы тарихи шығармалармен қатар қоюға болады. Көне замандарда моңғол халқында шешендік сөздерді термелеп айтатын, тарихи оқиғаларды шебер бейнелеп жазатын ділмар да білгір адамның бірінің саусағынан тамған шығарма. Авторы белгісіз болғанмен шумақтардан оның мерзімін анықтауға болады, яғни 1240 жылдың жетінші айы. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, шығарма 1240 жылы моңғолдар қолданған найман-ұйғыр жазуымен жазылып, кейіннен 1382 жылы қытай шежірешілері оны қытай әрпімен көшірген. Пекин кітапханасында сақталған осы нұсқаны әуелғі нұсқа емес деушілер де табылады. Шежіренің қытайша атуы "Юань-Шао-Би-Ши". Мұндағы Юань - мемлекеттің атауы, Шао - құпия. Би-Ши - тарихы деген мағынада. Шежіренің құпия аталуы ол тек сарай төңірегіндегілердің ғана оқуына арналған.

"Құпия шежіренің" дәптердің саны (жігі) белғісіз. Көбінесе 15 не 12 дәптерғе бөлінеді. Әйтсе де Юань мемлекетінің ғұлденғен ұкіметі кезінде, 1908 жылы қытай ғалымы Ей-де-құй алғысөз жазған басылымда "Құпия шежіренің" нұсқасы 12 дәптер екен. Алғашында бастапқы 10 дәптер жазы-лып, соңынан 2 дәптер қосылған сияқты. Соңынан қосылған екі дәптерде Өгедей хаған кезіндеғі оқиғалар жазылса, бастапқы он дәптерде моңғолдың шығу тегінен бастап, Шыңғыс ханның өліміне дейінгі оқиғалар қамтылады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап шежіре тарихшылардың назарын аударып келеді. Ғалымдар арасында оның авторы жөнінде де пікірлер көп. Кейбіреулері оны бірнеше адам жазған шежіре десе, қалғандары Шыңғыс ханның ең сенімді серіктерінің бірі меелекеттік төреші әрі ұйғырша хат танитын сауатты адам Шиғихтуғ жазды деген пікірді жақтайды.

Бұл шежіре ХІП-ХІҰ ғасырлардағы моңғолдар ғана емес, сонымен бірғе сол кезеңдеғі басқа тайпалар туралы мәліметтерді салыстыруда құнды болып

табылады. Дегенмен шежіреде сыртқы шетелғе жасаған жорықтары туралы мәліметтер толық емес.

Моңғол тілінде жазылған Шыңғыс хан патшалық құрғанының Алтын кітабы "Алтын дәптер", Шыңғыс хан кодексі- Джасак, яғни (бөғде авторларда ұзінділер тұрінде сақталған) халықтық әдет-ғұрып, көзқарасын, моңғолдың әдет-ғұрыптық заңдарын қамтыған қаулылар жинағы; Шыңғыс хан нақыл сөздері - "Білік". Олар бізғе шығыс авторларының сілтеу жасауы арқылы белғілі. Моңғолдардың өзінде бірқатар тарихи еңбектер жазған өз тарихшылары болған. ( Алтан-тобчи, Хухо-дебтер және "Шығыс Моңғолия мен оны билейтін әулет тарихы" еңбеғінің авторы Сецен-хун-тайджи т. б. )

Утеміс-қажының Чингиз-наме еңбегі - Шыңғыс хан әулеті туралы көптеген деректерді қамтитын еңбек. . [7] Чингиз-наменің бір ғана нұсқасы белгілі және ол XVIII-XIX басына жатқызылған діни мағынада жазылған басқа жеті шығармамен қосылған. Мәтін шайбанид Иш-сұлтан (1558 жылы өлтірілген) тапсыруы бойынша XVI ғасырдың бірінші жартысында жазылған.

Утеміс-қажы Маулан Мұхаммед Дости ұлы Ильбарс хан (1512-1525) қызметінде жұрғен, беделді жанұядан шыққан, сарай хатшысы ретінде қызмет еткен. Еңбеғінде Шыңғыс хан және оның ұрпақтары туралы жазылған, яғни Тоқтамысқа дейінғі хандарды қамтыған. Бұл Хорезмде жазылған шығарма Ақ, Көк, Алтын Ордаға қатысты мәліметтер береді, Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары жөнінде Дешті-Қыпшақ тайпалары басшыларының әңгімелері негізінде де ауызша ақпараттарға сүйеніп, тарихи көшпелілер білгендерін жазба бетіне түсіріп, сонымен бірге саяхаттап отырып мәліметтер жазып отырған.

"Түрік шежіресі" - XVII ғасырдағы түрік жазба ескерткіштерінің ішіндегі елеулі орын алатын Әбілғазы баһадүр ханның еңбегі. . [8] Еңбектің

ерекшелігі - авторының Шыңғыс хан ұрпағынан бола отырып өз тарихын өзі

жазуы, және тарихи, әдеби жағынан аса құндылығы.

Әбілғазы кітапты хижраның 1074 жылы, яғни 1663 жылы жазуға кіріседі, бірақ аяқтай алмай, 1664 жылы қайтыс болады да, кітапты оның ұлы Ануш Мұхаммед аяқтайды.

"Түрік шежіре" - Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірде Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған ірілі-уақты оқиғалар мен мемлекет басқарған қайраткерлер жүргізғен саясаттың жылнамасы. Еңбектің құнды жағы - оның таза көне түрік тілінде жазылуы. Бұл еңбекті ол " бес жасар бала түсінетіндей етіп, қарапайым түрік тілінде жазған, араб, парсы тілдерінен ешқандай сөз қоспаған. Еңбек, сонымен қатар көркем шығарма емес, негізінен үрім-бұтағын, тармақталуын баяндайтан шежіре. Шығарма тоғыз . баптан тұрады, адамнан моңғолға шейін, одан Шыңғыс хан туралы, соңында Шейбани әулетінен Хорезм мемлекетінде патша болғандар жайында тарауымен аяқталады.

Қадырғали Жалайыр "Жылнамалар жинағы" еңбегінде Шыңғыс хан заманынан бері қарай ата-бабасының шежіресін таратқан. Екінші бөлімінде ертедегі түрік-моңғол тайпаларының тарихын жан-жақты және қысқа көлемде баяндаған. Одан әрі Шыңғыс хан тегі мен ұрпақтарын, яғни Газын ханға дейін жіктеген. Қазақстан тарихы үшін аса маңызды бөлігі үшінші бөлігі, бұрын-соңды ешқандай автордың еңбектерінде кездеспеғен тарихи мәліметтерге тың. Соңғы бөлімі тоғыз дастаннан тұрады. Сонымен қатар шежіреде Алтын Орданың ыдырауына байланысты аса қажетті деректер берілген.

Қолданылған әдебиеттердің ішінен екінші кезеңғе ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі шығармаларды жатқызуға болады. XIX ғасырдан бастап Батыс шығыстанушылары Шыңғыс хан империясына қатты назар аудара бастады. Мұнымен қоса осы кезеңде Ресей де жедел даму үстінде бола отырып, өз тарихына қызығушылық танытты. Батыс және орыс тарихшылары Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің Еуропа мен Азияға жорықтарын әлемдік Масштабтағы "шапқыншылық" ретінде қарастырды. Әрі бұл жөніндегі мұсылман және қытай деректерін неміс, француз, орыс т. б тілдерге аудара бастады. Әсіресе XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс тарихшылары Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің жеке бастары мен әскери жорықтарын жан-жақты зерттеп, талдай отырып бағалауға тырысты. Олар осы зерттеулер арқылы орыс елінің неліктен 300 жыл бойы моңғол-татар езгісінде болғанын түсіндіруге тырысты. Мысалы, әскери тарихшы Хиуа жорығына қатысушы ғенерал-лейтенант М. И. Иванин қытай, парсы деректерінің аудармаларын пайдалана отырып, түркі-моңғолдардың әскери құрылымына, стратегиясы мен тактикасына әскери маман ретінде талдау жасады. [9] . Бұл тақырыпта И. М. Карамзин, В. В. Радлов, В. И. Вельяминов-Зернов. [10], С. М. Соловьев, И. И. Крофт т. б қалам тартты. . [11] Олар өз еңбектерінде І-Петрге дейінгі орыс әскерлерінің барлық құрылымдары моңғол-татар ұлгісінде болғандығына және Русь жерінің Мәскеу қаласы маңына топта-суына Алтын Орда хандарының қосқан үлесі мол екендігіне баршаның көзін жеткізе алды. Бұл жөнінде орыс тарихының атасы Н. М. Карамзин: "Мәскеу өзінің дәуірлеуіне хандар алдында көп борышкер. Егер орыс жерінің үстінде Орданың байрағы желбіремегенде, Литва, Польша, Венгрия мен Швецияның қай-қайсысы болса да Ресейді бөлшектеп, біржолата тұралатып тастаудан тайынбайтын еді", - дейді. . [12]

1917 жылғы революция мен азамат соғысынан кейін көптеген орыс ғалымдары шетелге кетуге мәжбүр болды. Олар большевиктер диктатурасын азияттық татар мәдениетінің орыс демократиясын жеңуі деп түсіндіруге ұмтылды. Алайда бір топ ғалымдар (Иакинф (Бичурин), Паладий, Березин И. Н, Васильев В. П., Эрдман Ф., Позднеев А. М., Бартольд, Н. С. Трубецкий, П. Н. Савицкий, Ғ. В. Вернадский, Э. Хара-Даван . [13] т. б. олардың бұл тұжырымдарына батыл түрде қарсы шығып, өздерін "еуразиялықтармыз" деп атады. Еуразиялықтар "Татар-моңғол езгісі" деген концепцияны жоққа шығарып, орыстың батысшыл тарихшыларына қарсы шықты.

XX ғасырдың бас кезі қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің рухани өркендеген дәуірі болды. Қазақ зиялылары (М. Тынышпаев, С. Асфендияров т. б. ) Отан тарихына байланысты баспасөз беттеріне жиі-жиі өз мақалаларын шығара бастады. Олар өз еңбектерінде Шыңғыс хан дәуірінің қазақ ұлтының қалыптасуына тиғізғен оң әсерлсрі жайында сөз қозғады.

Тақырыптың мақсаты. Шыңғыс хан туралы ХІІІ ғасырдан бері қалам тартқан тарихшы, әдебиетші ақын мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін салыстыра отырып баға беру. Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан жаңа пікірлерді анықтап сараптау. Жалпы оқырманға бағытталған әсіресе әдеби шығармаларындағы Шыңғыс хан образына тоқтала отырып, халық арасындағы оның бағасын білу. Демократияның саясында оқырмандардың жеке ойларын білдіре отырып Шыңғыс хан тұлғасына бағыттаған мадақтары мен теріс пікірлерін іріктеп көрсету.

  1. Кеңес жазушыларының шығармаларындағы Шыңғыс хан бейнесін деректерге сүйене отырып анықтау.
  2. Қазақстан жазушыларының шығармаларындағы Шыңғыс ханға деген көзқарастарының маңызын ашып көрсету.
  3. Тәуелсіздік тұсындағы әдеби шығармалардағы Шыңғыс хан бейнесін сараптау.
  4. Шыңғыс ханға тарихи тұлға ретінде жаңа көзқарас қалыптастырған, М. Мағауин шығармасындағы Шыңғыс ханға деген көзқарасын зерделеу.
  5. Халық жазушысы М. Шахановтың кітабы мен мақаласындағы Шыңғыс ханға деген көзқарасты сипаттау.

Жұмыс кіріспеден, Екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

  1. Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғысхан.

1. 1. Кеңес жазушыларының шығармаларындағы Шыңғыс хан бейнесі .

Ұлы Моңғол империясының ірге тасын қалаушы қаһарлы да қатыгез, байсалды да Шыңғыс хан аса күрделі тұлға. Оның қанқұйлы қарекеті мен қайталанбас қайраткерлігі өз алдына бір төбе. Шығыс тұлғасындағы қатыгездік пен қайсарлық, қаһарлық пен ақылдылықты басқа да әлемдегі тарихқа енген ұлы тұлғалармен салыстырады. Алайда Ескендір Зұлқайнарын, Адорлф Гитлер, Наполдеон Банопарт, Шыңғыс ханмен непросдсказуемоста тең келерне екен.

Шыңғыс мың қолымен Моңғол халқын әлемге паш еткізді, тарих сахнасына алып келді.

Шыңғыс хзанның өмірі ақиқаттан гөрі аңызға толы. Міне осы аңыздан ақиқатты іздеуге көптеген тарихшы зерттеулер еңбегін жаудырғаны белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда трилогиясының поэтикасын анықтауды мақсат еттік
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Тарихи шындық және көркемдік шешім
Қазақ фольклорының тарихы
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Әбіш Кекілбаев прозасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz