Шыңғыс хан және оның жаулаушылық саясаты



1. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I .ТАРАУ.Шыңғыс хан империясының құрылуы ... ... .. 12.19
1. Бір орталыққа бағынған монғол мемлекетінің
көтерілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2. Империяның әкімшілік және әскери құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
ІІ .ТАРАУ. Шыңғыс ханның жаулау жорықтары және оның зардабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22.30
1. Қытайға жасалған шабул ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
2. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны бағындыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
ҚОРЫТЫНДЬІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Әлемнің жартысын жаулаған монғол-татар шапқыншылығы Шыңғыс ханның жаулап алушылық саясаты, арада қаншама уақыт өтсе де, әлем тарихшыларының назарынан тыс қалмай келе жатқан күрделі мәселе.
Шыңғыс хан шапқыншылығынан бері арада аттай сегіз ғасырлық уақыт өтсе де, әлемді дүр сілкіндірген жаулаушы-Шыңғыс ханды түсінуге, ол туралы көбірек білуге деген құштарлық ынта күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі. Соңғы деректерге сүйене отырып айтатын болсақ, Шыңғыс хан өлгеннен соң, 13 жыл өтпей-ақ монғолдың «құпия тарихы» /аталмыш оқғаны суреттеуге арналған алғашқы шығарма/ дүниеге келгеи екен. Бұл мәселе туралы Қытай мұсылман авторлары, Азияға жолы түскен еуропа саяхатшылары жазып кеткен мұралар қаншама? Ал кейінгі дәуір ғалымдарының да бұл тақырыпқа қалам сілтемегендері кемде-кем шығар. Бұл күндері де Шыңғыс хан туралы қаншама тарихи, әдеби, көркем шығармалар бірінен соң бірі жарық көруде. Әйтсе де оның саясатына деген қызырушылық бәсеңдер емес.
Шыңғыс хан державасының құрылуы мен құлау проблемасы көптеген тарихшыларды толғандырғанына қарамастан, ол әлі күнге дейін шешілмеген. Қыруар жалпылама тұрғыдағы және арнайы еңбектерде: тіпті өз тайпасының да қолдауынан айырылған ол түгілі солар өзін тонап, айдалара тастап кеткен қайыршы қалай ғана құдіретті армияның көсемі, бірнеие халықтардың ханы және кейінгілері өзінен әлдеқайда құдіреттілеу бола тұрса да барлық көрші мемлекеттерді жеңуші болып шыға келді?- деген маңызды сұраққа жауап жоқ. Шыңғыстың әскери және саясаткерлік таланты, оның жаулап алған елдерінің дініне, әдет-ғұрпына, ұлттық өзгешелігіне көзқарасы да әлі зерттей тусуді қажет етеді.
I. Дерктемелер, зеріттеулер, монографиялар.
1. Әбілғазы Б., Түрік шежіресі, Алматы, 1992.
2. Бартольд В.В. Рецезия на книгу Б.Я.Владимирцева «Чингис-хан»// Восток, 1925, кн,5.
3. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествие соч., т.І. 1963.
4. Бартольд В.В. Образование империи Чингис хана, соч, т. I , М, І964.
5. Владимирцев Б.Я., Общественный строй монголов, Монгольский кочевой феодализм, Л., 1934.
6. Гольман Л.Н. Изучение истории Монголии на западе /XIII- середине XX в.в./, М., 1988.
7. Гумилев Л.Н. Древние тюрки, М., 1967.
8. Гумилев Л.Н., Қиял патшалығын іздеу, Алматы., 1992.
9. Далай Ч., Монголия в ХПІ-ХІҮ веках, М,, 1983.
10. Қадырбаев А.П., «Юань-ши»-как источник по истории кирейтов и найманов // Письменные памятники востока, Историко-билологические исследования, М., 1934.
11. Кадырбаев А.Ш., Тюрки-канглы в империи Чингисхана //Материалы конференции. М., 1979.
12. Карчалов В.В. Внешнополитические факторы развития феодальной Руси, Феодальная Русь к кочевники. М., 1967.
13. Келімбетов Н., Ежелгі дәуір әдебиеті, І бөлім, Алыаты, І99І.
14. Кычанов Е., Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир, Алматы,І992.
15. Козин С.А., Сокровенное сказаные, М., 1941.
16. Кузмин В.П., Предисловие. Оссон К де, История монголов, т.Л., Чингис хан, Иркутск., 1937.
17. Қадырбаев А.Ш., Қазақстан Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері дәуірінде, ХІІ-ХІҮ ғасырлар, Алматы, 1992.
18. Құдайбердиев Ш., Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шекіресі, Алматы, І99І .
19. Рашид-ад-Дин, Сборник летописей, т. І. М-Л., 1952.
20. Румянцев Г.Н. Труды Б.Я. Владимирцева по истории монголов // Филология и история монгольских народов, М., 1953.
21. Сандаг Ш., Образование единого монгольского государства и Чингисхан // Татаро-монголы в Азии и Европе. М., 1977.
22. Скрынникова Т.Д., К вопросу о формировании монгольской государственности в ХІ-ХІІ вв // Последование по истории и культуре Монголии. Новосибирск,1989.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Шыңғыс хан және оның жаулаушылық саясаты

Ж 0 С П А Р:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I –ТАРАУ.Шыңғыс хан империясының құрылуы ... ... .. 12-19
1. Бір орталыққа бағынған монғол мемлекетінің
көтерілуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..12
... ... ... ... ...
2. Империяның әкімшілік және әскери
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
... ... ... ... ..
ІІ –ТАРАУ. Шыңғыс ханның жаулау жорықтары және оның
зардабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-3 0
... ... .
1. Қытайға жасалған шабул 22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны
бағындыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..30
... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЬІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... 45

К I Р I С П Е

Әлемнің жартысын жаулаған монғол-татар шапқыншылығы Шыңғыс ханның
жаулап алушылық саясаты, арада қаншама уақыт өтсе де, әлем тарихшыларының
назарынан тыс қалмай келе жатқан күрделі мәселе.
Шыңғыс хан шапқыншылығынан бері арада аттай сегіз ғасырлық уақыт өтсе
де, әлемді дүр сілкіндірген жаулаушы-Шыңғыс ханды түсінуге, ол туралы
көбірек білуге деген құштарлық ынта күн тәртібінен түспей келе жатқан
мәселелердің бірі. Соңғы деректерге сүйене отырып айтатын болсақ, Шыңғыс
хан өлгеннен соң, 13 жыл өтпей-ақ монғолдың құпия тарихы аталмыш оқғаны
суреттеуге арналған алғашқы шығарма дүниеге келгеи екен. Бұл мәселе туралы
Қытай мұсылман авторлары, Азияға жолы түскен еуропа саяхатшылары жазып
кеткен мұралар қаншама? Ал кейінгі дәуір ғалымдарының да бұл тақырыпқа
қалам сілтемегендері кемде-кем шығар. Бұл күндері де Шыңғыс хан туралы
қаншама тарихи, әдеби, көркем шығармалар бірінен соң бірі жарық көруде.
Әйтсе де оның саясатына деген қызырушылық бәсеңдер емес.
Шыңғыс хан державасының құрылуы мен құлау проблемасы көптеген
тарихшыларды толғандырғанына қарамастан, ол әлі күнге дейін шешілмеген.
Қыруар жалпылама тұрғыдағы және арнайы еңбектерде: тіпті өз тайпасының да
қолдауынан айырылған ол түгілі солар өзін тонап, айдалара тастап кеткен
қайыршы қалай ғана құдіретті армияның көсемі, бірнеие халықтардың ханы және
кейінгілері өзінен әлдеқайда құдіреттілеу бола тұрса да барлық көрші
мемлекеттерді жеңуші болып шыға келді?- деген маңызды сұраққа жауап жоқ.[1]
Шыңғыстың әскери және саясаткерлік таланты, оның жаулап алған елдерінің
дініне, әдет-ғұрпына, ұлттық өзгешелігіне көзқарасы да әлі зерттей тусуді
қажет етеді.
Шыңғыс ханның жаулаушылық саясатын зерттеудің тағы бір қыры бар.
Моңғол-татар шапқыншылырынан кейін Евразияның саяси келбеті өзгерді. Моңғол
жаулаушылырының саяси зардаптары әлем тарихшыларына үлкен зерттеу арқауы
болғанымен, кейбір қырлары мысалы, жаулап алынған елдердің рухани дүниесі,
оның өзгеріске қалай ұшырағаны назардан тыс қалған[2]. Шыңғыстану ғылымының
келер ұрпақтары бұл ақтаңдақтардың орнын толтырар деген сеніммен, жалпы,
Шыңғыс туралы зерттеулер барысына тоқталайық.
Аталмыш мәселені суреттеуге XII ғасырдың екі шығармасы: Алтын дәптер
Алтын кітап мен Юань-чао би-ши Монролдың құпия шежіресі арналған. Мұның
біріншісі- үкіметтік қатал тексеруден өткен ресми тарих, екіншісі- 1240
жылы жазылған монғол халқының ішкі тарихын көбірек суреттеуге арналған
шығарма.
Моңғол тіліндегі кітап Алтын дәптер бізге өкінішке орай, жетпей
қалды. Ал, монғол жылнамасы Монголун нигуча тобчиянь қазақша аудармасы:
Шыңғыс туралы құпия сыр, ал қытайша аудармасы: Юань- чао би- ши
бастапқы Моңғолдардың текстімен сақталмаған. Оның бізге қытайлық тексі-
Юань-чао би-ши көптеген құпиялырымен жетті. Себебі, біріншіден, автор
белгісіз: екіншіден, бұл шығарма жайлы ғалымдар арасында талас, қарама-
қайшы пікір көп[3]. Дегенмен айта кету керек, шығармалары негізгі қайраткер
- Темучжин-Шыңғысхан; алайда оның жеке басы мінез құлқы, қабілеті жөнінде
қортынды жасау өте қиын. Автордың бұл кейіпкерге деген көзқарасы бүкіл
баяндау барысында екі жақтылық қалпында қалып, ешбір өзгермейді.
Шыңғыс хан және оның империясы туралы көптеген деректерді біз шығыс
деректерінен аламыз:
а. ХІҮ ғасырдың басында жазылған парсы тарихшысы Рашид-ад-Диннің
шежірелер тарихы:
ә. Ибн-аль-Асирдің араб хроникасы.
б. Мұсылман жылнамашысы Ата-Малик Жүзжанидың Әлемді жаулаушылық
тарихы, парсы тілінде 1260 жылы жазылған.
Шығыстың зерттеушілер еңбегі бізге құнды деректерімен, оқиғаны нақты
суреттей білуімен, сол кезеңді өз көздерімен көре отырып салыстыра отырып
баяндауларымен құнды.
Батыста Шыңғыс хан туралы алғашқы мәліметтер XIII ғасырда-ақ көрініс
берді. Саяхатшылар Плано Карпини, Рубрук, Марко Пололар Азияны Европаға
алғашқы таныстырушылар болды.
ХҮІІ ғасырдың соңына қарай Францияда Людовик ІҮ отарлау саясатының
күшеюіне байланысты Батыстан Шығысқа, дәлірек айтқанда Қытайға, көптеген
миссионерлер аттанады. Әрбір саяхаттан соң. Еуропада тың тақырыптар, жаңа
кітаптар туындап жатты.
1739 жылн А.Гобиль Юань шиден Шыңғыс хан туралы материалдарды
аударып, батыстан Шыңғыс хан тарихына алғаш болып жол ашты. Оның артынша
Ф.Петл-е де ла Круа 600 беттен тұратын Ұлы Шыңғыс ханның тарихы атты араб
және парсы деректеріне негізделген көлемді еңбек жазып шықты. Екі
зеріттеушіге де тән көпшілік - деректерді сын көзден өткізбей қолдана
беруінде[4].
ХҮІІІ ғасырдың аса ірі, талантты тарихшыларының бірі, Париж
университетінің профессоры Ж.де Гинь Ғұндар түріктер, монғолдар және басқа
батыс татарлардың дүниежүзілік тарихы ежелгі дәуірден және Исуус Христостан
осы күнге дейін еңбегін жарыққа шығарды. Орталық Азияның барлық көшпелі
халықтарының тарихын қамтыған бұл зеріттеуінде Ж.де Гинь Шыңғыс хан мен
оның империясына ден қояды, монғолдардың тарихи аренара шыру себебін
олардың басқа халықтарды құлдыққа түсіруге құмартуынан деп жаңсақтыққа бой
ұрады. Әйтсе де Ж.де Гинь ХҮІІІ ғасырдары тарих ғылымына осындай кейбір
кемшіліктеріне қарамастан үлкен үлес қосты. Оның бұл еңбегінің келер ұрпақ
үшін, шырыстанушы ғалымдар үшін де зор маңызы болды.[5]
Батыс Еуропада Шыңғыс хан тарихын зерттеуді француз ғалымы М.
Майяның 12 томдық Қытайдың жалпы тарихы осы архив дерегі бойынша деп
аталатын көлемді жұмысы тереңдете түсті. Бұл еңбектің үш томы моңғол
тарихына, Шыңғыс дәуіріне арналған болатын.
ХҮІІІ ғасыр зерттеушілеріне тән ортақ нәрсе -китаецентризм,
деректерге талдау жасамай-ақ қолдану, саяси оқиғалардың обьективті
себебін көрсете алмау.
XIX ғасырдың басында д' 0ссон, Э. Картмер, К.П.Абель-Ремюзоның Шыңғыс
хан туралы еңбектері дүниеге келді. Швед дипломаты, тарихшы-шығыстанушы,
Швецияның Корольдік Ғылым Академиясының мүшесі д'0ссон 1824 жылы
Моңғолдар тарихы Шыңғыс ханнан Тимур-бек немесе Темірланра дейін атты аса
құнды тарихи еңбегін жарыққа шығарды. д'-0ссон Шыңғыс ханның жаулаушылық
саясатына, оның Азия мен Еуропа халықтарына әкелген зардаптарын нақты
фактілермен көрсете білді[6]. Бірақ ғалым шапқыншылықтың себебін дұрыс
аша алмады.
XIX ғасырдың екінші жартысында отаршылдық күшеюіне байланысты батыс
еуропалық ғылымда бұрынғы тарихшылардың Шыңғыс хан жорығының нәтижесін тек
қиратушы ғана болды деп түсіндіруі дұрыс емес, оның жақсы жақтары да
болды деген пікірлер орын ала бастады[7].
Бұл тенденция неміс тарихшылары Ф.Эрдман мен Г.Стракош - Гроссман
еңбектерінен орын алды. Ф.Эрдман 600-ге жуық беттен тұратын Жеңілмейтін
Темучжин деген кітабында Шыңғыстың әскери талантына бас иетіндігін
білдіріп, оны дарынды қолбасшы ретінде аса қатты дәріптейді. Мұндай
сарындағы, яки Шыңғыс хан мен Темірланның даңқын мадақтаушы еңбектерге
ағылшындық Р.Дуглас, француздық Леон Каун және американдық Ж.Эббота
зерттеулерін де жатқызуға болады.
XX ғасырдың басында Шыңғыс ханның әскери жорығы туралы деректер Таяу
және Орта Шығыс Орта Азия сондай-ақ Ресей тарихына арналған зерттеулерде
көріне бастады.
Неміс ғалымы Б.Шпулер Моңғолдар Иранда атты монографиясында
Шыңғысханның жорығы, оның басқа елдердегі, атап айтқанда, Ирандағы
көрінісін суреттейді.
Шыққан тегі бойынша Ресейлік, Йель университетінің профессоры
Г.В.Вернадский Шыңғыс туралы ойларын Моңғолдар және Ресей, Шыңғысханның
ұлы Ясасы туралы, Моңғол дәуірі орыс тарихында деген басылымдарында
баяндайды. Г.В.Вернадскийдің пікірінше, Шыңғыс ханның тонаушылық соғысқа
шығуы әлемде халықаралық тұрақтылықты ұстап тұру үшін[8]. Әрине, мұндай
пікірнен келісуге болмайды.
Зерттеуші С.Л.Тихвинский, Г.З.Вернадскийді Шыңғысхан туралы көзқарасы
бойынша Н.Трубецский, мен болгар оқымыстысы, д-р Эджен Хара-Даванра
ұқсастырады.[9]
Э.Хара-даван 1929 жылы Белградта Қолбасшы Шыңғыс хан және оның
мұрасы деп аталатын кітабын өз қаржысына шығарды. Ол Шыңғысты жаңа қырынан
көрсете білді: оның христандармен одақтасуды көздеуі, әскери және
қолбасшылық таланты жайлы тың ойлар қалдырған.
Шыңғыс ханның және оның ұрпақтарының Еуропара жорығын аса шеберлікпен
бере білген Б.Я.Владимирцев болды. Оның І922 жылы шыққан Шыңғыс ханына
З.Бартольд жоғары баға берді. Өзінің шәкіртінің еңбегімен аса
ыждағаттылықпен танысқан ғалым: Владимирцев оқушысына Шыңғыс хан өмір
сүрген географиялық, этнографиялық және мәдени ортаны айқын көрсете
алмаған[10],- деп кемшілігін де көрсетеді. Бұл ойды кейінгі зерттеуші
Г.И.Румянцев те қостайды[11].
Моңғол армиясының құрылымына арнайы қалам сілтеген ғалым -
американдық X. Десмонд Нартин, Шыңғыстың хан көтерілуі және Солтүстік
Қытайды бағындыруында бір-біріне қайшы келетін пікірлерге жол берген,
Ал, XX ғасырдағы ірі зерттеушілердің бірі - француз ғалымы Рене Груссе
деректерді мол қамти отырып, Шыңғыс хан дәуіріне арнап мынадай еңбектер
жазды: Дала империясы: Аттила, Шыңғысхан, Темірлан, Моңғол империясы,
Дүниені бағындырушы Шыңғысханның өмірі, Дарынды ғалым көп ізденіс
нәтижесінде тағы бір тамаша тарихнамалық зерттеу іспеттес -Шыңғыс хан
тарихын зерттеудің нақты жағдайын жазып шықты.
Десек те, сыншы - тарихшы АЛЗ.Якубовский Р.Груссе жайлы былай дейді:
Груссенің Шыңғыс дәуіріндегі моңғол қоғамы туралы концепциясы тарихи
ойлаудың жұтаңдығынан Бартольд еңбегінен тым артта қалады.[12] Ия,
В.В.Вартольд еңбектерінің әлі күнге тарихшылардың назарынан тыс қалмай
келуі - тарихи ойлауының кеңдігінде, тереңдігінде болуы керек. Шыңғыс хан
империясының құрылуының басты себебін В.В.Бартольд сол кезеңнің
экономикалық - әлеуметтік жағдайларынан іздестіреді. Бұл жағдайда
В.В.Бартольдтың аталған мәселені зеріттеудегі еткен ерен еңбегін атамауға
болмайды[13].
Кейінгі зеріттеушілер қатарында Шыңғыс хан және оның мұрасы жайында
жемісті еңбек етіп жүргендер - В.Т.Пошуто, Л.В.Черепник, Н.Я.Мерперт,
И.М.Майский.[14]
Қазақстандық тарихшылар арасынан В.П.Юдин, А.Ш.Қадырбаев,
Ә.Х.Хасенов[15], С.Толыбеков[16] есімдерін атап өту керек. Аталған ғалымдар
Утемиш - қажы, Құрбанғали Халиди, Әбілғазы Баһадүрхан, сондай - ақ қазақ
шежірелеріне сүйене отырып, монғол дәуіріндегі Қазақстан тарихы проблемасын
тың деректермен толықтыруда.
Ал енді Шыңғыс ханның өз отандастарына яғни, Моңғол тарихшыларына
келсек, мұнда ХҮІІ ғасырда-ақ Шыңғыс бабасына батырлар эпосына ұқсас
Шыңғыс Монғолия және оны билеушілердің тарихын арнаған. Санан- Сецен- Хун-
тайджи, ал кейінгі зеріттеушілерден Ц.Дамдинсурен, Ш.Науогдерж, Ч.Далай
[17]тағы басқаларын атауға болады.
Шыңғыс хан және оның жаулаушылық саясаты, оның қыры-сыры жайлы
зеріттеушілерді түгел қамти алмадық. Себебі, Шыңғыс хан тарихының
тарихнамасы жеке зеріттеуді қажет ететін проблема. Біз тақырыбымызға
байланысты ең көлемді шырармаларға ғана тоқталдық, шолу жасадық. Тарихшылар
үшін ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. Монголия тарихының барлық аспектісі, соның ішінде
дүниені дүр сілкіндірген Шыңғыс хан әскерлерінің жорықтары, оның нәтижесі
әлі де зеріттеле беретін мәселе.

I - Т А Р А У
Шыңғыс хан империясының құрылуы
1. Бір орталыққа бағынған моңғол мемлекетінің көтерілуі.

Моңғол мемлекетінің құрылуы және күшеюі XIII ғасырға жатады. Бұған
дейін моңғол тайпалары жеке тайпа және тайпалық одақ болып өмір сүрді.
Әрбір тайпаның өз басшысы - ханы болды. XII ғасырдың аяғында моңғол
тайпалары феодалдық өндіріс тәсіліне өте бастаған болатын. Владимирцев
Рашид-ад-Диннен кейінгілердің бірі боп моңғол тайпаларын ормандық және
далалық-көшпелілер деп екіге бөледі[18]. Олар қоғамдық дамудың әртүрлі
сатысында болды: ормандықтар балық аулады, аң аулады, ал далалық
көшпелілер- малшылықпен күн көрді. Монғол тайпаларының көпшілік бөлігін
осы көшпелі тайпалар құрады.
Деректерге сүйенсек, ХІІ ғасырдың аяғында монғол тайпалары Ұлы Қытай
қабырғасынан Байкалға дейінгі территорияны мекен етті 0ңтүстік монғолдар,
Бұйыр-нұр өзенінен Солтүстік Қытайға дейінгі көшіп-қонып жүрген тайпалар
ақ татарлар деп аталды. Кейбір авторлар қара татарларды солтүстік
монғолдар XIII ғасырда монғол деп аталатын тайпалық бірлестіктің негізін
құрды дейді.
Монғол деген сөз жайында тарих ғылымында біркелкі пікір жоқ. Қытай
мәліметтері және басқа деректер монғол ежелгі тайпалардың бірі деп
суреттейді[19]. Монғол термині алғашында бір тайпаның аты болып, кейін
жалпыланып, бүкіл монғол халқын білдірді деген пікірдің жаны бар секілді.
Сол кезде хамаг-монғол, жалайыр, тайжут, керей, меркіт, найман тағы басқа
ірі монғол тайпалары болды.
Біз көрсеткен монғол тайпалары әр түрлі қоғамдық даму деңгейінде еді.
Олар қатал салт аттылар мен жауынгерлерден құралған халық болды. Д-р
Эренжен Хара-Даванның айтуынша, түрік- монғолдардың көшпелі-салт атты
болуына жердің кеңдігі, әрі жұтаңдығынан малды үздіксіз
жайылымнан–жайылымға айдау себеп болды, ал жауынгер болған себебі, жақсы
жайылым кім күшті болса - сонікі еді.
Тайпалық одақтар өздерінің қоғамдық даму жолында алғашқы мемлекеттік
бірлестіктер болып қалыптаса бастады. Мұндай мемлекеттік бірлестік қатарына
Хамаг монгол улус мемлекеті жатады, ол Онон мен Керулен өзендерінің
бассейнінде құрылды. Мұндай одақты керейлер мен наймандар да құрған
болатын. Бұл одақтар арасында қатты шайқастар да болып тұрды.
Алғашқы ертефеодалдық мемлекеттердің құрылуы мен дамуы XIII ғасирдың
басында ірі монғол мемлекетінің пайда болуын тездетті.
Өзара қырқысқан дала аристократтарының ішінде Хамуг монғол ұлысының
бірінші ханы Хабулайдың немересі, Есугэй-батырдың баласы Темучжин көзге
түсті.
Шыңғыс ханның шын аты Темучжин, соғыс ғылым тәсіліне қарап-ақ Жың
аңкиз, яғни парсыша Жаһангир әлемді алушы лақабы қойылып, ол өзгеріп
Жыңғыз - Шыңғыс болып кеткен[20]. Шыңғыстың туған жерін, жылын деректер
әр түрлі атайды. Рашид-ад-Дин Шыңғыс 1115 жыл[21] десе. Әбілғазы хижраның
559-ншы доңыз жылын атайды. Ал Шәкәрім қажы 1154 жыл[22] деп көрсетсе,
Пань-ши 1162 жылды көрсетеді. Кейінгі кезде ғалымдар осы 1162 жылы[23]
туылды деген тоқтамға келіп отыр.
Темучжиннің туған жері - Дэлюн Болдог, Онон өзенінің жағалауы.
Темучжин Есуххэй баһадүрдің отбасында дүниеге келген. Есухей баһадүр - ескі
қазақ ұғымымен айтқанда аттанып барып жылқы алған, ат үстінен ұйқы алған,
ер азыры мен бөрі азығы жолда деп күндіз - түні жортып жүрген, даланың
тас бауыр тағылық заңын берік ұстанған феодал. Оның осындай азуымен алысып
жағалыға жармасып, тірескеннің тізесін бүктірмей қоймайтын тентек, ожар
мінезді адам болғанын білеміз[24]. Есухэй баһадүр Темучжиннің шешесі
Оэлунді Чиледу деген момын меркіттен тартып алып үйленген. Оллун Олхунот
деген тайпанаң қызы екен. Есухэйден Темучжин, Хасар, Хачиун, Тэмуге деген
төрт үл, Тэмулэн атты бір қыз туады. Есухэй баһадүр Хабул қаған
мұрагерлерінің ішіндегі ең күштісі, әрі белдісі болды. Ол көптеген нөкерді,
табын-табын малды иеленді. Оның билігіне хамог-монғол тайпаларындағы ең ірі
- тайжуиттер бағынды.
1116 жылы Есухэй жауласушы тайпалардың бірі- татарларға қарсы
атттанды.Осы шайқаста қайтыс болған Есухэй баһадүрдің семьясын нөкерлері
тастап кетіп.кейін оның ұлысы құлайды.
Есугэйдің әйелі мен бала-шарасы ұзақ жылдар бойы жоқшылықтың күнін
кешеді. Жесір мен жетім байғұстар аң аулап балық ұстап дегендей, тұрмыс
тауқыметін тартады, ал моңғол үшін балық аулау ең төмен, ит тірліктің
белгісі еді. Ұзын арқан - кең тұсау адамдар осылай тіршілік еткен.[25]
Тэмужин ат жалын тартып есейе бастаранда, өсе келе ел тізгінін алып
кетер деп қауіптенген тайжуд тайпасының шонжарлары Есухэй аулын тауып.
Тэмужинді тұтқындайды. Бұл оқиғадан құтылғандай болғанда Олуэннің бұрынғы
қайын-жұрты, кекті болып кеткен меркіттер шауып қарымта қайтару ниетімен
Бөртені Тэмужиннін бірінші әйелі тұтқындап әкетеді. Меркіттермен соғысуға
күші келмейтінін сезген Тэмужин әкесінің андасы монғолдардың салты бойыша
келіскен дос, керейлер ханы Тоғырыл мен өз андасы Жамухадан көмек сұрайды.
Сөйтіп меркіттерді бас идіреді де, бірақ үшеуінің Тоғырыл, Темужин,
Жамуха достыры көпке бармайды. Бұған себеп Тэмужин мен Жамуха арасындағы
Хамаг монғол ұлысына билік үшін талас[26]. Алайда Хамаг монғол
мемлекетінің әлі ханы жоқ еді. Ақыры Тэмужин мен Жамуха Далан Болжут
түбінде соғысады. Бұл согыста Тэмужин жеңілгенмен Жамуха өз жеңісімен
жағдайын нырайту үшін пайдалана алмай қалады. Ол екеу ара соғыстан соң
Темужинді енді қайтып бас көтере алмайды деп үлкен той жасайды. Бірақ бұдан
кейін соғыс кезіде аса қатыгездік көрсеткен Жамухадан безініп, монғолдардың
бір бөлігі Шыңғыс жағына өтіп кетеді. Бұдан кейін жұрты көбейіп, күшейіп
алған Тэмужин ежелгі жауы татар тайпасын тізе бүктіреді. Жеңістің
құрыметіне оған -мықты-ноян-чаутхури деген атақ беріледі.
Темужиннің бұл татарларды жеңуі оның даңқын тіпті асырып жібереді.
Енді көрші тайпалардың оны паналағысы келгендері көбейе береді.
Сонымен, нөкерлермен нояндардың қолдауына сүйеніп Тэмучжин 1190 жылы
Хамаг монғол ұлысының тағын алды. Тэмучжин хантағын алған соң, оның
маңындағы топ та оран адал, беріле - қызмет ететіндерін білдіріп:
Қатты ұрыс кезінде,
Хан Темучжин өзіңе.
Қатал өміріңді қайтарып,
Қайқаңдасақ безіне,
Қатын, бала-шағаға,
Қайта алмастай жоқ етіп,
Қарахан басты, шабарсың,
деп ант беріседі.
Тэмучжин де өз кезегінде, сыйға сый көрсетіп, өз төңірегіне нояндар
мен нөкерлерді топтастыра түсу үшін олардың артықшылықтарын асыра түсті,
дархан деген атақ беретін болды. Дархандар салықтан босатылды, өзгелермен
олжасын бөліспеуге құқылы болды, ханға ең кедергісіз кіре алатын және
алғашқы тоғыз қылмысы үшін жазаланбайтын болдм. Сонымен бірге, Темучжин
өз әскерлерін ондық жүйе бойьиша ұйымдастырды.
Темучжин татарлармен соғысып жатқанда. Жамуха күш жинап алады. Оның
қол аетына татарлар, тайжуиттер, хатагандар, салжеуттер, хунгираттар,
меркіттер, ойраттар және тағы басқалары қосылған боаатын. Олар өздеріне
Иамуханы хан сайламақшы болды. Осылайша Дамуха әскерін күиейтіп, қайта
шыққанмен. Темучжиннвн жеңіліп қалды.
1202 жылы Тэмучжин Ван-ханмен кедісіп меркіттер мен татарларға қарсы
әскери жорығын бастады. Ван-хан- меркіттерге. Тэмучжин татарларға қарсы
соғысатын болып келісті. Күз айында, 1202 жылы Тэмучжин татарларға қарсы
соғысқа аттанды. Бұл жорық нәтижесінде татарлар біржола тізе бүгіп,
талқандалады. Одан әрі, Ван-хан мен Тэмучжин әскерлері бірігіп, Алтайға
наймандарға қарсы аттанды.
Наймандарра қарсы бұл жорық Моңғолдың құпия шежіресінде былай
суреттеледі:
Жебе, Құбылай бастаған,
Зэлые, Сүбедей қостаран,
Тэмучжиндік төрт төбет,
Тұра ұытылды ентелеп[27].
Тэмучжиннен наймандар жеңіліс табады. Бұдан әрі енді, Ван-хан мен
Тэмучжин арасында тайпаларға билік жүргізу үшін талас туып. Ван - хан
Жамуха жарына өтіп кетеді. Ақыр соңында тағы да оларды Тэмучжин жеңіп
шырады.
1204 - 1205 жылдары Тэмучмин наймандар мен меркіттерді бағындырған
соң, моңғолдық бүкіл тайпаларды өз билігіне көндірді.
1206 жылы Онон өзенінің маңында ұлы құрылтай шақырылады[28]. Шәкәрім
қажы бұл жайында Шыңғыс хан, тамам монғол, татарды алып, үлкен хан
болғанда, осы Шыңғыс тауында, қол астындағы елдердің топ басы бектері
келіп, мына Қарауыл өзенінің күн-шығыс жағындағы хан биігінің басына, ақ
киізге салып, хан көтеріп Шыңғысты алып шыққан.[29]
Хан болып Тэмучжин екінші рет сайланды және құрылтай оның Шыңғыс хан
деген құрметті атағын бекітіп берді. Сондай-ақ негізгі өзегі
отбасыларымен, үй-іші, бала-шағасымен Шыңғыстың адал жақтастары болған
халықтың атын белгілеу қажет еді. Сол кезде олар монғолдар
аталғандықтан, міне, осы ат жаңадан құрылған әскер халыққа ресми түрде
бекітіліп қалдырылды.

2. Империяның әкімшілік және әскери құрылымы.

Жаңадан құрылған моңғол мемлекетінің өзіндік ерекшелігі болды.
Мемлекеттің негізінде әскери әкімшілік құрылым жатты. Шыңғыс хан Моңғол
халқын екі қанатқа: оң барун гар және сол джун гар бөлді. Қанаттар
түменнен тұрды. Түмен он мың адамнаи құрылды. Олар жүздіктерге бөлінді.
Осылайша, ең кіші әкімшілік-әскери билік - айыл, он әскер қоюға тиісті
болды. Шыңғыс хаи мың адамнан тұратын 95 отряд жинады.
Моңғол әскерлері 13 мың еріктілерден құрамы 110 мың адамға дейін
жеткен тұрақты армияға айналды. Бұл армияда күш жеңілгендер есебінен
толықтырылып отырды. Күш басымдылығы армияда жеңіліске ұшырағандар жарында
болды, бірақ олар тез арада - ақ беріле бағынғандарға айналып кетті міне,
бұл арада отырықшылықты көршілері: чжурчжендерге, танғұттарға және
мұсылмандарға қарсы тұруға қабілетті орталықтандырылған күшті өкіметтің
далалық дәстүрі шешуші роль атқарды. Бірлескен мемлекетте өмір сүргісі
келмегендер батысқа үдере көшіп, соғысты жалғастыра берді. Олар бой бермес
кайсар меркіттер мен наймандардың бір бөлігі еді. Басқалары өздерінің
сүйіспеншілігін Шыңғыс ханға аударған болатын. Шыңғыс хан реті келген жерде
олардың бытыраңқылығы мен ала ауыздықтарын пайдаларып, жеке - жеке
талқандады. Ол қарсыласқандарға садақ, тізе бүккендерге табақ тартты.[30]
Бұдан әрі, біріккен мемлекетте рулық принцип бірден және саналы түрде
бұзылғанды. Командирлер шыққан ата тегіне қарай емес, сіңірген еңбегіне
лайықты сыйға ие болып отырды. Тәртіп сақтау үшін жүз мыңдық армиядан басқа
он мыңдық гвардия құрылған еді. Хан ордасын осы сенімді он мыңдық гвардия
күзететін. Заң шығару негізіне шыңғыстық армияның әскери уставы алынды.
Устав бойынша жазалаудың екі түрі қолданылды: өлім жазасы және сібірге жер
аудару. Орнықтырылған бұл заңдары бір ерекшелік – сол, оған қиын-қыстау
жағдайда өзінің жауынгер жолдасына көмек көрсетпегені үшін қолданылатын
жазаның енгізілуі еді. Бұл заң - Яса деп аталды. Және оны іске асырушы
болып Шыңғыстың екінші ұлы Шағатай тағайындалды.[31] Жаңа туған империя
соғыстың салдарынан және тек соғыс үшін ғана пайда болды, бұл үшін басқа
себеп-сылтауларда әлі аз емес еді.[32]
Осыншама жауынгер әр түрлі тайпалардан шыққан адамдар жиынтығында
қатаң тәртіп сақтап отыру қажет болды. Ол үшін Шыңғыс хан күндізгі және
түнгі күзет жасақтарын құрды. Олар ордада тәулік бойы кезекшілік атқарды.
Бұл армиялық басшылық құрамынан жоғары қойылған монғолдық еріксіз көндіру
аппараты еді: дәрежесі жағынан ханның қатардағы нөкері мыңдық басшысынан
жоғары саналды. [33] Мыңбасылары болып Мемлекетті құруда еңбек
сіңірген 95 ноян тағайындалған болатын. Әскери таңдаулы топ осылай
шыққан болатын. Мұны аристократия, олгархия, тіпті демократия деп те
атауға болмайды. Өйткені бұл бүкіл Ұлы далаға қанат жайып, тайпаларды
жұтып алған ежелгі түрік қағанатының ордасы болатын[34].
Орда дегеніміз - әскери халық. Әскери құрамалардың жетекшілерін бір
себеппен ғана, яғни мұндай қызметті олар көп жылғы еңбегі үшін алатындығы,
ал теріс қылықтары үшін орнынан түсірілетіні себепті ғана аристократтар
қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұқара әскери темірдей тәртіппен маталып
байланғандықтан, бұл системаның демократиялық система деп те атай алмайсың.
Бұл системаны зорлықшыл деп те атай алмайсың. Өйткені сот билігі – Яса –
атқарушылық, хандық биліктен бөлініп алынған болатын. Қабылданған заң
бойынша, хан бұл заңның сақталуын ғана талап етуі керек болды.
Байқап отырғанымыздай, хандық билік феодалдықтан әлде қайда шектеулі
болған.
Біртұтас империяның экономикасы да аса күрделі проблема туғызды. Соғыс
малдың-жалғыз байлық көзі, азаюына алып келді. Жорықтар кезінде малды жеу
арта түсетін. Барлық шекаралардан жаулары анталап тұрғандықтан армияны
таратып жіберуге болмайтын еді. Бірақ осыншама орасан армияны уақтылы
тамақтандырып және соғысты жалғастыра беру керек болды.
Әскер-халықтан басы артық ештеңе жинап алуға болмайтын еді. Ал
қаражатсыз өкімет өмір сүре алмайтыны белгілі. Монғол ханы мұндай қаржыны
сауда - саттық керуендеріне салынатын баж салығынан алып отырды. Мұның өзі
Монғолияның күрделі халықаралық саясатқа тарта түскендігі сөзсіз, ал ол
саясат аса күшті, жеке өзі басқаратын үкіметтің болуын талап етті.
ХII - XIII ғасырлардың межесінде моңғол қоғамында феодалдық
қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа- нояндар
мен езгідегі араттарға бөлінді.[35] XIII ғасырдың басында татар-моңғол
тайпаларын саяси жарынан біріктірген Моңғол феодалдын; мемлекеті құрылды.
Бұл мемлекеттіц негізін салушы Тэмучжин болды. Ол бір дерек. Тэмучжин өз
айналасына нөкерлер жасағын біріктіріп, көриі тайпаларға жасаған сәтті
шабуылдары нәтижесінде ержурек жауынгер даңқына ие болды.Өзінің негізгі
қарсыластарының тас-талқанын шығарып, Тэмучжин Монғолияның бүкіл тайпаларын
дерлік өз қол астына біріктіруді аяқтады. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген
тайпалардың көпшілігі татар деген атпен белгілі болса, енді мемлекеттіктің
нығаюына байланысты Моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады.
Кейін бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болды.
XIII ғасырдың басында Моңғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті басқару
үшін ортақ, жазбаша баянды етілген праволық нормалар мен заң ережелерін
әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін, әрі өзгерістерге
үшығаран әдеттегі право мен ережелердің жиынтығы Шыңғыс ханның Ұлы яссасы
деген атаққа ие болды.[36]
Яасса - қаулы, заң дегенді білдірді. Сол кездегі деректерге қарағанда
Шыңғыс ханның заңдары мен қаулылары орамаларға тұмар жазылып. Ясаны
терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Яса түпнұсқада
сақталмаран және үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндаулар түрінде ғана
белгілі.
Яса ұзақ уақыт бойы Моңғолдардың мемлекет басшылары үшін билік бедел
болып қалды. Ясаны бұрмалаған хан тұқымының мүшелері білік білім деген
түрік сөзімен аталған Шыңғыс ханның нақыл сөздеріне сәйкес қатаң
жазаланатын болды.
Шыңғыс хан жасаран право жүйесі феодалданып келе жатқан монғол
қоғамының талаптары мен мұқтаждырына жауап берді. Онда әдеттегі правоның
бұрынғы нормаларының феодалдық-көшпелі ақсүйектердің мүдделеріне сай
келетіндері ғана және жаңадан белгіленген иормалар баянды етілді.[37]
Шыңғыс ханның Ясасы көшпелі өмірдің нормаларын ғана реттестірді.
Монғолдар бағындырған елдердің көпшілігінде ежелден өзінің праволық дәстүрі
болып келген халықты жаңа правоға көндіру өте-мөте қиын болды. Осының
негізінде Яса заңын қолдап сақтаушылары мен жергілікті халықтың арасында
қақтығыстар болып тұрды. Ал бұл қақтығыстардың соңы әдетте жергілікті
халықты қайғы қасіретке душар егіп отырды.
Моңғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс әулетінің және көшпелі
монғол ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы құрылтай зор роль атқарды.
Құрылтай бірден-бір қоғамдық орган болды. Әртүрлі рулардан тұратын
әлеуметтік құрылымды нырайту үшін бұл жиналыс жоғарғы өкілдерін ғана
қамтыды[38].
Құрылтайда ірі әскери әрекеттерге байланысты мәселелер, ішкі саясат.
Шыңғыс әулеті арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайды
империяның, ұлыстың немесе билік жүргізіп отырған әулеттің жасы жағынан
үлкен мүшесі шақыратын. Оның шақырылу мерзімі күні бұрын белгіленіп,
ұлыстарға шапқыншылар арқылы жария етілетін.
Шыңғыс өзі құрған империяның шексіз билеушісі болды, әскери жорық
мәселесін де бірден-бір өзі шешіп отырды. Шыңғыс хан құрған мемлекеттің
негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципі алынды. Шыңғыс хан құрған
әскери-әкімшілік система жаулап алу жорықтарында маңызды роль атқарды.
Шыңғыс хан әрі дарынды қолбасшы да бола білді. Оның стратегиялық және
тактикалық өнерді икемді саясатпен ұштастыра білуі жорықтардың табысты
болуының маңызды факторы болды. Әскерді кішкене болар болмас кінәсі үшін
ғана өлітм жазасына, болмаса басқа да қатаң жазаға бұйыру сияқты қатаң
тәртіп те роль атқарды. Шыңғыс әскери-шонжарлардың соғыс жорықтарынан өзіме
пайда тапсам деген мүддесін де ескеріп отырды.
Әрбір ұрыс үлкен әскери дайындықты талап етті! Шыңғыс хан жорық
алдында жаулайтын елі туралы алдын-ала көптеп мәлімет жинап, үлкен әзірлік
жасайтын.
Моңғол атты әскері жылдамдырымен және шапшаңдығымен ерекшеленді. Олар
көбіне тұтқиылдан шабуыл жасап, жылдам қимылдап, жауын ес жиғызбастан
қоршап алу әдісін қолданды.
Моңғол әскерлерінің шабуылына ұшыраған елдердің саяси бірлігінің
болмауы да Шыңғыс әскерлерінің соғыста жеңісін тездетті.
Шыңғыс әскерлері мен оның мұрагерлері Қиыр Шығысты, Орталық Азияны,
Таяу және Орта Оырысты, Кавказ, сондай-ақ Шығыс Еуропаны жаулап алды.
Монғол аттары тұярының дүбірі алыс-алыстарға жетіп жатты.

II - Т А Р А У
Шыңғыс ханның жаулау жорықтары және оның зардабы.
1. Қытайға жасалған шабуыл.

1207 жылы соғыс қайтадан басталды. Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы еш
қарсылық кездестірмей-ақ Оңтүстік Сібір халқын жаулап алды. Бұл Моңғол
ұлысын тылмен қамтамасыз етті. Келесі 1103 жылы Моңғол қолбасшысы Сүбедей
Бұқтырма өзені келіп құятын Ертіс алқабында наймандар мен меркіттерді қуып
жетіп, өздерімен шайқасуға мәжбүр етті. Меркіттердің көсемі Тохта сол
шайқаста қаза тапты. Елі мен керін қорғау үшін шапқыншылыққа қарсы күрескен
найман ханзадалары Бұйрық, Таян, Күшіліктер өзінің руластарымен бірге
Жетісуға өтіп, онда бұларды жауынгерлерге мұқтаж болып отырған гурхан
Чжулху жылы қабылдады. Кейіндері Күшілік адамдарды айырып білуде
көрегендігі мен ептілігі шамалы осы гурханның жақын досы, әрі сүйкімді
адамы болып алды. 1209 жылы Қарақытай мемлекеті мен ұйғырлар арасында реніш
туып, ұйғырлар Шыңғыс ханға өздерінің бас иетіндіктерін білдірді.[39]
Мұның өзі екі жаққа да пайдалы келісім еді. Шыңғыс хан тұтқынға түскен
найман хандығының бас уәзірі Тататүнғаны хатшылық қызметіне пайдаланып,
наймандардың ел басқару ережелерін, жазу мәдениетін - бұдан бұрын найман,
керей, меркіттер қолданып келген көне ұйғыр жазуын қабылдады. Монғол ханына
чжурчжендермен соғысуға тура келгенде соғысты жүргізу үшін қаражатты
ұйғырлар берді.[40]
Сауда-саттық жасау үшін ұйғыр саудагерлеріне товарлар қажет болды.
Олар моңғолдардың соғыс олжаларын арзан сатып алатын еді: оның үстіне
монғолдарға сауатты чиновниктер де қажет болатын. Қызметтегі бос орындарды
жоғарыда айтып өткеніміздей тұтқын наймандарға беру етек алғанды. Ұйғыр
сауаттылары да тез арада бұл пайдалы қызметтерден ала білді[41]. Енді Кинь
империясы мен соғысуды кейінге соза беру үшін ешқандай себеп қалмаған еді,
сондықтан ол соғыс 1211 жылы басталып кетті.
Монғолдар бірінші соққыны Танғұт патшалырына берді. Мұның өзі бәрінен
бұрын әскери-саяси қадам болатын. 1209 жылы монғолдар танғүттардың далалық
әскерлерін талқандап көптеген ірі қара малдары мен түйелерін олжалап алды,
бірақ танғұттар тоғандарын бұзып,_қаланың шет аймақтарын Хуанхэ суына
бастырып жіберді. Сол себепті астананы қоршаран әскерлерін моңғолдар кері
алып кетуге мәжбүр болды. Олар жайдан-жай ғана емес, таңғұттармен өзара
әскери көмек көрсету жөнінде бітім шарт жасасып шегінді. Міне, осы арқылы
Шыңғыс хан өз әскерлерін негізгі науқанға салуға босатып алды. Сөзсіз
болатын соғысты бастау сәті жете ойластырылып шешілді. Әскери және саяси
даналыры тең түсетін моңғол билеушісі – Шыңғыс хан Қытаймен соғысу онай іс
емес екенін жақсы түсінді[42]. Сондықтан да бар күшті шашау шығармай, осы
алдағы болар соғысқа әзір ұстады.
1211 жылдың көктемінде монғолдар шекаралық У-ша бекінісін басып алды.
Көп ұзамай қытайлықтардың бірнеше бекінісі тізе бүкті бұрын олар
көшпенділер үшін алынбас қамал деп есептелініп, сөйтіп Пекин қақпасына
дейінгі бүкіл елдің ойран топыры шығарылды. Қидан әскерлері көтеріліс
жасап, монғолдар жағына шығып кетті, 1215 жылы Пекинде моңғол жауынгерлері
алдында тізе бүкті. Шыңғыс хан бұл жеңісіне масаттанбай тезірек қытайлармен
уақытша бітім жасасты. Өйткені оны кідіртуге болмайтын батыстағы істері
күтіп тұрған еді.
1208 жылы Алтай мен Тарбаратай таулары өткелдерінің сыртына шегініп
кеткен меркіттер қыпшақтардан бұл кезде үлкен жәрдем алған болатын. Соның
арқасында олар 1216 жылы күш жинап, монғолдарға тыл жағынан соққы беруге
әрекеттенді. Аға ханзада Жошыны қолбасшы етіп. Орталық Монғолиядан асығыс
түрде аттандырылған моңғолдардың екі түмен әскерлерінің өзі-ақ жаудың жолын
бөгеп, оларды кері ығыстырып тастады. Күшілік тастап кеткен меркіттер қолы
ұрысқа түсуге мәжбүр болып, ол шайқаста жеңіліп қалды. Талқандалған меркіт
әскерлерінің қалдққтары батысқа қарай қашқанымен Ырғыз өзені маңында оларды
монғолдар қуып жетіп, бір адамын да тірі қалдырмай түгел жойып жіберді. Сол
арада, яғни Ырғыз өзені маңында монғолдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы
Шыңғыс хан империясының хандық дәуірі
Шыңғыс заңдарында
Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы
Қытай Монғол Империясының билігінің астында
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның заманы
Моңғолдардың қазақ жерін жаулап алуы
Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы туралы
Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар шапқыншылығының тарихта алатын орны
Пәндер