Невада-Семей қозғалысы



І. Кіріспе

ІІ. Невада.Семей қозғалысы.
а) Невада.Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
1. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
2. О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы»,
2003
3. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Невада-Семей қозғалысы.
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол
үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.
Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген
ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом
бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық
әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.1949 жылдан
1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол
болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият
жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және
психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама.
Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне
төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі
таусылып, шегіне жеткен еді.Басқа ядролық державалармен салыстырғанда,
Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал
болды.Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының
барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің
барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану
миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір
мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған
жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық
әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір мемлекет ішіндегі
мемлекет еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды:
ядролық қаруды сынау,  жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі
алды.

Невада-Семей қозғалысы
Невада — Семей қозғалысы туралы көп айтылды — мақалалар, сұхбаттар,
түсініктемелер жарияланды, деректі фильмдер түсірілді, олардың ішінде
шетелдік авторлар да бар. Сондықтан Невада — Семей туралы көлемді
әңгімеге бармай-ақ, қазіргі заманның осы қозғалысына үстірттеу ғана
сипаттама бере кеткім келеді. Бұған мені итермелеген осы қозғалысқа, оның
жетекшілеріне деген құрмет қана емес, тікетірес және шиеленіс кезеңінде
полигон төңірегінде болған оқиғалардың бәріне де әділ баға берудің өте
қажеттігі міндеттеп отыр.Бұл айтулы оқиға 1989 жылдың 28 ақпанында, менің
20 ақпанда полигон жабылсын деген Орталыққа жіберген хатымның талабымен
Семейге В. Букатов бастаған үкімет комиссиясы келген күні болған еді. Сол
күні ақын әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменов Қазақ теледидары арқылы
мәлімдеме жасады. О. Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей
полигонындағы ядролық сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап
кетті деуге болады.
Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте О. Сүлейменов
еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік
бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық Жасыл әлем ұйымына, Адамзатты
аман алып қалу халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ)
сынақтарға тиым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда
ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.
Үндеу адамдардың, әсіресе ядролық жарылыстардың ауыр жүгін қырық жыл
бойы көтеріп келгендердің жүректеріне бірден ұялап, көпшілік тарапынан қызу
қолдау тапты.
Тек наурыз айыңда ғана Үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам
қол қойылды, ал қозғалыс қорына көптеген қайрымдылық қаржысы келіп түсті.
Ал 11 наурызда қозғалыстың құрылғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері
хабар берді — планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің
ынтымақтастықтарын білдіре отырып, қозғалыстың мақсаты мен міндетін
мақұлдады. Қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.Елімізді және бүкіл
әлемді дүр сілкіндірген қазіргі саяси белдесуде Невада — Семей қозғалысы
өзінің асқан гумандығымен және адам сүйгіштігімен ерекше көзге түседі және
осы үшін ғана құрметтеуге әрі қолдауға лайық.
Қозғалыс, бейнелеп айтқанда, жұртты ұйқысынан оятты. Мен ядролық
жарылыстарға қарсы қозралыстың аяғына еріп, күреске қосылған ондаған
адамдардың атын атай аламын. Жазушылар, көсемсөзшілер, тарихшылар әлі өз
сөздерін айтады, осы қозғалысқа арналған ядролық сынақтарға қарсы тарихтың
тың беттерін толтырады.
Қозғалыс қатарына қосыла отырып және оның тіршілік болмысын қолдай
отырып, көптеген семейлік белсенділер, еңбек коллективтерінде және тұрғын
үйлерінде айтарлықтай еңбек етті және жаңа қолдаушылар қатарын көбейтіп
отырды.
Семей цемент заводының бригадирі В. С. Белоусовты алайық. Жаны
жарқын, турасын айтатын, өз қағидасына берік адам, ол полигон жөнінде
ойланбастан берік байлам ұстады. СОКП Орталық Комитетінің мүшесі бола
жүріп, үкіметтің және ВПК-ның мәртебелі әрі беделді адамдарына
жалтақтамастан, СОКП Орталық Комитетінің Пленумдары мен үлкен кеңестерде
айбынды ведомствоны қатты сынға алды. Ядролық сынақтарға қарсы делегацияның
құрамында Москваға барды, әртүрлі кездесулерде зардап шеккен аймақтың
мүддесін қорғап сөз сөйледі.СОКП XXVIII съезінде Валентин Сергеевич сөз
алуға тырысып бақты. Ол Горбачевқа және съезде төрағалық етушінің алдына
бірнеше рет барды, біраң оған қасақана сөз бермей қойды,Әңгіме жоғары
басшылықта белгілі бір пікірдің қалыптасып қалғандығында болып отыр: егер
Семей облысының өкілдері сөз сұраса, полигон туралы айтады деп қорқады.
Халық депутаттарының съездерінде де, одақтың деңгейдегі басқа жиындарда да
біздің мінбеге көтерілуімізге жол берілмеді. Бұл жолы Белоусов өз бетінеп
қайтпастан сөз алды. Оның жалынды сөзін делегаттар зейін қоя тыңдады және
ізсіз қалған жоқ қой деп ойлаймын.
Курчатов қалалық атқару комитетінің төрағасы Е. Чайковский
ядролық жарылыстарға қарсы белсенді күрес жүргізді, ол Курчатов қаласының
азаматтық тұрғындарын ядролық жарылыстар жалғасқан жағдайда әскерлерге
бағынбауға шақырды. Ол әртүрлі жиындарда, соның ішінде халықаралық
форумдарда да сеніммен, жасқанбай сөйлеп, ядролық жарылыстарды тоқтатуды
талап етті.Қозғалыс қаузауымен өткізілген көптеген қарсылық митингтері,
баспасөз конференциялары, халықаралық жиындар, Семей полигонындағы және
бүкіл дүние жүзіндегі ядролық сынақтарға қарсы күресте топтастырғыш күшке
айналды.Полигонға қарсы күрес жүргізілген осы жылдардың бәрінде де біз
ортақ бір ғана мақсатты — сынақтарды тоқтатып, полигонды жабуды көздеген
Невада — Семей қозғалысымен бір қатарда, бір сапта болдық.
Өкінішке қарай, полигонды жабу туралы мәселе іс жүзінде айқындалған
шешуші кезеңде: бұған кімнің еңбегі сіңді?— деген сұрақ төңірегінде
кикілжің басталды. Баспасөз беттерінде біржақты баға берілген жарияланымдар
қаптап кетті. Олар: тек қана Невада — Семей қозғалысының арқасында деп
жауап берді.
Бұл қозғалыстың әрбір әрекеті дәл осындай пікір туғызатын рухта
жарияланып отырды. Қозғалыс өзін-өзі жарнамалау жағына бірден ауа бастады.
Оның көптеген белсенділері, олардың ішінде кездейсоқ адамдар да бар, өз
міндеттерін, реті келсе де, келмесе де, тек митингтерге шақыру деп білді
және кей кездерде жалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық қару
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
Қазақстандағы саяси қоғамдық қозғалыстар
Невада — Семей
Әлемдегі мұхиттардың ластануы және оның салдары
Халықаралық антиядерлық қозғалыс
Азат азаматтық қозғалысы
Ядролық сынақтар хронологиясы
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары
Пәндер