Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг университеті
«Экономика және құқық институты»
Құқықтану кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пәні: ҚР-ның кәсіпкерлік құқығы
Тақырыбы: Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
Ақтау 2011
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Инвесторлармен келісімжасу тәртібі
2. 2 Инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер
І. КІРІСПЕ
ХХІ-ғасырда бүкіл әлемдегі мемлекеттер өзінің экономикасын көтеру мақсатын алға қояды. Қазақстан Республикасы да экономиканы көтеру мақсатында шет елдерден инвесторларды тартуда. Бұл инвестициялардан күтілетін нәтиже өте жоғары бағалануда.
Қазіргі кезде Кдзақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.
Қазақстан Республиканың өнеркөсіп құрылымында минералды-шикізат кешенінің үлесі шамамен 65 % тең. Бұл салада капиталды ерекше белсенділігіне қол жеткізілгенмен жер қойнауын пайдалану мен жағдайын талдау кезінде оның толықтай игерілмегендігі анықталды.
Геологиялық ізденіс жұмыстарына бағытталған инвестиция көлемі күрт төмендеді, егер 1997 жылы ол инвестицияның жалпы көлемінен 14 % кұраса, 2000 жылы тек 5 % құрады. 2001 жылдың 1 жартысында салынған инвестиция 121, 7 млн. АҚШ доллар болды. Инвестицияның пайдалы қазбаларды геологиялық ізденіс жұмыстарына тек 3 % бөлігін құрады.
Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат ресурстарының корларын ұлғайту мақсатында ізденіс жұмыстарына инвестиция тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған Казақстан Республиканың үкіметі жасаған республиканың минералды-шикізат кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс. “Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.
Екінші жағынан бүгінгі күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші салаларды жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды үкімет "Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының басты мақсаты экономикада отандық және шетел инвесторларының құқықтары мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға қатысты мемлекеттік кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде инвесторлар
мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз.
Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Инвесторлармен келісім жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім - шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.
Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:
1) инвестициялық жобаның экономиканың басты секторларына қатысты болуы;
2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруында қазақстаңдық заң тұлғасының негізгі қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.
Инвестщиялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:
- натуралды мемлекеттік гранттар;
- келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге жер мен мүлік салығынан босату;
- салық алына бастайтын табыс алу кезінен 5 жылға табыс салығынан босату;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты кезііще кедендік баға салықтарынан толықтай немесе бір бөлігінен босату.
Салықтық жеңілдіктер беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.
Мемлекеттік натуралды гранттарға:
1) негізгі қорлар - жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс құрал-жабдықтары, машиналар, есептеуіш техника және басқалары.
2) бейматериалды активтер-ғимаратты, жермен пайдалану құқығы мен басқадай құқықтар.
3) өндірістік қорлар, аяқталмаған құрылыс, салықтар, дайын өнім.
Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.
Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында интеграция процестері мен әлемдік нарыққа шығумен байланысты шараларды жүзеге асыруын талап етелі. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің бір бөлігінің потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.
Реформалардың бастапқы кезеңіндегі болашақ белгісіздігі, көптеген экономикалық агенттердің әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз әрекет етті. Инвестициялық саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға бағытталған кешенді шаралар экономика реформасының басты бағыты болып табылады.
Осыған байланысты отаңдық қор нарығын дамытудың басты бағыттарына ішкі инвесторлар институтын күшейту мен қаржы құралдар тізімін ұлғайту болып табылады.
Зейнет ақы жүйесін реформалау негізінде зейнетақы қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі кезде олардың активтері 530 млн. АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.
Корпоративті бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра алады. Бүгінде шетел банктерінде ностро-есеп шоттарында 52 млрд. теңге сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол жобалардың көп болуы қажет.
2000 жылы сақтадыру компаниялары тарапынан экономикалық нақты секторымен бағалы қағаздарға, инвестиция көлемі 300 млн. АҚШ доллар құрады.
Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде сөз сөйлеуде елбасы Назарбаев Н. Ә. жыл сайын елімізге келетін 1, 5 млрд. доллар инвестицияны еліміздін ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік барын мәлімдеді.
Қазіргі кезде Қазақстаңда шикізат секторының басым болуына қарамастан, ғылыми сыйымды өндіріс үлесін жоғарлату тенденциясы үстем болуы тиіс.
Реформалар жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды.
Жыл сайын тартылатын тікелей шетел инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші орында болып, шетел инвестицияларының көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды.
АҚШ мемлекетінің республика экономикасына инвестиция ағымынын басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары капитал салымдарының көлемі 2. 9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен түскен жоқ.
Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша абсолютті көрсеткішке 2002 жылы қол жеткізілді, бірақ осы инвестиция қайтарым көлемі 1, 4 млрд. АҚШ долларын құрады.
1994 жыл мен 2000 жыл аралығында инвестициялық іс-әрекетті реттейтіи заң негіздері қалыптастырылып, инвестициялық механизмдер үйлестірілді. "Шетел инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қажетті кепілдіктерді беріп, экономикаға шетел капитталының келуіне жағдай жасады.
Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.
Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып табылады. [19; 26]
Жаңа жағдай заң негіздерін жетілдіру етеді. "Инвестициялар туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер қойнауы мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып, "акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.
Жаңа инвестициялық саясат концепциясында нарықтың барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы институтарының, қор нарығы, инвестициялық белсенділігін жоғарлату маңызды орын алуда.
Қазақстан Республикасының инвестициялық іс-әрекетті реттеудің тиімділігін жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140 беттерінде инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz