Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ.

"Азаматтық құқық " атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді құқық деп атаған.

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы) . Римдікіш сіұііе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықты римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды -цивилист деп жүр.

Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтарды классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: "жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді".

Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.

Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тагізіп отыр. Бұл орайда "біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз . . . , ендеше осы бағытга әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумактық бөліністерімен тығыз байланысты.

Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматгық құқықтын пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра салыстырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқын-дауға болады.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1- бабы, 1-тармага) . Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық зандармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) .

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндетгемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мүрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен ретгеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Дейгұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы таіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз занды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. 1 Сондықтан да аза-маттық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын түсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айгқанда, белгілі бір экономикалық қүңдылыкқа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардьщ өзара келісім және өзара шарт жасауы.

Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының тендігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.

Мүліктік қатынас адамдар арасындағықатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.

Қазақстан Республикасы азаматтық зандары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқаңда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жекеқатынастың бірінші тобына мүліктік қаты-наспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі "байланыстылық" дегрн сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыньштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т. б. қатынастар) . Мысалы, бір ұйымның басқа бір занды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.

Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік маз-мұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.

Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Констатуцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтық реттеу пәнше мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне, осындай. Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық. Құқықтық әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал ойың жеке қырлары субъектілердің құқықтық мәртебесінде (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістеріңде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.

Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:

а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар - ақша және басқа қатынастарына негізделген занды түрдегі тендігімен сипатталады (АК-тің 1 және2-бабы, 1-тармағы) . К. Маркс "Капиталда" былай деп жазды: "Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билейтін адам ретінде, қатысуға тиіс: сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді. Демек, олар бірін бірі жекеменшікші деп білуге тиіс"

Азаматгық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзівдегі тендігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасывда екінші жаққа біржақты міндет болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;

ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы) . Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды тандауына мол мүмкіндік жасалады;

б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті (теңдік және түлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі) . Азаматтық құқықты қорғау сотаен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше өзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, құқық қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер қандай да бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады.

Азаматтық кодекстің 9-бабының 1-тармағына мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тайу туралы азаматтық құқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген. Азаматгық кодекс қабылданғанға дейін көптеген құқық қолданушы органдар заңға сүйеніп жасаған құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенімен іс жүзінде оның қолданылып келгеніне әрі мұндай заңсыз құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте көз жегкізген болатын, ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтірді;

в) азаматтық-құқыктық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң қүжаттарында езгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: азаматық құқық-құқықгың бір саласы, ол тауар-акша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысыжоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардьщ жиынтығы болып табылады. Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық құқықтьщ онымен шектес басқа салалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Бірақта азаматгық құқықты шектес салалардан оқшаулағанда төмендегідей жағдайларға көңіл аудару қажет: жаңа Азаматтық кодекс (1994 ж. ) қабыл-данғанға дейін азаматтық құқық өзіне тән қатынастарды ретгеді. Айталық, Қазақ КСР Азаматгық кодексі (1963 жылы қабылданған) бойынша отбасы, еңбек, жер қатынастары, сондай-ақ колхоздардағы өздерінің Жарғысынан бастау алатын қатынастар, суды пайдалану жөніндегі қатынастар тиісінше - отбасы, жер, колхоз және су жөніндегі зандарымен реттеліп келді. Ендігі жерде Азаматгық кодекстің 1-бабы 3-тармағына сәйкес азаматгық құқық осы баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатьшастарға (мәселен, мүліктік қатынастар және тараптардың зандық теңдігіне негізделген болса), егер де тиісінше отбасылық, еңбек зандарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы зандармен реттелмеген жағдайларда, соңдай-ақ оларды реттеуде ағаттықтар кеткен кезде, қолданылады.

Азаматтык және еңбек құықтарының ара жігін ашу белгілі бір жағдайда өзіндік қиындықтар да туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің кейбір нормаларының тікелей еңбек қатынастарын реттей алатындығына мән берген жөн. Атап айтар болсақ, Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке көсіпкер мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның ішінде келісім-шартты жасасу мүмкіндігі жөнінде болып келген дауларға нүкте қояды. Жоғарыда айгып өткеніміздей, еңбек қатынасына азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында апанық көрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде 1995 жылы 22 жел-тоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты өзінің Пленумында № 10 қаулысын (нормативтік сипаты бар) қабылдады. Бұл қаулы "Моральдық зиянды өндіртіп алу туралы занды соттардың қолдануы туралы" деп аталды. Оның 5-тармағында былай делінген: и Еңбек туралы зандарда рухани немесе дене зардабын шеккендерге өтем төлету жөнінде тікелей айтылмауына қарап, жәбірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң Негіздерінің 131-бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгедектікке, кәсіби ауруға ұшыратқаны үшін, сөйтіп, рухани және дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге қүқылы".

Осы орайда еңбек құқығы пәнінің азаматтық құқықтан айырмашылығы - оның еңбек үрдісіндегі қатынасты реттеуінен көрінеді. Себебі онда еңбек нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс күші тауар болып табылмайды. Сол себепті де жекелеген жағдайда жалақы жұмыс күшінің құнын бағалаудың нысаны бола алмайды, жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу оның істеген ісінің саны мен сапасына қатысты келеді. Құқықтық реттеу әдістемесі тұрғысынан қарағанда, жұмыскер жұмыс берушімен шарт жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске айналатынын байқау қиын емес, дейтұрғанмен жұмыскер ақыр аяғында еңбек тәртібіне бағынып, әкімшіліктің талабын, сондай-ақ оның еңбек ету міндетіне жататын басқа да міндеттерді орындайды.

Отбасы құығы некеге және отбасына қатысты қатынастарды реттейді. Отбасы құқығы некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп танудың жағдайы мен тәртібін реттейді, ата-аналарынын қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында қалу тәртібі мен түрін, азаматтық хал актілерінің тіркеу тәртібін, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды айқыңдайды. Қажет кезіңде туыстар мен басқа адамар арасындағы жағдайлар занда көзделген ретте қаралады.

Отбасы құқынана реттеудің ерекше әдістемесі тән, ол ерікті түрде болады, ал жарлық ету түріндегісі - императивті, яғни бұйрықты сипатқа ие. Осы екі бастаудың өзі оның ерекшелігін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz