Қазақстан Республикасында туристік қызмет индустриясын дамыту мәселелері



Елбасымыз Н.А.Назарбаев туристік индустрия қызметін мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелетін, болашағы бар экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп қалыптастырып келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік – экономикалық әлеуметін дамыту мақсатында атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Сәуір айындағы «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағытттары» атты кезекті Жолдауында Мемлекет басшымыз «Мәдени мұра» арнаулы бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, бұл мәселенің маңыздылығын негіздеп өтті. Әрине халықтың әл – ауқатының артуы және рухани мен гармониялық дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктің маңыздығы бөлігін құрайтын, демалу қамтамасыздығымен байланысты қызметтердің маңыздысы сөзсіз.
Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған, «XXΙ ғасырдың көрінісі» атанып отырған туристік сервис индустриясы өзінің мемелекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік салаларымен теңесті. Ол әлемдік жалпылама өнімнен 10 пайыз үлесін ала, жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда.
Еліміздің туристік – рекреационды потенциалына негіздеоген шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтердің сан қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы, адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға және қоғамның демалу мен көңіл көтеруге деген сұраным жан – жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарын жұмылдыру қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді.
Қазақстан Республикасыеың статистика Агенттігіннің мәліметтері бойынша 2001 жылы туристік индустрия өз қызметінің 24,6% - ын сыртқа шығу туризіміне көрсеткен болса, сырттан кіру туризмнің үлесі тек 1,6% - ды құраған. Егер оның алдындағы жылы аталмыш көрсеткіш сәйкесінше 45,9% және 16,2% болғандығын ескерсек, сыртқа шығу туризмі 21,3% - ға және сырттан кіру туризмі 14,6% - ға төмендегенін байқаймыз. Ішкі туризм

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасында туристік қызмет индустриясын дамыту мәселелері.
Елбасымыз Н.А.Назарбаев туристік индустрия қызметін мемлекет
қазынасына айтарлықтай кіріс әкелетін, болашағы бар экономика саласы
ретінде көріне алатындығы жайлы стратегиялық бағдарламасында атап өткен
болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп қалыптастырып келе жатқан Елбасының
жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік –
экономикалық әлеуметін дамыту мақсатында атқарылған істер мен алда тұрған
міндеттер анықталып отырады. Сәуір айындағы Ішкі және сыртқы саясаттың
2004 жылға арналған негізгі бағытттары атты кезекті Жолдауында Мемлекет
басшымыз Мәдени мұра арнаулы бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, бұл
мәселенің маңыздылығын негіздеп өтті. Әрине халықтың әл – ауқатының артуы
және рухани мен гармониялық дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы жақсаруы
мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктің маңыздығы
бөлігін құрайтын, демалу қамтамасыздығымен байланысты қызметтердің
маңыздысы сөзсіз.
Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған, XXΙ
ғасырдың көрінісі атанып отырған туристік сервис индустриясы өзінің
мемелекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық
өнеркәсіптен алға озып, автокөлік салаларымен теңесті. Ол әлемдік жалпылама
өнімнен 10 пайыз үлесін ала, жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды
жұмылдыруда.
Еліміздің туристік – рекреационды потенциалына негіздеоген
шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтердің сан қырлы, күрделі
жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы, адамдардың бос уақытын
дұрыс ұйымдастыруға және қоғамның демалу мен көңіл көтеруге деген сұраным
жан – жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарын жұмылдыру қабілеттілігімен
халықтың тұрмыс деңгейін көтереді.
Қазақстан Республикасыеың статистика Агенттігіннің мәліметтері
бойынша 2001 жылы туристік индустрия өз қызметінің 24,6% - ын сыртқа шығу
туризіміне көрсеткен болса, сырттан кіру туризмнің үлесі тек 1,6% - ды
құраған. Егер оның алдындағы жылы аталмыш көрсеткіш сәйкесінше 45,9% және
16,2% болғандығын ескерсек, сыртқа шығу туризмі 21,3% - ға және сырттан
кіру туризмі 14,6% - ға төмендегенін байқаймыз. Ішкі туризм бойынша 2001
жылы 114053 адамға қызмет көрсетіліп, ор көрсеткіш алдыңғы жылмен
салыстырғанда 35,9% - ға өскені айғақ. Бұдан отандастарымызда ел
табиғатына, халық мұрасына деген қызығушылықтарының және демалу, жергілікті
куроттар, т.б. жерлерде денсаулығын түзету мүдделерін арттыруын көре аламыз
(1 - кесте).
Сервис инфрақұрылымының барлық түрлерін біріктіретін туристік қызмет
индустриясы Қазақстан экономикасының салалық құрылымында өз орнын таба
алмай келеді. Күрделі әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуде жол
көрсете алатын жеке статусының болмауы оның қазіргі даму үрдісіне нақты
сипаттама беруді қиындатып отыр. Дегенімен де, туристік қызмет
индустриясына енетін құрылыиидық салалар қызметтерінің көрсеткіштерін
бейнелеуге тырысалық (2 - кесте).
Кестеден көріп отырғанымыздай, туристік қызмет индустриясының
кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметтерінде біршама оңды өзгерістер
байқалған. Оның негізгі буыны болып табылатын қонақ үй шаруашылығының
табысы 2000 жылмен салыстырғанда 2001 жылы 24,5% - ға артып, 8912,9
млн.теңгені құрған. Ал туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметтерінен
түскен табысы 2001 жылы 1504,9 млн.теңге және 1044 мың АҚШ доллары деңгейін
көрсетіп, сәйкесінше алғашқы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,1
және 3,8 есе артқан.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 2001
жылы елімізге келген шетел азаматтарының саны 4,0 млн. адам, ал алыс және
жақын шетелдеріне шыққан резиденттер 4,7 млн. адамды құрған, олардың
туристік саяхаты мақсат еткендері сәйкесінше тек 2,2% және 2,5% -ы ғана.
Туристік қызмет индустрия кәсіпорындарының шаруашылық қызметіндегі
оңды өзгерістерге қарамастан, сырттан кіру туризмнің күрт төмендеуі,
шетелдіктерді қызықтыра алатындай табиғаты иен тарихи – мәдени
орталықтарына бай Қазақстанда заманға сай туристік қызмет инфрақұрылымын
құру және істі жоғары дәрежеде ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігін
көрсетеді. Қазақстаннның табиғи – рекреационды потенциалына өзінің аумағы,
түрлілгі және қайталанбастағы бойынша теңесетін ел әлемде табылмас десек
қателеспейміз 1. 80 – жылдардың басынан демалу, саяхат аясы елімізде
тіптен дамыған. Орналастыру орындарымыз комфорт деңгейі мен техникалық
жарақтандыруы жағынан төменгі деңгейде, бұның өзі отандық туристік қызметті
бәсекеқабілетсіз етуде. Халықаралық стандарттарға тамамдалған сервисті тек
біренсаран астаналық жоғарғы класты қонақ үйлері ғана көрсеет алады, бірақ
оларды қызметтері тым қымбат. Еліміздегі туристік қызмет индустриясындағы
баға мен сападағы айырмашылықтар ішкі және сырттан келу туризмнің дамуына
септігін тигізетіндігі даусыз. Сонымен қатар, экономикалық факторлар,
әлеуметтік жағдайлар, қылмыстыржың орын алуының байқалуы және т.б. жайттар
Қазақстанға сырттан келу туризіміне тосқауыл болуда.
Республикалар арасындағы дәстүрлі байланыстардың үзілуі, жеке дара
тәуелсіз мемлекеттерге айналуы, бүтіндей туристік кеңестің жойылуына және
әрбір өңірде өзіндік заң мен тәртіптердің енгізілуіне әкелді. Шекаралар мен
демалыс аймақтарында кедендік, аиза жасау шектеулері қолға алынып, қосымша
жинақтардың саны көбейтілді. Нәтижесінде бірнеше республикалар арқылы
өтетін маршруттар жойылып, туристік белсенділік әлсіреді.
Ұлы Жібек жолын жандандыру жұмыстары қолға алынса көршілес
республикалардың ешқайсысы ұтылыста қалмайтын болар еді. Мұнда да
біріктілік байқалмайды. 1999 жылы Өзбекстанның Жібек жолыатаумен өтілген
фастивалін жарнамалауға жұмсалған 1миллион АҚШ доллары толығымен ақталып
шықты. Туристік қызымет индустриясы төңірегінде тиянақты ойластырған
саясаты негізінде олар 5миллион доллар пайда көрген. Таңғажайып
архитектуралық ғимаратымен ерекшеленетін Жібек жолында туристік қызмет
саласын дамытуда біздің мемлекет де мүдделі екенін үкімет дәрежесінде
қабылданған заңдар мен бағдарламалардан байқауымызға болады. Дегенімен,
объектілердің археологиялық, архитектуролық зерттеулері көне Түркістан
секілді қалаларда жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары туристердің ағымын
қамтамасыз ете алмады. Бұған туристік бағыттағы тартымды ел ретінде
Қазақстанды үгіттейтін тиімді жарнама комипаниясының жүргізілмеуі себепкер
болған сыңайлы. Батыс бұқаралық ақпарат құралдары бетіндегі бұрынғы Кеңес
үкіметінің құрамындағы республикалардағы қоғамдық – саяси жағдайлар туралы
теріс ақпарат, елімізді жоғары тәуекелді аймақ ретіндегі кейіппен
таныстыруда. Соңғы уақытқа дейін Қазақстанның өзінде туристік беделді құру
мен қолдау жолында ешқандай келісімді әрекеттер қабылданбаған. Мемлекет
бюджетінен жарнамаға бөлінген жарнамаға бөлінген қаржы жоқтың қасы. Әлемдік
дәрежедегі туристік жәрмеңке немесе форумдарда, Қазақстанның ұлттық
туристік әкімшілігі өте сирек қатысады. Сондықтан, шетел туристерінде
еліміздегі туристік қызметті ұйымдастырушылардың қауіпсіздік пен беріктілік
мәселелерін қарастырғандағы жөнінде күмән туатыны сөзсіз. Мемлекеттік
кепілдеме байқалмаған соң туристік маршруттардың молдылығына қарамастан
саяхатшы басқаша таңдау жасайды. Ал әлемдегі көптеген еледерде жарнама
туристік қызмет аясы бойынша ұлттық министрліктердің шығындарында басты
баптарды алады. Осы мақсатқа олардың бюджетінің жарты қаржысы жұмсалады.
Алысқа көз жүгіртпей – ақ, көршілес Қырғызстанның туристік қызмет саласы
үкіметтен қолдау тауып, білгір саясат жүргізіп отырғаныдығын көруге болады.
Бірнеше жылдар бойы мұнда қырғыздың туристік өнімін шет елдеріне
жылжытумен айналысатын Бүкіл әлемдік туристік ұйымның өкілі жұмыс атқарады.
Шетелдіктерді қабылдау валюталық түсімдердің сарқылмас көзі және шығынсыз
экспорттық сауданың тиімді түрі болып келеді. Қазақстанда жүздеген мың
отандастарын шет елдеріне саяхаттап демалуға жіберетін сыртқа шығу
туризімінің дамымауы, басқа мемлекеттердің инфрақұрылымын қаржыландырып,
оларға көптеген жұмыс орындарын ашуда. Егер бір турист елде бір мыңнан үш
мың АҚШ долларына дейін қалдырытын болса, біздің мемлекет қанша валютадан
айырылып отырғандығы жайлы жобалауға болады. Бұл ақшалар турристік қызмет
көрсету орындарында (қоғамдық атмақтандыру орындарында, көлік
компанияларында, ауылдағы кәсіпкерлердңі қолында) қалатындықтан, жергілікті
экономиканың түзеліп дамуына септігін тигізер еді.
Сондай – ақ, елімізде туристік қызмет саласын дамытуда тосқауыл болып
отырған жасанды кедергілер де аз емес, виза процедурасы және оның құны,
бақылау жүйесінің күрделелігі, туристік өнімнің қымбаттылығы, салық
ставкасы, әуежай билеттерінің құны және т.б. Мұндай жалпылама мәселелерді
жеке компаниялар шеше алмайды. Сондықтан, олар мақсатты бағытталған
мемлекеттік саясат жүргізген елдермен бәсекеге түсуден тыс қалған.
Енді бір өзекті мәселелердің бірі – Қазақстандық туристік ұсыным мен
сұраным жайлы ақпарат базасының болмауы. Материалды база, негізгі қорлардың
динамикасы мен құрыылмы, қаржы салу жобаларын қалыптастыру және оларды әлем
нарығына жылжытудың толық бейнесін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттар
жүйесін құру уақыты жетті. Қазақстандағы статистикалық мәліметтердің сапасы
туристік ұсыным аясындағы жағдайды айқын көрсете алмайды. Кезекті және
толық ақпараттық базаның болмауы, ең алдымен, Қазақстанда Біріккен Ұлттар
Ұйымының статистикалық стандарттарының қолға алынбауы және дамыған елдердге
тән туризм саласы бойынша мәліметтерді жинау әдістері қолданылмайтындығымен
түсіндіріледі.
Туристік ұсыным мүмкіндіктері мен мәселелері жөніндегі ақпаратты
сараптайтын ұйым елімізде құрылмағандықтан, қазіргі ұйым елімізде
құрылмағандықтан, қазіргі таңда танымалды туризм үшін қажетті ресурстар
көлемі мен оның сйымдылығы, тарихи және мәдени ескерткіштер, Қазақстандағы
халықтың кәсіби, мәдени мұраларының құнды объектілері және т.б.туралы толық
көрініс ала алмаймыз.
Экотуризм, спррттық, жеке туризм түрлерінің даму болашағы жоспарында
экологиялық жағдайларды бағалау, экологиялы баланысталынған лицензиялы аң
мен балық аулауды бағалау жүргізілмеуде; курортты – бальнеологиялы
ресурстар, емдеумен қатар туризм мен дкмалуды ұйымдастыру үшін қажетті
жағдайлар ескерілмеген.
Мұндай ақпаратсыз еліміздің қалалары, өңірлердің әлеуметтік –
экономикалық дамуының болашағын, тіптен қазіргі жағдайын анықтау,
тұрғыылқты халықтың жұмыспен қамтылуын, туризм мен демалыстың қазіргі
материалды базасының жағдайын дұрыс бағаламау дұрыс емес.
Туристік ұсыным мен сұраным туралы ақпараттарды жинауға деген
қажеттілікті туристік әкімшіліктермен қатар, туристік кәсіпорындар -
әуекомпаниялары, қонақ үйлер, турагенттер мен туроператорлар, туристік
объектілерді іске қосушылар, сондай – ақ, туристік қызметтің экономикалық
салдарын болдырмауға мүдделі ұйымдар мен адамдар сезінуде. Алдын ала
тапсырыс жасаудың қазіргі кездегі компьютерлі технологиялары әлемде
туристік кәсіпорындар қызметінің тиімділігін көтеру үшін қолданылады және
туристік ұсыынм туралы мәліметтер негізінде жасалады. Осындай ақпараттың
болмауына қарай Қазақстандық туристік өнім бәсеке қабілеті бола алмайды.
Нарық жағдайында сырттан келу туризмі нарығының сегменті туралы
объективті ақпарат қажетекендігі жайлы айта кетеніміз жөн. Оның көмегімен
туризмді шет елдерінде жылжытудың тиімді бағдарламаларын жасап, сұранымның
өзгеру тенденцияларын бақылауға алуға және мемлекеттік жарнама – ақпараттық
бағдарламаның тиімділігін бақылауға қажетті базалық деректерді жинақтауға
әбден болады.
Объективті сараптауымыз мынадай тұжырым жасауға әкелді: Қазақстанда
бизнестің бірнеше өтпелі жылдар ішінде стихиялық дамуы кәсіпкерлердің
басқа ешкімді ұтымды жаққа шығарған жоқ, сонымен қатар, ол қоғамға зиян
келтіруде – валюта шет елдеріне кетуде, туристік саланың мақсаты
фуекциямен қатар, яғни адамның әлеуметтік әлеуетін қайта өндірілуімен,
ұлттық және өңір масштабындағы экономикалық функциялары да жүзеге
асырылмауда.
Қазақстанда туристік қызмет индустриясын дамытудың негізгі мақсаты –
қазіргі заманға сай жоғарғы тиімді және бәсекеқабілетті туристік кешен
құру. Ол, бір жағынан, қазақстандық және шетел азаматтарының туристік
қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер
беретіндей, екінші жағынан – ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес,
соның ішінде, жұмыс орынадры санын арттыру, мемлекет бюджетіне түсетін
салық түсімдері, шетел валютасының ағымы, мәдени және табиғи мұраларды
сақтау мен рационалды пайдалану есебінен қосатынадй болуы керек.
Аталмыш мақсаттарды жүзеге асыру бойынша шаралар мынадай:
- Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі бағыттары құрамына
туристік саланы енгізуді іс жүзінде қолға алу;
- Қазақстанда туристік қызметті дамыту бағытындағы мақсатты
бағдарламаларды жүзеге асыру;
- Әлемдік және құқықтық тәжірбиелерге сәйкес туризмнің нормативті
– құқықты даму базасын құру;
- Шетел және ішкі туризмнің дамуын ынталандыратын
экономикалық механизмдерді құру, осы аяғы инвестицияларды тарту
және салық пен кедендік жеңілдіктер, мемлекеттік қолдаудың
басқа шараларын көрсету жолымен ішкі туризім нарығын тқорғау;
- Енгізілген туристік қызметті сертификациялау мен
лицензиялау жүйесін қатаңдату;
- Туристік банктік құрылымдар, көлік, қонақ үй және
сақтандыру компанияларының кооперациясына ұтымды жағдайлар
жасау, сол арқылы туристік қызметтің жоғары технологиялық
кешенін қалыптастыру және саланың материялды-техникалық
базасын дамыту.
Өркениетті нарықты қатынастардың дамуы, әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, бақылайтын кешенді және тұрақты негізінде мемлекеттің
реттеуінсіз мүмкін емес.Кері құбылыстарды дереу артта қалдыру, қарапайым
шындықты түсінуге байланысты - мемлекет пен Қазақстандағы туристік аядағы
бизнестің ынтымағынсыз әлемдік туристік нарыққа ену қиын түсер. Осы бағытта
салыстырмалы өзіндік бағдарламаларды жүзеге асыруға баса назар аудару
қажет. Ең алдымен бұл –туристік индустрияны мен дамыту бойынша ғылыми
негізделген нақты мемлекеттік бағдарлама. Оның жүзеге асырылуы туристік
қызмет аясына салынған капитал салымының тиімділігін арттырып, еліміздегі
туриістік ресурстарды мейлінше тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Туристік қызмет индустриясының дамуын жоспарлау барлық деңгейлерде;
халықаралық, ұлттық, өңірлі, сонымен қатар, нақты аудандар мен обьектлерге
қатысты жүргізіліуі қажет. Онымен қоса, ол дамуды үнемі бақылап, тиімді
басқаруға негіз болып, туристік қызмет секторының ұзақ мерзімді табысты
қызыметін қамтамасыз етер еді.
Жоспарлауға деген жүйелі қадам ғана эканомика,экология және
әлеуметтік –мәдени орталардың бірлігін қамтамасыз етіп,туристік қызымет
индустриясының тұрақты дамуына септігін тигізіп, елімізге және жеке
өңірлерге айтарлықтай экономикалық тиімділік әкеле алады. Күрделі
экологиялық немесе әлеуметтік мәселелердің туындауына жол берілмей,
туристік ресурстар болашақ ұрпақтардың пайдалануы үшін сақталады.

Екіншіден, туристік объектілерді жөндеу және жаңаларының құрылысын
қолға алу үшін, жеке,ұлттық және шетел инвестицияларың жұмылдыру жолымен
туристік қызмет индустриясын қаржыландыру бойынша нақты мемлекеттік
бағдарламаны жасау қажет.Турстік индустрия үшін ақпараттық
қамтамассыздықтың қуатты базасын құру және елімізде сакяси тұрақтылықты
нығайта түсу жағдайлары, шетел инвестицияларын туризм аясына тартудың
маңызды шарттары мен жолдары болып табылады. Шетел инвестициялары
жергілікті, өңірлі және жалпы ұлттық экономиканы көтеру бағытында, тиімді
пайдаланылғаны маңызды мәселе. Туристік орталықтың құрылысы, оның іске
қосылуы нақты тұрғылықты жердің, аудан, өңірдің экономикасымен тығыз және
тікелей байланыста болуы шарт. Әдетте, туристік кешеннің құрылысы мен
жабдықталуына жергілікті жұмыс күшін, жергілікті материалдары қолдану,
туристік кәсіпорындар жұмысына жергілікті мамандарды баулу есебінен жүзеге
асады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, туристік объектілер мен
инфрақұрылымының құрылысы, туристік қозғалыстың шоғырлануы, табиғи
Ортаның бұзылуымен, табиғи ортаның бейтабиғи обьектілерге кері әсерімен,
заңсыз ұйымдастырылған аң аулаудың таралуымен, туристік обьектілердің
тәртіпсіз саналуымен тығыз байланысты. Мұның өзі қоғамға зиян келтіріп,
жергілікті ландшафтылардың эстетикалық тартымдылығын төмендетеді.
Сондықтан, табиғи территория мен қоршаған ортаны туристік қызмет процесінде
қорғау мәселелері де аталмыш мемлекеттік бағдарламаларда өз орнын алуы
шарт.
Туристік қызметтің дамуына 2003жылы мемлекеттік бюджеттен 32 млн. 604
мың теңге жұмсалуы жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5млн,
теңгеге жоғары. Дегенмен, туристік қызмет индустриясын дамытуға қажетті
шаралар, қаражаттын жетіспеуінен, осы саланың 2003-2005 жылдарына Қазақстан
Республикасының туризм және спорт бойынша Агенттігінің тарапынан
дайындалған даму Бағдарламасынан тыс қалды. 2 Әлбетте, қиыншылықтарға
қарамастан , мамандар Қазақстанның әлемдік туристік нарықта беделінің
артуын болжап отыр.

1 – кесте. Туристерге қызмет көрсету жайында.

Туристік қызмет түрлері Қызмет көрсетілген туристер саны
2000ж. 2001ж.
Барлығы 146915 154502
Сыртқа шығу туризмі 67360 37942
Сырттан кіру туризмі 23868 2507
Ішкі туризм 55687 114053

2 – кесте. 2000 – 2001 жылдарындағы туристік қызмет индустрия салаларының
негізгі көрсеткіштері.

Туристік қызмет индустриясының салалары Жылдар
2000 2001
Қонақ үй шаруашыылғы, бірлікпен. 159 165
Қонақ үйлерінің туристерге қызмет көрсетулерінен
түскен табысы (млн.тенге)

7158,7 8912,9
Арнайы орналастыру орындарының саны (демалу үйлері
және т.б.), бірлікпен 106 102
Қызметтерін пайдаланған адамдар. 137068 126520
Турфирмалар мен турагенттіктердің саны, бірлікпен.
Қызмет көрсетілген туристердің саны, адам. 690 770
Сатылған жалдама қағаздарының құны 146915 154502
(мың тенгемың АҚШ доллары)
ҚР – ның турфирмалары мен агенттіктерінің 1945684,3 1460843,7
қызметтерінен түскен табыс (мың тенгемың АҚШ 623,4 1169,4
доллары)
1340304,6 1504864,9
277,0 1044,0
Қоғамдық тамақтандыру орынадры, бірлікпен 6681 7731
Қоғамдық тамақтандыру орынадрының айналымы,
млрд.тенге
11,5 13,8
Көлік құралдарын пайдаалнған туристердің жалпы
саны (адам), соның ішінде: 88390 36901*
Ұшақ көлігін 52590 26120
Теміржол көлігін 8093 1565
Қалааралық автобустарды 21488 8978
Басқа жер көліктерін 6185 238
Су көлігін 34 -

- резервация бөлімін басқару;
- бөлімдерде қызмет көрсетуді басқару;
- қонақтар жайлы есептерді басқару;
- қонақүйді басқару туралы жалпы сұрақтар.
PMS компонентінің жүйесі ол резервациялау қызметімен
қамтамасыздандырады, резервиацияға сұранысты жұмысшыларға тез алуға
мүмкіншілік береді, жасалған бронға кепілдік береді, және қонақ үйдің
күнделікті есептеу толымдылығына нақты суреттеме береді. Резервиация жайлы
ақпараттар жинайды. Көптеген қонақ үй коорпорацияларында бұл жүйеде
өздеренің номерлері болады, адам адамдар АҚШ – ң кез – келген жерінен тегін
(телефон 800 – ден басталады) телефон шала алады, ал кейде алдын – ала
сұраныс жасау үшін шет елден хат ұйымдастыру бойынша агенствалар да
компьютерлік байланыс арқылы тікелей орталықтандырылған жүйелері болады.
Қонақ үйдің жүздегеннен астам жұмысшылары басқарудың, автоматтандырылған
жүйесімен күнделікті қолданылады. Олар кез – келген уақытта келесідей
бағыттар бойынша ақпараттыр ала – алады:
- резервациялау
- басты администратордың офисі
- ұжымдық шоттарды дайынаду
- тұрақты клиенттер туралы мәліметтер
- есеп берудің тексттік редакторы
- саяхатты ұйымдастыру бойынша агенствалардың қызметіне деген
шоты
- турларды дайындау
- административті шаруашылық сұрақтары
- сұраныстарды басқару
- комплексті прогрлммалар құру
- көтерме сбыт
- компьютерлер бойынша дистанцияларды есептер үшін интерфейс
- бөлімде шифильдреді демонстрациялауды сұрану үшін интерфейс
- сауда нүктелері бойынша интерфейс
- экономикалық бақылау
- орталық резервациялау
- негізгі бухгалтерлік кітап
- несиелік қорыту
- ассоцияларды басқару
- бөлімдерді ұзақ мерзімге алу үшін арендалық төлемі
- тайм – шерлер үшін арендалық төлем.
Орташа және үлкен қонақ үйлердің адмистрарорының столында шоттарды
дайындауды және сатуларды қадағалау үшін миникомпьютерлер болады. Қонақ
үйде сонымен қатар идинторлармен жабдықталған бірнеше қызметтер болады:
саудалық нүктелер, конференц – зал, қамтамасыз ету және т.б. Шағын қонақ
үйлер миникомпьютерлерді бөлек немесе сұраныстарды дайындау үшін жергілікті
жүйеге қосып қолдана алады.
Кірісетерді басқару.
Кірістеді басқару – бұл сұранысты болжау әдісі, ол қонақ үй
бөлмелерден қалған пайданы максималды жоғарлатуға бағытталып қолданылады.
Мұндай әдісті бірінші болып азаматтық авиалинияларда қолдана бастады. Оның
негізінде сұраныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Туристік инфрақұрылым
Тұлғалармен сөйлесу мәдениеті
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ
Пәндер