Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару жүйесін қалыптастыру жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
1 Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы .
"Алматы кілем", "Алматы мақта" ЖШС, дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясын жасау үшін біз экстрополяция, бюджеттеу әдістерін пайдаландық. "Алматы кілем" кәсіпорынында дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясын жасау үшін дамудың келесі вариантын ұсынамыз: импортты алмастыру бағдарламасы бойынша кілемдер өндірісін модернизациялау үшін несие алу ұсынылады. Жобаның мақсаттық бағыты тарау, тоқу құрал-жабдығын алу және орнату. Несие көлемі 1 млн. АҚШ доллары көлемінде, несиелеу мерзімі 7 жылға бекітіледі. Пайыздық ставка мөлшері 11%. Несиені игеру транштар бойынша алдыңғы 6 айда өтеді, жеңілдік кезеңі алғашқы 15 ай, негізгі қарызды қайтару әр алты жүргізіледі. Несиені уақытынан бұрын қайтаруға болады.
Жоба жоғары технологиялы, қазіргі заманға сай электрондық жаккардтық машиналары және басқармалы компьютері бар кілем тоқитын станоктарды алуды қарастырады. Осы станоктардың өнімділігі жылына 9 кв. м бола отырып, фабрика бұрын шығармаған тығыздығы жоғары кілемдерді шығаруға мүмкіндік береді. Кілемнің осы түрін шығару арқылы нарықтың жаңа сегменттерін игеруге, импортты алмастыратын және экспорт бағытты өнім шығаруға және шетелдерден келген импортты кілемдер жаулап алған нарық бөлігін қайтадан қайтып алуға болады. Тығыздығы әдеттегідей кілемдерді шығару бұрынғы көлемде қала бермек. Өнім сапасының жоспарлап отырған деңгейіне шығу, тоқыма станогын, тарау құралын сатып алу үшін инвестициялық көмек керек. Жаңа құрал-жабдықтың әсерінен өнімнің өзіндік құны азаяды, бәсеке қабілеттілігі артады, жаңа жұмыс орындары ашылады. "Алматы кілем" экономикалық қауіпсіздік стратегиясының жобасына қажетті капиталдың қалыптасуы 34 кестеде көрсетілген (1 АҚШ доллары 155 теңгеге тең деп алдық) .
Жобаның қалыптасуына 1844503 АҚШ доллары қажет, өндірістік емес шығындар 1935 доллар, өндірістік шығындар 117000 доллар шамасында болмақ. 1 млн теңге жаңа құрал-жабдықты алуға жұмсалса, персоналды оқыту үшін 2 доллар, суретті дайындайтын станция 97000 доллар болмақ. Жоба капиталының қалыптасуына қажетті жетіспеген қаржыны меншік қаржыларынан төле қарастырылып отыр.
34 кесте - "Алматы кілем" АҚ-ының инвестициялық жобасы капиталының қалыптасуы
1 доллар=155 теңге
Меншікті қаржы салымдары
теңге
доллар
доллар
55333000
356987
883000
883000
Қоймадағы дайын өнім,
шикізат және материалдар
502
323871
3
1935
3
1935
97000
97000
22
14194
201432288
1
Кілем тоқитын жаңа станокта жұмыс орындары ашылатын болғандықтан, біз ары қарай қанша персоналдың қажет екенін, орташа айлық еңбек ақы мөлшерін жоспарлап, келесі 34 кестеде көрсеттік.
35 кесте -"Алматы кілем" АҚ-да жаңа кілем тоқу станогы үшін қажетті персонал
Персонал лауазымы
Персонал саны, адам
Еңбек ақы
қоры, теңге
1 смета үшін
Сменалар саны
1.
35000
2
35000
3.
Мастердің көмекшісі
3
4
Есепші
17000
5.
16000
7
28000
Ставилыцик
24000
8.
Инженер-жүйеші
28000
9.
Барлығы
Жоғарыда келтірілген кестеде бір сменаға қажетті жұмыскерлер саны, сменалар саны, жұмыскерлердің еңбек ақысы, және еңбек ақы қорының бір айлық мөлшері көрсетілген. Осылайша, жаңа кілем тоқитын станокгы игеру үшін 18 жұмыскер, жалпы еңбек ақы қоры айына 461000 теңгені кұрайды.
Енді несиені игеру жоспарын жасайық. Жоғарыда несиені игеру алдыңғы алты айда жүргізіледі десек, айлар бойынша несиені игеру 13-кестеде көрсетіледі.
36 кесте - "Алматы кілем" АҚ-да несиені алдыңғы алты айда игеру жоспары
АҚШ доллары
Көрсеткіштер
2-ай
3-ай
4-ай
5-ай
6-ай
1.
2
4
3.
2
4
Тарау аппараттарын
алу
55000
55000
5.
533000
6.
Барлығы
2
4
55000
55000
533000
Ескертпе: Дайындаған автор
Несиені игеру жоспары 6 айға есептелген. Бірінші айда құрал-жабдық бойынша 30%-дық төлем төлеу және сурет салу станциясын сатып алу көзделген. Екінші айда осы станокта жұмыс істейді деген мамандарды оқыту жүргізіледі. Персоналды оқытып болған соң, сурет салу станогының қосалқы бөлшектерін төртінші айда орнатады. Тарау аппараттарын алу 4 және 5-айларға жоспарланып отыр. Соңғы алтыншы айда кілем току станогының қалған бөлшеттері сатып алынып, өндіріске орнатылады.
Тығыздығы жоғары жаңа технологиялы құрал-жабдықты орнатқан соң, кәсіпорын сапасы әлемдік стандарттарға сай, өнім шығаруды көздеп отыр, өнім көлемін екі есеге арттырмақ жоспары бар.
"Алматы кілем" АҚ-да несиені игеру қолайлы жағдайларда өтетін болса, таза табыс көлемі арта түспек. Табыстылықтың жобалық көрсеткіштері 37 кестеде келтірілген.
Несиені ойдағыдай игеру жағдайында тығыздығы жоғары кілемдерден түскен табыс 1531510 долларды, ал әдеттегідей тығыздықты кілемдерді сатудан түскен табыс мөлшері 2276129 доллар құрауы тиіс
37 кесте - "Алматы кілем" АҚ-ның болжамдық табыстылығы
Көрсеткіштер
Болжамды сомасы
1.
2
3.
4
5.
6.
7
8
9.
10
11
12
Н
14
Жоба бойынша таза табыс көлемі 1034006 долларды құрауы керек. Біз жобаның қай кезден басталатыны көрсетпей отырмыз, себебі қазір кәсіпорында инвесторды іздеу процесі жүруде, ал қайтарып беру мерзімі 7 жыл екенін көрсеттік. Несиені алу кәсіпорынның тозған негізгі капиталын жаңартады, нарыққа бәсеке қабілетті өнім шығарылады, қосымша жұмыс орындары ашылады, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етеді.
2006-2008 жылдарға "АММК ТК" АҚ-ның экономикалық тиімділігін бағалайық. Ол үшін көрсеткіштердің өзара пропорционалды тәуелділік әдісін қолдандық. Бұл әдістің негізін кәсіпорын қызметінің маңызды бір көрсеткішін идентификациялап, базалық көрсеткіш ретінде алып, қалған көрсеткіштерді соған пропорционалды "байлап" өсіріп отырамыз деген тезис құрайды. Базалық көрсеткіш ретінде, әдетте өнім өткізуден түскен табыс немесе өнімнің өзіндік құны алынады. Бұл әдісті таңдауымыз логика тұрғысынан дұрыс және өзара байланысты көрсеткіштер серпінін зерттеу барысында қуатталады. Болжау нәтижелері 38 кестеде көрсетіледі.
38 кесте - "Алматы мақта" ЖШС қызметінің 2006-2008 жылдарға болжамды көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Персоналдың саны
Еңбек ақы қоры
1 жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы
1 теңгеге шаққандағы шығындар
Кәсіпорында 2004-2006 жылдары негізгі кызметтен түскен табыс болмайды деп есептедік. "Алматы мақта" ЖШС біз жұмыскерлер саны 2006 -2008 жылдар аралығында өзгермейді деп жобалаймыз, тоқыма және кілем өнеркәсібінде шағын кәсіпкерліктің дамуы қолдау көрсететін басыңқы бағдар болғанымен, Қазақстан бойынша мақта маталарын шығаратын кәсіпорын біреу болғандықтан, кәсіпорынды төлем қабілетсіз, экономикалық қауіпті жағдайда екен деп жауып тастау шешілген сұрақ болмайды. Сондықтан, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қалпына келтіруді бірте-бірте өткізу керек. Осы тұрғыдан несие немесе инвестиция тартудың біз көзін көріп отырғанымыз жоқ. "Темір банк" АҚ-мен болған тартыстан кейін, кәсіпорынның жақын болашақта өз күшіне сүйенгені дұрыс болар деп ойлаймыз. Бірақ, бұл пікір кәсіпорынның "қол қусырып, қарап отырсын" деген түсінік емес, даму бағдарларын маркетингті жақсарту, өнімнің өзіндік құнын азайтудан, реинжиниринг үрдістерін өткізуден іздеу керек деп ойлаймыз. Қарастырылып отырған жылдары кәсіпорын қызметінен оң нәтиже алады деп болжап отырғандықтан, таза табыстан түскен қаржы көлемін негізгі капиталды модернизациялауға бағыттаған ұтымды шешім болар еді.
"Алматы кілем" АҚ-ның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін басты назарды келесі бағыттарға аудару керек:
- негізгі капиталды жаңарту, мүмкіндігінше жоғары технологиялық станоктарды өндіріске енгізуге ұмтылу;
- кәсіпорындағы жоспарлау деңгейіне көңіл аудару, жоспарлардың орындалуына тырысу;
- әкімшілік шығындарын төмендету;
- өнімнің сапасын арттыру;
- маркетингтік қызметті жандандыру;
- өнім өткізудің дилерлік желісін бекіту.
"Алматы мақта" ЖШС экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында реинжиниринг үрдісін өткізу керек. Реинжинирнгтің объектісі болып, кәсіпорын емес, өндірістік процестер табылғандықтан, маркетинг немесе өндірістік бөлімшелер емес, олардың жұмысы қайта бағдарланады. Кәсіпорындағы реинжинирингке жататын үрдістерді анықтау үшін ІSO 9001 сапа жүйесін жалпы бағдар ретінде қабылдауға болады. Осы стандартта кәсіпорынның барлық бизнес-функцияларының сапасы қамтылған:
- Басшылықтың жауапкершілігі;
- Сапа жүйесі;
- Мәмілелереді талдау;
- Жобалауды басқару;
- Құжаттарды басқару;
- Шикізаттарды сатып алу; 7. Тұтынушыларға ұсынылатын өнім;
- Өнімді идентификациялау;
- Үрдістерді басқару;
10. Сынақтарды бақылау және өткізу;
11. Бақылау, өлшеу қүрал-жабдығы;
- Бақылау және сынаудың мәртебесі;
- Сәйкес емес өнімді басқару;
- Алдын-алу және түзеу іс-шаралары; 15. Тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау, жеткізу;
- Сапа туралы мәліметтерді тіркеу;
- Сапаны ішкі тексеру;
18. Кадрларды дайындау;
19. Техникалық қызмет көрсету;
20. Статистикалық әдістер
"Алматы мақта" ЖШС бизнес реинжинирингті төрт кезеңде өткізуге болады: болашақ компанияның бейнесін жасау; компанияның қазіргі моделін құру; жаңа бизнесті жасау; қайта жобаланған үрдістерді енгізу.
Бизнес-инжинирингті өткізу барысында бірнеше шешімді рольдерді бекітуге болады:
- үрдістердің иесі;
- топтың лидері;
- байланысшы (коммутатор) ;
- топқа қатысушы;
- сыртқы кеңесші;
- үйлестіруші (координатор) .
"Алматы мақта" ЖШС бизнес-реинжинирг үрдістерін басау ғана, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуы, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету шешуі күтетін маңызды мәселелердің бірі екенін көрсетті. Осы тұрғыда кәсіпорын тұрғысынын, мемлекет тұрғысынын, зерттеушілер тұрғысынан жүргізілетін жұмыс бір арнада жүргізілсе, сала кәсіпорындары әлі де әлемге аты шыққан компаниялармен бәсекелес болатынына сеніміміз мол.
2 Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары
Қазақстан Республикасы тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету бағыттарын ұсыну үшін, бұл саладағы қатерлердің себептері мен салларларына тоқтала кеткен жөн. Осы жерде себептерді өзара байланысты екі топқа бөліп көрсеттік.
Бірінші топтың себептері - қазақстандық тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық деңгейі. Осы топта шетел тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейіне сәйкестендіре отырып, жеті көрсеткішті анықтадық.
- Кәсіпорындардың мамандануы. Шетелдің көптеген тоқымажәне кілем өнеркәсібінің кәсіпорындары өнім түрлері ерекшеленіп, әртүрлі талшықтар мен жіптерденматалар, тоқыма бұйымдарын, маталық емес өнімдер өндіріп, осыарқылы сұраныс пен сән беталысына оңтайлы бейімделе біледі. Біздегі тоқыма өнеркәсібіндегі фабрикалар талшықтар жәнематалар түрлері бойынша қатаң бөлінді (мысалы: Қарғалы шүға, Алматы мақта-мата комбинаттары) . Қазір мен маталар топтары бойынша мамандануы бәсеңдеп, кәсіпорындар нарық талаптарына жақсы бейімделе бастады.
- Өндірілетін өнім құрылымы. Шетелдік тоқыма және кілемөнеркәсібінің өнімдерінде тоқыма және маталық емес өнімдерүлесі көбірек, олардың өндірісі маталармен салыстырғанда аз еңбексыйымды. Қазақстанның тоқыма және кілем өнеркәсібінде бұлөнімдердің үлес салмағы аз. Қазір шығарылатын өнім құрылымыжақсара бастады. тоқыма және тоқыма-галантереялық өнімдерүлесі жыл сайын артып келеді.
З. Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының көлемі. Шетелдік тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының көбісіндегі адамдар саны 300-ге дейін, нарық талаптарына жедел икемделетін шағын фабрикалар саны басым. Адамдар саны 1000-ға дейін жететін қазақстандық кәсіпорындардың нарықтық талаптарға сай келмеуі экономикалық қатердің бір себебі болды. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің алып кәсіпорындарының құрылымын өзгерту, ұсақтандыру өндіріс шығындарын төмендетуге, нарық талаптарына жедел бейімделуге мүмкіндік туғызады.
- Технологиялық өндірісті басқаруды компьютерлеу. Шетелдік тоқыма және кілем кәсіпорындарындағы ақпараттардыжинау, жоспарлау, өндірісті және технологиялық үрдісті басқарудыкеңінен компьютерлеу, өндірісті басқару тиімділігін және құрал-жабдық жұмысының көрсеткіштерін біршама арттыруға мүмкіндікбереді. Қазақстандық кәсіпорындарда бұл элементтерді саусақпенсанарлықтай ғана кәсіпорындарда байқауға болады. Қазіркәсіпорындарда өндірісті және технологиялық үрдісті басқарудыкомпьютерлеу жақсаруда. Бірақ, станоктарды компьютерлеу, олардың жұмыс параметрлерін оңтайлау, тек қана жаңа заманғықұрал-жабдық алынған соң жүзеге асырылады.
- Синтетикалық талшықтарды пайдалану. Шет елдердегі кілем және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары синтетикалыкталшықтар мен жіптерді, әсіресе, тоқыманың тұтыну қасиеттерінарттырып және өзіндік құнын төмендететін, полиэфирліталшықтарды өте кең қолданады. Дамыған елдерде олардыпайдалану 50%-дан асып кетті. Қазір синтетикалық жіптер менталшықтарды пайдалану мүмкіндігі мен қажеттілігі де артып отыр, енді олардың еркін нарығы пайда болғандықтан, фабрикалардыңоларды оңай сатып алуға мүмкіндігі бар.
- Маталардың ассортименті мен сапасы. Шет елдіккәсіпорындар шығаратын ені кең маталардың көп бар, өндірісте ені 140 сантиметрден асатынматалар үлесі басым. Бұл маталардың ассортименті нарықконъюктурасымен қалыптасып және оның әсерінен жедел өзгеріпотырады. Қазақстан кәсіпорындарындағы дайын маталардың ені103 см-ге тең болды. Бұрыннан, негізінен, көлемді арттыруғабағытталған Қазақстан Республикасының тоқыма жеңіл, қарапайым маталар өндірісі басым болды. Қазіргі кезде маталардың ені ұлғайтылды, себебі кәсіпорындарбірте-бірте ескі пневморапирлі станоктарды өндірістен алыптастауда. Нарықта импорттық маталармен бәсекелесіп, сауда-саттық жүргізуге тура келгендіктен, маталардың сапасы менассортименті жақсарып келеді. Дегенмен, құрал-жабддықтардыңжағдайы және деңгейімен тежелетін маталардың сапасы менассортиментін ары қарай жақсарту қажеттілігі де бар.
- Құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы. Шетелдіктоқыма кәсіпорындары үнемі бәсеке жағдайында болғандықтан, жұмыс параметрлері компьютерлендірілген жоғары өнімді, жетілгенқұрал-жабдықтармен өздерін қамтамасыз етуі қажет. Бұл өзкезегінде еңбек өнімділігін, өнім сапасын арттырады, өнімніңөзіндік кұнын төмендетеді. Қазақстандық тоқыма отандық құрал-жабдықтармен жабдықталғанболатын. Тек қана жіп иіру өнеркәсібіндегі машиналар мен станоктар шет елдерден сатып алынатын еді. Соның өзінде де, сатып алынатын машиналар амортизация кезеңінен шығып кеткен болуы мүмкін. Қазіргі кезде құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы одан да нашарлана түсті. Себебі, өткен жылдарда біз айтқан машиналар мен станоктар одан ары моральдық және физикалық түрде тозды. Бұл жағдайдан кәсіпорындарды қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы шығуға болады.
Екінші топтың себептері - кәсіпорындарды басқару деңгейі. Көптеген фабрикалардың басшыларында шикізаттарды сатып алу, маталарды өткізу, қаржы ресурстарын басқару сияқты сұрақтарды шешуде жеткілікті тәжірибелері болған жоқ. Жақсы жүмыс істеп отырған фабрикалар басшылары нарық жағдайларына тез бейімделді, даму стратегаясын бекіту және менеджерлер тобын қалыптастыру арқылы табысқа жетіп отыр.
Бірінші топтың факторларын жақсарту көп қаржы салымдарын қажет етеді және бір күннің немесе бір сағаттың ішінде шеше салатын мәселе емес. Сондықтан олар "инерциялық" факторларға жатады. Екінші топтың факторлары - кәсіпорындарды басқару деңгейін де аз уақыт ішінде түбегейлі өзгертуге болмайды. Осы екі топтың факторларын қазірден бастап, біртіндеп дұрыс жолға қойса, уақыт өте келе жемісін жейтініміз анық [74] .
Нарықтық экономика зандары бойынша, бәсеке қабілетсіз кәсіпорындар дағдарысқа ұшырып, бәсеке қабілетті кәсіпорындар қызметін жалғастыруы керек екенін білеміз. Тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі жағдайды талдау, осы саладағы көп кәсіпорындардың дағдарыс жағдайында екенін, бір тобының дәрменсіздік жағдайында екенін көрсетті.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес тоқыма және кілем өнеркәсібі ішкі бағдардағы тоқырау блогына жатады. Осы стратегияда тоқыма және тігін өнеркәсібін қолдау шараларына мемлекеттік сатылымдар жүйесін ұйымдастыру және нарықты теріс пиғылды бәсекеден қорғау жатады.
Алматы қаласының 2010 жылға дейінгі индустриалдық дамуы саясатының регионалдық бағдарламасы бойынша жеңіл өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттары болып:
- кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру;
- жаңа технологияларды игеру арқылы ;
- ішкі тұтыну нарығында отандық өндіріс тауарларының үлесінарттыру табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz