Дүниежүзілік сауда ұйымының мәнi, қағидалары және әлемдік саудадағы рөлі



1.1, ДСҰ.ның мәні және оның әлемдік экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. ДСҰ.ның негізгі қағидалары мен келісімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3. ДСҰ.на мүше болудың артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ...22
Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзілік сауда ұйымының әлемдік шараушылық жүйедегі рөлін, жаһандану үрдісіндегі және әрбір мемлекеттің экономикасындағы алатын орнын зерттеу және қолданыстық маңызы бар кеңестер беру қажеттігі, таңдалған тақырыптың ғылыми өзектілігін айқындайды. Қазақстандық тарих ғылымында бұл тақырып бойынша бірең-сараң мақалалар мен кітапшалар жарияланған. Дегенмен, аталған тақырып жүйелі түрде талдауды, байыпты әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Сондықтан біздің мемлекет үшін қазіргі таңда осы ұйымның құрылымы мен қағидаларын егжей-тегжей әрі жан-жақты қарастыру өте маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстан ДСҰ-на қосылуға дайындық үстінде және еліміз әзірше бұл ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие. Бірақ ерте ме кеш пе республикамыздың аталған ұйымның мүшесі болып қосылатындығы дау тудырмаса керек. Сол себептен, ДСҰ туралы түсінік қалыптастырмай, оның отандық тауар өндірушілеріміз үшін тиімділігін немес келеңсіз жағын анықтау мүмкін емес.
Дүниежүзілік сауда ұйымының маңыздылығымен қатар, Қазақстан республикасының осы ұйымға қосылу мәселесі және осы мақсатқа жету жолындағы сыртқы экономикалық қызметіне байланысты күрделі мәселелерді ғылыми түрде жете зерттеу күн санап үлкен саяси, теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қызығушылық тудыруда. Дүниежүзілік сауда ұйымының ғаламдық сауда жүйесіндегі рөлі мәселесін диплом жұмысының тақырыбы етіп таңдалуының себебі – бұл мәселе Қазақстанның сыртқы экономикалық эәне сыртқы сауда қызметінде әрі халықаралық саясатта да өзінше дербес маңызға ие болғандықтан терең де арнайы ғылыми зерттеуге әбден лайық.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ МӘНI, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ РӨЛІ

1.1, ДСҰ-ның мәні және оның әлемдік экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2. ДСҰ-ның негізгі қағидалары мен
келісімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3. ДСҰ-на мүше болудың артықшылықтары мен
кемшіліктері ... ... ... ... ... ... 22

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзілік сауда ұйымының әлемдік шараушылық
жүйедегі рөлін, жаһандану үрдісіндегі және әрбір мемлекеттің
экономикасындағы алатын орнын зерттеу және қолданыстық маңызы бар кеңестер
беру қажеттігі, таңдалған тақырыптың ғылыми өзектілігін айқындайды.
Қазақстандық тарих ғылымында бұл тақырып бойынша бірең-сараң мақалалар мен
кітапшалар жарияланған. Дегенмен, аталған тақырып жүйелі түрде талдауды,
байыпты әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Сондықтан біздің мемлекет үшін қазіргі таңда осы ұйымның құрылымы мен
қағидаларын егжей-тегжей әрі жан-жақты қарастыру өте маңызды. Қазіргі
уақытта Қазақстан ДСҰ-на қосылуға дайындық үстінде және еліміз әзірше бұл
ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие. Бірақ ерте ме кеш пе республикамыздың
аталған ұйымның мүшесі болып қосылатындығы дау тудырмаса керек. Сол
себептен, ДСҰ туралы түсінік қалыптастырмай, оның отандық тауар
өндірушілеріміз үшін тиімділігін немес келеңсіз жағын анықтау мүмкін емес.
Дүниежүзілік сауда ұйымының маңыздылығымен қатар, Қазақстан
республикасының осы ұйымға қосылу мәселесі және осы мақсатқа жету жолындағы
сыртқы экономикалық қызметіне байланысты күрделі мәселелерді ғылыми түрде
жете зерттеу күн санап үлкен саяси, теориялық және тәжірибелік тұрғыдан
қызығушылық тудыруда. Дүниежүзілік сауда ұйымының ғаламдық сауда
жүйесіндегі рөлі мәселесін диплом жұмысының тақырыбы етіп таңдалуының
себебі – бұл мәселе Қазақстанның сыртқы экономикалық эәне сыртқы сауда
қызметінде әрі халықаралық саясатта да өзінше дербес маңызға ие
болғандықтан терең де арнайы ғылыми зерттеуге әбден лайық.
1.1. ДСҰ мәні және оның әлемдік экономикадағы рөлі

Кез-келген ұйымның мәні ең алдымен оның арналған мақсатымен
айқындалады. Әлемдік экономикадағы ДСҰ сияқты ықпалды халықаралық
экономикалық ұйымның басты мақсаты - әлемдік сауданы либерализациялау болып
табылады.
Баршаға белгілі, ДСҰ 1995 жылы 1 қаңтарда ГАТТ-тың орнына келді және
Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банкпен қатар әлемдік экономика
мен мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының басты институттарының
біріне айналды. Бүгінде ДСҰ 148 мемлекетті біріктіреді, ал оған мүше болуға
әзірленіп жатқан елдер саны – 30 жуық.
ДСҰ жүйесі ГАТТ шеңберіндегі бірнеше мәрте болып өткен сауда
келіссөздерін (раундтар) өткізу барысында дамыды. Алғашқы раундтарда
негізінен тарифтерді азайту мәселелері талқыланды, бірақ кейінгі
келіссөздерде демпингке қарсы және тарифтік емес шаралар сияқты басқа да
салалар қарастырыла бастады. 1986-1994 жылдардағы соңғы раунд (Уругвай
раунды деп аталады) ДСҰ қалыптасуына алып келді. Ол ГАТТ қызмет ету өрісін
айтарлықтай кеңейтіп, қызмет көрсету ісін саудаға салу мен интеллектуалдық
меншік құқығы саласына да қолданылатын болды [1]. Сөйтіп ГАТТ механизмі
жетілдіріп, қазіргі замандағы сауданың даму үрдісіне бейімделді. Мұнан
басқа, ГАТТ жүйесі, іс жүзінде халықаралық ұйым бола отырып, қағаз жүзінде
ондай болмады. ДСҰ болса БҰҰ жүйесіндегі арнайы ұйым ретінде құқықтық
мәртебеге ие болды.
ДСҰ құрудағы негізгі мақсат – рыноктар ашықтығын және оған кіру
мүмкіндігін импортқа күтпеген жерден және өздігінен енгізілетін
шектеулермен бұзылмауын қадағалай отырып, ортақ ережелер негізінде әлемдік
сауда жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
ДСҰ – бұл ұйым әрі құқықтық құжаттар кешені, тауарлар мен қызмет
түрлерінің халықаралық саудасы саласындағы мемлекеттердің құқықтары мен
міндеттемелерін анықтайтын өзіндік бір көпжақты сауда келісімі. ДСҰ-ның
құқықтық негізін Тауарлар сату жөніндегі бас келісім (ГАТТ), Қызмет сату
жөніндегі бас келісім (ГАТС), Интеллектуалдық меншік құқығының сауда
аспектілері жөніндегі келісім (ТРИПС) құрайды. ДСҰ-ның жоғарыда аталған
келісімдері оған қатысушы барлық елдердің парламенттерімен бекітілді.
ДСҰ-ның негізгі міндеттер – халықаралық сауданы либерализациялау,
оның әділ әрі болжамдылығын қамтамасыз ету, елдердің әл-ауқатын көтеруге
және экономикалық өсуіне қолғабыс ету. Мұнан басқа, ДСҰ-ның міндеттеріне
еркін саудаға кедергі келтіретін импорттық тарифтерді және басқа да
барьерлерді жою және қол жеткізілген шарттардың орындалуын қадағалау
кіреді. ДСҰ мүше-мемлекеттер аталған міндеттерді көпжақты келісімдерді
бұлжытпай орындау, сауда-саттық туралы келіссөздерін өткізу, сауда
саласындағы дауларды ДСҰ тетіктеріне сәйкес реттеу, сондай-ақ дамушы
мемлекеттерге көмек көрсету және елдердің ұлттық экономикалық саясатына
шолу жасау арқылы шешеді. ДСҰ сонымен бірге әлем елдерінің үкіметтері
арасындағы сауда саласындағы даулы мәселелерді реттеуде делдалдық қызмет
атқарады.
ДСҰ басты үш функция атқарады. Біріншіден, бұл ұйым қазіргі кезге
дейін сақталып отырған сауда кедергілерін жою немесе азайту шараларын қоса
есептегенде, халықаралық сауда ережелеріне қатысты мәселелер бойынша
келіссөздер жүргізеді және сол ережелерді тәжірибеде қолданумен
шұғылданады. Екіншіден, сауданы шектеу жөніндегі негізделген шараларға
келісімін береді. Үшіншіден, белгіленген ережелерді ұйымға мүше-мемлекеттер
тарапынан бұзу фактілерін қарастырады.
ДСҰ құру туралы келісімде қатысушы-мемлекеттердің көпжақты сауда
қатынастарына ықпал ететін мәселелерді реттеу және Уругвай раундысының
уағдаластықтары мен келісімдерін жүзеге асыру мақсатында тұрақты қызмет
атқаратын форум қалыптастыру қарастырылған. ДСҰ-ның ажырамас бөлігі – ол
сауда саласындағы даулы мәселелерді шешудің теңдесі жоқ тетігі.
ДСҰ-ның шешімдері абсолютті және ұйымға қатысушы-мемлекеттердің
барлығына бірдей міндетті. Ұйымның мүшелері қандайда бір ережелерді бұзған
елдерге қарсы сауда санкцияларын енгізу арқылы өздерінің мүдделерін
қорғауға құқылы. ДСҰ-на қосылар алдында елдер өздеріне негізгі бес
міндеттеме алу қажет: өнеркәсіп бойынша; ауыл шаруашылығы бойынша; қызмет
көрсету саласында; жүйелік талаптар бойынша; қосымша – ДСҰ+ [2].
Ұйымға мүше болу жөніндегі келіссөздер үрдісінің күрделілігі оның
бірнеше кезеңдерге бөлінетіндігімен байланысты. Өйткені көпжақты және
екіжақты келіссөздер шеңберінде әртүрлі ұстанымдар бойынша ұйымға кірігу
шарттары туралы келісімге келу қажет. Уағдаласу үрдісі өзара әрекеттесу
қағидасына негізделген. Оған сәйкес, ұйымға қосылушы мемлекет өзінің ішкі
рыногына шетелдік тауарлар мен қызмет түрлерін кіргізу шарттарын
либерализациялау саласында белгілі бір шегіністер жасауға тиіс. Оның орнына
бұл ел ДСҰ-ның ережелері мен нормаларымен реттелетін ғаламдық сауда
жүйесініңтең құқылы мүшесі болуға мүмкіндік алады. Қосылушы елге бұған
дейінгі көпжақты сауда келіссөздері нәтижесінде әзірленген барлық өзара
міндеттемелер қолданылады, соның ішінде тұрақты түрде қалыпты сауда
қатынастар тәртібі де қолданылады.
ДСҰ-на қосылудың жағымды экономикалық салдарына, сауданы
либерализациялау үрдісі рынокты ірілендіреді және бәсекелестіктің күшеюіне
алып келіп, нәтижесінде ресурстарды пайдаланудың тиімділігі
жоғарылайтындығын жатқызуға болады. Мұндайда әдетте, халықаралық саудаға
қатысушы елдердің барлығы ұтады деп есептеледі. Ал ұйымға қосылудың жағымды
саяси салдарына әртекті мемлекеттердің өзара тәуелділігін ұлғайтатындығын,
бұл болса өз кезегінде оларды қақтығыстарды шешудің бейбіт жолдарын
іздестіруге итермелеп қана қоймай, тіпті солардың пайда болу ықтималдығын
едәуір азайтатындығын жатқызуға болады.
ДСҰ жұмысының тағы бір маңызды тұстарының бірі – ол даулы мәселелерді
реттеу. Сауда қатынастарының мүдделер қақтығысына алып келетіндігі сирек
құбылыс емес. Уағдаластықтар мен келісімдер, соның ішінде күрделі
келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілгендер де көбінесе неғұрлым нақты
түсініктемелерді қажет етеді. Қайшылықтарды реттеудің бейбіт тәсілдерін
келісілген құқықтық негізге сүйенген бейтарап процедура арқылы табуға
болады. Осы мақсатта ДСҰ-ның келісімдерінде даулы мәселелерді реттеу
үрдісінің өзі суреттелген. ДСҰ-на мүше елдер кемсітусіз сауда жүйесінің
шеңберінде өзара әрекет етеді, онда әрбір мемлекет басқа елдердің рыногында
оның экспортына әділ әрі бірізді көзқарас кепілдігін алады, ал өз рыногына
келетін импортқа тура сол сияқты жағдай жасауға тиіс болады. Дамушы
мемлекеттердің дамыған елдермен салыстырғанда өз міндеттемелерін орындаудың
айтарлықтай икемді шарттары және әрекет ету еркіндігі қарастырылған.
ДСҰ мен ГАТТ аясында өткізілген көпжақты сауда келіссөздері тарифтік
және басқа сауда кедергілерінің едәуір азаюына алып келді. Нәтижесінде
халықаралық сауда көлемінің өсу қарқыны экономикалық дамудың жалпы
қарқынынан айтарлықтай асып түсті . Ол үрдісті төменде келтірілген № 1
суреттен байқауға болады.
Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры мамандарының пікірінше,
ДСҰ шеңберіндегі сауда дамушы мемлекеттер экономикасының өсуіне ықпал
ететін ең маңызды арналардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік банктың
есептеулері бойынша, дамушы, кенже қалған елдерді әлемдік экспорттық
рыноктарға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту 10 жыл ішінде 1,5 трлн АҚШ
доллары көлемінде қосымша кіріс әкелуі мүмкін және олардың жыл сайынғы ішкі
жалпы өнімдерінің өсу қарқынын 0,5% ұлғайта алады. Сауданы либерализациялау
сондай-ақ экономикалық өсімге бағытталған реформаларды қолдауға және
басқаларға технологиялар мен білімді беруге жағдай жасайды.
Дегенмен соңғы уақытта ДСҰ-на тек қана дамыған, қуатты мемлекеттердің
мүддесіне қызмет ететін ұйым ретінде қарсы сын пікірлер айтылып жатқандығы
да жасырын емес. Мұндай сыни көзқарастың әділдігіне төмендегі фактілерге
назар аудару арқылы көз жеткізуге болатын сияқты.

Әлемдік тауар экспортының
бағасы
Әлемдік экспорт көлемі

Әлемдік тауар өндірісі
Әлемдік ішкі жалпы өнім

1 сурет – 1991-20001 жылдардағы әлемдік тауар экспорты, әлемдік тауар
өндірісі және ішкі жалпы өнім

Сауда жөніндегі келіссөздерінің Уругвай раундысының аяқталған сәтінен
(1994 ж.) бастап әлемдік сауда көлемінің өсімін қарастыру жеткілікті.
Әлемдік сауда көлемі ішкі жалпы өніммен салыстырғанда анағұрлым жылдамырақ
өскен. Алайда, жоғарыда аталған келіссөздердің әлемдік рыноктағы дамушы
елдердің экспортын дамытуды жеңілдету міндетіне қарамастан, әлемдік саудада
Еуропа мен Солтүстік Америка экспортының үлесі едәуір көбейген. Аталған
үрдісті №2 суреттен аңғаруға болады. Мұның себебін кемелденген
экономикалардың соның ішінде АҚШ-тың қарқынды дамуымен түсіндіріледі.

Азия
Таяу Шығыс
Африка
Өтпелі кезеңдегі елдер
Батыс Еуропа
Латын Америкасы
Солтүстік Америка

2 сурет – 1994-2001 жж. әлемдік экспорт құрылымы (млрд АҚШ долл.).

Қазіргі кезде көптеген мемлекеттер еркін сауда мен экономикалық
жаһанданудың әлемге тигізетін келеңсіз салдары турасында алаңдаушылық
білдіруде. ДСҰ сынаудың негізгі төрт пунктін көрсетуге болады:
1. ДСҰ тым құдіретті деп есептейді, өйткені ол еркін сауда қағидалары мен
ережелерін бұзып отыр деп тапса егеменді мемлекеттердің үкіметтерін
елдің заңдарын өзгертуге мәжбүрлей алады;
2. ДСҰ бай елдер құрған және байлардың мүдделерін қорғауға арналған
ұйым болып табылады және дамушы мемлекеттердің мәселелеріне қажетті
деңгейде көңіл бөлмейді деп айыптайды. Мысалы, бай мемлекеттер осы
уақытқа дейін кедей елдерден әкелінетін ауыл шаруашылық және тоқыма
өнімдеріне өздерінің рыноктарын ашқан жоқ;
3. Ұйым еркін сауданың жұмысшылар құқығы, балалар еңбегі, қоршаған орта
мен тұрғындар денсаулығына қандай әсер тигізетініне бейқам қарайды
делінеді.
4. ДСҰ қажетті дәрежеде ашық әрі демократиялық емес, өйткені оның
мәжілістері мен сауда мәселесіндегі дауларды талқылаулары жабық есік
жағдайында өткізіледі.
ДСҰ жақтаушылар өз кезегінде, оның демократиялық сипаттағы ұйым емес
екендігімен келіспей қарсы уәж айтады. Олар ДСҰ-ның заңдары мен жарғысы
оған қатысушы барлық демократиялық елдер бірігіп жазылатындығын алға
тартады. Сонымен бірге, ұйым басшылығы ашық дауыс беру жолымен сайланады
дейді. Бұдан басқа олар, дүниежүзі бойынша еркін сауда қағидаларын тарата
отырып, ДСҰ шындығында жер шарындағы халықтардың өмір сүру деңгейін
көтеруге жәрдемдеседі деп мәлімдейді.
Дегенмен бүгінгі таңда көтеген дамушы мемлекеттер ДСҰ мен халықаралық
сауда жүйесі жалпы алғанда айқын байқалған мүдделер теңсіздігі дамыған
елдер пайдасына бейімделген деген қорытындыға келіп отыр. Олар мысалы,
төмендегідей пайымдаулар жасаған.
ДСҰ-ның қағидалары экономикалық даму деңгейі шамамен тең мемлекеттер
үшін ғана тиімді қызмет етеді. Егер де ұйымға қатысушы елдер арасындағы
даму деңгейлері тым алшақ болса, онда әлсіз, кедей елдер бәсекелестік
күресте міндетті түрде жеңіліс табатындығы анық. Кенже қалған мемлекеттер
тарифтік қорғаныссыз қуатты индустриалды дамыған Батыстың экономикаларымен
бәсекелесуге тырысқан кезде әлемдік тәжірибе көрсеткендей, олар өз-өздерін
сәтсіздіктерге итермелейді. Осыған байланысты соңғы кездері еркін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауданың экономикалық қатынастар жүйесіндегі сауда саяты
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері
Халықаралық сауда құқығы
Әлемдік сауданың құрылымы және қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы
Қазақстанның экспорты мен импорты
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымдары
Халықаралық сауда теориясы туралы
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
Пәндер