Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
I. Негізгі бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру.
I.1 Коммерциялық банктер туралы түсінік және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.10
I.2 Банктердің пассивтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ..11.17
I.3 Банктердің активтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... 18.23
II. Бөлім. Коммерциялық банктердің басқа да операциялары
II.1 Банктің есеп айырысу.кассалық операциялары ... ... .24.30
II.2 Банктің комиссионды.делдалдық операциялары ... ...31.34
III. Бөлім. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35.36
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары атты кустық жұмысымның өзіндік ерекшелігі - коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру, олардың негізгі атқаратын операциялары жөнінде және де олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты әрі толығырақ мәліметтер сипаттплады.
Жалпы мақсаты – коммерциялық банктердің операцияларын теориялық бағытта қарастыра отырып, мазмұнын, мәнін толығымен ұғыну.
Субъектісі - осы операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаны айтуға болады.
Ал негізгі зерттеу объектісі – коммерциялық банктердің қызметтері мен оперциялары болып табылады. Осы объектіге сүйене отырып, келесідей міндеттер туады:
- жалпы коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру джөніндегі түсінікті кеңейту;
- пассивтік операциялар дегеніміз не, оның қалай қалыптасатынын түсіну;
- активтік операциялардың ұғымы мен пайда болу көздері жөнінде;
- басқа да есеп айырысу-кассалық және комиссионды делдалдық операцияларына көңіл бөлу.
Ал енді менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады.
I-бөлімде 3 сұрақ қарастырылады. 1-сұрақта жалпы банк ұғымы, қалыптасу тарихы, коммерциялық банктер жөніндегі ұғым, банкті ашу кезеңі, қызметі мен операциялар түсінігі, ұйымдастыру процессі қарастырылады.
1. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – ИздатМаркет, Алматы, 2004 жыл.
2. Мақыш С. Б. Коммерциялық банктердің оеперациялары. - ИздатМаркет, Алматы, 2004 жыл.
3. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банк. – Алматы: Экономика, 2001 жыл
4. “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы. 26.06.1998 жыл.
6. “ҚР-дағы вексель айналысы туралы” ҚР заңы. 28.04.1997 жыл.
7. “Валюталық реттеу туралы” ҚР заңы. 24.12.1996 жыл.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ БАНКТІК БИЗНЕС КАФЕДРАСЫ

КУРС ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері
мен операциялары

Орындаған: 2 – курс студенті
Қаржы және есеп факультеті 203 а топ
Нуралина И.
Тексерген: Сарманбетов Қ.С.

АЛМАТЫ 2005

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I. Негізгі бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру.
I.1 Коммерциялық банктер туралы түсінік және оның
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5-10
I.2 Банктердің пассивтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ...11-17
I.3 Банктердің активтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... .18-23
II. Бөлім. Коммерциялық банктердің басқа да операциялары
II.1 Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары ... ... .24-30
II.2 Банктің комиссионды-делдалдық операциялары ... ...31-34
III. Бөлім. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...35-36
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ...37

Кіріспе

Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары атты кустық
жұмысымның өзіндік ерекшелігі - коммерциялық банктердің қызметін
ұйымдастыру, олардың негізгі атқаратын операциялары жөнінде және де
олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты әрі
толығырақ мәліметтер сипаттплады.
Жалпы мақсаты – коммерциялық банктердің операцияларын теориялық
бағытта қарастыра отырып, мазмұнын, мәнін толығымен ұғыну.
Субъектісі - осы операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаны
айтуға болады.
Ал негізгі зерттеу объектісі – коммерциялық банктердің қызметтері
мен оперциялары болып табылады. Осы объектіге сүйене отырып, келесідей
міндеттер туады:
- жалпы коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру джөніндегі
түсінікті кеңейту;
- пассивтік операциялар дегеніміз не, оның қалай қалыптасатынын
түсіну;
- активтік операциялардың ұғымы мен пайда болу көздері жөнінде;
- басқа да есеп айырысу-кассалық және комиссионды делдалдық
операцияларына көңіл бөлу.
Ал енді менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады.
I-бөлімде 3 сұрақ қарастырылады. 1-сұрақта жалпы банк ұғымы,
қалыптасу тарихы, коммерциялық банктер жөніндегі ұғым, банкті ашу кезеңі,
қызметі мен операциялар түсінігі, ұйымдастыру процессі қарастырылады.
2-сұрақта коммерциялық банктердің қызметіндегі рөлі жоғары пассивтік
операциялардың маңыздылығы, ресурстардың жинақталуы, формалары, құрылу
көзі, меншікті және тартылған қаражаттар ұғымы, қаражаттарды жинақтау
тәсілі жайлы.
3-сұрақта банктердің табыс алу және өтімділігін қамтамасыз етудегі
активтік операциялардың мазмұны, түрлері, лизинг, факториг және
форфейтинг операциялары қарастырылған.
Ал II-бөлімде банктің басқа да операциялары жөнінде, яғни есеп
айырысу-кассалық, комиссионды-делдалдық операцияларының қалыптасуына
тоқталдым.
1-сұрағымда банктің есеп айырысу-кассалық операцияларының
фомаларының жүзеге асырылуы, түрлері қарастырылды.
Осы бөлімнің 2-сұрағында комиссионды-делдалдық операцияларының
түрлеріне мән беріледі. Траст немесе сенім операциясының мазмұнына, оның
жүру процесі мен қатысушылары, қызметтеріне көңіл бөлінді. Ал валюталық
операциялар Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңына
сәйкес жүзеге асырылатындығы туралы, яғни толығымен заң жүзінде
қарастырылды.

I. Негізгі бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру.
I.1. Коммерциялық банктер туралы түсінік және оның қызметтері

Ең алдымен біз коммерциялық банктен бұрын, банктің қайдан шыққаны,
қай ғасырларда, қай қалаларда пайда болғаны, банктің қандай ұғым
беретініне біраз тоқтала кетсек.
Банктің маңызды элементі банктер болып табылады. Кейбір ғалымдардың
пікірінше, алғашқы банктер капитализімнің мануфактура тұсында және ең
бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғасырларда
пайда болған. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның
сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталық болғандықтан, әр елдің
ақшалары тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда
операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Сонымен банк
сөзіне анықтама беретін болсақ.
“Банк” сөзі “ banco” деген ағылшын тілінен аударғанда
“айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” таурлармен
сауда жасалатын алаңдаррда құрылған. Банктер пайда болардың алдында
ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын
қабылдап, елдің ақшаларына айырбастауға маманданған. Уақыт өте келе,
айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын
ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет
туралы” заңға сәйкес, “банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге
асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Сонымен қазіргі түсінікте “коммерциялы банк” - бұл еркше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз
ақша төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты
болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде
1995 жылы 30-наурызда қабылданған “Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі” және 1995 жылдың 31-тамызында қабылданған “Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан
Республика заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.
Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке
тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылыққ
қызметтерді жүзеге асырады. Коммерциялық банктер жүйесі 1990
жылдың аяғынан бастап қалыптасты. Қазақстан Республикасы екінші
деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің берген
лицензиясы негізінде қызмет етеді. Лицензияның стандартты фоамасы
бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі
жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамығаны шет елдермен
айырмашылығы әмбебапта. Сонымен қатар коммерциялық банктерге бағалы
металдармен операцияларды жузеге асыру үшін Ұлттық банк лицензия
береді. Банк ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш
кезеңнен тұрады:
Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
Банк операцияларын жургізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ғана ашуға
құқылы.
Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға,
ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммерциялық банктер деп бұл жерде екінші деңгейдегі банктер
туралы айтылады.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланыст жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
➢ мемлекеттік;
➢ акционерлік;
➢ жеке;
➢ пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
➢ аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
➢ әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына
бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
➢ маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін
банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
➢ халықаралық;
➢ мемлекетаралық;
➢ ұлттық;
➢ аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
➢ өнеркәсіптік банктер;
➢ ауыл шаруашылық банктер;
➢ сауда банктері;
➢ құрылыс банктері;
➢ басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
➢ филиалсыз;
➢ көп филиалды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі
банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін,
жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда
көрсетілетін банктеік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және
өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып
табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің
келісімімен алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттрды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы
мәліметтер.
Шетелдік бантердің Қазақстан Республика аумағында филиалдарын ашуға
заңмен тыйым салынады.
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни
банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан
жерінен тыс, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдылық бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер
өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттармен тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- Қазақстан Республика аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы
банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған
лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау
органның жазбаша расталымы;
- өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республика аумағында өкілдігін
ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау
органның жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы
мәліметтер.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке
тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ-касса) - Қазақстан Республика
аумағындағы банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал
немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі
негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.

Қазақстан Республика Ұлттық банкті екінші деңгейдегі банктерді ашуға
берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

- банк тарапынан өз еркімен қайта құру немесе таралуы туралы шешім
қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;

- мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап; бір жылдан астам
уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген
операциялрды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап, бір жылға дейінгі
жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.
Қазақстандық тәжірбиеде басқа дамыған шетелдік тәжірбиелер
сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан
айырмашылығы болады. Қазастандағы банктік заңдарға сәйкес банкті
тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50%-дан астам бөлігі
акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа
да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге
тиіс. Ал қалған соммасы, яғни 50% - ға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың 50 % - ның ақшалай түрдегі сомасы сол
банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық құндылықтары
бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің
жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.

I.2. Банктердің пассивтік операциялары

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде
құрылғандықтан, оған анықтама баерген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде:
”пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге
асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары”, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл
нәтижесінде пассивтік шоттағы немес активті - пассивтің шоттағы
қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасы білдіретін
оперцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе де болады, себебі
біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. Пассивтік
оперциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алды.
Пассивтік операциялардың мынадай фоамалары болады:
коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы
эмиссиялауы;
банктің пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және
құру;
басқа да заңды тұлғалалардан несиелер алу;
депозиттік операциялар.
Сондай-ақ банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар)
мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
банктің жарғылық капиталы;
банктің резервтік капиталы;
қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа
қорлары;
сақтандыру резервтері;
бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы – заңды тұлғасы ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің нормативтерімен
реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан
жарналары немесе пайлары соммасынан тұрады.
Банктің меншікті қаражаттарының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын
жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты. Резервтік қордың құрылуының
негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда
резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша
дивидиендтер төленеді.
Банктің тартылған қаражаттары – заңды және жеке тұлғалардың уақытша
бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының
қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну
қажетін қанағаттандырады.
Әлемдік банктік тәжірбиеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
I топ – депозиттер;
II топ – депозиттік емес тартылған қаражаттары.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тартатын қаражаттары.
Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Экономикалық мазмұнына
қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
талап етуіне дейінгі депозиттер;
мерзімді депозиттер;
жинақ салымдары;
бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттары;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі
шоттардың қалыптасады.
Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері:
есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға
ешқандай да есеп айрысу құжаттары толтырылмайды;
шоттағы қаражат баяу айналады;
тұрақты пайыз төленеді;
пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынана
реттеліп отырады;
шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған салымның бір түрі – жинақ салымдары.
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді,
салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ
кітапшасын көрсетуі қажет.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдарының жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
✓ ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
✓ шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да
ескерту талап етілмейді;
✓ ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде
ақшалай қаражаттар қозғалаысы көрсетілетін жинақ кітапшасының
болуы талпп етіледі.
Жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай
мынадай түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салыдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол
мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарна
басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай саманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталған сома белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым , бойжеткен кезде және тағы сол сияқты) толық төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын
эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы сертификаттар және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің
атына толтырылып беріліді. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-
жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып
саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған таурлар және көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғала сатып алады.
Әлемдік тәжірбиеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
1..Аударылатын;
3. Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сетификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын
төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады,
бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл
сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір
мерзімге түсуін сипаттайды.
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрге
бөлінеді:
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен
облигациялары;
- банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген
акциялары мен облигациялары;
- шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар
мен құндылықтар.
Отандық банктеріміздің таралған қаражаттары ішінде банкаралық
несиенің рөлі жоғары.
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат
ресурс болып табылады.

I.3. Банктердің активтік операциялары

Ативтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің
өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды
орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына
қарай әр түрлі болып келеді. Банткрдің активтік опрацияларының ең көп
тараған түрлеріне мыналар жатады:
ссудалық (несиелік) операциялар;
инвестициялық опрациялар;
депозиттік опрациялар;
қаржылық операциялар;
басқа да операциялар.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің
активтік қызметінің негізгі бөлігін құрайды. Макроэкономикалық деңгейде
бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын
ақшалай қорлады, өндірісті, айналыста және тұтыну процесінде жұмыс жасаумен
сипатталады.
Банктің инвестициялық опрациялары – несиелік операциялардан кейін
банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары
негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар
портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: бріріншісі – банкке
табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа
бөлінеді:
1) Мемлекеттің бағалы қағаздары;
2) Корпоративтік бағалы қағаздары.
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:
- Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторлаға
жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық
құны бойынша өтеледі.
- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс
әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай 2 – 4 ретке дейін
төленеді.
- Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін
бағалы қағаздар. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден :
дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы
қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар
жатады:
акциялар;
облигациялар;
депозиттік және жинақ сертификаттары;
ипотекалық куәліктер;
депозиторлық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен
облигацияларға байланысты көп болып келеді. Ал қалғандарының нарығы әлі
өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес
қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-
ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты
(сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттардағы бухгалтерлік жазулар
арқылы).
Облигациялар – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын
куәландыратын және эмитентерінің осы қаражат сомасы (номиналдық құны)
мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай
екі түрге бөлінеді:
- Купондық облигация -инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында,
яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
- Дсконттық облигация - инвестор банктің облигацияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Қазақстанның банктік жүйесі
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Пәндер