Қазақстан Республикасының 1991-2000 жылдар аралығындағы саяси өмірі



Мемлекет тәуелсіздігінің кепілі – Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сөз қозғағанда, бірқатар тарихи кезеңдер ойымызға оралады. Баршамызға белгілі, еліміз тәуелсіздігінің іргетасын 1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан көтерілісі қалап берді. Сондай-ақ 1985 жылғы жариялылық халықтың өз тарихы мен әдет-ғұрыптарын құрметтеу сезімін оятып, пікірлерін ашық білдіруге жол ашты. Осы­лайша, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Қазақстан тарихында мемлекет тәуелсіздігін қалыптастыруға тың бетбұрыс жасады.
Одан кейінгі жылдары еліміздің егемендігін алуға негіз қалаған, тарихи ерекшелігі аса маңызды құжат – 1990 жылдың 25 қазанында республика Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация болып табылады. Декларацияда Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы мен мәдениеті, мемлекеттік-құқықтық аумағы, тағы басқалар Қазақстанның меншігі болып табылатындығы қамтылған.
Мемлекеттің егемендігі туралы Декларация кейін Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде мәртебесін айқындайтын, оны толық жүзеге асыратын еліміздің жаңа Конституциясын және басқа да заңнамалық актілерді дайындауға негіз болды. Соның негізінде 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасы­ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң қабылданды, одан соң 1993 жылы Қазақстан Конституциясы, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы өмірге келді.
Яғни, 1995 жылғы 30 тамызда қазақстандықтардың ерікті қалауымен республикалық референдум өткізіліп, қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы қабылданды. Сөйтіп, халық референдумда президенттік басқару жүйесін таңдап, елдің унитарлық, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болуын жақтап дауыс берді. Еліміздің Негізгі Заңында атап көрсетілгендей, мемлекеттің басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы мен бос­тандығы.
Еліміздің Конституциясы әлемдік қоғамдастықта нарықтық экономикаға негізделген демократиялық дамуды қамтамасыз ететін және азаматтық қоғам

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының 1991-2000 жылдар аралығындағы саяси өмірі
Мемлекет тәуелсіздігінің кепілі – Қазақстан Республикасының
Конституциясы туралы сөз қозғағанда, бірқатар тарихи кезеңдер ойымызға
оралады. Баршамызға белгілі, еліміз тәуелсіздігінің іргетасын 1986 жылы
Алматыда болған Желтоқсан көтерілісі қалап берді. Сондай-ақ 1985 жылғы
жариялылық халықтың өз тарихы мен әдет-ғұрыптарын құрметтеу сезімін оятып,
пікірлерін ашық білдіруге жол ашты. Осы­лайша, 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісі Қазақстан тарихында мемлекет тәуелсіздігін қалыптастыруға тың
бетбұрыс жасады.
Одан кейінгі жылдары еліміздің егемендігін алуға негіз қалаған, тарихи
ерекшелігі аса маңызды құжат – 1990 жылдың 25 қазанында республика Жоғарғы
Кеңесі қабылдаған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
болып табылады. Декларацияда Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы
мен мәдениеті, мемлекеттік-құқықтық аумағы, тағы басқалар Қазақстанның
меншігі болып табылатындығы қамтылған.
Мемлекеттің егемендігі туралы Декларация кейін Қазақстан Республикасының
тәуелсіз мемлекет ретінде мәртебесін айқындайтын, оны толық жүзеге асыратын
еліміздің жаңа Конституциясын және басқа да заңнамалық актілерді дайындауға
негіз болды. Соның негізінде 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан
Республикасы­ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң
қабылданды, одан соң 1993 жылы Қазақстан Конституциясы, 1995 жылы Қазақстан
Республикасының Конституциясы өмірге келді.
Яғни, 1995 жылғы 30 тамызда қазақстандықтардың ерікті қалауымен
республикалық референдум өткізіліп, қазіргі қолданыстағы Қазақстан
Республикасының Конс­титуциясы қабылданды. Сөйтіп, халық референдумда
президенттік басқару жүйесін таңдап, елдің унитарлық, демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болуын жақтап дауыс берді.
Еліміздің Негізгі Заңында атап көрсетілгендей, мемлекеттің басты құндылығы
– адам, оның өмірі, құқығы мен бос­тандығы.
Еліміздің Конституциясы әлемдік қоғамдастықта нарықтық экономикаға
негізделген демократиялық дамуды қамтамасыз ететін және азаматтық қоғам
институттарын қамтитын құжат ретінде жоғары бағаланды. Өткен кезеңдер
халықаралық қоғамдастық берген бағаны дәлелдеп отыр. Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттің азаматтарға деген
қатынасының мәні мен нормаларын нақтылап берді. Сонымен қатар, қазақстандық
қоғам алдындағы және әлемдік қоғамдастық алдындағы міндеттемелерді
айқындады. Осылайша, Қазақстан халқының егемендік құқығын нығайтты.
Қазақстандық әрбір азамат Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс.
Ал Негізгі Заңда мемлекеттің ең басты құндылығы – адам деп көрсетілген. Осы
тұрғыдан алғанда мемлекет азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз
етіп, қорғауға міндетті. Бұл елімізде ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан халқының дауыс беріп, қолдауымен қабылданған Конституцияны
құрметтеу – парызымыз. Ендеше, біз еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды
қорғап, табиғи бай­лықтарымызға үнемшілдікпен қарауымыз керек. Осы, тағы
басқалар барлығымыздың конституциялық міндетіміз болып табылады.
Негізгі Заң конституциялық негізде азаматтардың құқығын және бостандығын
қорғаудың механизмін қамтамасыз етті. Конституцияда адам құқығы мен
бостандығын қорғаудың екі тәсілі бекітілген. Бірі – сот, екіншісі –
әкімшілік. Аты айтып тұрғандай, бірінші кезекте әр адам өзінің құқығы мен
бостандығын сот арқылы қорғауға мүмкіндік беріліп отыр. Өйткені, құқықтық
мемлекет жағдайында тәуелсіз сот адам құқығын қорғаудың негізгі құралы
болып табылады. Ал Негізгі Заңдағы басты әлеуметтік құндылық Қазақстан
қоғамында түрлі қоғамдық-саяси күштердің өзара келісімді қамтамасыз етуінде
жатыр. Бұл Конституцияның саяси тұрақтылық­ты, бейбітшілік пен келісімді
қамтамасыз етудегі маңызды факторы болмақ.
“Конституция туралы мәселе – азшылықтың немесе көпшіліктің мәселесі емес.
Бұл болашақтың мәселесі”, – деп Мемлекет басшысы атап өткен еді. Бүгінде
Қазақстан өз мемлекеттілігінің және экономикасының іргетасын мызғымастай
етіп қалады. Осының арқасында еліміз саяси және экономикалық дамудың жаңа
кезеңіне көтерілді. Алдына әлемде бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елдің
қатарына қосылуды мақсат етіп қойып отыр. Еліміз, сондай-ақ ішкі
тұрақтылыққа қол жеткізді, әлеуметтік сала дамып келеді. Экономиканың
тұрақты дамуы қажетті реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.
Мемлекет басшысының 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Жолдауына
сәйкес елімізде демократиялық жүйені реформалау қолға алынды. Осыған
байланысты 2007 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Негізгі Заңға
енгізілген өзгерістер негізінен демократиялық жүйені дамытуға бағытталған.
Атап айтқанда, партиялық-парламенттік билік жүйесі. Міне, бұл Парламент
Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының санын көбейтуге алып келді.
Өткен Парламент Мәжілісінің сайлауы еліміздің демократиялық даму жүйесіне
нақты бағыт ұстанғандығын көрсетіп берді. Ал сайлау партиялық жүйе бойынша
өтті, Парламент құрамының сапасы жақсара түсті. Конституцияға енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар нәтижесінде Парламент палаталарының өкілеттігі
кеңейіп, Президент Премьер-Министрді тағайындауда Парламент Мәжілісімен
келісетін болды. Сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіре алады.
Мәжіліс жұмысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда оның міндетін Сенаттың
атқаруына құқық беріледі.
Негізгі Заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі, сондай-ақ
палаталардың бірлескен отырысына енгізілетін мәселелердің тізілімін
қысқартуға мүмкіндік берді. Оның орнына палаталардың өкілеттігі бұрынғыға
қарағанда едәуір кеңейді. Мысалы, ендігі жерде Сенат та, Мәжіліс те
Конституциялық Кеңесті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетін және Орталық сайлау комиссиясын құруға қатыса
алады.
Парламенттің мәртебесі мен рөлінің артуы қабылданатын заңдардың сапасының
жақсаруына, заң шығарушылық қызметінің жоғары деңгейге көтерілуіне оң әсер
етеді.
Қорыта айтқанда, біздің Негізгі Заң – Конституциямыз елімізде мемлекеттік
қызмет сапасын арттырып, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-
қимылды нығайтуға, тұрғындардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын
қамтамасыз етуге, ішкі тұрақтылық пен келісімді жарастыруға бағытталған.
Соған толық сәйкес келеді.
Мемлекет тәуелсіздігінің кепілі – Қазақстан Республикасының Конституциясы
туралы сөз қозғағанда, бірқатар тарихи кезеңдер ойымызға оралады.
Баршамызға белгілі, еліміз тәуелсіздігінің іргетасын 1986 жылы Алматыда
болған Желтоқсан көтерілісі қалап берді. Сондай-ақ 1985 жылғы жариялылық
халықтың өз тарихы мен әдет-ғұрыптарын құрметтеу сезімін оятып, пікірлерін
ашық білдіруге жол ашты. Осы­лайша, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі
Қазақстан тарихында мемлекет тәуелсіздігін қалыптастыруға тың бетбұрыс
жасады.
Одан кейінгі жылдары еліміздің егемендігін алуға негіз қалаған, тарихи
ерекшелігі аса маңызды құжат – 1990 жылдың 25 қазанында республика Жоғарғы
Кеңесі қабылдаған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
болып табылады. Декларацияда Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы
мен мәдениеті, мемлекеттік-құқықтық аумағы, тағы басқалар Қазақстанның
меншігі болып табылатындығы қамтылған.
Мемлекеттің егемендігі туралы Декларация кейін Қазақстан Республикасының
тәуелсіз мемлекет ретінде мәртебесін айқындайтын, оны толық жүзеге асыратын
еліміздің жаңа Конституциясын және басқа да заңнамалық актілерді дайындауға
негіз болды. Соның негізінде 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан
Республикасы­ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң
қабылданды, одан соң 1993 жылы Қазақстан Конституциясы, 1995 жылы Қазақстан
Республикасының Конституциясы өмірге келді.
Яғни, 1995 жылғы 30 тамызда қазақстандықтардың ерікті қалауымен
республикалық референдум өткізіліп, қазіргі қолданыстағы Қазақстан
Республикасының Конс­титуциясы қабылданды. Сөйтіп, халық референдумда
президенттік басқару жүйесін таңдап, елдің унитарлық, демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болуын жақтап дауыс берді.
Еліміздің Негізгі Заңында атап көрсетілгендей, мемлекеттің басты құндылығы
– адам, оның өмірі, құқығы мен бос­тандығы.
Еліміздің Конституциясы әлемдік қоғамдастықта нарықтық экономикаға
негізделген демократиялық дамуды қамтамасыз ететін және азаматтық қоғам
институттарын қамтитын құжат ретінде жоғары бағаланды. Өткен кезеңдер
халықаралық қоғамдастық берген бағаны дәлелдеп отыр. Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттің азаматтарға деген
қатынасының мәні мен нормаларын нақтылап берді. Сонымен қатар, қазақстандық
қоғам алдындағы және әлемдік қоғамдастық алдындағы міндеттемелерді
айқындады. Осылайша, Қазақстан халқының егемендік құқығын нығайтты.
Қазақстандық әрбір азамат Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс.
Ал Негізгі Заңда мемлекеттің ең басты құндылығы – адам деп көрсетілген. Осы
тұрғыдан алғанда мемлекет азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз
етіп, қорғауға міндетті. Бұл елімізде ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан халқының дауыс беріп, қолдауымен қабылданған Конституцияны
құрметтеу – парызымыз. Ендеше, біз еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды
қорғап, табиғи бай­лықтарымызға үнемшілдікпен қарауымыз керек. Осы, тағы
басқалар барлығымыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелері
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазіргі қазақ аулының мәдени өмірі
Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының құрылуы мен қызметі (1938-2008 ж.ж.)
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Пәндер