Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі



Кіріспе.

I. Несие нарығының негізгі субъектісі микрокредиттік ұйымдардың әлеуметтік.экономикалық мәні.

1.1.Микрокредиттік ұйымдардың маңызы, қалыптасу тәртібі.
1.2.Микрокредиттік ұйымдардың қызметінің құқықтық базасы.

II. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдарының несие нарығындағы алатын орны.

2.1.Микрокредиттік ұйымдармен несиелендіруді ұйымдастыру реті.
2.2.Микрокредиттік ұйымдар қызметінің жағдайына экономикалық талдау.

III. Қазақстан Республикасындағы микрокредиттік ұйымдардың проблемалары мен даму перспективалары.


Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, микрокредиттік ұйым дегеніміз- занда белгіленген тәртіппен микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Микрокредит дегеніміз- микрокредиттік ұйымның қарыз алушыға заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беретін ақша.
Жалпы еліміздегі микрокредиттік ұйымдардың құрылу тәртібіне келсек, олар коммерциялық және коммерциялық емес нысанда құрыла алады. Коммерциялық микрокредиттік ұйым шарушылық серіктестік нысанында, ал коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдар қоғамдық қор нысанында құрылады. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін ынталандыруға бағытталған міндетті қамтамасыз ету және оларға заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін коммерциялық емес микрокредиттік ұйым микрокредиттерді беру жөніндегі кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерін ( занда белгіленген) жүзеге асыруға құқылы.
1. Қазақстан Республикасының «Микрокредиттік ұйымдар туралы» заңы.
2. «Рынок ценных бумаг Казахстана» №2 2005 жыл
3. «Рынок ценных бумаг Казахстана» №11 2005 жыл.
4. «Рынок ценных бумаг Казахстана» №12 2005 жыл.
5. «Рынок ценных бумаг Казахстана» №16 2005 жыл
6. «Финансы и кредит» №4 2005 жыл.
7. « Финансы и кредит» №7 2005жыл.
8. «Финансы и кредит» №9 2005 жыл.
9. «Финансы и кредит» №11 2005 жыл.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Қаржы нарығы және
банктік бизнес
кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі.

О

АЛМАТЫ 2005.

Жоспар.

Кіріспе.

I. Несие нарығының негізгі субъектісі микрокредиттік ұйымдардың әлеуметтік-
экономикалық мәні.

1.1.Микрокредиттік ұйымдардың маңызы, қалыптасу тәртібі.
1.2.Микрокредиттік ұйымдардың қызметінің құқықтық базасы.

II. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдарының несие
нарығындағы алатын орны.

2.1.Микрокредиттік ұйымдармен несиелендіруді ұйымдастыру реті.
2.2.Микрокредиттік ұйымдар қызметінің жағдайына экономикалық талдау.

III. Қазақстан Республикасындағы микрокредиттік ұйымдардың проблемалары
мен даму перспективалары.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

а

I-бөлім.Несие нарығының негізгі субъектісі микрокредиттік ұйымдардың
әлеуметтік-экономикалық мәні.
1.1.Микрокредиттік ұйымдардың маңызы, қалыптасу тәртібі.
Қазақстан Республикасының Микрокредиттік ұйымдар туралы Заңына
сәйкес, микрокредиттік ұйым дегеніміз- занда белгіленген тәртіппен
микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Микрокредит дегеніміз- микрокредиттік ұйымның қарыз алушыға заңда
белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және
қайтарымдылық талаптарымен беретін ақша.
Жалпы еліміздегі микрокредиттік ұйымдардың құрылу тәртібіне келсек,
олар коммерциялық және коммерциялық емес нысанда құрыла алады. Коммерциялық
микрокредиттік ұйым шарушылық серіктестік нысанында, ал коммерциялық емес
микрокредиттік ұйымдар қоғамдық қор нысанында құрылады. Коммерциялық емес
микрокредиттік ұйым тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын
жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін ынталандыруға бағытталған міндетті
қамтамасыз ету және оларға заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында
құрылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін коммерциялық емес микрокредиттік
ұйым микрокредиттерді беру жөніндегі кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ басқа
да қызмет түрлерін ( занда белгіленген) жүзеге асыруға құқылы.
Еліміздегі микрокредиттік ұйымдарға келсек, коммерциялық емес,
корпоративтік қор нысанында құрылған, шағын және орта бизнесті
несиелендіруді жүзеге асыратын ұйым ретінде Казахстанский фонд
кредитования общин ұйымын атап көрсетуге болады. Аталған ұйым Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензиясы негізінде қызметін жүзеге
асырады. Қор 1997ж. Негізін қалаған, және де негізгі мақсаты- өз ісін
ашқан кәсіпкер- әйел азаматтарды қолдау, көмек көрсету. Сондай-ақ қордың
бірнеше қалаларда: Талдықорған, Шымкент,Алматы, Тараз, Түркістанда
филиалдары жұмыс істейді.
Микрокредиттік ұйымдардын жарғылық капиталы қалай қалыптасады?
Микрокредиттік ұйым құрылтайшылары құрылатын микрокредиттік ұйымнын
жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін оны мемлекеттік тіркеу кезіне
қарай тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай толық
төлеуге міндетті. Микрокредиттік ұйымнын жарғылық капиталының және барлық
қатысушыларының салымдарының ең төмеңгі мөлшері Қазақстан Республикасының
республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына арнап белгілеген
айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерлемесінен кем болмайды.
Аталған бұл ереже коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдарға қолданылмайды.
Жоғарыдағы мысалымдағы қорға келсем, онын алғашқы доноры ретінде
Халықаралық даму бойынша Американдық Агенттік (USAID) болды. Техникалық
көмекті, қордың құрылтайшысы болған үкіметтік емес американдық ұйым
ACDI\VOCA көрсетті.
Микрокредиттік ұйымдардың атауына келсек, оның толық атауында
міндетті түрде Микрокредиттік ұйым деген сөздер немесе олардың туынды
сөздері болуға тиіс. Ал қысқартылған атауында міндетті түрде МКҰ
аббревиатуралары болады.
Микрокредиттік ұйымдар микрокредиттерді қалай, қандай тәртіппен
береді? Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға арнап Қазақстан
Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына
белгілеген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен аспайтын,
бірақ бір қарыз алушыға микрокредиттік ұйымнын меншік капиталы мөлшерінін
жиырма бес процентінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді. Заң
талаптарын сақтай отырып микрокредитті берудің тәртібі мен талаптары
микрокредиттік ұйымның жоғары органы бекіткен микрокредиттерді беру
ережелерінде және микрокредитті беру туралы шартта белгіленеді.
Микрокредиттік ұйымдардың маңызы. Дамушы, өтпелі экономикасы бар
елдердің экономикалық өсу процесінде микроқаржы секторы үлкен мәңге ие.
Себебі микроқаржы секторы шағын бизнесті дамытуды ынталандыра отыра
әлеуметтік сферада тұрақтандырушы роль атқарады, сондай-ақ осы арқылы
елдегі кедейшілік көрсеткіштерін төмендетеді. Аталған фактілерді мойындау
ретінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 2005жылды микрокредит берудің
халықаралық жылы деп бекіткенін атап өтуге болады.
Тұрмыс деңгейі орташа, аз қамтылған халыққа қаржылық қызметтер
көрсете отыра микроқаржылық ұйымдар қаржы секторының, онын ішінде несие
саласының шекараларын кенейтуге үлкен үлесін тигізеді.
Микрокредиттік ұйымдардың маныздылығын ашу үшін мысал ретінде
Казахстанский фонд кредитования общин корпорациялық қорын алсам, бұл қор
кәсіпкер-әйел азаматтарды қолдаумен қызметін жүзеге асырады. Статистикалық
мәліметтер бойынша қордың клиенттерінің 83%-ы әйел азаматтар. Олардын көп
бөлігі базарларда, сауда үйлерінде жұмыс істейтін немесе өз шағын бизнесін
бастағандар. Мұндай табыс көзі ең қажет және тиімді болып табылады. Сондай-
ақ қор қайырымдылық ісімен де айналысады. Мысалы Талдықорған қаласының
балалар футбол командасына міне бес жыл бойы қолдау көрсетіп отыр. Ол яғни
түрлі шаралар өткізуге, команданы қажетті қорлармен қамтамасыз етуге,
республикалық жарыстарға қатысуға, т.б. шараларға қолдау көрсетумен
айналысады.
Аталған көмектен басқа 2003ж. қор келесідей салаларға қаражат бөлді:
- Шымкент және Талдықорған қалаларында орналасқан балабақшаларға;
- Жасөспірімдер өмірінін қауіпсіздігі бағдарламасын жүзеге асыруға
Виктория психологиялық орталығына;
- Мүгедек- балалар қоғамына арнап жаңа жыл мейрамын өткізуге;
- Жергілікті әкімшілікпен бірігіп ҰОС-на қатысушыларға арнап Наурыз
мейрамын өткізуге;
- Зейнеткерлерге қалалық газетке жазылуға қолдау көрсету;
Өзінін қызмет ету барысында қор келесідей шараларға үлес қосты:
- Мүгедек балалар қоғамы;
- Тұрмыс деңгейі төмен семъялардан шыққан балалар балабақшасы;
- Көркем галереяда жәрмеңке өткізу;
- Ана мен бала фотоконкурсы;
- Қамтамасыз етілмеген балалар реабилитациялық орталығына сыйға
компъютер ұсыну.
Көріп отырғанымыздай микрокредиттік ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық
секторында үлкен манызға ие. Бұдан көріп отыранымыз 1-деңгей екінші
денгейлі коммерциялық банктерден, 2-денгей банктік қызметтін жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және 3-денгей микрокредиттік ұйымдардан
тұрады. Сондай-ақ осы

1.2. Микрокредиттік ұйымдардын қызметінің құқықтық базасы.

Микрокредиттік ұйымдардың қызметің ұйымдастырудың құқықтық базасын
қалыптастырудың негізі ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің
халыққа жолдаған Қазақстан-2030: гүлдену, қауіпсіздік және барлық
қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы жолдауы болып табылады. Бұл
жолдауда еліміздегі жұмыссыздық пен кедейшілік мәселелері микрокредит
жүйесін енгізу жолымен шешілетіні қарастырылған. Бұл бағыт Қазақстан
Республикасы Президентінің 1998ж. 28-қантарда шыққан № 3834 Қазақстаннын
даму стратегиясын 2030ж. дейін жүзеге асыру шаралары туралы жарғысында
жалғасын тапты. Мұнда экономиканың нақты секторын несиелендіруін әрі қарай
кеңейту , сол сияқты несиелендірудің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыру
негізінде микрокредиттеу үлгісін енгізу мәселелері қаралды. Осыдан барып
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998ж. 12-ақпан,№103 қаулысымен Қазақстан
Республикасының халқының аз қамтылған жігін микронесиелендіру бағдарламасы
бекітілді. Бұл бағдарламада тұрмыс деңгейі орташа немесе төмен халықтарға
өз бизнесін жүргізуге микрокредиттер беру қарастырылды және бұл шаралар
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Онт. Қазақстан, Ақтөбе, ШҚО-да, Қостанай
обдысындағы Арқалық қаласында жүзеге асырыла бастады. Алайда бұл бағдарлама
сол уақыттағы қаржыландырудың тұрақты көздерінің және қарыз қаражатын
қайтарудың нақты механизмдері болмағандықтан толық көлемінде жүзеге
асырылмады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000ж. 3-маусымда,№833 2000-
2002ж.ж. арналған жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес бойынша
бағдарлама туралы қаулысы жарық көрді. Бұл қаулыға сәйкес
микронесиелендіру бағдарламасын Қазақстанның бүкіл территориясына жаю
көзделді; әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған ауылдық аймақтарға. Осыған
сәйкес несиелендіру механизмі женілденеді, несие алу шарттары өзгереді деп
көзделді. Микрокредиттерді қайтару мерзімі қызмет түріне байланысты болады:
сауда-саттық, коммерциялық қызмет үшін-3ай, тұрғындарға қызмет көрсеткені,
ұлттық тұтыну тауарларын өндіруші ұйымдарға-6ай, маусымдық ауыл-шаруашылық
өндіріске-9ай, мал шаруашылығына-12ай. Кредиттерді қызмет көрсетумен
байланысты шығындарды жабу үшін минималды пайыз көлемінде беру көзделді.
Микрокредиттерді алушы үміткерлер қатарында жұмыссыздар және өз ісін
бастаушылар болды. Микрокредиттердін сомасы 100-ден 400 АҚШ долларына дейін
болды.
Микрокредиттік ұйымдардың қызметін ұйымдастыруды реттеудің жана
заңнамалық кезені 2002ж. келді. Яғни бұл жылы елімізде несиелендірудің үш
деңгейлі жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген шаралар қатары
қабылданды: банктер, кредиттік серіктестіктер және микрокредиттік ұйымдар(
бұл туралы толығырақ II-бөлімде).
Микронесиелендіру саласынын даму проблемасы өтпелі экономикасы бар
барлық елдерде кездеседі. Осыған байланысты еліміздін Ұлттық Банкі бірнеше
жылдар ағымында келесідей мәселелер бойынша жұмыстар жүргізді:
- Арзан қарыз қаражаттарына мүмкіндігінше көп қарыз алушылардың қолын
жеткізудің жолын қалай ашуға болады ;
- Ақша нарығында бәсекелестікті қалай нығайтуға болады;
- Қаржылық қызмет түрлерін қалайша көбейтуге болады.
Аталған мәселелерді шешу мақсатында 2002ж. қыркүйек айында Қазақстан
Реаспубликасы Праламентінің мәжілісіне үш заң жобалары енгізілді:
Микрокредиттік ұйымдар туралы, Микрокредиттік ұйымдар қызметтеріне
байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасындағы банктер және
банктік қызметтер туралы Қазақстан Республикасынын заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы, Микрокредиттік ұйымдар қызметіне байланысты
мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан
Республикасы Кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы.
Осылайша елімізде 2003ж. нурыз айының 6-жұлдызында Микрокредиттік
ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Микрокредиттік ұйымдар қызметін құруға байланысты заң жүзінде
келесідей міндетті талаптар құрылған:
- Жарғылық капиталының минималды мөлшері бойынша;
- Атауы бойынша;
- Рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша;
- Ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша;
- Микрокредиттерді ұсынумен байланысты қажет құжаттарды қалыптастыру
бойынша;
- Микрокредиттерді берумен байланысты ақпараттар мен мәліметтерді
қорғау бойынша.
Заң енгізілгеннен соң елімізде микрокредиттік ұйымдардың қызметтері
реттеліп, тұрақтала бастады.
Аталған заңға сәйкес микрокредиттік ұйымдардың құқықтары:
- Қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттерді беруге,
онын ішінде берілген микрокредиттерге занда белгіленген тәртіппен
және жағдайда мүлікті кепілге қабылдауға;
- Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін
қажет мәліметтерді қарыз алушылардан сұратуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарында және микрокредит беру туралы
шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Микрокредиттік ұйымдардың міндеттері:
- Орналасқан жері өзгерген не атауы өзгерген жағдайда қарыз алушыларды
микрокредиттік ұйымның және оның қарыз алушыларының орналасқан жері
бойынша екі баспа басылымында, мемлекеттік тілде және орыс тілінде
бұл туралы тиісиі ақпарат жариялау жолымен, не мұңдай өзгерістер
болған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, әр қарыз
алушыны жазбаша хабарлау жолымен хабардар етуге;
- Микрокредиттерді беру ережелерінің көшірмесін оны көруге және онымен
танысуға қол жетімді жерде орналастыруға;
- Қарыз алушы микрокредиттерді алғанға дейін микрокредиттерді алуға
және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар
етуге;
- Қарыз алушыны микрокредитті алуға байланысты онын құқықтары мен
міндеттері туралы хабардар етуге;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарды
сақтауға міндетті.
Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттерді беру ережелеріне тоқталсам,
микрокредиттерді беру ережелерінде мынандай мәліметтер қамтылуы тиіс:
- Микрокредитті беру мерзімдері;
- Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақы ставкасының шекті нормасы;
- Берілген микрокредиттер жөніндегі сыйақыны төлеу тәртібі;
- Микрокредиттік ұйымдар беретін қамтамасыз етуге ұсынылатын талаптар.
Сондай-ақ ережеде өзге де талаптар және Қазақстан Республикасының заңдарына
қайшы келмейтін мәліметтер де қамтылуы мүмкін.
Микрокредиттік ұйым өзінің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге
асыру үшін ішкі бақылау қызметін құрады. Ішкі бақылау қызметінің жұмыс
тәртібі жарғымен, сондай-ақ ережелермен және микрокредиттік ұйымның ішкі
қызметтерін реттейтін өзге де құжаттармен белгіленеді.
Микрокредиттік ұйымдар микрокредит беру жөніндегі қызметіне қоса
келесідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының резиденттерінен және резидент еместерінен
қарыз (азаматтардан кәсіпкерлік қызмет ретінде қарыз түрінде ақша
тартуды қоспағанда) және гранттар тарту;
- Уақытша еркін активтерді мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпоративтік
бағалы қағаздарға, екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне және
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да
тәсілдермен орналастыру;
- Микрокредитті қамтамасыз ету ретінде алынған кепілге салынған
мүлікпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен
мәмілелер жасасу;
- Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;
- Өзінің меншік мүлкін сату;
- Микрокредиттер беру жөніндегі қызметке байланысты мәселелер бойынша
консультациялық қызмет көрсету;
- Өзінің меншік мүлкін жалға беру;
- Лизинг қызметін жүзеге асыру;
- Өтеусіз негізде оқыту.
Микрокредиттік ұйымдар әрбір берілген микрокредитті қарыз алушының
тіркеу журналында тіркейді. Микрокредит алу үшін қарыз алушы заңда
белгіленген құжаттар тапсырады. Микрокредиттік ұйым әрбір берілген
микрокредит бойынша микрокредитті беру туралы шартқа қол қойылған күннен
бастап жасалатын кредиттік досъені жүргізуге тиіс.
Кредиттік досъеде келесілер қамтылады:
- Қарыз алушы қол қойған, микрокредитті пайдалану мақсаты туралы
(мақсатты микрокредит берілген жағдайда), микрокредитті өтеу және
сыйақы төлеу жөніндегі міндеттерді қарыз алушынын орындауын
қамтамасыз етуге берілетін, құны көрсетілген мүлік туралы не
қамтамасыз етудін болмауы туралы мәліметтерін қамтитын өтініш;
- Қарыз алушынын белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай
құжаттарынын көшірмелері(занды тұлғалар ушін);
- Қарыз алушының жеке куәлігінің көшірмесі(жеке тұлға үшін);
- Қарыз алушы өкілінің микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға
өкілеттігін растайтын құжаттар;
- Микрокредит беру туралы шарт;
- Қарыз алушының жұмыс орнынан жалақының мөлшері туралы анықтама немесе
Уәкілетті Мемлекеттік Органның тұрақты немесе уақытша жұмыс орнынын
болмауы жөніндегі анықтама (жеке тұлға үшін);
- Берілген микрокредит мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда –
кепіл туралы шарт.
Микрокредиттік ұйым мен микрокредитті алушы арасында микрокредит беру
туралы шарт жасалады. Шарт жазбаша нысанда жасалады, онын бір данасын
микрокредиттік ұйым қарыз алушынын кредиттік досъесінде сақталады.
Микрокредит беру туралы шартта келесілер көрсетіледі:
- Микрокредиттік ұйымның толық атауы мен қарыз алушының тегін, атын
және әкесінің атын немесе толық атауын қоса алғанда, микрокредиттік
ұйым және қарыз алушы туралы мәліметтер;
- Микрокредиттің мақсаты(мақсатты микрокредит беру кезінде);
- Берілетін микрокредиттің жалпы сомасы;
- Микрокредитті өтеу мерзімі;
- Микрокредитті өтеу тәсілдері (біржолата не бөлшектеп);
- Микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыны міндеттемелерді
орындауын қамтамасыз ету;
- Сыйақы ставкасының мөлшері, онын ішінде микрокредит бойынша сыйақының
жылдық ставкісінің мөлшері;
- Тараптардың жауаптылығы;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жағдайлар қамтылуы
мүмкін.
Мақсатты микрокредит беру жағдайында микрокредиттік ұйымның онын
мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал қарыз алушы
микрокредиттік ұйымның мұндай бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз
етуге міндетті.
Еліміздегі микрокредиттік ұйымдардың дамуын жеделдету мақсатында, заңға
сәйкес, оларды құрудың жеңілдетілген процедурасы енгізілген. Соған сәйкес
микрокредиттік ұйым тек әділет және статистика органдарында ғана тіркеуден
өтеді. Ал олардың қызметтері қарапайым салықтық тексерулер, бақылаулар
арқылы қадағаланады.
Микрокредиттік ұйымдардың негізгі критерийлері:
- Кредиттің салыстырмалы шағын мөлшері;
- Шағын бизнес субъектілерімен мақсатты пайдалану;
- Несиелендірудің қысқа мерзімі;
- Несиелерді беру және қайтарудың икемді шарттары.

II-бөлім. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдарының
несие нарығындағы алатын орны.
2.1. Микрокредиттік ұйымдармен несиелендіруді ұйымдастыру реті.

Қазақстанның қаржылық секторының даму концепциясына сәйкес елімізде
несиелендірудің үш деңгейлі жүйесі қызмет етеді (I-деңгей II-деңгейдегі
коммерциялық банктерден,II-деңгей банктік қызметтің жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар және II-микрокредиттік ұйымдардан тұрады). Сондай-
ақ осы жүйедегі ұйымдардың деңгейлері неғұрлым төмен болса, соғұрлым онын
қызметі мемлекет тарапынан аз қадағаланады. I-деңгейлі жүйенің, яғни екінші
деңгейлі коммерциялық банктердің қызметі қатаң қадағаланады, II-деңгейлі
жүйе, яғни банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қызметі- мұнда қадағалау I-деңгейге қарағанда төменірек, III-деңгейде, яғни
микрокредиттік ұйымдар-мұнда олардын қызметтерің қатаң қадағалайтын
механизмдер мен принциптер жоқ, олардың қызметі мемлекет тарапынан қатаң
бақылауға алынбайды. Жоғарыда атап өткенімдей микрокредиттік ұйымдар Ұлттық
Банк тарапынан қосымша талаптар мен ережелер орнатусыз, әділет және
статистика органдарында тіркеледі. Мұндай женілдіктің болуынын басты себебі-
мемлекет тарапынан микрокредиттік ұйымдардың қызметің қалыптастыруды
қолдау және бірқатар женілдіктер ұсыну.
Осы үш деңгейлі жүйедегі ұйымдардың несиелендіру механизмдері де
әртүрлі. Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы ролін ашу үшін мысал
ретінде коммерциялық банктердің несиелендіру жүйесі мен микрокредиттік
ұйымдардың несиелендіру жүйесін салыстырып қарайық:
Әрине мемлекетімізде экономиканың алда тұрған, ең негізгі салаларының
бірі-ол коммерциялық банктер. Өздерінің сан алуан қызметтерің ұсына отыра,
бүгінгі таңда коммерциялық банктер халыққа белсеңді түрде қызмет көрсетуде.
Коммерциялық банктердің ең басты қызметтерінің бірі- несиелендіру болып
табылатыны белгілі. Алайда банктердің несие беруінде бірқатар кемшіліктер
кездеседі, атап айтсақ, жоғары пайыздық ставка, алдын- ала анықталған
график бойынша төлемдерді жүзеге асыру, міндетті түрде кепіл мүлікпен
қамтамасыз ету. Ал мұндай шарттарға қарапайым халық келісе алады ма? Әрине
көп жағдайда келісе бермейді, оның орнына қаражат тартудын басқа да
көздерін іздеуді жөн көреді. Ал бұл өз кезегінде көптеген алаяқтықтын іс-
әрекет етуіне, сол арқылы еліміздегі көлеңкелі экономиканың кең өріс алуына
әкеп соқтырады.
Өзімізге белгілі микрокредиттердің максималды көлемі 1000 айлық
есептік көрсеткішке тен, яғни 971000 теңгені құрайды. Тәжірбие көрсетіп
отырғандай көптеген коммерциялық банктер микронесиелендірумен айналыса
бермейді. Себебі, мысалы банктерге 5000 доллар көлемінде 100 кредит
бергенше, 5000 доллар сомасында 1 кредит берген тиімдірек. Не себепті?
Себебі бір несиені рәсімдеу үшін оған көптеген (банк тарапынан) шығындар
кетеді. Ал микрокредиттік ұйымдар ше? Олардың несие беру шарттары қандай?
Коммерциялық банктермен салыстырғанда микрокредиттік ұйымдар несиені төмен
пайызбен, яғни тек өзінін қызмет көрсетумен байланысты шығындарын жабу үшін
белгіленген пайызбен береді. Сондай-ақ тапсыратын құжаттар қатары да аз, ал
ен бастысы- міндетті кепіл мүлікпен қамтамасыз ету талабы жоқ.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2005ж. елімізде шағын
кәсіпкерлікпен айналысатын 626187субъект тіркелген, бұл көрсеткіш
2004жылмен салыстырғанда 20,1%-ға жоғары. Шағын бизнеспен айналысатындар
саны 1385,3мын адамға жетті, ол 2004 жылмен салыстырғанда10,9%-ға өскенің
көрсетіп отыр. Олардын ішінде 524,6 мын адам заңды тұлға болып табылады,
шаруа қожалықтарыңда 409 мың адам, жеке тұғалар 451,7 мың адам. Аталған
субъектілердің жалпы санынан 77,6%-ы белсеңді қызмет ететінің көруімізге
болады. Мұндай көрсеткіштерге жетуге үлесін қосқан микрокредиттік ұйымдар
болып отыр. Елімізде микрокредиттерді көбіне әйел азаматтар алады екен. Оны
келесі суреттен көруімізге болады:

Микрокредиттік ұйымдардың маңызын бүкіл әлем мойындап отыр, оны 1998ж. жыл
сайынғы БҰҰ Ассамблеясынын сессиясында 2005ж. микроқаржыландыру болып
жариялағандығынан көруімізге болады. Кедейшілікпен күресу мен экономикалық
өсудін ең басты құралы-микрокредит болды. Бірінші адам 100 доллар кредит
алып, оны саудаға салады, яғни өз отбасын кіріспен қамтамасыз етеді. Ал ол
өз кезегінде елдін экономикалық өсуіне өз септігін тигізеді.
Микроқаржыландыру 2000 жылдын қыркүйегінде мың жылдық самметіндегі
деклорацияда қабылданған даму саласындағы БҰҰ мақсаттарына жауап береді.
Қазіргі кезде бұл деклорацияға 190-нан астам ел қол қойды. Деклорацияда
дамудын келесідей 8 мақсаты белгіленді:
- Шекті кедейшілік пен жоқшылықты қысқарту;
- Жалпыға бірдей бастапқы білім беруге жету;
- Гендерлік тендікті қолдау;
- Бала өлімін қысқарту;
- Аналарды қолдауды жақсарту;
- Спид, мамерия және тағы да басқа іңдет ауруларымен күрес;
- Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Даму мақсатында ғаламдық серіктестіктерді құру.
Микроқаржыландыру жылына байланысты БҰҰ өзінін мақсаты ретінде ең кедей
тұрғындарды микроқаржыландырудың оларға беретін мүмкіндіктерімен
таныстырады.
Микроқаржыландыру жылы БҰҰ өз алдына мынадай мақсаттар қойды:
- Микроқаржыландырудың қоғамдық түсінігін кенейту, оның кедейшілікті
төмендетудегі үлесі туралы ақпаратты көбейту;
- Үкіметке микроқаржыландыруды қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде
қарастыратын мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге көмектесу;
- Микроқаржыландырудың кедейлерге тиімді қызмет көрсетудің жүйесі
ретінде құрылуына жағдай жасау;
- Микроқаржыландыруды донорлық және үкіметтік қолдауды күшейту;
- Үкіметтер,БҰҰ, жеке және қоғамдық салалардағы ұйымдар арасында қарым-
қатынасын күшейту.
Осы мақсаттарға жету үшін БҰҰ әрбір ел үшін микроқаржыландыру
мәселелері мен оны дамыту стратегиясын жасау бойынша ұлттық коммисия құру
туралы ұсыныс айтты. Сондай-ақ барлық елдерде микроқаржыландыру мен осы
сала бойынша зерттеулер жүргізілуде. Осы процеске жеке сектор донорларды,
үкіметті микроқаржыландыру ұйымдарына тарту-осы жылы шешілуге қажетті
міндеттердің бірі. Әрбір елде микроқаржылық қызмет көрсетуден пайда табатын
адамдардың саның стратегиялық түрде көбейту керек.
Микроқаржыландыру саласындағы БҰҰ даму бағдарламасы Қазақстанда үш
бағыт бойынша жұмыс істейді. Біріншіден, бұл микроқаржылық ұйымдардың
дамуына көмек және қызмет көрсетулер. Екіншіден, Үкіметпен бірге жұмыс
жасалып, микроқаржыландыру саласына байланысты заңдар қабылдауға кеңес
береді. Үшіншіден, зерттеулер негізінде микроқаржыландырудың қоғамдық және
үкімет тарапынан дұрыс қабылдануына стратегиялық құжатпен ақпараттар
жасалады.
Қазақстандағы микроқаржыландыру нарығы жаңадан дамуда.
Микроқаржыландыру тұжырымдамасы 90-шы жылдардың басында келген болатын.
Бүгіңгі таңда нарықта микронесиелік қызмет көрсететін институттардын
бірнеше түрі жұмыс істейді. Бұл үкіметтік емес микрокредиттік ұйымдар,
мемлекеттік қорлар, шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы шеңберінде
жұмыс істейтін коммерциялық банктер. Осылайша нарықтың белсенді түрде
дамуын көруге болады.
Бірақ бірқатар мәселелер бар. Олардың негізгісі- тұлғалардың қызмет
көрсетулер туралы ақпараттың төмен деңгейі, адамдардың тек белгілі бір
көлемі ақпараттандырылған. Әлемдік банктік бағалау бойынша ең кедей
тұрғындардың 1%-ы ғана микроқаржылық қызмет көрсетулер бойынша ақпарат
алады екен.
Нарықтың екінші мәселесі- бұл әлемдік микроқаржылық ұйымдармен
салыстырғанда Қазақстандық ұйымдар өте кішкентай және жеткіліксіз түрде
қаржыландырылған, ал бұл өз алдына бұлардын өсуі мен кеңеюіне жол бермейді.
Бұл сондай-ақ елдің өсуі мен даму деңгейіне байланысты, көптеген донорлар
әлсіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi туралы
Атаулы мөлшерлеме - құнсыздануды ескермейтін пайыздық мөлшерлеме
Шетел тәжірибесіндегі микроқаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері
Жұмыспен қамту жол картасы – 2020
Банктік реформа және теңге жүйесі
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдары және олардың несие беру қызметі
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың түсінігі
Пәндер