Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
Ресми анықтамаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уыктар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар.
Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық әсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықгай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пошымға (формаға) қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады.
Әлемдік тәжірибеде сыртқы түр-пішіні әр алуан елтаңбалар кездеседі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының пішіні - дөңгелек, оның барлық белгілері бір шеңбер ішіне орналастырылған. Рәмізтануда кең тараған кескін әлемге алғаш шығыстағы көшпелілер өркениетінің өнер туындысы ретінде тараған. Мән-мағыналық жоралғысы: тіршілік белгісі, өмір нышаны. Әдетте жас жұбайлардың үйлену тойына шақыру қағаздарының сыртында өзара айқасқан қос шеңбердің суреті салынуының, тіпті бір-бірімен дөңгелек сақина алмасуының сырын да осындай танымдық ұғымдардан іздеген жөн. Белгілі ғалым Г. Фелькерзам көшпелілердің дөңгелек шеңберге деген ықыласы бөлек екенін тап басып таныған.
Елтаңбаның басты белгі-нышаны - рәміздің негізгі көркемдік-идеялық жүгін арқалап тұрған шаңырақ образы. Шеберлікпен шендестірілген түндік аспан күмбезіндегі асыл шырақ Күн бейнесін көз алдымызға әкелсе, уықтар - одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады. Қисыны табылып, керегелердің көрінісі деберілген.
Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ дүние космосының кішкене көшірмесіндей әсер қалдырады.Қазақстандықтардың ортақ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері.
Қ.Р-ның Мемлекеттік елтаңбасы
Ресми анықтамаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез
тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап
уыктар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның
төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар.
Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық әсері жөнінен
елтаңба мен ту арасында айтарлықгай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге
көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса,
елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты
сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пошымға (формаға) қатысты
ұғымдарға сәйкес айқындалады.
Әлемдік тәжірибеде сыртқы түр-пішіні әр алуан елтаңбалар
кездеседі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының пішіні -
дөңгелек, оның барлық белгілері бір шеңбер ішіне орналастырылған.
Рәмізтануда кең тараған кескін әлемге алғаш шығыстағы көшпелілер
өркениетінің өнер туындысы ретінде тараған. Мән-мағыналық жоралғысы:
тіршілік белгісі, өмір нышаны. Әдетте жас жұбайлардың үйлену тойына шақыру
қағаздарының сыртында өзара айқасқан қос шеңбердің суреті салынуының,
тіпті бір-бірімен дөңгелек сақина алмасуының сырын да осындай танымдық
ұғымдардан іздеген жөн. Белгілі ғалым Г. Фелькерзам көшпелілердің дөңгелек
шеңберге деген ықыласы бөлек екенін тап басып таныған.
Елтаңбаның басты белгі-нышаны - рәміздің негізгі көркемдік-идеялық
жүгін арқалап тұрған шаңырақ образы. Шеберлікпен шендестірілген түндік
аспан күмбезіндегі асыл шырақ Күн бейнесін көз алдымызға әкелсе, уықтар -
одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады. Қисыны табылып,
керегелердің көрінісі деберілген.
Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ дүние космосының кішкене
көшірмесіндей әсер қалдырады.Қазақстандықтардың ортақ шаңырақтағы тату-
тәтті тірлігі, ортақ Отан тағдырына деген жауапкершілік идеялары – шаңырақ
образына қатысты туындайтын ойлар мен әсерлердің бір парасы. Табылған
көркемдік шешім жарасымдылығымен әрі жаңашылдығымен дараланады.
Көшпелілер мәдениетінде шаңырақтың пайда болуы ата-бабаларымыздың
қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктеріне және соған орай ойлау жүйесінде
орныққан ұғымдармен тығыз байланысты. Ол сырттай аспан күмбезіне қалай
ұқсаса, оның адамдардың ішкі жан-дүниесінде тіршіліктің аса маңызды заттық
құралы ретінде сәулеленуі де сондай ақиқат.
Шаңырақ-отбасының, одан да асыра алғанда бүкіл адамзат ұясының
нышаны.
Шаңырақ көтеруге негізделген киіз үй Ұлы далада сонау қола дәуірден
(б.з.д. III ғ.) бастап тіршілік кеше бастаған адамдардың өмір салтына
байланысты дүниеге келген тамаша төлтума жүйе көрінісі. Ол әлемдік сәулет
өнерінің теңдесі жоқ үлгісі ретінде ертеде-ақ мойындалған. Оның әр бөлшегі
өзінің нақты тұрмыстық қызметтерге қатысты мақсатының сыртында басқа да
бірқатар маңызды міндеттерге (қоғамдық-әлеуметтік. діни-әлеуметтік, діни-
ғұрыптық, т.б.) қызмет етеді.Ол тұрғындардың рухани қажеттіліктерін де өтей
алады.
Киіз үй - көшпелілер мәдениетінің сыйы. Ол туралы Геродот, Гиппократ,
Сыма Цян мен Страбон,В. Рубрук пен Ибн-Баттута, Ибн-Рузбихан мен А. Вамбери
тамсана жазған болатын. Оларды киіз үйдің қолайлылығы мен жайлылығы,
далалықтардың тұрмыс-тіршілігіне өте-мөте ыңғайлылығы, жасалуы мен
құрылуының жеңілдігі қызықтырады. Сонымен бірге олардың бәрі бір ауыздан
аса күрделі міндеттің қарапайым шешімін соншалықты дәлтапқан өнер иелеріне
тәнтілік білдіреді.
Таң дәуірінің жазбаларында көшпелілердің киіз үйі VII ғасырдағы
Қытай тұрғын үйлерінен әлдеқайда артық болғандығы туралы деректер
сақталған. Қьггай билеушілері мен бекзадалары оны айрықша сән-салтанат
және абырой белгісі ретінде пайдаланған.
Киіз үй жасау өнері б.з.д. бірінші ғасырдан белгілі. Олардың көне
нұсқалары туралы деректерді қола дәуірінің аңдронов мәдениетіне тән қазба
ескерткіштерінен кездестіреміз. Орталық Қазақстандағы Бұғылы тоғайындағы,
Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы өзені бойындағы қазба жұмыстарының
нәтижелері де оған анық дәлел.
Қазақы киіз үй - киіз үйлердің түркілік типіне жатады және моңғол киіз
үйлеріне қарағанда еңселілеу келеді. Бұл дауыл, қатты жаңбыр мен қалың
қарға төтеп беруге қолайлы. Шығыстанушы С. Руденконың пікіріне қарағанда
мұндай киіз үйлер "құрылымы тұрғысынан алғанда, басқа көшпелі халықтардың
ешқайсысында жоқ киіз үйлерге жатады және жылжымалы тұрғын үйлердің
ішіндегі ең жетілгені болып саналады".
Киіз үй жасау- көп қырлы, синкретті өнер. Бұл шығармашылық процесте
дәстүрлі қолөнердің бірнеше түрі: ағаш шабу, тігіншілік, киіз басу, бөз
тоқу және арқан есу, жүн иіру, жіп үзу, таңба басу, кесте тоқу қатар
қолданылады. Киіз үй жасау нағыз хас шеберлердің ғана қолынан келген.
Киіз үйдің күмбезді формасы кейін Шығыстың тамаша сарайлары мен
мавзолейлерінде, дәстүрлі кесенелер құрылысында кең пайдаланылатын болды.
Сөйтіп, жалпы күмбезді - порталды сәулет өнерінің дамуына игі әсер етті,
Мамандардың пікірінше күмбезді құрылыстар көне Римдегі күмбезді үйлерден
бұрын дүниеге келген.
Күмбезді құрылыстардың көне үлгілерін археологтер Тараз, Сайрам, Отырар,
Сығанақ, Жаса, Құлан, Меркі, Баласағұн және басқа ежелгі қалалар орнын
қазған кезде тапты. Сол сияқты мұндай үлгілерге орталық Қазақстандағы Алаша
хан және Жошы хан, Тараз маңындағы Айша бибі, Сырдария бойындағы Сырлытам
кесенелері, Маңғыстаудағы Шақпақ ата жер асты мешіті жатады.
Күмбезді сәулет өнерінің аса көрнекті үл гілерінің бірі әйгілі Жібек
жолының үстіне орналасқан Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесене-
мешіті.
Киіз үй отбасы тұрағы ретінде ғана пайдаланылмаған. Ол көшпелілер үшін
қоғамдық-әлеуметтік мәні бар орын рөлін де атқарған. Аумағы атшаптырым, көп
қанатты хан ордалары болған.
Өзін табиғаттың төл баласы санайтын және бүкіл өмір-салтын соның тыныс-
тіршілігіне бейімдеген көшпелі ата-бабаларымыз тұрақ-жайына еуропалықтарша
"өз қамал қорғаным", "менің жеке әлемім" деп қарамаған. Сондықтан да одан
табиғаттан оқшау тұрған ешбір белгі таба апмайсың. Түндігінен күн сәулесі
еркін түсетіндей ашық алаңқайға тігіледі. Есігі шығысқа қарайды. Күннің
қозғалысын сыртқа шықпай-ақ қадағалап, соған орай мезгіл щамасын
бағдарлауға болады.Табиғаттың қас-қабағын бағып күн кешкен тіршілікке сай
жылдам көшіругеқолайлы,
"Отан от басынан басталады" деген нақыл бар. Шаңырақ деген киелі ұғымға
бұл мағына да сыяды. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүтін қазақ
елінің символы іспеттес. Өйткені, қара шаңырақ дегеніміз біздіңұлттықалтын
бесігімізғой. Сан ғасыр бойы замана дауылдары жел қуған қаңбақтай күресін-
құрдымға итере салмас үшін тіресе күрееуге тірек болған қасиетті алтын
қазығымыз да.
Шаңырақ- қазақхалқы үшін айрықша қастерлі ұғым. Бағзы бабалар оны
дүниетанымдықжүйеніңөзегі ретінде ерекше кие тұтқан. Оған деген аялы
көзқарас қазір де сақталған.
"Шаңырақ" ұғымының әлеуметтік мәні зор. Мысалы, "қара шаңырақ" - ата-ана
үйі, әулеттің, рудың, тайпаның ең қастерлі отбасы дегенді білдіреді. Ықылым
замандардан бері келе жатқан дәстүр бойынша қара шаңырақәдетте кіші ұлда
қалады.
Қара шаңырақ ұғымына байланысты орнығып, осы күнге дейін жеткен дәстүрлі
жол-жоралғылар аз емес. Мысалы, алыс жолға аттанарда, жаңа іс бастарда қара
шаңыраққа кіріп,баталмаса жол болмайды,іс оңға баспайды деп есептеледі.
Қара шаңырақ иесінің сөзі - бүкіл әулет үшін заң. ,
Шаңырақ ұғымына тек отбасы ғана емес, кез келген әлеуметтік топ сыйып
кетеді. Бұл оның қоғам үшін біріктіруші, топтастырушы ұғым символы ретінде
қызмет ету мүмкіндігінің кең екендігін көрсетеді.
Еліміздің Мемлекеттік елтаңбасыңдағы шаңырақ бейнесі - Қазақстаңды
мекендейтін барл ық адамдардың ортақ отбасының, ортақ үйінің нышаны.
Шаңырақтың беріктігі оны көтерген уыктарға қалай байланысты болса, ¥лы
Отанымыздағы бақытты өмір әрқайсымыздың ой-аңсарымызға, іс-қимылымызға
байланысты. Ел бақьггы -ер бақыты. Ел байлығы - баршаның, әркімнің ырысы.
Елтаңбадағы қасиетті қара шаңырақ бейнесі: "Асыл діңгек аман болсын.
Алтын бесік мәңгілік тіршілік әлдиімен тербеле берсін. Үлкен үйдің уықтарын
шын ниеттерімен қосыла шаншысқан еншілес ел-жұртқа да бірге бақыт тілейік.
Ортақ шаңырақ - биік, ортақ босаға - берік болсын. Отанымызға талмай адал
қызмет етуге жазсын", - деген өрелі ойларға жетелейдЦ Барлық ұлттар
өкілдерінің жанына жақын образдықжүйе жалпы адамзаттық игіліктер аңсарына
ұштасар ұлы ниеттерге бастайды.
Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі деталь - ай мүйізді, алтын
қанатты қос пырақ бейнесі. Жылқы жануары батылдық, көрегендік пен айырықша
ерік-жігер нышаны деп есептеледі. Ат - көшпелілердің өмірлік серігі. Мінген
көлігі ғана емес. Ет пен қымыз - қазақ тағамының негізі, тері - киім, жал -
музыка аспаптарының шегі. Жауынгерлік өнерде, дәстүрлі спорт түрлерінде,
ұлттық ойындарда ("көкпар", "бәйге", "құс салу", "қыз қуу", т.б.) да сұлу
да берік текті тұлпарлар кең пайдаланылады.
Қазақ дүниетанымында жылқы - адам тектес. Басқа жануарлардың бәрі де тек
адамға қызмет етеді, ал жылқы алдында адамныңөзі бас иіп, қызмет етуге
әзір. Адамдікі тәрізді жылқының да пірі бар. Оны Қамбар ата ("Жылқы иесі
Қамбар-ау") деп атайды. Ежелгі діни нанымдар бойынша иесі қайтыс болғанда
атын бірге кеметін болған. Олар о дүниеде де бір-біріне қажет деп
есептеген.
Осыдан үш мыңжыл бұрын қолға үйретіліп, адам баласының ең бір жақын жан
серігіне айналған жылқы-көшпелілер үшін айрықша қасиетті жануар. Ол алғаш
рет Азия құрлығында,кейбір ғалымдардың айтуынша,қазіргі қазақжерінде,
жерсіндірілген көрінеді.
Қасым хан өз елін Могол билеушісі Саидқа таныстырғанда: "Біз - дала
адамдарымыз. Біздің ең үлкен байлығымыз - жылқы, ең тәтті тағамымыз - жылқы
еті. Біз үшін ең қалаулы сусын - қымыз. Біздің көңіл көтеріп, сайран
салатын және өнер жарыстыратын жеріміз- сол жылқы жайылатын дала. Біз
бәріміз сол жерге бірге барып, жылқыны қызықтаймыз" - дейді(Қараңыз: "Тари-
хи Рашиди", Ташкент, "фан", 1996.352-бет).
Көшпелілердің бүкіл тіршілігі, еңбегі мен өнері жылқымен етене. Ел
қорғап, жаумен алысқанда да, қолы қалт етіп, құс салуға барса да, жігіттік
жасап, қызды ауылды жағалағанда да, сайын дала сайып қыранын сандал кер
сәйгүліксіз елестете алмайсыз.
Көшпелілер ұғымында жылқы - түлік біткеннің төресі. Оның жолға беріктігі
мен жүрдектігі, еті мен қымызының жанға дәру қоректік және шипалық
қасиеттері, ойыңды айтпай көзіңнен ұғатын қасиеті мен талғампаз кірпияздығы
(мысалы, жылқы ешқашан да лай суға тұмсығын малмайды) мінез-құл қындағы
тектілік ретіндежоғары бағаланады.
Көне түсініктер бойынша, киелі пырақ адамды тәңірілер мекен еткен
аспанмен байланыстырады. Жалы қанат тектес. Жалына қолы тиісімен-ақ адам
жердің тартылыс заңын жеңіп, қиялына қанат жалғайды. Жақсы ат мінген -
жарым патша. Аты жоқжарлы өзін елдің қоры сезінеді.
Қазақ баласы үшін жылқының көзінде жас көргеннен қиыны жоқ. Ол
құлыншақты сәбидей аялайды. Оған жаман адамдардың көзі тиеді деп сақтанады.
"Жылқы баласы" деген сөз бар. Басқа ешбір малдың төліне "бала" деп
айтылмайды. Жылқы кейінге дейін қазақдәулетініңөлшемі болып келген. Оны
мыңдап, үйірлеп ұстаған. "Арқада толып жатыр жылқылы бай", "Ерден көктің
үйірі" дегендер содан қалған. Далалықтар дәстүріне сай сый беріп, айып
төлеуде де кең пайдаланылады. Ол кейде ердің құнын өтеугедежараған. Әскери
салаДағы көшпелілер өнерінің негізі де салт аттыларды пайдаланумен
байланысты. Қарудың қай түрін де ат үстінде шебер пайдалану жоғары
бағаланған. Жебе, садақ, қайқы қылышты ойлап шығарған көшпелілер екені
белгілі. Әлемді тітіренткен атты әскерлер ұлы дала қойнауынан шығып, әлемге
танылған. Жылқы қылынан алғашқы музыка аспаптарының шегі жасалған. Кез
келген тойдың көркіне айналған ат бәйгесі, көкпар, аударыспақ тәрізді
тамаша ұлттық спорт ойындарымыздыда арнайы жаратылып, дайындалған
сәйгүліктерсіз елестету мүмкін емес.
Жылқы - қазақтардың ұлттық әлемінің ажырамас бір бөліп, ұлттық
дүниетанымының маңызды нышандық белгісі.
"Қазақ жылқы мінезді" деген атам заманнан бері келе жатқан сөз бар.
Бұл, ең алдымен, терең табиғи ұқсастықтарға, еркіндікке, қозғалысқа,
жылдамдық пен құштарлыққа құлай берілетін ортақ қасиеттерге мегзейді.
Елтаңбада қыран қанатты қос тұлпар - қос пырақ бейнесі бедерленген.
Қанат - асқақ арман нышаны. Бұл жерде ол еңсесі биік, дәулеті тасыған
тәуелсіз мемлекет құру жөніндегі ел мұратын еске салады. Қанатты тұлпарлар
- елдің өсіп-өркендеуіне, дәулеті тасып дамуына қатысты табиғи тілектердің,
сол сияқты қоғамдағы әр түрлі мүдделермен және ғаламдық өркениет
үміттерімен үйлесім табуға деген ұмтылыс пен ізгі ниеттіңде көрінісі.
Биікке ұмтылу, дамудың төменгі сатысынан жоғарғысына дейін көтерілу -
әлемдік өркениет мұрат-тарының бірі. Асқақтық, самғау, биік мақсаттарға
жету деген ұғымдар адам үшін де, қоғам үшін де қастерлі. Күйкілік
қораштыққа жатады.
Қанат образының терең рәміздік мәнінің Мемлекеттік елтаңбада жақсы
жарасым табуы жалпы мәдениет зандылықтарының, оның ішінде нышандық
емеуіріннің, типологиялық образ жасау мүмкіндіктерін пайдалану жемісі.
Қанатты тұлпарлар образы да ертеден белгілі. Авестада (б.з.д. I ғ.)
қанатты тұлпарлармен көшіп-қонып жүретін тур елі туралы айтылады. Кейбір
зерттеушілер осы "тур" атын "түркі" этнонимімен, "Тұран" тарихи топонимімен
байланыстырады. Қанатты тұлпарлар бейнесі тастағы көне сурет жазбаларындағы
скиф-сармат мәдениетіне жататын "аңшылық стил ь" қолтаңбасымен
ерекшеленетін қолданбал ы өнер ескерткіштерінде жиі кездеседі.
Алтайдағы Пазырақ қорғанында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген
кезде о дүниеге аттанған патшаны аспанға көтеріп бара жатқан фантастикалық
пырақ бейнесі бедерленген бас киім табылды. Есік қорғанынан табылған әйгілі
"Алтын адамның" бас киімін де қанатты тұлпар бейнесі көмкерген. Мемлекеттік
елтаңба жобасын әзірлеу кезінде авторлар ойына осы бейне өзек болғанын
білеміз.
Қыран қанатты тұлпар, қанатты жануарлар бейнесі қиял-ғажайып ертегілері,
аңыз-әпсаналар мен жырларда да кездеседі. Әрі мұндай сюжеттік линиялар
бертінге дейін жеткен. Қобыландының Қазан қаласын алатын сәтін еске
түсірейікші. Қысылғанда қол ұшын беретін жалғыз серігі -қазанаты биік
қорғаннан қапықтап ұшып барып, қала көшесіне топ ете түспеуші ме еді.
Тұлпарына тіл бітіп, қанат қомдап ұшатын мұндай кейіпкерлер ертегілерде де
бар. Сол сияқты діни наным-сенімдер бойынша, пайғамбар-ғалиссаламның
пейішке мініп баратын қасиетті пырағы да^анатты жылқы еді делінеді.
Мүйіздің денышандық мәні бар. Ол-айбын, айбат, ақжолтайлық
белгісі.Тарихи деректер бойынша замандастары А. Македонскийдің патшалық
пәрмені, қолбасшылық құты бас киіміндегі мүйіз бейнесінде деп санаған.
Мүйіз бейнесі Қазақстанның мәдени ескерткіштерінде де молынан жолығады.
Мысалы, Қызылтоған қорғанындағы (Жетісу) екі бірдей мыс мүсінде таутеке
мүйіздері айқын әрі аса бедерлі бейнеленген.
Қазақ тілінде "мүйіз" сөзі күш-қуат, ерлік, батылдықұғымдарын білдіретін
мағынада кең қолданыладьи Мысалы, "мүйізі қарағайдай" (күшті, беделді),
"мүйізін қағып алу" (жеңу, масқара ету), "мүйіздесіп қалу" (керісу, жан-
жалдасу), т.б.
Мүйіз түріндегі заттар мен бейнелер ертеде әскери байрақ тутұғырының
ұшар басында, діни әдет-ғұрыптарды атқару кезінде кең пайдаланылған. Тәңір
құты ретінде, көбею мен жолы болудың нышаны ретінде оның орны жоғарыда деп
есептеледі.
Мемлекеттік елтаңбада қос бірдей ай мүйізді әпсаналықарғымақтар
бейнеленген. Олар киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле-жаладан, қауіп-
қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады. Ортақ үйіміз - қасиетті
Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді. Тәуелсіз елімізді көздің
қарашығындай
қастерлеп, сол жолда жан сала қызмет ету - қиялдағы қанатты пырақтар
бейнесінің астарында жатқан басты лейтмотивтердің бірі.
Мемлекеттік елтаңбада бес бұрышты жұлдыз бар* Ол тәуелсіз
мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет
көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға
мегзейді.
Адамзат баласы жұлдызды билікбелгісі, өмірлікбағыт-бағдарды айқындайтын
жарықсәуле, асқақтық пен мәңгілікке құштарлық символы ретінде өте ерте
замандардан бері пайдаланып келеді^,
Қазақтілінде "сәті түсу", "жолы болу", "бақыт" деген ұғымдарды беретін
қанатты ойлардың көбі "жұлдыз" сөзін пайдалану арқылы өрнектеледі.
"Айыңтусын оңыңнан, жұлдызыңтусын солыңнан", "Бағың ашылып,
жұлдызыңжарқырай берсін", "Жұлдызы жанған адам" деген сөз тіркестері соның
айқын дәлелі.
"Жұлдыз" және "бес" ұғымында терең нышандық байланыс бар екендігі назар
аударарлық. Біздің заманымыздан бес мың жыл бұрын мысырлықтар ғарыш ұғымын
беретін бес санын жұлдыз суретімен көрсететін болғаніБес саны ақиқат,
әділдік және әділет құдайы Маат қолында деп есептелетін тағдыр ұғымын да
берген. Бес - ақиқат пен әділеттің ең жоғарғы өлшемі. Білімді бес
баллдықжүйемен бағалау дәстүрі осыдан шыққан.
Бесбұрышты жұлдыз - таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі.
Таңжұлдызы қашанда ізгі армандардың жүзеге асуына жол ашып, игі
мұраттарға жөн сілтейтін аспан шырағы ретінде адамдар санасында айрықша
қастерлгорын иеленді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында терезесі теңтәуелсіз
мемлекет құру, адамзат көшіндегі осы заманғы дамыған елдер қатарына қосылу
жөніндегі ізгі ниеттіңжәне осы жолда барлық бес құрлық мемлекеттерімен,
халықтарымен ашық қарым-қатынас жасауға деген ұмтылыстың белгісі.
Ел аты мемлекеттің лингвистикалық және этно-мәдени рәмізі болып
саналады. "Қазақстан" (қазақ-этнос атауы, стан - парсы тілінде ел ұғымын
білдіретін сөз) -мемлекет атауы ретінде ежелден қолданылып келе жатқан
термин.
Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірлерден бері талай мемлекеттік
құрылымдар дүниеге келген. Олардың құрамында бүгінгі қазақтардың ата-
бабалары болып табылатын әр түрлі тайпалар мен рулардың да болғаны анық.
Қазақ этносының атымен аталған мемлекеттік құрылым 1466 жылы тарих
сахнасына шықты. Ол -Қазақ хандығы (Қазақ ордасы) деп аталды. Негізін
салған қазақ хандары Керей мен Жәнібек. Қазақ хандығы XVIII ғасырға дейін
өмірсүрді. Кейін қазақжері Ресейге қосылды. XXғасырдың басында, 1917 жылдың
ақпанында, "Алашорда" атты мемлекет құруға әрекет жасалды.1920 жылы 26
тамызда РКФСР құрамына сол кездегі Семей, Ақмола, Торғай, Орал губерниялары
және Астрахан губерниясының қазақтар тұратын бөлігі енген Қырғыз (Қазақ)
АКСР-і (1924 жылға дейін Қазақстанның қазіргі жер аумағының біраз бөлігі
Түркістан АКСР-нің құрамына енді). 4 қазанда Астана атанған Орынборда КАКСР
Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, республикалықжоғары басшылық органдар
сайланды. ҚАКСР ОАК төрағалығына -С. М. Меңдешев, ҚАКСР ХКК төрағалығына
В.А. Радус-Зенькович өтті. Ол 1925 жылғы 19 сәуірде Қазақ АКСР-і атанып,
1936 жылғы желтоқсанда Қазақ КСР-і болып қайта құрылды. 1991 жылғы 10
желтоқсанда жаңа егеменді қазақ мемлекеті Қазақстан Республикасы
(Қазақстан) деген ресми атау алғаны жоғарыда айтылды.
Орыс тілінде "казах", "Казахстан" деп айту-жазу тәжірибесі 1936 жылдан
басталды. Тиісті Үкімет қаулысы шыққанға дейін"казак", "Казакстан" үлгісі
пайдаланылып келген болатын.
1936 жылдың ақпан айында Қазақ автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасының (Қазақ АКСР) Орталық Атқару Комитеті мен Халық комиссарлар
Кеңесі қабылдаған бұл құжат "қазақ" сөзінің орысша қойған қаулының бірінші
бабында: "Қазақты" орысша барынша дұрыс айту үшін осыбіздің қазақша
білуімізде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
ШӘМШІ (ЖӘМШИД)
ҚАЛДАЯҚҰЛЫ (ӘНӘПИЯҰЛЫ)
ҚАЛДАЯҚОВ
(1930-
1992)
Казақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы,
көрнекті сазгер, Қазақстан Республикасы халық әртісі,
Казақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Шәуілдір
ауылында дүниеге келген. Капыланбек мал-дәрігерлік техникумында, Хамза
Ниязи атындагы Ташкент музыкалық училищесінде және Кұрманғазы атындағы
Алматы консерваториясының композиция факультетінде оқыған.
1950 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысты. Казақ вальсінің
королі атанган коптозитор үш жүзге жуық ән шыгарды. Олардың арасында
Бақыт құшағында, Бәрінен де сен сұлу, Кайықта, Ана туралы жыр, Ақ
сұңқарым, Ақ маңдайлым, Көгілдір Көкше, Сыр сұлуы, Ақ ерке - ақ
Жайық, Әнім сен едің, Ақ бантик, Кешікпей келем деп ең, Кайдасың,
Цыган серанадасы және басқа халық арасында кең тараған музыкалық
туындылар бар.
Композитор шығармалары Әндер (1967), Бақыт құшағында (1971),
Шәмшінің әндері (1983), Шәмші әлемі (2000), Шәмші (2002) атты жеке
жинақтарда жарық көрді.
ЖҰМЕКЕН САБЫРҰЛЫ НӘЖІМЕДЕНОВ
(1935-1983)
Казақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні)
авторы, көрнекті ақын, Казақстан Жастар одағы сыйлығының
иегері.
1935 жылы Атырау облысының Кұрманғазы ауданындағы Кошалақ ауылында
дүниеге келген. Кұрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының
халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М. Горький атындагы Әдебиет
институты жанындағы Жоғары әдеби курстарда оқыған. Жазушы баспасында,
Лениншіл жас газетінде, Казақстан Жазушылар одағында, Баспа
істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, Мектеп баспасында жұмыс істеген.
Шығармалары: Балауса (1961), Сыбызғы сыры (1962), Өз көзіммен
(1964), Жоқ, ұмытуға болмайды (1965), Жарық пен жылу (1966), Күй
кітабы (1967), Мен туған күн (1972), Мезгіл әуендері (1968), Ұлым,
саған айтам (1970), Кызғалдақ жайлы баллада (1971).
Ақын жырлары бірнеше шетел тіліне аударылған.
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, экономика
гылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының,
Халықаралық инженерлік академияның және Ресей әлеуметтік ғылымдар
академиясының академигі. Алтын Қыран орденінің, дүние жүзінің көптеген
елдерінің ең жоғары Мемлекеттік наградаларының, бірқатар, отандық қоғамдық
ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері.
Мемлекеттік әнұран - елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-
сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық
сәлемхат іспеттес. Оның сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұтас
шығарманың құрамдас қос қанаты тәрізді.
Өнер туындысының маңызды саяси-әлеуметтік міндет атқаруының астарында
айырықша сыр бар. Ол өнердің адам жанына әсер етіп, оның іс-қимылы мен ой-
аңсарына тікелей ықпал ету қасиетімен байланысты.
Саз бен сөз арқылы өмірдің бүкіл бояуын, тағдырдың барлық мағыналық-
әсерлік болмысын танытуға болады. Олар адам баласының ішкі дүниесін, жан
ауаны мен асқақ аңсарын жайып салып, жеткізудің ең кұдіретті құралдары
саналады.
Музыка мен поэзия әлеміне енген адам тылсым табиғат ырғағын тап басып,
керемет күйге бөленеді. Ал ырғақ болса табиғи және әлеуметтік болмыстарды
біріктіру арқылы адам жанында бүкіл тіршілікке деген ортақтастық сезім
оятады.
Музыка мен поэзияға тән ішкі үндестік, табиғи жарасым (гармония)
тіршілікке сұлулық әрін беретін керемет қасиетке жатады. Олардың адам
жүрегінің қақпасын ашар құпия кілті де осы.
Ән мен күй Ұлы дала көшпелілерінің де табиғатпен тіл-десу, сырласу мен
мұндасу құралы болған. Олардың түсінігінде бүкіл дүние ән салады. Сайын
дала да, саумал көл де, тәкаппар тау шыңдары да асау толқын мен ақ селеу,
самал жел мен сансыз жұлдыздары да өзінше күй ұқтырады. Мұңаяды, қуанады.
Айнала толған ән болса, өз тыныс-тіршілігіңді одан қалай бөліп аларсың?
Көшпелілердің дәстүрлі мәдениеті осының айғағы. Қазақ үшін
шілдехана (адам баласының дүниеге келу сәтіне' әлеуметтік астар беру),
тұсаукесер (сәбидің жер бетіндегі тұңғыш қадам жасау оқиғасына
бөлекше мән беру), тоқымқағар (жас баланың әлемге аяқ басуы - тұңғыш
рет( туған ауылдан тыс сапар шегуіне оның әлемге алғаш шығуы ретінде
айырықша назар аудару), некеқияр мен беташар ( (жаңа шаңырақ көтерілуіне
орай адам өмірінің жаңа кезеңі' басталғандығын айғақтау), мүшел (адам
өміріндегі физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық кезеңдік
өзгерістерге назар аудару), жарапазан (қоғамда қалыптасқан әлеу-меттік
нормаларға жеке көзқарасты білдіру) тәрізді елеулі ( оқиғалардың ешбірін де
ән мен күйсіз, қуанышты-қайғылы сөз бен сазсыз елестету мүмкін емес.
Поэзия мен музыка дәстүрлі мәдениеттің, рәсім мен ұлттык әдет-
ғұрыптардың архитектоникасына кәміл кірігіп кетеді. Ұлы Абайдың Туғанда
дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең деген қанатты
сөздері де осыған мегзейді.
Ұлттық ойлау жүйесі халықтың сөйлеу өнерінде заттық тұрғыда көрініс
тапқан. Халықтың сөйлеу өнерінің бірнеше қатпары бар: төменгі қабат - тіл,
келесі қабат - ауыз әдебиеті, фольклор, жоғарғы қабат - әдебиет, жазу
Г.Гачев
Бұл - тек ақындық әсер емес. Тұтас бір философия. Көшпелі өмір салтының
көрінісі. Далалықтар тіршілігінің ұлы шындығы.
Сәби шыр етіп жерге түскеннен-ақ ана әлдиімен оянып, шілдехана жырымен
құндақталады. Одан кейінгі өмірі де
әнмен әдіптеліп, жырмен жұпталып жатады. Әрі қай жол-жораның болсын өзіне
лайық музыкалық қалып-қайнары бар. Өнер тудырушы одан аспайды. Небір
ғажайып сұлу сазды соған құйып, соған небір терең ма ғына қотарады. Тек
тіні бірге. Сондықтан да әр түрлі әрі таныс, әрі бейтаныс біртуар өмір
саздары жүрекке жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзінше күн кеше береді.
Сөз бен саз сезім бөлісу, жан сырын ортаға салып, түрлі көңіл-күй
ауандарына ортақтасу қасиеттерімен қатар әркімнің көңілі қалаған жеке
әлемін жасау мүмкіндіктеріне ие.
Ертеде өнерпаздарға әлде-бір айрықша қасиеті, киесі бар адамдар ретінде
қараған. Ерекше қастер тұтқан. Ән шығарып, жыр жазуға қабілетті адамдардың,
сол сияқты музыкалық аспаптарда ойнап, жұрт алдында жақсы сөйлей алатын
адамдардың абыройы жоғары болған.
Сол тәрізді музыка мен сөзге де тым ерекше мән беріліп, олар киелі
құбылыс ретінде қабылданды. Ғарыштық мағынадағы ұғым, өмір тылсымына
саналды. Шабытты сөз бен шалқар саз сырттан берілетін кере-меттер деген
көзқарас орын алды.
Сөз бен сазға қатысты сақталған дәстүрлі дүниетаным іздерін мынадай
сөз орамдарынан да байқауға болады. Мысалы, әдетте ай туды, ұл туды,
көктем туды деген сияқты ән туды дейміз. Немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz