Шоқанның "Манас" жыры
І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2 «Манас» жырының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Жырдың мазмұны мен сюжеттік құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Жырдың көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5 «Манас» жырын жырлаған жомықшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
6 Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

«Манас» жырын жазып алу тарихынан. «Манас» - тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрақтан–ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоған еді. Бірақ Шоқан жазып алған «Манас» жырының қырғыз тексі көп заман ғылымға белгісіз болып жатты. Бұл нұсқаны жарыққа шығаруды шығыс әдебиетін зерттеуші ғалымдардың талай талап еткен еді, алайда өкінішке орай оның сәті түспеді. Өйткені Шоған нұсқасы көп заман қою тұман астына батып, ұшты– күйлі жоқ болды. Шоқан еңбектерін бірінші болып баспаға дайындаған Н.И.Веселовский, 1902 жылы, 21 наурыз күні, археологиялық қоғамның шығыс бөлімі мәжілісінде ғалымдарды Шоқанның «Манас» жырынан аударған үзіндісімен таныстырып, жырдың қырғыз тексінің жоғалып кеткеніне қатты күйзелген болатын. «Көкетай ханның ертегісі» деп аталатын бұл жырды тегінде Шоқан түгел аудармаған және бұл аударманың өзін Г.Н.Потанин болмағанда табу оғай емес еді. Аударма Шоқанның ескі досы К.К.Гутовскийдің үйінен табылды. «Көкетай ханның асы» деп аталатын бұл үзінді аудармасын Н.Н.Веселовский қысқаша түсініктермен шығыс бөлімінің журналында жариялады. Одан кейін Шоқаннаның аудармасы баспадан бірнеше рет шығып, Еуропа ғалыдары «Манас» жырымен ең алғаш осы арқылы танысты.
Археология қоғамынының жиналысында Н.И.Веселовский ең алдымен түркі тілдес елдердің халық әдебиетіне біраз бөгеліп, оның ерекшелігі, мазмұны, көркемдік қасиеті туралы сөз көтереді, содан кейін Шоқанның аудармасы бойынша «Көкетай» жырын оқиды. Жиналыста отырған шығыс әдебиетін зерттеуші ғалымдар ынта қоя тыңдап, жырға жоғары баға береді. «Шоқан орыс тілін қандай шебер қолдана білген. Қырғыздардың халық жырын аз сөзге көп мағына сыйғызып, сұлу, көркем бейнемен тамаша етіп аударған», -деп бәрі таң қалады.
Айтылған дастан, дұрысы оның бір тарауы, Көкетай ханның өлерінде елімен қоштасуына, оның еліне айтқан соңғы сөзіне, өсиеттеріне арналған. Дастанның түбегейлі сарыны – Көкетайға ас беру суреті. Қырғыз жырларында ерлікті ардақтау, ерлік жыры басымырақ келеді. Сондықтан олардың алыптары өзінің ерлік атын тіпті жас күнінен шыға бастайды. Олардың жырларында қадірлі орын алатын ердің өзіне серік – тұлпары. Жырда батырдың тұлпарының қасиеті ерекше суреттеледі.
Жырдың бас алыбы Манастың он екі–он төрт жасында жорыққа аттанып, бірінші рет ерлік атын көрсетуін орыс ғалымдары жақсы түсініп, бұл тарихи шындықтан туған, ондай жорық түркі тайпаларының тіршілігінде заңды болған деп дәлелдейді, мысалға он бес жаста ел басқарып, жорыққа аттанған Күлтегінді келтіреді.
Шоқан жазып алған «Манас» жырының көп заман жоғалып жатқандыңы оны тіл, әдебиет, тарих, этнография жағынан қарауға мүмкіндік бермеді. Оны

ЖОСПАРЫ:
І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2 Манас жырының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Жырдың мазмұны мен сюжеттік
құрылысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
4 Жырдың көркемдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
5 Манас жырын жырлаған
жомықшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
6 Пайдаланған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
Ә.Марғұлан
ШОҚАН ЖӘНЕ МАНАС
1. Манас жырын жазып алу тарихынан. Манас - тарихи заманнан таулы
Азия қыратында ұрақтан–ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз
халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны
әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоған еді. Бірақ
Шоқан жазып алған Манас жырының қырғыз тексі көп заман ғылымға белгісіз
болып жатты. Бұл нұсқаны жарыққа шығаруды шығыс әдебиетін зерттеуші
ғалымдардың талай талап еткен еді, алайда өкінішке орай оның сәті түспеді.
Өйткені Шоған нұсқасы көп заман қою тұман астына батып, ұшты– күйлі жоқ
болды. Шоқан еңбектерін бірінші болып баспаға дайындаған Н.И.Веселовский,
1902 жылы, 21 наурыз күні, археологиялық қоғамның шығыс бөлімі мәжілісінде
ғалымдарды Шоқанның Манас жырынан аударған үзіндісімен таныстырып, жырдың
қырғыз тексінің жоғалып кеткеніне қатты күйзелген болатын. Көкетай ханның
ертегісі деп аталатын бұл жырды тегінде Шоқан түгел аудармаған және бұл
аударманың өзін Г.Н.Потанин болмағанда табу оғай емес еді. Аударма
Шоқанның ескі досы К.К.Гутовскийдің үйінен табылды. Көкетай ханның асы
деп аталатын бұл үзінді аудармасын Н.Н.Веселовский қысқаша түсініктермен
шығыс бөлімінің журналында жариялады. Одан кейін Шоқаннаның аудармасы
баспадан бірнеше рет шығып, Еуропа ғалыдары Манас жырымен ең алғаш осы
арқылы танысты.
Археология қоғамынының жиналысында Н.И.Веселовский ең алдымен түркі
тілдес елдердің халық әдебиетіне біраз бөгеліп, оның ерекшелігі, мазмұны,
көркемдік қасиеті туралы сөз көтереді, содан кейін Шоқанның аудармасы
бойынша Көкетай жырын оқиды. Жиналыста отырған шығыс әдебиетін зерттеуші
ғалымдар ынта қоя тыңдап, жырға жоғары баға береді. Шоқан орыс тілін
қандай шебер қолдана білген. Қырғыздардың халық жырын аз сөзге көп мағына
сыйғызып, сұлу, көркем бейнемен тамаша етіп аударған, -деп бәрі таң
қалады.
Айтылған дастан, дұрысы оның бір тарауы, Көкетай ханның өлерінде елімен
қоштасуына, оның еліне айтқан соңғы сөзіне, өсиеттеріне арналған.
Дастанның түбегейлі сарыны – Көкетайға ас беру суреті. Қырғыз жырларында
ерлікті ардақтау, ерлік жыры басымырақ келеді. Сондықтан олардың алыптары
өзінің ерлік атын тіпті жас күнінен шыға бастайды. Олардың жырларында
қадірлі орын алатын ердің өзіне серік – тұлпары. Жырда батырдың тұлпарының
қасиеті ерекше суреттеледі.
Жырдың бас алыбы Манастың он екі–он төрт жасында жорыққа аттанып,
бірінші рет ерлік атын көрсетуін орыс ғалымдары жақсы түсініп, бұл тарихи
шындықтан туған, ондай жорық түркі тайпаларының тіршілігінде заңды болған
деп дәлелдейді, мысалға он бес жаста ел басқарып, жорыққа аттанған
Күлтегінді келтіреді.
Шоқан жазып алған Манас жырының көп заман жоғалып жатқандыңы оны тіл,
әдебиет, тарих, этнография жағынан қарауға мүмкіндік бермеді. Оны табуға
қырғыз тілін жетік білетін П.А.Фалаев те түскен еді, бірақ ешнәрсе
шықпады, сондықтан қырғыз эпосының құрлысы туралы зерттеулерінде ол тек
В.В.Радловтың жинағандарына ғана сүйенді.
Шоқан мен Радловтан бұрын Манас жыры Еуропа әдебиетінде мүлде
белгісіз болатын. Оның қысқаша мазмұнын ең алғаш қағаз бетіне түсіріп
кеткен XVI ғасырдың бас кезінде Ферғанада жасаған Сейфуддин Ахсикенти еді.
Бірақ Сейфуддиннің жазғандары Орта Азия халықтарының әдебиетінде кеңінен
тарамай, сол дәуірдің өзінде белгісіз болып қалған.
Манас жырының Шоқан жазып алған нұсқасын табуға себепкер болған
Шоқанның замандас досы, белгілі татар ғалымы Хұсаин Фаизхановтың Шоғанға
жазған хаттары болды.
Бұл жырды бірінші рет жарыққа шығарып, оны ғылымның игілігі еткен –
Шоқан, одан кейін бар өмірін түркі тілдес елдердің әдебиеті мен тілдерін
зерттеуге жұмсап, жойқын еңбек қалдырған қадірлі ғалым академик –
В.В.Радлов. Манас жырын зерттеуші ғалымдар бір ғасыр бойы осы екі
саңылақты бетіне ұстап, олардың еңбектеріне сүйеніп келеді, әлі де
сүйенбекші.
Манас жырын Шоқан кадет корпусында оқып жүрген кезінен ести бастайды.
Мұны білуге ол кезде бірнеше баянды жағдайлар болған еді. Оның бірі – кадет
корпусының оқытушысы Н.Ф.Костылевкский 1840 жылдары қазақ пен қырғыз
халқының ауыз әдебиетіне терең ойысып, оның кейбір жарқын үлгілерін оқушы
балаларға лекция түрінде оқып жүрді. Оның ауыз әдебиет мұраларын жию
мақсатымен ешуақытта қырға шыққан емес, оған мүміндігі де болмаған. Ол
қырға шыққан тілмаштар, официрлер, иә өзінің оқушы шәкірттері арқылы
жинаған. 1850 – жылдан былай қарай Жетісу қазақтарының ортасында тілмаш
болып, халық мұраларын жинап, Н.Ф.Костелевскийге жіберушілер қатарына
Н.В.Шебалин, А.И.Бардашев, А.Фролов кездеседі. Омбы мектептерінде оқыған
қазақ шәкірттерінен Шоқан Уәлиханов, Халиулла Өскенбаев, Мұстафа
Бүркітбаев, Садуақас Анаев және басқалар. Бірақ олардың жинаған
мәліметтерін Н.Ф.Костылевский тек лекцияғ пайдаланғаны болмаса, ғылыми
тәртіпке түсіріп бастыруды ойламаған. Ол кісінің бар істегені жиып алған
барлық әдебиет мұраларын, не қырдан келген тарихи бағалы хаттарды орыс
тілінде қысқаша мазмұндап, оларды өзінің досы, Петербор мәліметтердің
университетінің профессоры И.Н.Березинге жіберіп отырған. Сол көп арасында
Манас жырына кіретін екі сюжет бар, олардың бірі – осы күнге дейін
белгісіз жатқан ерлік жыры – Қоңырбай (Ер–Нұра), оның сыртына
Н.Ф.Костылевскийдің қолымен героический эпос деп жазылып қойған,
екіншісі – Қарабас ұлы Манас – ертегі түрінде жазылған ерлік жыры. Міне
бұл мәліметтердің барлығы Н.Ф.Костылевскийдің кадет корпусында оқыған
лекциялары арқылы Шоқанға таныс болған. Шоқанның Омбыда оқып жүрген кезі
Ұлы жүз қазағы мен Алатау қырғыздарының Ресеймен байланысын күшейте
бастаған кезі еді. Сондықтан бұл елдің елшілері Омбыға жиі келіп көп уақыт
қонақтап жататын. Мұнда келетін адамдар көбінесе халықтың рухани
тіршілігін, оның шежіресін, ертегі, жырын жүйрік білетін, кілең шешен
билер, құйма ақындар, атақты күйшілер болған.
Омбыда ол кезде қырдан келген билерге, сұлтандарға арнап салған қонақ
үй болған. Ол қонақ үй болумен бірге, ойын сауық–құратын, көңіл көтеретін,
білікті адамдар, ақындар, әншілер кездесетін, мәдениет сарайы сияқты
болған. Ол үйде әрбір аға сұлтан, атақты билердің қасына еріп келген
ақындар айтысқа түсіп, Шөже сияқты атақты ақындар ұзақ жыр айтып, Қанқожа,
Тәттімбет сияқты күйшілер ой түсіретін толқынды күй тартатын болған. Мұндай
атақты адамдардың бас қосқан кезінің ешбірін де Шоқан бос жібермейді.
Міне, осындай мәслихат жиындарда Манас жыры туралы да әңгіме болмауы
мүмкін емес.
Манас атымен байланысты шежіре сөзді Шоқан ең алғаш К.Л.Врангельдің
жазбаларынан оқып көрген. Тегінде, қазақ пен қырғыз халқының ертегі–жырын,
шежіресін, қария сөзін жинауға туу баста, ой түсіріп, із қалдырған сол
шекаралық комиссияда жұмыс істеген декабрист И.Штейнгель мен
М.В.Ладыженский болған. Олардан басқа XIX ғасырдың отызыншы, қырқыншы
жылдары қазақтың халық әдебиетімен әуестенген кісілер – И.Беленьцин мен
А.А.Сотников. Бұдан көрінетін шындық, Шоқан қырғыз жеріне бармас бұрын
Манас жыры туралы көп естіп, оған құлағы әбден қанық болған, қырғыз
халқына, оның рухани тіршілігіне байлан сты мәліметтерді көп оқыған. Манас
туралы әңгімені Шоқан Жетісу өлкесіне кірісімен Ұлы жүз қазақтарының өзінен
ести бастайды.
Ыссық көл саяхаты Шоқанның есінен кетпеген жарқын күндер болған.
Өйткені қырғыз халқын зерттеу жолында бұл саяхат жас ғалымның алдынан
толып жатқан соны дүниелер ашып, қырғыз халқының тарихы, жұртшылығы, рухани
байлығы туралы байтақ, тұнық деректер жинап алуға мүмкіндік туғызған. Бұл
сапарын Шоқан әрқашан ұмытпай, арбір жазуларында есіне түсіріп отырады.
Өзінің қырғыз халқы туралы мақаласында бұл сапарын былай деп есіне алады.
Ыссық көл экспедициясына қатысқан күндер сондай баянды болды. Екі ай
бойы қырғыз халқының ортасында еркін жүріп, көптеген күрделі мәліметтер
жинап алдым, әсіресе халықтың ертегі жырын, тілін зерттеуге көбірек ой
бөлдім.
Шоқаннан бес-алты жылдан кейін Манас жырын белгілі ғалым академик
В.В.Радлов жазып алады. Ол кісі Жетісу қазақтары мен Алатау қырғыздарын ең
алғаш 1862 жылы аралап, бірінші рет оларыдың рухани тіршілігімен, халық
поэзиясымен танысады. Бұл кез қырғыз халқынының Ресейге жаңа ғана бағынған,
халық поэзиясының бүтіндей тұнық жатқан кезі болатын. Сондықтан көреген
ғалым қырғыз халқының эпос жыры толық гүлдену үстінде - деп, Шоқан сияқты
жарқын ойларын айтады. Бұл алғашқы саясаты туралы В.В.Радлов 1863 жылы
20 тамызда Петербор академиясында баяндама жасап, қырғыз бен қазақ тілінде
қаншама байтақ мәліметтер жинап алғандығын айтады. Соның ішінде 80 беттік
Манас жыры бар екендігін айтады. Халық әдебиет үлгілерін жинағанда Радлов
оны еш өзгертусіз, жер-жердегі халық диалектісі бойынша жазып алғанын
түсіндіреді.
Радлов бұл алғашқы сапарының қорытындысы біраз толықтырылып, француз,
неміс тілдерінде басылып шықты.
Қазақ пен қырғыз поэзиясын зерттеп, жинауда В.В.Радловтың ең жемісті
сапары 1869 жыл болды. Бұл жылы аяулы ғалым халық поэзиясының тұнық жатқан
бай жеріне кездесіп, қаншама эпикалық жыр тобын жазып алуға үлгіреді. Оның
ішінде Манас жырының көлемді нұсқасы - Алмамбет, Жолай жырлары. Бұл
жырларды В.В.Радлов көбінесе Ыссық көлдің күнбатыс төңірегін қоныстанған
Сарыбағыш ортасынан, не Торпақ төңірегін мекендейтін Солты тайпасының
ортасынан жазып алады. В.В.Радлов көп жырмен бірге Шоқан жазып алған
Көкетай жырын да жазып алады. Оған Боқмұрын деп ат береді (Жыр бойынша
Боқмұрын Көкетайдың баласы).
Алатау қырғыздарын бірнеше рет аралап, оның байтақ халық жыр мұраларын
толық жинап алған соң В.В.Радлов ол бай қазынаны он бес жыл отырып, ғылым
елегіннен өткізіп, ең соңында қырғыз халқының ерлік жырлар тобынан арнаулы
бір том жасап, оны Солтүстік түркі тайпаларының халық әдебиет үлгілері
деген сериямен баспадан шығарады.
Осы жылы қырғыз мәтінімен бірге оның немісше аудармасы да дүниеге
келеді. Бұл жинаққа: Манастың тууы, Алмамбет, Манас пен Ер Көкше,
Боқмұрын, Көзкамен, Семетей, Иолой, Ер Төстік және Манас
жырының тобына кіретін дастандар да бар.
В.В.Радлов бастырған Манас төңірегіндегі жырлар тобы жарыққа
шығысымен, шығыс халықтарының тілін, әдебиет зерттеуші ғалымдар оны аса
жылы көңілемн қарсы алып, қырғыз халқының әдебиетін зерттеуші ғалымдар оны
аса жылы көңілмен қарсы алып, қырғыз халқының әдебиеті туралы өздерінің
пікірлерін айта бастайды.
В.В.Радловтың еңбегіне ерекше мін беріп, қырғыз халықының әдебиет
мұраларының жарыққа шыққанын зор мәдени іс деп бағалаған, бірінші ғалым,
Петербор университетінің профессоры Э.Петри болды. Қырғыз әдебиетіне
арналған бұл томның маңызы зор. Өйткені бұл томға 12 000 жолдық жойқын
эпикалық шығарма Манас жыры кірген. Сондай-ақ бұл іске В.В.Розен, француз
ғалымдары Барбие де Майнер, Паве де Куртеиль, неміс ғалымы Техмер Кун тағы
басқалар да өз пікірлерін білдірді.
Қазақ пен қырғыз халқының ерлік жырына көңіл бөліп, оның тарихи негізін
ашуға тырысқан кісінің бірі П.М.Мелиоранский болса, Манас жырының
түріне, оның поэтикалық қасиетіне бірінші көз салған ғалым Ф.Е.Корш болды.
Манас жырынан бір үзіндіні Нарынқол төңірегін мекендейтін бір
жыршыдан Мадияр ғалымы Альмаши жазып алып, оны Манастың баласы Семетеймен
қоштасқаны деген атпен Мадияр журналына бастырып шығарады.
Қазақ пен қырғыз халқының әдеби мұраларын, оның ішінде Манас жырын
жинауға бірталай үлес қосқан татар мұғалімдері болды. Олардың ішінен ең
алғаш жинаушылар қатарында Бақтияр Абдул-Уахабты көрсетуге болады. 1889
жылы қазақ пен қырғыз халқын кең аралап, олардың айтуынан көптеген қызықты
ертегі, жыр, тақпақ, мақал сөздер жазып алады. Бақтирдың жазғандарынан
Манас жырын зерттеуге көмекші болғандары насихат, өсиет өлеңдері.
Қырғыз халқының ортасын көп аралап, олардың халық әдебиетіне ой
қойған кісілерден тағы да Ғабдолла Бобиды (1891-1922), Хасан Ғалиды,
Рашидті келтіруге болады. Ғабдолла Боби Құлжаға саяхатқа барып, сонда
қазақ пен қырғыз балаларын оқытқан кісі. Бобидің қазақ пен қырғызға
арнаған үш томдық қолжазбасы күні бүгінге дейін жарық көрмеген.
Әбубакір Дибаевтың кеңесі бойынша, төңкерістен бұрын Манас жырын
жазып алуға кіріскен кісінің бірі – Қаюм Мифтах. Ол ауылдан ауылға, елден
елге кезіп жүріп, қырғыз халқының әдебиеті, жұртшылық тұрмысы жайында ол үш
мың беттік қолжазба тізеді. Төңкерістен кейін (1922) Қаюм өзі жиған байтақ
қазыналарын баспадан жырыққа шығуын талап еткенімен, ол жарыққа шықпайды.
Қазір қырғыз Академиясының қорында сақталып тұр.
1903 жылы Манас жырының бір тарауы Семетейден бір үзіндіні Пішпек
уезінен А.Г.Белинский жазып алады. Ол География қоғамының Алатау
қырғыздарын шығарған арнаулы экспозицияның ғылыми қызметкері. Ол қазақ
тілін жақсы білген. Түркі тілін білу Алатау қырғыздарына барғанда
А.Г.Белинскийге көп көмегі тиген. Пішпек уезін аралап жүргенде ол әрі күйші-
қобызшы, әрі жыршы Кенже-Қара деген манасшыға кездесіп, оны айтуынан
Семетей жырының бір үзіндісін фонографқа түсіріп алады. Семетей жырының
арабша тексін жаздырып алады, олардың орысша транскрипциясын жасайды және
орысшаға аударады.
1942 жылы Манас жыры В.М.Жирмунскийдің қатынасуымен жаңадан
толықтырылып шығады. Манас жырын терең зерттеуші ғалымдардың бірі Лондон
университетінің профессоры А.Т.Хатто. Бұл ғалым Ш.Уәлихановтың,
В.В.Радловтың версияларын тәппіштеп зерттеген.
Ә.Марғұлан Манас жырының Шоқан жазған қырғыз мәтінін тапқан болатын.
Ол XIX ғасырдың орта кезінде Ресейде қолданылған қалың ақ қағазға
жазылған, қырық жеті беттік жеке дәптер еді. Шоқанның 1856 жылғы қырғыз
халқына арнаған өзге жазулары да осы көлемдес қалың ақ қағазға жазылып
отырған.
Елдік пен ерлік энциклопедиясы
Ұлы жыршылар бір бастағанда жарты жыл бойы жатқа айтып тауыса алмаған
мұхит дастан – Манас эпосы. Әлем картасынан сәбидің алақанындай жерді
иеленіп жатқан ақ қалпақты қырғыз халқының бұл эпос–тарихы һәм тағдыры,
батырлық рухы, иесі мен киесі. Бүкіл ғұмырнамасын ұлан–ғайыр эпосқа
сидырып, әрі оны мың жыл жадында ұстап келген ел – зор құрметке лайық.
Иә, әлем халықтарының фольклорында көз жауын алатын небір маржан
дастандар мен лирико–эпостар, қиссалар мен хикаялар бар. Соның ешқайсысы
өзінің көлемі жағынан Манас эпосына тең келген емес. Илиада мен
Одиссеяны жазған Гомер хақында грек ойшылы Платон: Бұл ақын бүкіл
Элладаны тәрбиеледі деген екен. Салыстырмалы түрде айтсақ, сол Илиада
мен Одиссеяның екеуін қосқанда көлемі жағынан Манастан 20 аз. Үнді
халқының мақтанышына айналған Махабхаратаның өзі қырғыз эпосынан 2,5
есе кем. Платонның сөзін жаңғыртсақ: Манас бүкіл қырғыз халқын
тәрбиеледі.
Манас жырының қысқаша тарихы: Тәңір таудағы көшпенді қырғызды
билеген, халық қадірін алысқа әйгілеген Қарахан деген хан тақта отырды.
Оның ерлігін айтуға сөз жетпейді, байлығын көруге көз жетпейді. Бір
басындағы қасиеті аспандағы жұлдыздарға теңерсің. Жасаған ием мәңгілік
ешнәрсе жаратпаған, бұл ойран дүниенің келме кезегі, ұлық–кішігін теңдеп
қоймағы бар екен. Қара жерді қалтыратқан Қарахан да бақи кешті. Оның
тағына ұлы Оғыз хан отырды. Оғыз хан да әділ, аса айбатты, соңынан түмен
қол ертіп, түрік еліне, қырғыздарға пана болып, Шығыстың даласы мен түзін,
тауы мен бұйратын еркін жайлайды. Ол да қайтпас сапарға бет бұрды. Одан
бері таратсақ, Оғыз ханнан Алаша хан, одан Байғұр хан, одан Бабыр хан, одан
Түбей хан, одан Көгей хан тарады. Көгей ханнан ноғай туады.
Жылдардың бір жылында, қарғыс атқан бір түні сауысқаннан сақ ноғай
ханды көрші тұрып ежелден кектескен, дүние–мүлкі мен кең байтақ жеріне көз
алартқан қаскөй қара қытай ханы Эсенхан шауып алады. Ноғай ханның қайыспас
деген белі мертікті, кең дүние тарылды. Алатаудағы қырғыздардың ақ ордасы
қызыл уық боп таланды, ошақ оты сөнді, түрік тайпаларының бірлігі
ыдырады.
Ноғай ханның Оразды, Үсен, Бай, Жақып есімді төрт ұлы болған. Қапияда
шапқан жау төрт ұлды өзгелермен бірге жауыр көртке байлап төрт өлкеге
құлдыққа айдайды. Жаудың ішінде жаутаңкөз пенде болып жүрген Жақып араға
жылдар салып, қытай мен қалмақтың тілін үйреніп, оңтайын тауып шаңырақ
көтеріп, сауда жасап байиды. Айналасына он бес–жиырма үйлі қырғызды топтап,
өзі оларға басшы болып, ауылының үстіне көк байрақ көтеріп ел қатарына
қосылады. Бірақ бәйбішесі Шиыр екеуінің жүрегінің басында қатқан мұң бар
еді. Бір тұяққа зар еді. Жасы келіп қалған Жақыпбай тәңірден бала тілеп,
дүние–мүліктен безіп, ел қыдырып, су сыдырып, тау беткейлеп әр бұтаның
басына бір тоқтап зар төгіп, күңіренеді.
Құдай қош көрсе керек, әулие аян беріп, Шиырды жүкті болады да, нұрға
малынған алып Манас дүниеге келеді. Эпостың болашақ бас қаһарманы, қырғыз
бен иісі түрік жұртының қорғанына айналар айтулы тұлғаның балалық шағы,
өсіп, жетілуі, оңы мен солын танып, дос пен қастың ара жігін айыруы
шығармада аса шабытты баяндалады.
Эсенханның қаскөйлігінен қасиетті Алатаудан ажырап, еріксіз Алтай
тауын мекендеген елдің сағынышы мен ішкі мұңы, бірлігі мен мақсаты, ата
жауға деген өшпенділігі, сақтап қалған салты мен дәстүрі, тілі мен ділі
айшықты суреттеледі.
Бір ғана мысал. Біздің дәуірімізге дейін–ақ жазу–сызуы қалыптасқан
қытай елінің қасиетті кітабында, түбінде Бежинді Манас деген қырғыз шауып
алады. Алты ай билік құрып, хан болады, деген жолдар бар екен. Осыдан
шошынған Эсенхан күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылып, Манасты іздеуге
шапқыншы шығарады. Мұны естіп, жаудан теперіш көріп қалған қырғыз жұрты
бала Манастың атын атамай, он екі жыл бойы жасырын ұстайды. Бұл ел
бірлігінің айғағы еді.
Манас, Манас болғалы,
Манас атқа қонғалы..
Дұшпан көздің сұғында өскен Манас ер жетіп, жанына қырық шорасын алып
атқа қонып қырғыз жұртына ақырып теңдік сұрайды. Алда екі мақсат – бірі
Эсенхан, Қоңырбай, Несқара, Жолай сынды жаудың тепкісінен туған елін
құтқару болса, екіншісі – Алтайдан қырғыздардың ежелгі мекені Алатауға
көшу.
Эпоста Манас атса оқ, шапса қылыш өтпейтін батыр, алдын–артын тегіс
болжаған көріпкел, қара қылды қақ жарған әділ хан, азаткер бейнесінде
көрінеді. Көкетай ханның асы атты тарауларында тарихи шындық ешқандай
боямасыз көрініс табады. Әсіресе ата жауды еңсерген ер Манастың Алатауда
қалған Қошай қарияны іздеп Тарбағатай мен Қарқараны басып өтіп, Ыстықкөлге
келіп тізгін тартуы, бабалардан қалған құтты қоныста аунап–қунап ес жиюы,
Қошай ханмен көрісіп Алтайға кері аттануы қызу шабытпен суреттеледі.
Жырда Манас жалғыз емес, оның жанындағы Ақбалта, Ажыбай, Сырғақ, Шуақ,
Бақай, Алмамбет, Ер Үрбү, Ер Өкше, Қырғыл сынды батырлардың ерлігі ерекше
іспеттеледі.
Манастың анасы Шиыр, құдай қосқан жұбайы, ақылы мен ажары келіскен
Қаныкей, Ер Көкшенің бәйбішесі Ақеркеш секілді әйелдер бейнесі эпоста
бастан–аяқ қатысады. Батыр–аңғал, ер–күдік, кейбір сындарлы сәттерде
тапқыр шешім, батыл ой солардың аузымен айтылып, іске асады.
Манас – тарихи шежіре. Эпостың бас кейіпкерінің өмір сүрген уақыты
1000 жылдың ар жағы десек те, зерттеуші ғалымдарымыз әлі күнге сол кезеңді
тайға таңба басқандай ғып айта алмай келеді. Ұлы туындыдағы аса шиеленісті
уақиғалар, алуан түрлі шайғастар Орта Азияға Ислам діні келгенге дейін
өткені анық. Эпостың Саяқбай, Сағымбай, Молдабасан, Тоголок Молдо, Бағыш
Сазанов, Мәмбет Чокморов жырлаған нұсқалармен танысқанымызда Манас
оқиғасы бір дәуірдің құшағына симайтын аса көлемді жойқын эпопея екендігіне
көз жеткіздік. Рас, қоңыраулы керуендей талай ғасырдың тасасында қалған
тарихқа көз жүгіртсек, ұлы далада шапқыншылық та, сыртқы жаудан қорғануда,
топтанған тайпалар, ұлттар мен ұлыстардың қасиетті отанының тәуелсіздігі
мен бостандығы жолындағы күресі де аз ұшыраспайды. Ежелгі ақындар мен
жыршылардың қиялының күштілігі сондай ерте заманда өтіп кеткен қадау–қадау
оқиғаларды бір эпосқа қиыстырып теліп, ұлы жырды шиеленістіре,
тапқырландыра, көріктендіре түскен.
Эпостың Манастан өзге кейіпкерлерінің біразы Орта Азиядағы әр ғасырда
өмір кешкен, тарихтан мәлім белгілі тұлғалар. Тіпті қазақтың қиял–ғажайып
ертегісіндегі Ер Төстіктің өзі астындағы Шалқұйрық атымен жер атстынан
шығып келіп, Манасқа жолдас болуы, Көкетайдың асындағы қырғынға қатысып,
Бежинді бірге шабысуы осы айтқан сөзімізге дәлел.
Қытай хандарының басқыншылық саясатына қарсы күрес, Бежинді алу түрік
қағанаты кезіндегі, ал қорлықтар мен қырғыздардың бірігуі, Манас пен
Алмамбеттің достасуы, қиқандардың Бесболыққа, Жетісуға шабуыл жасауы VII-IX
ғасырлардағы Қарахан дәуірінің ұлы оқиғаларымен үндесіп жатады.
Қай дәуірдің перзенті болса да Манас – тарихи тұлға! Қырғыз халқының
ұлы мақтанышы, өшпес рухы. Бір сүйсінерлігі, осыдан он ғасыр бұрын өмір
сүрген Манас атының, оның өсіп–өнген, тірлік кешкен өңірінің аты әлі күнге
сол қалпында аталуы. Мәселен, Алтайдағы Жайыр тауының оңтүстік беті осы
кезге дейін Манас ойпаты делінеді. Үрімшіге жақын жерде Манас қаласы
бар. Алтайдан бермен созылып жатқан, заманында Манас көш түзеген
Тарбағатай, Сауыр, Ұрқашар тауларының қойнаулары мен беткейлерінде Манас
есімімен аталатын жерлер аз емес.
Манастың тұяқ тоздырған көш жолы, ат ойнатып шайқас салған өлкелері,
елдің бірлігін ойлап кеңес құрған жерлері, аң қағып сейіл–серуен кешкен
тауы мен тасы күні бүгіндері де аз қалпында тұр. Мәселен, эпоста
суреттелетін Алатау, Алтай, Ыстықкөл, Талас, Атбасы, Қасқара, Ош, Арпа,
Құланды, Самарқан, Бұқара, Жетісу соның бұлтартпас айғағы.
Эпос–қырғыз бен қазақтың төл тарихы, ортақ қазынасы, тозбас мұрасы
дедік. Оған дәлеліміз, алдымен аталатын ортақ жер–су атаулары десек,
екіншіден, Манастағы елдің ауызбірлігін көксеп, ата жаудан ақ білектің
күші, ақ найзаның ұшымен теңдік сұрайтын батырлардың көпшілігі қазақтың
негізін құраған ру өкілдері. Эпостың басым бөлігінде өзінің ерлігімен,
кейде аңқау, аңғалдығымен баян болатын Айдарханұлы Ер Көкше қазақ халқының
өкілі. Ер Көкше мен Манас батырдың қандыкөйлек достығы, хан баласы Алмамбет
елінен қашқанда ауылына алып келіп тоғыз жыл пана болуы, дұшпандардың айдап
салуымен екеуінің реніші, араға жылдар салып қайта табысуы Ер Көкше
бейнесін айрықша сомдай, күрделендіре түскен. Бір туған қырғыздың басына
қиямет–қайым күн туғанда Арқадан Ер Көкшенің көмекке қалың қолмен алып–ұшып
жетуі ежелгі бауырластықтың жарқын көрініс демеске амал жоқ.
Манас отыз екі жасында Алтайды мекендеген қырғыздардың қалың қолын
көшін бастап Алтауға көшкенде көштің оң қанатын бастап Ер Көкше келе
жатады. Ұлы жорыққа аттанарда Манастың жанынан тағы да қазақ досы табылады.
Көрнекті Манасшы Сағымбай Оразбақовтың нұсқасында бұл тұс:
Сарыарқаны жайлаған,
Сан қазағын айдаған,
Келістіріп кермеге
Кертөбел ат байлаған...
Алтынды сауыт, жез өкше,
Айдархан ұлы Ер Көкше,
Көкшенің қолы көрінді,
Шаңмен әскер көмілді,
Өзенге симай бұрқырап,
Өзің көрген көп қазақ,
Өлеңін айтып шұрқырап,
Батыр Көкше келгелі,
Аттан түсіп Манасқа
О да сәлем бергені...
Семізден таңдап мал сойып,
Қазыдан таңдап жал қойып,
Еріккенше ет беріп,
Есте жоқтың барлығын,
Иек астына келтіріп
Әр басына қарасаң,
Екіден табақ жеткерін, – деп жырланады.
Эпоста мұнан өзге арғыннан Ажыбай, Қоман–Жампыр, Қаражоқа, Алеке,
Баубек, Мәжік, уақ руынан Ер Қосай, Байымбет, Бағаналы Найманның Ақтаз
тайпасынан Үрб, сынды аруақты ерлердің аты аталады. Қанды шайқастарда, түн
қатқан жорықтарда әманда Манас пен Алмамбеттің, Бақай мен Шуақтың жанынан
табылады. Ересен ерліктің иесіне айналады.
Монғол дәуірінен көп заман ілгері жасаған, қазіргі кезде қазақ
руларының негізін құрайтын Ұлы жүзден Үйсін, Жалайыр, Қаңлы, Орта жүзден –
Арғын, Қыпшақ, Керей, Найман, Уақ, Қоғырат, Кіші жүзден – Алшын, Шеркеш,
Кердері, Тама, Телеу, Керейт тайпалары Алтайдан Алатауға, Жетісудан Бежинге
дейінгі аралықты қамтыған ұлы жорыққа, қанды қырғын мен ұлан–ғайыр асқа,
торұалы тойға, топырақты қлімге қырғыз жұртымен бірдей ат салысады.
Он ғасыр жасаған Манас эпосы үлкен–үлкен үш бөлімнен құралған. 65
варианты табылады. Ұлы жырдың желісін үзбей орындаушылар мен қағаз бетіне
түсіріп, кейінгі ұрпаққа асыл қазынаны аманаттап кеткен жаны жаннаттта
болғыр жәдігерлердің кейбіреуін атап өту парыз.
Манас жырын жырлаған жомықшылар
1. XІX ғасырдың 60 жылдары аты-жөні белгісіз жыршыдан В.В.Радлов жазып
алған нұсқа. Семетей мен Сейтек жырын қоспағанда 9 449 жол. Манастың
көптеген қызықты сюжеттері қалып қойған. Біраз оқиғалар қысқартылып,
ықшамдалған. Алайда көркемдігі мен жүйелілігіне нұқсан келмеген.
2. 1922-26 жылдары атақты манасшы Сағымбай Оразбақовтың айтуымен
Қырғыз Республикасының Нарын облысыың тұрғындары К.Миктаков пен
И.Абдрахмановтың жазып алған нұсқасы. Жалпы көлемі 180 378 жолдан тұратын
бұл нұсқа толық жарияланған жоқ. Тек кейбір тараулары ғана 4 томдық болып
жорыққа шықты.
3. Атақты Саяқбай Қаралаев жырлаған нұсқа. 1935-37 жылдары К.Жұмабаев
пен. И.Абдрахмановтың ұйымдастыруымен жазылған. Жол саны - 84 830. Манас
эпосының ең көркем жырлаған түрінің бірінен саналады.
4. Тоголок Молданың айтуындағы эпостың 53 045 жолы сақталған.
5. Қырғыздың белгілі ақыны әрі композиторы Молдобасан Мұсылманқұлов тіл
және әдебиет институтының (Қырғыз Республикасы) қолжазба қорына Манастың
57 718 жолын жазып қалдырған.
Халық қазынасын ғұмыр бойы жырлап өткен құйма құлақ, құстаңдай қариялар
ондап, жүздеп саналғанмен, біразының есімі бұл күнде ұмыт. Олардың басты
мақсаты өзі аты-жөнін әйгілеп, тарих сахнасында қалу емес еді.
Манастай жыр-дария барша түркі жұртына ортақ мұра десек те, түпкі
иесі – қырғыз халқы. Осы ұлт жыршыларының айтуымен Орта Азия мен қазақ
еліне тегістей тарады. Ал, оның даңқын одан әрмен асырып, әлем
жұртшылығына алғаш танытқан бауырлас қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов болды.
Небәрі 21 жастағы Шоқан қырғыз еліне саяхатқа шықпас бұрын Манас
жыры туралы, жалпы қырғыз халқының тұрмыс-тіршілігі, ауыз әдебиеті мен
салт-дәстүрі туралы көп естіп, оқып-біліп қанығады. 1856 жылы мамыр айында
Жетісу өңіріне табан тигізген ғалым өзі ынтық болған Қарқараның маңындағы
Манастың бөзтөбесі табиғатына сүйсінген Шоқан ілгері беттеп Ыстықкөл
маңындағы Түп өзенінің бір сағасында жайлауда отырған қырғыз жыршысына
жолығады. Сол күні ғалым күнделігіне 26 май. Бүгін менде қырғыз
жыршысы болды. Ол айтқан Манас жырының бір тарауы саналатын Көкетай
ханның асы дейтін жырды қырғыз ақынының айтуынан жазып алдым. Бұл қағаз
бетіне бірінші түсірілген қырғыз сөзі болуы керек. Бұл жырды мен орысшаға
аударып жүрмін. Белгісіз жатқан тілмен шығысты зерттеуші ғалымдарды
таныстыру үшін қысқаша сөздік жасамақ ойым бар. (Ш.Уәлиханов. Шығ. Жинағы,
Т.1. 250).
Өзінің бауырлас елден тапқан олжасына қуанған Шоқан Жонғария
очерктері атты әйгілі зерттеу еңбегінде: Бірнеше күн айтса бітпейтін
жойқын дастанның мен бір ғана тарауын жазып алдым. Ас беру, ат шаптыру
сияқты халық тұрмысын ашық суреттеу жағынан Көкетай ханның асы Манас
жырыныың ең бір тамша тарауы - деп жоғары бағалайды.
Жырдың бұл тарауы мен қырғыздар жайлы зерттеу мақала Ш.Уәлихановтың
Жоңғария очерктерімен бірге 1861 жылы неміс, кейіннен ағылшын, француз
тілінде жарық көрді. Сөйтіп, ұлы ғалым Манас эпосын тұңғыш рет әлем
жұртшылығына танымал етті.
Көркемдігі мен тарихы құндылығы жағынан Манас эпосы әлемнің жауһар
туындыларының алдыңғы қатарынан орын алады - деген бағасынан көзі
жұмылғанша танбай өткен заманымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов еді.
М.Әуезов бауырлас елдің ұланғайыр эпосымен отызыншы жылдардың басында
танысады. Ол жайында Киргизский героический эпос - Манас деген көлемді
зерттеуінде: Мен Манас эпосы туралы еңбегімді 1935 жылы жазып, 1937 жылы
кері толықтырдым. 1944 жылы қайтадан сын көзден өткізіп, жетілдіріп тіл-
әдебиет институтына тапсырдым. Айта кететін бір жәйт, отзыншы жылдардың бас
кезі мен орта шенінде Манастың Сағымбай жырлаған нұсқасынан басқа еш
нұсқа жоқ еді. Қаралаевтың 1936 жылы жаздырған нұсқамен таныстым. Бірақ ол
әлі ақталмаған екен. Молдобасанды жырды айтқан сәтінде тыңдадым. Алайда
қағазға түскенін оқығаным жоқ, -деп жазады.
Манасты кертартпа туынды деп ел аузынан жұлып алып соттағалы
жатқанда, Алматыдан ұшып жетіп, Фрунзе қаласында 1952 жылғы шілдеде өткен
аса тартысты конференцияда эпостың баға жетпес құнды туынды екендігін
дәлелдеп ашына сөйлеген еді. Қырғыз халқына Манас эпосы керек пе, жоқ
па деген тақырыптағы дауға қақырата соққы беріп, мың жылдық Манасты
халық құшағына қайтадан табыстырған М.Әуезов болатын. Ұлыны қашанда ұлы
танып бағалаған. Ел тынышта жұрттың бәрі батыр, ал, бұл сол бір аласапыран
заманда ұлы ерлікке бара-бар іс еді!
Әуезовтың өзі атақты Қаралаевпен қимас дос-жаран боп өткен. Мұқан
көңілденген сәттерде: Пәлі, біздің Саяқбайдың жұмыртқадай басына миллион
жолды Манас сиып жүр дегенді жиі қайталайды екен.
Манасқа Ш.Уәлиханов пен М.Әуезов қандай еңбек сіңірсе, Шоқан жазып
алған Көкетай ханның асының қолжазбасын тауып, зерттеуде, тың тыжырымдар
мен пайымдаулар жасауда қазақтың біртуар академик ғалымы Әлкей Марғұлан да
сондай еңбек сіңіргенді. Әлкей Марғұлан эпосты XVI ғасырдың бас кезінде
қағаз бетіне түсірген Ферғаналық Сейфуддин Ахсикентиден бастап Н.Бичурин,
С.Малов, В.Радлов, Н.Весиловскийге дейінгі аралықтағы Манас жөніндегі
пікір айтқан ғалымдардың еңбегін салғастыра отырып, жырға бастан аяқ
талдау жасап, Шоқан және Манас атты асы құнды ғылыми еңбек жазды.
Эпостың мазмұны мен сюжеттік құрылысы, қаһармандар мен жерсу атаулары,
олардың тарихи негізі, жырдың шығу уақыты сынды мәселелерді жілікше шағып
зерттеді.
Ғалым мұнымен бірге Көкетай ханның асы тарауын Шоқан Уәлиханов жазып
алған нұсқадан қазақ тіліне көркем тәржімалап, Көкетайдың ертегісі деген
атпен жеке етіп бастырып шықты.
Манастың жекелеген үзінділерін ғана білетін жыршы атаулының бәр-бәрі
манасшы бола бермейді. Ауыз әдебиетіндегі шағын көлемді жырды айтушы
Секетбай, Күнген сияқты жыршылар манасшы емес. Нағыз батырлық жырды
айтушылар, яғни жомықшылар мұндай көлемі шағын жыр-дастандарды айтып
таратпаған.
Лирикалық және тұрмыс-салт жырларына қоса батырлар жырынан да үзінділер
айтатын қазақ ақындарына қарағанда қырғыз жыршыларының репертуары, тіпті
айту мәнері де басқарақ. Ойын-тойда әралуан өлең-жыр айтатын жыршылар
Манастан немесе Семетейден жаттап алған үзінділерін де айтатын болған.
Нағыз жомықшы айтатын Манасты бастан-аяқ тұтас білмейтін жұрт оның
болмашы үзінділерін ғана жаттап алған жыршылардың өзін дардай көріп,
керемет санаған. Ал Манасты үш ай бойына жырлағанда тауыса алмайтын
Сағымбай жыр құмар жұрттың баршасының бірдей қолына түсе бермеген.
Сондықтан әр жерде өздерінің әралуан жыршыларын керемет манасшы деп
ойлаған. Әйтпесе сол жыршылардың талайы-ақ Манастың екі-үш қана үзіндісін
(Көкетайдың асы, Ұлы жорық), Семетейден Ай-Шөректі ғана білетін.
Манастың өте ертеде, ежелгі кезде айтқан жыршылардың бірде-бірінің
есімі ел есінде немесе жомықшылардың жырында сақталмаған. Тек отау үйдің
нақышын жарым күн бойы жырлаған жорықшы-жырды (ырчи) Жайсаңның есімі ғана
Сағымбай вариантында аталады. Бірақ Манастың замандасы болыпты-мыс дейтін
бұл аңыз ақын жайында бұдан басқа тіпті қосалқы, жанама мағлұматтар да жоқ.
Сондықтан да Манастың алғашқы нұсқаларын осы ақын шығарды дегенді тек
долбар, болжал түрінде ғана айтуға болады.
Эпостың ежелгі жыршыларының бірде-бірінің есімі сақталмауы неліктен?
Тіпті ең болмағанда өзінен бұрынғылардың дәстүрін мирас еткен жыршы
солардың қайсыбірінің есімін сақтаса керек еді. Басқа халықтардың эпосында
осындай хал бар ғой. Ал қырғыз эпосында дәстүр басқашарақ сияқты. Мұнда әр
жыршы эпостың қалай туып тарағанын және соны кімнен жаттап үйренгенін әдейі
жасыратын тәрізді. Тек жоғарыда аталған жайт болмаса, Сағымбай да осылай
етеді. Сөйтіп жыршылар өздерінен бұрынғы айтушыларды ауызға алмайды.
Осы мәселені айқындай түсетін тағы да бір жәйт бар. Ол қырғыз
эпосындағы өзгеше бір өзіндік ерекшелікке байланысты. Қырғыз жомықшыларының
арасында жырдың даруына, жырдың қонуына сенушілік болған. Сондықтан да
Манастың нағыз майталман жыршылары өздері айтатын нұсқаны - тәңірі бойға
дарытқан қасиет, Манасты бастан-аяқ білгізген де - сол ғаламат күштің
жемісі деп танытуға тырысқан.
Эпостың көлемінің мейлінше молдылығы да тыңдаушылардың осыған илануына
себепкер болған. Жырды тұтас күйінде жаттап алу мүмкін деп те ешкім
ойламаған. Әр жыршының айтуындағы ұқсас, ортақ жерлерді де ешкім анықтап
жатпаған. Бірақ көне құлақты қарттардың айтуынша Сағымбайдың, Тыныбек пен
Ақылбектің жырлауында ортақ мезеттер болған. Сөйтсе де Манастың әр
жыршысы өз нұсқасын дербес деп санап, оны тәңірінің бойға дарытқан өнері,
өзгеше қасиеті деп білген. Кейін бірде-бір жомықшы бұдан аттап өтпеген.
Сағымбай да - солардың бірі. Манасты жырлау өнері атадан балаға, ұрпақтан
ұрпаққа ауысқан. Сөйтсе де олар жыр дару күшіне, тәңрінің осынау ғаламатына
иланудан танбаған. Әр тұстағы үздік шыққан, ірі-ірі жыршылар өз кезіндегі
буынға ғана мәшһүр болған. Ал әрбір жаңа ақын өз есімін ғана ауызға алған.
Сағымбай нұсқасы да солай. Оның аты-жөнін жырдың әр тарауында қайталап
отырады.
Сірә Сағымбай - эпосты айтушылардың ішіндегі жеке творчествоның ролін
ең тұңғыш ұғынған жыршы болса керек. Бәлкім, ол өзінің авторлығын сақтауды
да саналы түрде түсінген шығар. Жырдың ішінде кезеңі келгенде оның өзі
жайында айта отыратыны да осыдан.
Осы орайда атап өтетін бір қызғылықты жәйт бар. Сағымбай нұсқасында
Жайсаң жыршы (ырчи) бір тұста ауызға алынады. Қалмақ тілінде бастық деген
мағынаны беретін бұл сөз (Жайсаң) қырғызша дәулет, молшылық, ұлылық деген
мәнді де аңғартады. Сонда Манастағы Жайсаң жыршы қазақтың Қозы Көрпеш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz