Құрылыстағы сметаның орындалуын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жобалау



1. Қолдану саласын талдау
2. Мәліметтер базасын тұрғызудың құралы (BPwin, ERwin)
3. Инфологиялық моделін тұрғызу
4. Датологиялық моделін тұрғызу
5. Физикалық моделін тұрғызу
6. Модельде қолданылатын мәліметтердің үлгісі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құрылыс және оның өндірістік базасы әр мемлекеттің жүйелі экономикалық аясы болып табылады. Машина жасау өнеркәсібімен бірге экономиканың негізгі салаларында негізгі өндірістік қор құруға қатысады. Құрылыс саласының масштабы мен темпі басқа экономикалық салалардағы ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдығын анықтайды. Құрылыс саласы өндіріс масштабының техникалық деңгйі және халық шаруашылығының барлық түріне шешуші бағасын береді. Бұл көзқарас жаңа кен орындарын табуға, ашуға, ҒТП түрленуіне, өндірістік күштер мен материалдардың сарқылуына, модернизация есебінен өндірісті жүйелі дамытуға, кәсіпорындарды жөндеуге байланысты туындайды.
Құрылыс кешені экономика өзгеруіне сезгіштік танытады, бұл құбылыс, әсіресе, экономика кризисына қатысты, инфляцияға тәуелдігі жоғары есептемелерге, экономикадағы жұмыссыздыққа байланысты және де құрылыс кешені экономиканы кризис жағдайынан құтқарады, ол дамыған елдердін тәжірибесінен белгілі.
Кеңестік құрылысты қаржыландыру жүйесі дәстүрлі (жоспарлы) құрылыс саястына сай жүргізілді, жалпы және орталықтандырылған аймақтарға бюджеттік ресурстарды орналастыру оны мемлекеттік тұрғын үйді салуға және тұрғын үй жағдайын жқсарту қатарында тұрған азаматтарға тегін баспана беруге арналған, сапалы көрсеткіштерге қарасақ тұрғын үй жүйесі Қазақстанда оңтайлы жүргізілуде. Халық саны 15 миллион тұрғындарға көлемі 253 миллион м2 адам басына 17 м2 жуық, бірақ сонда да көптеген кемшіліктер байқалады. 264 мың жанұяны тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жылына 3-3,5 мллион м2 жаңа үй тұрғызу қажет. Тұрғын ұй мәселесі көш-қонға байланысты өзгеруде – көптеген аймақтарда ұсыныс сұраныстан жоғары, кейбір аймақтарда тұрғын үй иесіз қалуда.
1. «Совершенствование системы ценообразования в современном строительстве» К. Кажымұрат, С. Донцов / Евразийское сообщество,2005 №1(59стр)
2. «Пути развития производственной базы строительства в РК» Ж. Адилов, А. Жусупова / Высшая школа Казахстана,2004 №2(150-153)
3. «Программа долгосрочного финансирования жилищного строительства» Постановления РК от 28 ноября 2002 г. №1774
4. «Тұрғын үй құрылысы тұралы» С. Садықов / Егемен Қазақстан 1 маусым 2004

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі 
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Құрылыстағы сметаның орындалуын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жобалау

Орындағандар: Джирембаева М.,

Карменова Қ.

III-курс 302 топ
ЭАЖ мамандығы
Тексерген: оқытушы
Қайнарбаева Г.Б.

Қорғауға жіберілді
.______________ _______

Алматы 2005 ж

Жоспар

1. Қолдану саласын талдау
2. Мәліметтер базасын тұрғызудың құралы (BPwin, ERwin)
3. Инфологиялық моделін тұрғызу
4. Датологиялық моделін тұрғызу
5. Физикалық моделін тұрғызу
6. Модельде қолданылатын мәліметтердің үлгісі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қолдану саласын талдау
Құрылыс және оның өндірістік базасы әр мемлекеттің жүйелі экономикалық
аясы болып табылады. Машина жасау өнеркәсібімен бірге экономиканың негізгі
салаларында негізгі өндірістік қор құруға қатысады. Құрылыс саласының
масштабы мен темпі басқа экономикалық салалардағы ғылыми-техникалық
прогресстің жылдамдығын анықтайды. Құрылыс саласы өндіріс масштабының
техникалық деңгйі және халық шаруашылығының барлық түріне шешуші бағасын
береді. Бұл көзқарас жаңа кен орындарын табуға, ашуға, ҒТП түрленуіне,
өндірістік күштер мен материалдардың сарқылуына, модернизация есебінен
өндірісті жүйелі дамытуға, кәсіпорындарды жөндеуге байланысты туындайды.
Құрылыс кешені экономика өзгеруіне сезгіштік танытады, бұл құбылыс,
әсіресе, экономика кризисына қатысты, инфляцияға тәуелдігі жоғары
есептемелерге, экономикадағы жұмыссыздыққа байланысты және де құрылыс
кешені экономиканы кризис жағдайынан құтқарады, ол дамыған елдердін
тәжірибесінен белгілі.
Кеңестік құрылысты қаржыландыру жүйесі дәстүрлі (жоспарлы) құрылыс
саястына сай жүргізілді, жалпы және орталықтандырылған аймақтарға бюджеттік
ресурстарды орналастыру оны мемлекеттік тұрғын үйді салуға және тұрғын үй
жағдайын жқсарту қатарында тұрған азаматтарға тегін баспана беруге
арналған, сапалы көрсеткіштерге қарасақ тұрғын үй жүйесі Қазақстанда
оңтайлы жүргізілуде. Халық саны 15 миллион тұрғындарға көлемі
253 миллион м2 адам басына 17 м2 жуық, бірақ сонда да көптеген
кемшіліктер байқалады. 264 мың жанұяны тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін
жылына 3-3,5 мллион м2 жаңа үй тұрғызу қажет. Тұрғын ұй мәселесі
көш-қонға байланысты өзгеруде – көптеген аймақтарда ұсыныс сұраныстан
жоғары, кейбір аймақтарда тұрғын үй иесіз қалуда.
Алматы және Астана қалаларында тұрғын үйге деген ұсынысқа байланысты
құрылыс бизнесс элита, шетел және мемлекеттік органдар және кәсіпкерлер
қызығушылығын білдіруде.
Мамандар тұрғындардың денгейінің есептерін шғарып, ипотекалық
несиелеумен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жаңа ережедегі сызбалары
дайындалды. Талдау мәселелері көрсетіп отырғандай бүгінгі таңда елімізде
арзан тұрғын үйдің жаңа рыногы мүлдем жоқ. Тұтынуға негізінен қымбат,
элиталық үйлер ғана ұсынылады. Мұндай баспаналардың бағалары, әсіресе,
Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында жоғары.
Құрылыс материалдары, тиімді конструкциялар мен технологиялар өдірісін
дамыту мәселесіне тоқталсақ, отандық өнеркәсібі құрылыс өндірісінің
қажеттіліктерін толық түрде қамтамасыз етпейтініне назар аударамыз.
Экономикалық-ұйымдық реформалау жүйесінің инвестиция, жобалау,
объектілер тұрғызу, сонымен қатар, инвестициялық-құрылыстық қатынастарға
қатысушылар арасындағы қарым-қатынасқа (қазіргі кездегі экономикалық
жағдаймен байланысты) баға белгілеуді жетілдіру басты бағыт болып табылады.
1991 жылға дейін жоспарлы экономика жағдайында құрылыстағы жаңа көтерме
бағалар, тарифтер мен сметалық нормаларға көшу жоспарлы түрде өтіп жатты.
Құрылыстағы мемлекеттік сметалық нормалар мен бағалардың жаңа деңгейге өтуі
1991 жылға жоспарланған. Соған орай 1989-1990 жж. өндірістік өнімдерге жаңа
прйскуранттар, көліктердің жаңа тарифтері, энергетикалық ресурстар,
еңбекақы, құрылыстағы жаңа сметалық нормалар белгіленді.

2. Мәліметтер базасын тұрғызудың құралы (Bpwin, ERwin)
Әлемдегі мәліметтер базасының жобалауының ең белгілі құралдары болып
Bpwin, Erwin табылады. Олар АҚШ-тың Logic Work Inc компаниясымен IDEF
стандарты негізінде құрылған. 1998 жылы Logic Work және Platinum technology
(өз кезегінде бағдарламалық өнім жеткізіп беруші ең ірі Computer Associates
компаниялардың қатарына кіреді), олар Platinum technology атымен шығарылады
және өнімдер кешенінің құрамына және Platinum Advantage қолданбалы өңдеу
технологиясының құрамына кіреді. Өздерінің ұқсас өнімдерімен қоса, қымбат
емес бағасымен, үйренудің оңайлығымен және сонымен қоса, Case - құралдар
ұсынатын барлық мүмкіндіктерді, яғни платформаларды көп көлемде қолдауды,
мәліметтер базасын құрудың құралдарының жоғарғы интеграциясымен
ерекшеленеді.
Осы аталғандармен қоса, құралдарды келесідей қолдануға болады:
• Қарастырылатын мәселенің заттай облысын жобалау (Bpwin)
• Жоғарыда аталаған МББЖ-ның (мәліметтер базасын басқару жүйесі) кез-
келгенінемәліметтер базасының құрылымын жобалау (Erwin)
Bpwin (BusinessProcess Engineering) процесстің моделін және бизнес-
процесс талдауына функционалды модельді құруға мүмкіндік береді.
Диаграмманың осындай түрінің құрылуы бизнес-процессті құжаттайды
(қалай олар жасалынуы керек және жасалынады), бизнесті қолдауға керекті
ақпаратты көрсетеді, жұмыстың әр түріне жауапкершілік белгілейді, көрнекті
мысалдармен қызметкерлерді оқытуды қамсыздандырады. Осының бәрі процесстің
тиімділігін және өнімділігін түсінуге мүмкіндік береді, керекті метриканы
нығайтады, коммуникацияны орнатады, жұмыстағы “тар орын” пайда болуының
себептерін талдайды.
Bpwin диаграммаларында бизнес процесі, әр жұмысқа керекті жұмыстардың
байланысы, жұмыстың нәтижесі, материалдар, ақпарат және шикізаттар, жұмысты
атқаратын адамдар және әр жұмыстың құны.
Bpwin құрылатын диаграмманың 3 түрін қарастырады:
1. Модельденетін жүйенің жалпы түрі, модельдің барлық жұмысына
жауаптылар және жұмысты бақылау механизмі көрсетілген контекстік диаграмма
1- сурет. Контекстік диаграмманың жалпы түрі

Контекстік үшін декомпозиция диаграммасы бірнеше болуы мүмкін. Жалпылай
алғанда, ол былай көрсетіледі:

2-сурет. Декомпозиция диаграммасының жалпы түрі

Контекстік диаграмма нақтыланған және олардың байланысы
берілген жеке жұмыс түрлеріне бөлісуі көрсетілген декомпозиция диаграммасы.
Дерево узлов (тармақталған ағаш) диаграммасы келесі түрде болады:

жұмыс

3-сурет. Bpwin жүйесіндегі дерево узлов (тармақталған ағаш)

Контекстік диаграмма

Декомпозция диаграммасы

2. Модельді “тез шолуға” мүмкіндік беретін және декомпозиция
әдісін тексеретін, “дерево узлов” (тармақталған ағаш) диаграммасы.
Bpwin – бизнес-процессті модельдеудің құралы, IDEFO әдісін іске
асырушы. Bpwin-нің қазіргі түрі берілген ағындар диаграммасын және жұмыстар
ағынын қолдайды. Модельдеу процесінде Bpwin IDEFO нотациясымен қайта
қосылады. IDEF 3 немесе DFD нотациясымен кез-келген модель бұтағына
қосылады және аралас модель құрады.
Erwin МББЖ-ның мынандай түрлеріне мәліметтер базасын құруға мүмкіндік
береді: SQL Server, Sybase, Paradox, Informix, Progress, Inter Base,
Access, Rdb, Clipper, FoxPro және өте көп таралған басқа да МББЖ үшін.
Қосымшаның сервистік бөлігі үшін Erwin нормалауды қамтамасыз етумен
берілген логикалық моделін (Bpwin-нан есептелген немесе басқа да құралдар
көмегімен құрылған), сосын таңдалған МББЖ-ның сферасында тұтастық
сілтемесінің есебімен физикалық объектілерді құру. Бұл логикалық модельдің
жылдамдатылған келісуі және нақты мәліметтер базасының екі бағытында
қамтамасыз етеді.
Сонымен қоса, Erwin триггерлер, сақталатын процедуралар және автоматты
түрде генериттеу деп аталған платформалардың кез-келгеніне Мәліметтер
базасының схемасын немесе аталған DDL – SQL тілінің кеңейтілуі берілгекн
процедураның тиісті өзіне скрипт ұсынатын мәліметтер базасынқұрудың
сценарийі.
Сценарийде таблицаны құрудың барлық процедуралры енгізіледі, индекстер
, триггерлер, ақпараттың жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне керекті, ал сцеанрий
автоматты түрде Er диаграммадан құрылады. Осылай, мәліметтер базасын
басқару бойынша программа жазу автоматты түрде қолмен сызылатын схема
негізіндегі генерация програмасына айырбасталады.
Айта кету керек, Case құралдарының көбінесе өзінде бар физикалық
өзіндік құрылымы (бұндай процедура кері жобалау немесе реинженеринг деп
аталады) бойынша мәліметтербазасының схемасын тек қайта қалпына келтіреді.
Бірақ Erwin тек жазық таблицаны ғана емес, сонымен қоса, кейбір
байланыстарды, сондай мәліметтер базасы бар индекстерге сүйене отырып,
қайта қалпына келтіреді.
Erwin-де негізгі көңілді триггерлерді құру және сақталатын
процедураларға бөлінген. Сілтеуші бүтіндікті қолдуды іске асыратын
трггерлерге шаблондар бар, тұтынатын триггерлерді құру үшін арналған
макростар кітапханасы да бар.
Егер ірі көлемде проект құрылатын болса, онда мақсатты МББЖ ортасында
мәліметтер сөздігін сақтау мүмкіндігібар, ұжымдық репозиториға кіру
мүмкіндігін қамтамасыз ететін клиенттік жұмыс орны бар.
Құжаттаудың әртүрлі құралдары Erwin диаграммаға таблицаны түсіндіру,
запростар үлгілеріжәне мәліметтер мысалдары, әртрлі есеп беруге қорытынды
материал болып табылатын және құрылатын ақпараттық жүйелер үшін құжаттарға
тән.
Сонымен, Erwin минималды еңбек шығынымен болашақ мәліметтер базасының
құрылымын ақпараттық жүйемен жұмыс істеу бизнес ережесінің есебімен
жобалауға кодын жазбастан, оны әртүрлі мақсатта платформаларға
генерациялауға, мәліметтер базасын бір платформадан екінші платформаға
қайта көшіру, соның ішінде жазық таблицаның жиынынан басқа да бір
мәліметтер базасының серверіне, ал жағдайлар қатарында клиенттік қосымшаны
және құжатарды соған генерациялауға мүмкіндік береді.
Erwin өнімдері өздігінен IDEF1X әдісін қолданатын мәліметтерді
модельдеудің концептуальды құралдарды теруін ұсынады. Erwin мәліметтер
базасының схемасын жобалауды іске асырады, мақсатты МББЖ тілінде оны
суреттеу генерациясын (Oracle, Informix, Sybase, DB2, MC SQL Server және
т.б.) жобалауды және қазірбар мәліметтер базасының резервтік инжинирингті
жобалайды. 4GL қосымшасын өңдеуде кең қолданылатын құралдарға сүйене
отырып, бірнеше кескін үйлесімі (конфигурацияда) шығарылады. Power Builder,
Visual Basic, Delphi сияқты клиенттік жақтан қосымша белгілі өңдеу
құралдарымен интеграцияланады, бұл қосымшаның кодын автоматты түрде
генерациялайды. Өңдеудің әртүрлі ортасы үшін кодты генерациялаудың әртүрлі
техникасы жасалған. Power Builder үшін код тек Erwin ортасында
генерацияланады. Visual Basic үшін код – addin – компоненті мен кітапхана
Visual Basic проектіне қосылу көмегімен генерацияланады. Erwin Delphi үшін
кодты генерациялауды қолдамайды.
Топтық өңдеу басқару үшін Model Mart құралы қолданылады, ал көп
тұтынатын кіру мүмкіндігін модельге, Erwin және Bpwin көмегімен құрылуды
қамтамасыз етеді. Модельдер орталық серверде сақталады және проектілеу
тобының барлық қатысушыларына мүмкін болады.
Erwin және Bpwin-нің жүзеге асу ортасы – Windows 9598 NT.
3. Инфологиялық модель
Қолдану саласын талдауды аяқтағаннан кейін мәліметтер базаларын
жобалаудың негізгі кезеңі – инфологиялық модельді тұрғызуға кірісеміз.
Жобалау процессі өте күрделі процесс, оның барысында тапсырыс
берушілермен және қолдану саласы мамандарымен әр уақыт сайын ақылдасып тұру
қажеттілігі жиі пайда болып тұрады. Сонымен қатар, күрделі корпоративтік
ақпарат жүйелерін тұрғызуда мәліметтер базасының жобасы осы жүйенің ең
негізгі фундаменті болып келеді. Модельді тұрғызуда болашақ мәліметтер
базасын нақты бір МББЖ-да (мәліметтер базасын басқару жүйесі) орналастыру
өте үлкен назарды талап етпейді, өйткені МББЖ таңдау, бұл бөлек мәселені
шешу үшін мәліметтер базасының жобасы дайын болу керек, яғни таңдау осы
жоба негізінде іске асырылады.
Ең алдымен инфологиялық модель мәліметтер базалары модельдерінде
қолдану саласының семантикасын айқынды түрде көрсетумен тығыз байланысты.
Семантиканы неғұрлым айқын көрсету мәселесі әр кезде де жобалаушыларды
қызықтыруда. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында семантикалық модель ретінде
бірнеше түрлер ұсынылады. Олардың ішінде, Хаммер және Мак-Леон 1981-ші жылы
ұсынған моделі, сонымен қатар осы жылғы шипманның функционалдық моделі және
де 1976-ші жылығы Чен ұсынған мән-байланыс моделі. әр модель түрінің
өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері болады, бірақ уақыт талаптарын
соңғысы ғана көтере алады. Қазіргі кезде Ченнің мән-байланыс моделі
(Entity-Relaship) инфологиялық модельдеудегі стандарт болып табылады.
Модель қысқаша түрде ER – моделі деп аталады және де көптеген қазіргі
кездегі Case-құралдар осы модельді сипаттау жабдықтарын қолданады. Сонымен
қатар мәліметтер базасы жобасының ER – моделі реляциялық модельге ауысқанда
қолданылады. Бұндай модельге негізгі қойылатын талап, ол оның шынайылығы,
яғни, қолдану саласын сипаттау мағыналы және мазмұнды болу керек. Сонымен
қатар, модель мағынасы қарама-қайшы болмауы керек.
Сонымен, инфологиялық модель – қолдану саласының құрылымын және
динамикасын, жүйені пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын пайдаланушыға
түсінікті және нақты МББЖ ортасында жүзеге асыру ерекшеліктеріне тәуелсіз
терминдер арқылы сипаттау.
Бұндай модельге негізгі қойылатын талап, ол – оның шынайылығы, яғни
қолдану саласын сипатату мағыналы және мазмұнды болуы керек.
Сонымен қатар, модель мағынасы қарама-қайшы болмауы керек. Жәек де
инфологиялық модель декеомпозиция қасиетін қанағаттандыру керек.

4-сурет. Инфологиялық модель элементтері

инфологиялық модель орталық компоненттері, олар:

• Объектілерді және өзара байланыстарын сипатату;
• Пайдаланушылардың ақпараттық қажетіліктерін сипаттау.
Бұндай бөлу жоғарыдағы қолдану саласын қолданудағы көзқарастарға
сәйкес.
Содан кейін модельді сипаттау тілін талдап алу қажет. Бұл тілдің жүйені
пайдаланушыға түсінікті және қолдану саласынан алынған терминдерінен
құралуы қажет.
Бұл үшін лингвистикалық қатынастар деп аталатын инфологиялық модель
компоненті жауапты.
Сонымен қатар, инфологиялық модельде көрсеткіштер арасындағы
алгоритмдік тәуелділік белгіленеді. Модельді сементикалық жағдайда ұстау
үшін модель құрамына бүтіндік шектеулері енгізіледі.
Инфологиялық модель мәліметтер базаларын жобалау жүйесінің ядросы болып
саналады.
мән-байланыс моделі
әр-бір модель, сонымен қатар, мән-байланыс моделі де бірнеше негізгі
ұғымдардан тұрады.осы ұғымдардан ары қарай жобалау барысында күрделі
объектілер алдын-ала анықталған ережелер бойынша тұрғызыла бастайды.
Бұл модель негізінен объектке бағытталған технологиялар
тұжырымдамасымен сәйкес келеді. Аталған технология қазіргі кезде көптеген
күрделі программалық жүйелерді жобалуда негіхгі болып саналады.
ER-моделінің негізінде келесі ұғымдар жатады:
• Мән, оның көмегімен бір типтік объектілер класы модельденеді.
Модельденетін жүйе шеңберінде мәнге өзіне іспетес қана атау беріледі.
Мәнге сәйкес келетін объект өзіндік қасиететрін сипаттайтын атрибуттарға
иемденеді. Мәнді бір мағынада идентификациялайтын (анықтайтын) атрибуттар
жиынтығын кілттік деп атайды.
• Мәндер арасында белгілі бір байланыстар – бинарлық ассоциациялар
орнатылады.байланыстар арқылы біз мәндер арасындағы қатынастарды
анықтаймыз. Байланыс бірнеше немесе екі мән арасында, сонымен қатар,
бір мәннің өзімен де тағайындалады. Байланысты график түрінде көрсету
- өте көрнекі және өте ыңғайлы әдіс болып саналады.
• Жалпы байланыс көптік бойынша үш типке бөлінеді: бірге-бір (1:1)
байланысы, көрке-бір (1:К) байланысы және көпке көп (К:К)
байланысы.

4. Даталогиялық модель
Жаһандық даталогиялық модель мәліметтер базасының жалпы
логикалық құрылымын МББЖ-ның терминдерінде сипатталған, оның физикалық
жүзеге асуына, сонымен қоса, мәліметтер базасының мазмұнына бағытталмайды.
Мұндай модельді құру үшін таңдалған МББЖ-ның ерекшеліктерін дұрыстап
түсініп алу керек- қолдайтын мәліметтер моделінің тұтастығын шектелуі,
мәліметтер түрі, төменнен жоғарғы деңгейге құрылымның композиция ережесі.
Даталогиялық модельдің жалпы сәті МББЖерекшеліктерін тәуелсіз
болып ақпараттық базаның мазмұнын анықтау болып табылады.
Көлемді анықтау және сақталған мәліметтер құрамы даталогиялық
модельдің ең қиын есебінің бірі десе де болады. Инфологиялық модельден
даталогиялық модельге көшу барысында мәліметтер базасының заттық облыс
туралы барлық мәліметтер кірмейді. Мәліметтер базасына қандай ақпарат
кіргізу туралы шешім 2 соңғы ойдан қабылданады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы ақпарат
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектісі
Кәсіпорындарда ақпараттық жүйелерді енгізу
Құрылыстағы шығыстардың есебі және аудиті
Құрылыс секторы
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
Құрылыс саласының ерекшеліктері мен құырылыстағы есепті ұйымдастыру
Пәндер