Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы ақпарат



Жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Франчайзингтің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты ... ... ... ... ... 7
2.1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартының түсініктері мен элементтері ... ... ... ... 7
2.2. Франчайзинг шартындағы тауар белгісі ... ... 12
2.3. Кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты
бойынша жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.5. Кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартын өзгерту және тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Франчайзинг шарты – бұл ТМД елдері ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, құқықтың англо-саксондық және континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрі. Сонымен бірге оның үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршеңдігін толық дәлелдеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда әйгілі фирмалардың тауар таңбаларымен бейнеленген тауарлар мен қызметтері кең тараған. Бұл тауарлық таңбалар тұтынушылардың санасында жоғарғы беделді өндірушімен байланыстырылып, жанама түрде тауардың немесе қызметтің жоғары сапасына кепіл болады.
Қазақстан Республикасында франчайзинг үшін құқықтық кеңістік АК-тің Ерекше бөлімі қабылданғаннан кейін ашылды. Бірақ заң оны бұған дейін де пайдалануға бөгет жасамады. Кәсіпкерлік заңмен танылған шарт еркіндігін пайдалану арқылы заңда көзделмеген де шарттарды жасасуға толық құқылы еді. Қазіргі таңда франчайзинг қатынастары АК-тің 45-тарауымен және ҚР «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 2002 ж. 24-маусымдағы заңымен реттеледі. Осы шарттың нысанасы - айрықша құқықтардың кешені франчайзингтегі кешенді құқытық институт ретінде қарастыруға және оған сәйкесінше интеллектуалдық меншік саласындағы заңдарды қолдануға мүмкіндік береді. Соңғылардың ретінде АК-тің 5-бөлімін, ҚР 1999 ж. 16 шілдедегі Патент заңын, ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауы туралы» 1999 ж. 26 шілдедегі заңын атауға болады.
1. Жанар Бекболат. История развития франчайзинга в Казахстане.//Предприниматель и право. 2002 №7 с.3-5
2. Кульжамбекова Г. Д. Договор франчайзинга.
3. ҚР «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты туралы» 2002ж. 24 маусымдағы заңы.
4. Избранные труды по гражданскому праву. Предисловие Сулейменов М. К. А., 2003. 273-274-б.
5. ҚР Азаматтық құқығы. Жайлин Ғ. А. Оқулық. Ерекше бөлім. 2 том. – А.: Заң әдебиеті, 2005.286-287-б.
6. ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 ж. 26 шілдедегі заңы.
7. Гражданский кодекс РФ. Части 1,2,3. по состоянию на 1 сентября 2005г. М., 2005
8. Гражданское право. Том 2. учебник. /Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. М., 2001. 640-б.
9. Жайлин Г. Основные черты Закона Рк «О комплексной предпринимательской лицензии (франчайзинге)».//Гражданское законодательство. Статьи. Комментарий. Практика. Вып.22. А., 2005. 299-б.
10. Ұ. М. Хамзин. Азаматтық-құқықтық шарттардың жекелеген түрлері. Оқу құралы. Екінші басылым. – Қарағанды: Болашақ баспа, 2006. 338-341-352-б.
11. Гражданский кодекс РК
12. Климкин С. Договор франчайзинга в Гражданском кодексе РК.//Гражданское законодательство. Статьи. Комментарий. Практика. Вып.22. А., 2005. 306-б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .2
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Франчайзингтің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..4
2. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты ... ... ... ... ... 7
2.1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартының түсініктері мен элементтері ... ... ... ... 7
2.2. Франчайзинг шартындағы тауар белгісі ... ... 12
2.3. Кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты
бойынша
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...25
5. Кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартын өзгерту және тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31

Кіріспе
Франчайзинг шарты – бұл ТМД елдері ғалымдарымен басқа да
мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, құқықтың англо-саксондық және
континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық
қатынастардың апробацияланған түрі. Сонымен бірге оның үш ғасырлық тарихы
бар және ол өзінің өміршеңдігін толық дәлелдеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда әйгілі фирмалардың тауар таңбаларымен
бейнеленген тауарлар мен қызметтері кең тараған. Бұл тауарлық таңбалар
тұтынушылардың санасында жоғарғы беделді өндірушімен байланыстырылып,
жанама түрде тауардың немесе қызметтің жоғары сапасына кепіл болады.
Қазақстан Республикасында франчайзинг үшін құқықтық кеңістік
АК-тің Ерекше бөлімі қабылданғаннан кейін ашылды. Бірақ заң оны бұған дейін
де пайдалануға бөгет жасамады. Кәсіпкерлік заңмен танылған шарт еркіндігін
пайдалану арқылы заңда көзделмеген де шарттарды жасасуға толық құқылы
еді. Қазіргі таңда франчайзинг қатынастары АК-тің 45-тарауымен және ҚР
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы 2002 ж. 24-маусымдағы
заңымен реттеледі. Осы шарттың нысанасы - айрықша құқықтардың кешені
франчайзингтегі кешенді құқытық институт ретінде қарастыруға және оған
сәйкесінше интеллектуалдық меншік саласындағы заңдарды қолдануға мүмкіндік
береді. Соңғылардың ретінде АК-тің 5-бөлімін, ҚР 1999 ж. 16 шілдедегі
Патент заңын, ҚР Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар
шығарылған жерлердің атауы туралы 1999 ж. 26 шілдедегі заңын атауға
болады.

1. Франчайзингтің даму тарихы.

Франчайзингтің пайда болуы ортағасырларда орын алған.
Оксфордтық ағылшын тілі сөздігінде (1993 ж. 1630-бет) franchising –
1559 ж. епископаттарға Корольмен сыйланған құқықтар мен бостандықтар,
ал franchises - сауда-саттыққа арналған жәрмеңкелер, базарлар және т.б.
Ортағасырларда Англия королі барондарға белгілі бір қызметтерге, мысалы
армияға солдаттар беріп тұрі міндетіне айырбасқа жерлерден салық жинау
құқығын беріп тұрған.
Ерікті адамдарға немесе қала тұрғындарына тауарларын
қала территориясында сату рұқсаттары (франшиза) берілген.
Осылайша, билік ғасырлар бойы өз өкілеттіктерінің бөлігін капиталға
немесе қажетті қызмет түріне айырбастап, франчайзинг шартының негізін
қалаған.
Франчайзингтің коммерциялық жүйелерін дамытуда жақсы қадамды АҚШ-та
Зингер тігін машинасын жасаумен айналысатын компания жасаған болатын.
Бұған негізгі себеп болып жаңа тігін машиналарының жақсы өтпеуі және АҚШ-
тың кең территориясында сауда жүйелерін жасау үшін үлкен капитал қажетттігі
табылды. Сондықтан компанияның иесі тәуелсіз кәсіпкерлерге белгілі
территорияда Зингер тігін машиналарын сату және өндіру құқығын сата
бастады.
Осыған ұқсас жүйе 1898 жылы Дженерал Моторс (General Motors)
компаниясымен құрылды. Бұл жүйе бойынша дилерлерде өзге өндірушілердің
машиналарын сату құқығы болмайтын және олар Дженерал Моторс (General
Motors) компаниясының имиджін көтеру үшін капиталдарын салуға міндеттенді.
Автомашиналарды франшиза жүйесі арқылы сату қазіргі күнде де дамуда.
Дженерал Моторсты үлгіге ала отырып, Рексол (Rexall) компаниясы
дәріхана ұйымдастыру франшизасын сата бастады.
Қазіргі кезде франчайзинг бөтелкелі алкогольсіз ішімдіктер
индустриясында кеңінен таралған. Франшизаның арқасында Кока-Кола, Пепси,
Севен-Ап компаниялары дүние жүзі елдеріне белгілі болды.
20 жж. АҚШ-та франчайзингтің бизнесі ұйымдастыру формасы ретінде
мағынасы өзгерді және жаңа көтерме бағамен сатушы –бөлшектеп сатушы деген
қатынас пайда болды. Көтерме бағамен сатушы (франчайзор) кішігірім
бөлшектеп сатумен айналысатын ұйымдарға төмен бағамен тауарын , сауда
белгісін пайдалану құқығын сатумен айналысты. Ұлыбританияда франчайзингтің
бұл түрі Спар (Spar) компаниясымен пайдаланылған.
40 жж. аяғында ағайынды Макдоналдтар, кішігірім жол шетіндегі кафенің
иелері клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартып, кірісті көбейтуді мақсат
етеді. Сондықтан олар тағам түрін үшке дейін қысқартып, оларды даярлау
технологиясын жетілдірді. Бизнесті осылайша қайта ұйымдастыру шығындарды
азайтып, көп табыс әкелді. Қазіргі кезде “Макдональдс” (McDonald’s)
клиенттері бұл жүйедегі ресторандардың жоғарғы сапасына сенімді.
АҚШ-та франчайзингтің жоғары қарқынмен дамуына 1946 жылы қабылданған
тауарлық белгілер туралы Заң себеп болды. Енді тауар белгілерінің иелері
өзінің құқықтарын алаңдамай, бизнестерін кеңейте берді.
Франчайзинг бизнестің әр түрлі салаларында қолданылады, негізінен
өндіріс пен қызмет ету аяларының мына түрлерінде жылдам дамуда:
• Көлік өндірісі және автосервис қызметі;
• Бизнесті ұйымдастыру мен жүргізуде көмек (бухгалтерия, іс-
қағаздар жүргізу, жарнама және т.с.с.);
• Құрылыс, үйлерді жөндеумен байланысты қызмет түрлері;
• Білім берумен байланысты қызмет саласы;
• Демалыс пен көңіл көтерулер;
• Тез тағамдану ресторандары, кофейнялар т.б.;
• Медициналық және косметикалық қызметтер;
• Үй шаруашылығы саласындағы қызметтер;
• Бөлшектеп сату;
2. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты
2.1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының түсінігі мен элементтері.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті
сенімгерлікпен басқарушарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді
лицензияр) екінші тарапқа (кешенді лицензиятқа) сыйақыға айрықша құқықтар
кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиярдың фирмалық атауын және
қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиfттың
кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың
басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент және
т.б.) беруге міндеттенеді (АК-тің 896-б. 1-т.)
Франчайзинг туралы заң кешенді кәсіпкерлік лицензияның
(франчайзингтің) келесі негізгі түрлерін көздейді:
1) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) – жұмыс орны,
оған сәйкес лицензияр әзірленген жұмыс орнын құрады және оны
лицензиялық кешенмен қоса жеке кәсіпкер-лицензиятқа береді;
2) кәсіпорын, бұл ретте лицензияр кәсіпорын құрады және оны
лицензиялық кешенмен қоса лицензиятқа береді;
3) конверсиялық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл
ретте тараптар құрылымдық бөлімшелерді дербес кәсіпорындар етіп
қайта құру негізінде шарт жасасады;
4) көп кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), оның негізінде
лицензият бірнеше кәсіпорын құрады;
5) өндірістік кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл
ретте кешенді лицензияр кешенді лицензиятқа тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) кешенді лицензияр
жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты,
материалдарды, технология мен жабдықты пайдалана отырып, өзінің
тауар таңбасымен не өзге де даралау құралымен өндіруге немесе
өндіру мен өткізуге құқық береді;
6) тауарлық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг),
бұл ретте кешенді лицензияр кешенді лицензиятқа тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) кешенді лицензияр беретін
не онымен келісу арқылы белгіленетін маркетинг технологиясын
пайдалана отырып, өзінің тауар таңбасымен не өзге де даралау
құралымен өткізуге (сатуға) құқық береді;
7) кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің), Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де түрлері.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты консенсуалды, өзара
және ақылы болып табылады.
Заң франчайзинг шартын жазбаша жасалуын талап етеді, бірақ
сақтандыру, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттары туралы
нормаларындағыдай (АК-тің 825-б. 3-т., 887-б. 2-т.) шарттың жазбаша
нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады деген ескерту
жасамайды (АК-тің 897-б.). бұдан франчайзинг шарты ауызша жасалса, ол
жарамсыз болып есептелмейді, бірақ оның жасалғандығы немесе тараптары
туралы дау пайда болған жағдайда тараптар куәгерлік айғақтарға сілтеме
жасай алмайды деген қорытынды туады [1]. Франчайзинг шарты нысанасының
ерекшелігі, тараптар арасындағы күрделі шартты байланыстар оны тәжірибеде
ауызша жасасу мүмкіндігінен айырады.
ҚР АК франчайзинг шартын тіркеу мәселесіне келсек, ол қазіргі
заңнамада бір мағыналы шешілмеген деуге болады. Франчайзинг туралы заңның 9-
б. 1-тармағында мемлекет кешенді лицензиярдың Қазақстан Республикасының
аумағында тіркелген айрықша құқытар кешенін де, егер мұндай тіркеуді шет
мемлекеттің тануы Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын
халықаралық шартта көзделсе, басқа мемлекеттің аумағында тіркелген айрықша
құқықтар кешенін тіркеуді және қорғауды жүзеге асырады делінген. Яғни
франчайзинг шартын емес, айрықша құқықтар кешенін тіркеу туралы айтылып
отыр. Бірақ бұл ереженің іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынындығы
түсініксіз. Айрықша құқықтар кешені лицензиярға тиесілі осы құқықтардың жай
жиынтығы емес, франчайзинг шартының әрбір жағдайда құрамы тараптармен
келісілуі тиіс нысанысы емес пе? Ендеше айрықша құқықтарды емес, олардың
басқа тұлғаға, яғни лицензиятқа өтуін (франчайзинг шартын) тіркеу туралы
сөз еткен жөн. Айрықша құқықтардың өзін тіркеудің еш қажеттігі жоқ, себебі
интеллектуалды меншіктің біразына айрықша құқық сол объектілерді тіркеу
фактісінен туындайды.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тараптары болып кешенді
лицензиар және кешенді лицензиат табылады. Шарттың екі тарабы да
кәсіпкерлер болып табылады.
Кешенді лицензиар – бұл лицензиялық кешенге деген айрықша құқықтар
кешенін беретін субьект. Бұл құқықтардың көлемі оларды шарт бойынша одар
әрі беру үшін жеткілікті болуға тиіс. Әдетте, лицензиярлар ретінде
интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтардың бастапқы иесі болады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша құқықтарды беру рәсімі
жағынан кәсіпкерлік қызмет болады және субъект оны жүзеге асыра отырып,
өзін кәсіпкер ретінде көрсететіндігін атап өту маңызды. Осыдан франчайзинг
шартының басқа шарттардан, соның ішінде, мүлікті сенмгерлікпен басқару
шартынан ерекшелігі көрініс табады. Соңғы шарт, кейбір жағдайларда өзі
арқылы кәсіпкердің мүлкін беруді қамтамасыз ете отырып, сонымен бірге оның
кәсіпкерлік қызметке қатысуының аяқталғандығын (мүмкін уақытша) білдіреді.
Кешенді лицензиат болып өзіне айрықша құқықтарды беру туралы шарты
бекіткен, кәсіпкерлік қызметтің кез келген субъектісі табылады. Алынған
лицензиялық кешеннің көмегімен тұрақты кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру
туралы сөз болып отырғандықтан, лицензиаттар ретінде коммерциялық заңды
тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер шығуға тиіс. Осы құқықтық қатынастарға
коммерциялық емес заңды тұлғалардың, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық
бөліністерінің қатысуына жол берілмейді.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының нысанасы болып лицензиарға
тиесілі айрықша құқықтар табылады. Интеллектуалдық меншік объектілерінің
үлгілік тізімі АК-тің 961-бабында келтірілген. Жоғарыда атап өткеніміздей,
лицензиялық кешеннің негізгі құрамдас бөлігі болып азаматтық айналым
қатысушыларын және олардың тауарларын, жұмыстары мен қызмет көрсетулерінің
дараландыру құралдары табылады. Оларға аталған баптың 3-тармағына сәйкес
фирмалық атаулар, тауарлық белгілер (қызмет көрсету) белгілері жатады.
Объективті себептерге байланысты лицензиялық кешеннің құрамында тауарлар
шығарылатын жерлердің атауларын (шығатын жерлерін көрсету) беру бірқатар
жағдайларда орынсыз болады. егер заңды актілермен тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулерлді) дараландырудың басқа да құралдары көзделетін болса,
онда олар да лицензиялық кешендердің құрамына енгізілетін болады.
Заңнамада кешен деген ұңым қолданылғанымен, оның франчайзинг
қатынастарына қатысты түсінігі басқаша болып табылатындығын атап өткен жөн.
Құқықтар кешенінің бөлінбейтіндігі туралы талап жоқ. Тараптар лицензиялық
құқықтардың өздерінің көңілдерінен шығатын пакеттерін өз беттерінше
қарастыра алады. Оның барлығы тараптардың іс жүзіндегі қажеттіліктеріне,
кешенді лицензиаттың төлем қабілеттілігіне байланысты.
Кәсіпорындарды иеліктен айырумен байланысты мәмілелерге қарағанда
франчайзинг кезінде материалдық ресурстарды беру орын алмайды, материалдық
емес мүліктік ресурстарды беру орын алады, бұған конверциялық кешенді
кәсіпкерлік лицензияны беру жағдайы жатпайды. Бұл лицензиялық кешендерді
беру актісін іс жүзінде шектеусіз тираждауға мүмкіндік береді. Шектеулер
тек бастапқы кезде бекітілген франшизм келісімдерінің талаптарымен және
нарықтағы осы тауар түріне деген сұраныспен белгіленетін болады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, біз кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартының нысанасы болып айрықша текті тауар (денесіз заттар немесе басқаша
айтқанда мүліктік құқықтар) табылады деп айта аламыз. Осы мүліктік
құқықтардың басқаларынан ерекшелігі – олар оынң иесіне кейіннен кімнен
болса да, қандай да бір ақшаны немесе заттарды беруді талап етуге мүмкіндік
бермейді. Олар өз алдына жеке бір құндылық болып табылады [2].
ҚР АК 896-бабының 2-т. сәйкес лицензиялық кешенмен қатар кәсіпкердің
іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесі сияқты интеллектуалдық меншіе
сипатына ие емес игіліктерді беру мүмкіндігі көзделеді. Кешенді кәсіпкерлік
лицензия нысанасының аясы берілуге жатпайтын игіліктер мен әрекет етуші
заңнамаға сәйкес оларға іскерлік бедел жатпайтын кәсіпкер құқықтарымен
шектелуге тиіс.
Шарттың негізгі құқықтық мақсаты болып лицензиатқа тиісті лицензияны
беру табылатындығын атап өткен жөн. Ол, сондай-ақ айрықша болып
табылатындығына қарамастан, әрекет ету аясында белгілі бір аумақтар мен
уақыт кезеңдерімен шектелуі мүмкін. Кешенді кәсіпкерлік лицензия белгілі
бір қызмет аясына қатысты беріле алады, мысалы, лицензиардан алынған немесе
пайдаланушымен өндірілген тауарларды сатуға ғана немесе лицензия
лицензиатты өзге коммерциялық қызметті (жұмыстар атқаруға, қызмет
көрсетуге) жүзеге асыруға уәкілдендіруі мүмкін. Лицензия, әрине, лицензиар
жүзеге асыратын қызметтің барлық түрлеріне де беріле алады. Лицензияны беру
лицензиатқа берілген құқықтарды жүзеге асырудың іс жүзіндегі мүмкіндігін
бері қажеттілігін білдіреді.

2.2. Франчайзинг шартындағы тауар белгісі.
Франчайзинг шарты нысаналарының ішінде орталық орынды тауар белгісі
алады. Өйткені франчайзинг шартының өзі нарықта белгілі, үлкен беделге ие
тауар белгісін пайдаланып, тауарлар шығарып, қызмет көрсетуден тұрады.
Кәсіпкерлер тауарларын, қызметін дараландыруда пайдаланатын кез келген
белгі тауар белгісі болып табыла бермейтінін және кез келген тауар белгісі
ҚР территориясында құқықтық қорғалмайтынын айта кеткен жөн.
ҚР АК-нің 1024-бабына сәйкес Қазақстанда Тауар белгілері, қызмет
көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңғның
4-бабыны сәйкес тауарлық белгілерді құқықтық қорғау осы заңда белгіленген
тәртіппен тіреуден өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын
халықаралық шарттардың негізінде тіркеусіз жүзеге асырылады.
Осылайша, тауар белгілері туралы Заңға сәйкес:
1. Тауар белгісі Қазақстан Республикасы территориясында тіркеуден
өткен жағдайда құқықтық қорғалады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия
туралы Заңның 5-бабына сәйкес франчайзингтік қатынастарды
мемлекеттік көтермелеулердің негізгі шараларының ішінде айрықша
құқықтар кешенін ҚР заңнамасына сәйкес тіркеу және қорғау бар.
Тауарлық белгіні тіркеу ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық
меншік құқығы жөніндегі Комиттетте жүзеге асырылады. Тіркеуді жүзеге асыру
үшін ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі
Комиттет жанындағы Интеллектуалдық меншіктің ұлттық институтына өтініш
беріледі. Өтініштің экспертизасы тауарлық белгілер туралы Заңға сәйкес 12
ай ішінде жүргізіліп, тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім
шығады.
Оң шешім жағдайында және белгіленген төлем төленгеннен кейін
интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі Комитет тауар белгісін
тіркелгендігі жөнінде ҚР куәлігін береді. Бұл куәлік тауар белгісіне
құқықты және оның тіркелгендігін айқындайтын құжат болып табылады.
2. Тауар белгісі ҚР территориясында Қазақстан қатысушысы болып
табылатын халықаралық шарттар негізінде қорғалады[3].
Қазақстан тауар белгісін қорғау аясындағы 2 халықаралық шарттардың
қатысушы болып табылады. Олар: 1883 ж. 20 наурыздағы өндірістік меншікті
қорғау жөніндегі Париждік конвеция. Бұл конвенция өндірістік меншік
объектілерін қорғаудың негізгі жағдайларын, соның ішінде тауар белгісін
қорғауды қарастырады; 1891 ж. 14 сәуір тауар белгілерін халықаралық тіркеу
жөніндегі Мадридтік келісім. Бұл келісімге сәйкес қатысушы ел өзінің тауар
белгісін халықаралық тіркеу жөнінде Интеллектуалдық Меншіктің Дүниежүзілік
Ұйымының (ВОИС) Халықаралық бюросына өтініш бере алады. Осылайша өтініште
көрсетілген қатысушы-мемлекеттерде бұл тауар белгісі тікелей құқықтық
қорғалатын болады.
Жоғарғы айтылғандарды ескере отырып, франчайзинг шартын жасай
отырып, лицензиат шартта көзделген айрықша құқықтардың кешені ҚР
территориясында құқықтық қорғалатынына көз жеткізуі тиіс. Сонымен қатар,
лицензиат лицензиар осы тауар белгісінің иесі болып табылатындығын және
оған лицензия беру құқығы бар екендігін тексеріп алуы керек. Тағы да бір
айта кететін жайт, лицензиат осы тауар белгісінің тіркеуінің мерзімі өтіп
кетпегенін және оны тіркеу үшінші тұлғалардың өтініші бойынша дауланып
алынбағандығына көз жеткізгендігі абзал.
ҚР АК-не және Кешенді кәспкерлік лицензия туралы Заңына сәйкес
кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс, бірақ
шарттың өзін тіркеу көзделмеген. Алайда өндірістік меншікті қорғау, атап
айтқанда тауар белгісі, өнертабыстар, пайдалы модельдер және өндірістік
үлгілерді қорғау аясындағы заңнама құқықтарды пайдалану жөніндегі
лимцензиялық шарттарды тіркеудің міндеттілігін талап етеді.
Тауар белгілері туралы Заңға сәйкес тауар белгісін пайдалану
лицензиялық шарт арқылы беріледі, және бұл шарт интеллектуалдық меншік
құқықтары жөніндегі Комитетте тіркелуі тиіс. Тіркеу жөніндегі талаптың
орындалмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
Жоғарыдағыны ескере отырып, франчайзинг шартын жасасқан кезде
лицензиялық шартты тіркеуден өткізу міндетті деген қорытындыға келеміз.
Әдетте тауарлық белгіні пайдалану жөніндегі лицензиялық шартты тіркеу 2
айдай уақытты алады. Тауар белгілері туралы Заңның тауар белгісін пайдалану
жөніндегі лицензиялық шартқа негізгі талаптары болып келесілер табылады:
- тауар мен қызмет көрсету сапасы лицензиядың тауары мен қызметінің
сапасынан кем болмауы;
- жоғарыда аталған талаптың орныдалуын бақылауға лицензиардың құқығы.
ҚР Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы Заңының франчайзинг
шартын жасасқан кезде қиыншылықтар туғызатын кейбір ережелеріне тоқталайық.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы Заңының 9-б. 2-тармағына сәйкес егер
интеллектуалдық меншік объкетісі ҚР территориясында тіркелмесе,
интеллектуалдық меншік құқығын тіркеу және оны кешенді кәсіпкерлік лицензия
шарты бойынша беру тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Осылайша,
егер тауар белгісі Қазақстан территориясында тіркелмесе, оны тіркеу
тараптардың келісімі бойынша жүзеге асады. Алайда бұл ереже ҚР Ак-нің
ережелеріне және тауар белгілері туралы Заңның ережелеріне қайшы келеді.
Өйткені бұрын айтылғандай Қзақстанда тауар белгісіне құқық Әділет
министрлігінде тіркеуден кейін немесе халықаралық шарт негізінде пайда
болады. сонымен қатар тауар белгісін пайдалану құқығы да міндетті
тіркеудіен өтуге тиіс. Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы орын алса тауар
белгісіне құқық пайда болмайды және тауар белгісін пайдалану туралы кешенді
кәсіпкерлік лицензия шарты жарамсыз деп танылады. Осылайша құқықты тіркеу
тараптардың келісімі бойынша емес, ҚР заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Тіркеусіз құқық – жоқ, сондықтан жоқ құқық пайдалануға беріле алмайды.
ҚР Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы Заңының 3-бабына сәйкес
франчайзингтік қатынастардың субьектілері болып жеке және заңды тұлғалар
табылады. Айта кететін жайт, франчайзинг шарты кәсіпкерлік болып
табылғандықтан, және тауар белгілірі туралы Заңға сәйкес тауар белгісінің
иесі немесе пайдаланушысы болып тек қана кәсіпкер табылғандықтан, жеке
тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болғаны міндетті.
3. Франчайзинг шартының мазмұны.

Лицензиар шартта көзделген мерзімдер мен көлемде лицензиатқа
техникалық және коммерциялық құжаттаманы беруге және лицензиатқа шарт
бойынша берілген құқықтарды іске асыру үшін оған қажетті өзге де ақпаратты
ұсынуға, сондай-ақ лицензиатты мұндай құқықтарды жүзеге асыруына байланысты
мәселелер бойынша оқытуға және оған консультация беруге міндетті. Шартта
лицензиардың өзге де міндеттері көзделуі мүмкін (АК-тің 898-б.).
Лицензиардың міндеттері императивтік түрде жазылғандығын және шарттың
бастапқы сатысына, яғни лицензиат айрықша құқықтар кешенін енді ғана
пайдалана бастаған кезеңге арналғандығын байқауға болады. Ресейлік АК құқық
иеленушінің шарттың жасалу уақытында ғана емес, оның орныдалу барысында да
қолданылатын міндеттерін де көрсетеді[4]. Олардың бір бөлігі императивті
міндеттерді құрайды. Оларға: құқық иеленушінің ақпараттық міндеттері;
белгіленген тәртіппен рәсімделуін қамтамасыз ете отырып, шартта көзделген
лицензиарды пайдаланушыға беру міндеті жатады (РФ АК-тің 1031-б. 1-т.).
Құқық иеленушінің диспозитивтік, яғни шартта өзге де көзделмеген
жағдайларда орныдалуы тиіс міндеттері: коммерциялық концессия шартын
тіркеуден; қызметкерінің оқуы мен біліктілігін арттыруды қоса алғанда,
пайдаланушыға үнемі техникалық және консультациялық көмек көрсетуден;
пайдаланушының коммерциялық концессия шарты негізінде шығаратын
(атқаратын, көрсететін) тауарларының , (жұмыстарының, қызметтерінің)
сапасын бақылаудын тұрады (РФ АК-тің 1031-б. 2-т.). лицензиар міндеттерін
белгілейтін КР АК-нің 898-бабы РФ АК-нің 1031-бабынан мазмұны жағынан
әлдеқайда кедей болғанымен, ол кейбір мәселелерді жақсырақ
анықтайды.айталық, РФ АК-не сәйкес құқық иеленуші пайдаланушы коммерциялық
концессия шарты бойынша берілген құқықтарды жүзеге асыру үшін оған қажет
өзге де ақпаратты беруге міндетті (1031-б. 1-т), бірақ бұл өзге ақпараттың
ішінде нақты не кіретіндігі анықталмаған. Бұл мәселе бойынша А. А. Иванов
келесі шешімді ұсынады: Ақпартты ашу жөнінде негізсіз талаптарды болдырмау
үшін құқық иеленуші коммерциялық концессия шартында нақты қандай ақпарат
берілуі тиіс екендігін көрсетіп отырғаны қажет. Кері жағдайда шарт
тараптары арасында ақпаратты беру көлемі туралы қиын шешілетін дау пайда
болуы мүмкін, өйткені құқықтарды жүзеге асыру үшін қажет ақпарат ұғымы
бағалау ұғымы болып табылады[5]. ҚР АК-не келсек, ол 898-бабында
лицензиардың ақпараттық міндеттеріне шартта көзделген мерзімдер мен
көлемде деген сөздерді қосу арқылы франчайзинг шарты байынша берілуі тиіс
ақпараттың көлемін анықтау жөнінде қандай да бір қиындықтардың туу
мүмкіндігін жойды. Басқаша айтқанда, осы шарт негізінде лицензиатқа
берілетін ақпараттың көлемі мен оны беру мерзімдері шартты жасасу барысында
келісілуі керек, яғни олар шарттың елеулі ережелеріне жатады.
Франчайзинг туралы заң лицензиардың аталған міндеттерімен қоса,
лицензиаттың алынған құпия коммерциялық ақпаратты жария етпеу міндетін
көздейді. (15-б. 3)-т.). Осы шарт бойынша коммерциялық құпия ақпаратты
беруді лицензиат емес, керісінше, оның пайдасына лицензиар жүзеге
асыратындығын ескерсек, Франчайзинг туралы заңның келтірілген ережесінің
қажеттілігі күмән туғызады.
Лицензиардың франчайзинг шарты бойынша құқықтарына келсек, олар АК-те
ашылмаған, бірақ франчайзинг туралы заңда оларға жеке бап (14-б.) арналған.
Осы бапта көзделген құқықтарға толығырақ тоқтайық.
1. Лицензиар лицензиат кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша
өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің)
сапасын бақылауға құқылы. Мұндай бақылау ең алдымен,
лицензияттың контрагенттері болып табылатын тұтынушылардың
құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталмыш бақылауды
жүргізуге бірінші кезекте лицензиярдың өзі мүдделі, себебі
оның атымен (оның дараландыру құралдарын пайдалану арқылы)
шығарылатын сапасыз өнім лицензиар туралы қалыптасқан жақсы
іскерлік беделдің және соның салдары ретінде бизнестің
нашарлануына әкеліп соқтыруы мүмкін. Оның үстіне лицензиар
кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша сататын
(орныдайтын, көрсететін) тауарлардың (қызметтердің,
жұмыстардың) сапасының сәйкессіздігіне байланысты лицензиатқа
қойылған талаптар бойынша субсидиарлы жауапты болады (АК-тің
901-б.).
2. Лицензиар лицензиат өз кәсіпорнын (кәсіпорындағы өз үлесін)
иеліктен айырған кезде артықшылықпен сатып алуға құқылы. Тұтас
алғанда қозғалмайтын мүлік болып табылатын мүліктік кешен
ретіндегі кәсіпорынның франчайзинг шартына қандай қатысы бар
екендігі түсініксіз. Ғ. Жайлин дұрыс айтқандай, кешенді
лицензиярда заттық құқық объектілеріне қатысты салмақты,
құқықпен қорғалатын мүдделері жоқ. Оның құзыретіне лицензияға
құқықтардың ұнамсыз субьектілерге өтуін шектеу мүмкіндігі ғана
кіруі тиіс[6].
3. Лицензиар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының құқықтық сипаттамасы
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДА ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың теориялық негіздері
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуы
Франчайзинг шарты
Франчайзингтің мәні және құқықтық аспектілері
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Пәндер