Қазақтың қайсар Үш Арысы



Кіріспе
І тарау. «Үш бәйтеректің» ауыр өмір жолы
І бөлім. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
1.1. Қазақ әдебиетінің негізін салушы.
1.2. Бейнесі әр адамның жүрегінде.
1.3.Сәкен Сейфуллиннің шығармаларындағы тарихи сөздер
1.3.1.Сәкен шығармалыры туралы қысқаша мағлұмат, сол шығармаларында кездесетін тарихи сөздер.
Бөлім қорытындысы.
ІІ бөлім.Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.
2.1. І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы.
2.2. І.Жансүгіровтың шығармашылығының ерекшеліктері.
2.3. I. Жансүгіров шығармашылығындағы сөз экспрессиясы.
Бөлім қорытындысы.
ІІІ бөлім. Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығы.
3.1. «Мырқымбай» хикаятындағы Мырқымбай бейнесі.
3.2. «Шұғаның белгісі» хикаятындағы қозғаған мәселесі.
3.3. «Драмалық ірі серпін».
Бөлім қорытындысы.
ІІ тарау. «Үш Бәйтерек» туралы деректі фильмдер.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың қайсар Үш Арысы
(Сәкен, Ілияс, Бейімбет өткен жолдары)



Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек - Сәкен, Ілияс, Бейімбет өмірі қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады.

Тілеген Жұматов.
ҚР білім беру ісінің үздігі, аға мұғалімі, зейнеткер



Мазмұны

Кіріспе
І тарау. Үш бәйтеректің ауыр өмір жолы
І бөлім. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
1.1. Қазақ әдебиетінің негізін салушы.
1.2. Бейнесі әр адамның жүрегінде.
1.3 .Сәкен Сейфуллиннің шығармаларындағы тарихи сөздер
1.3.1.Сәкен шығармалыры туралы қысқаша мағлұмат, сол шығармаларында кездесетін тарихи сөздер.
Бөлім қорытындысы.
ІІ бөлім. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.
2.1. І. Жансүгіровтың Күйші поэмасы.
2.2. І. Жансүгіровтың шығармашылығының ерекшеліктері.
2.3. I. Жансүгіров шығармашылығындағы сөз экспрессиясы.
Бөлім қорытындысы.
ІІІ бөлім. Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығы.
3.1. Мырқымбай хикаятындағы Мырқымбай бейнесі.
3.2. Шұғаның белгісі хикаятындағы қозғаған мәселесі.
3.3. Драмалық ірі серпін.
Бөлім қорытындысы.
ІІ тарау. Үш Бәйтерек туралы деректі фильмдер.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Қазақ халқы Үш бәйтерек деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт - сенімдері кеңінен көрінеді.
Үш бәйтерек ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.

І БӨЛІМ. СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Қазақ әдебиетінің негізін салушы.

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңа - арқа ауданы) туған.
Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұры, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көщ тартқан Аба, Өр тауларының бауыры - болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рақатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял - ғажайып ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретін ән мен күй тыңдаған, айт пен тодың қзығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік ыстық ұясы.
Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімнің орнына еркелетіп Сәкен атап кеткен.
Сөзге шешен, домбырашыл, саясатшы, аңшы Сейфолланың көп істеріғ әрекет қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Ерлікті білмейтін орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрыштайдай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайтын. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса - хиқаяны өзі үйренемін деп Нілді заводына (орыс тілін үйренуге, орысша оқуға) жіберіледі. Қараңғылықтың қаймағы бұзылмаған алыс ауылдан келген Сәкенге мектеп есігі осылай ашылып еді.
Одан кейін Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, үш кластық қалалық училищесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды.
Революцияның от - жалынына ертерек оорналасқан Сәкен Ақмола (қазіргі Астана) аймағында Совет Өкіметін орнату ісіне белсене араласты.
Бейнесі әр адамның жүрегінде.

Қазақ әдебиетінде ақын тұңғыш рет лирикаға, азаматтық революциялық әуен берді, қазақ поэмасын лиро - эпостық үлгілерімен байытты, проза мен драматургияда, сын мен әдебиет тану ғылымы саласында да революцияшыл жаңа шығрмалар тұғызды.
Сөйтіп, қазатың жаңа дәуіріндегі революцияшыл әдебиеттің көрнекті қайраткері болды.
Осы көптеген шығармаларымен Сәкен Сейфулиннің атағы шықты.
Ол өзінің өткірлігімен, шын өмірді айқын сипаттауымен (реализм) халық жүрегін жаулап алып, революция рухын алып келуші болды. Ақынның шығармашылық өсуі, ең алдымен оның поэзиясында анық көрінеді.
Ақын туған халқының бүгінгі тағдырына ойлана қарайды, надандық пен ескі феодалдық әдет - ғұрып заңдары езіп, тоздыра бастаған қараңғы қауымның күн көрінісіне налиды, оның келешегі туралы ойлайды.
Бұл 1988 жылдың ақпанның 22-ші жұлдызыңда Ақмола қаласында ашылған С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік мұражай:

1.3СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ СӨЗДЕР
1.3.1 Сәкен шығармалыры туралы қысқаша мағлұмат,
сол шығармаларында кездесетін тарихи сөздер

Поэзия саласындағы алғашқы қадамын Сәкен 1914 жылы шыққан Өткен күндер атты өлеңдер жинағынан бастаған. Кел, жігіттер, Жас қазақ марсельезасы, Жұмыскерлерге, Жолдастар саяи лирикаларын Асау тұлпар мен Экспресс жинақтарына ұластырып, атақты Советстан поэмасымен өз поэзиясының жаңашыл сырын әбден айқындады.
Қазақ совет әдебиетінің идеялық - творчестволық қалыптассуының жарқын бейнесі - Көкшетау поэмасы. Бұл поэма Сәкеннің әдебиетке қосқан зор үлесін еселей түсті. Жаңа заманды бейнелеген Социалстан поэмасы, азамат ақынның әлеуметтік күрделі мәселелерді жасқанбай жырлап, Кезеңнің қайшылық - қиындықтарын батыл айтып берген. Қызыл ат поэмасы қазақ поэзиясының 30-жылдарындағы үлкен табысы болды. Әкенің поэзия саласына қосқан үлесімен бірге, оның қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты.
Ол 1917 жылы Жұбату атты әңгімесін жазды. Тар жол, тайғақ кешу романында Сәкен патшаның қазақ жастарынан соллдат алу туралы жарлығын пайдаланып, болыс - билердің параға құныққаның, онсыз да жүдеу елді ашық танығанын айтады. Оның бұл еңбегінде көптеген тарихи сөздер кездеседі. Бұл сөздер арқылы ақын сол жылдардағы, жалпылай алғанда сол кезеңнің барлық көрінісін айқын суреттейді, осы сөздер арқылы бізге сол заманның қиыншылықтарын, зомбылықтарын ашып көрсетеді.

Сәкен драматургия саласында да еңбек етті. Бақыт жолында атты пьесасында жарқын болашақты аңсаған қазақ жастарының ой - арманың, тілек - мақсатын бейнеледі.
Сәкен өз шығармалары арқылы қазақ әдебиетіне тұңғыш рет революциялық рух кіргізді.
Оның өлең, поэмаларында өзі өмір сүрген заманның асқақ образы жасалады.
Өткен күндер жинағына кірген өлеңдер сол кездегі қазақ өмірінің әр түрлі жақтарын сөз етеді. Мұнда жазушы жастық, шәкірттік өмірдің жай - күйлерін, феодалдық әдет - ғұрыптың көріністерін, қазақ байларының кертартпа мінез - құлықтарын жазады, ел жастарын өнер - білімге шақырады.
Өнерліге не керек - бәрі дайын,
Білеміз надан байдың тұрмыс жайын
Жарлыларға, жетімге қараспайды,
Ұйқы көз, жуан қарын надан ойын, - деп ақын ауылдын надан байларының мәдениеттің жолында тұрған кедергіл деп таниды.
Оның бұл өлең шумағы тарихи сөздер қорына өте бай. Бұл шумақта Сәкен Сейфуллин бай мен жарлы халықтың тұрмыс - салтың, олардың өмірдегі айырмашылығын айқындайды. Яғни, байды бұл өлеңде ақын надан ретінде, ал жарлыны - жетім ретінде қарастырып отырғаны байқалады. Ақын оларды жетім - жесірге қараспайтының, қатігез кейпін ашады. Оларға өнерлі адамдарды қарсы қойып, екеуін салыстыра суреттейді.
Сәкеннің Туған ел деген өлеңі де ескі ауыл өмірін еске түсіру, сағыну түрінде жазылған. Ақын онда елін, құлын - тайдай ойнап өскен жерін өткен күндерін - мал күзетіп, сауық құрған, жастық шағын, көкшен ауылды бие байлап, қымыз ішкен кездерін, өзенге қармақ салып сауықтағаның еске алады.
Түс деген өлеңінде ақын ескіні қорғансыз бақша күйінде қазақ халқын сол бақшадағы құраған ағаштар бейнесінде алады. Мұндай сүренсіздікті ол халықтың қараңғылығынан, ел билеушілердің ынтымақсыз, алауыздығынан, ел қамын ойламайындығынан деп түсіндіреді.

Халықты болашаққа жеткізер жастар деп
Көк шыбықтар көбейсе тал боп жетіп,
Көркейер, сонда бақша, қайғы кетіп,
Я, алла, жеткіз сорлы жастарды - деп
Тіледім шыбықтардын үміт етіп - деп ұғады. Бұл тарихи сөз теңеу қызметін атқарып тұр. Ол Көк шыбықтар деп - жастар келешегінен үміт күтетінің көрсетеді.
Жинаққа кірген тағы бір өлеңі - Жетім. Мұнда Сәкен туғанынан айрылып жасынан жетім қалған қазақ баласының жайын бейнелейді. Әке - шешенің қолында әлпештеп өскен балалар мен жетімнің күйін салыстыра суреттейді.
Есіркеп сипар маңдайдан,
Мұсылман жоқ қайрылған,
Жәрдемші жоқ ғаріпке,
Туғанынан айрылған, - деп ақын халық ішінен жетімге қол ұшын беріп, есіркер адам тапай күйінеді.
Осындағы тарихи сөздер қатарына: есіркеп, ғаріп деген сөздер жатқызылады. Есіркеп деп ақын жалғыз, жетім қалған бала бейнесін береді. Ал ғаріп деп оның қал - күйін, жағдайын сипаттайды. Ғаріп сөзі қазіргі кездегі шығармаларда да кең өріс алуда.
Сонымен, Өткен күндер жинағында Сәкен өзін қазақ халқының тағдыры үшін жаны ауыра білетін елді мәдениетке, оқу - өнерге үндеген ағартушы, демократ ақын ретінде танытты.
1915 жылы жазылған Көңіл деген өлеңінде Сәкен революция алдындағы халық көңіліндегі толқуды аңғартады. Жалпы қазақ шаруалары мен еңбекші бұқараның атынан сөйлеген лирикалық кейікерде іздену, жан-жаққа шарқ ұрып, талдану бар. Оның көңілі Мұратқа жетуді тілейді. Ол сол жаңа жолда ізденеді, ұмтылады.

Бабына келген,
Лепіріп женген,
Жүйріктен жүйткіп шабуға,
Ұшады көңіл,
Ұшады жеңіл
Мұратын іздеп табуға.

Сәкеннің табиғат туралы өлеңдері өз елін, оның табиғатын сүйген ақынның шын сезімін көрсетеді. Ол табиғатты ел өмірімен, олардың тіршілігімен, халыққа азаттық тілеген өзінің арман-қиялымен байланыстыра суреттейді.
Май айында өленіңде:
Жапырақ гүлге оранып,
Ағашқа көрік, сән кірді
Сансыз жырлап, ерте - кеш
Орманға шаттық ән кірді- деп Сәкен табиғат көркін ондағы жан - жануарлардың тіршілік әуенімен байланастырады.

Жаңа жыл өленіңде:
Сағындырған сұлуым
Сүйгенім менің, келдің жаз!
Құшағын жайып қарсыңа
Жас жүрек, міне, болды ма? - деп сағанған жылын қарсы алған ел қуанышын Жаз шықты дп қуанған балаларды, оңтүстіктен ескен жылы желді, оның лебімен еріп, сай - сайды қуып, ағып жатқан суды,далаға шығып бой жазған адамдар мен қарадан шығыпғ көкке ауызы тиген малды суреттейді.

Сәкеннің революцияны жырлауы 1917 жылы наурызда жазылған Асығып тез аттандық деген өлеңінен басталады. Ақын мұнда ақпан революциясының жеңісін патшаның тақтан құлауын құттықтай отырып, істің мұнымен бітпейтінің айтады. Асау тұлпарына мініп, бостандықты қарсы алуға аттанады , Сарыарқаға тағң атқызу үшін асығыс жолға шығады.
Таңды қарсы алдық
Тұлпарды таптық біз,
Алдарына кызыл шоқ,
Үкілеп сүзіп таптық біз,
... Күнге жайып құшақта,
Шақырып бері шаттандық
Қуантуға ел - жұртты
Асығып тез аттандық.
Бұл өлеңде ақын көптеген тарихи сөздерді ұсынады. Олардың әрқайсысының мағынасы бірдей: Ұлы Қазан революциясын Күн бейнесінде ала отырып, бұл күнді - бостандық әкелер, бақыт пен жаңа өмір орнатар күн деп түсінеді. Осы күш шығар алдында Түнерген зұлмат бұлты серпіліп, таң атады. Ақын танды тез аттырып, күнді қарсы алуға аттанады, ел - жұртын қуантпақ болады.
Кел, жігіттер деген өлеңінде ол :
Залымдық пен
Әділдіктің
Алысқанын айтайық,
Жер жүзінде
Бай мен кедей
Шабысқаның айтайық
Кедей сүйер,
Байлар күйер, ауыздан от шашайық
Салып ұран:
Кедей құрал!кедейден топ жасайық - деп жар салады. Бұл өлеңде ақын қайтадан жарлы мен байларды теңеп, жарлылардың бір топқа бірігіп, жеңіп шығуларына үмітін артып отыр.

Адасқандарға атты өленінде ақын надан адамдардың халық мүддесі үшін күреске шыққан ерлерге тас атқанына кемиді. Оларға күрестің негізгі мақсаты:
Нашарларға болысып,
Күштілер бетін қайыру,
Тырнағынан олардың
Езілгенді айыру екенін түсіндіреді.

Сағындым деген өлеңінде Көкірегін кек кернеген ақынның тұтқында жатып елін сағынғаны, ел өмірін еске түсіру арқылы беріледі. Ол Қайырымды қалың елін, өрісті шалқар көлің сағынады, ауыдын есіне алады. Ғазиз анасы мен сүйген жарын іздеп торығады, елі мен жерін, елдің ерлерін ойлайды.
Cәкен шығармаларындағы тарихи сөздерге тоқталатып өтейін. Мысал ретінде оның Сол жылдарда атты кітабын қарастырдым.
Сәкен Сейфулиннің Сол жылдарда атты еңбегінде келесідей тарихи сөздерді айқын көруге болады: Герман соғысына жәрдем жинаушы, пристоп, көне крейтон көйлегі, Жапон соғыс қылып, ләнке, қара дуана, барымта, ұрлыққа, үкіленген, Ақтабан шұбырынды, жаугершілік заманы тағы сондай сияқты сөздерді кездестіруге болады. Осы сөздердің тарихта алатын орны ерекше. Олар сол жылдардың дүр - сілкінісін суреттеп, барлық іс- қимылдарды осы сөздер арқылы көру қабілетін береді.

Оның Қамаудан атты өлеңінде тарихи сөздердің мәні өте зор. Осы өлең арқылы ақын бізге сол заманның қайғылы көрінісін көз алдымызға елестету мүмкіндігін береді.
ҚАМАУДАН
Тас үйдегі тұтқынды
Аяған адам жоқ болды.
Аяды бірақ табиғат
Қөңлім соған тоқ болды.
Тарихи сөз: тас үйдегі тұтқынды

Терезенің алдына
Торғайлар қеп ән салды.
Ызғарлы қамау тас үйге
Қүйлендіріп жар салды.
Тарихи сөз: ызғарлы қамау.

Даладан қөгал жас исін,
Жіберді маған желменен.
Терезеде отырып,
Сөйлесті көңлім елменен.

Болса да алыс қызыл күн,
Шұғыласын шашты алтындап.
Ғашығым менің бостандық
Келді алдыма жарқылдап.
Тарихи сөз: қызыл түн, бостандық.

Терезеден өлшеусіз
Көрсетті қыр, кеңдігін,
Табиғатына дүниенің
Патша мен тұтқын теңдігін.
Тарихи сөз: патша мен тұтқын теңдігі.

Демін салып майда жел
Құшақтап сүйіп тәнімді:
Сүйгенімдей тербетіп
Жұбатты менің жанымды.

Отырмын қүзет -- қамауда
Дұшпаннан тәнім жеңілді.
Жеңе алмас бірақ еш пенде
Асау -- еркін көңілді.
Тарихи сөз: күзет - қамау, дұшпаннан тәнім жеңілді.

1918 жыл, июнь, Ақмола.

Бұл сөздердің қайсысын қарастырсақ та олардың тарихи сөз ретіндегі маңызы зор екені сөзсіз деуге әбден болады. Бұл еңбегінде Сәкен Сейфуллин қамауда тұтқын болып отырған адам бейнесін береді, ол адамның сыр-күйін, мақсаты мен болмысын, оның арманың ашып көрсетеді.

Сәкеннің қай шығармасын алып оқымасам да, оның тілінің өткірлігі, тіл қорының байлығы сезініп тұрады.
Өз шығармаларымен Сәкен Сейфуллин жас ұрпақты патриатизмге (Отан сүйгіштікке) шақырады. Шығармаларында халық бостандығы, азаты үшін күрескен сәттерді бейнелеп, жастарымызды тәуелсіздікке үндейді.
Жас қазақ марсельезасы атты өлеңінде оның жастарды бостандық үшін күреске шақырғаны сезініп тұр.

ЖАС ҚАЗАҚ МАРСЕЛЬЕЗАСЫ
Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Ту ұстап дұспанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.

Тізесін батырған залымнан
Күн туды біз тендік алайық.
Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос.
Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос.

Қызыл ту шылауың, қорғаның --
Тізе қос, тізе қос, тізе қос.
Патшадан әділдік жоқ еді,
Ұлықтар парақор -- тоқ еді.

Бұқара халықты кем тұтқан.
Жеқ көрген, итімен тең тұтқан,
Қоспаған санына адамдық,
Айламен ұстаған надан ғып.

...Езілген, сезімнен кем халық,
Алдаушы қуларға жем халық.
Қор едің көп әкім қорыстан.
Парақор би менен болыстан.

Момын мен нашарға зорлық қып,
Залым мен байларға болысқан.
Азамат, сестеніп...
Қайырсыз байларың көп еді,

Жауыздың мейірімі жоқ еді,
Жауыздық тамырын қияйык,
Қулардың аранын тияйық,
Ақ ниет азамат ерлерді

Бір тудың астына жияйық.
Азамат, сестеніп...
Ескілік, надандық жоғалсын,
Сорлы жұрт сестеніп оңалсын,

Бақытқа жол ашық сезілсін,
Әділдік, жаңа заң түзелсін.
Патшалар, ұлықтар жасаған
Бұрынғы қу тәртіп бұзылсын.

...Жойылсын құлшылық, кемшілік,
Жасасын әділдік, теңшілік.
Бұрынғы қу қыспақ жол қалсын,
Өз еркін бұқара қолға алсын.

Жер үстін шат қылып көркейтіп,
Қызыл ту желбіреп орналсын.
Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос.
Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос.

Қызыл ту шылауың, қорғаның --
Тізе қос, тізе қос, тізе қос.

1919 жыл, август, "Арқа"
Бұл өлеңінде жазушы тарихи сөздерді кеңінен қолданып келген. Олардың қазіргі кезде отандық ақын-жазушылармен жиі пайдалануын көруге болады. Себебі, бұл сөздердің тарихи мәні мен маңызы өте зор. Менің ойымша, осы сөздер арқылы кез-келген жағдай, қимылдарды, толқу, күрестерді, арман, мақсаттарды, болмыс, тіршілікті, сана-сезімді, отаншылдықты көрсетуге болады.

Bottom of Form 0

БӨЛІМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Сейфуллин - қазақ советі әдебиетінің туын көтеріп, іргесін қалаған, оның идеялық жағынан берік қалыптауына көп еңбек сіңірген қайраткер, ақын, жазушы, сыншы әрі ғалым.
Оның Советстан, Қызыл ат, Көкшетау поэмалары - болмыс, бітімі мүлдем бөлек, революциялық рухқа тлы, шақтығы биік шығармалар.
Жер қазғандар, Айша, Біздің тұрмыс, Сол жылдарда повестері қазақ прозасының ірге тасына әрқайсысы бір - бір кірпіш болып қаланды.
Ал Тар жол, тайғақ кешу атты тарихи - мемуарлық романының орны тіпті бөлек екенін ұмытпаған жөн.
Сейфулинді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі ретінде де қарастырады. Оның балаларға арналған Бандыны қуған Хамит, Маузер және басқа да қызғылықты шығармалары әркімге таныс.
Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда - санда әлін жиып,
Ақбөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып.

Ботакөз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ - ау
Дәл көздеп жүрегіне атқан мерген!

Бір залымның дәл көздеп атқан оғы дөп тиіп қапсыраған адамның баласында көзі жаутандаған жазықсыз ақсақ киік - ақ маңдай, жез таңдай Сәкеннің нақ өзі екен ғой!

ІІ бөлім. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.
Ілияс Жансүгіров - ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.
Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Карағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып катеді.
Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды.
1920 ж. Ілияс Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курсте бес-алты ай оқығаннаң кейін, денсаулығының нашарлауына байланысты аулына қайтады.
Дауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде губерниялық оқу бөлімінде, Тілшігазеті редакциясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып шыңдайды. Жас азаматтың кызметтен өзге уакыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңдері Тілші, Кедей еркі, Лениншіл жас газеттерінде, Жаңа мектеп, Әйел теңдігі журналдарында жарияланады. 1927 жылы Беташар атты үгіт өлеңі, 1928 жылы Сағанак деген тұңғыш кітабы шығады.
1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мүра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, Дала, Күй, Күйші, Құлагер поэмалары, Жолдастар романы, Кек, Турксиб, Исатай-Махамбет пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап.
1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров Еңбекші қазақ газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспассөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайратқері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының I съезінде сөз сөйледі, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазашының М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.
Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.
Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы -- ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Өмірбаяны. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
Болашақ ақын жерінің бетін жеті өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі -бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі-жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең-дастандарды, арғы-бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін кісі болыпты. Оның үстіне домбырашы, ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына -- әке, шеше орнына -- шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген.
Ілияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп, медресе үлгісіндегі мектепте де оқиды. Бұдан кейін біраз жыл ауылда тұрып, үй шаруасымен айналысады. Қара танысымен, кітапқа құмартқан Ілиясқа үлкен кісілер қиссалар оқытып, баталарын береді екен. Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, далалық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Тұтқыр зерделі, тумысынан өнерге бейім, зерек жас өспірім домбыра тартып, ән үйреніп, алдымен жаттап, соңынан жанынан шығарып, өлең айтатын болады. Келе-келе, бір өңірдің "жарып той бастап, таңдап әріптес алып" айтысатын, "түнгі тойды таңға таратпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан" өлеңшісіне айналады. Сол шамада өлең де жаза бастайды. Бұл кезді талапкер ақынның елдің тарихын, өткен-кеткеннің қызықты хикаяларын, көне әдебиеті мен салт-дәстүрін біліп, халық тілінің байлығынмеңгерген, яғни "ауыл академиясында оқыған жылдары десе де болады. Қазақтың байырғы әдебиетімен, қисса, аңыз түрінде қазақшаланып жеткен Шығыс әдебиетімен ғана таныс Ілияс 22 жасында Абай өлеңдерін оқып, қайран қалады. "Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде бір түрлі сергектік, сілкініс болды, жүрегім де жаңалық сезгендей" деп жазады Ілияс "Қысқаша өмірбаянында". Ол енді данышпан ақын жинағын қолынан тастамай оқиды, жаттап та алады. Мұның бәрі ақындық талпынысына игі әсерін тигізеді, оның өзіне тән суретті тілі, арындата, нөсерлете жазатын стилі айқындала бастайды.
Талабына оқуының аздығы қол байлау болатынын сезінген Ілияс 26 жасында Алматыға келіп, қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітіреді. Одан кейін Ташкентке барып, онда Қазақ ағарту институты жанындағы курста жарты жылдай оқиды. Осы екі қалада шығып тұратын мерзімді басылымдарда өлеңдері жарияланады. Бірақ денсаулығына байланысты көп ұзамай еліне оралып, алдымен мұғалім, одан кейін облыстық, губерниялық мекемелерде, "Тілші" газетінде істейді. Қолы бос кезде бас алмай кітап оқып, өзін тебіренткен жайттарды өлең етіп жазады. Алғашқы өлеңдері "Тілші", "Кедей еркі", "Лениншіл жас" газеттерінде, "Жаңа мектеп", "Әйел теңдігі" журналдарында жарияланады.
І.Жансүгіров 1926-1928 жылдары Мәскеудегі журналистика институтында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады. Ақыл-ойы толысқан, өмір тәжірибесі мол, талантты жігіт, әйгілі ғалымдардың дәрісіне өздігінен оқуы қосылып, тез кемелденеді. Әсіресе, орыс және Еуропа әдебиетінің классикалық туындыларын құмарта әрі талдап оқиды. Институттың соңғы курсында оқып жүргенде - 1928 жылы "Сағанақ" атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Елге оралған соң, ол республикадағы аға газет -"Еңбекші Қазақта", 1934-1935 жылдары Казақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қызметтер атқарады. 1934 жылы КСРО Жазушыларының I съезіне делегат болып қатысып, сөз сөйлейді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып істейді. Ақынның М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолына игілікті әсер етеді.
Тұнғыш кітабы шыққаннан жазықсыз жазаға ұшырағанға дейінгі 10 жылға жетер-жетпес аралықта Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетін "Жолдастар" атты пьесаларымен байытады, әсіресе, поэзияда көптеген әсерлі өлеңдері мен "Жетісу суреттері", "Гималай" атты керемет көркем жыр-толғауларына қоса, артынан "Дала", "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық поэмалар беріп, ақындық шыңына көтерілді.
Көзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырады.
***
Жансүгіров Ілияс (1894 - 1938)
... Шаттық жыр ағыл-тегіл, жаз қаламым,
Шат өмір шалқуыңа аз ба, жаным.
... Ырысты еркін, азат елім қандай,
Кең байтақ, кен дәулетті жерім қандай...

Қандай шаттыққа, сенімге толы жыр еді! Осындай риясыз қуанышпен жыр-тұлпарының тізгінін тыймай, еркін ұстаған ақын құдырет-күш тәңірісіндей сымбатты, еңселі адам болып елестейді. Оның жүзі жарқын, жаны жазирадай кең, жанары жарқылға толы болса керек-ті.
Ілияс Жансүгіров Талдықорған (қазіргі Алматы) облысының Ақсу ауданында туған. Алғаш Қарағаш ауылындағы мектепте жадитше оқып, өз бетімен оқи, жаза алатын дәрежеге жетті. 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түсті де, оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болды. Онан кейін аз уақыт Тілші газетінде істеді. 1922 жылы Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітірді. Мәскеуден оралғанда Еңбекші қазақ газетіне қызметке алынды. 1933-1936 жылдары ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Жазушылар Одағының председателі қызметін атқарып жүрген есіл ақынға орынсыз жала жабылып, репрессияның жазықсыз құрбаны болды.
Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады.
Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы - оның поэмалары. Оның қаламынан туған Күй, Дала, Күйші, Құлагерсияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады.
Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармасының ішіндегі көлемдісі Жолдастар романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, азаттықты көксеген арман-аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді.
Ілиястың драма саласындағы Кек, Түрксіб, Исатай-Махамбет сияқты туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар. Ол әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, Евгений Онегин романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Ю.Лермонтовтың, А.М.Горькийдің, Н.А.Некрасов-тың, В.В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Ілияс Жансүгіров қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі-өнеге.
Бүгінде Жансүгіровтің еліміздегі аса көрнекті жазушыларының қатарына қосылатынына, қазақ көркем сөз өнерінің асқан шеберлерінің бірі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмайды. Ақын жырларын халық қастерлеп, жастайынан жаттап өсуде.
Ілияс Жансүгірұлының ұлтымыз өміріндегі орны орасан, қазақ әдебиетіндегі әлемі айрықша. Ол - қазақ жырының тұлпар Құлагері. Ол - туған әдебиетіміздің бір асқар Алатауы, немесе жыр Жетісуы. Иә, ол қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, қала берді әлем әдебиетіндегі сирек, сара құбылыс. Оған бұл орайда жетіспейтін жалғыз-ақ нәрсе - бес құрылық халықтары тіліне аударылмай жатқандығы. Бұл жерде баса айтатын бір ерекшелік - өнердің заңы өмірдің заңынан да өргелек. Бейнебір бақи дүниенің қағидасы пәни дүниенің қағидасынан басым түсіп жататындай... Мәселен, әйгілі әлемдік тартылыс заңын кезінде ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон зерттеп, зерделеп таппаса да кейіннен басқа біреу міндетті түрде табар еді. Ал, Евгений Онегинді тек А.С.Пушкиннен басқа ешкім қалайша жаза алмаса, Жетісу суреттерін, Күйші, Рүстем қырғынын, Исатай-Махамбетті, Құлагерді нақ солайша Ілияс Жансүгірұлынан басқа ешкім жаза алмайды. Осы ретте біз оқырманымызға қатысты Луи Арагонның мына бір сөздерін алға тартсақ түк артық емес: Біздің ғасырымыздың маңдайына бірнеше ақындардың нұрлы есімдері мөр болып басылған. Англияда ол - Киплинг, Францияда - Апполинер мен Элюар, Германияда - Рильке, Испанияда - Гариса Лорка. Осынау нұрлы күндердің қайсысы сөнсе де, нақ сол күні әлемді қара түнек басқандай болатын. Бірақ олардың қай-қайсысының да соңына қалдырған мұрасы көлеңке емес, жалын, ақ жалын еді.
Қазақстанда олар - Мағжан Жұмабайұлы мен Ілияс Жансүгірұлы дегенді қосқымыз келер еді. Ақын бүгінгі егемен Еліне, ерікті де еркін қандастарына қарап тіл қатады:
Астана Алатаудан саңқылдасам,
Жетпей ме жер жүзіне жаңғырығым!
Ақын Ілияс Жансүгірұлының үні жер жүзіне таралып жатыр..

2.1. Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасы

Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.
Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:

Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы
Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы
Қазақта қобызшының қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, -

деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған шабыттың екпіні сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні кеткен" шалыңыз кім десеңіз:
Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан
Боздатып "бозінгенді" күңіренткен.

Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған "Бозінген" күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз.
Міне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі "Күйші" поэмасын жазды. Поэма оқырманды салған жерден тау өзенінің арынды ағысындай үйіріп әкетеді: оқиға Арқадан ауып Жетісуға келген хан Кененің ордасынан басталады. Абылайдың арыстан жүректі немересін ардақ тұтып, сыйлаған халық, Жетісудың ығайы мен сығайы оның құрметіне ту бие сойып, той жасап, ерулік беріп, тарту-таралғы ұсынып, жік-жапар болуда. Поэманың қаһарманы Сарыүйсін руынан шыкқан салт атты, сабау қамшылы бір жігіт сондай той-думанның біріне тап болады. Бар жақыны - жар дегенде жалғыз шешесі ғана. Ел оны күйші деп қана атайды. Ешкім есімін ауызға алмайды, сірә білмейтін болса керек. Бірақ сол аты жоқ Сарыүйсініңіз осында жиналған хан мен қараны тамсандыруда:

Аңқытып ақ орданың бір жағында
Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп,
Құмар қып тартқан күйдің ырғағына.

Оның күйін тыңдаған жұрт:

Жып-жым-жырт тыңдағандар тіл кескендей,
Құрыштап құлақтарын үн кескендей.
Сылдырап кейде қамыс, кейде бұлақ,
Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей.

Оның тартқан алуан түрлі: зарлы, ащы, тәтті күйлері тас бұлақтың суындай лақылдатып, біресе жүректі шымырлатып, біресе көңіл шымшиды." Асан Қайғы", "Теріс қақпай", "Сарыөзен", "Бозінген", "Қаражорға", "Қорамсақ" күйлері Алатау, Алтай, Арқа, Қыр, Сырды шарлатып, Ұлы Дала аумағында өткен ел тарихын елестетеді. Осыларды автор:

Анқылдап алтын күрек домбырадан
Құйып тұр жазғы жылы жаңбырдай боп, -

деп суретті сөзге көшіреді.

Табиғат тып-тыныш бола қалды.
Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп,
Қамыстан жолбарыс та ыңыранды.
Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына,
Бұлт тыңдап, мінбей тұрды тау басына.
Мақұлық жерде, көкте маужырады.
Қараған бір жан болмай шаруасына.
Су ақпай, жатты толқып арнасында,
Қарғалар қалқып қалды жар басында.
Сүйсініп домбыраны тыңдады жұрт,
Тырп етпей тілеулес боп зарласынға.

Осылайша, адам түгіл, жан-жануар, өлі, тірі табиғатты манауратқан Күйшіні ханның қарындасы - " Ақылы дария, алтын басты, әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы" Қарашаш -- ағасынан басы бүтін сұрап алады. Бишара күйші не күйге ұшырағанын аңғара алмай, ханшаның соңынан сүмірейіп кете барады. Құлағында хан Кененің:
Үйсіннің ерулігі болар бізге,
Бергенім басы бүтін байлап басын, -

деген мұздай сөзі.
Поэмаға өзек болған негізгі идея - қазақ халқының тоқсан тарау, яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету. Бұл Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартыс, адам сезімдерінің алапат шарпысуы арқылы беріледі.
Ә дегенде Қарашашқа тұтқын, құл болдым деп есеңгіреп қалған Күйші біртіндеп есін жиып, үй ішінің көріністеріне көзін салады. Небір асыл дүние-жиһазбен сәндеген ханша отауының гүл-гүл жайнаған ішкі жасауы Күйші сезімін арбап, көңілін сергітеді. Алғашында айдаһардай әсер еткен ханша енді:

Қара қас, қылан қабақ, кер кұба қыз
Қарашаш, алмас сағақ, құралай көз.
Сырықтай ордадағы сымдай бойы,
Талшыбық қыпша белдің өзі нағыз.
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,
Ақ қоян, бозша, байтал, ақша нар қыз.
Қымыздай балға ашытқан тәтті қыз,-

болып көрінеді. Оңаша тыныш сәнді отауда осылай елестеген сұлу Қарашаш Күйшінің жүрегінде ғашықтық отын жандырып, құштарлық сезімін лаулатады. Осыдан кейін үйреншікті күй тілі кенет жаңа, сұрапыл, ыстық тасқын боп бұрқайды. Оқырман жалынды жаңа саздың туу сәтінің куәгеріне айналады, өнер психологиясын аңдайды.
Күйшінің жан дүниесін баурап алған құштар сезімді бейнелейтін жаңа шығарма тудырған шабыт құшағындағы кезі былай суреттеледі:

Саусақтар ойнап, орғып, қаздаң қағып,
Суырып ішек тілін, мұңын шағып.
Жүйріктің шын күйі келгенінде
Шығаннан шыға шаппай тұрсың нағып.
Асқақтап, кейде күйді көкке өрлетіп,
Алыстап, шырқап, сілтер, әрі кетіп,
Қайырып, қалықтатып, қайта оралтып,
Бірден-бір ақырын-ақырын төмендетіп.
Ызғытып, өлке өрлетіп, баяулатып,
Соқтырып кейде боран дауылдатып,
Көңілдің асқарынан тұманды айдап,
Артынан нөсерлетіп, жауындатып...

Күй ырғағын, әуен-сазын айнытпай бейнелеп, нөсерлеткен, тасқындай үдей жөңкілген сөз түйдектері кім-кімді де тырп еткізбей, баурап алады.

Домбыра бебеулетті, безілдетті,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы
Тәуелсіздік - тұғырым. (Тәрбие сағаты)
Алаштың алдаспаны
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Нұрмағанбетов Тәшенев жайында
Қазақстандағы саяси репрессия
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы
Халел Досмұхамедұлының дара жолы
Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
Тарих пен әдебиет
Пәндер