Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ТАРАУ НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Нарықтың қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Нарық экономикасының элементтері мен инфрақұрылымы ... ... ... ... ...8
1.3 Нарықтың құрылымы түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.ТАРАУ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ
2.1 ҚР нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері қарастырылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразі нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарық — айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан экономикасының даму кезеңдері мен алға қойған мақсаттарға жету жолындағы іс-шараларды қарастыру. Сол арқылы экономиканы дамыту жолындағы қабылданған бағдарламалардан хабар алу, оның оң және теріс нәтижелерін оқып үйрену.
Осы мақсаттағы негізгі міндетім – Қазақстандық даму жолының мән-мағынасын ашып, даму бағытын көрсету болып табылады.Осы тұста қарастырылатын сұрақтар:
• Нарықтық экономиканың негізгі модельдері
• Қазақстанда нарықтық экономикаға өтудің негізгі модельдері
• «Қазақстандық даму моделінің» арығарай жетілдіру жолдары
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылдың 19 наурызындағы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді...”
1. Ілиясов Қ.Қ.Құлпыбаев с Қаржы: Оқулық-Алматы 2005-552бет
2. «Ақша, несие банктер», оқулық.-Алматы, Экономика, 2001-446 бет
3. Аубакиров Я.Е. «Экономикалық теория» Алматы 1999ж 176 бет
4. Омирбаев С.М. Финансы Астана 2003 ж
5. Мельников В:Д., Ильясов К.К Финансы.-Алматы
6. Нурсейт А. «Теория рыночной экономики» Алматы,2000г 233 бет
7. Худяков А.И «Финансовое право РК» Алматы ,2001 стр 272

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-ТАРАУ НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Нарықтың қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Нарық экономикасының элементтері мен инфрақұрылымы ... ... ... ... ...8
1.3 Нарықтың құрылымы түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2-ТАРАУ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ
2.1 ҚР нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..30

КІРІСПЕ
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері қарастырылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразі нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет "күш" деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарық -- айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан экономикасының даму кезеңдері мен алға қойған мақсаттарға жету жолындағы іс-шараларды қарастыру. Сол арқылы экономиканы дамыту жолындағы қабылданған бағдарламалардан хабар алу, оның оң және теріс нәтижелерін оқып үйрену.
Осы мақсаттағы негізгі міндетім - Қазақстандық даму жолының мән-мағынасын ашып, даму бағытын көрсету болып табылады.Осы тұста қарастырылатын сұрақтар:
Нарықтық экономиканың негізгі модельдері
Қазақстанда нарықтық экономикаға өтудің негізгі модельдері
Қазақстандық даму моделінің арығарай жетілдіру жолдары
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылдың 19 наурызындағы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: "Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді..." Осыған байланысты елімізде экономиканы дамытудың негізгі бағыттары былайша тұжырымдалған:
* экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру;
* Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
* индустриалдық - инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;

Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын -- соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл -- әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Нарық -- өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

1-ТАРАУ НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Нарықтың қызметтері

Нарық -- өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық -- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық -- тауарларды сатып алу және сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. (Саяси экономия -- Алматы,"Ана тілі"). Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Шын мәнінде тауар - ақша, нарықтық байланыстар сату, сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар -- ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады. Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе -- теңдік қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Нарық түралы ілім. Ағылшын экономисі А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі Халық байлығы 1776 ж. жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм алғашында оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде. А. Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің түсінігінше, алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз -- еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым - ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. "Айырбастау" -дейді В.И. Ленин,- "адамдарды нарық арқылы біріктіреді". В.И. Лениннің айтуынша, "Нарық" ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды.
Міне, сондықтан да социализм орнатуда және социалистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендігі туралы В.И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары: В.И.Лениннің көзқарасында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу барысында атқаратын рөлі; Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері туралы жалпы теорияның айқындала түсуі; Өтпелі дәуір кезеңіндегі экономиканы мемлекет тарапынан басқару механизмінің дамуы;
Нарықтың пайда болу себептері. Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі олардың қажеттілігіне қарағанда, табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілеті бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды. Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б. жатады. Ресурстарға тән нәрсе -- олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл феномен шамасы "Ресурстар Заңы" деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурсттар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеген Көрінбейтін қол деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек қана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты -- өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол, оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады.

1.2 Нарық экономикасының элементтері мен инфрақұрылымы
Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық көруге болады. Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері:
1) Нарықтың ақпараттық қызметі - нарықтың экономиканың қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл жерде нарық арқылы өнім өндіруге кеткен шығындар, олардың бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы сияқты ақпараттар үнемі ағылып отырады.
2) Нарықтың делдалдық қызметі - нарықтың тұтынушыға өзіне қолайлы сатушыны тауып беруіне және өндірушіге өзіне пайдалы сатып алушыны таңдай алуына мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың байланысы орнап екі жақты операциялар жасалынып отырады.
3) Нарықтың баға белгілеушілік қызметі - нарықтың тек қоғамға ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі. Бұл жерде нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеу жүзеге асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады.
4) Нарықтың реттеушілік қызметі - нарықтың ақша қаражаттарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы. Бұл жерде нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу не, қалай және кім үшін деген мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады.
5) Нарықтың сауықтырушылық қызметі - нарықтың қоғамдық өндірісті бәсекеге төтеп бере алмайтын, әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер мен тапқырларға жол ашып отыруы.
Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі басты үш принципке негізделеді:
1) Маржиналды (шекті) талдау принципі - нарық субъектілерінің, тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді.
2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі - берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
3) Экономикалық ұтымдылық принципі - рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.
Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылым - бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес мекемелердің кешенді жүйесі.
Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан:
1. Өндірістік инфрақұрылым - бұл өндірістік қызметтер мен халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз ететін салалар мен салаішілік салалардың жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымның құрамына мыналар кіреді: өндіріске қызмет көрсететін көліктердің барлық түрлері, өндіріске қызмет көрсететін байланыс құралдары, материалдық-техникалық жабдықтау, тауарлар қозғалысының жүйесі, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу, электр қуатының объектілері, т.б. Инфрақұрылымның бұл түрі қоғамдық өндірістің тиімді жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы жағдайлар жасайды.
2. Әлеуметтік инфрақұрылым - бұл халықтың дұрыс өмір сүруі үшін материалдық, мәдени-тұрмыстық, рухани жағдайларды қамтамасыз ететін салалардың және салаішілік салалардың жиынтығы. Бұл әртүрлі қызмет көрсетулер мен рухани игіліктерді өндіру аясы. Әлеуметтік инфрақұрылымның құрамына мыналар жатқызылады: халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, мәдениет пен өнер, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі, халыққа қызмет көрсету орталықтары, т.б.
3. Нарықтық инфрақұрылым - бұл ерекше нарықтар ретінде әрекет ететін және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысқан жиынтығы. Нарықтық инфрақұрылымның құрамына мыналар жатады: банктер, сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары, еңбек биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда-өнеркәсіп палаталары, кедендік мекемелер, ақпарат орталықтары, жарнамалық агенттіктер, заң қызметтері, т.б.

1.3 Нарықтың құрылымы түрлері
Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:
географиялық орналасу;
табиғи ресурстардың бар болуы;
тарихи даму жағдайлары;
халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;
өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:
меншіктің әр алуан формаларының болуы;
тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;
еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;
экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.
Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады.
Американдық үлгі. Бұл үлгі капитализмнің либералдық үлгісі деп аталады. Ерекшеліктері:
мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30 -- 70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.
көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);
халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;
жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.
Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлык мүмкіндіктерін бейбіт мақсатқа, яғни, өнеркәсіптің экономикалық потенциалын өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:
ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін -- аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап -- электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;
өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау. Қазір 1991-1995 жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. Жапондық кереметтің болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;
фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;
жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;
жұмысшыларды басқаруға жөне шешім кабылдауға тарту;
жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес -- фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;
үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.
Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг HYPERLINK "http:kk.wikipedia.orgwiki%D0%9 B%D1%8E%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B3_%D0 %AD%D1%80%D1%85%D0%B0%D1%80%D0%B4"Э рхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:
экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.
XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;
Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;
Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес -- фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.
Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:
әлеуметтік бағытталу,
мүліктік теңсіздіктің төмендегі,
жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.
Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.
Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшелектері американдык пен неіміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекетгің реттеуші рөлі күшті. 1947 жылдан бастап бес жылдық жоспарлар -- индикативтік жоспарлау жүзеге асырылып отыр. Бүл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.
Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі -- мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы -- экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғасыр 70-ші жылдардан бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды. Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары XX ғасыр 80-жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді. Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған. Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жылдары) экономикаға реанимация жасалған соң үкімет элеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.
Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. Халық коммунасының орнына отбасы мердігерлігі келді (1984 жылы аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін -- салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.
Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы талқыланып отыр. Шаруаларды кооперациялық әрқилы формаға біріктіру жөне жерді мықты шаруашылыққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.
Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың аралас үлгісін жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында өрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді жөне үш жақтың мүдделерін ұштастырады -- мемлекеттің, кәсіпорынның жөне жұмыскердің. Бұл макродәрежеде нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін әр алуан ыарықтардың өрекет жасауын талап етеді. Нәтижесінде орталықтанған жоспарлы экономика үлгісінен социалистік жоспарлы нарық экономикасының үлгісіне көшу көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мәні мынада: социалистік өндіріс -- тауарлы өндіріс, тауар өндірушілердің езара әсері тауар-ақша қатынастарының дамуына негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал-жабдықтарға меншіктің қоғамдық формасы және макродәрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.
Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, ККП XVII съезі экономикалық реформа жүргізудің негізгі принциптерін белгіледі. Олардың бастысы: меншік құқын шаруашылық жүргізу құқынан ажыратыд, мемлекет секторындағы көсіпорындардың шаруашы- лық іс-өрекетгерін жандандыру. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын -- кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару -- пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық релеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.
Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.
Өнеркэсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% -- үжымдық кәсіпорындарда және 5% -- жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорьшдарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті.

Нарық экономикасына өту ҚР-да егемендік алғаннан басталады. ҚР-сы 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап егеменді ел болып экономикада белгілі бостандығын алып, шаруашылық процестерін рыноктық қатынастарға бұрғызды.
Нарық экономикасын қалыптастыру 3 сатыдан тұрады:
1. Өндіріс. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына байланысты нарық қалыптасады.
2. Экономика. Өндірістен экономикаға ауысу. Айырбас еңбек өнімін тауарға айналдырып, ал айырбастың өзін рынок жасайды. Яғни, "сатушы рыногі" қалыптасады.
3. Нарық экономикасы. Өндіруші өз алдына рынок құра алмайды. Нарық сатып алушылар болғанда ғана құрылады. Бұл кезде "тұтынушылар нарығы" қалыптасады.
Нарық қатынастары дегеніміз- сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастар.
ҚР-сының нарықтық экономикаға өтуін 3 кезеңге бөлеміз:
а) І кезең- 1991-1993 жылдар мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру;
ә) ІІ-ші кезең- 1994-1995 жылдар нарық түрлерін дамыту;
б) ІІІ-ші кезең- 1995-2000 жылдар Қазақстанның әлемдік позицияда өз орнын алуы.
Нарық экономикасы дегеніміз- сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен реттелетін, тауарлар мен қызметтер айырбасының баламасымен, шаруашылық есепке, кәсіпкерлік қызметке негізделген экономика.
Нарық экономикасының артықшылықтары:
1) ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2) өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
3) тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрект ету бостандығын қамтамасыз етеді;
Нарық экономикасының кемшіліктері:
1) табыс алуға кепілдік бермейді;
2) толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
3) қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;
5) ұжымдық пайдаланатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
2. Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады:
1-ден, нарық- сұраныс пен ұсыныс қатынастары немесе сатушы мен сатып алушылардың өзара қатынастары;
2-ден, нарық- бұл тауарлар айырбасы қатынастарының жиынтығы, тауар өндірісі мен айналым заңы бойынша ұйымдастырылған айырбас;
3-ден, нарық- тауар мен ақша айналымы қатынастарының жиынтығы;
4-ден, нарық-өнімді өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын елдер арасындағы және елдің ішіндегі айырбас сферасы.
Нарықтың пайда болу шарттары:
А) қоғамдық еңбек бөлінісі;
ә) өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;
б) өндіруші еркіндігі, кәсіпкерлік бостандық.
Нарықтың атқаратын 5 қызметі бар:
1. Ақпараттық;
2. Делдалдық;
3. Баға белгілеу;
4. Реттеуші;
5. Ынталандырушы.
3. Нарық бір-біріне байланысты жеке нарықтардың жүйесін көрсететін тауар айналымы қатынастарынығ дамыған жүйесі. Сондықтанда нарық өндірісті қамтамасыз ететін тікелей байланысты элементтерді, сонымен қатар материалдық және ақшалай элементтерді қарастырады.
Нарық құрылымы дегеніміз- тауарлық қатынастардың дамыған жүйесі ретінде әртүрлі өзара байланысты жеке нарықтардың жиынтығы.
Рыноктың экономикалық құрылымы мыналармен анықталады:
- меншік нысандарымен;
- тауар өндірушілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Мемлекеттік экономикалық қызметтің теориялық негіздері
Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері
Нарық: мәні, құрылымы, кеңесітік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Қазақстан Республмкасындағы көлеңкелі экономика
Жекешелендіру, ҚР кәсіпкерлік қызметі, ҚР нарықтық экономиканың қалыптасуы, нобель сыйлығының лауреаттары
Рыноктық экономиканы реттеу әдістері
Индустриалды даму
Басқару ғылымы
Пәндер