12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 12 жылдық мектептің 11.12 сынып оқушыларының физиологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1
1.2
Мектеп жасындағы жасөспірім шақ оқушылардың физиологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде оқу.тәрбие үдерісін ұйымдастыру гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
7
2 12 жылдық мектептің 11.12 сыныптарында оқытудың психологиялық.
педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
2.1
2.2
2.3 Мектеп жасындағы жасөспірімдік шақ оқушылардың психологиялық.педагогикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жоғары сынып жасөспірім жасындағы оқушылардың психологиялық.педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықтарына бағыт берудің психологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
13
16
3 12 жылдық мектепте жалпы орта білімнің базалық мазмұнын анықтау
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
3.1
3.2
3.3
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру бойынша шетелдік және қазақстандық тәжірибелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12 жылдық мектептегі жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын жобалау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
29
36
4 Жалпы орта мектепте негізгі оқу пәндерінің үлгілік базалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
44
4.1
4.2
4.3
4.4
4.5
4.6 «Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
«Математика және информатика» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
«Жаратылыстану» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
«Адам және қоғам» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
«Технология» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
«Дене шынықтыру» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
44
58
61
66
69
72
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 78
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80

Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның жүзеге асуы мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы, қазақстандық білім берудің халықаралық білім кеңістігінен лайықты орын алуы стратегиялық маңызға ие жоба есебінде көрсетілген [1].
Сондықтан да қазіргі қоғам өмiрiнiң барлық білім беру саласында, соның iшiнде тұлға қалыптасуының негізін қалайтын жалпы білім беретін мектептің базалық білім мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар жасауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басымды бағыттарының бірі ретінде көрсетілген 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі білім беру мазмұнының когнитивтік, іс-әрекеттік және аксиологиялық компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді ұйғарады [2].
Оқытудың 12 жылдық моделіне көшу қазіргі білім беру саясатының бағыттарын іске асырумен қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі міндеттерін орындауы тиіс: сапалы білім алуы үшін барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктерді ұсыну; қазақстандық патриоттыққа, адам құқықтары мен бостандығына құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікке және құқықтық сана-сезімге тәрбиелеу; ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға, толеранттыққа тәрбиелеу; қоғамда әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру; оқушылардың оқу жүктемесін білім беру деңгейлеріндегі жас ерекшелік мүмкіндіктерімен және психофизиологиялық даму заңдылықтарымен өзара байланыстыру; жеке білім беру траекториясын қалыптастыру; жалпы орта білім беру деңгейінде оқытуды бейіндендіру; тілдерді деңгейлеп оқытуды енгізу және оның негізінде көптілді тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім берудің жаңартылған мазмұнының базалық принципі əрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құруды (өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі жетілдіру), білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мəдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізуді, жалпыадамзаттық құндылықтар-дың дамуын меңгеруді, коммуникативтік дағдыларды және ақпараттар мен технологияларды басқара білуді, проблемаларды шеше білуді көздейді.
Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша жалпы орта білім беру деңгейінде білім беру сапасын жетілдіру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және болашақтағы қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша бейіндік оқыту ұсынылады [2].

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж. 14.12.). – Астана, 2012.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27.07.2007.
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген.
5. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011ж. 30.12. №1684 Қаулысымен бекітілген.
6. Шамшиева М.А. «Жас ерекшелігі педагогикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік нұсқау. – Ақтау: КМТжИУ, 2010. – 43 бет.
7. Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. – 192 с.
8. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, «Мектеп». – 1987. 125б.
9. Әбдікәрімұлы Б., Айқынбаева Г.Қ. 12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері: Ғылыми басылым. – Астана: ЕГИ, 2008. – 284 б.
10. Айқынбаева Г.Қ. 12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері: п.ғ.к. ғыл. дәрежесін алу үшін дайын. дисс. Авторефераты. – Астана, 2008. – 32 б.
11. Мұқанов М.М. Жас ерекшелік және педагогикалық психология. – Алматы, «КазПИ баспасы», 1980. – 29б.
12. Поливанова К.Н. Психологическое содержание подросткового возраста //Вопросы психологии, 1996. – №1. – С.20-23.
13. Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психология. – Алматы: «Қазақ университеті», 2007.
14. Кон И.С. Психология юношеского возраста. – М., 1979.
15. Васильев С. Профессиональная ориентация учащихся как одно из условий осознанного выбора профиля обучения //Мектеп директоры = Директор школы. – 2008. – № 3. – С.35-37.
16. Смағұлова Г.Қ. және т.б. Шетелдік тәжірибедегі 12 жылдық білім беру //Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. – Алматы, 2012. – 9 б.
17. Карибаева А.А. 12-летнее образование в странах с переходной экономикой// Абай атындагы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы. Әлем халықтары тілдері сериясы. = Вестн. КазНПУ им. Абая. Сер. Языки народов мира. – 2006. – №1(8). – С.87-89.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
12 жылдық жалпы орта мектептің
базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Әдістемелік құрал
Астана
2013
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға
ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама).
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері.
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. – 84 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда 12 жылдық мектептегі жалпы орта
білім берудің базалық білім мазмұнын анықтаудағы оқушылардың физиологиялық,
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, жоғары сыныптарда бейіндік
оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздері, білім беру мазмұнына қойылатын
талаптар мен дидактикалық принциптер, жалпы орта білім берудің базалық
мазмұнын анықтаудың матрицасы берілген.
Бұл әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен
оқытушыларына, мұғалімдерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру
институттарының мамандарына, орта мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары
мен мұғалімдеріне арналады.
©
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның
жүзеге асуы мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету
бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Бұл Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына
қосылуы, қазақстандық білім берудің халықаралық білім кеңістігінен лайықты
орын алуы стратегиялық маңызға ие жоба есебінде көрсетілген [1].
Сондықтан да қазіргі қоғам өмiрiнiң барлық білім беру саласында, соның
iшiнде тұлға қалыптасуының негізін қалайтын жалпы білім беретін мектептің
базалық білім мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар жасауды қажет
етеді.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басымды бағыттарының бірі ретінде
көрсетілген 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі білім беру мазмұнының
когнитивтік, іс-әрекеттік және аксиологиялық компоненттерін кіріктіру
негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді
ұйғарады [2].
Оқытудың 12 жылдық моделіне көшу қазіргі білім беру саясатының
бағыттарын іске асырумен қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың келесі міндеттерін орындауы тиіс: сапалы білім алуы үшін барлық
азаматтарға бірдей мүмкіндіктерді ұсыну; қазақстандық патриоттыққа, адам
құқықтары мен бостандығына құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікке
және құқықтық сана-сезімге тәрбиелеу; ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға,
толеранттыққа тәрбиелеу; қоғамда әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру;
оқушылардың оқу жүктемесін білім беру деңгейлеріндегі жас ерекшелік
мүмкіндіктерімен және психофизиологиялық даму заңдылықтарымен өзара
байланыстыру; жеке білім беру траекториясын қалыптастыру; жалпы орта білім
беру деңгейінде оқытуды бейіндендіру; тілдерді деңгейлеп оқытуды енгізу
және оның негізінде көптілді тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім берудің жаңартылған мазмұнының базалық принципі əрбір
мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын
ізгі білім беру ортасын құруды (өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі жетілдіру),
білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мəдениеттің жоғары
деңгейіне қол жеткізуді, жалпыадамзаттық құндылықтар-дың дамуын меңгеруді,
коммуникативтік дағдыларды және ақпараттар мен технологияларды басқара
білуді, проблемаларды шеше білуді көздейді.
Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша жалпы орта білім беру деңгейінде білім
беру сапасын жетілдіру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және
болашақтағы қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жаратылыстану-математикалық,
қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша бейіндік оқыту ұсынылады [2].
Бейіндік оқытудың мақсаты – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге
жоғары сынып оқушыларын даярлау, оларға кәсіптік бағдар алу үшін жағдай
жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық
қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын
ұйымдастыру, білім беруді даралау мен саралап жіктеу [3]. Сондықтан
бейіндік оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты,
олар: білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі білім, білік, дағды және
құзыреттіліктер; жоғары сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың әлемдік
тәжірибесі; техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен
байланыстырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқыту жүйесінің дамуы 16-18
жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен
қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында
мүмкіндіктерді кеңейтуге; жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік
жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын
іске асыруға; еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету
проблемаларын шешуге бағытталған.
Осыған орай 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейіндегі
бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздерін және оны жүзеге асыру
механизмдерін анықтау, жалпы орта білім берудің базалық білім мазмұнын
жобалау, бейіндік оқытудың құзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларын
әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау өзекті мәселе болып
табылады.
Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, яғни 12 жылдық
жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтауға арналған әдістемелік
құралын ұсынылады.
Әдістемелік құралда жалпы орта білім берудің базалық білім мазмұнын
анықтайтын оқушылардың физиологиялық, психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері, бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздері, білім
беру мазмұнына қойылатын талаптар мен дидактикалық принциптер берілді.
Әдістемелік құрал төрт бөлімнен, әр бөлім ішкі тақырыптардан тұрады.
Бірінші бөлімде, мектеп жасындағы жасөспірім шақ оқушылардың физиологиялық
ерекшеліктері мен жалпы орта білім беру деңгейінде оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру гигиенасы беріледі. Екінші бөлімде, жасөспірімдік шақ
оқушылардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері, болашақ мамандықтарына бағыт берудің
психологиялық аспектілері тберілген. Үшінші бөлімде, жоғары сыныптарда
бейіндік оқытуды ұйымдастыру бойынша шетелдік және қазақстандық
тәжірибелерге талдаулар, бейіндік оқытудың тұжырымдамалық негіздері, жалпы
орта білім берудің базалық мазмұнын жобалау негіздері беріледі. Төртінші
бөлімде, жалпы орта мектепте негізгі оқу пәндерінің үлгілік базалық мазмұны
білім салалары бойынша тұжырымдалған.
1 12 жылдық мектептің 11-12 сынып оқушыларының физиологиялық ерекшеліктері
1.1 Мектеп жасындағы жасөспірім шақ оқушылардың физиологиялық
ерекшеліктері
Жалпы орта мектеп оқушыларының жасөспірім шақ жастарында тұлғалық
жағынан өсіп жетілуі аяқталады, олардың өмірге көзқарасының негізгі
сипаттары қалыптасады, алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ
кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық
шаққа өту кезеңі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір
деңгейдегі білім, нормалар мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы тұлға еңбек
етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті
сезіне алады. Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында айқын көрініп
тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрда ғана алынады, тіпті көп жағдайда бір-
бірімен үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-18 жас аралықтары кей
жағдайда ерте жастық шақ болып есептеледі, кейде жасөспірім шақтың соңы деп
аталады.
Қазақстан жағдайында орта білім берудің неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы және
экономикалық жағынан тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Бұл құрылым
балалар дамуының ғылыми негізделген жас кезеңдеріне (6-10 жас – балалық
шақ, 11-15 – жеткіншектік шақ, 16-18 – жасөспірімдік шақ) сәйкес келеді [5]
және қазіргі мектептің барлық оң тәжірибелерін бойына жинақтаған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын
нормалары мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік
жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелік деңгейі. Генетикалық
немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас
мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени шарттылықтарға байланысты
сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне қарай
болатын іргелілеушіліктер, шын мәнінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік
сипаттамалар биологиялық та, әлеуметтік-мәдени де шарттарға байланысты
түрленеді.
Ал, 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады.
Келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне-өзі ие бола алу
қабілеті де артады, әсерленгіштігі де қалыпқа түсіп, болашаққа деген сенім
артады.
Бұл кезеңде жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық үдеріс
шартты түрде екі фазаға бөлінеді [6]:
а) пубертаттық кезең алдындағы немесе дайындық кезеңі;
ә) өзіндік пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы
толық физио-биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Пубертаттық кезең алдындағы кезең жасөспірімдік шаққа дейінгі кезеңге
сәйкес келеді, пубертаттық – жасөспірімдік кезеңге, өзіндік пубертаттық
кезеңнен кейінгі кезең жастық шаққа сәйкес келеді.
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы
үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі
болып табылады. Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша
жасөспірімдердің күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту үдерістеріне,
тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Жасөспірімдердің денсаулығы мен күн тәртібінің де арасында айқын
корреляциялық байланыстар бар. Ұйқысы қанбаған оқушылар арасында денсаулық
көрсеткіші төмен екендігі, таза ауада күніне 1-ақ сағат немесе одан да аз
болатын оқушылар көз рефракциясының анамалиясымен, ревматизммен, зат алмасу
бұзылыстарымен, басқа мұндай тәртіпті сақтаған балаларға қарағанда жиірек
зардап шегеді. Жедел респираторлық аурулардың балалар арасында таралуы,
негізінен, оқу-тәрбие бөлмелерінің ауданының жеткіліктілігіне, желдетілуіне
және сонымен қатар, ғимараттың жоспарлануына тікелей байланысты болып
келеді.
Академик Г.Н.Сердюковскаяның басшылығымен көп өлшемді бала –қоршаған
орта жүйесіне факторлық анализ жасалып, мұнда мектеп оқушыларында
аурушылдық қалыптасуына әсер ететін 80-ге жуық көрсеткіштердің әсері
анықталған [7].
Мұнда оқушылардың денсаулығына елеулі әсер ететін төмендегі факторлар
анықталды: жергілікті жердің климаттық ерекшеліктері; атмосфералық ауаның
ластануы; қанағаттанғысыз санитарлық-гигиеналық жағдайлар (әсіресе мектеп
сыйымдылығының жоғарылауы, екі ауысымды сабақ оқу, оқу бөлмелерінің
ауданының жеткіліксіздігі т.с.с., мектептегі оқу жүктемесінің жоғары болуы;
күн тәртібін сақтамау, әсіресе ұйқы қанбауы.
Іс-жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп,
дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың
практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев)
қолдануға болады [8]:
Қолайлы факторлар: а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі; ә) шынығу; б)
дұрыс, балансты тамақтану; в) рационалды күн тәртібі; г) қоршаған орта
әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы; д) гигиеналық дағдылар және
дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
Қолайсыз факторлар ("қауіптілік" факторлары): а) қимыл-қозғалыс
қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы; ә) оқу-
тәрбие үдерістерінің және күн тәртібінің бұзылуы; б) ойын, оқу және еңбек
іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы; в)
тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер; г) гигиеналық дағдылардың болмауы,
зиянды әдеттермен айналысу; д) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы
қолайсыз психологиялық климат.
1.2 Мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру гигиенасы
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқу сабақтары әрбір сыныпқа арналып
жасалған сабақ кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Жасөспірім оқушылардың
қызмет қабілетінің дұрыс болуы, негізінен, гигиеналық тұрғыдан дұрыс
жасалған сабақ кестесіне байланысты болады. Бірақ, сабақ кестесін
құрастыруда негізге алынатын мектептегі пәндердің қиындық дәрежесі, оларды
өзгерте салуға немесе қатал регламент жасауға келе бермейтін, көптеген
нақты факторлаға байланысты болып келетіндіктен сабақ кестесін дұрыс жасау
оңай емес.
Сондықтан, жоғары сыныптарда сабақ кестесін жасауға қойылатын негізгі
гигиеналық талаптарды былайша тұжырымдауға болады:
– әртүрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру;
– оқу пәндерін күнделікті және апталық қызмет қабілетіне сәйкес бөлу;
– бейіндік пәндерді аптаның белгілі күндеріне қою;
– бес күндік апта жұмысын ұйымдастыру тәртібін тиімді қолдану;
– сенбі күнін дамыту күні ету, яғни оқушының жеке бағдарлы білімін
қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағыттау.
Жоғары сыныптарда оқу үдерісін қалыптастыру барысында міндетті түрде
оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері мен демалыстарын ұтымды түрде кезекпен
орналастыруды және олардың қызмет қабілетінің қалпына келуін ескеру қажет.
Оқу пәндері, іс-әрекеттің қиындығының сипатына, бірінші және екінші
сигналдық жүйеге түсетін жүктемелердің дәрежесіне және осы жүктемелердің
статикалық және динамикалық компоненттерінің қатынасына байланысты әртүрлі
болып келеді. Оқу күнінің басында, оқушылардың қызмет қабілеті жоғары болып
тұрған кезде, негізінен екінші сигналдық жүйеге жүктеме түсіретін (әдебиет,
тарих, алгебра және анализ бастамалары, геометрия, шет тілдері т.б.), яғни,
сөзбен айтуға, есептеуге, ойлануға арналған сабақтарды қойған дұрыс. Оқу
күнінің соңына қарай, яғни, жұмыс өнімділігі азайған кезде сабақ
кестелеріне нақты заттар, образдар арқылы, яғни ауызша айтқаннан көрі
жеңілірек қабылданатын (география, биология, технология, алғашқы әскери
дайындық т.б.) сабақтар қойылғаны дұрыс.
Үлкен ақыл-ой жүктемесін, есте сақтау мен санауды қажет ететін қиын
сабақтарды дағдылану қалыптасатын бірінші сабақтарға және қажу басталатын
соңғы сабақтарға қоюға болмайды. Бұл әсіресе, ұлттық бірыңғай тестілеуге
дайындалу үдерісіне байланысты болады.
12 жылдық мектепте оқытуды жүзеге асыруға байланысты негізгі келістер
анықталған: іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, денсаулық
сақтау [8].
Құзыреттілік тәсіл 12 жылдық мектепте мектеп түлегінің өзгермелі
жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда
болатын сапалар кешенін дамытуды көздейді. Оқытудағы тұлғаның физиологиялық
және психологиялық денсаулығын дамыту міндеттерімен біртұтас қарастырылатын
денсаулық сақтау тәсілінің де маңызы зор. Дәстүрлі қатынастармен қатар
білім беру үдерісін ұйымдастыруда оқыту үдерісінің жалғасу циклдарының
түрлі нұсқаларының мүмкіндігін қарастыратын оқу-тәрбие үдерісінің топтама
блокты жүйесі қолданылады: апталық, екі апталық, айлық, тоқсандық,
жартыжылдық. Мұндай жағдайда білім беру үдерісінен күтілетін нәтижеге
сәйкес бақылау жасау және түзету енгізуге мүмкіндігі болатын ұстаздардың
қызметі жеткізіледі. Жаңа педагогикалық технологияларда ұстаздардың ақпарат
беруші қызметіне қарағанда, үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық
белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне баса
назар аударылады.
Нәтижеге бағдарланған білім беру үлгісінде негізгі қызметі оқушының
оқыту кезеңдерінде тұлғалық ішкі ресурстарын дамытуды қадағалау болып
табылатын психологиялық қызметтің рөлі артады. Тұлғалық-бағдарлық оқытудың
міндеттерін табысты іске асыру үшін ұйымдар жұмыс аптасының бес күндік
ұйымдастыру тәртібін тиімді қолдануды қарастырады. Сенбі оқушының жеке
бағдарлы білімін қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған
дамыту күні болып табылады.
Оқытудың ұзақтығын тоқсандар (8 апта) мен демалыс уақыттары бойынша
реттеу балалардың денсаулығын сақтауға игі ықпал етеді.
Сонымен, мектеп оқушыларының қызмет қабілетін жоғарылатып, олардың
денсаулықтарын сақтап, нығайту үшін ұтымды құрастырылған күнделікті және
апталық сабақ кестесі ең тиімдірек гигиеналық шаралардың бірі болып
саналады. Өкінішке орай, іс-жүзінде әртүрлі себеп-сылтаулармен бұл принцип
сақтала бермейді.
Сабақ кестесін ұтымды құрастыруға кедергі келтіретін себептерді екіге
бөлуге болады: объективті және субъективті себептер.
Объективті себептерге: оқу сыныптарының жеткіліксіздігі; оқытатын
мамандардың жеткіліксіздігі; орын басушылықтар т.с.с. жатады.
Субъективті себептерге: материалдық шығын қажет етпейтін сабақ кестесін
құрастырушы адамның білімінің аздығы; сабақ беретін мұғалімдердің сабақтан
бос күндері болуы; оқу жүктемесін мұғалімдерге дұрыс бөліп бермеу сияқты
жедел түзетуге болатын себептерді жатқызуға болады.
Оқу үдерісінің ұйымдастырылуында сабақ арасындағы үзілістердің
регламентациясы, әсіресе олардың ұзақтығының регламенті ерекше рөл
атқарады. Сабақ арасындағы үзілістер арқылы организмге берілетін демалыстың
ұзақтығы, оның функционалдық әлеуетін қалпына келтіру және қызмет
қабілетінің қайтарылған деңгейін бекіту сияқты екі фазасын да қамтамасыз
ете алатындай мерзімде болуы керек. Егер демалыс ұзақтығы жеткіліксіз болса
және жаңадан түсетін жүктеме 1 фазаға келетін болса, онда қызмет қабілеті
күрт төмендеп, қажу үдерісі жоғарылай бастайды.
Жалпы білім беру мектептердің жоғары сынып оқушыларына сабақ арасында
ұзақтығы 10 минуттан кіші үзілістер және 2 немесе 3 сабақтардан соң 30
минуттық бір үлкен үзіліс немесе мұндай үлкен үзілістің орнына 2 және
3 сабақтардан соң әрбіреуі 20 минуттан 2 үзіліс беріледі.
Сабақ арасындағы үзілістер оқушылардың іс-әрекетінің түрін өзгертуге,
яғни, организмді қимыл-қозғалыстар арқылы сергітуге арналса ғана өзінің
міндетін орындайды. Оқушылардың қызмет қабілетін жылдамырақ қалпына
келтіретін ең жақсы демалыс, жақсы көңіл-күйде, таза ауада жасалатын қимыл-
қозғалысты ойындар болып табылады. Мұндай үзілістерді жыл мезгіліне
қарамастан, ашық ауада өткізу, оқушылар организмнің шынығуына ықпал етеді,
олардың жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, оқу жылындағы,
тоқсандағы, аптадағы, оқу күндеріндегі оқу жүктемесінен болатын шаршаудың
дамуын төмендетеді (болғызбайды).
Жалпы оқушылардың іс-әрекеті оның организмінің өсуі мен дамуын
анықтайтын, өмір сүруіне ең қажетті фактордың бірі болып саналады. Қимыл-
қозғалыс өмір сүрудің маңызды шарты болғандықтан, өсіп келе жатқан организм
биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінеді. Өйткені, қимыл-қозғалысты
іс-әрекеттер биологиялық дамуды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар,
дағдылану механизмдерін де қалыптастырушы фактор болып табылады [7].
Іс-әрекеттің кез келген түрінің, организмнің функционалдық
мүмкіндіктерін уақытша азайтуға, яғни, қажуға әкеліп соғуы, оның заңды
нәтижесі болып есептелінеді. Бұл үдеріс қайтымды және жұмысты тоқтату,
жоғалған қызмет қабілетін қайтадан қалпына келтіреді. Қызмет қабілетінің үш
фазасын айыруға болады: еңбекке дағдылану, ең өнімді жұмыс уақыты және
қажу. Еңбекке дағдылану фазасы жұмыс қабілетінің ақырындап ең өнімді жұмыс
уақыты фазасына дейін көтеріле бастауымен сипатталады, одан соң қажу фазасы
дами бастайды.
Сондықтан, ерекше айтқанда 11-12 сыныптағы оқитын оқушылардың қатты
шаршауын болғызбау үшін, олардың іс-әрекеттерінің барлығы мөлшерленуі
керек. Гигиеналық нормаландыру баланың жас мөлшеріне және организмдерінің
қызмет мүмкіндіктеріне байланысты жасалады.
Организмнің қоршаған ортамен байланысында, үнемі ішкі және сыртқы
ритмдер бір-бірімен әсерлесіп отырады, олардың қосындысы физиологиялық
жағдайды анықтайды.
Биологиялық ритмдер дегеніміз – организмнің әртүрлі жағдайларының және
физиологиялық қызметтерінің белсенділігінің мезгіл сайын алмасып тұруы.
Әрбір биологиялық циклдың құрылуына, белгілі-бір алдыңғы себептер қажет
болады. Сондықтан, биологиялық ритмдер, балалар организмдерінің қоршаған
ортаға дағдылануының негізгі механизмдерінің бірі болып есептелінеді. Егер,
баланың іс-әрекеттерінің (оқу, дене еңбегі) қандайда бір ритмі оның
биологиялық ритмімен қабаттаса жүрсе, онда ол қызмет қабілетінің
жоғарлауымен көрінеді .
Организмнің физиологиялық функциясының циклдылығы әрбір адамда ерекше,
бірақ белгілі бір аралықта болады. Балалардың функционалдық көрсеткіштері
тәулік ішіндегі белгілі бір уақыттарда, көбінесе таңертеңгі уақыттарда
жоғарылайтыны анықталды. Сондықтан, кейбір авторлар балалар арасында
акрофазаның (белсенділік циклдары) үш түрін бөліп қарауды ұсынады:
таңертеңгі, кешкі және аритмиялық.
11-12 сыныптағы оқитын оқушылардың биологиялық ритмдерінің арасында, ең
жақсы үйлесімділік болу үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс нормаларын өңдеп
жасау хронобиологияның алдына қойған мақсаты болып табылады.
Гигиеналық тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың ішінде
жасөспірімдердің өмірінде тұрақты түрде орын алатындары ғана (оқу
жағдайларын ұйымдастыру, шаршау, ауыспалы еңбек және күн тәртібі сияқтылар)
ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұндай жағдайларда гигиеналық қағидалардың
сақталмауы организмдегі биологиялық үдерістерді бұзады және сонымен бірге,
әр түрлі патологиялық дамуларға әкеліп соғады.
Мұндай жағдайларды көбінесе жасөспірімдерді компьютерге оқыту мен оны
пайдалану кездерінде де байқауға болады.
Жасөспірімдердің компьютермен жұмыс істеген кезде көбінесе физикалық
факторлармен және информатика мен электрлік-есептеу бөлмелерінің ауа
құрамының әртүрлі факторларымен кездеседі. Компьютерлік сыныптардағы мектеп
оқушыларының организміне әсер ететін негізгі физикалық факторлар:
электростатикалық өріс; 50Гц-электромагниттік өріс; радиожиіліктегі
электромагниттік өріс.
Электростатикалық өріс, өндірістік орындардағы осындай факторлардың
әсері сияқты қолданушылардың жүйке жүйесінің және эндокриндік жүйелерінің
қызметін өзгерістерге ұшыратпағанымен, бөлмедегі шаң-тозаңдарды зарядтап,
олардың ауада ұзақ уақыт сақталуына жағдай жасайды. Осындай шаң-тозаңдар
тыныс алу - тері, көз, жоғары тыныс жолдарының аллергиялық ауруларының дами
бастауына қосымша қауіп төндіреді.
Информатика кабинеттерінде орнатылған компьютерлер рентген сәулесінің
көзі болып табылмайды. Бірақ, мұндағы өте төмен қарқындағы рентген
сәулесінің өзі ауа құрамының иондануына әсер етеді және компьютерлік
сыныптарда БДТ саны көбейген сайын иондар саны да жоғарылай түседі. Оң
иондар санының өте көбеюі адамдар денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Қалыпты
жағдайда олардың саны 1 см3 ауада 5000 аспауы керек. Сонымен қатар, оқу
мекемелерінің информатика және есептеу техникалары сыныптарының бөлмесінде
арнаулы жағдайлар (ауа құрамының және микроклиматының, жарық жағдайының
сапасының нашарлауы т.б.) қалыптасады. Сондықтан, сабақтан соң оқушылар көз
демалысына арналған гимнастиканы үнемі жасап отырғандары жөн.
2 12 жылдық мектептің 11-12 сыныптарында оқытудың психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері
2.1 Мектеп жасындағы жасөспірімдік шақ оқушылардың психологиялық-
педагогикалық сипаттамасы
Жалпы білім беретін мектептегі оқушылардың балалық шақтары мынадай
кезеңдерге бөлінеді [9]:
1-кезең. Мектепке дейінгі балалық. Бала негізгі өмірлік мұқтаждарын
қамтамасыз етуде ересектердің көмегін қажет етеді, оның ортаның жағымсыз
әсеріне қарсы тұра алу мүмкіндіктер деңгейі өте төмен.
2-кезең. Кіші мектептегі балалық. Баланың биологиялық, эмоционалдық,
материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі сақталады, бірақ
әлеуметтік-танымдық мұқтаждарын мектеп қанағаттандырады. Ортаның жағымсыз
әсеріне қарсы тұра алу қабілеті балада аздап өсті. Негізгі қорғау
қызметтері отбасы мен мектепке жүктеледі.
3-кезең. Жеткіншектік балалық. Баланың биологиялық, эмоционалдық,
материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі белгілі бір
мөлшерде сақталады, әлеуметтік-танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда
мектептің, құрбы-құрдастарының ролі жоғарлай түсті. Балада микро-,
макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті біршама өсті.
Құқықтық жауапкершілігі қалыптаса бастады. Ересектердің, тәрбиелеуші
ұжымның қорғау қызметі біршама төмендейді. Осы кезде, еркін қарым-қатынаста
туындаған жағымсыз жағдайдың ықпалы балада жоғары эмоционалдық қабылдауды
қалыптастырады.
4-кезең. Үлкен балалық. Эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын
қанағаттандыруда отбасының рөлі белгілі бір мөлшерде сақталады. Оқушының
әлеуметтік, танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда, оның өз білімін
жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеуді ұштастыра білетін мұғалімдер маңызды роль
атқарады. Кейбіреуі материалдық мұқтаждарын өз бетінше қанағаттандыруы
мүмкін. Толық құқықтыққа ие (үйленуден басқа). Ересектер сияқты микро-,
макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті жоғарлады. Енді
ересектер болашаққа әлеуметтік-кәсіби бағыт-бағдар беру қызметімен
айналысады.
Жасөспірім кезеңде оқушылардың дамуы мынадай ерекшеліктермен жүзеге
асырылады [9]:
– баланың биологиялық, эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын
қанағаттандыруда отбасының ролі белгілі бір мөлшерде сақталады.
Бірақ, осы кезеңнің аяғына қарай өздерінің кейбір материалдық
мұқтаждарын қанағаттандыру мүмкіндігі пайда болады;
– эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда
отбасының ролі белгілі бір мөлшерде сақталады. Кейбіреуі
материалдық мұқтаждарын өз бетінше қанағаттандыруы мүмкін;
– әлеуметтік-танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда мектептің,
құрбы-құрдастарының ролі жоғарлай түсті;
– оқушының әлеуметтік, танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда,
оның өз білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеуді ұштастыра
білетін мұғалімдер маңызды роль атқарады;
– толық құқықтыққа ие (үйленуден басқа). Ересектер сияқты микро-,
макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті
жоғарылады;
– ересектердің, тәрбиелеуші ұжымның қорғау қызметі біршама
төмендейді. Осы кезде, еркін қарым-қатынаста туындаған жағымсыз
жаңдайдың ықпалы балада жоғары эмоционалдық қабылдауды
қалыптастырады;
– енді ересектер болашаққа әлеуметтік-кәсіби бағыт-бағдар беру
қызметімен айнасады.
16-18 жастарда адамның тұлғалық жағынан өсіп жетілуі аяқталады, оның
өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, алғаш рет өз бетімен
шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда
балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі емес, сонымен бірге мәдениетке
ұмтылу, белгілі бір деңгейдегі білім, нормалар мен дағды жүйесін игеруі,
сол арқылы тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және
әлеуметтік жауапкершілікті сезіне алады. Жасөспірім шақ пен жастық шақтың
арасында айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрда ғана алынады,
тіпті көп жағдайда бір-бірімен үйлесімді болып келеді [10].
Жасөспірім шақтағы оқушылардың маңызды психологиялық үдерісі – өзіндік
ақыл-ойдың және Меннің бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Сананың
толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастылығымен, басқа
сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленетін жалғыздық сезімі пайда болады.
Жастық шақтағы мен әлі толық аяқталмаған, бұлыңғыр сезім. Ол көп жағдайда
ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсіну
сезімінде болады. Осыдан кейін басқалармен араласуға деген құштарлық,
кіммен қарым-қатынас жасауды таңдау, оңаша қалу пайда болады.
Қазіргі жоғары сыныптардағы оқушылардың дене жетілуі мен психикалық
дамуы жағынан, осыдан он жыл бұрынғы құрдастарына қарағанда, айтарлықтай
жоғары. Олар өздерін ересектер санатындамыз деп есептейді.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық
идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі
мүмкіндіктерін іске қосу үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-
мәнділік жағын анықтап алу үшін көмектесу.
Мектеп жасындағы жасөспірім шақтарында оқушылардың өз өмірінің келешегі
мен жоспарлары, дүниетанымның негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік
көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Балалардың дамуына әсер ететін
барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады:
биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта (қоршаған орталық және
әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын
анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта
факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді
айтады.
2.2 Жоғары сынып жасөспірім жасындағы оқушылардың психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде көрсеткендей негізгі мектептегі
оқушылардың психикалық дамуындағы өзгерістер бәрінен бұрын оқу дағдысымен
байланысты болса, ал жоғары сыныптағы оқушылардың психикалық дамуында
қоршаған ортамен әлеуметтік қатынас орнату жүйесі маңызды орынға ие.
Мектептің жоғары сатысы кезеңінің басты ерекшеліктерінің бірі –
физикалық және жыныстық жетілу жасөспірімдер үшін үлкен түсіністік пен
іштей толқуларды туғызады. Бірақ бұл өзгерістер әр жасөспірімде түрлі
жолдармен жүзеге асады. Бала ағзасында осындай өзгерістер олардың психикасы
мен мінез-құлқына үлкен әсер етеді деп ойлайды үлкендер. Сондықтан да бұл
кезеңде шамадан тыс ренжігіштік, ашушаңдық, өжеттік, шапшаңдық бой
көтереді. Бірақ ересектер жағынан байқағыштық пен назар салушылық байқалса,
бұлардың болмауы да мүмкін [11].
Физикалық және жыныстық жетілу жасөспірім басқа жынысқа деген
қызығушылықты және бір мезетте өзінің сыртқы түр сипатына назар аударуды
күшейтеді. Бірақ бала бұл мәселелерді не әлеуметтік, не психологиялық
жағынан шешуге әлі дайын емес. Іштей бой көтерген қарама-қарсылықтарды
шешуге көмектескен үлкендердің көмегі арқылы жасөспірім қылығы анықталады.
Оның психикалық дамуында бағыт-бағдар алуында әрбір ересек үшін және әрбір
бала үшін әлеуметтік ортамен ара қатынасында өзіндік жүйесі бар [9].
Жасөспірімнің әлеуметтік жағдайда дамуының өзділігі сонда, оның қарым-
қатынастың жаңа жүйесі кіретіндігі мен жаңа міндеттерді орындау барысында
ересектер мен жолдастары арасында жаңа орын алатындығында болып отыр.
Жасөспірімдер мұғалімнің іс-әрекетіне, қылығына, даралығына жоғары талап
қойады. Олар мұғалімді үнемі бағалап отырады және сол арқылы өздерінің оған
деген қатынас деңгейін қалыптастырады. Тәрбиешілер мен ата-аналардың
пікірінің жолдастардың, ұжымның пікірімен, жасөспірімнің өзінің пікірімен
сәйкес немесе сай келуі өте маңызды. Тек осындай жағдайда ғана пайда болған
қарама-қарсылықтарды дұрыс шешуі және осы арқылы жасөспірімнің дұрыс дамуы
үшін жақсы жағдай туғызуға болады. Жасөспірімнің жолдастарымен тұрақты
қарым-қатынас орнату ұжымда тиісті орнын алуға деген құлшынысын арттырады.
Бұл баланың іс-әрекеті мен қылығындағы басты түрткілердің бірі. Бұл кезде
өзін нақтылау құлшынысының қаттылығы сонша, жолдастарын танып-білуде
жасөспірім көптеген нәрсеге дайын: ол өзінің көзқарастары мен
дәйектемелерін алға тарта алады. Жолдастарының көз алдында абыройын
жоғалтып, өзінің ары мен намысын түсіріп алу жасөспірім үшін үлкен қасірет.
Міне, сондықтан да жолдастарының алдында дұрыс емес іс-әрекеттеріне
айтылған сын-ескертпелерді жасөспірім өте зор шарпумен қабылдайды.
Мұғалімнің мұндай сын-ескертпесін ол өзінің даралығының төмендеуі деп
түсінеді. Осындай жағдайлар жолдастары мен ата-аналар тарапынан айтылған
сын-ескертпелер кезінде де байқалады. Осы жағдай негізінде жасөспірім мен
мұғалім арасында қарама-қайшылық пайда болады да, жасөспірім қиын балаға
айналады. Жасөспіріммен мектеп ұжымындағы тек қана нақты ара қатынас,
эмоционалды сәттілікпен қаматамасыз ету оң дамуына психологиялық сәттілік
негіз бола алады.
Жоғарыда айтылғандардың ең бастысы – отбасы. Барлық жол, барлық бастау
отбасынан басталатын болса, онда жасөспірімдердің толыққанды өсіп
жетілуінде отбасының алар орны ерекше. Жасөспірімді өз отбасында дұрыс
түсініп, оның пікірлерімен санасып, көптеген сұраулары мен мәселелері оң
шешімін тауып отырса, барлық нәрселердің дұрыс жолда болары анық [10].
Жасөспірімнің интеллектісі (қабылдау, ес, қиял,т.б.) шарықтап, дами
түсетіндіктен, олардың қабылдауы да жүйелене, күрделене түседі. Естің
логикалық, мағыналы жағы, әдейілеп еске түсіру, қайта жаңғырту формалары
жаңа мазмұнға ие бола бастайды, ойлау қабілеті белсенді, орамды, терең,
дербес болып келеді [11]. Олар жұрттың айтқанын таразыға салып, сын көзімен
қарап, бұларды пайымдай салыстырып, содан кейін санаға тиісті қорытындыға
келуге тырысады. Шығармашылықтық ойлау, яғни, айналаны жәй ғана аңғартып
қоймай, өткендегіні де танып – білуге құмарту, болашаққа көз жүгірту,
заттың ішкі мәнін, сыр – сипатын, жалпы заңдылықтарын тұжырымдау осы
жастағылардың ойлауына тән басты ерекшелік.
Тұлғаның дамуы өзіндік сананың дамуымен қатар ұғынылмаған психикалық
реттеуді, өзінің Мені жайлы түсініктердің (бейнелер, Мен-концепциясы)
өзіндік бағалау, өзін сыйлау сезімдері, талаптану деңгейлері жүйесінен
тұрады. Адамдағы Мен концепциясы, Мен кіммін?, Мен кім боламын? деген
сұраққа жауап береді. Меннің құрылымы дегеніміз ол өзіңе деген сенім,
өзіңе қатысты информацияларды өңдеуге бағытталады, мүмкін деген Мендер
болады ол қандай болғым келеді деген армандар және болашақта не болады
деген қорқыныштар, әлеуметтік мен әлеуметтік тәжірибелер сәттіліктер мен
сәтсіздіктер тәжірибесі, басқа адамдарды бағалау, мен сезімі деген
болады, ол өз ойлары мен әрекеттерін ұйымдастыру.
Психологияда ғылыми зерттеулер басталып, тұлға жайлы анықтамалар көп.
Көп жағдайда тұлғаны оның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіретін орнықты
психологиялық қасиеттерінің, атап айтқанда жақсылық, жамандық, этика және
мораль, оларды орнату немесе бұзу сияқты қасиеттердің жиынтығы ретінде
анықтауға болады [12].
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы жасөспірім жасында деп санайды, яғни 16-
18 жаста. Осы жаста адамда барлық тұлғалық негізгі қасиеттері көрінеді, осы
жаста адам орнықты тұлға бола бастайды бұдан кейін өтетін өзгерістер
балалықта қалыптасқан тұлға негізін аз мазалайды. Адам тұлғасында өтетін
өзгерістер оның индивидуалды тәжірибесі мен өмір бейнесімен байланысты
мектепті аяқтағанда өтуі мүмкін.
Сондықтан, жасөспірім жасындағы баланың лидерлік тұлғасын дамытуды
мақсат етуіміз, осы шақтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, болжамды іске асыру керек деп санаймыз.
Жасөспірім кезеңнің күрделілігі, оның өтпелі, бет бұрыс,
сыналатын, қиын т.б. атауларға ие болуынан да көрініс табады [12].
Себебі, бұл жас кезеңінде барлық бағыттарда саналылық, жаңа құрылымдық
қалыптасады, ағзаның, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастармен қарым-
қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің,
мінез-құлық пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар
мазмұнының қайта құру нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Әлеуметтік ересектің дамуы – баланың ересектер қоғамында, оның толық та
кең құқықты мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының қалыптасуы. Бұл
процесс объектілік қана емес, субъективті даярлықтың да дамуын көздейді, ол
іс-әрекетке, ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға қойылатын
қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет. Өйткені, әлеуметтік ересектің өзі
осы талаптарды игеру үдерісінде дамиды [13].
Жасөспірімде өзі туралы енді балалықтың шекарасыннан өткен адаммын деген
түсініктің пайда болуы, оның бір нормалар мен құндылықтардан басқаларына -
балалық нормалар мен құндылықтардан, ересектік нормалар мен құндылықтарға –
қайта бағдар алуын айқындайды [14]. Жасөспірімдердің ересектерге теңелуі,
оларға ұқсауға, олардың өмірі мен іс-әрекетінің кейбір жақтарына
ортақтасуға, олардың қасиеттері мен іскерліктеріне, құқықтары мен
артықшылықтарына жетуге ұмтылуынан, оның өзінде бұлардың ішінде алдымен
балалармен салыстырғанда ересектердің ерекшелігі мен артықшылықтары көзге
анық көрінеді.
Жеткіншек пен жасөспірім үшін танымал болып қана қоймай, олардың
ризалығы мен құрметіне бөлену үшін, ең алдымен, жақсы жолдасы болу керек.
Осыған байланысты жеткіншек пен жасөспірімдік кезеңдерде бұрын танымал
болған балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі. Біріншіден,
бұрынғы беделділер кетіп, олардың орнына жаңалары шығады. Екіншіден, сынып
белсенділерінің неғұрлым сыйлы, әрі беделді балалар тобы болмауы жиі
байқалады. Өйткені, көптеген мұғалімдердің жасөспірім белсенділік
танытқанда, олардың жолдастық қасиеттерін ескермей, үлгірімі жақсы және
тәртіпті балаларды лидер етіп алатыны жиі кездеседі. Сыныптастары үшін
беделі аз белсенділер – ұжым құрудағы және сыныптағы ұйымдастыру
жұмыстарындағы қиындықтардың себептерінің бірі.
Мұның мәні одан кем түспейтін тағы бір себебі – мұғалімде басқарудың
авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және белсенділердің де
сыныптастарымен қарым – қатынаста осындай әдістермен тәрбиеленуі.
Жеткіншектер мен жасөспірімдер мұны мүлдем қабылдамайды, өйткені олар
ересектердің де, жолдастарының да қарым-қатынастарына сол бір негізгі талап
тұрғысынан қарайды. Адамшылдық қадір-қасиет пен жеке басты құрметтеуді
талап етеді.
Жасөспірімнің құрдастарымның алдында танымал да сыйлы болсам деген
мүддесі себепті, ол бұлардың пікірі мен бағдарына сергек қарайды.
Жолдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері, оның себептері
жеткіншекті ойлантады. Өзіне назарын аударады. Ал, олармен жақсы қарым-
қатынаста болу, сыйлы болуға ұмтылу, олар қоятын талаптарға сай болайын
деген ниет туғызады.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың бүкіл өмірін қамтымайды.
Сондықтан, оны жастардың әр түрлі ұйымдарының – саяси, спорт және мәдени-
ағарту ұйымдарының қызметі толықтырады. Алайда, қарым-қатынасының бұл
ұйымдасқан формалары жастарда мектепте қалыптасатын достар компаниясы
немесе көшедегі серіктестер секілді ресми емес, стихиялы топтарды
қажетсінудің орнын түгел баса алмайды, сыныптардағы ұжымдардай емес,
стихиялы топтарда әдетте әр түрлі жастағы балалар және әлеуметтік құрамы
жөнінен көбіне аралас болады. Егер жеткіншектер мен жасөспірімдерге
стихиялы топтар көбіне мектеп ішіндегі ұйымдарда ұйымдастырылып, бұларда
лидер болатын балалар бірге болса, жоғары сыныптарды жағдай өзгертеді [14].
Адамның әр жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады, сондай-
ақ әрбір жас шама адамның өміріндегі өз ерекшелігімен маңызды орын алады.
Сондықтан, әрбір жас кезеңінің өзіндік мәнін, сипаттарын зерттеу, білу
болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас шамасына сай, оның
талап-тілегімен санасып, нақтылы мақсатқа бағыттауымен байланысты.
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау – бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған
жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл оқушыға әр уақытта және
барлық қарым-қатынасты жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да және
өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау.
2.3 Жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықтарына бағыт берудің
психологиялық аспектілері
Орта білім берудің жоғары сатысының функционалдық қызметінің басым
бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге дейінгі даярлығын
жүзеге асыру үшін бейіндік оқытуды енгізу болып табылады.
12 жылдық білім беретін мектептегі үдеріс жеке тұлғаға бағдарланған
оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы
өзгерістерге бейімделген оқушы – жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Оқушы – тіршілік иесі ретінде биологиялық тұрғыдан ғана дамып қоймай,
танымдық іс-әрекет субьектісі ретінде үздіксіз дамиды. Демек, оқушыға білім
бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет.
Білім беру барысында оқушыны жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру
баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік
береді. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның бойында мәдени,
рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыру, оқыту мен қоса тәрбие беру,
оқушының тұлғалық қасиетін көре білу, дамыту аса маңызды орын алады. Оны
жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне ене алады
және ұрпағымыздың жер шарының кез келген жеріне барып қалаған мамандығын
игеруіне мүмкіндік береді.
Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе
бастайды. Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне
мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандайда бір пәнге
қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны өзгертеді.
Психологиялық және педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби
ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешқандай байланыс байқалмайтындығын,
ал 14 жастан бастап бейімдік таңдау нақты оқу пәніне деген қызығуымен айқын
байланыса бастайтындығын көрсетеді. Бұл байланыс тікелей және нақты
(мысалы, физиканы зерделеуге қызығатын оқушы физик болғысы келеді) немесе
жалпы сипаты (оқушы техника саласында қызмет істегісі келеді) болуы мүмкін.
Жалпы оқушылардың оқу бағдарын таңдап алуына аймақтық әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар, өзінің жолдастары, отбасы әсер етеді [15].
Орта мекептің 11-12 сыныптарында бейінді оқудан өткен мектеп түлектері
қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын
таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте
болмақшы. Бұл - қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт
талабы.
Мектеп бітіруші түлек алдында бірнеше сұрақтар туындайды, Кім
боламын?, Қандай мамандықты таңдап, оқуға барамын?, 15-20 жылдан кейін
менің таңдаған мамандығыма деген сұраныс бола ма?, ХХІ ғасырдың орта
шегіне қарай қоғам мамандыққа қандай талап қояды? деген сан алуан сұрақтар
шешімін таба алмауда. Қазіргі таңда оқушы өз таңдауын дұрыс жасай ма әлде
таңдауы қате болып шыға ма деген күдік ата-ананы да, оқушы мен ұстазды да
толғандырады. Сондықтан да Кім боламын? деген сұрақ жанында қандай
болуым керек немесе қажет? деген сауал туындап отырады. Ал бүгінгі таңда
бәсекеге қабілетті болу өте маңызды болып табылады.
Мамандық таңдау өте қиын мәселе. Өйткені таңдаған мамандығың ертеңгі
сенің өмірің, яғни сенің болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.
Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша жастардың 40% мамандық таңдау
тәртібін білмегендіктен өздерінің икемділігіне, қабілеті мен қызығушылығына
сәйкес келмейтін мамандықтарды таңдайтын көрінеді.
Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат. Іштен туғаннан-ақ
белгілі бір өнерге, қызметке икемді болып туады. Басқаша айтқанда әр адамда
бір нәрсе - талап, ыңғай, қабілет, яғни зеректік болады. Біреуі бала
оқытуға, біреуі әкім болуға, біреуі дәрігерлікке берілуге, біреуі саудаға,
біреуі сөзге ыңғайланып жаралады. Кейде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз
жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына, әлеуметке де көп пайда келтірмек -
деген Ж.Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған емес.
12 жылдық білім жүйесіне көшу кезінде бейіндік оқытуды тиімді
ұйымдастыру, мектеп түлегінің бейімін анықтау бойынша мұғалім қауымына
үлкен жауапкершілікті жүктейді. 12 жылдық мектептегі жоғары сыныптардағы
бейіндік оқыту үдерісінде болашақ мамандығы мен іс-әрекетіне бейімдеумен
оқыту және бағыт беру жүзеге асырылатын болады.
Мамандыққа бағыт беру – жоғары сынып оқушыларының тілегін, денсаулық
жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін
ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми
негізделген көп аспектілі жүйе.
Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше
аспектілерді бөліп қарауға болады [15]:
– психофизиологиялық аспект – жасөспірімдердің жеке басының
ерекшеліктері, оның қабілеті, жеке психофизиологиялық
ерекшеліктері ескеріледі;
– медициналық аспект – оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;
– әлеуметтік экономикалық аспект – қоғамға әр саладағы мамандар
қажеттілігі ескеріледі.
Оқушылардың кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді,
соның ішіндегі ең маңыздылары [9]: мамандық және оның қажеттілігі туралы
білу; бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы); қабілеттер,
денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер); ықылас деңгей мен өзін-өзі
бағалау; ата-ананың, отбасының көзқарасы; құрбы-достарының көзқарасы;
мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы; жеке кәсіби жоспар – адамның кәсіби
салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.
Оқушының өз қызығушылығын және кәсіби бағытын анықтау үшін төмендегідей
зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады:
1) Оқушылардың кәсіби ой-ниетін анықтау. Мақсаты: Оқушылардың негізгі
мектепті бітіргеннен кейінгі ой-ниетін анықтау, яғни ересектердің айтқан
ақыл кеңесін, өзі таңдаған мамандығының мазмұны мен оның адамға қоятын
талабы туралы не біледі, өзінің қабілеттерін қалай дамытады, жасаған
жоспарын қалай жүзеге асырады, қосымша нұсқалары барма деген алуан түрлі
сұрақтарға жауап іздеу.
2) Оқушылардың мамандық туралы хабардарлығы. Мақсаты: оқушылардың жеке
пікірі бойынша өзінің бойында дарындылықтың қандай түрі бар екендігі;
мамандықты игеруде қандай кедергілердің болуы мүмкін; таңдау аясы тар
болған жағдайда қандай мамандық түрін таңдар еді; адамның қандай кәсіби
сипатын ерекше бағалайды; өзі таңдаған мамандығына қандай талаптар қоятыны
туралы анықтау.
3) Табандылықты зерттеу. Мақсаты: алға қойған мақсатқа жетуде байқалатын
табандылық дәрежесін анықтау.
4) Кәсіби-тұлғалық типті бағалау. Мақсаты: тұлғаның әлеуметтік бағытын
анықтау және кәсіби типін бағалау.
5) Оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігі. Мақсаты: оқушылардың
кәсіби қызығушылығы мен бейімділігін анықтау.
6) Оқушылардың қызығушылығы. Мақсаты: оқушының түрлі қызмет аясындағы
негізгі қызығушылықтарының бағытын анықтау.
7) Кәсіптік ынталануын зерттеу. Мақсаты: кәсіптік қызметтегі ынта,
түрткілерін зерттеу.
Жоғары сынып оқушыларының ең жауапты кезеңдері – қорытынды емтихан
тапсыру. Қазіргі уақытта мектеп бітірушілері қорытынды емтихандары мен
жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын ортақ Ұлттық бірыңғай тест түрінде
тапсыратыны белгілі. Оқушылардың мұндай екі сыннан бір уақытта өтуде
оқушылармен және олардың ата-аналарымен алдын-ала психологиялық тұрғыдағы
кеңестер жүргізіліп, дайындықтармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан, 12
жылдық білім берудің 11-12 сыныптарында, яғни бейіндік білім беру сатысында
жұмыс істейтін психологтың мақсаты – балаға өмірлік жол таңдауда
мүмкіндіктерін ашып, психологиялық негіздемесін беру, тұлғалық ерекшелігіне
байланысты кәсіп таңдауға көмектесу, болашақ өмірге әзірлеу, жоғарғы оқу
орнына түсуге психологиялық дайындау мен оларды қолдау [9].
Орта білімнің жоғарғы сатысындағы білім мазмұны саралау, кіріктіру және
кәсібилендіру негізінде жүргізілуіне байланысты бұл деңгейдегі білім беру
әлем, қоғам және адам туралы жүйелендірілген түсініктерді меңгеруге және
оларды өз бетінше кеңейтіп, тереңдете білуге көшу қамтамасыз етілуі тиіс.
11-12 сынып оқушылары оқытудың нысандары мен тәсілдерін, жеке білім беру
бағдарламаларын таңдауына болады, онда шығармашылық қызметке және
оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға айрықша орын
бөлінген.
3 12 жылдық мектепте жалпы орта білімнің базалық мазмұнын анықтау
әдістемесі
3.1 Бейіндік оқытуды ұйымдастыру бойынша шетелдік және қазақстандық
тәжірибелер
Алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі 12 жылдық білім беру жүйесі қазіргі
жедел дамушы және өзгермелі заман талаптарына сай жастарға сапалы білім
берудегі өз оңтайлылығын көрсетіп отыр. Бұл міндетті жүзеге асыруға мынадай
үрдістер себеп болды:
– ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қарым-қатынас
ауқымының кеңеюі;
– халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық
проблемалардың туындауы;
– қоғамның демократиялануы;
– ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz