Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және жалпы ережелері
Мазмұны
1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2 Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және
жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3 Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
4 Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
5 Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға
ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
6 Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария
мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі
қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
7 Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды
бұзғаны үшін жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35
8 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
9 Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

Кіріспе
Вегеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соған орай ветеринарлық ғылым құрамына жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық және арнайы ғылыми пәндер кіреді. Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы вегеринарлық істі ұйымдастыру - арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретіңде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет-сүт, мал өнімдер текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өндеуші кесіпорындарда, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында малдәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Сонымен қатар мемлекеттік, ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде, әлеуметтік-экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы өте зор. Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әр түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы Заңы. 2002 жылғы 10 шілде № 339-ІІ
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқыңдайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңы. -Астана, 10 июль, 2002 ж.
2. Положения и другие нормативные документы по ветеринарии, Утвержденные Кабинетом Министров Республики Казахстан.
3. Гуславский И.И. Организация ветеринарного дела. -Алматы, 1995.-167 с.
4. Никитин И.Н. и др. Организация и экономика ветеринарного дела.-М.:1996г.-272 с.
5. Никитин И.Н. и др. Организация и экономика ветеринарного дела. Практикум. –М, 1998.-190с.
6. Сибагатулин Ф.С., Никитин И.А. Ветеринарная служба и рыночная экономика. Учебник. Казань, 1994.-302с.
7. Юсиков Л.Я. Организация ветеринарного дела в Российской Федерации (в развитие закона РВ) "О ветертнарии". Сборник. Новосибирск, 2001-425с.
8. Тлеугалиев Т.М., Бисенов Б.Б., Омаров М.М.Қазақстандағы малдәрігерлік қызмет. - Алматы. Қайнар. 1979.
9. Бияшев Қ.Б. және т.б. Ветеринария ісін ұйымдастыру. - Алматы, 1999.-1656.
10. Бияшев К.Б. и др. Организация ветеринарного дела. Алматы,2003
11. Джупина С.И., Дашкова Л.Я. и др. Хозрасчетные формы организации труда в ветеринарии.- Новосибирск, 1992.
12. Жунушев А.Г. Научные основы совершенствования и пути повышения эффективности ветеринарного дела в условиях перехода к рыночной экономике. — Москва, 1991.
13. Шайхаманов М.Х., Чекан В.А. и др. Международные ветеринарные организации.

1
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
2 Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және
жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4
3 Ветеринария саласындағы мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 9
4 Мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... . 17
5 Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға
ортақ аурулардың алдын алу және оларды
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
6 Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария
мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі
қызмет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
7 Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды
бұзғаны үшін
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 35
8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 38
9 Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 39
Кіріспе
Вегеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды.
Соған орай ветеринарлық ғылым құрамына жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын
зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық және арнайы ғылыми пәндер
кіреді. Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы вегеринарлық істі ұйымдастыру -
арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым
саласы ретіңде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет-сүт, мал
өнімдер текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өндеуші кесіпорындарда, көлікте,
халық шаруашылығының басқа да салаларында малдәрігерлік қызмет көрсетуді
ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және
ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін
зерттеу.
Сонымен қатар мемлекеттік, ведомстволық және жеке кәсіпкерлік
ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге
бағытталған.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде, әлеуметтік-
экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы өте зор. Әлеуметтік
экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты.
Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына,
малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әр
түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы Заңы. 2002 жылғы 10 шілде
№ 339-ІІ
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық,
ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқыңдайды, ветеринариялық-
санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға
ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) сараптама актісі – мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері
диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының
нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертхаиалар беретін, олардың Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін
куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
2) ветеринариялық препаратты байқаудаи өткізу – ветеринариялық
препаратты ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін,
оның иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін,
препарат әсерінің зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін
айқындау мақсатында, шектеулі зертханалық немесе өндірістік жағдайларда
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен
сынақтан өткізу;
3) ветеринария (ветеринария саласы) – жануарлардың аурулары мен азықтан
улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына,
диагаостикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты
жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылым
білімдер мен практикалық қызмет саласы;
4) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілеріиің олар пайдаланылатын дағдылы (белгіленген)
жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі;
5) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардың, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін

органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық
және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеруі;
6) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-
санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат,
ветеринариялық анықтама;
7) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын,
емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын
болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға
(зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін
арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның ішінде
жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру
рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық
рәсімдер кешені;
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер – ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті
болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-
шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
9) ветеринариялық препараттар – жануарлар ауруларының профилактикасы,
диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция,
дезинсекция және дератизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден
алынатын немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған
парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
10) ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі,
жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы
және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың
мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;
11) жануарлар ауруларын қоздырушылар – вирустар, бактериялар,
риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер,
саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
12) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды
сараптамадан, байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша
оларды заңдарда белгіленген тәртіппен Ветеринариялық препаратгардың
мемлекеттік тізіліміне енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу
куәліктерін беру;
13) Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімі ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден
өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға
рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;
14) қарантин – індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу
мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық
тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе
тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын
ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және
әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
15) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы базарларда және
(немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге
ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе
заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
16) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) – індет ошағы
белгіленген аумақ;
17) ветеринариялық препараттар айналысы – ветеринариялық препараттарды
өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу,
стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе
қолдану;
18) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруының таралуына жол бермеу және
індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы
жағдайға қол жеткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге
және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын
ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық
іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
19) жануарлардың аса қауіпті аурулары – ветеринария саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ
ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға
шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп
соғатын жануарлар аурулары;
20) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар,
жемшөп және жемшөптік қоспалар;
21) жануарлардан алынатын өнімдер – тиісінше өңделмей тамаққа
пайдаланылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және
балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара
шаруашылығының өнімдері;
22) ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу -
ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ветеринария
саласындағы уәкілетгі мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын
әдістер, әдістемелер кешені;
23) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және
әдістемелік қызмет – жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық
ауруларының қоздырушыларын типтендіруді (белгілі бір түр ішіндегі типтік
айырмашылықтарды анықтауды), олардың профилактикасы мен диагностикасы
шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы
жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
24) базар – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,
ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөптік қоспаларды сату орнын
қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;
25) жануарлардан алынатын шикізат – жануарлардан алынатын, жануарларды
азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн,
түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриидік бездер, ішек-
қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ және басқа да өнімдер;
26) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
27) індет мониторингі – эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың
нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген)
аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары
жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса
алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау
жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
тиімділігін талдау және індеттердің немесе панзоотиялардың пайда болуын,
өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
28) індет ошағы – жұқпалы ауруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар
және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай;
29) індет – белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында
жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардағы ережелері
қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорау;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу
және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың сапасына
ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және
олардың біліктілігін арттыру.
2-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өңдіру,
сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге
асыруға;
2) осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтің жекелеген
түрлерін жүргізуге мемлекеттік монополияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз
етуге;
5) індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария
саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық ережелер
мен нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
6) ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс-шаралар
өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейіне
жетуге;
7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету
мақсатында ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өткізуде негізсіз шектеулерге
жол бермеуге;
8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып
қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгілеуге
бағытталған.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы
құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыретіне:
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлеу;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен
диагностикасы жөніндегі республикалық бағдарламаларды бекіту;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
немесе бекіту;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының
тізбесін қабылдау немесе бекіту;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып
қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен шарттарын
белгілеу;
6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария
саласындағы ынтымақтастық;
7) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне
сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру кіреді.
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесі
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесіне:
1) ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары;
2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын бөлімшелері;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
4) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және
заңды тұлғалар кіреді.
7-бап. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына:
1) ветеринария саласындағы: уәкілетті мемлекеттік орган;
2) ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көліктегі
мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық
(астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлімшелері;
4) селолық округтердің, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау орындары бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау (сою), сақтау,
өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық)
аумақтық бөлімшелері жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның
аумақтық бөлімшелерінің басшылары бір мезгілде – Қазақстан Республикасы мен
тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың
орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады. Ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің тиісті лауазымдарына қоса "бас мемлекеттік ветеринариялық
инспектор", "бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары" деген
арнаулы атаулар беруге құқылы.
8-бап. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның
аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің құзыретіне:
1) ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Ресаубликасының ветеринария
саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профиллктикасы, диагностикасы
және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
тізбесін әзірлеу;
4) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы,
диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен
қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халықтың денсаулығын
жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара
ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды
ұйымдастыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды,
тасымалдауды (жеткізуді) және пайдалануды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында
белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық ережелер
мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын,
ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен
бекітуді ұйымдастыру;
9) Қазақстаи Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметті
лицензиялау;
10) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу ветеринария
саласындағы жұмыстарды, ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария
саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау жөніндегі
республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік конкурстық және
тендерлік құжаттаманы әзірлеуге қатысу;
11) жануарлар аурулары бойынша індет мониторингін ұйымдастыру жөне
індет жағдайын зерделеу;
12) жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар, белгіленген
ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының
ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы
мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
13) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп
пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу
сынағынан өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттардың
мемлекеттік тізілімін жүргізу;
14) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға,
жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру;
15) халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және
жүргізу;
16) мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау
(сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі
ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының
атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
18) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды
жүзеге асыру кіреді.
9-бап. Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын бөлімшелері
1. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария
саласындағы мынадай қызметтерді:
1) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі жануарлар ауруларына
профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу;
2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметін
жүзеге асыратын бөлімшелер құра алады.
2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда,
ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлігінде
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа
алады.
3. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері
ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен
табыс етеді.
10-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ветеринария
саласындағы құзыреті
1. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
құрып, олардың құрылымын, қаржыландырылу мен материалдық-техникалық
қамтамасыз етілу тәртібін белгілей алады.
2. Жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек
көрсетеді, ауру жануарларды санитариялық союды қоса алғанда, ветеринариялық
іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың
шешімі бойынша оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле
алады.
11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай нысандарда мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдар:
1) мынадай функцияларды:
ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының
Ұлттық коллекциясын жүргізе отырып, жануарлар ауруларының диагностикасы
жөніндегі референттік және әдістемелік міндеттерді;
Қазақстан Республикасындағы жабайы хайуанаттар ауруларының індет
мониторингін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
2) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген
аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды тіркеу
сынағынан, байқаудан өткізуді, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым
түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасауды;
жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге
енгізілген аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау постыларында көлік
құралдарын дезинфекциялауды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру
мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорындар құрады.
2. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік монополияға жатқызылған
мынадай функцияларды:

енгізілген аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою;

құралдарын дезинфекциялау функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдар құруы мүмкін.
3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар өз қызметін ветеринария
саласындагы уәкілетгі мемлекеттік орган берген лицензия негізінде,
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілік
жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
1. Ветеринариялық қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
міндетті түрде лицензиялауға тиіс.
2. Ветеринариялық қызметке лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру
және оны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет
1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және занды
тұлғалар жүзеге асырады.
2. Жоғары немесе орта ветеринариялық білімі бар жеке адамдардың
ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
3. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке
және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңдарында белгіленген тәртіппен аттестатталуға тиіс.
4. Жеке және заңды тұлғалар өзінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері
бойынша ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан

3 тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау – ветеринария саласындағы
уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге және
жоюға бағытталған қызметі.
2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау:
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылауды;
2) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық
препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлуді және оларды
сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға бақылау жасауды;

жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан
қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында
белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізуді және
оларды табыс етуді;
5) ветеринарияяық іс-шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуын
бақылауды;
6) базарларда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатгы өндіру,
дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын
ауыстыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін,
ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда
болу мен таралу және жануарлардың азықтан улану себептері мен жағдайларын
ашып, анықтауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істерді қарауды көздейді.
3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген біліктілік талаптарына сай келетін ветеринариялық инспекторлар
жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы ережені ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеп, Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау обьектілері
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері болып
табылады;
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық
препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар, патологиялық материал немесе
олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін
алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсімдіктердің
сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар
ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін
пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен
атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы
мүмкін көлік құралдары, ыдыстың барлық түрлері, буып-түю материалдары;
6) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметі;
7) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өсіретін,
дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ
ветеринария саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғалардың аумақтары, өндірістік үй-жайлары мен қызметі;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың
аумақтары, оларды бірдейлендірудің рәсімдері мен нысандары;
9) ветеринариялық есеп пен есептілік жөніндегі құжаттама,
ветеринариялық куәлік, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық
қорытынды, сараптама актісі, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөніндегі
нормативтік-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де
нормативтік құжаттамалар.
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар мен олардың
орынбасарларының құзыреті.
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды:
ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық
қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып
шығару;
3) тиісті аумақтағы індетті жағдайды бағалауды ескере отырып,
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің экспортына,
импортына және транзитіне рұқсат беру;
4) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі
мерзімге облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларын қызметінен
шеттету туралы шешім шығару;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктер
кіреді.
2. Шекарадағы және көліктегі бас мемлекеттік ветеринариялық
инспектордың және оның орынбасарларының құзыретіне:
1) шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге
асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі
мерзімге шекарадағы және көліктегі ветеринариялық бақылау пункттері мен
бекеттерінің ветеринариялық инспекторларын қызметтен шеттету туралы шешім
шығару:
4) ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізу және оларды Қазақстан

табыс ету;

3. Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының
құзыретіне:
1) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға
міндетті актілерді басып шығару;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринариялық
құжаттар беру;

мерзімге ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторын
қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
5) ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізу және оларды Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz