Қазақстан тарихы


Өркениеттің бастауы.
Адамзат тарихи әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.
Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар - сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2, 5 млн. жылдан бұрын б. з. д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі - Палеолит (ерте тас ғ. ) және Неолит (жаңа тас ғ. ) . Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т. ғ. ) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б. з. д. 2 млн. - б. з. д. 40 мың) және жоғарғы (б. з. д. 40 - б. з. д. 12 мың) .
Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы - тастан жасалған еңбек құралдары береді.
Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер - бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі - үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады.
Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б. э. б. VІғ. ), формациялық (К. Маркс, ХІХғ. ), өркениеттік (А. Тойнби ж. б. батыс ғалымдары, ХХғ. ) және басқа варианттарын ұсынды.
Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б. э. б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б. э. б. IV мың. б. э. б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б. э. б. І мың жылдықтан бері) .
Тас ғасыры
Тас ғасыры өз ретінде ерте тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар т±рған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.
Қазақстан жеріндегі алғашқы адам
Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар шель мәдениетіне байланысты, кезінде австралопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың дифференциясы байқалады. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениет ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.
Көп уақыт бойы ғалымдар Қазақстан жерінде тас ғасырының іздерін таба алмады. Ал бұл біздің жерімізді ежелгі адамдар өте кеш қоныстанды деген жансақ пікірге әкелді. Соңғы зерттеулер бойынша, ежелгі адамдар Қазақстан жерінде ашель кезінде қоныстанған. Сол дәуірдің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан жерінде, Қаратау бөктерлерінің жанынан табылған. Бұл Тәңірқазған, Бөрікқазған, Ақкөл тұрақтары.
Бүгін Қазақстанда палеолит мәдениетінің екі ауданы белгілі: Оңтүстік Қазақстан мен Сары-Арқада. Бұл аудандар тас құралдарын өңдеу мен оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың әртүрлігімен ерекшеленеді. Жалпы Оңтүстік аудандарға қарағанда Солтүстік және Орталық Қазақстанда технологияның эволюциясы тез дамыды.
Палеолит - адамзат қоғамының дамуындағы ежелгі кезең грек тілінен аударғанда (палео - ежелгі, литос - тас) ежелгі тас деген сөз. Палеолит төменгі (шель, ашель, мустьер б. з. д. 800 - 40 мың. ) және жоғарғы (б. з. д. 40-12 мың. ) палеолит болып бөлінеді.
Қола ғасыры
- • Андронов тайпалар шаруашылығы
- • Археологиялық ескерткіштері
- • Беғазы-дандыбай мәдениеті
Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті. Металл балқытумен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңінің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды - орақ, кетпен, әшекейлер т. б. құралдар. Тарихқа дейінгі соңғы археологиялық кезеңі қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі - Металлургия мен дамыған жер және мал шаруашылығының кешенді дамуы.
Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәдениетке - Андронов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусин ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Ерте қ. ғ. Солтүстік Қазақстанда Феодоров, ал Орталық Қазақстанда Нура кезеңі деп аталды (б. з. д. XVIII-XVIғ. ғ. ) . Орта қола ғасыры Солтүстік Қазақстанда алакөл, ал Орта Қазақстанда атасу кезеңі деп аталған (б. з. д. XV-XIIғғ. ) б. з. д. ХІІ ғ. бастап Андронов мәдениеті көшпелі мәдени қауымдастықтармен ауысып, Батыс Қазақстанда қима, Орта Қазақстанда Беғазы-дандыбай мәдениеті деп аталды (б. з. д. ХІІ-VIIIғғ. ) .
Андронов тайпаларының шаруашылығы. Андронов мәдениетіне өзендердің арналары мен көлдердің жағалауында кешенді жер және мал шаруашылықтары тән. Андронов тайпалары жартылай жер кепелерде тұрды. Олардың төбесі бұталармен, аң терілерімен, сабанмен жабылды. Мал шаруашылығы негізінен отрықшы, бақташы болды. Негізінен ешкі, сиыр, түйе өсірді. Өзендердің аңғарында Андронов тайпалары кетпенді жер шаруашылығымен айналысты.
Андронов тайпаларының шаруашылығының ерекше саласы ретінде таукен мен металлургия дамыды. Қола ғасыры кезінде Қазақстан дүниеде алғашқы қола өндірушілердің бірі болды. Қорытылған металл көлемі өте үлкен болды. Тек Жезқазған өңірінде 100 мың т. мыс балқытылды. Ал Орта Қазақстанда 130 т. қалайы өндірілді, бұл 15 мың т. таза қола қорытуға жетерлік. Бұл көрсеткіштер тек зерттелген кендер бойынша ғана.
Андронов мәдениетінің тағы бір ерекшелігі бұл керамиканы пайдалану. Ыдыстардың формалары да әр түрлі болды - құмыра, банка тәріздес. Олар өте бай оюлармен сәнделген. Оюдың геометриялық түрі қолданылды, былайша айтқанда параллель сызықтардан күрделі крест тәрізді фигуралар - меандралар.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстанда ерте қола ғасырына жататын Қыргелді зираты мен Тасты-бұлақ қонысы зерттелген. Орта Қазақстанда Ақшатау, Бугулы обалары, Нура кезеңіне жататын Боғақара қонысы мен Қарабие, Айшырақ, Қарасай Ата су ескерткіштері зерттелген. Шығыс Қазақстанда Қапай, Сарыкөл, Қойтас обалары зерттелген. Солтүстік Қазақстанда Федоров кезеңіне жататын Бурабай, Обалы, Бирек-Көл обалары, алакөл кезеңінің Алексеевское, Ефимовка, Петропавлов қоныстары мен обалары зерттелген. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда андронов мәдениетінің ескерткіштері аз. Мұнда Тау-тары, Қойықты, Қарақұдық обалары зерттелген.
Андронов тайпаларының жерлеу дәстүрі қызық. Өлгендерді көлденең қойылған тас плиталардан жасалған тас қораптарда жерлеген, оның үстінен қорған үйген. Өліктің қасына өте бай безендірілген ыдыстарды, қола мен алтыннан жасалған әшекейлерді қойған. Кейде өлікті өртейтін, онда оның күлін жерлеген.
Темір ғасыры
Қазақстан тарихындағы б. з. д. І мың. соңы мен біздің заманымыздың басы түбегейлі бет бұрыс болып табылады.
Б. з. д. VIII-VII ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі өзгерістерге әкелді. Жетісуда сақ-үйсін, Арал өңірінде - қаңлы, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында ғұн, Батыс Қазақстанда алан этномәдени қауымдастықтар қалыптасты.
Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б. з. д. І мың. тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады.
Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (масагет), сақ-рауки (тиграхауда) исседон аримаспа бірлестіктері пайда болды.
Хунну және Ғұндар мемлекеті
- ❑Сенгир
- ❑Атилла
- ❑ Ғұн
Хунну мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б. з. д. 822ж. аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б. з. д. ІІІғ. Ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайланған көсем басқарды. Б. з. д. 209ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін “ сенгир” деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекетін құру барысында қызмет ете бастады. Алдымен Ғұндардың шығыстағы көршілері - дунхулар талқандалды. Одан кейін ғұндар өздеріне батыста юечжи мен үйсіндерді, оңтүстікте лоуфень мен байян тайпаларын бағындырды. Ғұндардың күшейюі Қытайдың назарынан тыс қалған жоқ, ол кезде Қытайда жаңа Хань әулеті билікке келген болатын. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс б. з. д. 188ж. Қытайдың жеңілуімен аяқталды. Қытай императоры Гао-ди өз әскерімен бірге Байден тауында қоршауға түсті. Императорды Моденің мейрімділігі ғана құтқарып қалды. Көп ұзамай Қытай мен Ғұндардың арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Қытай ғұндарға жылсайын салық төлеуге тиіс еді. Моде өлгеннен кейін бейбіт кезең бірнеше ондаған жылдарға созылды. Оны император Уди бұзды. Соғыс б. з. д. 129ж. басталып, 2 жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Қытайлар Ғұндарды Ордостан ығыстырса, б. з. д. 90ж. Яньшань тауының жанында күйрей жеңілді. Сенгир Хулагу өз бітімінің шарттарын талап етті. Бірақ бейбітшілік ұзақ болмады. Б. з. д. 59ж. Ғұн мемлекетінде өзара қырқысулар басталады. Сенгирлердің билікке таласына қытай дипломатиясы өршітіп отырды.
Б. з. д. 47ж. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Алғашқылары Қытай билігін мойындады, соңғысы тәуелсіздігін сақтап қалды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қытай басқыншыларына қарсыласа отырып, кангар еліне кетуге мәжбүр болды. Сонымен, біздің заманымыздың шегінде ғұн тайпаларының Қазақстанға жаппай көшуі басталады. Б. з 93ж. солтүстік ғұндар Қытай әскерінің асыруымен тарбағатайға одан кейін Орталық Қазақстан мен Сырдарья жағалауына дейін жетті.
Ғұн мемлекеті. Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б. з. І ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және кангар тайпалары 3 ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа (бейбітте, соғыста) түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айрылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.
375ж. төменгі Поволжьеде көшіп жүрген Баламбера бастаған ғұндар Доннан өтіп, остготтардың тайпалық одағына соққы береді. Остготтардан батысқа қарай тұрған вестготтар ғұндардан сақтанып, Дунайдан өтіп Шығыс Рим империясының жеріндегі фракияға тұрақтайды. Сµйтіп “Халықтардың ұлы көші” басталды. Біртіндеп ғұндар ары қарай батысқа ене берді. Шығыс Рим империясының жеріне де жиі-жиі еніп отырған. 305ж. Ғұндар Константинопольдің дауалдарына дейін жетті, сол жылы олар Месопотамия мен Закавказьеге жорық жасады. Ұйымдаспаған, олжа үшін жүргізілген шапқыншылықтардан енді олар ірі жаулап алуларға көшеді. Әсіресе ғұндардың Рим жеріне шабуылдары Ругиле патшаның тұсында күшейіп, (V ғ. 1-ширегі) Римнің бай дунай провинцияларын басып алады. Осыдан Панония (қазіргі Венгрияның жері) Ғұн мемлекетінің орталығына айналды. Шығыс Рим императоры Ругилеге жылында 350 фунт алтын төлеуге міндетті болды. Римдіктермен жүргізген соғыстардың сәттілігі Ғұн ақсүйектерін байытты, оларда мал мен құлдар көбейді.
Ругила өлгеннен кейін, 434ж. билік оның жиендеріне ағасы Мундзунаның балаларына - Блезе мен Аттилаға (Еділ) өтті. 437ж. Ғұндар Бургунд корольдығын талқандады, осы оқиғаның желісі “Песни о Небелунгах” жырында орын алды. 445ж. Аттила өзінің ағасы Блезуды өлтіріп, дара билейді. Оның билігі қысқа болғанмен, оқиғаларға толы еді.
Аттила өзінің алғашқы соққыларын Шығыс Рим империясына бағыттады да, 448ж. оған жыл сайын салық төлетті. Сонын герул, осгот пен гепид герман тайпаларын біріктіріп, Батыс Рим империясына қарсы соғыс бастады, Батыс Риммен вестготтар, аландар, бургундтер, франктер одақтас болды. 451ж. екі әскер арасындағы шайқас Аттиланың жеңілуімен аяқталды, алайда келесі жолы оның әскері Римге жақын императорды қашуға мәжбүр етті. 453ж. Аттила өлген соң оның мемлекеті ыдырап кетті.
Оның балаларының арасында қырқыс басталды. Ал бұл жағдайды қол астындағы бағынышты тайпалар пайдаланып кетті. Алдымен Паноний мен Карпатта тұратын Ипидтер бас көтерді. Недар өзені бойындағы шайқаста ғұндар жеңіліс тапты. Аттиланың үлкен ұлы Элак өлді. Кіші ұлы Ирнак, қалған ғұндармен Карпаттан батысқа кетіп Қара теңіз жағалауына келді. Осы жерде біртұтас ғұн мемлекеті бөлек-бөлек иеліктерге бөлініп кетті: хазар, утургур, кутургур, сібір. Дунайдан Волгаға дейін қоныстанған бұл тайпалар өзара жиі қақтығысып отырды.
Ғұндардың Қазақстан жеріне жаппай енуінен және ғұн, кангар тайпаларының ары қарай батысқа µтіп кетуімен жергілікті халықтың антропологиялық типінің өзгеруі және түрк тілінің протоқыпшақ диалектісінің таралуына байланысты болды.
Үйсіндер
- ❑Күнбек
- ❑Саяси тарихы
- ❑Үйсін
Үйсіндердің мемлекеттік құрылысы б. з. д. І мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде “Үйсін елі” деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б. з. д. ІІІғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұна Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Мұнда үйсіндер Хұндардың билігін мойындай отырып б. з. д. 177ж. Жетісу, Шығыс Қазақстан мен Жоңғариядағы сақ тайпаларының ұрпақтарын біріктіріп, өз мемлекетін құрды. Б. з. д. ІІ ғ. үйсіндер Ғұндардан бөлініп Қытаймен жақындаса бастайды. Б. з. д. 53ж. Үйсіндер екіге бөлінді.
Үйсін мемлекетінің басында “ Күнбек ” титулы бар билеушісі тұрды. Билік мұрагерлікпен қалып отырды. Б. з. д. 53ж. үйсін мемлекеті бөлінгеннен соң бір-біріне тәуелсіз Ұлы күнбек және кіші күнбек пайда болды. Билеушіден басқа сегіз категориядағы чиновниктер болған. Билеушінің көмекшісі дуглу титулын иемденіп, атқарушы биліктің басшысы болды. Одан төмен екі қолбасы, үш үлес билеушісі, оларды Онхо деп атады. Қолбасының көмекшілері дарту титулымен аталған. Одан басқа күнбектің орда істерін басқаратын, салық жинайтын, заңдардың орындалуын қадағалайтын шиновниктері болған.
Үйсіндердің саяси тарихы. Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босынып осы аймақта ең күшті мемлекетердің біріне айналды. Қытайлар ғұндарға қарсы одақтас іздеп үйсіндермен жақындасады да, үйсін күнбегіне өз ханшаларын ұзатады. Осыны уайымдап Ғұндар б. з. д. 80ж. үйсін мемлекетінің шығыс шекараларына шабуыл жасайды, ұзақ ұрыстардан соң Қытаймен үйсіндердің біріккен күштерінен жеңілді. Осыдан кейін Жетісу мен Аспан асты империя арасындағы байланыстар бұрынғыдан да күшейді. Қытай эмисарлары ашықтан-ашық үйсін мемлекетінің ішкі істеріне араласа бастады, ал бұл, өз кезегінде елде Хұндардың жақтастарының күшейюіне әкелді. Б. з. д. 60ж. билікке халықтың ішінде беделі жоқ, тек Қытай горнизондарына арқа сүйеген Найби келді. Оған қарсы билеуші рудан шыққан Өжет көтеріліс жасайды. Найби өлгенмен 15 мыңдық Қытай әскері Өжетті келісім жасауға мәжбүр етті. Б. з. д. 53ж. үйсін мемлекеті екіге бөлінді. Өжетке кіші күнбек титулы мен 40 мың шаңырақ тиді, Ұлы күнбек титулы мен 60 мың шаңырақты Қытайдың қойған адами Янгуйби еншіледі. Ұлы күнбектің ордасы Ыстықкөл жағасында болды, Кіші күнбектікі - елдің солтүстік жағында Жетісуда орналасты.
Үйсіндердің осыдан кейінгі тарихы Ұлы және кіші күнбектердің соғыстарына толы. Біріншісі Қытайға сенпе, екіншісі - Кангар мен Ғұндар сенді. Бірақ Ғұн империясы құлаған соң солтүстік үйсіндердің олармен ара қатысы нашарлап кетті. Б. з. д. 49ж. Өжет шекара бойындағы бірнеше ұрыстарда жеңілді. Б. з. д. 44ж. Ғұндар оңтүстік үйсіндерге шабуыл жасап, олардың астанасы Чигу қаласын тонап кетті. Бұл оқиға үйсіндердің Қытаймен жақындасуына әкеліп, бұл одақ б. з. д. 36ж. солтүстік Ғұндарға қарсы жорық жасады.
Б. з. д. 30ж. Ұлы және Кіші күнбектер арасындағы қатынас тағы да шиеленісті. Өжет өлген соң, оның орнын баласы Жини басты. Алайда Ұлы күнбек Силаби (б. з. д. 33-16ж) оны қуып жіберіп орнына өз адамын отырғызды. Силыби біршама үйсін мемлекетінің тұтастығын орнатты, бірге б. з. д. 17ж. Кіші күнбектін ағасы Уйжинжан оған қарсы соғыс бастады. Силаби өлтірілді Қытай әскерінің араласуы сәтсіз болды. Б. з. д. 12ж. Уйжинжан өлтірілді, оның кіші бауыры 80 мың үйсінмен Кангарларға кетіп екі күнбекке қарсы соғыс ашты.
Екі иелік те өз тәуелсіздіктерінен айрылып, Қытай наместниктерімен басқарылды.
Б. з. ХІғ. Үйсін иеліктері Қытайдан біржолата оқшауланды. IVғ. басында Жетісу моңғол тілдес халық - сянбилердің билігіне түседі. Б. з. IVғ. аяғынан VIғ. дейін даладағы гегемония жужандарға өтті. Жожан империясының орталығы Монғолияда болды. Жожандардың толассыз шапқыншылықтары үйсін тайпаларын Жетісудың жазық өңірлерінен Тянь-Шаньға көшуге мәжбүр етті. 425ж. үйсіндер Қытайға елшілік жіберіп, 436ж. Воэй империясының елшілігін қабылдайды. Осыдан кейін үйсіндер жылда Қытайға елшіліктер мен сыйлықтар жіберіп тұрған. Vғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кету керек, “Үйсін” этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы “ Үйсін ” деп аталды.
Кангюй мемлекеті
Кангюй атауы (қытайша Канцзюй) алғашқы рет жазба деректерде б. з. д. ІІ ғ. кездеседі. Б. з. д. 138ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда елшілігін батыс Елдеріне жіберді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер сипатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекетіде бар.
Қытай елшісінің мәмлекетіне қарағанда “Кангюй” Даваньжан солтүстік батысқа 200м жерде тұр. Бұл көшпелі иелік. Әдетте Юечжилерге ұқсайды; 90 мың әскері бар, әлсіздігі нәтижесінде оңтүстіктегі юечжилердің билігін, шығыста ғұндардың билігін мойындайды. Яньцай Кангюйден солтүстік бастыста 2000 м. жерде орналасқан. Бұл да көшпелі иелік, әдетте Кангюймен ұқсас. Әскері 1 асады, үлкен көлдің жағасында тұр. Бұл солтүстік теңіз”.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz