Қазақстан "тоқырау" кезеңінде /1971-1985 жж./



§1. "Тоқырау" жылдарындағы республиканың өнеркәсібі

"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 пайыздан аз

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан "тоқырау" кезеңінде 1971-1985 жж.

§1. "Тоқырау" жылдарындағы республиканың өнеркәсібі

"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан
экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен
алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық
шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі
өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында
6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл
ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия
өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр
қуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы
республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен
жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүние
жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару
тоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина
жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға
жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ.
1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды,
өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғай
халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы
қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына
жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар
республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ,
олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады деп
айтуға болады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом
жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом
немесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа
себептермен байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі
жекешелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар
орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік
қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық, технологиялық және еңбек тәртібін
бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске
жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс
орындары мемлекетке 1981 жылы 760 млн. сом, 1982 жылы - 1,0 млрд., 1983
жылы - 1,3 млрд, 1984 жылы -1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ.
Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-
техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде
еліміздің капиталистік мемлекеттерден кейін қалуы күшейе түсті.
Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін қуалай өсіру ауыр өнеркәсіпте
негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты
атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі
істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық
керсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін объектілер салынды. Бірақ, осыған
қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде елдегі ірі
өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың,
зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп
отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесе
кәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан
айырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркіліс
көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген
проблемалар көбейді.
IX бесжылдықта жоспарды күрт төмендетіп отырса да, өнеркәсіп көлемі
12,6 пайызға орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25 пайызға, он бірінші - 3,6
пайызға орындалған жоқ. Соның салдарынан IX, X, XI бесжылдықтардың ішінде
ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде
экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін құлдырады. Мысалы,
республика ұлттық табысын 60-70 пайызға өсіру міндеті қойылса да, ол іс
жүзінде 36 пайызға ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық
қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір
салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ
бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің "жалпы саны" болды,
бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің
бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да ресурстарды едәуір көп жұмсады.
Мәселен, АҚШ пен Жапонияны алсақ, өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда
шикізат пен энергияны 30-40 пайыз кем пайдаланды. Қазақстанның бай табиғи
және еңбек ресурстары басшы кадрларды дандайсытып жіберді. Елдің эко-
номикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе дәл
осы себептен еді.
Өндірісті сан жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген
республика басшылығы бұл қарқынды тоқтатуға тырысты, бірақ көбінесе үсті-
үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика
салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы,
Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана
8-10 пайызы пайдаланылды.
Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт
ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтің ондірісті тежеді, өңдеу, қайталап
өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.
Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық,
тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айиалды.
1981-1985 жылдары Қазақстанда әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың
жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыста "сақалды"
объектілер берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс
көптеген құрылыстар салынды, бітпеген объектілерді пайдалануға беру, қосып
жазу, құрылыс материалдарыи талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда
құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның
негізінде жұмысшылардың өндірісте ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату,
еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу
жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті соз жүзінде бәрі
қолдады және насихаттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар
арқылы жоққа шығарылды.
Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және
ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен
ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек
1981-1985 жж. жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға
жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
енгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістің
бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды, немесе
комплексті механикаландырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі
жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін
атқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда
социалистік жарысты ұйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша
бұл жылдары жарысқа жұмысшылардыц 90 пайызы қатысқанымен, мұның өндірістің
қосу қарқынына, еңбек өнімділігіпе, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті
жетілдіругс ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқүрайлылық, салақтық, ынта-
жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды.

2. Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар
Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын
1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны
көптеп болу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті
енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары
белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2
млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 ж. дейін пегізгі егін шаруашылығы
жұмыстары - жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы
саласындағы жұмыстар 75-90 пайызға техникаландырылды. Алайда, ауыл
шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы
тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің
құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын
және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село
еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп
бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруа-шылық өнімдерін
өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық
өнімдерін ендіру бірқалыпты жүрмеді.
Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдық
өзгерістср енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960
жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар
есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, республикада 388 колхоз қалды.
Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір
төмендеді, бірақ осыған қарамастан колхоздық меншіктің одан ары жетілуін
көруге болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында
қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін өсті.
Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дақылдар
егілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік
шаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдар
егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына IX
бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50
млн. қойдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне
немқұрайды қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу,
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалып
кетуі үлкен әсерін тигізді.
Бір айтып кететін жай, бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік
негізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен мал
семіртетін алаңдар салынды, малды өсіріп, семіртетін мамандандырылған
шаруашылық бірлестіктері, құнажындар өсіретін фермалар құрылды. Жалпы қуаты
23 мың ірі қара малды жедел өсіріп, семіртетін төрт кешен: Алматы облысы
бойынша 10 мың басқа арналған "Жетіген", Шығыс Қазақстан облысында 5 мың
басқа есептелген "Ждановский", Орал облысында 5 мың басқа арналған "Правда"
газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған "Шалқар" кешендері
жұмыс істеді. Шошқа өсіріп бордақылайтын "Волынский" Қарағанды облысы
кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың ба-сына қарай 575 мың бас ірі қара мал,
418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды.
Бірақ осы жылдарда мал шаруашылығын дамытуда келеңсіз жағдай қалыптаса
бастады. Олай дейтініміз, туберкулез және бруцеллезбен ауырған мал кейбір
облыстарда 95 пайызға жеткен. 1965-1985 жылдары 4,2 млн. сиыр, 55 мли. бас
қой мен ешкі, 5,1 млн. шошқа өлген, ал әрбір 100 саулықтан небары 10 бұзау,
30-дан аса қозы, 69 торай алынған. Азық-түліктік астық өндіру жөнінен
одақта алдыңғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап
басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатуға алып отырды. Мұнда ауыл
шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ісі бетімен жіберілді.
Көліктің, элеваторлардың, қоймалар мен ыдыстың жетіспеушілігінен, жолдың
нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20 пайыздан 40 пайызға
дейінгісі ысырапқа түсті. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар
қалаларға, баска жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Қаңырап қалған
кішігірім ауылдар қатары жүздеп саналды.
Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінесе
өнімнің өзіпдік құнын ақтамады, қайта зиянмен жұмыс істейтін
шаруашылықтардың саны артты. Егер 1970 ж. ондай шаруашылықтардың үлес саны
совхоздардың 26 пайызын, колхоздардың 4 пайызын қамтыса, 1985 ж.
совхоздардың 53 пайызы, колхоздардың 49 пайызы зиянмен жұмыс істеді. Село
еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесе
ақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақы
төлеу оның өнімділігінің өсуінен басып озды.
Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісін
ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігіи арттыру бағытындағы кейбір ізденістер
басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-ші жылдардың басында
жүргізілген сансыз көп қайта құрулар, эксперименттердің, бағаның,
интеграция мен мамандандырудыц жаңа түрлерін және т.б. енгізу ауыл
шаруашылғының берекесін кетірді. Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаң
әкімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа кошті. Істің жағдайын
жаңа шешімдср қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтижс бермеді.

3. Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуындағы жағдай
XX ғ. 70-ші және 80-ші жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың
әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, республика
жұмысшылары мен қызметшілерінің орташа айлық табысы едәуір өсті.
Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары
орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты коғамдық
тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі
жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық
сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 ж.
колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы
белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектерінс
айлық орташа зейнетақы 33 пайызға көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының
мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді.
Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз
тиді. Өйткені мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар
сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, ақы төлеудегі теңгермешілік т.б.
халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның
құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. құнсыздану 20 пайызға өсті.
Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселенің бірі - тұрғын үй мәселесі. Осы
жылдары бұл мәселе бірсыпыра шешуін тапты: миллиондаған адам жаңа пәтер
алып, өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Дегенмен халық санының
өсуімен байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін
шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй
құрылысының жоспары орындалмады. Тек, он бірінші бесжылдықта ғана
республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп,
аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады.
Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процестер әлеуметтік саланы мықтап
шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің "калдықтық
принциптері" қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан
артылған қаржы ғана бөлінді. Әлеуметтік мәселелер жөнінде "кереңдік" пайда
болды, ал өндірістің техникамен жабдықталуы, кадрлардыц біліктілігі, ең
бастысы - жұмыс сапасы артта қала бастады.
Қалыптасқан басқару жүйесінің демократиялық негіздерінің тар
шеңберлігі де жаңа жағдайда мейлінше ке-леңсіз көрініс берді. Онда
еңбекшілердің өзін-өзі басқаруының өрісі тарылды. Қоғамдық меншік өзінің
шынайы иесі - еңбекшілерден бірте-бірте оқшаулана түсті. Оны ведомстволық
пен жершілдік, әр жаққа тартқылаған жайлар аз болған жоқ, нақты қожайыннан
айырылып, "иесіз", тегін жатқан дүниедей көрінді. Шаруалардың бүкіл
халықтық игіліктен сырт қалуы. қоғамдық мүдденің еңбеккерлердің жеке
мүддесімен ұштастырылмауы барған сайын көбірек байқалды. Шаруашылықты
жүргізудің өткен кездегі қалыптасқан жүйесі дамыту факторынан, оның
ілгерілеуін тежейтін тұсауға айналды.
Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының
нәтижесінде қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірілді. Сырдария және
Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі
тартылып, оның суы азайды. Бұрынғы жағасынан 60-120 шақырымға дсйін
төмендеген, құрғап қалған жерлерінен құм, шаң, тұз көтеріліп, бұл өңірдегі
халыққа өлім ұрығын септі. Ересек халық пен бала өлімі кобейді. Осындай
жағдай Семей өңірінде де орын алды.
Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар
жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға
тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы айтылмады.
Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500
мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның тұрақты сәулесіне ұшырады,
әсіресе онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975-1985 жж. бұл
аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті, бала туу
азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей
полигонынан басқа әр жылдарда Республика территориясында 27 жерде қуаты
әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, әсіресе, Атырау
облысында көбірек болды, мұнда жап-пай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған.
Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндсгі полигондарда, қалғандары Ақтөбе,
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар
сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді.
Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық-техникалық негізін
нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Республикада мәдени объектілердің
құрылысы жаңа типтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
Ауыл шаруашлығы проблемалары
1965 ж. экономикалық реформалар: себебі, мазмұны және нәтижесі
Н. С. Хрущевтің сынақ алаңына айналған – Қазақстан
Әлеуметтік экономикалық дамудағы дағдарыстар
60-80 жылдардағы ортасындағы Қазақстандағы нақты социализм
Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы
Теміртау оқиғасы
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан(1970-1985)
Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
Пәндер