Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар


Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар.
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізі макроэканомикалық тұрақтылық-инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.
«Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-эканомика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады».
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым-қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдерімен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің эканомикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш-қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдерімен «Интеграция» саясатынан «Үйлестіру» саясатына көшуді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі потенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуде мүмкіндік беретін ауыл-шаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларды сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнер табыстары.
Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы эканомикалық саясатнақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады.
- «ТМД» Ресеймен, Украинамен, Беларусьпен, Орталық Азия мемлекеттерімен және ТМД-ның басқа мемлекеттерімен эканомикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі.
А) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар.
Б) дүние жүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін шикізат экспорты саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі.
В) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету.
Г) Ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу.
2. «Азия-Тынық мұхиты аймағы» Пекин-Сеул-Токио арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы техналогиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта-біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін қатыстыру рыногі ретінде үлкен мәні бар.
3. «Азия», Ықтимал өткізу рыногы және нарықтық эканомиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Эканомикаға инвестиция тарту үшін Шығыс және алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.
4. «Еуропа» ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің эканомикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа эканомикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл сақталады.
5. «Америка» Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.
6. Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық азаттық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.
«Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз».
Республика Үкіметі бизнес үшін халықаралық сауданың қажетті болашағын құра отырып, халықаралық коммуникациялар қалыптастыру мен дамытуға жіті көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде Қытайдағы теңіз жағалауынан басталып Қаазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Түркия арқылы Парсы шығанығындағы порттарға дейін баратын Трансазия темір жол магисралі іске қосылды. Осы мектептердің темір жол желісі арқылы Ресеймен, Еуропа және Таяу Шығыс елдерімен жаңа қатынас жолдары ашылады. Қолда бар және жоспарланып отырған темір жол маршруттарымен Қазақстан жыл сайын 15-20 млн. Тонна жүк тасымалдау ниетінде. Ресейдің Транссибімен салыстырғанда жаңа Трансазия маршуты Жапония мен Германия арасындағы жүк тасымалдау жолын 2. 5 мың шақырымға қысқартады. Ал Суэц каналына шығып, теңіз арқылы тасумен салыстырғанда жол 10. 5 мың шақырымға қысқарады.
Каспий труба құбыры консорциумының барлық ішкі проблемалары шешілді. Ол құбыр тарту құрылысына кірісіп, оны 1999 жылы аяқтайды. Мұның өзі қыруар мұнайды Қазақстаннан сырт жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірақ 2003-2005 жылдардан бастап балама мұнай-газ құбырлары қажет болады. Бұлар көмірсутегі өнімдерін сыртқа шығаруға және оны елдің ішінде тұтынуға бағдарланады. Әңгіме, атап айтқанда, Кавказ дәлізінпайдаланудың мүмкіндігі туралы болып отыр. Сондай-ақ мұнайды Жерорта теңізіне де, сондай-ақ Батыс Қытайдың аймақтарына да тасымалдау идеясының келешегі зор.
1997 жылы оптико-талшықты кабель пайдаланылатын Трансазия-Еуропа байланыс желісін іске қосу аяқталады. Мұның өзі таяу уақтта планетаның кез-келген нүктесіне бөгетсіз телекоммуникациялық жол ашуға мүмкіндік береді.
Еуропа қайта құру және даму банкісінің көмегімен Каспийдегі Ақтау теңіз портың қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстары басталды. Олар аяқталғаннан кейін порт екі миллион тонна құрғақ жүк және алты миллион тоннаға дейін мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелте алады. Порт Иран арқылы Қазақстанның Таяу және орта Шығыспен, ал Ресей өзендері мен Балтық теңізі арқылы Еуропамен сауда байланыстарын жасауын қамтамасыз етеді.
Қазақстан арқылы жаңа әуе көпірлерін жасау жөнінде де жедел жұмыс атқарылуда. Олар келешекте Еуропадан оңтүстік-Шығыс азияға және керісінше жолаушылар мен жүк тасымалданғанда шығынды едәуір қысқартауға, жаңа астана, еркін эканомикалық аймақ болып табылатын ақмола қаласының құрыдысын жеделдетуге жәрдемдеседі.
Соңғы жылдары Қазақстанға алтв миллирд доллардан астам капитал енгізіледі. Мұнда екімың-ға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Жасалған келісім-шарттар бойынша ұзақ мерзімді инвестициялар сомасы алпыс миллиард доллардан асып түседі. Бұл ТМД елдері мен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бүкіл инвестициялық портфелінің қырық процентіне жуығын құрайды.
Халықаралық азаттық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер арасындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады. «Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға әзірміз».
Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті негіздері және мәні.
Қазіргі кездегі әлемдік кеңістікте екі тенденция көрініс алған, атап айтқагда:
- Біріншіден, әемдік шаруашылықтың біртұтастығы, оның ғаламдық сипатының күшеюі;
- Екіншіден, аймақтық деңгейде елдердің экономикалық жақындасуы және олардың өзара бағыныштылығының нығаюы.
Жалпы алғанда «интеграция» терминін латын тілінен аударғанда, «бөліктердің бір бүтінге айналуы» деген мағынаны береді.
Халықаралық экономикалық интеграция дегеніміз- экономиканың өзара бейімделуі олардың біртұтас ұдайы өндіріс процесіне енуі.
Бұл халықаралық интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық, құрылымдық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын түсіндіреді.
Халықаралық экономикалық интеграция (ХЭИ) шаруашылық өмірдің интернациялануы процесінде ерекше кезең болып табылады.
ХЭИ - бұл біртекті, іштей тұтасқан бірнеше елдерден тұратын шаруашылық организмнің құрылу процесі.
Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы біртегіс жүрмейді және де интеграцияның алғы шарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалытасады.
Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілерімен сипатталады, соларды атап өтейік:
- Ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
- өндіріс, ғылым және техникадағы халықаралық специялизация мен кооперацияның кең түрде дамуы;
- интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы тереңдетілген құрылымдық өзгерістер;
- интеграциялық процестердің мақсатты түрде реттелуі, координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттың жасалуы;
- интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы;
Интеграциялық процесс бүтін жүйенің жекелеген салаларын қамтиды; өндіріс, айналым тауар, қызмет, капитал, ақша массасы, бағалы қағаз және т. б шешім қабылдау сферасы фирма, кәсіпкерлік одақ, ұлттық үкімет, халықаралық, үкіметаралық және ұлттық ұйымдар.
Интеграцияның алғы шарттары алуан түрлі болып келелі. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жағдайында экономикалардың өте терең түрде өзара енуі және тұтасуы көптеген елдер үшін объективті қажеттілікболып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс тапқан. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынына жетуге болады.
Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге, ол өндірістің белгілі түрлерін немесе ғылыми зерттеулерді дамыту мақсатында интегцияланушы елдердің ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді.
Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін жоғарлату арқылы интеграция экономикалық дамудың жаңа көздерін қозғалысқа келтіреді және сол арқылы интеграцияға қатысушы елдердің экономикалық және саяси көзқарасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Белгілі бір елдердің интеграциясының қажетті шарттары:
- біріншіден, тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымның болуы;
- екіншіден, үкімет орындары тарапынан белгілі экономикалық және саяси шешімдердің қабылдануы.
Интеграцияланушы шаруашылықтардың бір-бірін өзара толықтыруы олардың экономикалық дамуына да байланысты, бұл кезде даму деңгейлері бірдей, ең алдымен өндірісі дамыған елдер мысалы, Еуропалық одақ, Еркін сауданың Еуропалық ассоциясы тез арада интеграцияланады.
Сонымен бірге интеграцияның барысы өздерінің табиғаты бойынша қарама-қайшылықты және көп қырлы болып келеді.
Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси өзгерістер де әсер етеді.
Бұл әсіресе әлемдік шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, өте қарқынды түрде жүріп жатыр.
Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе саяси жақтарының абсолютизациясы мүмкіндігі екі көзқарас тұрғысында қарастырылады.
- Біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстардың кездейсоқ дамуымен теңестіріледі;
- Екіншіден, интеграция барысы ресми түрде құрылған экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.
Жалпы алғанда, бұл реттеуші және нарықтық бастамалардың халықаралық интеграция арасындағы саясат пен экономиканың арақатынасы жөніндегі сұрақтар.
Шын мәнінде, нарықтық типтегі шаруашылығы бар елдердің интеграциясы кездейсоқ, өздігінен пайда болатын өзгеріс деп қарастыруға болмайды, өйткені ұлттық экономикалардың өзара бейімділуі сыртқы экономикалық сфераға мемлекеттің араласуынсыз мүмкін емес.
Қазіргі таңда бір-бірін өзара толықтырып және тығыз байланыстыра отырып, интеграцияның барысы екі түрде қарастырылады:
- Біріншіден, жеке меншік-корпорациялық интеграция интеграция фирмалық, микроэкономикалық интеграция;
- Екіншіден, мемлекеттік және мемлекеттік-корпорациялық интеграция.
Бұл екі интеграция кей жағдайларда қатар жүреді. Осы жағдайларда өзара экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді күшейту тенденциясы көрініс алуда.
Жеке меншік- корпорациялық интеграцияның мемлекетаралық интеграциямен толықтырылуы, мемлекетаралық бірлестіктердің қалыптасуы елеулі түрде саяси сипаттағы себептердің әсеріне тәуелді болып отыр.
Батыс Еуропадағы мемлекетаралық интеграцияның дамуы осы аймақтың соғыстан кейінгі дәуірдегі саяси дамуының ерекшеліктерімен байланысқан.
Жалпы алғанда, алдыңғы қатарлы дамыған державалар үшін интеграция олардың өндіргіш күштерінің дамуының қол жеткен жоғары деңгейінің функциясы ретінде, ал үшінші дүние елдеріне қатысты айтар болсақ, олар үшін интеграция индустриализацмяны жүргізуді жеңілдету құралы ретінде қолданылады.
Нақты түрде айтар болсақ:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz