Қазақстан және бейбітшілік үшін саяси әріптестік


Қазақстан және бейбітшілік үшін
саяси әріптестік
Кіріспе
Негізгі бөлім.
- Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуы.
- Қазақстанның Орта Азиялық елдермен әріптестігі
- Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.
- Қазақстан Америка стратегиялық әріптестік.
- Қазақстанның аймақта бейбіт саясат орнауға қосқан үлесі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуы.
Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.
Біз, қазақстандықтар бұл конференцияны ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуды бастап берген елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз.
Қырық жылдан астам уақыт бойы олемдегі ең ірі екі державаның теке тіресінде аса бай ядролық арсеналдар талас - тартыстың негізгі тіреніші болып келді. Ол кезде ядролық қауіпсіздікке қол жеткізу бәрінен бұрын ядролық әлеуетті арттырумен байланысты қарастырылатын.
Он жылдан бері әлем блоктарға бөліп омір сүруін тоқтатты. Алайда ядролық қауіпсіздік проблемасы тарап кеткен аса қуатты державалардың бірінің ядролық арсеналының едәуір бөлігі жойылғаннан кейін де өзінен - өзі шешіле қалған жоқ.
Өкінішке қарай мыңжылдықтар межесінде біздің планетамыз кәдімгі қару - жарақ жағынан да, ядролық қару - жарақ жағынан да бұрынғысынан қауіпсіздеу бола түспеді.
Оның есесіне ядролық қатер өзінің бұрынғы қос өлшемдік ауқымынан асып, ағзаны жаулап алған радиациясынды жаңа түрлерге ауысып, тіпті, құбыжыққа айналып барады.
Бүгінгі таңда біз соңғы он жылдың ішінде іргелі ілгерілеуіміз ауқымды ядролық қақтығыс тұрғысынан алғанда қатерді азайта тұра, «ядролық болмыстың» жаңа өлшемдері пайда болуына қалайша септігін тигізгенін пайымдап алуға тиіспіз. // 1 /.
Біріншіден, ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді.
Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару «үлкен» бестіктің ғана меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға ие елдердің саны арта түсті. Әлемде жаңа геосаяси полюс - «үшінші ядролық әлем» пайда болды.
Планетаның адам ең бір тығыз орналасқан өңіріндегі тұрақсыздық қазірдің өзінде Азияның екі ірі елі - Үндістан мен Пәкстанның арасында пайда болған қатерлі ядролық меже арқылы анағұрлым шиеленісе түсті.
Егер бүгінгі әлемнің сан қилы қауіп - қатерлі аймақтарында ядролық қаруға ие болудан нақты дәмелі бірқатар елдердің бар екенін ескерсек, жағдай аса бір қатерлі сценарий бойынша өрбіп кетуі де мүмкін. Өйткен жағдайда әлем аса ауқымды ядролық қақтығыстың бұрынғы қатерінің орнына атом қаруын тактикалық мақсат үшін қолдана беретін аймақтық соғыстар келетіндей күй кешуі ғажап емес.
Екіншіден, қазіргі әлемде ядролық қаруға бұрыннан ие болып келе жатқан державалар мен ол қарута қол жеткізудің «табалдырығында» тұрған елдердің арасындағы теке тірес белгілері барған сайын айқын біліне бастады. Осының салдарынан ядролық қаруды жанталаса көбейтудің жанкешті жарысына ядролық державалармен қатар әлгі «табалдырықта тұрған» елдер де қосылатындай қауіп нақты төнуде.
Үшіншіден, аймақтық тұрақсыздықтың ұшынып кетуінің салдарынан қауіпсіздікке қатердің жаңа түрлері кеңінен өріс ала бастады.
Бүгінде ядролық материалдардың контрабандалық жолмен тасылуына, сондай - ақ бірқатар терроршыл топтардың ядролық қару - жарақты жасап шығаруға және оны тасымалдауға қажетті компоненттерге, технология мен мамандарға қол жеткізуге жанталаса ұмтылып жатқаны қатты алаңдаушылық туғызуда.
Ядролық қарудың террористердің қолына түсуі бүкіл адамзат баласы үшін қандайлық ауыр зардабы болатынына сіздердің назарларыңызды аударып жату артық та шығар.
Әлем ядролық қауіп ядролық арсеналдың санымен емес, ядролық қаруы бар болуы фактісімен өлешенетін шекке жетіп отыр.
Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш - жігерін жандандыруды талап етеді.
Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90 -жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.
Осыдан дәлме - дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі Жарлыққа қол қойдым.
Бұл шешімнің сол кез үшін өте күрделі жағдайда қабылданғанын анық айтпақпын. Өйткені тоталитарлық қоғамда еркін ой айтудың кез келген көрінісі, халықтың кез келген шеруі қатаң жұдырыққа тап болатын, мұны біз талай рет көргенбіз.
Жариялылық саясаты келісімен қоғам өмірін демократияландырудың ұшқындары да бой көрсете бастады. Адамдар да бұған сенді. Қазақстан басшылығы 1987 жылдан бастап полигонды жабу проблемасын көтере бастады.
Ол кезде, әрине Қазақстан әлі тәуелсіз мемлекет еместігін, барлық басқа да республикалар сияқты орталықтың қатаң тәртібіне, әсіресе, әскери-өнеркәсіптік кешен сияқты саладағы қатаң тәртіпке бағынышты болғанын атап көрсете кетуім керек. Мәскеу либерализация әскери - өнеркәсіптік кешенге жүрмейді дегенді ашық мәлімдеді. Бұл саладағы мәселелерді шешуге республикалардың, тіпті бірінші басшылары да жолатылмайтын.
Сондықтан да Қазақстанның Семей полигонын жабу жөніңдегі ой-ниеті қатты қыспаққа алыңды. Сол жылдардың аттап бассаң алаңдаушылыққа толы ауанын ұмыта қоймаған адамдардың бәрі де осынау бұрын - соңды болып көрмеген қадамның қандайлық тәуекелге бел буу екендігін анық біледі, өйткені оның мән - маңызы бар елдің ауқымынан анағұрлым асып түсетін . . .
1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару - жарақ (СНВ-1) Шартына Лиссабои хаттамасына қол қойып, ядролық қару - жарақты таратпау жөніндегі өзінің міндеттемесін қуаттады.
1993 жылы Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қару - жарақты таратпау жөніндегі Шартқа қосылды, ал 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары біздің еліміздің қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды.
1994 жылы еліміздің аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталды.
1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.
1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қосылды.
1997 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдады.
2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең ақырғы штольня жойылды.
Біз сондай - ақ шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін Ақтау ядролық реакторын жауып, ондағы ядролық отынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдадық.
Осы қадамдардың әрқайсысында тұтас елдің ядролық қарусыз жолмен жүруіне қатысты жүз мыңдаған адамдардың тағдыры жатыр.
Бұл - жүздеген сағаттар бойы қинала толғанудың, айлар бойы екі жақты және көп жақты кездесулердің, келіссөздердің жемісі.
Бұл - саясаткерлердің, әскери қызметшілер мен ғалымдардың 10 жыл бойы ыждаһатты еңбегі.
Осы жайында замандастарымызға айтуға болады, айту қажет те, егер оны мұның бәрін тікелей басынан кешірген адам айтса, тіпті орынды.
Менің «Бейбітшілік кіндігі» деп аталатын жаңа кітабым осыған арналған.
Бұл - сырласу кітабы. Мен оны жаңа жүз жылдыққа өткен ғасыр қалдырған қатал « сыйлиқ» туралы аз - кем ғана ойланғандардың, бәрінің арасындағы сенімді диалог пен ынтымақтастыққа деген мерзімсіз шақыру деп қарастырамын.
Қазақстанның ядролық қарусыз ел статусына ие болуына байланысты болып өткен оқиғаларды еске түсіре келгенде, ядролық қаруды аламыз ба, әлде сол қарусыз қаламыз ба деген проблеманы шешудің қандайлық қиындыққа түскенін бағамдаймыз.
Тарап кеткен КСРО - ның әскери машинасы Қазақстанда құрлықаралық баллистикалық зымырандармен бомбалаушы ауыр ұшақтарға арналған 1216 боеголовка қалдырған еді. Ядролық стратегиялық күштер кешені жаппай қырып - жоятын құралдардың және ядролық зарядтарды жеткізудің ең осы заманғы түрлерімен жарақтандырылған болатын, олардың арасында Ту-95 МС стратегиялық көп мақсатты бомбалаушы ұшақтары мен СС - 18 құрлық - аралық баллистикалық зымырандар бартын.
Бұл әлемдегі төртінші ядролық арсенал еді. Атуға дайын тұрған ядролық қару - жарақты қоса Қазақстан оны өндіру мен сынақтан өткізу үшін қажетті тұтас индустрияға да ие еді, бұл орайда елдің ядролық қару-жарақты жасау мен жетілдіру үшін тиісті ғылыми - зерттеу базасы болғанын да қоса айта кеткен жөн.
Семей полигоны аса маңызды стратегиялық нысан еді. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде ол жерде ұзын саны 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалған. Соған жұмсалған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе асып түсетін. Қазақстан оған қоса, ядролық қарудығы белсенді компоненттерін өндіру үшін қажетті ауқымды ресурстарға ие еді, еліміз оған қазір де ие. Әлемдегі уран қорының ширек бөлігі қазақ жерінде жатыр. Қазақстан аумағында табиғи уранды өңдеу мен байытуға мүмкіндігі бар атом өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары орналасқан. КСРО тарап кеткеннен кейін Қазақстан өзінің ядролық қаруын жасап шығару үшін қажетті ғылыми - зерттеу, өндіру және өнеркәсіптік инфрақұрылымның барлығына дерлік ие болып қалды. Мұншалықты қуат пен ықпал әлеуетіне қол жете тұрып, одан бас тарту жөнінде шешімге келу өте - мөте қиын еді. Аймақтық ірі державаға айналу мүмкіндігі біздің, қоғамымыздың белгілі бір бөлігі үшін тым тартымды болып көрінді. Елдің ядролық статусын сақтап қалуды қолдаған нақты уәждер көлденең тартыла бастады. Өзіміздің ядролық қолшатырымыз болса, бұл елдің қауіпсіздігінің кепіліне, ықтимал қарсыластың кеудесі басылып тұратындығының кешліне айналар еді деген ойлар да ортаға салынды. Мұндай уәжді қолдайтындардың пікірі бойынша, ядролық қару - жарақты сақтап қалу Қазақстанның сол кездегі кәдімгі қару - жарақ түрлері бойынша сандық және сапалық тұрғыдағы олқылықтарының орнын жабатын көрінеді. Ядролық қару Қазақстанды аймақтағы ірі державаға айналдырар еді деген әңгіме де айтылмай қалған жоқ. Оның үстіне ядролық кешенді сақтау ғылыми - техникалық әлеуетті арттыру, іргелі және қолданбалы ғылымды өркендету үшін де маңызды екендігі атап өтілді. Қысқасы, «ядролық азғыруға» елітушілердің де елеулі негіздемелері әрі кәдімгідей қарақұрым қолдаушылары болған еді.
Алайда Қазақстан өзінің ерік қалауы бойынша ялролық қарусыз мемлекетке айналды. Осынау тарихи қадамды жасай отырып, біз бірқатар принципті сәттерді басшылыққа алдық.
Бірінші. Бұл, ең алдымен, қазақстандықтардың өздерінің мүдделеріне жауап беретін шешім болды.
Елу жылдайғы дерлік Қазақстанда өткізілген ядролық сынақтар біздің халқымыздың денсаулығына және айналадағы ортаға орны толмас залал келтірді.
Тек Семей полигонына жапсарлас аумақтағы экологиялық апат аймағы 300 мыңнан астам шаршы километрді алып жатыр. Бұл Германияның немесе Италияның аумағымен шамалас.
Мамандар белгілі бір өлшемде радиациялық сәуле алған қазақстандықтардың жалпы саны жүз мыңдаған адам болады деп санайды. Ядролық сынақтардың салдарлары біздің болашағымызды - біздің балаларымыздың денсаулығын зақымдауда.
Қазақстандықтардың туған кезде Семей полигоны дегеннің не екенін білмейтін әлі талай ұрпағы өздерінің денсаулығында ядролық сынақтардың ауыр салдарының азабын тартатын болады. Адамдар ғана емес жердің өзі де азап тартуда. Семей жерінің бүлінуіне ұрындырды. Ядролық жарылыстардың орнында ластанған радиациялық суға толы тұтас көлдер пайда болды. Мамандардың бағалауы бойынша жер өзінің өнімділік әлеуетін толық қалпына келтіру үшін кем дегенде 300 жыл қажет! // 2 /.
Адамдардың төзімі шексіз емес. 1989 жылы Қазақстанда ерісті «Невада - Семей» халықтық қозғалысы құрылды. Ол Семей ядролық полигонын жабуды жақтаған, әлемнің басқа да полигондарында сынақтарды тоқтатуды жақтаған ұлты, жасы мен мамандығы әр түрлі адамдарды біріктірді.
Халықтың ерік - жігерін білдіріп, оның қолдауына ие бола отырып, біз Қазақстан аумағыяда ядролық қару сынақтарын мәңгілікке тыю шешімін қабылдадық, ал содан кейін елдің ядролық қарусыз мәртебесі туралы жарияладық.
Екінші. Ядролық қарусыз мәртебені таңдау - бұл Қазақстанның 90 -жылдардың басында қауіпсіздіктің дүниежүзілік жүйесіндегі баланс бұзылуының қатерлі салдарын түсінуінің нәтижесі.
Атомдық арсеналды сақтау ондағаң жылдар бойы қалыптасқан ядролық қаруды таратпау жүйесіне шабуыл болып шығар еді.
Әлемнің саяси картасында соидайлық қуатты жаңа ядролық мемлекеттердің пайда болуы әлемдік ядролық баланстың бұзылуына қатерлі түрткі болар еді.
Үшінші. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбітшіл сыртқы саяси бағытты таңдап алуымен де байланысты.
Осы акт арқылы біз халықаралық қауымдастыққа өз сыртқы саясатымыздың ашықтығын, өзіміздің зорлық - зомбылық пен әскери қатерден азат бейбітшілікті жақтайтынымызды көрсетіп бердік.
Қазақстан ядролық қарудан бас тартуымен жай халықаралық бедел алып қана қойған жоқ. Біз ядролық державадардан - АҚШ - тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франция мен Қытайдан аумақтық тұтастығымыз бен біздің егемендікті қүрметтеудің берік кепілдерін алдық.
Бүгінде Қазақстанның ядролық қарусыз мәртебесі - бұл біздің шекарамыздың бүкіл өлшемдері бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізі болып табылады.
Бұл Қазақстанның басқа елдермен жемісті ынтымақтастығының нақты мүмкіндігі.
Сондықтан да осы ынтымақтастықты біз еліміз аумағындағы ядролық сынақтардың салдарын жою саласында да кеңейте түскіміз келер еді.
Бүгінде Қазақстан ядролық сынақтардың салдарын жою проблемасын негізінен дербес шешуде. Іс жүзінде біз полигонга байланысты өз проблемаларымызбен бетпе - бет қалып отырмыз.
10 жылдың ішінде біз ядролық сынақтардан залал шеккен адамдарға өтем төлеуге, халықтың арасында емдеу - алдын алу шараларын жүргізуге, полигонмен жапсарлас аймақтардың экологиясын қалпына келтіруге жүздеген миллион теңге жұмсадық.
Осы жылдары өз аумағының радиоактивтік ластану проблемаларын шешу үшін Қазақстан алған тегін көмектің жалпы көлемі бар - жоғы 20 миллион доллар болды. Ал енді залалданған аумақты дезактивациялау және рекультивациялау жөніндегі жұмыстардың ғана құны 1 миллиард доллардан асады.
Ғаламдық мәні бар проблеманы шешу жөніндегі осындайлық шығынды жалғыз көтеру бізге айтарлықтай қиын тиеді.
Бүгін конференцияға бейбітшілікті нығайту және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне, біздің еліміздің ядролық қарусыз мәртебесінің қалыптасуына зор үлес қосқан көптеген елдердің беделді өкілдері жиналып отыр. Қазақстандағы ядролық сынақтардын салдарын жою мәселесінде де сіздердің қолдауларыңызға үміт артамын.
Ядролық мәртебеден бас тарта отырып, біз, солай болсадағы, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесінің сырттай бақылаушысы болып қала алмадық.
Өткен он жылда ядролық қарусыздану және таратпау процесіне қатысудың біз жинақтаған тәжірибесі бізге ғаламдық қауіпсіздік проблемасына деген түсінігімізді айтуға мүмкіндік береді.
Оның мәні неде?
Бірінші. Бүгінде ядролық қаруға ие болу негізінде стратегиялық тежеу принципі халықаралық қауіпсіздік жүйесінде тиімді рел атқармайтын болуын көрмеу мүмкін емес.
«Бейбітшілікті қаласаң - соғысқа дайындал» дейтін қашанғы принцип жаңа ғасырда енді талассыз емес. Сондықтан да қауіпсіздікті, ең алдымен, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмін жетілдіру қажет.
Таратпаудың барлық принциптерін әмбебаптандыру қажет.
Ядролық державалар деңгейлік таратуды тыюға күш - жігер жұмсап бағуда, ал тіктеп тарату саласында өздерін ешқандай шектейтін емес. Яғни қолданыстағы шарттар жүйесі ядролық қаруға жаңадан ие болушылықты шектейді, бірақ оған бұрыннан ие болып отырғандардың: ядролық әлеуетінің ұлғаюын шектемейді.
Елдердің барған сайын қорланып өсе түскен соғыс арсеналдары, соның ішінде, ядролық арсеналдар қазіргі кезеңде шектеушіден гөрі қарулануды қамшылаудың үдеткіші болып табылады.
Жалпыға ортақ тыйым салуға қарамастан, дүние жүзінде іс жүзінде Семей полигонынан басқа бірде - бір ядролық полигон толық жойылмағандықтан, ядролық державалардың, полигондары «отсыз» режимде жұмыс істеуін жалғастыруда.
Принципінде кез келген елдің кез келген уақытта сынақтарды жаңғыртуға мүмкіндігі бар.
Ядролық державалардың әлемдік саясатта пайда болатын мәселелерді шешудегі мінез - құлықтарының өзі басқа бірқатар елдер үшін оған сыртқы саясаттағы күшті аргумент ретінде өзіндік бір ықылас қоюшылық болып көрінеді.
Сондықтан да біздің ойымызша, таратпау саласында ядролық та, сондай - ақ ядролық қарусыз елдердің міндеттілігін, сондай - ақ ядролық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі олардың өзара міндеттілігін арттыру мақсатында қолданыстағы уағдаластықтарды жаңарту жолымен жүру қажет.
Екінші. Қазіргі уақытта ядролық қауіпсіздік проблемаларын, сайып келгенде ядролық қаруға ие елдердің тобы ғана шешуде, ал енді олардың адамзатты әлденеше рет - 1962 жылы саяси, ал 1974, 1983 жылдары техникалық себептер бойынша қатерге тіккені ақыр - тақырына дейін мәлім болып отыр.
Сондықтан да проблема бұл процеске Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойған барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы жағдайында ғана шешіле алады.
Үшінші. Біз ядролық державалардың ракетаға қарсы қорғаныс мәселесі бойынша сындарлы диалогын жалғастыруды жақтаймыз.
Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша бұл елдердің арасындағы базалық көзқарастағы тұрақтылық, түсіністік пен ынтымақтастықтың бүкіл әлем үшін ғаламдық мәні бар.
Бүгінгі жағдайда түтастай алғанда, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті, соның ішінде, ядролық салада да қамтамасыз етудің аса маңызды аспектісі сенімді кеңейту мен нығайту болуы керек деп санайды.
Нақ осы сенім принципі қақтығысты аймақтарда осы кезге дейін үстемдік етіп тұрған әскери тежеу принципін алмастыруы керек.
Сенім доктринасының нақты да айқын іске асыру тетіктері бар.
Бұл: әскери, саясаттың транспаренттігі, шекаралар ауданында әскери күштерді қысқарту, қарусызданған аймақтар құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара консультациялар, бірлескен әскери жаттығулар және с. с.
Араласу көп болған жерде сенім де көп. Сенім бар жерде қарсы тұрушылыққа орын жоқ. Бұл қарапайым, алайда өте құнды ақиқат.
Бүгінде бұл принцип «Шанхай бестігі» шеңберінде ойдағыдай байқап көруден өтті және Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметінде іске асырылуда.
Жапсарлас шекаралар ауданында сеиімді нығайту және қару - жарақты қысқарту шараларынан бастап, бүл бірлестікке қатысушылар терроризмге жене есірткі бизнесіне қарсы бірлескен күресті қоса алғанда, қауіпсіздіктің жаңа салаларын белсенді түрде игеруде. Уақыт өте келе ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық біздің мемлекеттердің ядролық қауіпсіздігі саласына да көшірілетін болар.
Осылайша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үлгісі Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесін құрудың және кейбір элементтері бойынша басқа да аймақтарда негізге алынуы мүмкін.
Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне біздің көзқарасымыздың ендігі бір бастау сәті оған XXI ғасырда тек қана ұжымдық күш - жігер арқылы қол жеткізілетініне сенімділік болып табылады.
Қазақстанның өзінің ядролық қарусыз мәртебесін жариялаумен бір мезгілде Азияда қауіпсіздіктің жаңа моделін құру бастамасын көтеруі - бұл кездейсоқтық емес және жай ғана қатарласа келушілік емес.
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 47 - сессиясының мінберінен айтылған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөнінде Кеңес шақыру бастамасы бүгінде Азиядағы кептеген мемлекеттердің және бірқатар халықаралық форумдардың қолдауына ие болды.
Үстіміздегі жылдың қарашасында құрлықта қауіпсіздікке төнетін қатерлерді жою жайттарындағы сенім шаралары мен өзара ықпалдастық туралы мәселелерде келісілген көзқарасты білдіретін құжаттарға қол қою үшін Азия мемлекеттерінің мәртебелі басшылары алғаш рет Алматыға жиналады.
Жаңа ғасырда ғаламдық қауіпсіздік жүйесін түзетуге деген осынау екі әмбебап көзқараста - барлық елдердің сенімін және ұжымдық күш - жігерін - ядролық қатерді жою туралы сөз етілетін жағдайларда да қолдануға болады.
Құрметті конференцияға қатысушылар!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz